Туған дала


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Фариза Оңғарсынова лирикасындағы туған жер тақырыбы

ЖОСПАР:

Кіріспе. Туған жерге сағыныш-ақындықтың биік шыңы
  1. Негізгі бөлім:«Алтын діңгек-өзім туған босағам . . . » (Қ. Аманжолов) Дала - менің қазынам, жыр сандығым . . . Фариза өлеңдерінің поэтикасы
  2. Қорытынды. Тұнық жырдың тұмары- Фариза ақын

Фаризада халықтық рух бар, ол - елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын.

Әбділда Тәжібаев

Қазақ поэзиясының падишасы, әдебиет алаңындағы ең танымал муза, ақын әрі қайреткер. Иә, мұның барлығы жалғыз адам. Бұл - Фариза Оңғарсынова. Қаламынан тамып кеткен ғаламы бір төбе, «Заманының Махамбеті» атанған ақын туралы айтылған аңыз, жазылған дерек-дәйегінің өзі - ғаламат дүние. [1]

Фариза Оңғарсынова - қазақ поэзиясына жаңа көзқарас әкелген, өн бойында өр рухтың жарқылы ойнаған, айналасына сәруар сезімнің самалы ескен ерекше әлемі бар ақын. Ақынның өлеңдері кейінгі ұрпақты ерлікке, адалдыққа, туған жер мен адамзатты сүюге апаратын жол сияқты.

Орыс ақыны Гавриил Держа­вин­нің «Ақындар өзінің туған жеріне ұқсап тұрады» деген тұ­жырымы бар екен. Дәл осы ойды австриялық асқан талант иесі Стефан Цвейг: «Табиғат қай жерде адамдарға жайлы болса, сол жер­де идиллиялық поэзия өмірге келеді» деп нақтылай түсіпті.

«Ал ақын табиғаты қатал, өткен та­рихы одан да қатал өңірде дү­ниеге келсе ше? Бұл ғұламалар сыз­ған фор­мулаға салсақ, -дейді бел­гілі ғалым, ақын Оңайгүл Тұржан, - Фариза поэ­зия­сының жалпы сипаты өзінің туған жерінің табиғаты мен өткен тари­хының сипаттамасынан аумай қал­ған. Фариза ақын поэзиясы да өзі­нің туған жерінің табиғатымен мінез­дес, тектес, өрістес» [2]

Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы - туған жерге деген сүйіспеншілік. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді.

О, туған жер, кең пейіл құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен, - немесе:
"Сені қалай сүю керектігін

Мен ешқандай кітаптан оқымадым", - деп, туған жерге деген өзінің сағынышын, ерекше сезімін жыр ғып шынайы суреттейді. Ал:

Далам менің - қазынам, жыр сандығым,

Жыр нәрімен жер балқып, босанды құм.

Сортан жердің тұзы бар тамырымда

Ақшылтымдау сондықтан жусан жырым, -деген жолдардағы сезімі ерекше.

Мен даланың қызы едім,

Жазығында жатпайтын көз ілер қара.

Жазира менің жанымның өзі де дара.

Асқар көрмеген мен шіркін биік дегенді

Өлшеуші ем сонау аспанның өзімен ғана, - деген шумақта қаламгердің шыққан, өскен ортасын дәл көрсететін поэтикалық деталь, әдемі образды сурет жатыр. Сондай-ақ, ақынның биік арманы анық көрінеді.

2. 2. Фариза өлеңдерінің поэтикасы

Фариза Оңғарсынова өлеңдерінде троптың түрлері мол кездеседі. Олардың қолданылуы аясы да алуан түрлі. Әдебиетте троп сөзінің мағынасына үңілетін болсақ, оған мынадай анықтама берілген екен. Троп - грекше - tropos - бұрылыс, бұрма деген сөз. Поэзияны көркемдік жағынан бейнелейтін троп түрлері: эпитет, метафора, кейіптеу, теңеу және метонимия.

Ф. Оңғарсынова поэзиясының табиғатын жете тану үшін ақынның шығармашылығына тереңірек үңілгенде байқалады.

Метафора дегеніміз - ауыстыру, суреттеліп отырған затты өзіне ұқсас өзге затқа балау. Эпитет - заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Жансызға жан бітіру, жансыз заттарға адамға тән мінез бен әрекеттер беріп, түрлі қылықтар жасату арқылы ойды биік философияға көтеру кейіптеу деп аталады. Метонимия (грек. қайтадан атау) - арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын
алмастырып, бірінің орнына бірін айту. Ал теңеу деп белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, салыстыра суреттеуді айтамыз. [ҮҮ]

Ф. Оңғарсынова - тілді барынша шеберлікпен қолданатын аса талғампаз ақын. Өлең тілінің бейнелі, көркем, кестелі болып келуі поэзиядағы ой-сезімнің әсерлігін арттырады. Яғни, бейнелеп сөзден сурет салуға бейімділік - өлең тіліне қажет ең негізгі қасиет. Ақын өлеңдеріндегі сөз тіркестері әсерлі мән-мазмұнға ие болып, маңызды қызмет атқарады. [3]

«Ақынның нәзік жүрегі, малдан тоңар гүл еді» деген өлең жолдарында ақын жүрегін «нәзік гүл» ретінде алып, көркемдік ерекшеліктің теңеуін қолданады. Ақын «Халқының махаббатымен Ақсұңқар құстай түледі, Ел ғана - тұғыр, тірегі» деген өлең жолдарында туған жерге деген өзінің сағынышын, ерекше сезімін жыр ғып шынайы суреттеп,
эпитетті пайдаланған. Ағынан ақтарыла жырлау, ой-сезім тізгінін өлең жолында іріктей еркін ұстау - Фариза туындыларының өзекті қасиеті. [4]
Туған дала! Туған ел! Бұл ұғымдар - ақын жырындағы ең қасиетті, ең қастерлі ерекше жалыңды леппен жырланатын, асқақ шабыттарға толы сезімдердің тақырыбы. Оның өлеңдерінің барлығы дерлік туған далаға деген перзенттік махаббаты басқа тақырыптағы өлеңдерінің арасынан да ерекшеленіп жатады. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді. Туған жер, туған елі жайлы өлеңдерін бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді. Мысалы:
Атырау - ақжарқын ел, жыршы далам,
ән мен күй көкірегінде тыншымаған.
Бабамның тері тамған топырағыңнан
әрқашан жас жаныма сусын алам.
«Атырау - ақжарқын ел, жыршы далам» - осы өлең жолынан туған жерін «ақжарқын ел» деп сипаттап, «ақкөңіл ел» ретінде теңейді. «Жыршы далам» деп кейіптеу тәсілін пайдаланып, туған жерінің табиғатын жандандырады.
«Туған жерге сағыныш» атты өлеңінде ақын өзінің туған жерге деген ыстық сезімін, сағынышын былай жырлайды.
О, туған жер, кең пейіл құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған қарай
Балапандай талпынып ұшамын мен, - деген жолдарынан ақынның туған жерге деген сағынышы соншалықты ыстық екені оның көңілінің күш-ағынмен бұлқынып, сағынышын қанат қып ұшамын деген метафоралық тіркестермен тамаша суреттеп көрсетеді
.

О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен.

Алақаны анамның - топырағың,

Сендік махаббатымның оты жалын.

Сені қалай сүюдің керектігін,

Мен ешқандай кітаптан оқымадым.

Сенде, тас та қастерлі, аспан да алау,

Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.

Менің мынау өмірге құштарлығым

Сені жақсы көруден басталған-ау.

Кешірме сен

Жат қылықпен жаныңды жараласам,

Бар сырымды бүкпесіз саған ашам.

Мен ел кезіп кетермін отансыздай,

Үмітіңді ақтауға жарамасам.

Фариза Оңғарсынова шығармашылығында оны басқа ақындардан айрықша етіп тұратын, өз жаратылысына тән ерекшеліктер бар. Фариза ақын әрбір адам баласының жан жүрегін елжірететін, толғандыратын шынайы туындыларды поэзия өміріне алып келген ерекше тұлға және «Поэзия патшайымы» атағына лайық жан. [3]
Фариза ақынның адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңде күйсандық сазындай күйге толтырып, ойсанаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Саңлақ ақынның жауһар жырларын бүкіл қазақ жаппай оқып, жаттап жүр десек асырып айтқандық болар еді. Ал оның отты өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдауға арналғандығын айтсақ әсте қателеспейміз.

Сонымен қазақ поэзиясында қай кезеңде болмасын тұрақты эстетикалық өрісі бар образдарды пайдалануды көріктеу тәсілінің бірі етіп келген. Фариза поэзиясының тілінің бейнелілігі - көркемдегіш тәсіл арқылы сөздерді ойнатып қолдануында. Ф. Оңғарсынова шығармаларын оқи отырып, оның теңеу, ерекше эпитет, мазмұнды метафораларды, көркемдегіш-бейнелеуіш құралдарының барлық түрлерін сәтті қолдана білгеніне көз жеткізе аламыз.

1. 2011 жыл - Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тарихи мәре

Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге парыздармыз .

Н. Ә. Назарбаев

  1. Қазақ тарихында ерекше таңбаланар тәуелсіздік жолындағы

күрес -Желтоқсан көтерілісі

Не тағдырға көну бар, не ерлікпен өлу бар.

Жамбыл Жабаев

2. 2. Тәуелсіздік жырларының асыл арнасы болған азаттық идеясының

поэзиядағы маңызы

Поэзияға жақын адам, ең алдымен шындықты сүюі керек, себебі ақын - ақиқаттың жаршысы, әрі қорғаушысы. Ұлықбек Есдәулет

Фариза Оңғарсынова лирикасындағы Дала образы

Ақын Фариза Оңғарсынова лирикасындағы өзіндік сыр мен өнегелі өрнекке толы тақырып- туған жер, Отан, дала тақырыбы. Ақын өлеңдеріндегі кейіпкер атынан сөйлеп, Отанға, туған жерге деген махаббат далаға деген сағыныш, сырлы сезім өлең өрнегінде өз бейнесін тапқан.

"Отан деген не?" - дейсің, ұлым, маған.
Ол - сенің ғұмырлы анаң.
Жөргегіңнен жаныңа сіңіп қалған
әнің мен жырың, балам!
Отан - мынау өз үйің, қара, жаным,
ойнаған дала, бағың.
Атаң шыққан бұл үйден, әкең шыққан,
өскен мұнда баяғы бабаларың.
Жасыл орман, тыңдаған бұлбұл әнін,
асқар тау, мың бұлағың.
Отан - есік алдында бірге ойнаған
өзіңнің құрбыларың.
Отан - үйдің ертеңі, қаны, жаны -
өзіңдей сан ұланы.
. . . Ұлым, сенсің кең байтақ біздің үйдің
кішкентай шаңырағы!

Ақын түсінігінде Отан ұғымы - ғұмырлы анаға, әнге, жырға баланады. Байтақ өлке, ұлы мекен-Отан ана тақырыбы болашақ сан ұландарды патриоттық сезімге бөлеп, Отанға, елге деген махаббатын ұялатады.

Ақын өлеңдерінде барлық қазақ жұртының қасиетті елін, Қазақстанды-алып далаға, асқақ ойлы, зор тұлғалы адамға, бұғаусыз толқынға, ұлы дастанға теңейді.

Қазақстан бай өлкем шарықтаған,

Толастамай көгінде қалықтар ән.

Қазақстан - мекені қайсарлардың,

Қазақстан - Алатау, алып далам!

Ақынның туған жерге деген махаббаты-өлең өнегіндегі өзінше бір төбе дүниелер. Туған жер, туған елге деген сағыныш - ақын арманынан туындаған тамаша, баға жетпес дүниелер. Оған төмендегі өлең жолдары куә.

О, туған жер, кең пейіл, құшағы кең,

Саған көңіл бұлқынар күш - ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен . . .

Лирикалық кейіпкерге туған ел - тірек, қуат, серік, шуақ берер сезім шырағы. Өмірді жылататын қанатты тірек. Туған жер болмаса, ақын кейіпкері - ғұмырсыз.

О, туған ел,

Мен өзіңсіз қанатсыз, тұғырсызбын,

Сен болмасаң сөнемін - ғұмырсызбын;

Маған - сенің сезімің қуат, серік,

Саған - менің сезімім шуақ беріп -

Демімізден мөп - мөлдір нұрды жұтып,

Тірліктегі азап пен мұңды ұмытып.

Қос махаббат алауы жер үстінде

Бұрқасынды өмірді тұр жылатып.

2. 2. Дала - менің қазынам, жыр сандығым . . .

Ақындар жырлаған дала образы ақын Ф. Оңғарсынова лирикасынан тыс қалмады. Бірақ ақын шығармаларындағы дала образы, дала бейнесі өзінше бір бөлек дүние. Ақынның туған далаға деген махаббаты, сағынышы өлең өрімінен бірден көрініп тұрады. Дала десе бойдағы барын құрбан қылатын әрбір перзенттің сағынышын алды - артын ойлатпай табындырар сиқырлы күші ақынның “Дархан дала” атты өлеңінде көрініс табады:

Дархан дала. Көлбеңдеп сағым қырдан,

Жанарында от ойнап жалын нұрдан

Перзенттері жүреді дала десе

Еткісі кеп бойдағы барын құрбан.

Әйтеуір, бір мінез бар бұл далада

Алды - артыңды ойлатпай табындырған.

Алаулап шырақтар тұратын, көкірегінде көк сүмбіл бұлақ аунаған даланы қимастықпен кететін адам бейнесі де ұмыт қалған емес.

Бүгін мұңда шырақтар тұр алаулап,

Қимастықпен кетіпті құлан аулақ . . .

Жатыр сұлық бай дала, байтақ дала

Көкірегінде көк сүмбіл бұлақ аунап (14; 23) .

Гүл шыбықтың бағындай дала төсі - ақын арманы. Тынбайтын тіршіліктің тынысындай дала ұғымын мың құбылған тамаша теңеулерге теңейді. Саумал жел соққан таң самалы есіп, қуат берер дала бейнесі - кеңдіктің, еркіндіктің, пәктіктің, ешкімге бас имейтін асау мінездің символы ретінде бейнелейді.

Арман қылған бабалар күрсініп мың -

Дала төсі бағындай гүл шыбықтың.

Шамшырақтар қаласы Өзен бүгін

Тынысындай тыңдайтын тіршіліктің! (14; 24) .

Әр адамның алтын бесігі саналатын қасиетті Отанды тек тұғырлы мекен ретінде емес, рухани сүюге, туған жерді, туған елді аялауға, туған жердің қадірін түсінуге, сұлулығын сезінуге, ұлы даланың сағымды төсінде небір сиқырлы сыр жатқанын білгізуге талпынады және білгізеді де.

Ұлтжандылық - Отанды сүюден басталады. Ата-бабадан қалған ең асыл қазына, құнына баға жетпес дүние - ол қазақтың кең сахара сайын даласы. Ал, сол телегей теңіз мекеннің бүгінгі жай-күйі ақын жанын жаралайды, тынысын толғандырады. Сөйтсе тура ел аңсаған биік ұстар ұландарға ұран сынды ұшқын атқан жырын арнайы айтып, армансыз ақтарыла сырласады:

Мақсаты тұл боп қиянда қалар

Арман алдында ұяндағандар;

Батырлы даламен өзектес едім,

Өзегін өреге қияр ма жанар-

Азаматы боп көгертпес елін

Отанын, жерін сүйе алмағандар;

Қажымас қайрат пен мұқалмас жігерге жанылған жыр желісінің айтпақ аманаты атамекеннің адамдығына алаң болған көңілден туындаса керек. Сенімнің сертін кешер ұрпаққа табыс еткен қаламгер өлең - отының қызығы:

Бабамнан қалған далам, шағылым

Сезімге мүмкін қарар гүл айтпай,

Мен үшін жояр, жауарса, құнын-

Тек сол қалпымен маған жұмақтай! - деген шуақты шумақтармен қорытылынады.

Ақын өлеңдеріндегі туған жер, отанды құрметтеу және ондағы лирикалық кейіпкер бейнесінің болмысын назар аударған әдебиетші ғалым С. Мақпырұлы «әдебиеттің тектері мен түрлері» (Алматы, 1994) атты зерттеуінде ақынның:

«О, туған жер, кеңпейіл, құшағың кең.

Саған көңіл бұлқынар күш - ағымен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен», -

деп басталатын ақын туындысының тәлім-тарихын тексере келе, мынадай ой түйеді: «өлеңнің лирикалық кейіпкері туған жерін, елін сүйген, өзін елінің ажырамас бір бөлшегі санаған жан. Ол өзінің балалық бал дәурені өткен туған жерін аңсауы, оның топырағын анасының аялы алақанын балайды, ол үшін атамекеннің тасы да қастерлі, алаулаған аспаны да алаулы. Ол туған жеріне «сағынышымды қанат қып саған қарай, балапандай - талпынып ұшамын мен» - десе, біз бұл сезімнің пәктігіне шынайы сенеміз. Сенгені сол - өлеңді оқи отырып, оның сағынышын өз сағынышымыздай қабылдаймыз. Онымен қосыла іштей біз де тебіреніп - толғанып, сағынышын бөлісіп, «Мен ел кезіп кетермін отансыздай «үмітіңді ақтауға жарамасам» деп ол алдындағы жауапкершілікті де бірге бөліскендей. Бұл шынайы поэзия құдіреті! Лирикалық өлеңнің күші де осындай әсерлігінде, сезіміңе от тастап, оятатын сиқырлылығында, шынайылығы мен суреттілігінде»-дейді. [25, 57-58]

Тұнық жырдың тұмары- Фариза ақын

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ДАЛА КОНЦЕПТІСІНІҢ КӨРІНІСІ
Сұлтанмахмұт Торайғыров -Айтыс поэмасы
ҚАЗАҚ ӨЛЕҢІНІҢ ЖЫРДАРИЯСЫ
ЖАРАСҚАН ӘБДІРАШЕВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ
Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері
С.ЖҮНІСОВТІҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІГІ
Фариза Оңғарсынованың лирикасы
Қ. Мырзалиевтың философиялық лирикасы
Қадыр Мырза Әли өлеңдері
Дүниенін паремиологиялық бейнесін лингвомәдениеттанымдық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz