Қазақ әдет ғұрып құқығындағы жазаның жалпы ұғымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1 АЙЫППҰЛ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗА ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5

1.1 Қазақ әдет ғұрып құқығындағы жазаның жалпы ұғымы ... ... ... ... ...
5
1.2 ҚР айыппұлды қолданудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
8
1.3 Айыппұлдар мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11
2 АЙЫППҰЛ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

16
2.1 Айыппұл түріндегі жазаны атқару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
16
2.2 Айыппұлды қолдану тиімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..
22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... .
27

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Қоғам өмірінің үрдіс дамуы, замана көшінің адымдап алға озуы соған сәйкес әлеуметтік, саяси ахуалдың жаңаша жағдайға жылдам бейімделіп, осы салаларға қатысты заңнамалардың, нормативтік құқықтық актілердің де дер кезінде өзгертіліп отыруы міндет. Азаматтық-кұқықтық қатынастарды реттейтін заңдарды жетілдіру талап етіледі. Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №949 Жарлығымен мақұлданған. "Казақстан Республикасының Құқықтық саясат Тұжырымдамасында" атап көрсетілгендей: "Қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен ажырамастылығын тану негізге алынуы тиіс.
Жұмыстың өзектілігі. Қылмыстық заңнаманы жетілдіру қылмыстық құқықтың мынадай принциптері бұлжымай сақтала отырып жүргізілуі тиіс:
- мәні қылмыстық құқық тұрғысында іс қимылдың қылмыстылығы мен жазалылығы тек қылмыстық заңмен айқындалуы тиіс екендігіне саятын заңдылық;
- қылмыс жасаған барлық азаматтардың шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына немесе кез келген басқа жағдайларға қарамастан заң мен сот алдында бірдей екендігін білдіретін заң мен сот алдындағы азаматтар теңдігі;
- адам тек өзінің кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеттері мен одан туындаған қоғамдық қауіпті салдарлар үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын айқындайтын кінәлі жауапкершілігі;
- қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, қылмыстының жеке басының, жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды ескере отырып, соттардың әділ жаза белгілеуі тиіс екендігін білдіретін әділеттілік;
- заңды қолдану кезінде қылмыс жасаған адамдарға азаптауды, қорлауды болдырмайтын ізгілікгі қарауды және оларға қатысты қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату үшін заңды негіз болмаған жағдайда ғана қолданылатын, ал қарастырылғандар арасынан жасаған қылмысы үшін жазаның барынша қатаң түрі егер қатаңдығы біршама төмен түрі жаза мақсатына қол жеткізе алмаған жағдайда ғана тағайындалатынын білдіретін қылмыстық жазалаудың ізгілігі мен үнемділігі.
Айыппұл (штраф) -- заңда белгіленген ретте және тәртіпте белгілі бір қағидаларды бұзушы тұлғаларға қолданылатын ақшалай айып салу, материалдық ықпал ету шарасы:
а) қылмыстық құқықта -- жазалаудың негізгі немесе қосымша шарасы ретінде қолданылады;
ә) азаматтық құқықта - өнімдер мен тауарлар жеткізу жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындамағандығы үшін, жеке мүліктік емес құқыларға нұқсан келтірілген кезде қолданылады;
б) тұрақсыздық айыбының бір түрі;
в) әкімшілік құқықта -- әкімшілік құқықтың бұзылуына кінәлі тұлғаларға судьялар, уәкілетті органдар (ішкі істер бөлімі, өрттен қорғау, санитарлық, мал дәрігерлік қадағалау және т.б.), лауазымды адамдар айыппұл тартқызады;
г) іс жүргізушілік құқықта -- заңда көзделген (мысалы, сот мәжілісінің тәртібін бұзған) реттерде және мөлшерде сот айыппұл сала алады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - қылмыстық жаза ретіндегі айыппұлдың мазмұнын, қолдану ерекшелітерін анықтау.
Курстық жұмыстың объектісі - қылмыстық жаза негізінде айыппұл болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпқа жазылған курыстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АЙЫППҰЛ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗА ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Қазақ әдет ғұрып құқығындағы жазаның жалпы ұғымы

Егеменді ұлттық мемлекетіміздің әрі қарай құқықтық мемлекетімізді құру процесіндегі негізгі қажеттіліктерді айта келіп Н.Ә. Назарбаев Ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдіс ті танып түсіну, сөз жоқ қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың логикасын болжау мүмкін емес - деп атап көрсетті.
Еліміздің жиырма жылдық тәуелсіздігін орнықтырудың стратегиялық міндеттерінің біріне - бұрынғы ұлттық тарихымыздағы тәуелсіз рухтағы көзқарасты орнықтыру болып табылады. Сондықтан Евроцентристік қатынасымдар негізінде қалыптасқан ұлттық тарихымыздың құрылымы мен мазмұнын қайта қарау бағытында, түрлі реформалардың жүргізілуінің қажет екендігін ескере отырып, дәстүрге бай қазақтың әдет-ғұрып құқығының бастаулары мен тарихи қалыптасу процесін жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеу, заңтану ғылымындағы өзекті мәселелердің біріне жатады.
Қылмыс деген ұғым қазақтың әдет-ғұрып нормаларында арнайы белгіленбеген, және ұғым ретінде қалыптаспаған. Бірақ қылмыс адамның іс-әрекетінің бір түрі болғандықтан, сол әрекеттер не әрекетсіздіктер белгілі ортаға жақпаса, немесе зиян келтірсе, ондай әрекетті болдырмау мақсатында шара қолданылған. Қазақ құқығы кең байтақ қазақтар мекендеген қыпшақ даласында еркіндік, бостандық жағдайда эволюциялық қалыптасқан өзін-өзі негізінде дамыды. Әдет-ғұрып нормаларының қайнар көздеріне Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы және Тәуке ханның Жеті жарғысы жатады. Сондықтан, қазақ хандарының заң шығару жағдайына көңіл аударсақ, сол заң жинақтарының жалпы қасиеттері мен құндылықтарын түсінеміз.
Мақсатымыз, қазіргі кездегі заман талаптарына сай қабылданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілген жаңа көзқарастарға сүйене отырып, әдет-ғұрып нормаларындағы қылмыстың түсінігі мен түрлері туралы көзқарастарға көңіл аудару.
Қазақ құқығының қалыптасуы ХІІІ ғасырда өмір сүрген Шыңғыс ханның Орда биі атанған Майқы биден басталған. Соған байланысты қазақ құқығы туралы сөз болғанда Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би деген сөз қалғандығы белгілі. Өйткені, салыстырып қарасақ, Жеті жарғы мен әйгілі тарихшы Рашид ад-Диннің ат Тарих атты еңбегінде оның айтуы бойынша Майқы бидің сол кездегі жарлықтарымен ұқсастығын көруге болады. Яғни, қазақ әдет-ғұрып құқығының негізгі басталуы Ұлы Ясамен қоса Майқы биден басталғандығы ақиқат деп санаймыз.
Зерттеуімізді Жеті жарғының бірінші бөлімі болып саналатын Қасым ханның қасқа жолынан бастауды жөн көрдік.
Қасым хан ата-бабасынан қалған дәстүр, сонымен бірге қалыптасқан жаңа саяси, этникалық жағдайларға сай хандық билікті жалғастырушы,мемлекеттілікті дамытушы қайраткер болды. Яғни, Қасым хандық құрған кезде, өзінің заң жобаларын сол ата мұрасынан өзіне дейін, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ата-бабаларының заң қағидаларын басшылыққа ала білген. Себебі, халықтың ата-бабаларынан келе жатқан міндетті түрде ұрпаққа қалдыратын, әр отбасына тән шежіресі, жыр дастандары, ерекше тарихтары бар.
Қазақ деп - әртүрлі себептермен өз ортасынан бөлініп кеткен біртұтас ұжымдарды атаған деп тұжырымдама жасаған. Cонымен қатар,қазақ деген атау Қазақ хандығына дейін ІХ ғасырдан бастап белгілі болғандығы айтылады. Шығыстанушы В.П. Юдин казақ атауын зерттей отырып былай деген: Осының барлығы Тәуке ханның Жеті жарғысы ХVІІ ғасырдың екінші жартысындағы әдет-ғұрып құқығының бірінші рет кодификацияланған жинағынан, құндылығы жағынан өте жоғарғы деңгейдегі конституциялық құжат болып есептеледі.
Сол Тәуке ханның басшылығымен кемеңгер үш би - Төле, Қазбек, Әйтеке, қазақтың тұрмыс салтына сай келетін түсінікті Жеті жарғыны жазды.
Жеті жарғы құқықтану заңдар жинағы ретінде бірнеше тарауға бөлінеді: әкімшілік, қылмыстық және азаматтық.
Қазақтың әдет-ғұрып нормаларында Жеті жарғыда арнайы жазылған қылмыс деген сөз жоқ, бірақ оның орнына - жаман қылық, жаман іс деген сөздер қолданылған, яғни жаман қылық қылмыстың түсінігін берген. Құқық нормаларында қылмыстың классикалық табиғаты дамыған феодализмдегідей сыртынан көрінбейді. Онда әдет-ғұрып нормалары бойынша қылмыс деп формальды түрдегі жәбірленуші мен оның туыстарына жасалған материалдық және моральдық зиян келтіру есептелген.
Әдет-ғұрып нормаларында қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне байланысты, қылмыстардың ішіндегі ауыр қылмыстар туралы арнайы анықтама жоқ.
Менің ойымша, ауыр қылмыстарды сол қылмыстарға арналған жазалардың ауырлығына байланысты айырып түсінуге болады. Мысалы, кісі өлтірген адамға өте үлкен құн төлеткен. Сонымен қатар, қылмыстың жалпы түсінігімен ауыр қылмыстар түсінігі туралы және сол не басқа қылмыстық әрекеттердің сипаты жөнінде, патриархалдық, феодалдық қатынастардың ерекшелігі жөнінде олардың пайда болып дамыған нақтылы ортасын зерттемей абстракты қарауға болмайды.
Тәуке хан жинағында және басқа да кейінгі әдет-ғұрып заңдарында қылмыстық әрекеттер тізімі көрсетіліп, олар үшін белгілі жазалар белгіленген.
Жәбірленушінің не оның туыстарының ықпалымен ғана қылмыстық істер қозғалған. Егер қылмыстық істер көшпенділер қоғамының мүддесіне қатысты болса мал жайылатын жерді, қыстақты басып алса, көп мөлшерде малды ұрласа, әйелді ұрласа не көбірек беделді адамдардың заттық мүдделеріне тиісті болса, сұлтандармен билердің, ақсақалдардың көзқарастарына қарай іс қозғалып сотқа берілген [4].
Сонымен бірге, төлеңгіттердің өз сұлтандарына қарсы арыздары, мал бағушылардың өзін жалдаған адамдарға деген, қарым-қатынастарына, әйелінің күйеуіне, баласының әке-шешесіне арыздары қабылданбаған. Сонымен барлық талас-тартыс үстем тап өкілдерінің пайдасына шешілген.
Сот процесінде қорғалатын объектінің сипатына байланысты әдет-ғұрып нормаларында:
Адам өміріне қарсы қылмыстық әрекеттердің айырмашылығына байланысты төмендегідей қылмыс түрлеріне бөлінген:
2. Кісі өлтіру;
3. Ұрыпсоғу және денеге жарақат салу;
4. Қорлау [6].
Қазақтың әдет-ғұрып нормаларында адам өлтіргені үшін жазаланатын және жазалауға жатпайтын түрлері болған. Оларға мынандай қылмыстық әрекеттер жатқызылған: иесінің өз құлын өлтіруі, ұрыны қылмыс үстінде өлтіру. Сонымен қатар, әдет-ғұрып заңдары қасақаналықпен және абайсызда кісі өлтіруді айырып көрсеткен. Яғни, қорғалатын объектінің сипатына байланысты әдет-ғұрып нормаларында кісі өлтірудегі қылмыстық әрекеттердің айырмашылығына көңіл аударылып кінәні ауырлататын және кінәні жеңілдететін нормалар белгіленген.
Әдет-ғұрып нормаларындағы 2) Отбасына жасалатын қылмыстар. Отбасы - әр адамның өз ошағы, жұбайы, балалары, ата-анасы және жақын туыстары. Қазақ жерінде отбасы қасиетті болып саналған.
Қазақтың әдет-ғұрып нормаларының қылмыстық құқығында отбасына қарсы мынандай қылмыстар белгіленген:
а) әйел адамды ұрлау зорлау;
б) зинақорлық;
в) әйелді, қызды ұрлау [7];
г) ата-анаға қарсы қылмыс.
Мүліктік қатынастарға бағытталған қылмыстарға көңіл аударсақ, әдет-ғұрып заңдарында арнайыланған мүліктік қатынастарға қарсы қылмыстардың түсінігі берілмеген, тек Мүліктік қатынастар деп аталған. Мүліктік қатынастарға қарсы қылмыстық әрекеттерді екі топқа бөліп талдауға болады:
а) ұрлық және тонау;
б) біреудің мүлкін жою немесе зиян келтіру.
Қоғамға және басқару тәртібіне қарсы қылмыстар бойынша, әдет-ғұрып нормаларында билеу тәртібіне қарсы қылмыстардың түсінігі, басқа категориядағы қылмыстардың түсінігінен бөлініп көрсетілмеген. Мысалы, билік өкілдерінің қызметін, еңбегін бағалау, тіл тигізу, қорлау, қазақтың-ру зиялыларының ар-ұятына қарсы қылмыстың түсінігімен бірдей қаралады. Өтірік ант беру және өтірік куә болу, мемлекеттік билік органдарының қызметін бұзғандық қана емес, дінге қарсылық білдіру болып есептелген.
Тәуке хан заңдарында және басқа жоғарыда көрсетілген әдет-ғұрып нормаларының қайнар көздеріне мемлекеттік қылмыстарға, не болмаса солай аталатын саяси қылмыстарға қарсы белгіленген жауапкершілік жоқ.
Менің ойымша, оны бір орталыққа біріккен мемлекеттік биліктің жоқтығына не сондағы биліктің күшінің төмендігімен түсіндіруге болады. Яғни, мемлекеттік қылмыс деген ұғым әдет-ғұрып нормаларында арнайы көрсетілмеген. Бірақ мемлекеттік қылмысқа жататын мынандай қылмыстық әрекеттердің барлығын байқаймыз. Оларға: отанды сатқандар, әскерден қашқандар жатады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы өзгерістерге байланысты әдет-ғұрып құқығындағы басқару тәртібіне қарсы қылмыстарға және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың қауіпті деңгейіне көзқарастар өзгеріске ұшырады. Осындай жағдайларға байланысты, басқару тәртібіне қарсы қылмыстарды мынандай түрлерге бөлуге болады: өтірік жауап (өтірік ант, өтірік куәлік айту); құжаттарды ауыстыру; өтірік сөз тарату; үлкен қоғамдық жиналыстарда тәртіпті бұзу [8].
Дінге қарсы қылмыстардың түрлері. Шариғат заңдарында және әдет-ғұрып заңдарында да қылмыстың түсінігі, яғни оның қазіргі кездегідей қоғамға қауіптілігі, объектісі - неге қарсы қылмыстың жасалуы көрсетілмейді.
Қылмысты шариғат заңдарында былай бөлген: қысас, диат, хадд.
Жеті жарғының мазмұнында дінге, шариғатқа қарсы қылмыстардың (ауыр, жеңіл, орташа) түрлері көрсетілген.
Жоғарыдағы талданған ой-пікірлерді қорытындыласақ, қазіргі кездегі мәдениетіміздің қайта жаңғырулары - өміріміздің шын мәніндегі жетістіктеріне айналып отыр.
Қазақтың әдет-ғұрып заңдарының қайнар көздерінің арасында, өткен кездеріне қарамай тікелей сабақтастықтың бар екенін көруге болады және олардың құқықтық нормалары бірбіріне, мақсаты жағынан, мазмұны жағынан ұқсас және бірін-бірі толықтырып, осы уақытқа дейін маңызын жоғалтпай сақталғандығын көреміз. Сондықтан, халық мұрасын қайта жаңғыртып ұрпақтың мұратына жаратуға ұсынуымыз қажет екендігіне арнайы көңіл аударамыз.

1.2 ҚР айыппұлды қолданудың ерекшеліктері
Әкімшілік құқық ҚР-сы құқық жүйесінің саласы ретінде құқықтық нормалардың үлкен көлемді жиынтығы, олардың мақсаты басқарушылық қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл қатынастар әр түрлі және әкімшілік-құқықтық реттеудің әр түрлі көлемі болуына байланысты, оларды белгілі бір шамада жүйелеуге болады, соның нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды бірыңғай кешендер бойынша топтастыру жүзеге асырылады. Бұл жерде бірыңғай басқарушылық қатынастарды реттеу белгісі бойынша біріктіруге мүмкін болатын нормаларды бөлу турасында сөз болып отыр. Бұл, бір жағынан, әкімшілік құқықтың тиісті нормаларының мақсатты ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, екінші жағынан, оларды жүйелеуге осындай тәсіл қолдану әкімшілік құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз ететін болады. Сөйтіп бұл нормалардың жалпы қасиеттерін олардың реттеушілік рөлінің ерекше көрінісімен қажетті үйлестіру, яғни жалпы және ерекшені үйлестіру жүзеге асырылады.
Айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.(ҚР ҚК 41-бап).
Айыппұл ҚК-те көзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген АЕК-ң белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшеріне тағайындалатын ақша өндіріп алу.
Айыппұл ҚР-ң заңдарымен белгіленген АЕК-ң жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді.
Айыппұл жазалаудың қосымша түрі ретінде ҚК-ң Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.
Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейі жалтарған жағдайда ол, ҚК-ң 42, 43 және 45-баптарында көзделген ережелер сақтала отырып, қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартумен немесе тиісінше бір ай түзеу жұмыстары есебінен қамаумен немесе сексен сағат қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе айыппұл орнына тиісінше АЕК-ң үш еселенген мөлшері есебінен он күндік қамаумен ауыстырылады.
Кәмелетке толмаған адамға тағайындалатын әкімшілік айыппұлдың мөлшері осы Кодекстің ерекше бөлімінің бабында көзделген айыппұл мөлшеріне қарамастан, он айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Айыппұл кәмелетке толмаған адамда бар мүліктің есебінен төленеді. Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға тағайындалады.
2. Арнаулы құқықтан айыру кәмелетке толмағандарға бір жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.
3. Әкімшілік жазалардың басқа да түрлері (әкімшілік қамауға алуды қоспағанда), әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі кәмелетке толмағандарға жалпы негіздерде қолданылады.
Денені ауыртқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де зорлық әрекеттерін жасау бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер - он бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік қамақ қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ЖЖҚ бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар:
Жүріс жылдамдығын арттырғаны үшін - ЖКО себептерін зерттегенде, осы басты себеп болған. Жүргізушілердің назарын мынаған аударғым келеді: республикааралық маңыздағы автожолдарда жылдамдықты 100 шақырымға дейін (бұрын 100 болды) шектеу енгізілді, егер бөліп тұратын жолақ болса - 110 шақырымға дейін. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі артты: бірінші рет - үш жылға, апаттық жағдай туғызған осы әрекет - төрт жылға, ЖКО тудырған осы әрекет үшін - бес жыл, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлғалар осы әрекеттер - 20 тәулікке әкімшілік қамақ, әкімшілік қамақ қолданылмайтын тұлғаларға (аяғы ауыр әйел, зейнеткерлер және т.б.) қатысты осы әрекеттер - 200 АЕК (396 400 теңге).
Жалпы мас күйінде көлік жүргізгені үшін үш жылдан 10 жылға дейін жүргізуші құқығынан айыруы мүмкін.
Айыппұл төлеудегі жеңілдіктер:
Егер жүргізуші өз кінәсін мойындап, айыппұлды жеті жұмыс күні ішінде төлеуге дайын болса, оның мөлшері 50%-ға төмендейді. Бұл норма кәмелетке толмағандарға, автоматты режимде жұмыс жасайтын техникалық құралдармен (жылдамдық өлшегіштер) анықталған бұзушылықтарға және бір қатар жағдайларда қолданылмайды. Егер белгіленген мерзімде айыппұл төленбейтін болса, белгіленген мерзімде (30 күнге дейін) төлеу туралы қаулы шығарылып, тұрғылықты жеріне жіберіледі және айыппұл сомасы 100 пайыз болады.
ЖЖҚ бұзушылықтар тізімі, сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске 10.01.2015 күні енгізілген өзгертулер мен қосымшалар бойынша жауапкершілік шаралары (2015 жылғы айлық есептік көрсеткіш 1 982 теңгеге тең).
Медиация - азаматтық, от басылық, еңбек, қылмыстық қатынастар бойынша қолданылатындықтан жаза ретінде қарастырылмайды және мағынасы бойынша қылмыстық істерде жәбірленуші мен кінәлі адамды татуластырудың мағынасын білдіреді. Ал егер қылмыстық істердегі мазмұнын ескере отырып айтатын болсақ, онда медиация қазақ дәстүрлі құқығындағы айып төлеу институтына сәйкес келеді. Айып немесе құн төлеттіру арқылы тараптарды татуластыру қазақ әдет-ғұрып құқығындағы жауаптылықты қолданудың басты түрі ғана емес, ол билер сотының да басты мақсаты болып саналған. Бұл туралы академик С.З. Зиманов Орта ғасырлардағы көшпелі қазақ қоғамындығы үстемдік құрған идеология бойынша билер сотының түпкі мақсаты тараптардың аралары қаншалықты шиеленіскен, күрделі болса да оларды татуластыру, бітімге келтіру болып табылады. Белгіленген мынандай норма болды Даудың түбі біту дейді. Медиация арқылы татуласу немесе тараптарды бітімге келтіру, қазіргі қазақ қоғамына аса жат болмауы керек, себебі туысқаншылдықты берік ұстанатын қазақ халқы белгілі бір жақын адамы медиатордың шешімі арқылы ақшалай немесе өзгедей келтірген зардаптың орнын толтыруға міндетті болғанда оған көмектесетіндігі белгілі. Әдет-ғүрып ережелеріне халықтық менталитеттің жақын болатындығы туралы К.К. Айтхожин Қазақ әдет-ғұрып құқығының қызмет ету тәжірбиесі қоғамның дамуы тек жалпы адамгершілік гуманитарлық құндылықтарға негізделіп ғана қоймай, сонымен бірге қазақ халқына және қазақ мемлекетілігіне тарихи тән нысан екендігін көрсетеді. Сондықтан қазақ құқықтық дәстүрінің туындау сатысында оның күрделі тарихының ең қиын жылдарында да біздің хылқымыздың ұлттық рухының ең жақсы ерекшеліктерін сақтап қалған қазақ әдет-ғұрып құқығын және билер әділсотын іргелі түрде зерттеу аса маңызды. Егер мемлекеттердің ұлттық негізде пайда болатындығын және олардың бір-бірінен айырмашылықтары осы негізде кездесетіндігін ескерсек, онда Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіне медиация институтын кеңірек енгізу қажет деуге болады және бұл институтты біздің халқымыздың дәстүрлі құқығына толық сәйкес келетіндігіне байланысты шет елден алынған медиация деген атаумен емес, әзірге Қазақстанның қазіргі құқықтық жүйесіне енгізіле қоймаған айып деген атаумен енгізген және қолданған дұрыс тәрізді.
Бұл жерде мынандай жағдайды ескере кеткен дұрыс. Айып қазақ халқының дәстүрлі құқығында жаза түрі ретінде қолданылған. Соған байланысты қазіргі кездегі медиацияны жаза ретінде қолдануға бола ма деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап бергенде медиацияның тек қылмыстық істер бойынша ғана емес, еңбек, от-басылық, азаматтық құқықтар бойынша да қолданылатынын және бұл өзге құқық салаларында құқықтық жауаптылықтың бір түрі ретінде қолданылатынын ескеру керек. Бұл біріншіден, екіншіден Қазақстандағы биліктің тармақтары бойынша сот билігін тек соттар ғана атқарады. Демек адамға жаза тағайындау құзіреті тек соттарға ғана берілгін, өзге еш бір органның жаза тағайындауға өкілеттігі жоқ. Ал медиация арқылы тараптарды бітімге келтіруді медиаторлар ғана іске асыра алатындығын ескерсек, онда медиацияны еш бір жағдайда жаза түрі ретінде бағалауға болмайды.

1.3 Айыппұлдар мөлшері
Әкімшілік айып - жазалау шараларының кең тараған түрі болып табылады. Айып салудың мәні - оның мүліктік сипаты бар, ақшалай маңызы бар және құқықбұзушының мойнына жүктелетін мүліктік сипаттағы жағымсыз салдарлардан көрінеді.
Айып салудың үш ерекше қасиеті бар, атап айтқанда:
а) айып әрқашан ақшалай мазмұнда болады,
б) салынатын айыптың мөлшері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Ерекше бөлімінің санкцияларында көрсетілген шектен аспауы тиіс,
в) айып әрқашан тек негізгі әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылады және өзге жазалардың орнына қолданылуы мүмкін, мысалы, егер құқық бұзушыға оның ерекше белгілеріне байланысты әкімшілік қамау шарасын қолдануға болмайтын болса, судья оны айып төлеумен ауыстырады.
Айып көлемі Республикалық бюджет туралы Заңымен жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіштермен есептеледі. Айта кету керек, айлық есептік көрсеткіш ол ауыспалы көрсеткіш жэне мемлекетте жүріп жатқан инфляциялық процесстерге сәйкес өзгеріп тұрады. Кодексте жеке, лауазымды жэне заңды тұлғалардан алынатын айыптардың ең жоғарғы және ең төменгі мөлшері анық белгіленген.
Кәмелетке толмағандардан алынатын айып мөлшері 10 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс және өзінің жеке табысы болса өзі, ал болмаса оның ата-аналары немесе ата-аналарының орнындағы адамдар төлейді.
Кодекстің Ерекше бөлімінде қарастырылған жағдайларда айыппұл орындалмаған немесе қажетті түрде орындалмаған салық міндеттемелерінің сомасынан алынады, және де заң нормаларын бұзып жасаған операциялардың қаражатынан алынады.
Айыппұл төлегені жөнінде бекітілген нысандағы квитанция беріледі. Айыппұлдар жергілікті бюджетке аударылады. Айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі 30 күн, құқықбұзушыньщ өтінішімен айыппұл төлеу мерзімі екі ай мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Айыппұл төлеуден бас тартқан жағдайда әкімшілік жазаны қолданған орган (лауазымды тұлға) айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сотқа арыздануға құқылы (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 708-бабы). Айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алуда жауапқа тартылған адамның еңбекақы, зейнетақы немесе стипендиясынан алынуы мүмкін. Табыс көздері болмаған жағдайда сот орындаушысына заңдылыққа сәйкес тәртіпте орындалу үшін жіберіледі, яғни мүлкін қамауға алу арқылы алынады. Заңды ұйымдардан алынатын айыппұл банк шотынан олардың келісімінсіз өндіріп алынады немесе сот орындаушысына орындау үшін жіберіледі.
Айыппұлды өндіру 6 айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда айыппұл төлету ең тиімді шара болып табылады және көптеген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған.
Әкімшілік жазалау шараларының келесісі - әкімшілік қамауға алу болып табылады. Бұл ең қатаң жазалау шарасы, ол жеке бас бостаңдығынан айыру мен Кодекстің баптарына сәйкес қарастырылған мерзімге қамауға алудан тұрады. Сондықтан да әкімшілік қамауға алу ерекше жағдайларда ғана, жеке құқық бұзушылықтар үшін ғана (қоғамдағы тәртіп саласындағы құқық бұзушылықтар) қолданылады.
Қазақстандағы айыппұл мөлшері ТМД аумағындағы ең жоғарылының бірі. ЖЖЕ бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшерінің көтерілуі бізді еуропалық елдермен бір қатарға қояды. Заң жобасымен негізінен қазақстандық заңнаманы халықаралық шарттарға сәйкестендіру, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкімшілік кедергілерді төмендете отырып, шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасау шаралары көзделеді. Қазақстан жұртшылығын қауіпсіз өнімдермен қамтамасыз ету бойынша бірқатар кешенді шаралар көзделеді. Бұл ретте әкімшілік жауапкершілік күшейтіліп, осы бағытта салынатын айыппұл мөлшері арта түседі. Қазақстанда жол жүру ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері қазақстандықтардың өмір деңгейіне сай келмейді.
2014 жылғы 19 қазаннан Қазақстанда жол қозғалысының жаңа ережесі күшіне енеді. Онда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер енгізілген және онда айыппұл мөлшерін көтеру қарастырылған.
Мысалы, бұдан былай жылдамдықты 10-20 кмсағ мөлшерінде асырып жібергені үшін және тиісті емес жерге тоқтағаны үшін, тыйым салынған жерден бұрылғаны үшін, жол қиылысында тығын тудырғаны үшін 10 АЕК, немесе Т18520 айыппұл төлеу керек. Қарсы жолға шығып кету, көлікке тоқтау туралы полиция талабыны орындамағаны үшін жүргізушіге бір жылға куәлігінен айыру жазасы қолданылады.
Бұл ретте екінші қатармен тұра қалғаны үшін айыппұл 20 АЕК, немесе Т37 040 мөлшерінде болады. Көлікті мас күйінде, немесе есірткі шегіп алып айдасаңыз -- жүргізуші куәлігіңізден 3 жылға айрыласыз. Ең ірі айыппұл - мүгедектерге арналған орынға көлігіңізді қойғаныңыз үшін Т92,6 мың айыппұл төленеді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама сақталмаған жағдайда төленетін айыппұл мөлшері
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңдылықтарын сақталмаған жағдайларда төленетін айыппұл мөлшерін анықтау әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 88-1 бабына сәйкес жүргізіледі.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу
1. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры мен Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың лауазымды адамдарының кiнәсiнен Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарында белгiленген мерзiмдерде әлеуметтiк төлемдердiң төленбеуi, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Дара кәсіпкердің, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның:
- әлеуметтік аударымдар жүргізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін салық органына ұсынбауы;
- әлеуметтiк аударымдарды төлемеуі (аудармауы), уақтылы және (немесе) толық төлемеуі (аудармауы);
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша касса жөніндегі барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы, -дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының отыз пайызы мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша төлеуші заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы;әлеуметтік аударымдар мен өсімпұл сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктік шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен кейін) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдардың сомаларын өндіріп алу жөніндегі салық органдарының инкассалық өкімдерін орындамауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы - Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде лауазымды адамдарға - 30 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде, заңды тұлғаларға төлеушілердің банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының 5 проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 459-б. сәйкес поездар мен теңiз және өзен көлiгі кемелерiнде белгіленбеген жерлерде темекi шегу - айлық есептік көрсеткіштің бестен жетіге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың қылмыс құқығы
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза түсінігі
Қазақ елінің әдет - ғұрып құқығындағы қылмыстық жазалар
«Мұсылман құқығының бастаулары»
Қылмыстық жаза ретіндегі айыппұл
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
Қылмыстық құқықтағы айыппұл
Жалпы жаза ұғымы
Өлім жазасын тағайындау және оны орындаудың тарихи даму кезеңдері
Жаза тағайындаудың жалпы бастамасы
Пәндер