Технологиялық процессті автоматтандыру сұлбасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік кибернетика кафедрасы

АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІ ЖОБАЛАУ

5В070200-Автоматтандыру және басқару мамандығының студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Алматы 2013

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Джумагалиев Б.С. Сауанова К.Т, Автоматтандырылған жүйені жобалау 5В070200- Автоматтандыру және басқару мамандығының студентеріне пәні бойынша курстық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау -Алматы: АЭжБУ, 2013- 41 бет.

Әдістемелік нұсқауда Автоматтандырылған жүйелерді жобалау пәні бойынша курстық жұмыстардың мазмұны мен көлемі түсіндірілген, әр бөлімді орындауға әдістемелік нұсқаулар келтіріліп, орындау барысында студенттің практикалық, ғылыми- техникалық әдебиеттерді, анықтамалықтарды, МСТ-тарды қолдану білімін тереңдетіп, жетілдіруге негізделген.
Без.-14, Кест.-12, әдеб.көрсеткіші-15 атау.

Пікір беруші: фил.ғыл.канд., доцент Нурмаханова М.К.

"Алматы энергетика және байланыс университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 ж. қосымша баспа жоспары бойынша басылады.

(C)"Алматы энергетика және байланыс университеті" ҚЕАҚ, 2013 ж.

Мазмұны

Кіріспе
1 Курстық жұмыс (жоба) тақырыптары
2 Курстық жобалаудың мақсаты мен мәселесі
3 Курстық жобаның мазмұны және көлемі
4 Жобаны орындау бөлімдері
5& Түсініктеме қағаздың негізгі бөлігін орындауға арналған методикалық нұсқаулық
5.1 Технологиялық процесстің қысқаша сипаттамасы
5.2 Технологиялық процестерді басқару объектісі ретінде анализдеу
5.3 Автоматтандыру есебінің қойылуы
5.4 Автоматтандыруға қажет техникалық құралдар жинағын тандау
6 Жобаның графикалық бөлімін орындауға арналған әдістемелік
нұсқаулар
6.1 Реттеу және басқарудың құрылымдық сұлбаларын орындауға
арналған әдістемелік нұсқаулар
6.2& Автоматтандырудың сұлбаларын орындауға арналған
әдістемелік нұсқаулар
6.3 Принципиалды электр сұлбаларын орындауға арналған
әдістемелік нұсқаулар
Қосымша А
Қосымша Ә
Қосымша Б
Қосымша В
Қосымша Г
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тәжірибиеде көрсеткендей студенттердің өзіндік жұмысы, дәріс материалдары, практикалық және курстық жұмыстарды өзіндік орындағанда терең меңгеріліп, есте жақсы сақталады.
Курстың аты айтып тұрғандай, жұмысты орындаудың нәтижесінде нысанды автоматизациялау жобасы болу керек. Сондықтан бұл жұмыста нақты такырып қарастырылып өзіндік зерттеген жоба материалымен аяқталуы керек.
Бұл оқытудың, зерттеудің практикалық шығысы, ал нәтижесі- нақты практикалық мәселенің инженерлік шешімі.
Методикалық нұсқауда жобаның практикалық орындалуы, мысалдар және жобалау кезіндегі материалды безендіру жолдары корсетілген.
Курстық жұмыс (жоба) мамандандыру пәнінің соңғы кезеңі болып табылады. Курстық жұмыстың маңыздылығы өте жоғары, себебі орындалған жұмыс студенттің өндірістік процесстерді автоматтандыру жүйелердегі негізгі есептерді шешімін таба білуін, автоматтандырудың техникалық құралдары және заманауи элементтік базасы туралы білімін және автоматтандырудың техникалық жолдарын қаншалықты меңгергенің көрсетеді.
Курстық жұмыс студентті дипломдық жобаны немесе жүргізілген зерттеу немесе қолданбалы есепті шешу жолын сипаттайтын дипломдық жұмысты орындауға даярлайды.
Курстық жобалауға жобалау мекемелерінің техникалық жобалау және жұмыс құжаттарың даярлау кезеңіндегі орындалатың негізгі жұмыстар кіреді. Курстық жобалау студенттердің теориялық білімін нығайтады, жобалау мекемелері орындайтын негізгі жұмыс түрлерімен, МСТ-қа сәйкес безендіру міндеттемелерімен таныстырады. Курстық жұмысты орындау барысында студент ғылыми-техникалық әдебиеттерді, анықтамалықтарды, МСТ-дарды қолдану қажет.

1 Курстық жұмыс (жоба) тақырыптары

1. Технологиялық процесстерді басқаратың автоматтандырылған жүйелер: механикалық өндеу процесстері, химия технологиялық процесстері, мұнайхимиялық өндірістерінің технологиялық процесстері, газды-мұнайды шығару технологиялық процесстері, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібінің технологиялық процесстері және т.б.
2. Өндіріске жатпайтын объектілерді басқаратын автоматтандырылған жүйелер: автоматтандырылған күзет және өртке қарсы жүйелер, әртүрлі ғимараттардың климатын басқаратын автоматтандырылған жүйелер, коммуналдық шаруашылықтардың автоматтандырылған жүйелері, бақылау және есепке алу үлестірілген автоматтандырылған жүйелер.
3. Өндіріс немесе технология процестерді автоматтандыру: технологиялық бөлімді автоматтандыру, автоматтандырылған түзу, икемді автоматтандырылған телім, икемді өндіріс жүйе, автоматтандырылған қойма жүйесі, автоматтандырылған тасымалдау жүйесі және т.б.
4. Технологиялық немесе өндірістік процесстерді автоматтандыру бойынша жобалау құжаттары элементтерін құру.

2 Курстық жобалаудың мақсаты мен есебі

Курстық жұмыстың мақсаты- Автоматтандырылған жүйені жобалау пәні бойынша студенттер білімін тереңдету.
Курстық жұмыстың есебі - технологиялық процестерді, қондырмаларды, әртүрлі өндірістегі агрегаттарды автоматтандырудың қысқаша жұмыс проекті түрінде орындау дағдысын алу және димломдық жобалауға дайындық.

3 Курстық жобаның мазмұны және көлемі

Курстық жұмыстың құрамына түсініктеме және графикалық бөлім кіреді.
Түсініктеме 20-25 парақтан тұрады және:
1) Титул беті.
2) Курстық жобалау тапсырмасы.
3) Кіріспе.
4) Негізгі бөлім.
5) Қорытынды.
6) Қолданылған әдебиеттер.
7) Мазмұны.
Негізгі бөлімге кіретіндер:
1) Технологиялық процесстің қысқаша сипаттамасы.
2) Технологиялық процессті басқару нысаны ретінде талдау.
3) Автоматтандырудың есебінің қойылуы.
4) Автоматтандырудың техникалық құралдар комплексін таңдау.
5) Автоматтандырудың схемасын сипаттау.
6) Автоматтандыруда қолданылатын техникалық құралдар комплексінің сипаттамасын жасау.
Жобаның графикалық бөлігі А1 форматты 3-4 парақтан тұрады және құрамында келесілер болады:
1) Басқарудың құрылымдық сұлбасы немесе техникалық құралдар комплексінің құрылымдық схемасы.
2) Технологиялық процессті автоматтандыру сұлбасы.
3) Принципиалды сұлбалар (электрлік, пневматикалық, гидравликалық) - басқарудың, жөнге салуды қадағалаудың, сигнализацияның, қоректенудың, контроллерге дискретті немесе аналогті ақпаратты енгізушығару.

4 Жобаны орындау бөлімдері

Курстық жұмысты орындаудың негізгі бөлімдері келесідей:
- Курстық жұмысты орындауға керекті материалды жинау: объектідегі автоматтандыру жүйесімен, оны басқару жүйесі құрылымы мен танысу; автоматтандыру құралдарының техникалық сипаттамасымен танысу.
- Технологиялық процессті басқару объектісі ретінде зерттеу.
- Басқару есебінің қойылуы.
- Процесстің бақыланатын және реттелетін айнымалыларының тізімін жасау, олардың не себепті бақыланатын және реттелетін түсіндіріп кету.
- Автоматты басқару мен реттеудің типтік техникалық құралдары мен басқарушы есептеуші комплексті таңдау.
- Берілген технологиялық процесстің автоматтандыру схемасын құру.
- Басқа да графикалық материалдарды құрастыру.
- Түсініктеме қағаз дайындау.
- Курстық жұмысты қорғау.

5 Түсініктеме қағаздың негізгі бөлігін орындауға арналған методикалық нұсқаулық

5.1 Технологиялық процесстің қысқаша сипаттамасы

Курстық жұмысты орындауда автоматтандырылатын объектіні зерттеу өндіріс технологияларының сипаттамалары және пайдалану режимдері берілген әдебиеттерді талдаудан басталады және өндірістік тәжірибеде жиналған мәліметтер пайдаланылады. Осындай зерттеу нәтижесі түсініктеме бөліміне процесстің өндірістегі орны мен мақсаты, өнім сапасын сипаттайтың көрсеткіштер, олардың номиналды мәндері, номиналды мәндерінен мүмкін болатын ауытқулар, технологиялық процесстің физико-химиялық көрсеткіштері арасындағы өзара тәуелділігі, материалдық және энергетикалық сипаттамалары түсуі тиіс.

5.2 Технологиялық процестерді басқару объектісі ретінде талдау

Технологиялық процесстің автоматтандыру жүйесін құруда процессті басқару объектісі ретінде талдау ең маңызды мәселе болып табылады.
Сонымен бірге кіріс және шығыс айнымалылары, кіріс пен шығыс айнымалыларының арасындағы тәуелділік, технологиялық процесстердің орындалу тәртібі анықталады.
Кез келген технологиялық процесс агрегатқа келіп түскен материалды ағынның физикалық немесе физика-химиялық қасиеттерін анықты бір өлшемдегі энергия, реагенттер және т.б шығындар арқылы өзгертуге арналған. Сондықтан кез келген технологиялық процесс үшін қасиеттері осы процессте өзгеретін кіріс материалды ағынды және кірістегі материалды ағынды өндеу нәтижесі - шығыс материалды ағынды анықтауға болады.
Кірісіндегі материалдық және энергетикалық ағымдардың күйін кіріс айнымалылар жиынтығы мен сипаттауға болады (заттар шығыны, энергия, бөлек компоненттер жиыны). Кірісіндегі айнымалылар басқарылатын және басқарылмайтын болып бөлінеді.
Басқарушы кірістегі айнымалылар немесе басқарушы әсерлер деп оларды өзгертіп анықты бір мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін айнымалыларды атайды.
Басқарылмайтын кірістегі айнымалылар деп өзгерістуге еш мүмкіндік жоқ айнымалыларды атайды. Олар екіге бөлінеді: бақыланатын және бақыланбайтын. Бақыланатын айнымалылар кез келген уақыт аралығында сандық мәнін алуға мүмкіндік береді.
Бақыланбайтын айнымалылар - сандық мәні жайлы ақпарат алуға еш мүмкіндік жоқ. Бұл айнымалыларды сыртқы әсер деп айтады.
Кірістегі айнымалыларға технологиялық процесстің жұмыс жасау режимін сипаттайтың айнымалылар (режимдік айнымалылар) да жатады (температура, қысым және т.б.), олар да кірістегі айнымалылардан тәуелді.
Технологиялық процестті автоматизация объектісі ретінде талдағанда ең алдымен кіріс және шығыс айнымалылары анықталып, топтастырылады және процесс туралы мәліметтер негізінде араларындағы өзара байланыс анықталады.
Технологиялық процеске басқару объектісі ретінде қарағанда әсіресе автоматты жүйелерді құру кезінде ерекше талаптарды тудыратын бірқатар ерекшіліктерді айтып кеткен жөн:
1) Пиро- және гидрометаллургия процестерінің көбісі үзіліссіз өтеді.
Технологиялық агрегаттардан және құрылғалардан бірде аралас, бірде өзара байланысып немесе органикалық, органикалық емес, қатты, сұйық түрде үзіліссіз шикізат, реагенттер, аралық өнімдер өтіп жатады.
2) Едәуір инерттылығы және кешігу.
Үзіліссіз процесстердіге кешігулердің негізінде тасымалдау кешігулер жатады. Тасымалдау кешігулер басқару объектілерін орналасу ара қашықтығы мен және ағындардың жылдамдықтары мен анықталады. Бұл кешігулер басқарылатын объектілердің кірісіне және шығысына түсетін технологиялық орталардың параметрлер өзгерістері арасындағы уақыттың ұзаруына әкеледі.
3) Шикізаттың физика-химиялық қасиеттері және құрылымы өзгеруінің
кездейсоқтығы басқарылатын объектілер ауытқы әсер де кездейсоқтығына әкеледі.
4) Шикізат қасиеті және құрылымы, технологиялық орта және дайын өнім туралы ақпараттың толық емесі көбісіне құрылымын және қасиеттерін талдайтын сәйкес құрылғылардың жоқтығынан.
Технологиялық процесспен танысу басқарудың құрылымың зерттеуден, процесстің айнымалыларын анықтаудан басталады және 8 семестрден кейін өндірістік практикада жүзеге асады. Жұмысты технологиялық ережелерді, аппараттар және тізбектер сұлбаларын, технологиялық сұлбаларды зерттеуден бастау керек. Келесілерге ерекше көңіл аудару керек:
- объекттің ерекшеліктеріне - құрылғылардың параллель тізбектерінің бар (жоқ) болуы, аралық ыдыстарға;
- технологиялық процестерді басқарудың ұйымдасқан жүйесінің қалыптасуына әсер ететін ерекшеліктер - регламент, объекттің жұмыс істеу режимі, уақыт бойынша технологиялық процестердің өтуінің характері, объектінің нормальды және авариялық режиміндегі физикалық, химиялық және басқа құбылыстардың мәні;
- объектінің орналасуы - датчиктердің, көмекші құрылғылардың, орындаушы механизмдердің және т.б. орналасқан жерінен бақылау және басқару пункттеріне дейінгі ара қашықтық;
- қоршаған орта ерекшеліктері - объектінің жұмыс істеуіне ішкі және сыртқы ауытқулардың әсері (температураның, ылғалдылықтың, шаңдалғандық, агрессивтілік, токсивтілік, дірілдің және т.б.), электр, магниттік және электромагниттік өрістердің бар болуы;
- өрт және жарылыс қауіпсіздігінің шарттары.
Металлургиялық өзгертулерге басқару объектісі ретінде келесі ерекшеліктер тән:
- Технологиялық процесстердің үзіліссіздігі.
- Ылғалды және шаңды бөлмелердегі автоматтандыру мүмкіндіктерінің (құрылғалар) эксплуатациясының ауыр шарттары.
- Жоғары энерго-, су- және ауатұтынушылықтар.
- Тұтынушылықтың өзгеруінің кең диапазоны.
- Транспортты технологиялық байланыстардыың және параллельді жұмыс істеп тұрған идентивті технологиялық тізбектерді белгілі саны, ұқсас автоматизация мүмкіндіктерін көбірек уақыт талап ететін рециклдердің бар болуы.
- Математикалық модельдерін алуды қиындататын және АБЖ-ң күрделілігін анықтайтын технологиялық процесстің күрделілігі.

5.3 Автоматтандыру есебінің қойылуы

Есептің қойылуында процесстің техникалық және экономикалық сипаттамаларын толық бейнелейтін оның тиімділігі туралы көрсеткішін жақсарту, өсіру есебі түрінде қойылған есепті қарастырады. Сонымен бірге технологиялық процесске байланысты шектеулер салынатын өзге де көрсеткіштер келтіріледі. Кірістегі және режимдік айнымалылардың процесстің сапасын көрсетіп тұрған тандалған көрсеткіштерге қандай әсер келтіретініне талдау жүргізіліп, әр айнымалы үшін бақылау және реттеу нақты есептері қойылады. Әр реттелуші өлшем үшін басқарушы әсер тиянақталады.

5.4 Автоматтандыруға қажет техникалық құралдар жинағын таңдау

Технологиялық процесске сәйкес құралдарды, реттеуші құрылғыларды, есептеуіш техниканы тандау маңыздылығы зор екені еш күмән тудырмайды. Автоматтандыру құралдарын дұрыс таңдау автоматты бақылаушы және реттеуші жүйелері элементтерінің сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Техникалық құралдарды тандауды анықтайтындар:
- Қашықтан басқарушы, реттеуші, өлшеуіш құралдар мен құрылғылар үшін қосымша қуат баржоғы.
- Автоматтандырылған өлшеуіш құрылғыларды пайдалану шарттары (афессивтік, абразивтік, қоршаған ортаның ластығы ж. т.б.).
- Автоматтандыру құрылғыларының қажет дәлдігі мен жылдамдығы.
- Автоматтандыру құрылғылары үшін қосымша қуаттандыруды ұйымдастыру, тандау жабдықтардың пайдалану шарттарынан, өртқауіпті, атылып кету қауіпсіздігінен, қосымша қуаттандырудың сенімділігінен тәуелді. Қазіргі заманда автоматты түрде бақылау және реттеуші құрылғылар ретінде кең қолданылатын электрлік, пневматикалық, гидравликалық жүйелер және аралас пневмоэлектрлік, электрогидравликалық жүйелер.
Электрлік жүйелер пневматикалық және гидравликалық жүйелерге қарағанда бірнеше артықшылықтары бар. Ең басты артықшылықтары мыналар: әртүрлі өлшеулерді өлшеудегі электрлік әдістердің жан-жақтылығы; өлшеуші және түрлендіруші құрылғылардың аз инерциалдылығы, сигналды алыс қашыққа жіберуі. Электрлік жабдық кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады: орындаушы механизмдердің үлкендігі және инерциалдылығы; оларды өрт қауіпті аймақтарда қолдану қиындығы. Электрлік автоматтандыру жүйелерінің элементтерің пневматикалық және гидроавтоматика элементтерімен рационалды араластырып пайдалану технологиялық үрдісті автоматтандыруда әртүрлі қиын есептерді шешуге мүмкіндік берді.
Пневматикалық жүйелер автоматты бақылау және баптауды агресивті, ылғал және өртқауіпті ортада қарапайым және арзан жабдық көмегімен ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Автоматтандыру жабдығын қолдану мүмкіндігі кейбір баптаушы параметрлерді пневматикалық сигналға түлендіру қиындығы және оларды алыс арақашықтыққа тасымалдау қиындығымен шектеледі. Осы қиындықтардан құтылу үшін электропневматикалық түрлендіргіштер енгізілген пневматикалық орындаушы механизмдер қолданылады.
Гидравликалық жүйелердің негізгі артықшылығы қарапайымдылығы, сенімділігі, орындаушы механизмдердің ықшамдылығы (компакность), сондай-ақ гидродвигательдердің бірнеше күшеюін алу мүмкіндігі. Кемшілігіне кейбір баптаушы шамаларды түрлендіруде түрлендіргіш жабдықтың күрделілігі, реттеуіш әсер жететін ара қашықтығының шектілігі.
Автоматтандыру жабдықтарына және құрылғыларына үлкен топтағы жабдықтар жатады, олардың көмегімен өлшеулер, баптаулар, басқару және техникалық үрдістің сигналды параметрлерін жүзеге асырылады. Олар өлшеуіш және түрлендіруші құрылғылар; басқару жабдықтары, орындаушы механизм және баптаушы орган түрлеріне бөлінеді.
Технологиялық параметрлердің датчиктерін (өлшеу түрлендіргіштері) таңдау кезінде және басқа мәліметтерді алу кезінде бірнеше метрологиялық және режимдік факторларға көңіл аудару керек:
- Автоматтандыру жүйелеріне рұқсат етілген қателігі арқылы датчиктің дәлдік класын анықтау.
- Датчиктің инерттылығы.
- Өлшеу шектері.
- Қоршаған орта әсері.
- Жарылғыш және жанғыш талаптар жағынан датчикті қолдану мүмкіндіктері.
- Датчиктен шығатын ақпараттың қандай қашықтыққа жеткізілетіні.
- Өлшеуші шаманың және басқа да ортаның параметрлерінің шекті мәні.
Датчиктерді ереже бойынша 2 кезеңге таңдайды: 1-ші кезеңде датчиктер түрі бойынша таңдалынады. (Мысалы, температура бойынша-манометрлік термометр, кедергі термометрі, термопара). 2-ші кезеңде датчиктер түрөлшем (типоразмер) бойынша таңдалынады. (Мысалы, мыстан жасалған кедергі термометрі, градуировка 100 м, ТСМ-0193 немесе Метран-204-02 түрі, басы судан қорғалған).
Датчиктерді қолдану шарттарды және сала туралы нақты мәліметтерді шығарушы завод нұсқауында келтіріледі.
Мысалы, температура датчигін таңдау керек. Температураның шекті мәндерін, датчиктердің қолдану диапазонын, сондай-ақ шығыс сигналының түрін ескере отыру керек. Кедергі термометрі және термопара 0.5% дәлдікпен, ал манометрлік және жанасқан термопара (контактные) 1.5%-2.5% дәлдіктен артық емес өлшеуді қамтамасыз ету керек.
Қызудың - 50 до +200 аралығында платинадан емес мыстан жасаған термометрлерді қолдану керек. Тармопараны қол жетпейтін, өлшемі шектелген аймақтарда жоғарғы температураны өлшеуге қолдану өте ыңғайлы.
Келесi мәселелерге назар аудару керек:
- датчик автоматтандырылған жүйенiң келесi элементтерiнде сигналдың берiлуiн есепке тандалуы керек. Яғни, датчиктің шығыс сигналы жобаланған жүйедегі байланыс сигналына сәйкес келу керек;
- шығыс сигналдарға арналған датчикердің саны қабылданған автоматтандырылған схема құрылымымен анықталады;
- датчикті таңдау кезінде оның төлқұжаттық параметрлерін іске асыру және қалыпты жұмыс жасау үшін жағдай жасау мүмкіндіктері анықталу керек. Мысалы, диафрагмалы расходомердің дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін оған дейінгі құбырдың түзу бөлігі ұзындығы 10 Ду және 20Ду кейін болу керегін білуіміз қажет (Ду құбырдың шартты диаметрі).
АРЖ екінші ретті аспаптарды таңдағанда келесі жағдайларды ұсынады:
1) Екінші ретті аспаптың әрекет ету диапазоны реттеуші датчиктің (өлшейтін түрлендіргіш) әсерімен және реттеушінің шектік мәімен анықталады.
2) Екінші ретті аспаптың диапазоны датчик (өлшейтін түрлендіргіш) диапазонының үштен бірінен аспау керек.
3) Датчиктердің санына байланысты екінші ретті аспап бірнүктелі және көпнүктелі аспаптарды таңдайды. Егер сигнал реттеуішке екінші ретті аспаптан келсе бірнүктелі аспап қолданылады. Егер реттегіш сигналды тікелей датчиктен алатын болса, ал екінші ретті аспап тек қана өлшеу мен тіркеу үшін қолданылса онда екінші ретті аспаптардың және басқада АРЖ санын азайту үшін көпнүктелі аспаптар пайдаланылады.
4) Екінші ретті аспаптар динамикалық қасиеттерін есепке ала отырып талдалуы қажет.
Үлкен, ыңғайсыз, заманға сай емес екінші ретті құрылғыларды, жеке реттеуіштерді қолданбау үшін, технологиялық процесстерді автоматтандыру заманауи жүйелері есептеуіш және цифрлық техника, микроконтроллерлер қолданумен жасалады.
ТПАБЖ-да ақпаратты жинау, өндеу, басқарушы сигналдарды шығару құралдары ретінде контроллерлерді, микроконтроллерлерді, өндірістік компьютерлерді қолдану керек, ал ағымдағы ақпаратты бейнелеу мен сигнализациялау және технологиялық процестің жүрісін бақылау үшін санды-алфавитті толықтүсті дисплейлерді немесе сұйық кристалды дисплейлер негізіндегі операторлар панелі қолданылады.
Екінші ретті аспаптар бақылаушы түрлендіруші комплекстің бір ажыратылмайтын бөлігі болса ғана пайдаланылады (газды талдаушылар).
Орындаушы құрылғыларды (ОҚ) тандау төменде көрсетілген талаптарды қамтамасыз етуіне байланысты:
- ОҚ құрылымы мен жұмыс жасау принципі автоматтандыру есебіне сәйкестігі;
- өндіріс ғимараты категориясына сәйкестігі;
- реттеуші ортаның қасиеттері мен мәндеріне сәйкестігі;
- жұмыстың қажетті сенімділігін және техникалық қорын қамтамасыз ету;
- қоршаған ортада қондырғының сенімді жұмыс істеуі;
- қажетті реттеу жылдамдығын қамтамасыз ету;
- қадамды сипаттаманың сызықтығы.
Кең тараған бірайналымды электрлі орындаушы механизмдер - МЭО және МЭО-1. Оларды басқару (іске қосу,тоқтату, қозғалыс бағытын өзгерту) контактты және контактсыз құрылғылармен іске асады. Контактты басқаруда реверсивті электромагниттік қосқыш немесе реле қолданылады. МЭО механизмдерін контактсыз басқару ПБР-2М реверсивті контаксыз қосқышпен, ал МЭО-к ПБР-3А қосқышпен орындалады.
ИМТМ-402,5-83 типті орындаушы механизмді бекіту құрылғыны лезде орын ауыстыру қажет болғанда қолданады.
МЭП механизмдері автоматты және дистанционды басқару жүйесінде тұрақты жылдамдықта реттеу органды түзу сызықты орын ауыстыру үшін қолданады.
Жалпы жағдайда келесі техникалық қамтамасыздандыру болуы тиіс: объектпен байланысу құрылғылары бар есептеуіш комплекстар, сигналды қабылдау және түрлендіру құрылғылары, сигналды жіберу және орындаушы құрылғылар каналдарының коммуникациялары, автоматты регулятор, датчиктер, екінші ретті аспаптар және орындаушы механизмдер- традиционды локальды автоматизация құралдары, оперативті персоналдың АТК техникалық саймандармен байланысу құрылғысы, информацияны бейнелеу құрылғысы, регистраторлар информацияны қолмен енгізу пульты, басқару пульты, жүйелер немесе видеотерминалдар.

6 Жобаның графикалық бөлімін орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

6.1 Реттеу және басқарудың құрылымдық сұлбаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Басқару және реттеудің құрылымдық сұлбасы әрбір жобаланып жатқан объект үшін басты құжат болып табылады, себебі онымен технологиялық процесске тиімді (тиімді емес) әсер етуші арналары анықталып орнатылады.
Басқару және реттеу сұлбаларын әзірлеу кезінде обьектіні жобалауға жүйелі ыңғайы мен өткізу керек. Жобаның әрбір бөлімінде прогрессивті шешім қабылдауменен бірге адамның еңбекті және материалды қорлары мен қосалқы қорлары максималды қолдануды қамтамасыз ететін жалпы тиімді жетілдірулер қолданылады. Реттеу және басқару құрылымдық сұлбасы технологиялық себебі бойынша құрастырылады, әрбір сұлба обьектідегі процесске оперативті әсер етуімен шектеледі.
Сұлбаларды бөлу басқару иерархиясының вертикалі (бөлім, цех, өндіріс) бойынша мүмкін. Бұл жағдайда басқарудың жоғарғы буынын толық сипаттап, ал төменгілерді жеңілдетіп, мағынасын ашпай көрсету қажет.
Негізгі шартты графикалық белгі- бес горизонталды жолы бар тікбұрыш. Автоматтандырылған обьекттің бөліктемелерін бейнелейтін тіктөртбұрыштар ішінде өндіріс құрылымының мағынасы ашылады.
Реттеу мен басқару орнын бейнелейтін тіктөртбұрыш ішінде көрсетіледі:
1) жоғарғы жолда- басқару орындардың атауы (мысалы, күкіртқышқыл өндірісінің диспетчер орны,жұмыс орны, т.б);
2)& екінші жолда- шешім қабылдайтын технологиялық жұмысшылар (диспетчер, оператор т.б.);
3) үшінші жолда- орынға орнатылған негізгі құрылғылардың атауы (бақылау қалқаны, басқару орны, мнемосұлба, байланыс құралдары және т.б.);
4) төртінші жолда- тік сызықша арқылы шартты әріптік белгілер түрінде техникалық құрылғылардың негізгі функционалды топтары жазылады;
5) бесінші жолда-тік сызықша арқылы шартты белгілеудің арабша цифрлары түрінде осы басқару иерархиясы деңгейіндегі жұмысшылар және техникалық құрылғылар мен жүзеге асырылатын негізгі функциялар көрсетіледі.
Объектінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін негізгі өндірістік қызметтер, сұлбада тікбұрыш түрінде көрсетіледі. Оның ішіне қызметтің аталуы (өндеу, энергоқызмет, техникалық құрылғыларға, автоматтандырылған технологиялық өндірістерді басқару жүйелерге техникалық қызмет көрсету және т.б.), кезекші қызметші (мастер, слесарь, және т.б.), техникалық құрылғылар (байланыс құралдары, түрлері) жазылады.
Басқарудың бірінші деңгейінің шартты графикалық суретінің астында, тікбұрыштың ішінде, сұлбадан төмен технологиялық жабдықтың атауы (мұнара, компрессор, қойма және т.б.), осы деңгейдегі басқару орындарынан қызметшілер арқылы басқарушы әсерге бағынатын технологиялық қондырғылар, олардың өндірістің құрылымының қай бөліміне жататындары келтіріледі.
Құрылымдық сұлбаға әкімшілік бөлімдер, директор, бас инженер т.б. бөлімдер мен толықтырылу мүмкін, олар сұлбада сәйкес жазбасы бар дөңгелекшемен көрсетіледі.
Сұлбаның сызбасында негізгі жазбаның астына қолданылған шартты белгілер тізімі келтіріледі.
Басқару және бақылау орны мен басқарылатын объекті арасындағы байланыс тұтас сызықпен бейнеленеді. Мысал ретінде А қосымшасында құрылымдық сұлбасы келтірілген.

6.2 Автоматтандырудың сұлбаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Автоматтандыру сұлбасы жобалаудағы объектінің технологиялық процесін автоматтандыру деңгейін және құрылымын анықтайтын негізгі техникалық құжат болып табылады.
Автоматтандыру сұлбасын құруда технологиялық параметрлерді өлшеу әдістері, автоматтандыру құралдары, қашықтан немесе автоматтты түрде басқарылатын технологиялық жабдықтардын реттеуші және бекітуші органдарының орындаушы механизмдерінің жетектері тандалып автоматтандыру құралдары қалқандарда немесе басқару орындарында, технологиялық жабдықтарда, және т.б. орналасуы және технологиялық процестің және жабдықтың күйі туралы ақпаратты көрсету тәсілі анықталады.
Автоматтандыру сұлбасы әдетте А1 форматты парақта, технологиялық жабдық, байланыстар, басқару органдары мен автоматтандыру құралдары және фунционалды блоктар мен автоматиканың элементтері арасындағы байланыстар, автоматтандыру құралдарын және барлық бақылау, реттеуіш, басқару және сигнализацияны жүйелерінің аппаратурасы шартты белгілер көмегімен көрсетілгендер сызба түрінде орындалады.
Көмекші құрылғылар, редукторлар, ауа фильтрлары, реле, қорек көзі, автоматтандырылған ажыратқыштар сияқты басқа да құрылғылар, сонымен бірге монтажды элементтер автоматтандыру сұлбаларында көрсетілмейді.
Автоматтандыру сұлбалары қалқандардың, басқару орындардың шартты белгілері тікбұрыш түрінде, сызбаның төменгі бөлімінде жазылып, ішіне автоматтандыру құралдары көрсетіліп орындалуы тиіс.
Автоматтандыру сұлбасын құру кезінде автоматтандыру құрылғылары мен құралдары жайылған түрде көрсетілуі мүмкін: бірінші ретті түрлендіргіш, екінші ретті аспаптар, орындаушы механизмдер, реттеуші және бекітуші органдар, басқару аппаратурасы және сигнализация, жинақты құрылғылар (телемеханика құралдары, басқарушы есептеуіш жинақтар, микроконтроллерлер) және т.б.
Технологиялық жабдықтарға және байланыстарға енетін немесе олармен механикалық байланысқан автоматтандырудың құралдары мен құрылғыларын сызбада қастарына, жақын көрсетіледі. Әрбір тіктөртбұрыштың сол жағында оның атауы жазылады.
Қалқандар мен орындардың тіктөртбұрыштарын онда приборлардың және автоматтандыру құралдарының белгілерін орналастырғанда байланыстың қарапайымдылығы мен анықтығы қамтамасыз етілетіндей және байланыс сызықтары қиылыспайтындай ретте көрсеткен дұрыс.
Қалқанда орналаспаған және технологиялық құрылғылармен және құбырлармен тікелей байланыспаған автоматтандыру құралдары мен құрылғыларын, шартты түрде тіктөртбұрышта Жергілікті құрылғылар немесе Орны бойынша құрылғылар деп көрсетеді.
Автоматтандыратын объектінің маңызын, өлшеудің диапазонын және құрылғылардың шәкілін таңдау мүмкіндіктерін, реттеуіштердің орнатқыштарын түсінуді жеңілдету үшін автоматтандыру сұлбаларында орнатылған жұмыс режиміндегі өлшенетін және реттелетін технологиялық параметрлердің шекті жұмыс мәндері көрсетіледі. Бұл мәндер халықаралық бірлік жүйесінде Жергілікті құрылғылар тіктөртбұрыштың үстінде байланыс сызықтарында көрсетіледі, ал Жергілікті құрылғылар тіктөртбұрыштың үстіндегі байланыс сызығының ұзындығы 50 мм-ден кем болмау керек.
Түсіндіру мәтіні шартты белгілер кестесінің үстіне немесе басқа жерге орналастырады.
Негізгі белгі үстінде 25мм х 185мм өлшемінде бос кеңістік қалдыру керек.
Автоматтандыру құралдары мен құрылғыларын суреттейтін, технологиялық жабдықтың нұсқауларын, құбырлар коммуникацияларын, тіктөртбұрыштарды, автоматтандыру сұлбаларындағы щиттар және пульттерді -0,6-1,5 мм қалыңдықтағы сызықтармен, ал автоматтандыру құралдары мен құрылғыларын -0,6-1,5 мм, байланыс сызықтарын- 0,2-0,3 мм, яғни (14) қалыңдықтағы сызықпен, орындау дұрыс.
Автоматтандыру сұлбасында көрсетілген барлық автоматтандыру құралдары мен құрылғыларына, екі бөліктен тұратын позициялы белгілеулер меншіктеледі: араб цифрларымен көрсетілген функционалды топтар нөмері және орыс алфавитінің жолдық әріптерімен құралдарының нөмерлері және берілген функционалды топтағы автоматтандыру құралдары.
Әріптік белгілер функционалдық топтағы әрбір элементке алфавит бойынша сигналдың ақпаратты қабылдайтын құралдан басқарылатын процеске әсер ететін құрылғыға жүйелі түрде өтуіне байланысты беріледі.
Автоматтандыру схемаларындағы позициялы белгiлерi құралдың iшiнде шартты график түрiнде белгiлерiн қояды - төменгi жартылай шеңберде немесе амалдарынша қамшылар жақтан немесе оның үстiнде қасында шартты график түрiнде белгiмен
Құралдардың шартты белгіленуі және автоматизация құралдары МС 21.404-85 КҚБЖ бойынша орындалуы керек. Технологиялық процессті автоматтандыру. Автоматтандыру құралдары мен құрылғыларының шартты сұлбада белгіленуі
МС 21.404-85 бойынша негізгі шартты белгілену әріптік белгіленумен қатар қарапайым шартты сұлбалық белгілермен сәйкес болу керек (1 кестені қара).
Өлшеу параметрлері, құралдары Құралдар орын орнымен келесідей орналасуы керек - T,P,L,F,Q,W,D,M,V және тағы басқа, яғни алдымен температураны өлшеу түрлендіргіштері, сосын қысым деңгейі және ары қарай,МС 21.110-82 бойынша.
Құралдарға және комплект позициялар 21.110-81-шi МСТ бойынша бұрыштық спецификация және спецификация дәл осылай тағайындайды және дәл сол ретпен толтырылады.

1.кесте- 21.404-85 МСТ бойынша автоматтандыру құралдары мен құрылғылардың графикалық белгіленуі
2.
Аталуы
Белгіленуі
1. Алғашқы өлшейтін түрлендіргіш (датчик), технологиялық түтікті өткізгішке,құрылғыға, жарға және т.б. қалқанға емес (орын бойынша) орнатылатың құрылғы.
а) негізгі белгі
б) қосымша белгі

2. Қалқанға, пультке орнатылатын құрылғы
а) негізгі белгі
б) қосымша белгі

3. Орындаушы механизм

4. Орындаушы механизм

5. Энергия немесе басқару сигналын беру тоқтаған кезде орындаушы механизм:
а) реттеуші органды ашады;
б) реттеуші органды жабады;
в) реттеуші органды өз қалпында қалдырады

6. Реттеуші орган

7. Әрдайым қосылып тұрған құралы жоқ сұрыпталған құрылғы (жөндеу, сипаттамалар алу, т.б. кезінде құралдардың эпизодты қосылуына арналған)

Барлық өлшеуіш түрлендіргіштер (датчиктер) және орын бойынша орналасқан құралдар (технологиялық құбыр желісінде, аппаратта, қабырғада, жерде, бағанада, металл құрылымдарында) үшін ішіне жазылатын әріп көлеміне байланысты шеңбер немесе сопақша ретінде бірегей графикалық шартты белгісі қабылданды. Щитта немесе пультта орналасқан құрал үшін горизонталды сызықпен 2-ге бөлінген дәл осы шартты белгі қолданылады. Сұрыпталған құрылғылардың әрдайым қосулы тұрған құралдары үшін арнайы белгілер жоқ, бірақ жөндеу, бақылау сипаттамаларын алу және басқа да тексеру жұмыстары кезінде құралдардың эпизодты қосылуына арналған әрдайым қосылып тұрған құралы жоқ сұрыпталған құрылғы үшін арнайы графикалық шартты белгі қарастырылған. Осындай сұрыпталған құрылғылар байланыс желісі келтірілген жарты шеңбер түрінде белгіленеді. Бұл әдіс автоматизация құралдары мен құрылғыларының шартты белгілерін құрастырудың негізгі принциптерін өзгертпей жөндеу және бақылау операциялары кезінде схемадағы қажетті таңдауларды тез табу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Барлық орындаушы механизмдер байланыс желі кесіндісі бар шеңбермен белгіленеді. Энергия немесе басқару сигналын беру тоқтаған кезде орындаушы механизмнің жағдайын көрсету үшін оның шартты белгісіне кіретін байланыс желі кесіндісінде тілше немесе көлденең сызық келтіріледі. Орындаушы механизмнің қосымша қолша жетегін шеңбер ішіне Н әрпімен белгілейді. Реттеуші органды құбыр желі арматурасы сияқты белгілейді.
Шеңбер немесе овалдың түрiндегi оның график түрiнде шартты белгiлеуiне құралдың толық белгiсi немесе автоматтандыру құралының алулары үшiн және тағайындауды анықтауға әрiптiк шартты белгiлеулер, жұмыс мiнездеме, атқарылатын функциялар тiзiмге кiргiзіледi.
Шартты белгiлеулер әрiптiң қонысы оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ректификаттау колонналарының конструкциясы
SCADA жүйелері
Температураны автоматты реттеу жүйесін құру
Басқару мәселелерін шешудің ақпараттық технологиясын эскизді жобалау. Жобалау алдындағы анализ элементтері. Техникалық жобалаудың элементтері
Өндiрiстi автоматтандыру туралы
Кабина қозғалтқышының оптималды графигі
Техналогиялық процестер құрамын басқару
Күкіртті ангидритың контакттық аппаратында күкіртті түрінде тотығу процессін автоматтау жайлы
Электр қозғалтқыш таңдау
Күкіртті ангидритың контакттық аппаратында күкіртті түрінде тотығу процессін автоматтау
Пәндер