Бағалы қағаздардың түсінігі
Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Бағалы қағаздардың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Бағалы қағаздардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР - АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1 Бағалы қағаздардың эмиссия және айналысқа шығарылуы ... ... ... ... ... ... .. ...17
2.2 Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.3 ҚР бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногінде жүзете асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру процестерінде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушысының және, екінші жағынан, инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады. Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңдармен реттеледі.
Қазақстанның орталықтанған - жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар - меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі. Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер -Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демокр-атиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Нарық қатынастары өркениетті елдерде ежелден дамып, соңғы 70-жылда "социализм" мен "капитализм" деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршендігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдеді. Сол "капитализм" экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын қолайлы үйлесттеу арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылық құра білді. Қаржы-несие институттары демоқратиялық негізде құрылған қазіргі нарық - адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Одан әрі даму және өркендеу кезінде оның институттары мен салалық құрылымдары, басқару әдістері мен қызмет ететін субъектілері және т.с.с. нарықка қатысушылары өзгеруі мүмкін. Бірақ ол өзгерістер нарықтың түп негіздеріне әсер ете алмайтын жеке тұрғыдағы өзгерістер. Кәсіпқой қатысушылар ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногінде мәмілелерді өз атынан немесе клиенттің атынан, өз есебінен немесе клиенттің есебінен бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату арқылы жасайды. Бағаны қағаздардың ұйымдаспаған рыногінде жасалатын мәмілелерді инвесторлардың өздері де, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларының қызметін пайдалана отырып та жүзеге асыруы мүмкін.
Кәсіпқой қатысушының бағалы қағаздармен мәміле жасауға өкілеттігі оның клиентпен жасасқан мәмілелерді жасау және орындау үшін қажетті талаптарды айқындайтын шартымен расталады.
Жұмыстың өзектілігі. Бағалы қағаздардың ұғымы туралы жалпы түсінік берілген. Бұл тараудың мазмұнын толық қамтуда оның негізгі анықтамасы берілді және бағалы қағаздар мәртебесіне ие болу үшін қосымша сапаларын анықтау барысында төрт ерекшелігі аталып көрсетілді. Бағалы қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиеттерімен азаматтық айналымда қатысуына да тоқталып өттім. Бұл тараудың екінші бөлігінде бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін келісім алу тәртібі қарастырылды. Сонымен қатар, басқа да бөліктерінде бағалы қағаздармен операциялардың есебіне назар аударылды, бағалы қағаздар нарығындағы рейтингтік агенттіктері мен инвестициялық қасиеттеріне техникалық және іргелі талдау жасалды.
Екінші тарауда бағалы қағаздардың түрлері талқыланды. Қазіргі таңда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы белсенді түрде банкаралық несие шетке шығарып келе жатқанын айта кету керек. Ол нақты кредиторларға салық салынбаған пайыз алуға және мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, несиелеу кезінде өздерінің тәуекелділігін сақтандыруға мүмкіндік береді. Бағалы қағаздардың түрлеріне сипаттама және олардың жіктелуі мен айналымдағы бағалы қағаздардың түрлері, облигацияның қасиеттері мен оны шығару тәртібі және қысқа мерзімді ноталар - мемлекеттік дисконтталған бағалы қағаздар туралы ой айтылып, бағалы қағаздардың эмиссия және айналысқа шығарылуы қарастырылды. Бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырудағы қор биржасына түсінік берілді.
Мен, бұл курстық жұмысымның тақырыбына сай, бағалы қағаздарды айтып өтемін. Яғни бос ақша қаражатты неге басқа құралдарға емес, тек бағалы қағаздарға инвестициялау керек екендігін түсіндіруге тырыстым.
Берілген жұмысымның зерттеу құралы болып, Қазақстандағы бағалы қағаз нарығы табылады. Ондағы объектілер мен субъектілері, яғни бағалы қағаздар, инвестицияланатын басқа да қаржылық құралдар, бағалы қағазды инвестициялаумен айналысатын немесе сол салада қызмет көрсететін заңды және жеке тұлғалар.
Берілген жұмысымдағы зерттеудің мақсаты, экономикамызды дамытудың өзекті мәселесі болып табылатын бағалы қағаз нарығымыздың құрылымын анықтап, ары қарай дамуын тоқтатып тұрған кедергілерді анықтап, проблемаларды шешу жолдарын іздестіру. Яғни халықты бағалы қағаздарды, басқа да қаржы құралдарын инвестициялауға тарту жолын іздестіру. Тұрып қалған нүктеден бағалы қағаз нарығын жылжыту, оның дамуын тоқтатып тұрған экономикалық және құқықтық проблемаларды ашу.
Міндеті, нарықтық сипаттағы қазіргі заманғы экономиканың толыққанды қызмет етуі дамыған қор рыногынсыз мүмкін емес. Сондықтан қор рыногын дамытуға іс-шараларын қарастыру болып табылады. Сонымен қатар, бағалы қағаздар рыногының дамуына, жаңа қаржы институттары мен құралдарының пайда болуына және жаңа технологиялардың дамуына байланысты инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жүйесi мен әдiстерiн тұрақты түрде жетiлдiру қажеттiгін дәлелдеу. Бағалы қағаздарды, басқа да қаржылық құралды салыстырмалы түрде жан-жақты талдау, анализ жүргізу.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпта жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ
Бағалы қағаздардың түсінігі
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодексінен, 2-шілде 2003 жылғы Құнды қағаздар нарығы туралы ҚР заңынан және басқа ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісім-шарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісім-шарт ережелері қолданылады.[1]
Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады.
Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:
бағалы қағаз -- түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетгі талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;
бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады;
бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталық бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға -- индоссантқа немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді).
Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкілі ретінде әрекет жасайды (АК-тің 132-бабы).[2]
Азаматтық кодекс бағалы қағазды құжаттаумен бірге оны зат деп те көрсетеді. Өйткені, кез келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді. Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып не қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен бірге кез келген құжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы бар, тек заңмен белгіленген шарттық белгілері сақталғаны бағалы қағаз құқығын алады.
Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша керсетілген міндеті, нормалдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және басқа шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады (АК-тің 131-бабының 2-тармағы).
Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әрі иеленушісінің талап-мүддесіне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді.
Азаматтық кодекстің 130-бабы мүліктік құқықтар куәландыратын мазмұнына қарап бағалы қағаздарды облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөледі. Кодекстің 130-бабының 2-тармағына сәйкес, бағалы қағаздар іштей ұсынбалы, атаулы және ордерлік болып жіктеледі. Ұсынбалы бағалы қағаздар құжаттың тұпнұсқасы болады, ал тұпнұсқаны ұсынушы келесітұлғаға көрсеткен сәтте өзінің өкілеттілігін жүзеге асырады. Демек ұсынбалы бағапы қағаздар онда көрсетілген мерзімде нақты құнымен басқа мүліктік балама алуға құқық береді. Бағалы қағаздың мәтінінде оны ұсынушы үшін нақты тұлғаның есімі көрсетілмейді, тек бұл құжаттың бағалы қағаз екендігі ғана айқындалады (мысалы, облигация).
Ордерлік бағалы қағаз да құжат болып табылады, ол бойынша міндетті субъект құжат мәтінінде көрсетілген тұлғаға міндеттенген нәрсені орындауды ұсынады, немесе өзі де белгіленген ереже бойынша құжат мәтінінде көрсетіледі. Ордерлік бағалы қағаз құқықтың субъектісі болып табылатын белгілі бір тұлғаға беріледі.
Сонымен бір мезгілде мүліктік құқықтың айналым қабілеттілігін жақсарту мақсатында ордерлік қағаздар үшін оны тапсырудың ерекше механизмі жасалған. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағаз берілген жазу -- индоссамент арқылы беріледі. Борышқор бұл талапты міндетті түрде сақтауы тиіс. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқық берілетін адам (индоссант) құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады. Индоссамент құжатта (әдетте сыртқы бетінде) жазылады және оның екі түрі болады, яғни бірінде иесі аталып, құқық мирасқорының аты жазылады, ал екінішісі әлгі айтқандай, бланктік болады, онда бағалы қағаздың тапсырылғаны туралы жазылады, бірақ құжаттың жаңа иесінің аты көрсетілмейді.
Бағалы қағаздың ордерлік түрін иеленуші индоссамент бланкісімен қоса құжатты берерде бағалы қағазды ұсынушыға тапсыру тәсілін таңдап, бағалы қағазды табыстауға, бағалы қағазды басқа адамға атаулы индоссамент бойынша тапсыруға және индоссаментке өзінің атьш жазуға құқылы болады.
Бланктік индоссаментке қандай да бір атауды енгізумен бағалы қағаздарды ұсынушыға беру тәсілі құжатты тапсырғанға дейін жүзеге асырылады.
Бағалы қағазды тапсыру кезінде жазылатын жазулар ретіменжазылады. Ал мүліктік құқықты тапсыруда ордерлік бағалы қағаз қолданылады. Құжаттың иесі құжаттың тұпнұсқасындағы міндеттерді орындау үшін ұсынарда индоссаментттердің реті бұзылып кетсе, одан бас тартуға құқылы. Бұл реттердің үзілмеуі база формальдық белгілермен айқындалады, аталған индоссамент бойынша берілетін құжаттың атымен қатар бағалы қағазда қабылдаушының да аты жазылады.
Ордерлік бағалы қағаз жоғалып кетсе, оған оны ұстаушының өзі жауап береді ("Қазақстан Республикасындағы 141 вексельдік қатынастар туралы" Заңның 96-бабын қараңыз). Ордерлік қағаздың иесі айрылып қалған құжаты кімнің қолында екенін білсе, кұжатты қайтаруға ликдикациялық талап қоюға құқылы. Егер кейінгі индоссамент бланктік болса, жоғалған құжатқа құқық меншігін дәлелдеу іс жүзінде мүмкін болмайды. Мұндай қағазды жоғалтқанда оның орындалуына да үміт аз. Ал ордер қағазы жойылып кетсе, онда құжаттың балама данасын беруге болмайды.
Атаулы бағалы қағаз -- бұл мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім екендігі құжаттың мәтінівде көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша құқықты талап ету сонда көрсетілген адамға ғана тиесілі болады.
Азаматтық кодекстің 130-бабында бағалы қағаздардың әр түрінің белгілерін қамтитын бағалы қағазды шығару көзделген. Оған мысал ретінде атаулы түрін ұстаушының жүргізуін талап ететін "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңның 34-бабының нормасын келтіруге болады.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды топтастыру мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлінетін болғандықтан оның заңдық маңызы болады. "Бюджет жүйесі туралы" және "Мемлекеттің кепілімен қарыз алу және мемлекеттік борыш туралы" зандарға сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар мемлекеттің шеттен алуына орай ішкі және сыртқы инвесторларда шығарылады (олар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың заңды және жеке тұлғалары болып табылады). Оны шеттен алу Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Ұлттық банк арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару негізінен алғанда республикалық бюджеттің жетіспеуіне байланысты. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарды әлемдік нарықтарға шығарады (еврооблигациялар), сондай-ақ Қазақстан аумағында қазыналық міңдеттемеде және қазыналық облигацияда жүреді. "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңмен реттеледі. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентінің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін шығарылады немесе заемдык қаржыны тарту мақсатында да қолданылады, ал олардың эмиссияларының тәртібі "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңмен реттеледі.
Бағалы қағаздар жөніндегі қазіргі қолданылып жүрген заңдар құжатталмаған бағалы қағаздар ұғымына сәйкестендірілген. Азаматтық кодекстің 135-бабында құжатталмаған бағалы қағаздардың мүліктік құқықтарының бірнеше түрі келтірілген.
Құжатталмаған құнды қағаздар шын мәнінде бағалы қағаздың мазмұнын куәландыратын мүліктік құқы болып есептеледі. Ондай бағалы қағаздармен құқықтық қатынасқа түскен кезде оның тізілімдегі жазбаға енгізілуі жарамды бола береді. [3]
Қаржы нарығында сатып алу-сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар - ақша және бағалы қағаздар болып табылады.
Қаржы нарығында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының - бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың айналысы мен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды. Қор нарығы термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және рәсімделінетін мекеменің-қор биржасының атымен байланысты.
Нарықтың барлық тораптарының өзара байланысты қаржы нарығының жұмыс істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады:
Реттелінген тауар нарығының болуы, яғни кезкелген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімділігі;
Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;
Кредит нарығының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредит ресурстарын еркін нарыққа орналастыру; кредит ресурстарының қозғалысы Ұлттық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша нарығында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.
Кезкелген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздері мен тура келмеуі қаржы нарығының жұмыс істеуінің объективті алғышарты болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:
Бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының - меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының соның ішінді мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;
Қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта бөлудің азаюы;
Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;
Бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату республикалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.
Бағалы қағаздардың түрлері
Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық нысаны-қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерінің, ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздардың тіршіліктің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.
Инвестициялық (капиталдық) бағалы қағаздар - капиталды жұмсаудың объектісі болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік өзара шарттар және басқалары).
Инвестициялық емес бағалы қағаздар - бұл тауар немесе басқа нарықтарда ақшалай есеп-қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.
Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және кредиттік тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қорғау кепілдіктерін және басқа факторларды ескере отырып қор бағалы қағаздары үш топқа бөлінеді:
Мемлекеттік;
Муниципалдық;
Мемлекеттік емес.
Мемлекеттік бағалы қағаздар -- бұл мемлекеттік ішкі борыштың болуының нысаны: Эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық векселдер мен міндеттемелер, мемлекеттік жинақтық қарыздардың облигациялары.
Муниципалдық бағалы қағаздарға -- биліктің жергілікті органдарының борышқорлық міндеттемелері жатады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға -- корпоративтік және жекеше қаржы институттарының қағаздары болып келеді. Корпоративтік бағалы қағаздар болып кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің борышқорлық міндеттемелері мен акциялары қызмет етеді.
Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға: акциялар, облигациялар, векселдер, ақша чектері жатады. Иеленушілеріне заттық құқықтарды, меншік құқықтарын бекітіп беретін тауарлай бағалы қағаздарға: коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар: борышқорлық қолхаттар, өсиет хат (өсиетнама), лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды.
1930 жылғы Женева конвенциясына сәйкес вексель бағалы қағаздарға жатпайды (өйткені ол -- кредиттік ақшалардың түрі). Бірақ басқа жағынан, ақша сатып алу -- сату процестеріне тартылғандықтан векселді шартты түрде бағалы қағаздарға жатқызуға болады.
Шығарылуына қатысты бағалы қағаздар құжаттық және құжаттық емес болып екіге бөлінеді. Құжаттық бағалы қағаздар бланк, сертификат үлгісімен қағаз түрінде жасалады. Ал, құжаттық емес бағалы қағаздар электронды түрде. Яғни, кез-келген тұлғаның бағалы қағаз иесі екендігі оның шотының жазбаша үлгісі арқылы анықталады. Құжаттық емес қағаздарды сатусатып алу кезінде сатушы мен сатып алушының электрондық шотында қажетті жазбалар тіркеледі. Бұл әдіс бүгінгі таңда өте кеңінен тараған. Жалпы, бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлар жеке және заңды тұлғалар.
Экономикалық табиғаты бойынша: Үлестік (акция), Қарыздық (облигация, қазыналық міндеттеме), Тауарлы реттелетін құжаттар (коносамент), Өндірістік қаржылық құралдар (фьючерс, опцион, варрант және т.б.) деп жіктеледі.
Шығарылым нысаны бойынша:
1) құжатты және құжатсыз;
2) эмиссиялық және эмиссиялық емес;
3) атаулы, ұсынбалы және ордерлiк бағалы қағаздар болып бөлiнедi.
Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу мүмкiндiгi болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткiзушi) шығарылған бағалы қағаздар.
Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар.
Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде осы шығарылым үшiн бiрдей жағдай негiзiнде орналастырылатын және айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы қағаздар.
Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн бағалы қағаздар.
Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
Ордерлiк бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
Қорды түсіру уақыты бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді (2 - 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 - 25 жылға дейін), мерзімсіз.
Бағалы қағаздар нарығы негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды. Айналатын территориясы бойынша: аймақты, ұлттық, халықаралық нарықтар бар.
Эмитент бойынша: мемлекеттік (Үкімет атынан қаржы Министрлігі шығаратын бағалы қағаздар), муниципалды (муниципалды меншіктегі, жергілікті органдар және ұйымдардың бағалы қағаздары), корпоративті, шетелдік.
Ұйымдастыру үлгісі бойынша (биржалық және биржадан тыс).
Табысты төлеу әдісі бойынша: әрдайымдық табыс, бір реттік табыс екеуі де болуы мүмкін, пайыздық ставкамен, ауыспалы пайыздық ставкамен. Бағалы қағаздар қозғалысының сипаты бойынша (бастапқы, туынды)
Негізгі бағалы қағаз - олардың негізіне қандай да бір активке, әдетте тауарларға, ақшаға капиталға, мүлікке әртүрлі ресурстарға берілген мүліктік құқық жатады.
Туынды бағалы қағаз - бұл қандай да бір базиске активке арналған бағалы қағаздар: базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. Базистік активтерге тауарлар (мұнай, алтын, астық), негізгі бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар жатады. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстік келісімшарттар, варранттар, опциондар жатады.
Акция - бұл акционерлік қоғамның капиталына белгілі үлес қосқанды айқындайтын және осы қоғамды сырттай басқарып тұруға дивиденд түрінде пайда алуға және осы қоғамның таралуы кезінде мүлікке иелік етуге құқық беретін эмиссиондық бағалы қағаз. Ол акционерлік қоғамның жарғылық капиталына қосқан үлесін куәландырады.
Облигация - өзінің ұстаушыларына, қарастырылған уақыт мерзімінде номиналдық құнын және сол құннан немесе балама мүліктен белгіленген пайыздық табысқа құқық беретін
Вексель - бұл қатаң формада, белгілі бір уақыт аралығында, белгіленген соманы келесі жаққа қайтарып беретіндігін куәландыратын қарыздық міндеттеме.
Вексель - бірнеше экономикалық қызметті орындайтын, әмбебап қаржылық құрал.
Ең алдымен вексель несие құралы. Вексель арқылы бірнеше несиелік міндеттемелерді рәсімдеуге болады: коммерциялық несие негізінде сатылып алынған тауар мен көрсетілген қызметтің ақысын төлеуге; алынған ссуданы қайтаруға; қосымша айналым капиталын тартуға. Вексельдің екі түрі бар:
Опцион -- бір тарап (опционды сатушы) сату немесе сатып алуға міндетті, ал екінші тарап (опционды сатып алушы) аталған келісімшартта көрсетілген мүлікті (негізгі активті) белгілі бір мөлшерде, келісілген бағамен сатып алу немесе сату құқығын иеленетін келісімшарт түрі. Саудаластықты ұйымдастырушы жағынан осы келісімшарттың жай-күйін бір үлгіге салған жағдайда, ол туынды бағалы қағаз ретінде қолданысқа ене алады.
Опционның мәні келісімнің бір жағына келісімшартты орындау немесе орындамауды таңдауға құқық береді. Келісімде екі адам қатысады. Біреуі опционды сатып алады, яғни таңдау құқығына ие, екіншісі сатушы, яғни таңдау беруші. Таңдау құқығына ие болған сатып алушы сатушыға сыйақы береді.
Фьючерстік келісімшарт - бүгінгі күні белгіленген, яғни мәмілені жасаған сәттегі баға бойынша, бірақ операцияның өзін болашақта, белгілі бір уақыт аралығынан кейін орындалатын сатып алу-сату жөніндегі келісімдер. Бұл келісімшартта баға кепілдігі беріледі. Фьючерстер сол уақытта бағалылықтар жоқ болса да сатылады. Фьючерсті контракт тек биржада ғана іске асады. Оның шарттарын биржа активтердің түріне байланысты өңдейді.
Фьючерстің айналу мүмкінділігі келесідей. Үшінші тұлға фьючерстік контрактідегі бағаның контарктіде көрсетілген уақыттан кейін өсетінін болжаса, онда саудашы фьючерстік контрактіні сатуды сұрайды. Егер саудашының болжамы дұрыс болса, онда жоғары бағамен сатып алынған тауар саудашының пайдасы болып табылады.
Варрант - сатушының бағалы қағаздарды сатып алушыға меншік құқығын беру міндеттемесі. Нақты уақыттан кейін варрант иесі бұл бағалы қағазды нақты бағада көрсетілген акция санына ауыстырады.
Әлемдік тәжірибеде варранттарды облигация және акциялармен бірге шығарады. Олар тартымды және корпорациялардың эмиссиялық шығындарын азайтады. Варрант пен бағалы қағаздар шығарылғаннан кейін олар бір бірінен бөлектенеді. Бұндай мүмкіндік кәсіпорын жарғысында бекітілген болуы қажет.
Мемлекеттік бағалы қағаздар - мемлекеттік ішкі қарызының болуының формасы. Бұл эмитенті мемлекет болып табылатын қарыздық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздар өзінің экономикалық мағынасы жағынан - қарыздық бағалы қағаздар болып табылады. Мемлекеттік қарызды бағалы қағаздарды шығарумен өтеу банктік несиемен өтеуден анағұрлым арзан. Себебі мемлекеттік қарыз міндеттемелері жоғары өтімді болғандықтан инвесторлар оларды екінші нарықта оңай орналастыруға мүмкіндігі бар. Сондықтан мемлекеттік бағалы қағаздар - ішкі қарызды қаржыландырудың негізгі қаражат көздерінің бірі.
Іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.
Эмитенттің кім болғанына байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:
- мемлекеттік;
- муниципалды;
- корпоративтік.
Мемлекеттік бағалы қағаздар - бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:
- Ұлттық жинақ облигациялары;
- Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ)
- Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)
Муниципалдық бағалы қағаздар - бұл бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссиланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат - құрылыс, яғни ауыруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайын жақсарту және тағы басқадай аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу болып табылады.
Корпоративтік бағалы қағаздар - кәсіпорындар мен ұйымдардыдың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызыметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады.
Бағалы қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай бағалы қағаздар;
б) капиталды бағалы қағаздар.
Ақшалай бағалы қағаздар - ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай бағалы қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай бағалы қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.
Капиталды бағалы қағаздар - кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын (капиталын) құру немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен облигация осы аталған бағалы қағаздардың түріне жатқызылады.
Өздерінен алынатын табысқы байланысты бағалы қағаздар мынадай екі топқа бөлінеді:
қарыздық бағалы қағаздар;
инвестициялық бағалы қағаздар.
Қарыздық бағалы қағаздар - бағалы қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы басқа бағалы қағаздар жатқызылады.
Инвестициялық бағалы қағаздар - бағалы қағаздың бұл түрі иемденуші активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Бағалы қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.
Бағалы қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге бөлінеді:
қорлы бағалы қағаздар;
саудалық бағалы қазаздар.
Қорлы бағалы қағаздар - мұндай бағалы қағаздар қор биржаларында айналысқан түсіеді және көп мөлшерде эммиссияланады. Бағалы қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.
Саудалық бағалы қазаздар - бағалы қағаздың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.
Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздар мынадай болып екіге бөлінеді:
нарықтық бағалы қағаздар;
нарықтық емес бағалы қағаздар.
Нарықтық бағалы қағаздар - мұндай бағалы қағаздар айналыста еркін сатылып немесе сатып отырылды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар - бұл аталған бағалы қағаздар қолдан - қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түсепейді.
Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:
негізгі (акция, облигация);
көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар;
туынды (варранттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы да басқалар)
Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқылы беретін бағалы қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
жәй акциялар;
артықшылығы бар акциялар.
Жәй акциялар акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір жәй акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан (толықтырғанан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін жүргізіледі.
Артықшылығы ьар акциялар - басқаруға қатысу құқығын бермей, әйтсе де олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялар мен салыстырғанда артықшылықққа ие болады.
Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атауы (номиналды) құнына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын бағалы қағаз болып табылады. Облигациялар сияқты кісіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.
Бағалы қағаз қаржылық құжат болып саналады, бұл құжатты шығарушы тұлға мен оның иесі арасындағы иелік ету немесе қарыз алу қатынастарына куәлік ететін құжат. Вексельдер, чектер, акциялар, облигациялар, кепілдеме қағаздары - бағалы қағаздар - қаржылық құжаттардың түрлері. Бағалы қағаздар процент немесе процент төлемдерін алуды және бұл құжаттарда көрсетілген қаржылық құқықтарыда басқа тұлғаларға беруді көздейді. Бағалы қағаздардың ішінде ең көп тараған түрлері - акциялар мен облигациялар.
Бағалы қағаздың маңызды түрі - облигациялар. Облигациялар-бұл ұстаушысының облигацияның номиналды құнының және белгіленген мерзімге анықталған процентті алуға құқығын куәландыратын құнды қағаз.Олар тұрақты түрде табыс алу құжатын береді, бірақ меншік құқығын анықтамайды. Облигация шектеулі мерзімге шығарылады. Мерзімі өткен соң облигацияның құны толық төленеді. Облигацияны үкімет, кәсіпорындар, әртүрлі қорлар және басқа да қаржы - бюджет ұйымдары шығарады. Облигация бойынша табыс "купондық төлем" деп аталады.Айналымға атаулы және ұсынушыларға арналған облигациялар шығарылады. Өтімді облигациялар да шығарылады, мұндай облигацияны оны шығарған компонияның акциясына ауыстыруға болады. Кейбір облигациялардың белгіленген мерзімінен бұрын қайтару мүмкіншілігі болады. Шаруашылық тәжірбиесі бұл қағаздан басқа да тиімді түрлерін өкіметке әкеледі. Мысалы, қалқымалы процент төленетін облигациялар пайда болады. Олардан төленетін табыс деңгейі қаржы капитал нарығындағы жағдайға қарай өзгеріп тұрады.
Купоны нөлге тең облигациялар да болады. Бұл облигацияларға процент төленбейді. Облигацияны айналымға шығарғанда номиналын төмен бағамен сатылады, мерземі келгенде номиналына сәйкес қайтарып алынады.
Облигацияның акциядан айырмашылығы:
─ акция ұстаушысы компанияның меншік иесі болады, ал облигация ұстаушысы эмитент компанияның кредиторы болады;
─ акция қарағанда облигацияның айналым мерзімі шектелген;
─ акция ұстаушысы компанияны басқаруға қатысу құқығына ие болса, облигация ондай құқықты бермейді;
─ облигацияның проценттер төлеудегі артықшылығы:
Бірінші кезекте облигациялар бойынша проценттер төленеді, тек соңында ғана дивидендтер төленеді.
Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайға душар болады.Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады.Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі-вексель пайда болады.
Вексель-қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышкер, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні-несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексель-тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан ең бір басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады.Қазіргі кезде электронды несие жүйесінің кез-келген операцияны бар болғаны 1 сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар.
Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді.Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан-алуан жүйесін қамти алады.
Вексель нарығының қызметі-қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айналымының негізі-серіктердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылаумен жасалатын несиелік келісім.
Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдіңүш түрлі айырмашылығы бар:
● Біріншіден, векселдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайға, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;
● Екіншіден, оның даусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғандығына қарамастан міндетті түрде өтеу керек;
● Үшіншіден, вексельдің айналмалылығы, яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексельді айналыс қаржысы ретінде қолма-қол ақшаның орнына пайдалануға мүмкіндік береді.Сол себепті вексельді сауда ақшасы деп те атайды.
Акция дегеніміз-бұл акция иесінің акционерлік қоғам капиталына белгілі бір мөлшерде үлес қосқандығын куәландыратын бағалы қағаз.
Акция өз кезкгінде, оның иесіне тиісті акция слмасымен сәйкес ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz