Парасат майданы


Қазіргі Қазақ Әдебиеті, 1 S
Тексерген: Ермек Адаева
Орындаған: Мади Карсыбеков
Т. Әбдікұлының «Парасат майданы» повесіне стильдік және философиялық талдау
Мазмұны:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- «Парасат Майданы» повесіндегі постмодернизм және модернизм белгілері.
- «Парасат Майданы» повесіндегі ізгілік-зұлымдық тақырыбына философиялық талдау.
- Қорытынды
Төлен Әбдікұлы (4 қыркүйек 1942 жылы) - қазақ әдебиетіне ХХ-ғасырдың екінші жартысында келіп, өзімен бірге жаңа ой, жаңа бағыт алып келген жазушы. Еуропалық Франц Кафка атындағы алтын медаль және Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығының иегері (2003) [1] . Оның шығармаларының басым көпшілігі адамгершілік, ізгілік пен зұлымдық, мейірім сынды тақырыптарды, өмірдің мәні мен құпиясын философиялық, психологиялық тұрғыдан қарастырады. Шығарма кейіпкерінің дамуы, ішкі жан дүниесі, тағдыры тек бір адамның бейнесін ғана емес, сонымен қатар қоғам бейнесін көрсету үшін де қолданылады. Кейіпкерлер өзінің шынайылығымен, терең психологиялық әлемімен және қызықтылығымен ерекшеленеді [2] . «Оң қол» және «Парасат майданы» атты шығармаларында Т. Әбдікұлы тұлғаның екіге жарылу психологиялық мәселесін қолдана отырып өмірдің мағынасы және философиялық ұғымдардың мәні жайлы сұрақтар қойып, оларға кейіпкер және оқырман көмегімен жауап іздейді. «Парасат майданы» шығармасында шындық пен өтірік, ізгілік пен зұлымдық, жалғыздық, адамзат тағдыры, өмірдің мәні секілді философиялық тақырыптар бір адамның бойындағы екі тұлғаның көзқарастары арқылы ашылады. Осы сауалдар жайлы іздену барысындағы басты кейіпкер мен оның ғажайып досының арасындағы хат алмасулар - шығарманың негізін құрап, тақырыпты ашуда басты рөлді атқарады. Аталмыш тақырыптар қазіргі қоғам мүшелері үшін өте өзекті мәселелер, себебі бұрын халықтар бірі-бірімен қару қолданып соғысса, қазіргі кезде әрбір адамның ішінде өз парасат майданы болады және сол ішкі соғыста жеңіске жету арқылы ғана тұлға дұрыс жолға түседі. Оған қоса, туындыда философиялық повестьтің ерекшеліктері мен постмодернизмнің белгілері де өте жиі кездеседі. Сол арқылы автор қозғалып отырған мәселелерді оқырманға қызықты, әрі әдеби формада жеткізе алды.
«Парасат Майданы» повесіндегі постмодернизм және модернизм белгілері.
“Парасат майданы” 2002 жылы жарық көргенімен, Төлен Әбдікұлы бұл идеясын бірнеше жылдар бойы өз ішінде сақтап, дамытқан [3] . “Парасат майданында” әдебиеттің әртүрлі кезеңдеріне сай постмодернизмнің, модернизмнің ерекшеліктері кездеседі. Мысалға, шығармадағы психологиялық параллелизм, интертекстуалдық және минимализм постмодернизмның ерекшеліктері болса, модернизмге сай символизм де кездеседі. Және оның әрбірінің шығармада өзіндік маңызды рөлі бар.
Психологиялық параллелизмге келер болсақ, ол - табиғат құбылыстары мен адам өмірін немесе кейіпкердің халін, көңіл-күйін салыстыру үшін қолданылатын стилистикалық құрал [4] . Мысалға, 15-бөлімде «Кешке қарай ауа райы бұзылып, аздап жаңбыр жауды. Одан кейін жел тұрып, ауланың ішін астан-кестең қылды» деп жазу арқылы автор табиғаттағы жаңбыр, жел құбылыстары мен кейіпкердің «бейтаныс құрбысымен» кездесу алдындағы ішіндегі алаңдау, мазасыздану күйін салыстырады [5] . Бұл оқырманға кейіпкердің көңіл-күйін түсіндірудің бір амалы. Психологиялық параллелизм арқылы автор кейіпкер мен оқырман арасындағы эмоциялық байланысты күшейтеді.
Символизм - идеяларды тікелей емес, түрлі символдар арқылы жеткізуді мақсат ететін стилистикалық құрал, көбіне көп мағыналылыққа мән береді [6] . Төлен Әбдіков “Парасат майданы” туындысында, сонымен қатар, постмодернизмге тән тағы бір ерекшелік - кейіпкер түстеріне символизм астарлы мағына салу. Басты кейіпкер оқиға бойы екі түс көреді және оның әрбірі кейіпкердің ішкі жан-дүниесін, оның күйзелтіп, алаңдатып жүрген мәселелерді ашуда маңызды рөл атқарады. Бұл тәсілдің қолданылуының басты себебі - түсте кез-келген адамның бетінен маска, бетпердесі түсіп, оның шынайы сезімдері бірінші планға шығады, яғни кейіпкер түсінде оның жанын мазалап жүрген басты мәселелермен бетпе-бет көріседі.
Мысалға, оның бірінші түсінде ол қараңғы дәлізбен келе жатқанда, басын бір өткір зат кесіп өтеді. Басы босап, бір теріге ғана ілігіп тұрады. Мұндағы басты символдар - қараңғылық пен басының кесілуі. Қараңғылық классикалық әдебиетте зұлымдықтың, тозақтың, ластану мен хаостың белгісі. Моральдық көзқараста зұлымдық және күнәмен, ал интеллектуалдықта - надандықпен ассоциацияланады [7] . Басының денесінен бөлінуі арқылы автор кейіпкердің жанының екі бөлінуін көрсеткісі келді. Сонда басты кейіпкердің тұлғасының екіге бөлінуінің басты себебі - ғаламдық зұлымдық, оны қоршаған ортадағы ізгіліктің жеңіліс табуға жақын қалыпта болуы, өтіріктің алға шығуы деп түсінсе болады. Кейіпкер - ішкі жан дүниесі нәзік, сезімтал болып бейнеленеді. Ол айналасындағы болып жатқан негативті өзгерістерді жүрегіне жақын алып, бүкіл ойы сол жайында болды. Басының толық бөлінбей, бір теріге ілініп тұруы - жанының екі әлі толық жарылмағанын білдіреді, яғни «бейтаныс құрбы» әлі басты кейіпкерден бөлек өмір сүре алмайды. Кейін ол басын толығымен жұлып алып, қасындағы орындыққа қоюы - шығармадағы бірінші актінің шарықтау шегі немесе сюжеттің байланысы, себебі дәл осы сәтте кейіпкердің жаны толықтай екіге жарылды, ал бұл - шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі [8] . Сюжеттің ары қарай өрбуі дәл осы оқиғаға тікелей байланысты жүреді. Кейін ол басын ұялғаннан газетпен жауып қоюы - кейіпкердің өз ауруын барынша қабылдамай, оны байқамай, ешнәрсе болмағандай жүре беруге шешім қабылдағанының белгісі. Осы бір түс арқылы автор шығарма сюжетіндегі басты өзгерісті кезеңді шебер сипаттап, кейіпкердің ішкі жан дүниесінің, ой-санасының күйімен жақынырақ таныстырады.
Екінші түсін ол «бейтаныс құрбысымен» кездесу белгілеп қойған соң көреді. Ол бір ғимараттан тартылған ұзын, бітпейтін кезекке тап болады. Бұл кезек - шынайы өзінің ішіндегі жанымен кездесуді күткен адамдар. Басты кейіпкер кезектен тыс өтіп, есік алдында күтіп тұрғанында кіретін есікте жазулы тұрған өз атын көреді. Яғни ол қазір шынайы өзімен кездеседі. Айналасындағы адамдар арасынан "Не де болса, тәуекел, кір", "Қой, бірдеңені бүлдіріп аларсың, байқа, ойбай, байқа" - деген сыбырлар естіледі. Бұл өз-өзімен кездесудің адам өміріне қаншалықты маңызды сәт екендігін көрсетеді. Бөлмеге кіргенде, түрі суық өзін көріп, айғайлап, шошып оянады. Мұндағы басты символдар - алып ғимарат және өзіне ұқсас адам. Ғимаратты ой-сана, не жүрек ретінде қабылдаса болады. Сол ғимаратта өз-өзімен кездесу арқылы кейіпкердің өзінің екінші тұлғасымен кездесуін - сюжеттегі келесі өзгерісті кезең - сипаттайды. Кейіпкер сол өзіне ұқсас адамнан шошып оянады. Бұл түс оның «бейтаныс құрбысымен» кездесуден қаншалықты қорқып жатқанының белгісі. Сонымен қатар, кейіпкердің өзінің екінші тұлғасын қабылдауға барынша қарсыласуын көрсетеді, яғни тіпті түсінде ол екі бөлек тұлға ретінде кездескенімен, ол бұған мән бермей, оны қабылдаудан бас тартады. Бұл түс, «бейтаныс құрбысымен» кездесуі - екінші актінің шарықтау шегі немесе сюжеттің шарықтауы, драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі [8] . Сонда бұл эпизодта Т. Әбдікұлы басты кейіпкердің өзінің «бейтаныс құрбысымен», яғни өз өзімен кездесуден қаншалықты қорқып, уайымдап жатқанын көрсетеді.
Тіпті түстерді қолдануының өзі символизмнің көрінісі, себебі түс - адамның шынайы кейпінің су бетіне шығуы, қалыпты өмірде киген бетперде, не маскасының шешілетін сәті [9] . Түс арқылы автор оқырман мен кейіпкердің ішкі жан дүниесі арасында көпір салып, байланыс орнатады. Аталмыш екі түсте жазушы басты кейіпкердің сюжеттік дамуындағы екі ең басты өзгерістерді бейнелеп жазды. Туындыда тіпті атақты символист ақындардың бірі Ш. Бодлерге сілтеу де кездеседі. Модернизмнің осы тәсілін қолдана отырып, автор кейіпкердің ішкі жан дүниесін ашып, оның образын толықтыра білді.
“Парасат майданы” автордың оқырманға арнаған үндеуі ретінде жазылған. Оны шығарманың экспозициясында ақ автордың тікелей оқырманға арнаған алғысөзінен байқауға болады. Ол келесі бөлімдер оның қолына түскен күнделіктің соңғы, ең маңызды бөлігі екенін жазып өтеді. Бұдан әрі оқырман дәл сол автор оқыған күнделікті оқып жатқанын түсінеді. Т. Әбдікұлы, біріншіден, өз қолына түскен күнделіктің тарихымен таныстырып, кейін оның ең маңызды деген бөлімін толығымен, өзгертпей қағаз бетіне түсіреді. Мәтін ішінде мәтіннің кездесуі постмодернистік шығармалардың ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Интертекстуалдылық - мәтіндердің өз арасында байланыс, ұқсастығының болу қасиеті [10] . «Парасат майданы» Уильям Шекспирдің «Гамлетінен» үзінді және Роберт Пенн Уоренннің сөздерінен басталып, күнделік Мұқағали Мақатаевтің өлеңімен аяқталады. Сонымен қатар интертекстуалдылық кейіпкердің әртүрлі өнер, әдебиет, философия өкілдерінің дәйексөздері мен ойларын өз аргументтерінде атап өтуінде көрініс табады. Аталып өткен Бодлерге қоса Бальзак, Мағжан Жұмабаев, Готфрид Бенн, Федор Достоевский, Фридрих Ницше, Сократ, Периандр Коринфский, Абай, Хосе Ортега-и-Гассет, Акутагава Рюнеско, Пикассо, Махатма Гандиге сілтемелер кездеседі. Постмодернизмнің осы тәсілін екі түрліше қолдануында өзіндік себептері бар. Әуелде, шығарма басындағы бірінші жақтан, яғни автордың тікелей оқырманға жазған бөлімі және оны жалғастырған күнделіктен өзгеріссіз алынған үзінділер оқырманда күнделікті жазушымен бірге оқып отырғандай, не жазушының әр оқырманның өзіне тікелей жазып жіберген хатындай әсер тудырады. Яғни Интертекстуалдылық арқылы автор туындының реалистік сипатын күшейтуге қол жеткізіп отыр. Бұл жазушы мен оқырман арасындағы алшақтық, шыңырауды қысқарту арқылы, бірінің ойының екіншіге жетуін оңайлатады. Ал дәйексөздерді қолданудағы басты мақсат - әрбір ұсынылған ой, көзқарасқа анықтық, әрі деректілік беру арқылы шындыққа жақын етіп көрсету. Сонымен қатар, қызығушылықты көбейту де бар. Шығармадағы идеялармен танысқан адамда оларды ары қарай өздігінше зерттеуге деген құштарлық туады.
Минимализм - жеңіл-желпі сипаттау арқылы оқырманға өзіндік» бейнелерді салуға еркіндік береді [10] . Соған сай шығармада басты кейіпкердің аты, жасы, сыртқы келбеті жайлы оқырманға ешқандай ақпарат берілмейді. Автордың бұл шешіміндегі басты ойы - оқырманға өзін кейіпкер орнына қоюын жеңілдету. Туындыны оқыған әрбір адам басты кейіпкермен бірге жақсылық пен жамандық, өтірік пен шындық жайлы философиялық сұрақтарға жауап іздеп, ойға түседі. Ал бұл болса автордың шығарманы жазудағы басты мақсатына жету үшін өте маңызды, себебі өзін кейіпкер орнына қою арқылы, әрбір оқырман туындыда қозғалған барлық тақырыптар жайлы тереңірек ойлана бастайды.
Төлен Әбдікұлы «Парасат майданы» шығармасында нағыз философиялық мәтінді әдеби түрге шебер аудара білді. Ол үшін жазушы модернизмнің де, постмодернизмнің де ерекшеліктерін қолданып, шығарманың әдеби құндылығын көтерді. Минимализм, интертекстуалдылық, символизм және психологиялық параллелизмді қолдануында автордың басты мақсаты - шығармадағы көтерілген философиялық тақырыптарды оқырманға барынша қызықты, әрі түсінікті түрде жеткізу. Енді сол философиялық тақырыптарға тоқталар болсақ . . .
«Парасат Майданы» повесіндегі ізгілік-зұлымдық тақырыбына философиялық талдау.
Төлен Әбдікұлы шығармада әуелі басты кейіпкердің өзінің ойларымен таныстырады. Күнделіктің жазушысы қазіргі өмірге көбіне антиутопиялық көзқараспен қарап, оның негативті бейнелеріне көп мән береді. Ал оның «бейтаныс құрбысының» ойлары философиялық тұрғыда шындыққа жақынырақ болып көрінеді. "Сұм өмiр абақты ғой саналыға . . . ", "Үш күннен кейін адам тозаққа да үйренедi" және Бальзактың "Жер бетiнде бақытсыздықтан басқа толық жүзеге асатын ештеңе жоқ" деген дәйексөздерінен кейіпкердің қазіргі өмірге, қоғамға деген көзқарасын түсіну қиын емес. Ол өмірді тозақ ретінде, яғни зұлымдыққа толы, жақсылықтың сәулесі жоқ жер ретінде көреді. Қазіргі қоғам мүшелерінің құндылықтары басынан қарастырылып, қайта бағалануы керек. Барлығы осы қалыпта жалғаса берсе, зұлымдық толық жеңіске қол жеткізеді. Ал «бейтаныс құрбы» болса өмірге философиялық жағынан дана, зайырлы көзқараспен қарайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz