ҚОСЫМША ЖАЗАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚОСЫМША ЖАЗАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
- Қосымша жазаның түсінігі . . . 5
- Арнайы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру . . . 7
2 ҚОСЫМША ЖАЗА ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ . . . 14
2. 1 Айыппұл салу . . . 14
2. 2 Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметті атқару . . . 18
2. 3 Қосымша жазаларды атқару . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 29
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан реформалар, мемлекеттің тәуелсіздігін және құқықтық мемлекетпен азаматтық қоғам құруды құқтық жүйені дамуы қажет екендігі айқындауда. Тәжірибеде қоғамның, оның ішінде қылмыстық құқық маңызды роль ойнайды. Қазақстан Республикасы констуциясының 1-ші бабында көрсетілгендей: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген”
- Яғни демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрып жатқан әрбір мемлекеттер үшін, адам оның өмірі, құқтарымен бостандықтары жоғарғы құндылық болып табылады. Демократия саяси ой әлемінде өзіндік құндылық ретінде аса маңызды жалпы адамзаттық құндылықтардың мемлекеттік құрылысқа нақты сіңісу көрінісі ретінде қарастырылады. Оған адамның өзі оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары жатады. Оларды жоғары құндылық деп тану мемлекеттің адамға қамқорлық, оған материалдық игілік жасаудан артық міндет жоқ екендігін білдіреді. Мемлекет адамның қалыпты тіршілік ете алуы үшін өзіне қатысты барлық жағдайларды жасауға міндетті.
Мемлекет адам өмірін, оған өзініңде заңсыз әрекеттерден қорғануына мүмкіндік бере отырып қалыпты қоршаған ортаны қамтамасыз ете отырып, қол сұғушылықтан қорғауға міндетті. Конституциядан бекітілген ағымдағы заңдарда нақтыланған адам құқықтары, бостандықтары мемлекеттің, оларды бірінші кезекте іске асыруға жан-жақты көмек көрсету керек екендігін көрсетеді. Құқықтық тәртіп заңдылыққа байланысты, мемлекеттік құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын, қылмыстық заңның ролі едәуір екендігін білеміз. Ол заң бұзушылықтың қылмыс сияқты қауыпты түрі мен күресуге бағытталған. Мемлекет қолындағы маңызды құралдардың бірі жаза. Жазаны қолдану арқылы мемлекет адамды, оның құқығын, бостандығын, заңды мүддесін, меншігін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қорғайды. Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев 2002 жылғы наурызда өткен құқық қорғау құрылымдары басшыларының кеңейтілген мәжілісінде атап көрсеткендей, “Яғни мемлекетпен құқықтың дамуының ортақ стратегиялық бағыттарын айқындамайынша, жекелеген мәселелердің оң шешімін табу мүмкін емес дей келе, осының негізінде бізге бірыңғай құқықтық саясат концепциясы керек” - деді.
- Яғни, осы концепсияның мақсаты заңға бағынатын азаматтарды, олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан концепциямен қылмыстық заңдарды жетілдіру, оны уақыт заман талабына сәйкестендіру, қоғамның ондағы азаматтардың құқықтарының заңды мүдделерінің бұзылуының алдын алу болып табылады.
Сондықтан Қазақстан Республикасындағы әр бір саналы, белсенді азамат заңдылықты нығайтуға, оның ішінде норма шығарушылық процесске өзіндік үлесін қосуға міндетті. "Қазақстан Республикасы президентінің еліне жолдауында “Қазақстан 2030" барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы міндетті түрде заңға бағынатын азаматтарды қылмыстылықтан және заңның жоғарғы басымдығын айқындау қажет екендігі белгіленген”.
- Яғни, ел басының жолдауынан біздің түсінетініміз Қазақстан Республикасы азаматтарының қылмыстың алдын алу және қылмыстық жәбірленуден қорғалуы, заңға деген сенімділіктің басымдылықтың күшейуі, салауаттылыққа, бейбітшілікке, қауіпсіздікке жетелейді деуге болады. Жоғарыда атап өткендей азаматтардың құқықтарын заңды мүдделерін қорғаудың бір шарасы, ол мемлекет атынан тағайындалатын жаза болып табылады. Біздің Республикамыздың қылмыстық кодексінде жазаның үш түрі көрсетілген: Негізгі; Қосымша; Балама.
- Соның ішінде қазіргі кезде қосымша жазаларды қолдану мәселелерін шешу заманның ағымына жетуге мүмкіндік беретін, қосымша жазалар қолдануға байланысты мәселелерді шешу, талдау, оған құқықтық тұрғыдан баға беру еліміздегі құқықтық жүйенің дұрыс қалыптасуымен дамуына үлес қосады. Қосымша жазаларды қолдануға байланысты құқықтық базаны дамыта отырып, еліміздегі қылмыстардың алдын алу мен қылмыскерді түзеуде, азаматтардың құқықтарын қорғай отырып, сотталушылардыңда мүдделерін қорғауда тәрбиелік мәні бар.
Жалпы қосымша жазаға тоқталмас бұрын жаза ұғымын ашып алайық. Жаза дегеніміз: қылмыстық кодекстің 38-ші бабында “жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылатын және ол адамды құқықтарымен бостандықтарынан осы кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады “- делінген. 6 Яғни соттың үкімі мемлекет атынан шығарла отырып, сотталушыны жасаған қоғамға қауыпты іс әрекетінің, қылмысының зардабын саралай келе, кінәліні құқықтарынан, бостандықтарынан айыру мен шектеуді айтуымызға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпта жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ҚОСЫМША ЖАЗАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІҚосымша жазаның түсінігі
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші рөл атқаратын жазаларды айтамыз. Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімнің дәлелдеу бөлігінде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда бұл туралы үкімнің қорытынды бөлімінде ондай сілтеме жасалмайды. Кінәліні соттаған кезде қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп табылса, сот оны ҚК-нің 55бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана ҚК-нің 55бабына сілтеме жасай отырып қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде келтіре отырып, қолданбауы мүмкін. Қосымша жазалар сотталушыны кінәлі деп таныған заң баптарында көрсетілген шекте тағайындалады. Егер қосымша жаза ҚК-нің 41 немесе 50баптарының негізінде қолданылса, оның мерзімі заң бойынша жазаның осы түріне белгілеген шектен аспауы керек. Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасалынбайды. Кінәлі сотталған кезде ол жауапқа тартылған қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны ҚК-ң 55бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған қосымша жазаны қолданбауы мүмкін. Қосымша жаза жеке дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға қосылып тағайындалады. Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
1) арнаулы, әскери немесе құрмет атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
2) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.
Жаза жүйесі дегеніміз - қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжіриби үшін аса маңызды. Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау барысында негізді дұрыс, әділ жаза тағайындалмауына үлкен септігін тигізеді.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді:
Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік наградадан айыру.
Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері : белгілі бір лауазым атықарыу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығыннан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
Соттталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзету жұмыстары, айыппұл мүлікті тәркілеу;
Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке - дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
Айыппұл салу;
Белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір - қызметпен айналасу құқығынан айыру;
Қоғамдық жұмыстарға тарту;
Түзеу жұмыстары;
Әскери қызмет бойынша шектеу;
Бас бостандығына шектеу;
Қамау;
Тәртіптілік әскери бөлімде ұстау;
Бас бостандығынан айыру;
Өлім жазасы қолданылуы мүмкін;
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды дұрыс қолдану» 24 маусым 1993 жылғы №3 қаулысының 16 - тармағында «Соттардың қосымша жаза тағайындау мәселелеріне бас назар аударғаны жөн. Өйткені негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу оны даралай көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі», - делінген. Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасайды. Кінәлі сотталған кезде ол жауапқа тартылған қылмыстың заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған жазаны қолданбауы мүмкін.
Қосымша жаза жеке - дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға қосылып тағайындалады. Сотталғандарға негізгі жазадан басқа мынадай қосымша жазалар:
арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, биліктік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
мүлкін тәлкілеу қолданылуы мүмкін (39-бап, 2 -бөлігі)
Үшінші топқа негізгі де, қосымшада жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады.
Оларға жататындар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру. Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға заңда белгіленген реттерде қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін. Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны мен мәні әртүрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану - қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шартты болып табылады. Енді осы жазаның жекелеген түрлеріне сипаттама берейік.
- Арнайы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру
Келісім шарт бойынша әскери қызмет өтеп жүрген адам сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызмет өтеп жүргендер, офицерлер қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген қылмыстарды жасағанда осы жаза тағайындалады.
Әскери қызмет бойынша шектеу үш айдан екі жылға
дейінгі мерзімге дейін тағайындалады.
Сонымен, қылмыстық заңды осы бапты қолдану үшін бірнеше шарттар белгіленген. Біріншіден, бұл жаза келісім- шарт бойынша әскери қызмет өтеп жүрген сотталған әскери қызметшілерге; екіншіден, шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге; үшіншіден, бұл жаза көрсетілген адамдардың тек әскери қызметке қарсы (Қылмыстық кодекстің 16 - тарауы) қылмыс жасағаны немесе Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына қолданылуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 44 - бабының 2 - бөлігінде әскери қызмет бойынша шектеудің екі түрі көрсетілген: 1) Осы жазаны өтеу кезінде сотталған адамның лауазымы көтерілмейді (батальон командирі полк командиріне, дивизия командирі армия командирі лауазымына) .
2) осы жазаны өтеу кезінде сотталған адамның кезекті әскери атағы жоғалмайды. Бұл жазаны өтеу мерзімі әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген мерзімге есептелмейді.
Осы жазаны өтеу мерзімі Қылмыстық кодекстің 44 - бабының 1 - бөлімінде үш айдан екі жылға дейінгі мерзімде белгіленген.
Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлесі қаражатының сотының үкімімен белгіленген, бірақ 20 -%-тен аспайтын мөлшерде мемлекеттің кірісіне ақша ұсталып қалады.
ҚР Қылмыстық заңдарында қарастырылғандай қосымша жаза екі түрге бөлінеді:
1) Арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен дипломатиалық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру;
2) Мүлікті тәркілеу.
Арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан сыныптық шенінен, дипломатиалық дәрежеден, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградалардан айыру жазасы - осы жаза тағайындалған сотталушыларды арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиалық дәрежеден, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградалардан айырудан тұрады және бұл құқықтық шектеулердің әр қайсысына жеке-жеке тоқталып кетейік. Мемлекеттік наградалар - қоғамның әр саласындағы қызметшілерге ерліктері үшін мемлекеттің ең жоғарғы марапаттауы ретінде беріледі. “Мемлекеттік наградалар - 1995 жылғы 12 желтоқсанда бекітілгендей - “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы” заңында көрсетілгендей мемлекеттік наградаларға мына төмендегілер жатады:
1) Ең жоғарғы дәрежелі ерекшелік белгілер "Алтын қыран" ордені және "халық қаһарманы" атағы;
2) Ордендер;
3) Медальдар;
4) Құрметті атақтар;
5) Көп балалы аналарға арналған наградалар;
6) ҚР құрмет грамотасы жатады.
Яғни, бұндай мемлекеттік наградалармен Қазақстан Республикасы азаматтарының Республика алдында қызмет еткені үшін, мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылық еңбектері үшін марапатталуын айтуымызға болады. Айталық "Алтын қыран" орденімен Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше қызметі үшін награтталуы, "Халық қаһарманы" ерекше еңбек сіңіргені, бостандық және тәуелсіздік мүддесін қорғауда көрсеткен батылдығы ерлігі үшін беріледі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградалар атауы, мемлекеттік тілде болады. Құрметті атақтар -еңбек көрсеткіштеріне, жетістіктеріне, еңбегі сіңісуіне байланысты, мемлекет алдындағы аса ерең еңбегі үшін президенттің жарлығымен берілуі.
Қазақстан Республикасында құрметті атақтарға:
1- "Қазақстанның ғарышкер ұшқышы ";
2- "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ". Қазақстанның ғарышкер ұшқышы - атағы белгіленген ғарышқа ұшу бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырып, алдарына қойылған ғылыми-техникалық, зертеушілік және тәжірбиелік міндеттерді мінсіз орындаған азаматтарға беріледі.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - атағы республикаға сіңірген зор еңбегі үшін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылыми, мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік саланың өкілдеріне беріледі. Арнаулы атақтар - әртүрлі ведомствалармен үкімет саласындағы үкімет функциясын, өкілдігін жүзеге асыратын адамдарға беріледі. Мысалы, кеден, салық, ішкі істер органдары қызметшілері.
Әскери атақтар - Республика қарулы күштерінің офицерлік құрамдағы әскерилерге беріледі. “Әскери қызмет пен әскери міндеттіліктер туралы” заңда көрсетілген атақтар жатады. Бұл жазадағы әскери атақтарға әскери атақтардың ең жоғарғы түрлеріде жатады. Сыныптық шен және біліктілік сыныбы- Мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін және осындай атақтар, шендер берілген мемлекеттік қызметшілерде болады. Бұл атақтар мемлекеттік органдарда жоғарғы қызмет жасауды немесе ерекше өкілеттілікті білдіреді. Дипломатиалық дәреже “заң термині түсіндірме сөздігінде былай көрсетілген - Дипломатиалық дәреже сыртқы істер министрлігінің шет елдегі Қазақстандық дипломатиалық және консульдық өкілдіктердің қызметкерлеріне дипломатиалық дәреже беріледі”- делінген.
Арнаулы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипламатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру жазасының түсінігіне келер болсақ, “Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі 50- ші бабының 1 бөлігінде көрсетілгендей- ауыр немесе аса ауыр қымыс жасағаны үшін соттау кезінде сот айыпкердің жеке басын ескере отырып, негізінен осы құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипламатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыра алады”- делінген.
Бұл қосымша жаза ретінде тағайындалатын және қылмыстық заң нормаларының санкциясында көрсетілмейтін жаза болып табылады. Аталған жазаны тағайындағанда, қылмыстың ауыр немесе аса ауыр санатқа сай келуінен ғана емес, негізінен осы атақты алып жүру, иелену шектен шыққандық, ол адамға мұндай атақты қалдыруға болмайды деген тұжырым сотта пайда болғанда ғана тағайындалады. Демек, бұл жазаны тағайындау үшін сотталушы жасаған қылмыстың түрі, ниеті, қылмыс жасау жағдайға жатуы керек. Сондай-ақ жоғарыда атап өткеніміздей 50-ші баптың 1-ші бөлігінде көрсетілгендей, соттың- айыпкердің жеке басын ескере отырып дегені- айыпкердің қылмысының сипатын, от басылық жағдайын, денсаулық жағдайын, жас мөлшері, жұмыс істейтіндігін немесе істемеитіндігін тағы басқа мән жайларды соттың ескеруін айтуымызға болады. Арнаулы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипламатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру жазасы негізгі жазаға қарағанда маңыздылау, сондайақ жазаның мақсатына жетуге үлкен септігін тигізеді. Бұлай деп айтуымыздың себебі - қосымша жазаның бұл түрі сотталған адамға моральдық, психологиялық жағынан әсер етуінде. Сотталаушының бұрынғы қызметі үшін алған, өзі мақтан тұтып жүрген ерекше белгілерінен айырылады. Сондай-ақ материялдық жағынан - белгілі бір жеңілдіктерден, артық құқтардан айырылуы, нәтейжесінде материалдық залал шегуі.
Қосымша жазаның бұл түрі соттылық жойылғаннан кейінде оның болашақ кәсіби қызметі жағынан шектелуі мүмкін. Мысалы, прокурордың белгілі бір қылмысына байланысты жауаптылыққа тартылуы, оған қосымша жаза ретінде сыныптық шенінен айыру тағайындалады. Ол жазасын өтеп келгеннен кейін ол өзінің кәсіби қызметін жалғастыруға шек қойылады. Қосымша жазаның бұл түрі қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде көрсетілген санкцияларда көрсетілмегенімен, оны тікелей сот жазаның мақсатына жету негізінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы жоғарғы соты пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі "жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы" N1 қаулысының 26 тармақшасында көрсетілгендей - арнаулы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипламатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру, қосымша жаза ретінде қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің қылмысты дәрежелеген бабында жаза ретінде көзделмесе де тағайындалуы мүмкүн делінген. Бұл жазаны қолдану туралы сот шешімді 50-ші бабына сілтеме жасау арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 50-ші бабының 2- ші тармақшасының көрсетілгендей - Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларынан, Қазақстан Республикасының президенті берген арнаулы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипламатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру туралы, Қазақстан Республикасы президентіне ұсыныс енгізудің орындылығы туралы мәселені шешеді делінген. Яғни, осы қосымша жазаны сот қолдану немесе қолданбау керек екендігін дербес түрде шешуі, сондай-ақ оның тиімділігі және жазаның мақсатына жетуі негізінде, президентке ұсыныс енгізуін қылмыскердің жеке басын ескере отырып шешеді. “Әрекеттің мақсаттары мен себептеріне, айыпкердің роліне, оның қылмыс жасау кезіндегі немесе одан кейінгі мінез құлқына байланысты ерекше мән- жайлар, әрекеттің қоғамдық кауіптілігі дәрежесін едәуір азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен кезде жаза, осы кодекстің ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ең төменгі шектен төмен тағайындалуы мүмкін, не сот жазаның осы бапта көзделген неғұрлым жеңіл түрін тағайындауы не міндетті жаза ретінде көзделген қосымша жаза түрін қолданбауы мүмкін”- делінген (Қылмыстық кодекс 55-ші бап) . Демек қосымша жазаны қолданбау - бұл сотталушының іс-әрекетіне байланысты, айталық қылмыстық топ жасаған қылмыстарды ашуға жәрдемдесуі т. б. негіздер бойынша қосымша жаза түрін қолданбауын айтуымызға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz