Шарттық жəне шарттан тыс міндеттемелер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Бизнес және құқық» факультеті

«Құқықтану» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні:Азаматтық құқық

Тақырыбы:Міндеттемелер

Орындаған: ЮП-18-3 тобы студенті

Ибрагимов Жандос А.

Рецензент: з. ғ. к., доцент.

Орамахова М. Н.

Ақтау-2019

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 МІНДЕТТЕМЕ . . . 4

1. 1 Міндеттеме түсінігі және оның түрлері . . . 4

1. 2 Міндеттемені орындау және міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері мен тәсілдері . . . 6

2 МІНДЕТТЕМЕ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК . . . 26

2. 1 Міндеттеменің бүзылғандығы үшін жауаптылық . . . 26

2. 2 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың түрлері . . . 31

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 35

КІРІСПЕ

Міндеттемеге келетін болсақ, олматериалдық игіліктердің тауарлық қозғалысына дейін орын алатын салыстырмалы құқықтық-қатынас болып табылады жəне бұған орай, бiр тұлға (борышқор) басқа тұлғаның (несие берушiнiң) пайдасына белгілі бір материалдық игіліктерді беру жөніндегі белгілі бір əрекеттерді жасауға міндетті болады, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы.

Міндеттеменің құқықтық нəтижесі болады. Оған қол жеткізу міндеттемені орындау нəтижесі ретінде жүргізіледі, яғни тараптар міндеттеменің мазмұнындағы құқықтар мен міндеттерді іске асырады.

Орындау пəні - ол міндеттемені орындау процесінде борышқордан несие берушіге ауысатын зат, жұмыс, қызмет көрсету болып табылады. Орындау пəніне талаптар не заңда, не шартта айқындалады. ҚР АК 282 бабында ақшалай міндеттемелерді орындау пəніне ерекше талаптарды белгілеген. Ең алдымен, заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚР аумағындағы ақшалай мiндеттемелер теңгемен көрсетiлуі талап етіледі.

Міндеттеме өздігінен борышқордың талап етілетін əрекеттерді жасауына кепілдік бермейді. Тіпті, орындауды бұзған борышқорға қатысты несие беруші азаматтық-құқықтық жауапкершілік шараларын қолданған ретте де қажетті мүлік борышқорда болмауы мүмкін. Сондықтан несие берушінің мүдделерін қамтамасыз ету, міндеттеменің тиісінше орындалатындығына кепілдік алу үшін заңда орындауды қамтамасыз етудің бірқатар арнайы шаралары бекітілген.

Бұл шаралар (əдістер) мүліктік сипатқа ие, сондай-ақ өздері қамтамасыз ететін негізгі міндеттемелерге қатысты олар қосымша болып табылады. Борышқорды міндеттемені орындауға ынталандыру жəне несие берушінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету олардың мақсаты болып табылады.

Азаматтық-құқықтық жауаптылық - бұл шартпен немесе заңмен көзделген өзіне жүктелген міндеттемелерді бұзған борышкерге қолданылатын мүліктік өндіріп алу.

ҚР АК 349-бабына сəйкес мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дəрежеде орындамау (мезгiлiнде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, мiндеттеме мазмұнында белгiленген басқа жағдайларды бұзып орындау) - тиiсiнше орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi. Тиiстi дəрежеде орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда борышқор бұл туралы несие берушiге дереу хабарлауға мiндеттi.

1 МІНДЕТТЕМЕ

1. 1 Міндетеме ұғымы және оның түрлері

Міндеттеме негізінен материалдық игіліктердің тауарлық қозғалысына дейін орын алатын салыстырмалы құқықтық-қатынас болып табылады жəне бұған орай, бiр тұлға (борышқор) басқа тұлғаның (несие берушiнiң) пайдасына белгілі бір материалдық игіліктерді беру жөніндегі белгілі бір əрекеттер жасауға міндетті болады, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. [1, 173]

Міндеттемеге екі тарап қатысады - өкілетті жəне міндетті тараптар. Материалдық игіліктердің қозғалысының белсенді əрекеттерсіз орын алмайтындығы себепті, өкілетті тарап міндеттеменің орындалуын міндетті тараптан талап ету құқығына ие. Міндетті тарап болса, екінші тараптың пайдасына белсенді іс-қимылдарды жасауға міндетті болып табылады.

Өкілетті тарапқа талап ету құқығы тиесілі болады, ал тараптың өзі несие беруші деп аталады. Міндетті тарап - борышқор, оның міндеті - борыш. Кейде əрбір тарап бірмезетте талап ету құқығына жəне борышқа ие болатын міндеттемелерде кездесуі мүмкін жəне бұл ретте, əрбір тарап бірмезетте несие беруші жəне борышқор болып табылады. Талап ету құқығы мен борыш міндеттеменің заңи мазмұнын құрайды. Борышқордың əрекеті оның объектісі болып табылады. [2]

Міндеттемелердің əралуан болуы себепті, оларды белгілі бір негіздерді басшылыққа ала отырып, жүйеге келтірген орынды.

Реттеуші жəне қорғаушы міндеттемелер. Біріншісі, əдеттегі тауар-ақша айналымын қамтиды. Екіншісі, құқық бұзушылықтан туындаған міндетемелерді қамтиды.

Шарттық жəне шарттан тыс міндеттемелер . Олардың ішінде міндеттемелер топтары белгіленген. Шарттық: мүлікті иеліктен шығаруға байланысты міндеттемелер, мүлікті пайдалануға беру туралы міндеттемелер, жұмыстың орындалуына байланысты міндеттемелер, қызмет көрсетумен байланысты міндетемелер. Шарттан тыс міндеттемелер: конкурстық міндеттемелер, зиянды өтеу міндеттемелері, өзгенің мүддесінде тапсырмасыз іс-əрекет жасау.

Экономикалық мазмұны тұрғысынан міндеттемелердің түрлері : сатып алу - сату, жалға алу, мердігерлік. Олар өз іштерінде түрлерге бөлінуі мүмкін: бөлшек сауда, тауар жеткізілім, келісімшарт жасасу.

Міндеттемелердің пайда болу негіздері:

шарттар (мысалы, сатып алу сату),

біржақты мəмілелер (өсиеттік бас тарту),

əкімшілік актілер (мысалы, лицензия беру),

зиян келтіру (деликті),

интеллектуалдық меншік объектілерін жасау жəне пайдалану,

оқиғалар (мысалы, сақтандыру жағдайының басталуы) .

Міндеттемеде адамдардың ауыстырылуы

Міндеттеменің қолданыс кезеңінде оған қатысушылардың құрамы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Міндеттеменің өзі сақталған реттегі қатысушылардың ауысуына заң жол береді. Қатысушылардың бұл алмастырылуы міндеттемедегі тұлғалардың ауыстырылуы деп аталады. Алмастырудың екі түрі болады:

а) несие берушінің алмастырылуы - талап ету құқығын беру немесе цессия деп аталынады;

б) борышқордың алмастырылуы - борышты аудару деп аталады.

Талап ету құқығын беру заңнамалық актіге орай (қайта құру, мұрагерлікке алу, ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сатып алудың артықшылық құқығын сот арқылы жүзеге асыру, суброгация, секьюритизация) жəне мəміле (факторинг) бойынша орын алуы мүмкін.

Несие берушiнiң жеке басымен тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда алимент жөнiндегi жəне азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру жөнiндегi талаптардың басқа адамға ауысуына жол берiлмейдi. Өзге жағдайларда, тұлғалардың ауыстырылуына жалпы ереже ретінде заң рұқсат етеді жəне азаматтық айналым талаптарымен тікелей қажет етіледі. Мысалы, бағалы қағаздар айналымы цессиясыз мүмкін емес.

Қатысушының ауыстырылуы мəміле болып табылады. Сондықтан оған мəміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданылады: егер ол жазбаша нысанда жасалынатын мəмілеге негізделген болса, онда тиісінше қатысушының алмастырылуы да жазбаша нысанда рəсімделуі тиіс.

Талап ету құқығын беру кезінде борышқорға орындауды кімге жүргізетіндігі аса маңызды емес болуы себепті, бұған борышқордың келісімі талап етілмейді. Сонымен бірге, заң жасалынған цессия туралы оның міндетті жазбаша хабарлануын талап етеді жəне мұны орындамаған ретте жаңа несие беруші бұдан туындайтын жағымсыз салдарлар қаупін көтереді. [1, 173]

Талап етудi берген бастапқы несие берушi жаңа несие берушiнiң алдында оған берiлген бередi, бiрақ бұл талапты борышқордың орындамағаны үшiн бастапқы несие берушi жаңа несие берушiнiң алдында борышқор үшiн кепiл болуды өзiне алғаннан басқа жағдайды қоспағанда, жауап бермейдi.

Бастапқы несие берушiнiң құқығы жаңа несие берушiге құқықтың ауысуы кезiнде болған көлемде жəне сондай жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушiге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ басқа да құқықты, соның iшiнде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты құқықтар ауысады.

Борышты аудару кезінде өзге жағдай қалыптасады. Өйткені несие берушіге орындауды кімнің жүргізетіндігі маңызды. Мүмкін, жаңа борышқордың төлемқабілеттілігі жоқ болуы немесе орындаудан жалтаруы мүмкін. Осыған орай, ҚР АК 348-бабы борышты аудару кезінде несие берушінің келісімін міндетті талап етеді.

Борышты аудару көпжақты мəміле болып табылады жəне мұнда бұрынғы борышқор, жаңа борышқор жəне несие беруші өз еріктерін білдірулері тиіс. Жаңа борышқор несие берушінің талаптарына бастапқы борышқор мен несие берушінің арасындағы қатынастарға негізделген қарсылықтарды алға тартуға құқылы.

1. 2 Міндеттемені орындау және міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері мен тәсілдері

Міндеттеменің құқықтық нəтижесі болады. Оған қол жеткізу міндеттемені орындау нəтижесі ретінде жүргізіледі, яғни тараптар міндеттеменің мазмұнындағы құқықтар мен міндеттерді іске асырады.

Міндеттемені орындау дегеніміз борышқордың міндеттеменің пəнін құрайтын əрекеттерді несие берушінің пайдасына жасауын білдіреді. Ол борышқор мен несие берушінің арасындағы қатынастарды тоқтатады.

Міндеттемені орындау қағидалары: міндеттемені тиісінше орындау (ҚР АК 172 бабы) жəне міндеттемені заттай орындау (ҚР АК 354-бабы) . Бұл екі норма да диспозитивті болып табылады, яғни тараптар орындау ережелерін заңда көрсетілгеннен басқалай сипаттай алады. Орындау жөніндегі көптеген баптарда келесідей ескертпе қарастырылады: егер міндеттеменің ережелерінде өзгеше көзделмесе.

Заттай орындау принципінің қолдану аясы тарылтылған, яғни бұл, егер тараптардың келісімімен өзгертілмесе, қолданылатын жалпы принцип болып табылады. Тиісінше, орындамаған реттерде ол айрықша маңызға ие болады. Мысалы, ҚР АК 365-бабында былай делінеді: егер борышқордың мерзiмдi өткiзiп алуы салдарынан мiндеттеменi орындау несие берушiге керексiз болып қалса (үйлену тойына көйлекті мерзімінде тіккен жоқ), онда оған міндеттемені заттай орындатуға қол жеткізудің мағынасы болмайды. Мұның орнына ол мiндеттеменi орындауды қабылдаудан бас тартып, залалды өтеудi талап ете алады.

Жəне керісінше, ҚР АК 355-бабында белгiлi бiр затты жеке беру мiндеттемесiн орындамаған жағдайда несие берушiнің оны борышқордан алып қоюды жəне несие берушiге берудi талап етуге құқылы екендігі бекітілген. Егер жұмыс орындалмаған немесе қызмет көрсетілмеген болса, несие беруші міндеттеменің орындалуын талап етпей, жұмысты несие берушінің өзі немесе үшінші тұлғаның орындағанына ақшалай өтемақыға қанағат ете алады. Осы ретте, заттай орындауды ақшалай өтемақымен алмастыру орын алып отыр.

Міндеттемелердің көбі өзара мiндеттемелер болып табылады жəне бұл ретте, қарсы орындау туралы сөз қозғалады. ҚР АК 284: өзара орындау дегеніміз жалпы ереже ретінде тараптардың өзара мiндеттердi бiр мезгiлде орындауын білдіреді. Тараптардың бiрiнiң мiндеттеменi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы өзара мiндеттердi орындау жəне қарсы талаптарды қанағаттандыру кезiнде, екiншi тарапты өз мiндеттерiн орындаудан босатады.

ҚР АК 273-бабында егер заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға жəне оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейтіндігі айтылады.

Орындау шарты - ол субъектілерге, пəніне, мерзімдерге, əдістеріне жəне міндеттемені орындау орнына қойылатын талаптар болып табылады. Шарттар міндеттемені кімнің, қайда, қашан, қалай орындайтындығы туралы сұрақтарға жауап береді.

Орындау пəні - ол міндеттемені орындау процесінде борышқордан несие берушіге ауысатын зат, жұмыс, қызмет көрсету болып табылады. Орындау пəніне талаптар не заңда, не шартта айқындалады. ҚР АК 282 бабында ақшалай міндеттемелерді орындау пəніне ерекше талаптарды белгілеген. Ең алдымен, заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚР аумағындағы ақшалай мiндеттемелер теңгемен көрсетiлуі талап етіледі.

ҚР аумағында мiндеттемелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезiнде шетел валютасын, сондай-ақ шетел валютасындағы төлем құжаттарын пайдалануға ҚР заңнамалық актiлерiнде айқындалған жағдайларда жəне шарттарда немесе оларда белгiленген тəртiппен жол берiледi.

Төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру тəртiбi мен тəсiлдерi ҚР ақша төлемдерi мен аударымдары туралы заңнамасында белгiленедi жəне оларды тараптар тиiстi шартта айқындайды.

ҚР резиденттерінің елде тұрақты тұратын мекенжайы болады. ҚР резиденттері деп танылады:

ҚР азаматтары, оның iшiнде шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына осы мемлекеттiң заңнамасына сəйкес берiлген құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, шетелде уақытша жүрген немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оның мемлекеттiк қызметінде жүрген азаматтар;

ҚР тұрақты тұру құқығын беретін құжаты бар шетелдіктер жəне азаматтығы жоқ тұлғалар;

ҚР заңнамасына сəйкес құрылған, ҚР аумағында орналасқан жері бар барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ ҚР жəне одан тыс жерлерде орналасқан жерi бар олардың филиалдары мен өкілдiктерi;

ҚР тыс жерлердегі ҚР дипломатиялық, сауда жəне өзге де ресми өкiлдiктерi.

Резидент еместер - жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың жоғарыда аталған тізімде жоқ филиалдары жəне өкілдіктері.

Ақшалай мiндеттеменi орындау үшiн жеткiлiксiз төленген төлемнiң сомасы тараптардың өзге келiсiмi болмаған жағдайда ең алдымен несие берушiнiң орындау жөнiндегi шығындарын, сонан соң айыпақы мен сыйақыны (мүдденi), ал қалған бөлiгiнде - борыштың негiзгi сомасын өтейдi.

Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерде тараптар келiскен шарттарда төлемдi индекстеу көзделуi мүмкiн. [5, 246]

Орындаудың тəсілі - ол міндеттемені орындау кезіндегі тараптардың іс-əрекет жасау тəртібі болып есептеледі. ҚР АК 274-бабы бөлшектеп орындау сынды орындау əдісін реттейді. Егер заңдарда өзгеше белгiленбесе немесе мiндеттеме мəнiнен өзгеше туындамаса, жалпы ереже ретінде несие берушi мiндеттеменi бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы.

Борыш сомасын нотариустың атына депозитке салу, ал заңнамалық актілерде көрсетілген реттерде соттың атына салу арқылы ақшалай міндеттемені ерекше əдіспен орындауға болады. Борыш сомасын депозитке орналастырған борышқор міндеттемені орындады деп саналады. [5, 254-255]

Орындау жері заңнамамен, міндеттеме ережелері арқылы айқындалады немесе міндеттеме мəнінен көрінеді. Мысалы, тұрғын үйді жөндеу міндеттемесі осы ғимарат орналасқан жер бойынша орындалуы тиіс.

Орындау жерін айқындау қиындық туындатқан реттерде тараптардың арасында дау туындауы мүмкін. Сондықтан ҚР АК 281- бабы міндеттемелерді орындау жері туралы ережелерді келесідей мазмұнда ұсынды.

Егер мiндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында белгiленбесе немесе мiндеттеме мəнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi əдеттегi құқықтардан көрiнбесе, ол:

1) мiндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлiктi беру - мүлiк орналасқан жерде;

2) мiндеттеме бойынша тауарды немесе өзге де мүлiктi тасымалдауды пайдалана отырып беру - мүлiктi несие берушiге жеткiзу үшiн оны бiрiншi тасымалдаушыға тапсыратын жерде;

3) егер бұл жер мiндеттеме пайда болған кезде несие берушiге белгiлi болса, кəсiпкердiң басқа мiндеттемелерi бойынша тауар немесе өзге де мүлiктi беру - мүлiк дайындалған немесе сақталатын жерде;

4) ақшалай мiндеттеме бойынша - несие берушiнiң мiндеттеме пайда болған кездегi тұрғылықты жерiнде, ал егер несие берушi заңды тұлға болса - мiндеттеме пайда болған кезде оның болған жерiнде; егер несие берушi мiндеттеменiң орындалу кезiнде тұрғылықты жерiн немесе тұрған жерiн өзгертiп, бұл туралы борышқорға хабарласа - орындалатын жердiң өзгертiлуiне байланысты барлық шығындарды соның есебiне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерiнде немесе тұрған жерiнде;

5) басқа да барлық мiндеттемелер бойынша - борышқордың тұрғылықты жерiнде, ал егер борышқор заңды тұлға болса - оның орналасқан жерiнде орындалуға тиiс. [5, 253]

Орындау мерзімі заңнама немесе шартпен айқындалады. Əдетте, туындау мерзімі мен міндеттемені орындау сəйкес келіп жатады. Ал осы мерзімдер арасында уақыттық интервал болуы жағдайды күрделендіре түседі.

Егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиiстi уақыт кезеңi көзделсе немесе анықтауға мүмкiндiк берсе, мiндеттеме сол күнi немесе тиiсiнше сол кезең iшiнде кез келген уақытта орындалуға тиiс.

Мiндеттемеде ол , ондамiндеттеме пайда болғаннан кейiн ақылға қонымды мерзiмде орындалуға тиiс. Орындалу мерзiмi талап етiлетiн кезбен белгiленген мiндеттеменi борышқор несие берушi оның орындалуын талап еткен күннен бастап 7 күн мерзiмде орындауға мiндеттi.

Егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе жəне оның мəнiнен туындамаса, мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындауға жол беріледі. Мысалы, сақтау шартын мерзіміне дейін орындау аталған міндеттеменің мəніне қайшы болып табылады.

Кəсіпкерлік қызметке байланысты міндеттемелер үшін басқалай ережелер бекітілген. Кəсiпкерлiк қызметке байланысты мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауға мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындау мүмкiндiгi заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында көзделген, не iскерлiк қызмет өрiсiндегi əдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеменiң мəнiн туындаған реттерде ғана жол берiледi.

ҚР АК 280 бабында заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында борышқордың несие берушiге мiндеттеменiң орындалу барысы туралы хабарлап отыру мiндетi көзделуi мүмкiн екендігі айтылады.

Мiндеттеменiң орындалғанын қабылдай отырып, несие берушi борышқордың талап етуi бойынша оның толық немесе бiр бөлiгi орындалғаны жөнiнде оған қолхат беруге мiндеттi. Қолхатты жай жазбаша нысанда рəсімдесе болады. Егер борышқор мiндеттеменi куəландыру үшiн несие берушiге борыш құжатын берсе, несие берушi оның орындалғанын қабылдай отырып, құжатты борышқорға қайтаруға тиiс. Қайтарып беру мүмкiн болмаған жағдайда ол мұны өзi беретiн қолхатта көрсетуге мiндеттi. Қолхат борышқорға қайтарылған борыш құжатындағы жазумен алмастырылуы мүмкiн.

Мұндай əрекеттердің маңызы осы арқылы міндеттемені тоқтатудың куəландырылуында болып табылады.

Міндеттемені орындау субъектілері.

Əдетте, міндеттемедегі əрбір тарап бір тұлға ғана болады. Кейбір жағдайларда əр тараптан бірнеше тұлға болатын міндеттемелер де болады. Бұдан міндеттемедегі тұлғалардың көптілігі туындайды.

Белсенді (көптілік несие беруші жағында),

Бəсең (көптілік борышкер жағында)

Аралaс (екі жақтан да көптілік) .

Осы ретте, несие берушілердің əрбірі талап ету құқығына, ал борышқорлардың əрбірі міндеттемені орындауға міндетті болады. Заңдардан немесе мiндеттеме шарттарынан өзгеше туындамайтындықтан, үлестік міндеттеме туындайды, яғни талап ету құқығы жəне міндеттер белгілі бір үлес шегінде бекітілдеі - ҚР АК 286-бабы. Өз үлесі бойынша міндеттемені орындаған борышкер міндеттемеден шығарылады, ол үшін міндеттеме орындалды деп есептеледі. Өзге борышкерлерге міндеттеме өз үлестері бойынша міндеттемені орындағанға дейін күшін сақтап қалады. [5, 251-252]

Ортақтасқан міндеттемелер - несие берушiлердiң əрқайсысы мiндеттеменi толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлaрдың əрқайсысы орындауға мiндеттi болуына сəйкес көп жақтар қатысатын мiндеттеме ортақтасқан мiндеттеме деп танылады. Шарттарда немесе заңнамалық актілерде қарастырылған реттерде ғана туындайды. Атап айтқанда, міндеттеме пəнін бөлінбейтін жағдайда жəне кəсіпкерлік міндеттемелер орын алған ретте пайда болады. Борышқорлар ортақтасып мiндеттi болған жағдайда несие берушi барлық борышқорлардан да, жеке-жеке алғaнда олардың кез келгенiн де, оның үстiне борышты түгелдей де, бөлшектеп те орындауды талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың бiрiнен толық қанағаттанбаған несие берушi алынбағанды ортақтас борышқорлардың қалғандарынан талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлар мiндеттеме толық орындалғанға дейiн мiндеттi болып қала бередi. Борышқорлардың бiрiншi ортақтастық мiндеттi толық орындауы қалған борышқорларды несие берушi үшiн орындаудан босатады.

Талаптар ортақ болғaн жағдайда ортақтас несие берушiлердiң кез келгенi борышқорға толық көлемiнде талап қоюға құқылы. Ортақтас несие берушiлердiң бiреуiне мiндеттеменi толық орындау борышқорды өзге несие берушiлерге оны орындаудан босатады.

Регрестік міндеттеме: басқа адамның мiндеттемесiн орындаған борышқор орындалған мiндеттеме мөлшерiнде сол адамға керi талап (регресс) қоюға құқылы. Борышқорлардың бiреуi ортақтасқан мiндеттi орындаған борышқорға төлемегенi осы борышқорға жəне қалған борышқорларға тең үлесте түседi. Борышқордың орындағанын қабылдаған ортақтас несие берушi басқа несие берушiлерге, егер олардың арaсындағы қатынастардан өзгеше туындамаса, оларға тиесiлi үлестерiн өтеуге міндетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШАРТТЫ ЖӘНЕ ШАРТТАН ТЫС МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Міндеттемесін орындауды талап ететін жақ
Міндеттеме ұғымы және түрлері
Басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет жасау
Шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және бір жақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттеме
Зиян келтірудің түрлері
Азаматтық құқықтағы міндеттеме ұғымы
ДЕЛИКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Соттың тұтынушының құқықтарын қорғауы
Шарт ұғымы және оның түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz