Қазақстан жеріндгі материалдық және рухани мәдениеттің дамуы


Атырау Жоғары Медициналық колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: VI-XI ғ. ғ Қазақстан мәдениеті
Орындаған: Батырбекова Н. Б
Тобы: Емдеу ісі 108 топ
Қабылдаған: Алагузова Г. У
Жоспар
1. Кіріспе
1. 1. Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениеттердің өзара араласуы мен толығуы
1. 2. VI-XII ғғ. Қазақстан жеріндгі материалдық және рухани мәдениеттің дамуы.
1. 3. Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, А. Иассауи(тарихи-әдеби мұралары)
Қортынды
Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениеттердің өзара араласуы мен толығуы. Жібек жолы - Ұлы керуен жолы және өркениет пен мәдениетті байланыстыратын жол. “Ұлы Жібек жолы” атауын Фердинанд фон Рихттофен (1983-1905ж. ж) өзінің “Қытайдың физикалық географиясы және Азияның орфографиясы” деген классикалық еңбегінде келтіреді. Оның ең ауқымды бөлігі Орта Азия және Қазақстан арқылы өтеді. Ұлы Жібек жолы VII-XII ғасырлар Қазақстан аумағында гүлденген шегіне жетті. Қытай дипломаты Чжан Цян Жібек жолын алғашқы болып өткендердің бірі (б. з. б. 103 ж. шамасы. )
Сол заманғы көз тартатын зәулім құрылыстар осы Жібек жолы бойында пайда болған. Ондай құрылыстардың бірі ретінде V-VII ғғ. Ақыртас ескерткішін атауға болады. Ол Тараздың Шығыс жаңында 40 км. Ақшолақ станциясы маңынан табылады. Ал Ақыртастан оңтүстікке қарай жақын жерде Айша-бибі кесенесі осы керуен жолы бойында орналасқан. Бұл ескерткіш “Қайғылы махаббат” деп аталады.
Ұлы Жібек жолы б. з. б. ІІ ғасыдан б. з. XVI ғ. Дейінгі Шығыс пен Батысты бір-бірімен байлыныстыратын өркениетті керуен жолы. Ол Қытайдан басталып, Орталық және Алдыңғы Азияға шығады. Анықтап айтқанда, “түріктерден гректерге” шығады.
Жол Қытайдың Орталық ауданынан басталып, Қазақстан жері арқылы, Шаш, Исфиджаб, Тараз, Құлан арқылы өтіп, Мерке, Асқара, Қорай, Қастек, Алматы, Тальхиз, Қоялық, Есік өзені жағалауымен, Шілік, Кеген, Іле, Көксу, Қаратал, Лепсі, Арыс арқылы өтіп, Сырдария, Сауран арқылы, Сығанақ, Жент, Яникентке, Созақ арқылы Жезді, Нұраға өтеді. Бұл жол өз қызметін тек португал саяхатшысы Васко да Гама Еуропадан Азияға өтетін, Африканы айналып Лисабоннан Индияға теңіз жолын ашқаннан кейін тоқтатты.
Түрік жазбаларының ең ірі ескерткіштерінің бірі 732 жылы Білге қаған мен Күлтегін қағанның құрметіне арнап, екі тасқа ойылып жазылған түркі жазуы болып табылады.
Түрік тіліндегі эпикалық шығармалардың ішінде ең негізгісі “Оғыз нама” болады. “Оғыз намада” қаған әскерлерінің жорықтары, батырлардың ерліктері мадаөталып жырланған, жырдағы айтылған оқиғалардың барлығы қазақтардың тарихы мен тұрмысына байланысты келеді.
VI-XII ғғ. Қазақстан жеріндегі материалдық және рухани мәдениеттің дамуы.
Қазақстан жерінде VI-XII ғғ. Өмір сүрген түрік тайпалары өздеріне тән үлкен материалдық мәдениет қалдырған.
Түркі халықтарының материалдық мәдениеті жөнінде айтқанда, әсіресе, зираттардың басына тастан жасалған мүсіндердің көптеп қойылғандығы көңіл аудартады. Олар: балбал тастар, тас келіншектер, т. б. бұл тас мүсіндер Қазақстанның барлық аймақтарында көптеп кездеседі. Олар түркі тайпаларының ішінде қолөнерінің, әсіресе, тас қашайтын шеберлердің болғандығын көрсетеді.
Ортағасырлық Қазақстанның материалдық мәдениетінің басты бір саласы - архитектуралық құрылыс өнері. Оның даму барысында қалаларда қоғамдық ғимараттар, тұрғын үйлер тұрғызу, ислам және басқа да діни кешендерін салу ісі өрістеді. Ол кездегі монументалдық архитектуралық құрылыстар қатарына Тараз қаласынан 18 км. жердегі Бабаджа-Хатун және Айша бибі кесенелері жатады. Бұл құбылыстар тек архитектуралық жағынан ғана емес, сонымен қатар оның безендірілуі, ондағы ою-өрнектер халқымыздың материалдық асыл мұралары қатарынан жоғары орын алады. Материалдық мәдениет жүйесінде оссы заманға дейін жеткен шығыс моншасының құрылыстары және оларға тартылған су құбырларының маңызы ерекше. Мұндай құрылыстар Оңтүстік Қазақстандағы қазба жұмысымен жүргізілген Отырардан, Түркістаннан, Тараз, Ақтөбе, Талғар, т. б. қалалардан табылды.
Археологиялық зерттеулер барсында түркі тілінде ру-тайпалар өмір сүрген жерлерден үлкенді-кішілі екі жүзден астам көне түркі тіліндегі тасқа қашап жазлыған жазба деректер табылған. Оған Орхон, Енисей өзенінің бойындағы Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштері, Қазақстанда Талас өзені бойындағы Тереңсайдан табылған жазулар және т. б. жатады. Түркі тіліндегі жазулар ғылымда руна жазуы деп аталған. Ол Скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген мағынаны білдіреді. Күлтегін ескерткішіндегі жазудың оқылу сырын алғаш ашқан Дания университетінің профессоры В. Томсен. Одан кейін Орхон-Енисей жазуларын орыс тіліне аударған тюрколог ғалым В. Радлов болды. Мұның үлкен тарихи маңызы бар, өйткені ХІХ ғасырдың аяғында руна жазуының ашылып оқылуы ертедегі түркі тілдес халықтарының да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетеді.
Х-ХІІ ғасырларда Қазақстан жеріндегі халықтардың ғылымы мен мәдениеті көрші елдерге қарағанда едәуір жоғары, мемлекеттік құрылымның шығуы, отырықшы-егіншілік шаруашылық пен қалалардың өсуі, шоғырланып топтасқан этникалық процесердің күшеюі сияқты тарихи жағдайлар әсерін тигізді. Орта Азия, Алдыңғы Шығыс және Шығыс Еуропа халықтарымен шаруашылық, сауда және мәдени байланыс жасау - осы елдердің халықтары мен тайпаларының рухани мәдениетінің өсіп-өркендеуіне игі ықпалын тигізді.
Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, А. Иассауи(тарихи-әдеби мұралары) .
Қазақстан жерінде туып-өскен философ әрі энциклопедияшы ғалым мұсылман шығысында Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз” ретінде белгілі болған Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлақ Әл-Фараби ат-түрік Шығыс пен Батысқа Х ғасырда мәлім болды.
Әл - Фарабидің ғылыми мұрасы Шығыс пен Батыстың ғылымы мен мәдениетінің дамуына, оның ішінде ибн - Туфайл, ибн - Рушд, ибн - Сина, Омар Хаям, Родтер, Бэкон, Леонардо да Винчи және басқа да ойшылдардың шығармашылығына зор әсерін тигізді. Сол сияқты Әл - Фарабидің еңбектері басқа оқымыстыларға, оның ішінде Әл - Хорезми, әйгілі астроном және математик Аббас Жаухари, сондай-ақ тілші Махмұд Қашғаридің еңбектеріне үлгі болған. Өзі белгілі географ әрі саяси қайраткер, Қимақ ортасынан шыққан Жанақ ибн Хақан әл-Қимақи еңбектеріне ықпалын тигізген.
ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұни мен Махмұд Қашғаридің түрік тілінде жазылған әдеби еңбектері халық арасында тез тарады. Жүсіп Баласағұни (1021-1075 жж. ) Баласағұн қаласында туған. Ол түрік отбасынан шыққан, жас кезінен бастап жақсы білім алып, әдебиетпен шұғылданған, парсы-тәжік әдебиетін көп оқыған. Жүсіп “Құтадғу білік” деген терең мағыналы философиялық-дидактикалық поэма жазған. Ол өзінің еңбектерін Қарахан әулетінен шыққан Боғрахан Харунға тарту еткен. Осыдан кейін хан оны жоғарылатып мемлекеттік бақылау қызметінің басшысы етіп қояды. Оның бұдан арғы өмірі туралы деректер жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz