Арнайы субъектінің белгілері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТІСІ . . . 3

1. 1 Қылмыс субъектісі туралы түсінік . . . 3

1. 2 Қылмыс субъектісінің жасына қарай белгілері . . . 6

1. 3 Жауаптылыққа қабілеттілік қылмыстық жауаптылықтың жағдайы ретінде. Жауапсыздыққа қабілетсіздік ұғымы . . . 8

2. ҚЫЛМЫСТЫҢ АРНАЙЫ СУБЬЕКТІСІ . . . 13

2. 1 Арнайы субъектінің белгілері . . . 14

2. 2 Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және оның маңызы . . . 14

2. 3 Кінә туралы түсінік және оның нысандары . . . 17

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 26

КІРІСПЕ

Курыстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қылмыс деп істелінетін іс-әрекетті істеген адамды қылмысты жауапқа тарту үшін - ол адамның белгілі қасиеті болу керек. Қылмыстық заң бойынша белгіленген қасиет қоғамға қауіпті іс әрекет істеген адамда болмаса ол адамды қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Қылмыс субъектісі - бұл қоғамдық қауіпті әрекет істеген және сол үшін заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық арқалауға қабілетті адам. Демек, қылмыстық жауапқа тек есі дұрыс және заңның қойған талабы бойынша белгілі жасқа толған жеке тұлғаны ғана қылмыстық жауапқа тартуға болады. Әрбір нақты жағдайда қылмыс субъектісінің ерекшеліктерін, оған тән қасиеттерді анықтау қылмыстарды саралау мәселесінде маңызды рөл атқарады. ҚР ҚК 14-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Қылмыс субъектісі ретінде қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамдық қауіпті әрекетті (іс-әрекетті немесе әрекетсіздікті) қасақаналықпен немесе абайсыздықта істеген адам, егер ол заңмен белгіленген жасқа толған, есі дұрыс болса, танылады, ал жекелеген жағдайларда субъект тиісті нормаларда көрсетілген кейбір арнайы белгілерге ие болады. Осы айтылғандарға байланысты көптеген ғалымдардың пікірінше қылмыс субъектісінің негізгі белгілеріне мыналар жатады: Жеке адам. Есі дұрыстық. Белгілі бір жасқа жету.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Бұл тақырыптың өзектілігі тәуелсіздіктің туын көтеріп, демократиялық, құқықтық мемлекет құру жолында түскен шақта қылмыстық кодекс баптарына жаңаша қарауды қажет етті. 1997 жылы шілденің 16 - сында Қазақстан Республиксының Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қантарынан бастап заңды күшіне енді. Қылмыс субьектісі болып қоғамға қауіпті іс әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам болып табылады.

Курстық жұмыстың басты міндеті. Қылмыс субьектісі түсінігі терең және жаң - жақты зерттеп алмай қылмыстық заңның жалпы және ерекше бөлімдеі туралы мәселелерді айту керек емес. Мысалы, қылмыстың субьектісі жайлы толық және анық біліп алмай қылмыстық құқықтағы есі дұрыстықты, заңмен белгіленген жасқа толуын, шектеулі есі дұрыстықты, қылмыстың арнаулы субьектісін, жазаның мақсаты мен міндеттерін, жазаны жекешелендіру немесе жазадан толық босату, медициналық мәжбүрлеу шарасын қолдану, жеке қылмыстарды саралау туралы мәселелерді дұрыс және терең анықтау мүмкін емес. Осыған байланысты қылмыс субьектісі мәселесі аса - маңызды болып табылады немесе құқық қорғау тәжірибесіне тікелей байланысты. Сонымен, қылмыспен күресу барысында, қылмыстық жауапқа тартудан бастап, жазаны орындағанға дейін қылмыстық іс - әрекет

жасаған айыпталушы адамның жеке басын анықтау міндетті және қажетті шарт болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Қылмыс субьектісінің әлеуметтік - саяси және оның құқықтық белгілерін дұрыс анықтау судьяларға қылмысты дұрыс саралау үшін және жазаны дұрыс тағайындауға, қылмыстық іс - әрекеттің және қылмыс субьектісінің қоғамға қауіпті дәрежесін анықтау басты мақсаттарының бірі болып табылады.

Тақырыптың зеттелу деңгейі. Қылмыстың арнайы субьектісі тақырыбына жазылған курстық жұмыста қазіргі таңдағы Республикадағы қылмыстың арнайы субьектісі түсінігін толық түрде зерттеп және олардың халыққа қызмет көрсету тиімділігі жағынан қарастырылып, жалпылама сипаттама берілген.

Курстық жұмыстың обьектісі. Қылмыстың барлық субъектілерінің неғұрлым елеулі белгілері қылмыстың жалпы субъектісінің ғылыми ұғымын құрайды. Қылмыстың жалпы субъектісінің белгілерінің бірі ретінде ҚР ҚК 14-бабы жеке адамды атайды. Бұл қылмыс субъектісі тек қана адам болатынын білдіреді. ҚР ҚК 14-бабының 2-бөлігінде айтылған қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей [2] . Қылмыстық құқық қылмысты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыра отырып, қылмыстың субъектісі деп ес пен салыстырмалы ерік бостандығына ие болған адамды ғана таниды. Бұл қылмыстық заңнамалардың міндеттеріне, оның қағидаттарына, кылмыстың ұғымы мен жазаның мақсаттарына сай келеді. Адамдар, түрлі қылықтарды, соның ішінде қылмыстарды істей отырып, өздерінің күштерін біріктіріп және ұжымдасып шешім қабылдай алады. Алайда, қылмыстық жауаптылық әрқашан қатаң түрде дербес болады.

Курстық жұмыстың пәні. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі.

Курстық жұмыстыңқұрылымы. Қылмыстың арнайы субьектісі тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттен тұрады.

1 . ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТІСІ

1. 1Қылмыс субьектісі туралы түсінік

Қылмыс деп істелінетін іс - әрекетті істеген адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін (ондай адамды қылмыстық субъектісі деп атайды) ол адамның белгілі қасиеті болу керек. Қылмыстық заң бойынша белгіленген қасиет қоғамға қауіпті іс-әрекет істеген адамда болмаса ол адамды қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
Қылмыстық заң арқылы тыйым салынған іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасаған және ол ісі үшін қылмысты жауап беруге қабілеті жететін тұлға қылмыстық құқық бойынша қылмыстың субъсктісі деп танылады.
Демек, қылмыстық жауапқа тек есі дұрыс және заңның қойған талабы бойынша белгілі жасқа толған жеке тұлғаны ғана қылмыстық жауапқа. тартуға. болады.
Қылмыс субъектісінің белгілері қандай? Егер қылмыс жасаған жеке тұлғаның бойында, есі дұрыстың, қылмыстық заң тағайындаған жаска жету сияқты белгілер болса, ол өзінің жасағаны үшін қылмыстық жауап беруге қабілетті. Қылмыстың субъектісі тек жеке тұлға ғана бола алатындығы жөніндегі ереже қылмыстық кодекстің бірнеше баптарынан туындайды. Мысалы, ҚР ҚК-нің 6, 7, 14-баптарында Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, қылмыстың және қылмысты жауаптылықтың субъектілері болу мүмкіндігі туралы айтылған. Қылмыстың ықтимал субъектілері туралы жеке тұлғалармен шектелуі, заңды тұлғалардың, яғни кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, партиялардың қылмыс субъектісі бола алмайтындығын білдіреді. Бұл мәселе заңдылық деңгейде отандық қылмыстық құқыққа тән үлгіде шешілген. Алайда, теориялық тұрғыдан заңды тұлғалардың қылмыстық құқықтағы жауаптылығы туралы мәселелер әлі күнге дейін пікір-талас тугызуда.
Уақыт өткен сайын дами түсетін ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс бізді көптеген үйреншікті көзқарастарымыздан бас тартқызады. Осы себепті біздің алдымыздан күтпеген сұрақтардың, бас көтеруі жиі ұшырасады және қаншалықты қиын болғанына қарамастан, оларға жауап беру қажет. Қылмыстық құқық аясындағы осындай күрделі сұрақтардың бірі - заңды тұлғалардың қылмысты жауаптылығы. Аталып өткеніндей, кінәлінің жеке өзінің, яғни қылмыстық заңмен тыйым салынған қылмыстық іс-әрекетті жасаушы ақыл-есі дұрыс, көрсетілген жасқа толған жеке тұлғаның ғана жауаптылығы қылмыстық құқықтық дәстүрлі қағидасы болып табылады. Бұл қағида - адамзаттық өрлеу, прогресс және демократия жолындағы ең маңызды жеңістерінің бірі екендігі сөзсіз. Ол XVIII ғасырдың аяғында Ұлы француз революциясы кезінде орнатылған еді. Бұл қағида, бұган дейін қылмыстық жауаптылық туралы - ол кінәлі қылмысты жасау ғана емес, кез келген қауіпті және зиянды зардап шектіру деп феодалдық қоғамға қалыптасып келген, жалпылама көзқарасты ығыстырып шығарды. Ал, қауіптілікті немесе зияндылықты есі дұрыс емес те, жануарлар да, тіпті заңсыз заттар да келтіруі мүмкін деген ұғым болды. Қылмыстық жауаптылықты мұндай тұрғыдан түсінудің шеңберінде заңды тұлғалардың жауаптылығы да табиғи үйлесімділігін табатын.
Ақыры, бертін келе заңды тұлғалардың жауаптылығы, мысалы, американ қылмыстық құқығында, қайтадан қолға алынды. Бастапқы кезде (өткен ғасыр мен қазіргі ғасырдың торабында) ол шаруашылық қылмыстық құқықтың аясында тресттер мен синдикаттардың қылмыстық қызметіне қарсы жолға қойылды. Кінәлі болып табылған тиісті корпорациялардың бостандығы, әрине, шектелмейтін, оларға тек айып салынатын. Осыған орай, кейінгі кезде АҚШ-тың қылмыстық заңында қоғамдық ұйымдарды қылмыстық іс жүргізу көлемінде айыппен жазалайтын қылмыстық жауаптылық қарастырылады. Біздің құқықтық теориямыз бұл сияқты қылмыстық-құқықтық тұжырымдамаларға "буржуазиялық заңдылықтардың тоқырауынан туындаған, демократияға қарсы" деген бұлжымас баға берген. Алайда, бұл идеологиялық таласқа біздің елде әр түрлі экологиялық мәселелер араласа бастағаннан кейін шың көңіл қойыла бастады.
Батыс Европа елдері экологиялық мәселелерді тұтас түсінуден болсын, оларға құқықтық тұрғыдан ықпал жасау жолдарын пайдалануда болсын бізден әлде қайда озық тұрды. Қылмыстық бұл түріне қарсы қолданылатын қылмыстық - құқықтық санкциялар, эколологияға зиян келтіретін өндіріс пен айналасуды осы кәсіпорын қожайындары мен басқарушы қызметкерлері үшін ғана емес, онда істейтін барлық жұмысшылар үшін экономикалақ жағынан тиімсіз қалатындай болуы тиіс еді. Заңды тұлғаға қарсы қолданылатын айып санкциялары бұл ойды жүзеге асыра алса, жеке тұлғаларға қарсы қолданылатын айыптың ондай мүмкіндігі болмайды (мөлшері елеулі айырмашылығына байланысты) . Европа елдері бұл мәселе төңірегінде 70 - ші жылдардан бастап ойлана бастады. Сонымен, 1978 жылы Европа Кеңесі қолындағы Европалық қылмыс мәселелері жөніндегі комитет Европа елдерінің заң шығарушыларына заңды, тұлғаларды экологиялық қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық субъектілері деп тану жағына шығаруды ұсынған. Мұндай ұсыныс біраз Европа елдерінде (мысалы, Англия, Франция) заң жүзіне асырылды.
Ал біздің елімізде қылмыстық құқық саласыңда заңды тұлғалардың жауаптылығы жөніндегі мәселе әлі күнге дейін шешімін таппауда. Заңды тұлғаны қылмыстың субъектісі ретінде тану туралы ұсыныстар қылмыстық құқық теориясында 1990 жылдан бері қарай шындап талқыға түсе бастады. ҚР қылмыстық кодексінің жобасының көптеген авторлары заңды тұлғалардың жауаптылығы жөнінде ұсыныстар енгізгенімен, мұндай ұсыныстар өтпей, жаңа қылмыстық кодекс бұл мәселе бойынша бұрынғы пікірінде қалды.
Қылмыстың субъектісі міндетті түрде есі дұрыс, яғни өзінің әрекетін (әрекетсіздігін) басқара алатын, оның шын мәніндегі сипаты мен қоғамға

келтіретін қауіптілігін түсінуге қабілеті жететін жеке тұлға болуы керек. Ал

психикасының бұзылуына байланысты мұндай қабілеттен айырылған есі

дұрыс емес (ҚР ҚК 16 - б. ) тұлғалар қылмыстық субъектілері бола алмайды. Тіпті психикасы сау адамның да жоғарыда айтылғандай сана мен еркінің қабілеті белгілі бір жасқа толғанында ғана пісіп жетіледі. Осыған байланысты - қылмыстық заң қылмыс жасаған тұлганы қылмыстық жауаптылыққа тартуға болатын жас мөлшерін тағайындаған (ҚР ҚК 15 - 6. ) .
Бұл көрсетілген үш белгі қылмыс субъектісінің ортақ заңды белгілері болып табылады. Олар қылмыстың кез келген құрамының міндетті белгілері болып табылады және бұлардың біреуінің болмауы іс-әрекетте қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді.
Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің Ерекше белімінде кейбір жағдайларда тиісті қылмыстың субъектісін сипаттайтын жалпы ғана емес, қосымша да белгілері бар тұлғалардың жауаптылығы қарастырылады. Мысалы, әскери қызметке қарсы қылмыстардың субъектісі болып әскерге шақырылып, міндетін өтеп жүрген немесе Қазақстан Рсспубликасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың қатарында келісім шартпен жүрген әскери қызметкерлер ғана, сол сияқты запастағы азаматтар әскери жиында жүрген кездерінде және де кейбір басқа тұлғалар табылады. Бұл қосымша белгілер - тиісті тұлғаны қылмыстың арнайы субъектісіне айналдырады. Қылмыстың субъектісі туралы түсініктен қылмыскердің жеке басы туралы түсінікті ажырата білу керек. Бұл екі түсініктің де бір тұлғаға - қылмысты жасаган тұлғаға қатысы бар. Алайда, бұл түсініктердің мазмүны - және ең бастысы -олардың заңдық (қылмыстық-құқықтық) мағынасы сәйкес келмейді. Бұған дейін айтылғанындай, қылмыстың субъектісі - бұл белгілердің жиынтығы - ал белгілерсіз қылмыстың ешқандай құрамы (жалпы белгілер) немесе қылмыстың арнайы құрамы да (қылмыс субъектісінің арнайы белгілері) болмайды, әрі болуы мүмкін емес. Бұл белгілердің кез келген біреуінің болмауы мұндай жағдайда қылмыс құрамының болмайтынын, бұған орай, тұлғаның қылмыстық жауаптылыққа тартылмайтынын білдіреді.

Мұнымен салыстырғанда, қылмыскердің жеке басының белгілері қылмыс құрамының белгілеріне тірелмейді. Мысалы, қылмыс жасаған тұлғаның әлеуметтік - психологиялық және биологиялық белгілері қылмыс құрамының құрылуына қамтылмайды. Криминология саласы әлеуметтік құбылыстарды зерттейтін неше түрлі ғылымдармен қатар, жаратылыс ғылымдарының да (медицина, биология, соның ішінде генетика және т. б. ) тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып, қылмыскердің жеке басының мәселесін зерттейді. Кримино -логияда жеке бастың белгілері негізгі үш құрамға топтастырылады:
1. Жеке бастың әлеуметтік бейнесі (статусы), ол жеке бастың белгілі бір әлеуметтік топқа (сыныпқа) жататындығын, әлеуметтік демографиялық сипатын (жасы, жынысы, білімі, отбасылық жағдайы және т, б. ) зерттеумен анықталады. 2. Жеке бастың әлеуметтік орны (рөлі), бұл жеке тұлғаның отбасының, еңбек ұжымының мүшелігінен, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі азаматтылығынан тұратын қызметінің жиынтығы.
3. Жеке бастың адамгершілік психологиялық сипаты (мінездемесі), ол оның әлеуметтік құндылықтар мен атқарылатын әлеуметтік міндеттеріне қатынасын білдіреді (мысалы, кездейсоқ қылмыскерлер, құныққан маман қылмыскерлер және т. б. ) қылмыскердің жеке басының белгілерінің қылмыстық - құқықтық маңызы, кей жағдайларда жазаның жеке басқа қарай ықшамдалып берілуіне, немесе одан мүлде босатылуына ықпал жасауы мүмкін. Жазаның түрі мен мөлшерін анықтау, жазаны жеңілдетуші немесе ауырлатушы мән - жайлар ретінде, шартты жазаға соттау мәселесін шешуде кінәлінің жеке басы есепке алынады. Алайда жеке бастың белгілерінің (қылмыстық субъектісінің белгілерінен айырмашылығы) қылмыстық - құқықтық мағынасы болмауы да мүмкін. Көптеген қылмыстарда кінәлінің жынысы, оның кәмелеттік жасқа толу - толмауы, білімі мен айналысатын қызметі, тіпті де, әсері етпейді. Бұл белгілер, әдетте, қылмыстық жауаптылық пен жазаға да ықпалды емес. Ал қылмыстарды, сонымен қатар, оны жасаушы тұлғаларды криминологиялық тұрғыдан сипаттау үшін бұл белгілердің маңызы өте зор. Осы белгілер ескеріле отырып, мысалы, тиісті қылмыстардың алдын-алу шаралары анықталуы мүмкін.

1. 2. Қылмыс субъектісінің жасына қарай белгілері

Бұған дейін айтылғандай, қылмыстың субъектісі ақыл-есі дұрыс кез келген тұлға ғана емес, белгіленген жас мөлшеріне толғанда болуы керек. Жасының кішілігіне байланысты өзінің жасап отырған әрекетін (әрекетсіздігін) басқара алмайтын, оның кауіптілігін шын мәнінде жете түсінуге қабілетсіз жас тұлғалар қылмыс субъектісі болып таныла алмайды және өздері жасаған қоғамдық қауіпті әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
ҚР ҚК-ыің 15-бабына сәйкес, қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал қылмыс жасалған уақытқа дейін жасы он төртке толған тұлғалар, - ҚР ҚК-нің 15-бабынын, 2-бөлігіне сәйкес, ҚР ҚК-де қарастырылған төмендегідей қылмыстар үшін қылмысты жауапты: кісі өлтіргені (ҚР ҚК 96-6. ), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (ҚР ҚК 103-6. ), ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіргені (ҚР ҚК 104-6. 2-бөлігі), зорлағаны (ҚР ҚК 121-6. ), жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері (ҚР ҚК 121-6. ), адамды ұрлағаны (ҚР ҚК 125-6. ), ұрлық жасағаны (ҚР ҚК 175-6), кісі тонағаны (ҚР ҚК 178-6. ), ұрып-соққаны (ҚР ҚК 179-6. ), қорқытып алғаны (ҚР ҚК 181-6. ), ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын кездемей заңсыз иеленгені (ҚР ҚК 185-бабтың 2, 3, 4 -бөліктері), ауырлататып мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (ҚР ҚК 187-баптың 1, 3, 4 - бөліктері), терроризм (ҚР ҚК 283-6. ), адамды кепілге алуы (ҚР ҚК 234-6. ) - террорлық акті туралы біле тура көрнеу өтірік хабарлағаны (ҚР ҚК 242-6. ), қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлағаны не қорқытып алғаны (ҚР ҚК 255-6. ), ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылығы (ҚР ҚК 257-баптың 2, 3-бөлігі), тағылық (ҚР ҚК 258-6), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны (ҚР ҚК 260-6. ), ауырлататын мән - жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүрдесін және олардың жерленген жерлерін қорлағаны (ҚР ҚК 275-6. 2-бөлік), көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені (ҚР ҚК 299-6. ) .

Жалпы қылмыстық жауаптылықты он алты жастан, ал кейбір қылмыстар үшін - он төрт жастан бастап талап ете отырады, қылмыстық заң осы жасқа жеткен кәмелетке толмағандар өз қылығын оның ішінде, қылмыстысын да бағалай алуға қабілеті толығымен жететіндігін ескерген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексінде кәмелетке толмағандарды олардың қылмыстық жауаптылық жасында болуына қарамастан, қылмыстық жауаптылықтан босата алатын ережелер енгізілген. ҚР ҚК-нің 15-бабының 3-бөлігіне сәйкес, егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуга тиіс емес. Бұл жерде әңгіме, істің шын мәнінде, жасына қарай ақылының дұрыс еместігі туралы болып отыр.
Қылмыстық кодекстің атақты теориялық моделінде Р. И. Михеев төмендегідей норманы түжырымдаған: "Заңмен белгіленген жасқа толғанымен, психикалық жағынан пісіп - жетілмегендігінен (вариант: ақылы мен денсаулығының дамуындағы тежелу) өз әрекетін (әрекетсіздігін) басқаруға немесе оның шын сипатын не қоғамдық қауіптілігін жете түсінуге, қабілетсіз болған тұлга қылмыстық жауаптылыққа тартылатындар қатарына жатпайды" 1 . Кәдімгі есі дұрыс еместік туралы бұл жерде айтылмайды, себебі оның дәрігерлік белгісінің (медициналық критериінің) жоқтығы - көз алдымызда. Кәмелетке толмағанын психофизиологиялық дамуындағы тежеліс оның психикасының бұзылуының салдарынан емес, оның психофизиологиялық дамуындағы жеке өзіне тән, жасына қарай өзгешеліктерден туындаған, бұл жағдай оның әлеуметтік инфантилизімінен байқалады. Қылмыстық заң қылмыс субъектісінің жасының кәмелетке жетпеуінен қылмыстық жауаптылық пен жазаның көптеген ерекшеліктерін байланыстырады және олар жеке бір бөлімде қарастырылады (ҚР ҚК-нің жалпы бөлімінің VI бөлімі) . Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде тұлғаның қылмыстық жауаптылыққа қабілеттілігіне қарай тиісті жас мөлшері анықталды, олар 16 және 14 жас. Алайда, бұл ҚР ҚК- нің 15-

бабының 2-ші бөлігінде аталған қылмыстардан басқа барлық қылмыстар үшін жауаптылық 16 жастан басталады дегенді білдірмейді.

Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасты 16 жас деп көрсеткенімен, кейбір қылмыстық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен субъектінің белгілеріне байланысты қылмыстық жауаптылық 18 жастаң бастап тартылатын қылмыстар да болады. Атап айтқанда, әскери қылмыстар үшін және кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту үшін (ҚР ҚК 131-6. ) қылмыстық жауаптылық 18 жастан бастап қарастырылған.
Кәмелеттік жасқа толмаған жеке тұлғалар қылмыс жасаған уақытта олардың жасы тура анықталуы керек (туған жылы, айы, күні) . Адам белгілі бір жас мерзіміне (14, 16, 18 жас) туылған күні емес, келесі тәулікте толатын болып есептеледі. Кәмелеттік жасқа толмаған жеке тұлғаның жасы белгісіз жағдайда сот - дәрігерлік тексерумен анықталады. Оның жасы жаңағы тексеру анықтаган жылдың ең соңғы күні (31 желтоқсан) деп саналады, ал тексеру барысында төменгі және жоғарғы жас шамасы анықталғанда, оның төменгі жасы есепке алынады". Кәмелетке толмағандардың қылмыстық ісі жөнімде оның өмірі мен көрген тәрбиесі, психикалық дамуының дәрежесіне көңіл аударылады.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде қылмыс субъектісінің жасына байланысты маңызды қылмыстық-құқықтық мағынасы бар тағы бір көрсеткіш аталатынын айта кету керек. ҚР ҚК-нің 49-бабына сәйкес, қылмысты 18 жасқа дейін және үкім шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектер үшін өлім жазасы тағайындалмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнайы субьектісі
Лауазымдық қылмыс субъектілері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Арнаулы субъектілердің қылмысқа қатысуы
Қылмыстың арнаулы субъектісінің белгілері
Арнайы субъектісінің мәні, ұғымы, белгілері
Қылмыстың субъектісінің ұғымы, белгілері және квалификациялаудағы маңызы туралы
Қылмыстың субъектісінің ұғымы, белгілері және квалификациялаудағы маңызы
Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар субъектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz