Азаматтық құқық қағидалары түсінігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Бизнес және құқық» факультеті
«Құқықтану» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығының жалпы бөлімі
Тақырыбы: Азаматтық құқық жүйесі және оның қайнар көздері
Орындаған: ЮП-18-3 тобы студенті:
Әділова Ә. Ә.
Рецензент: аға оқытушы:
Ормахова М. Н.
Ақтау - 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1АЗАМАТЫҚ ҚҰҚЫҚ - ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕ . . . 5
1. 1 Азаматтық құқықтың қалыптасу тарихы . . . 5
1. 2 Азаматтық құқық түсінігі . . . 6
2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖҮЙЕСІ . . . 14
2. 1 Азаматтық құқықтың қайнар көздері . . . 14
2. 2 Азаматтық құқықтың басқа салалармен қарым-қатынасы . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл курстық жұмыста Азаматтық құқықтың шығу тарихы мен түсінігі туралы сөз етіледі. Сонымен қатар, Азаматтық құқықтың жүйесі мен қайнар көздері және Азаматтық құқықтың басқа салалармен ара қатынасы туралы ақпарат беріп өтемін.
Курстық жұмыстың өзектілігі. «Азаматтық құқық» атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы - цивильді құқық деп атаған. Яғни, «азаматтық құқық» термині Ежелгі Римнен бастау алды. Римде құқықты жария және жеке деп екі салаға бөлген екен. Жария және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: «жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді». Қазақстан Республикасының қазіргі қукык жүйесі жария және жеке деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз. Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жаалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық - Қазақстан Республикасының құқық саласының бірі болғандықтан, күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ, азаматтардың заңды тұлғаларымен, мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік аумақты бөліністерімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығының мәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген. Өзгеде мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесілі құқықтардың жүзеге асырылмауы, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеп соқпайды. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектiлерiнiң құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтiрмеуге тиiс. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын, ал кәсiпкерлер - бұған қоса iскерлiк әдептiлiк ережелерiн сақтауға тиiс. Бұл мiндеттi шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығын Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөліп қарастырамыз. Жалпы бөлімі үш бөлімнен тұрса, Ерекше бөлім 4 бөлімнен тұрады. Әр бөлімі бірнеше тараулар мен тақырыпшалардан тұрады. Сонымен, қатар Азаматтық құқық бірнеше салаларға бөлінеді: заттық құқық, міндеттемелік құқық, жеке мүліктік емес қатынастар, интеллектуалдық меншік және мұрагерлік құқық. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне Қазақстан Республикасының Конституциясы жатады. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін жеке меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген. Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне: заңнама актілері, зайға тәуелді актілер, халықаралық келісімдер, ҚР Жоғары сотының нормативтік қаулылары және т. б. жатады. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне құқықты қолданудың жеке актілері - шарттар, заңды тұлғалардың жарғылары жатпайды. Бұлар қатысушыларының ғана қатынастарын реттейді, оны қабылдағандарға ғана міндетті болып табылады.
Курстық мақсаты мен міндеттері. Қоғамға Азаматтық құқық туралы түсінік беру үшін мынадай міндеттерге тоқталамыз:
- Азаматтық құқықтың шығу тарихы туралы ақпарат беру;
- Азаматтық құқықтың не зерттейтінін түсіндіру;
- Азаматтық құқықтың жүйесін бөліп көрсету;
- Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне тоқталып кету.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс кіріспеден, 2тарау және 4 тақырыпша, сонымен қатар қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АЗАМАТЫҚ ҚҰҚЫҚ - ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕ
1. 1 Азаматтық құқықтың қалыптасу тарихы
« Азаматтық " атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы - цивильді құқық деп атаған. Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді. Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Сондықтан да азаматтық құқықты шивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды цивилист деп жүр.
“Рим құқығы” термині құл иеленушілік қауымда құрылған Ол Рим мемлекетінің, яғни антикалық Римнің құқығын білдіреді. Рим құқығының жүйесі сондай-ақ бұл мемлекеттің тарихи дамуы тұтастай алғанда көбінесе шет мемлекеттер құқығының тарихы курсында оқытылады.
Рим азаматтық құқығының оқыту пәні - мүліктік құқықтың маңызды институттары болып табылады (оған отбасылық қатынастар да жатады) .
Рим құқығының негізгі институттарына мына төмендегілер кіреді: меншік құқығы; шарттар мен міндеттемелер; отбасылық құқықтық қатынастар; мұрагерлік мәселесі, сондай-ақ жеке құқықтарды талап арқылы қорғау мәселелері және тағы басқа маңызды мәселелер.
Рим құқығының пәні ретінде Ежелгі құлиеленушілік Рим мемлекетінде қалыптасқан құқықтық жүйе, оның қайнар-көздері, салалары, институттары сияқты элементтері қарастырылған. Яғни, Рим құқығы тайпалардың одағынан қала мемлекет болып құрылып империяның құлауына дейінгі кезеңдегі уақытта қандай қайнар көздерден бастау алады, қандай сала, институттардан тұрады және негізгі ережелерінің сипаты Рим құқығының зерттеу пәні болып табылады.
Римде құқықты жария және жеке деп екі салаға бөлген екен. Жария және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: «жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді». Қазақстан Республикасының қазіргі қукык жүйесі жария және жеке деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз. Сонымен қатар, азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалармен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты. Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, яғни, мұның пәні не екенін біліп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдык қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Азаматтық құқық ғылымы азаматтык құқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер масалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған құқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азаматтық құқықтың тарихы, оның даму мен тәжірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтақ құқық ұғымының өзі құқықтың саласы және заң жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін.
Азаматтық құқық ғылымы сол құқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепетендікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар, Азаматтық кодексте жоқ бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық кұқық пәні, азаматтық-құқықтық әдістеме ұғымдары,
азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім, міндеттемелер туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық қатынастары туралы т. б.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. ҚР-нің азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Кез келген сала сияқты азаматтық құқықта қоғамдық қатынастарды реттейтін және қалыптастыратын құқықтық нормалардан тұрады.
Бірақ та азаматтар қатысатын қатынастардың барлығы да азаматтық құқықпен реттелмейді, сонымен қатар азаматтық құқық, азаматтар мүлде қатыспайтын қоғамдық қатынастарға да əсер ете алады. Азаматтық құқық нормалары өндірілген өнімді сатып алу, оны теміржол, теңіз, өзен немесе əуе жолдары арқылы тасымалдау, осы жүкті сақтандыру, тасымалданған жүк үшін төлемдер алу жəне т. б. қоғамда кездесетін тараптар арасындағы қатынастарды реттейді.
1. 2 Азаматтық құқықтың түсінігі
Азаматтық құқық - ол тауар, ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастар шеңбері өте кең жəне əртүрлі, сондықтан оларды толықтай атап өту мүмкін емес. Бұны істеудің қажеті де жоқ, өйткені азаматтық-құқықтық ғылымының пəніне азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың барлығын нақтылықпен атап өту кірмейді, оған азаматтық құқық деп аталатын саланың бір пəнінде олардың барлығын біріктіруге мүмкіндік беретін жалпы қасиеттерін анықтау жатады.
Азаматтық құқықтың пəні болып мүліктік жəне мүліктік емес қатынастар табылады. Азаматтық құқықтың мүліктік қатынастармен айналысатыны бірден көзге түседі. Мүліктік қатынастар деп əдетте түрлі материалдық қажеттіліктер, яғни заттар, жұмыстар, қызметтер жəне басқа мүліктер жайында туындаған қоғамдық қатынастарды айтады.
Бірақ азаматтық құқық біздің қоғамда пайда болатын барлық мүліктік қатынастарды реттемейді, ол тек қана мүліктік-бағалы қатынастар деп аталатын нақты бөлігін ғана реттейді.
Дамыған ақша жүйесі шарттарында мүліктік-құнды қатынастардың негізгі көлемін тауарлық-ақшалы қатынастары құрады. Біздің қоғамда бар тауарлық-ақшалы қатынастардың өте тез дамуы оларға адекватты құқықтық нысан қолданған кезде ғана мүмкін бола алады.
Азаматтық заңдылыққа сəйкес азаматтық құқық пəнінің екінші бір құрамдас бөлігін жеке мүліктік емес қатынастар қарастырады. Өзіне тəн белгілеріне сəйкес жеке мүліктік емес қатынастар, ең аз дегенде екі қасиетке сүйене отырып, келесі түрлерде сипатталады. Біріншісі, көрсетілген қатынастар мүліктік емес қажеттіліктер негізінде көрініс табады, мысалы, ар, намыс, іскерлік бедел, азамат аты, авторлық шығарма, өндірістік үлгі, т. б. жайында туындайды. Екіншіден, жеке 7 мүліктік емес мүлікпен байланысты қатынастар (мəселен, бұған белгілі бір құқықтар жатқызылады) . Бұл қатынастарда азаматтардың немесе ұйымдардың даралығы көрініп, олардың əлеуметтік қасиеттерін бағалау жүргізіледі.
Пəннің осы екі құрамдас бөліктерінің сыртқы қарама-қайшылығына қарамастан, мүліктік-құнды жəне жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық құқық деп аталатын салада біріктіретін жалпы қасиетін анықтау керек.
Мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалай алады деп есептейді.
Азаматтық-құқықтық реттеу əдістері. Азаматтық құқық пəнінің түсінігі азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар туралы мəселелермен байланысты болса, əдіс түсінігі осы қоғамдық қатынастардың азаматтық құқық нормаларымен қалай реттелетіні туралы мəселелермен байланысты. Сондықтан құқықтық реттеу пəні мен əдісі арасында қатты байланыс бар. Əдіс құқықтық реттеу пəнінің ерекшеліктерімен қайта анықталады.
Азаматтық құқық пəнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзара бағалау сипатына ие. Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың өзара бағалауы тек қана бағалаушы тараптар тең болғанда ғана қалыптаса алады. Сондықтан мүліктік-құнды жəне жеке мүліктік емес қатынастар тараптардың теңдік негізінде реттелсе ғана толық дами алады. Қорытындылай келсек, азаматтық құқықтарда тараптардың заңдық теңдігі əдісі қолданылады. Азаматтық құқықта бұны диспозитивтік қағида деп қарастырады.
Азаматтық құқықта тараптардың теңдігі дегеніміз - екі қатынасқа түсуші тараптың ешқайсы да азаматтық құқықтық қатынастарда өзінің осы құқықтық қатынастарда алатын орнын жоғары қоя алмаушылығымен айрықшаланады. Тараптардың заңдық теңдік əдісін қолдану азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушыларға тəуелсіздік қамтамасыз етеді, заңмен рұқсат етілген кез келген əрекеттер орындауға мүмкіндік береді. Бұл нарықтық экономика шарттарында азаматтық айналымның дамуы үшін өте маңызды.
Осылайша, азаматтық құқық деп тараптардың заңдық теңдігі бастауларында мүліктік-құнды жəне жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын қарастырамыз.
Азаматтық құқық қағидалары түсінігі. Азаматтық құқық 8 қағидалары деп қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі бастауларын айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтиды, оның ең маңызды қасиеттерін сипаттайды. Сондықтан азаматтық заңдылықтардың нормаларын түсіну жəне қолдану азаматтық құқықтың жалпы қағидаларын ескергенде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтып қана қоймай, азаматтық заңдылықтардың толық көлемін қамти отырып, АК 2 бабында көрініс тапқан.
Азаматтық құқық қағидалары, азаматтық қатынастарды заңдылық қарастырмаған жағдайларда, құқық аналогияның негізінде қолдануданылады, яғни, азаматтық құқықтың нақты нормасымен реттелмеген қоғамдық қатынастарды реттеу үшін азаматтық заңдылықтардың негізгі бастаулары азаматтық құқық қағидалары қолданылады. Азаматтық құқықтың мынадай қағидалары бар (ҚР АК 2 бабы) :
Азаматтық құқықтар құқық қатынасқа түсуші тараптардың теңдігілігін;
Меншікке қол сұқпаушылық;
Жеке істерге рұқсатсыз кіріспеушілік;
Нұқсан келтiрiлген құқықтардың қалпына келтiрiлуiн қамтамасыз ету, олардың сотта қорғалуы;
Келісімнің, шарттың еріктілік қағидасы жəне т. б.
Азаматтық заң құжаттарының кері күші болмайды және өздері күшіне енгізілгеннен кейін пайда болған қатнастарға қолданылады. Азаматтық заң құжаттарының заңдық күші өздері күшіне енгізілгенге дейін пайда болған қатынастарға қолданылады.
Азаматтық заң құжаттары күшіне енгізілгенге дейін пайда болған қатынастар бойынша ол өзі күшіне енгізілгеннен кейін пайда болған құқықтар мен міндеттерге қолданылады. Азаматтық заң құжаттары күшіне енгізілгенге дейін жаксалған шарт бойынша тараптардың қатынастары АК-тің 383-бабына сәйкес реттеледі.
Азаматтық заң қалыптары оларда айтылған сөздердiң дәлме-дәл мәнiне сәйкес түсiнiлуге тиiс. Заң қалыптарының текстiнде қолданылған сөздердi әртүрлi түсiну мүмкiн болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiне және азаматтық заңдардың осы тарауда, ең алдымен оның 2-бабында баяндалған негiзгi қағидаттарына сай келетiн түсiнiкке басымдық берiледi.
Азаматтық заң қалыптарының дәл мағынасын анықтау кезiнде, егер бұл осы баптың 1-тармағында баяндалған талаптарды бұрмаламайтын болса, ол күшiне енгiзiлген кездегi тарихи жағдайларды және оның сот тәжiрибесiндегi түсiнiлуiн ескеру қажет.
Азаматтық құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өзгереді және тоқтатылады, өйткенi, осы әрекеттер азаматтық заңнамада көзделмегенiмен, олардың жалпы бастаулары мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туындатады.
Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардан және өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ азаматтық заңнамада көзделмегенімен, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн мәмiлелерден;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының күшімен азаматтық-құқықтық салдарларға алып келетін әкiмшiлiк актілерден;
3) азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеген сот шешiмiнен;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау, жою, сатып алу немесе оны иеліктен шығару, сондай-ақ мүлікке құқықтан бас тарту нәтижесiнде;
5) өнертабыстарды, өнеркәсiптiк үлгiлерді, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын және зияткерлік қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау салдарынан;
6) басқа тұлғаға зиян келтiру салдарынан, сол сияқты басқа тұлға есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтық-құқықтық салдарлардың басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады, өзгереді және тоқтатылады.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесілі құқықтардың жүзеге асырылмауы, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеп соқпайды. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектiлерiнiң құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтiрмеуге тиiс. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын, ал кәсiпкерлер - бұған қоса iскерлiк әдептiлiк ережелерiн сақтауға тиiс. Бұл мiндеттi шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың адал, парасатты және әдiл әрекет жасауы көзделедi. Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа тұлғаға зиян келтiруге, құқықты өзге нысандарда теріс пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетiндей етiп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерiне жол берiлмейдi. Ешкім де өзінің теріс пиғылды мінез-құлқымен артықшылық алуға құқылы емес.
Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк: құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейiн болған жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттердің жолын кесу; мiндеттi заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, тұрақсыздық айыбын өндiрiп алу; дау айтылатын мәмiленi жарамсыз деп тану және оның жарамсыздығы салдарын қолдану, маңызсыз мәміленің жарамсыздығы салдарын қолдану; моральдық зиянның өтемiн төлету; құқықтық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтiн актісін жарамсыз немесе қолдануға жатпайды деп тану; азаматқа немесе заңды тұлғаға құқықты иеленуіне немесе жүзеге асыруына кедергi келтіргені үшiн мемлекеттiк басқару органынан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiрiп алу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де тәсілдермен жүзеге асырады. Заңды тұлғалардың моральдық зиянды өтетуге құқығы жоқ.
Бұзылған құқықты қорғау үшiн өкiмет билiгi немесе басқару органына өтiнiш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергi жасамайды.
Заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған адамның тiкелей iс жүзiндегi немесе заңдық әрекеттерiмен жүзеге асырылуы мүмкiн (өзiн-өзi қорғау) .
Құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады.
Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиiстi шығыстар, оның мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсiнiледi.
Мемлекеттiк өкiмет билiгi органының, өзге де мемлекеттiк органның заңдарға сай келмейтiн құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекетi (әрекетсiздiгi) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасы немесе тиiсiнше әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс өтеуге тиiс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz