Дебиторлық қарыздың аудиті
Кіріспе
1. Дебиторлық қарыздар есебі
1.1 Дебиторлық қарызға сипаттама
1.2 Дебиторлық қарызды ұйымдастыру нысандары
2. Дебиторлық қарыздың аудиті
2.1 Дебиторлық қарыз аудитінің мақсаты, негізгі бағыттары
2.2 Дебиторлық берешектің аудиті
2.3 Тапсырыс берушілер мен сатып алушылардың есептесу аудиті
2.4 Аудит барысындағы дебиторлық қарыздар есебін жүргізу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Дебиторлық қарыз - сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы немесе операциялық циклды және ағымдағы емес болып бөлінеді.
Есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық қарыздарды бөліп көрсетеді.
Саудалық дебитор қарызы - негізгі іс әрекеттер нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық қарыздар іс әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (субъект қызметкерлеріне және филиалдарына аванстар, шығынды жобуға арналған депозиттер, алуға арналған дивиденттер мен проценттер, үкімет орындарына салықтарды қайтару жөніндегі тілектер және басқалар) пайда болады.
Дебиторлық қарыздар 3 топқа бөлінеді:
- алынуға тиісті шоттар
- алынған вексельдер
- басқалар
Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке және субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптары кіреді. Дебиторлық қарыз алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе қарызды өтеу күтілетін күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді болады. Әдетте дебиторлық қарыз шот-фактуралармен расталады. Алынған вексельдер бабы ресми қарыздық міндеттемелермен расталады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық қарыздардың пайда болуы субъектінің шаруашылық іс-әрекетіндегі объективті процесс болып саналады.
Дебиторлық қарыз пайда болу сипатына қарай бөлінеді:
- қалыпты;
- ақталмайтын.
Дебиторлық қарыздар құрылымы бойынша активті шоттар тізіміне кіреді. Дебиторлық қарыз бөлімінің шоттарының ай басындағы және ай соңындағы айналымдары дебеті жағында жазылады да, қалдығы дебеттік болып келеді.
1. Дебиторлық қарыздар есебі
Дебиторлық қарызға сипаттама
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары - Дебиторлық қарыздар (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек қарыздар бар заңды және жеке тулғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық қарыздар ағымдағы алынуға тиісті қарыздар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті қарыздар болып екіге бөлінеді. Бұл қарыздардың есебі Алынуға тиісті шоттар бөлімінің шоттарында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық қарыздар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
ағымдығы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
тапсырылған (берілген)шоттар бойынша алынуға тиісті қарыздар;
вексельдер бойынша алынуға тиісті қарыздар;
негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық қарыздар;
үйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық қарызы;
басқадай дебиторлық қарыздар.
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша қарыздар (дебиторлық қарыздар) иелік ету хұқығымен қоса, заңды хұқығымен байланысты актив болып саналады.
Ұйымның қаржы жағдайын сыйпаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық қарыздардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық қарыздардың есептелген уақыты мен өтелу уақытынның арасындағы мерзім кұндерінің саны. Ұйымның дебиторлық қарызы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық қарыздар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнына баға жеңілдіктерін (скидки) және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдам астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық қарыздар Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытаның арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдырдың бұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады.

Кейбір жағдайларда сапасының төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Бұндай тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Соңдықтан да кәсіпорын сатып алушы заңды немесе жеке тулғаның осы тауарлар бойынша қарыз сомаларының мөлшерін қысқарту туралы талабын қабылдауға тура келеды. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге тиісті табыстарының көлемін азайтатындығы сөзсіз.
Дебиторлық қөарыздар келесідей бөлімдерден тұрады:
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер қарызы.
Күдікті қарыздар бойынша резервтер.
Еншілес (тәуелді ) серіктестіктердің дебиторлық қарызы.
Басқадай дебиторлық қарыздар.
Алдағы кезең шығындары.
Берілген аванстар.
Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорынбар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық қарыз болып табылады.

Дебиторлық қарыздар - бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылыққа берешек қарыздары. Дебиторлық қарыздар шаруашылықтың ішінде және сыртқа заңды тұлғамармен және жеке азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық қарыздардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.
Аудитор дебиторлық қарыздар тексеруге кіріскен кезде тексеру барысында қаралатын және анықтауды талап ететін материалдарын жеке сұрақтарға бөліп, аудиторлық тексерудің бағдарламасын жасап, тексеру барысында анықталған факторларға байланыста толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, басшылыққа алып қадағалап отырады. Дебиторлык қарыздарды тексерудің аудиторлық бағдарламасы мынандай мәселелерді қамтуға тиісті:
баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы, есеп регистрларындағы және машинажазбалардағы мәліметтерімен салыстырып тексереді;
аналитикалық және синтетикалық есептердің дұрыс жүргізілгендігін тексереді;
субъектідегі дебиторлық борыштардың жағдайын олармен есеп айырысуларды түгендеу жүргізу жолымен тексереді;
күдікті қарыздар резервтерінің құрылу тәртіртерін және олардың дұрыс қолданылуы тексереді;
сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысуларды, вексельмен төлеу операцияларының дұрыс жүзеге асырылғандығын тексеруді;
шағым-талап ету тәртіптерінің уақтылы сақталып, олардың қозғалысын бақылаудың дұрыс ұйымдастырылғандығын тексеруді; еншілес (тәуелді) серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштары бойынша есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсетілгендігін тексеруді:
дебиторлық борыштар бойынша алынған материалдары талдап, есеп айырысуды ретке келтіру және дебиторлық борыштарды төмендетуге байланысты ұсыныстар жасауды.
Кәсіпорын шаруашылық қызметінде сатып алушылармен, тапсырыс берушілермен, банктермен, жабдықтаушылармен, еншілес, тәуелді ұйымдармен, қызметкермен, бюджетпен, инвесторлармен және т.б. есеп айырысады. Есептеу әдісін қолдана отырып, нақты ақшасыз есеп айырысу жүйесінде дебиторлық қарыздардың пайда болуы заңды құбылыс. Дебиторлық қарыздар заңды және жеке тұлғалармен де пайда болады.
Дебиторлық қарыздар - бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке тұлғалардың кәсіпорынға өткізілген өнімі және көрсетілген қызметі үшін тиісті қарыздары. Есеп айырысу операцияларын дұрыс ұйымдастыру ұйымының қаржыларының жоғары айналымдылығын қамтамасыз етеді, шарттық және есеп айырысу тәртібін нығайтады, оның қаржы жағдайын жақсартады.
Дебиторлық қарыздар пайда болу сипатына қарай екі түрге бөлінеді:
Әдеттегі дебиторлық қарыздар
Аяқталмаған дебиторлық қарыздар
Әдеттегі дебиторлық қарыздарға өндірістік бағдарламаны орындау барысында, сонымен қатар іс жүзіндегі есеп айырысу формалары бойына пайда болған қарыздар жатады (мысалы, шағым талаптар бойынша қарыздар, есеп берушілердің қарыздары және т.б.).
Аяқталмаған дебиторлық қарыздар деп есеп айырысу және қаржылық тәртіпті бұзу, есепті жүргізудегі кездесетін кемшіліктердің, материалдық құндылықтарды жұмсаудағы бақылаудың нашарлағандығының, жетіспеушіліктер мен қымқырулардың нәтижесінде пайда болған қарыздар аталады (мерзімінде төленбеген өнімдер, тауарлар, жетіспеушілік пен қымқырулар және т.б. бойынша іздеу мерзімі өтпеген қарыздар). Дебиторлық қарыздардың барлық түрлері бойынша іздеу мерзімі үш жыл.
Дебиторлық қарыздардың аудитінің мақсаты - кәсіпорында есеп айырысуды ұйымдастырудың дұрыстығын бағалау, дебиторлық қарыздардың пайда болуының заңдылығын, оның дұрыстығын және өтеудің ақиқаттығын растау.
Дебиторлық қарыздарды тексеруде аудиторлардың негізгі міндеттері мыналар:
Кәсіпорынның балансында көрсетілген дебиторлық қарыздардың сомасының заңды негізделгенін және ақиқаттығын тексеру;
Есеп айырысу және қаржылық тәртіптің ережелерінің сақталуын тексеру;
Жөнелтілген қорлар үшін алынған сомаларының дұрыстығын, оларды есептен шығарудың толықтығын, есеп айырысу операцияларының болғанын растайтын құжаттардың барын және олардың рәсімдеудің дұрыстығын тексеру;
Дебиторларға шағым жасаудың уақытылы және дұрыс рәсімделуін, сонымен қатар бұл істің қозғалысын бақылауды ұйымдастыруын және келтірілген зиянды және басқа есеп айырысу өзара қарым-қатынасынан болған қарыздарды іздестіруді ұйымдастыру тәртібін тексеру;
Есеп айырысуларды тәртіпке келтіру, дебиторлық қарыздарды
төмендету бойынша кепілдемелер құрастыру.
Аудитор дебиторлармен есеп айырысуды тексере отырып, балансты дебиторлық қарыздардың дұрыс көрсетілгенін анықтауы мүмкін қажет. Бухгалтерлік баланста дебиторлық қарыздардың есептік кезеңінің соңындағы және есептік кезеңнің басындағы қалдықтарының Қысқа мерзімді активтер және Ұзақ мерзімді активтер бөлімдерінде дұрыс көрсетілгенін тексереді.
Қысқа мерзімді активтер бөлімінде қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар мынадай баптар бойынша көрсетіледі:
1210 - Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары, мұнда мерзімі бір жылға дейінгі өткізілген(сатылған) өнім және көрсетілген қызмет үшін сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша операциялар, және сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары;
1220 Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары, мұнда еншілес ұйымдармен өткізілген активтер мен көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу бойынша мерзімі бір жылға дейінгі операциялар және еншілес ұйымдардың басқа да кредиторлық қарыздары;
1230 - Қауымдасқан және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары, мұнда қауымдасқан және бірлескен ұйымдармен өткізілген активтер мен көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу бойынша операциялар, мерзімі бір жылға дейінгі, қауымдасқан және бірлескен ұйымдардың басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары;
1240 - Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары, яғни филиалдардың шоттарына ақша қаражаттарының түсімі және есеп шығарылуы бойынша операциялар, және филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары;
1250 - Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары - қызметкерлердің дебиторлық қарыздарының қозғалысымен байланысты:
Активтерді сатып алуға, қызметті төлеуге, іс-сапарларға және басқаларға есеп берушілер есебіне берілген ақша қаражаттары;
Қызметкерлерге берілген қарыздар(заем), ұйымға қызметкерлермен келтірілген материалдық зиянды (жетіспеушілік (кем шығу), қымқыру, бұзылу және басқалар), өтеу бойынша есеп айырысулар, және қызметкерлердің басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары;
1260 Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар, ағымдағы кезеңге операциялық және қаржылық жал бойынша ағымдағы жалгерлік төлемдерді жүзеге асырудағы шығындар;
1270 - Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар - дебиторлық қарыздардың қозғалысымен байланысты:
Акциялар (қатысу үлесі) бойынша есептелген дивидендтер;
Қаржылық жал, берілген заем (қарыздар), сатып алынған қаржы инвестицияары, сенім басқарма, және басқа да есептелген сыйақылар бойынша операциялар;
1280 - Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар - мерзімі бір жылға дейінгі басқа да дебиторлық қарыздар бойынша аталған топтарда көрсетілмеген операциялар, мысалы, сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға алынған вексельдер бойынша қарыздар;
1290 Күмәнді талаптар бойынша резерв - күмәнді талаптар бойынша резервтің құрылуы және қозғалысы мен байланысты операциялар. Аудитор 1 бөлім - бойынша дебиторлық қарыздарды тексеруде көңілді іздеу мерзімі өткен қарыздар мен сомаларды уақытылы іздеуге бөлуі қажет.
Дебиторлық қарыздар ұзақ мерзімді активтерде келесі баптар бойынша көрсетіледі:
2110 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді қарыздары сатып алушылар және тапсырыс берушілермен өткізілген активтер және көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысулар бойынша мерзімі бір жылдан жоғары операциялар;
2120 Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары - еншілес ұйымдармен өткізілген активтер мен көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу бойынша мерзімі бір жылдан жоғары операциялар және еншілес ұйымдардың басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары;
2130 - Қауымдасқан және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары - қауымдасқан және бірлескен ұйымдармен өткізілген активтер және көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу бойынша мерзімі бір жылдан жоғары операциялар, және қауымдасқан және бірлескен ұйымдардың басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары;
2140 Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары - филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары есепке алынады;
2150 Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары - қызметкерлердің дебиторлық қарыздарының қозғалысымен байланысты қызметкерлерге берілген ұзақ мерзімді қарыздары (заем) бойынша операциялар, сонымен қатар ұйымның қызметкерлерімен келтірілген мерзімі бір жылдан жоғары материалдық
2160 Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар - қаржылық жал бойынша алдағы кезеңге жалгерлік төлемдерді жүзеге асыру бойынша шығындар, және жал бойынша басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар;
2170 Алынуға тиісті ұзақ мерзімді сыйақылар - ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздардың қозғалысымен байланысты қаржылық жал, берілген қарыздар (заем), сатып алынған қаржылық инвестициялар, сенімді басқарма бойынша есептелінген сыйақылар бойынша операциялар және басқа да алынуға тиісті ұзақ мерзімді сыйақылар;
2180 Басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар - басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар бойынша аталған топтарда көрсетілмеген операциялар, мысалы, сақтандыру ұйымдарында сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін алынған вексельдер бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар.
Аудитор баланстың баптары бойынша қарыздардың тиісті қалдықтары дұрыс көрсетілгенін анықтауы қажет. Бұл үшін есеп айырысуды көрсетуге арналған шоттар мен аналитикалық есеп регистрлерінің мәліметтерін 11 журнал-ордердің немесе ведомость - машинограмманың, Бас кітаптың және баланстағы тиісті дебиторлық қарыздардың баптарының қалдықтарымен әрбір есеп айырысудың түрі бойынша қалдықтарын салыстырады, сонан соң есеп айырысудың әр түрін тексереді.
Аудитор дебиторлық қарыздарды тексеруді дебиторлармен есеп айырысуды түгендеу мағлұматтарын сараптаудан бастау керек. Сатып алушылармен, есеп беруші - тұлғалармен, кәсіпорынның қызметкерлерімен және басқа дебиторлармен есеп айырырысуды түгендеу тиісті құжаттар бойынша қалдықтарды және бұл шоттардағы сомалардың негізделгенін мұқият тексеруден тұрады. Аудитор мен түгендеу комиссиясының мүшелері дебиторлық қарыздардың пайда болуының себептері мен айыпкерлерін, оның пайда болуының ұзақтығын; алудың ақиқаттығын; яғни салыстыру актілерінің немесе дебиторлар өз қарыздарын мойындайтын хаттың барын; іздеу мерзімінің ұзақтығы (үш жыл) өтіп кеткен жоқ па; қарыздарды іздеу үшін қандай іс-шаралар қабылданғанын, дебиторларға жасалған шағым-талаптардың дұрыстығын, шағымдардың шарттық міндеттемелермен бекітілгенін (расталғанын), бұл қарыздарды іздеудің сот тәртібінде ұсынылғанын анықтайды. Есеп айырысуды түгендеу нәтижесі актімен рәсімделеді. Мұнда түгендеу жүргізілген шоттардың атаулары, дебиторлық қарыздардың сомалары, үмітсіз қарыздар, іздеу мерзімі өткен дебиторлық қарыздар көрсетіледі. Қарыздардың бұл түрлері бойынша есеп айырысуды түгендеу актісінде дебиторлардың атаулары мен мекен-жайы, қарыз сомалары, не үшін ол қарыздар, қай уақыттан және қай құжат арқылы көрсетілген, келтірілген анықтама тіркелінеді. Іздеу мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздар бойынша анықтамада бұл мерзімнің өтіп кеткеніне айыпты тұлғалар көрсетіледі.
Дебиторлық берешектің аудиті
Дебиторлық борыштар бойынша есеп айырысуды тексере отырып, аудитор олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін, жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтарының баланстың Ұзақ мерзімді активтер және Ағымдағы активтер бөлімдеріне дұрыс топталып көрсетілгендігін тексереді. Ұзақ мерзімді активтер бөлімінде есеп беретін күннен бастап 12 айдан кейін төлемі күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетсе, ол Ағымдағы активтер бөлімінде - 12 айдың ішінде төлемі күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетеді.
Дебиторлық борыштардың жағдайын тексеруді дебиторлармен есеп айырысуды түгендеудің материалдарын талдаудан бастау керек. Әдетте, субектінің ішінде дебиторлармен есеп айырысуды түгендеудің сапасының талапқа сай жүргізілмейтін, фактілерінің кездесетінін ескерсек, бұл жұмысты аудитордың өзі ұйымдастырғаны тиімді. Сатып алушылармен есеп беруге тиісті тұлғалармен, жұмыскерлерімен және басқа да дебиторлармен есеп айырысуларды түгендеу, тиісті құжаттар бойынша шоттарында көрсетілген сомаларының негізділігін мұқият тексеріп анықтауды талап етеді. Аудитор және түгендеу комиссиясының мүшелері дебиторлық борыштардың пайда болу мерзімін, себебін және оған кінәлі тұлғаларды, нақты аланатынын (яғни, дебиторлар өздерінің борыштарын мойнына алған есеп ауысуларды актілерінің немесе хаттамаларының бар екендігі); талап ету мерзімінің өтіп кетпегендігін (3жыл); қарыздарды өндіру үшін қандай шаралар қолданылғандығын анықтайды. Қарама-қарсы тексеру жүргізу мәселелерін шешіп, қарама-қарсы тексеру негізінен сауда және жабдықтау ұйымдарына жүргізілетіндігі ескерілуі тиіс.
Есеп айырысуларды түгендеудің нәтижесінде акт толтырылады. Актыда түгендеу жүргізілген шоттардың аттарын, дебиторлық борыштардың сомасын талап ету мерзімі біткен дебиторлық борыштарын өндіру мүмкін емес, үмітін үзген қарыздарын көрсетеді. Бұндай борыштарды түгендеу түрлері бойынша есеп айырысуларды түгендеу актыларына дебиторлардың аталауы, мекен-жайы, қарыз сомасы, не үшін қарыз болғандығы, қай уақыттан бері, қандай құжаттардың негізінде көрсетіліп анықтама тіркелуге тиісті. Анықтамада талап ету мерзімін өткізіп алған дебиторлық борыштары бойынша есеп айрысуларды түгендеудің материалдарына талдау жасау немесе түгенлеуді аудитордың өзі жүргізгенде анықталған ауытқұларды, сәйкессіздіктер, түсініксіздіктер, түсініксіздіктер бойынша, аудиторға есеп айырысуларды өте мұқият тексеруге, ойын жинақтап бағыттауға мүмкіндік береді.
Күдікті борыштар резервтерінің есебінің аудиті. Шаруашылықтың басшысының шешімімен талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштарды күдікті қарыздар резервтерінің шоттарындағы жинақталған қаржыландыру көзіне жатқызу арқылы шығысқа шығарып жабады. Демек, күдікті қарыздар бойынша резервтер талап ету мерзімі біткен, қайтарылуы сенімсіз субъектінің алшақ дебиторлық борыштарын есептен шығарып жабу үшін жасалады. Күшіндегі салық жөніндегі заң актілерінде күдікті қарыздар - бұл өнім (жұмыс, қызмет) сатудың нәтижесінде пайда болған және табыс есептелген күннен бастап екі жылдың ішінде сөндірілмеген қарыздар деп көрсетілген.
Аудитор есепті жылдың аяғында тіркеліп, тізімделген дебиторлық борыштардың мәліметтерінің негізінде жасалған күдікті борыштар резервтерінің заңдылығын және қандай борыштарды жабу үшін жасалғандығын және талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштардың баланстан шығарылуын тексереді. Күдікті қарыздар бойынша резервтерді құру, оларды жұмсау және олардың қозғалысы туралы ақпарат жинақтау үшін бухгалтерлік есептің типтік жоспарында 31 Кудікті борыштар бойынша резервтер бөлімшесінің дәл осылай аталатын 311 синтетикалық шоты қаралған. Жасалған резервтің көлемі борышкерлердің қаржылық жағдайы (төлем қабілеттілігі) ескеріле отырылып, олардың қарызды тұтастай немесе бөліп төлеу мүмкіндіктерін бағалау арқылы анықталады. Жасалған күдікті резервтер сомасына 821 Жалпы және әкімшілік шығындары шотын дебеттеп, 311 Күдікті борыштар бойынша резервтер шотын кредиттейді.
Күдікті деп танылып, өтеу мерзімі біткен дебиторлық борыштарды субъектінің балансынан шығысқа шығарғанда 311 Күдікті қарыздар бойынша резервтер шотының дебетінде 30,33,35 бөлімшелердің тиісті шоттарының крелитінен көрсетеді.
Күдікті қарыздарды жабуға жасалған резервтің жұмсалмаған сомасына 821 шотының дебетіне, 311 шотының кредитіне қызылдап жазу әдісінің қолданылып, стороно жасалып жабылғандығын тексереді. Жылдың соңында жасалған резерв бойынша қалдық тек қана ағымдағы жылғы күдікті қарыздар деп танылған дебиторлық борыштардың сомасынан тұратындығын тексеру қажет. Жасалған резервтің есебінен субъектін шеккен басқада зияндарын жабуға жұмсалғандағын; егер орын алған жағдайда олардың заңдылығын, есепті жылдың соңында қалған қалдықтың негізділігін тексеру қажет. Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебінің аудиті
Аудитор дебиторлық борыштардың есебін тексеруді, еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының бухгалтерлік есеп шоттарында оперецияларының дұрыс көрсе тілгендігін және олардың есеп регистрларындағы мәліметтерінің Бас кітапқа және балансқа дұрыс жазылғандығын тексерумен ұштастырып жалғастырады. Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың ағымдағы дебиторлық борыштарының түрлері бойынша ақпараттарын жинақтау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарының кестесінде 32 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің борыштары бөлімшесінің 321 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің борыштары, 322 Тәуелді серіктестіктердің борыштары және 323 Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борыштары синтетикалық шоттары қаралған.
Бақылау жүйесінің тетігін қолына ұстап, көп салалы өндірісті дамытумен, қызмет көрсету түрлерін кеңейтумен айналысатын негізгі (бас) субъектіге, капиталды өте тиімді пайдалануға, шаруашылық есеп жүргізу бастамаларын күшейтуге, еңбектің өнімділігін арттыруға, басқаруды тиімді ұйымдастыруға, өз мұқтаждықтарын жартылай фабрикаттармен, басқа да бұйымдарымен қамтамасыз етуге, шаруашылық ұжымдарын ауыл шаруашылық және тағы басқа да өндіріс салаларының өнімдерімен жабдықтауға мүмкіндік береді. Бас шаруашылық еншілес (тәуелді) серіктестіктерге толық басшылық жасап ықпал етумен қатар, олардың заңды дербестігін сақтауға тиісті. Егер еншілес (тәуелді) серіктестіктер күйреуге үшырағанда, олардың шеккен зияны үшін Бас шаруашылық жауап бермейтіндігі секілді бас шаруашылық зиян шегіп күйреуге ұшыраған жағдайда олар да ол үшін жауап бермейді. Бас шаруашылық еншілес (тәуелді) серіктестіктердің табысының өзара бөліске салынуын бақылауға алады. Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарын тексерген кезде, оларға ұзақ мерзімді түрінде салынған ақша-қаражаттай, материалдық-құндылықтай инвестицияларының жатқызылмағандығын анықтау қажет. Дебиторлық борышқа инвестициялардан тыс ақша-қаражаттар, дайын өнім,тауарлы материалды құндылықтар түрінде берілген құндылықтар бойынша есеп айырысулар жатады. Аудитор еншілес (тәуелді) серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының аналитикалық есебінің тізімдемеде немесе машинажазбаларда жазу операциялары көп, ірі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz