Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
Курстық жұмыс
Пәні: Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығының жалпы бөлімі
Тақырыбы: ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ІСТЕУДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУ
Орындаған: ЮП-18-3 тобы студенті
Довлетбаев С.М
Рецензент: Доцент
Алибеков С.К
Ақтау - 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ІСТЕУДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Қылмыс істеу сатыларының ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Қылмыс істеуге дайындалу және оқталу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..10
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ІСТЕУДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1 Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Қылмыс істеуден өз еркімен бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босату шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту қылмыстық құқық бойынша -- адамның қылмысты ақырына дейін жеткізу мүмкіндігін ұғынып, қылмыс қадайынды кәрекеттерін токтатуы не қылмыс істеугетікелей бағытталған іс- әрекетті (әрекетсіздікті) тоқтатуы. Адам осы қылмысты акырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартса, ол осы қылмыс үшін қылмыстықжауапка тартылуға тиіс емес. Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам, оның нақты жасаған әрекетінде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс
Жұмыстың өзектілігі. Адам қандай да бір әрекетті бастар алдында нақты мақсаттар қойып, өзінің ілгеріде жүзеге асыратын әрекеттерін оған бағындыру қабілетіне ие. Сонымен бірге қылмыстық әрекетті бастар алдында қылмыс субъектісі оның нәтижесін көз алдына елестетеді. Қылмыстық нәтиже мақсатқа айналған немесе соңғы қылмыстық мақсатқа жетудің қажетті сатысына айналған кезде қылмыс субъектісінің санасында қылмыс істеуге деген қасақаналық ниет қалыптасады. Белгілі бір жағдайда осындай қасақаналық ниеттің болуы ауызша, жазбаша немесе субъектінің өз ойын өзге әдістермен көрсетуі нәтижесінде белгілі болуы мүмкін. Қылмыстық ниет қалыптасқаннан кейін қылмыс субъектісі өз ойын іске асыруға бағытталған әр түрлі әрекеттерді жүзеге асырады (қылмысқа дайындала бастайды және одан кейін өз әрекеттерін қылмысты орындауға тікелей бағыттайды). Бірақ қандай да бір себептерге және жағдайларға байланысты ойлаған қылмыстық нәтиженің туындамауы жиі кездеседі. Мысалы:
Қылмыскер банкіден ақша ұрлау үшін құрал-жабдықтар сатып алады, банкіні күзету қызметін атқару тәртібін және дыбыс беру қондырғыларының жүйесін анықтайды, жоспар құрады, қылмысқа қатысушыларды іздестіріп табады, олардың әрқайсысының қылмыс істеудегі рөлдерін бөледі, бірақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің оларды ұстауына байланысты қылмысты ақырына дейін жеткізбейді.
Жоғарыда аталған әрекеттерді орындағаннан кейін қылмыскер банк ішіне кіреді және ақшасы бар сейфті ашпақшы болады, бірақ осыны істей алмай, қылмыс орнынан қашып кетеді.
Қылмыскер барлық әрекеттерді орындап, сейфті ашады және ақшаны алады.
Көрсетілген мысалдардан тұлғаның ең алдымен қылмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар жасайтынын, содан кейін қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге тікелей қол сұғатын әр түрлі әрекеттерді орындайтынын және ең соңында қылмыстық ниетін толығымен жүзеге асыратынын көруге болады. Осыған орай алынған тақырыптың өзектілігі орынды деп атауға болады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - - қылмыстық құқық бұзушылық істеудегі өз еркімен бас тартудың алатын орны мен рөлін анықтау.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
Қылмыс істеу сатыларының ұғымына, қылмыс істеуге дайындалу және оқталу жолдарына тоқталу;
Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту сатыларын қарастыру;
Қылмыс істеуден өз еркімен бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босату шарттарын сипаттау болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - қылмыстық құқық бұзушылықтан бас тарту жолдары болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Әлеуметтік нормалардың түсінігі мен функциялары тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ІСТЕУДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыс істеу сатыларының ұғымы
Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айдаудың маңызы зор. Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Қылмысқа қатысу барысында қылмыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді, олардың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Қылмыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары қылмысты ойдағыдай жасауға және оны жасыруға барлық қажетті жағдайларды жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, ортақ бөлінбейді. Тек қасақана жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді [1].
Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші деп бөледі.
Орындаушы -- бұл нақты қылмыс құрамының объективті жағынан кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің- қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмысты орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі. Қылмыстық құқықта мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады. Қылмыскер қылмыс жасау үшін жасөспірімді немесе ақыл-есі кем адамды пайдаланатын жағдай сияқты.
Ұйымдастырушы -- қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам. Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік жағдайда ұйымдастырушы -- бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс жоспарының авторы болады.
Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. Жоспарлы орындаушының субъективтік қасиеттерін ескере отырып, айдап салушы бопсалауды және мадақтауды, оның пайдакүнемдік ниетін пайдаланады, ал кейде сөз арасында айтылған емеуріннің өзі де жетіп жатады.
Адамды нақты заңға қайшы әрекеттерге баруға тікелей бағытталмаған жалпы үндеу мен тілектер айдап салу ретінде қарастырыла алмайды. Мысалы, о дүние тартымдылығы туралы абстрактілі ойлар немесе керісінше, бір адамның ақша жасай алмауы және т.б. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмысты жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылдым. Сондай-ақ көмектесуші ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге де құралдарын, қылмыстын ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды жасау сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде береді.
Қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігі олардың қылмыс жасауға нақты қатысуының сипаты мен дәрежесіне қарай белгіленеді. Қылмысқа қатысушылар дербес әрекеттері үшін жауап береді. Сонымен бірге, олар жасалған қылмыспен орындаушының әрекеті арқылы байланыста болғандықтан, мұндай жағдайда қылмыстың аяқталғандығы туралы мәселе орындаушының әрекеттерін жүзеге асыру сатыларына тәуелді түрде шешіледі. Егер орындаушы бірігіп ойлаған қылмыстарын, еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяғына дейін жасай алмаса, басқа қатысушылар орындаушының қылмыс жасау сатыларына қарай қылмысқа дайындалғандығы иемесе оқталғандығы үшін жауапқа тартылады [2].
Адамның қасақана, яғни саналы және мақсатқа сай қызметі өзінің даму барысында бірқатар сатылардан өтеді. Алдымен, адамда қылмыс жасау ниеті пайда болады. Ол алдына белгілі бір мақсат қояды, оған қол жеткізу үшін тәсілдерді, орнын, уақытын ойластырады, қылмыс себебін нақтылайды.
Нақты шешім қабылдап болып, адам дайындық әрекеттерін бастайды, ал содан кейін ойлаған әрекетін тікелей орындауға кіріседі. Кейбір жағдайларда адам ойлаған ісін бірден орындауға кіріседі (мысалы, жасырын пәтерге кіріп бағалы заттарды алады). Мұндай әрекеттер аяқталған қылмысты құрайды: (мысалы, ұрлық). Басқа жағдайларда, адам қылмыс жасауға алдын ала дайындалады (мысалы, көшірме бедер арқылы кілт жасау, пәтер қожайындарының келу, кету мерзімдерін анықтау), немесе қылмыстың өзін жасауға кіріседі (мысалы, дайындалған кілттермен пәтер есігін ашады, бірақ сигнал беру жүйесініңқосылғанын білмейді). Бұл екі жағдайда да қылмыс аяқталмай қалады. Осы әрекеттердің барлығы қылмыс жасау сатылары деп аталады.
Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары. Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу; аяқталған қылмыс.
Қылмысқа дайындалу -- бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеуі, дайындауы немесе ыңғайлары қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға не байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдайлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе. Қылмыс құралдарын сатып алу тәсілдері заңды болуы қаруды заңға сәйкес сатып алу, сыйлық ретінде алу, немесе заңсыз да болуы мүмкін: қаруды, мөрлерді, кілттерді және т.б. ұрлау.
Дайындау -- бұл шикізаттардан қылмыс жасау үшін қарулар мен құралдардың жартылай фабрикаттарын жасау.
Бейімдеу -- заттарды өңдеу, сол арқылы олар қылмыс жасау үшін жарамды болады (мысалы, кілттің түрін өзгерту).
Бірге қылмыс жасаушыларды іздеу басқа адамдармен танысу немесе таныстықтарын жалғастыру, оларды нақты қылмыс жасауға итермелеу, әрқайсысының рөлін талқылау және т.б. тұрады. Іздеу тәсілдері ретінде уәделесу, қорқыту, бірге баюға уәде беру, бопсалау қолданылуы мүмкін. Қылмыс жасауға сөз байласу, қылмыстық жауапкершілік жасына толған екі немесе одан да көп адамдардың бірге қылмыс жасауға сөз байласуларын көздейді. Қылмыс жасау үшін басқа да шарт-жағдайлар жасау әр түрлі әрекеттерден көрінуі мүмкін. Мұндай әрекеттер ойға алған қылмыстың жоспарын жасаудан, пәтер иелерінін кету, келу уақытын аныктаудан, белгі беру жүйесінің бар жоқтығын білуден және т.б. сипатталады. Мұндай әрекеттерді шамалап, тізімін беру мүмкін емес.
Субъективтік жағынан қылмысқа дайындалу тек тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмысқа қылмыс нәтижесің тілемей дайындалуға болмайды. Қылмысқа оқталу деп -- адамның еркінен тыс мән жайларға байланысты, аяғына дейін жеткізілмеген жағдайда адамның қылмыс жасауға тікелей бағытталған қасақана әрекеті немесе әрекетсіздігі танылады [3].
Қастандық қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекеттерден тұрады, ол адамның қылмыстық нақты құрамының объективтік жағын орындай бастағанын немесе орындап болғанын білдіреді. Адам өлтіруге қастандық жасағанда, мысалы, адам жәбірленушіге оқ атуға оқталады немесе атқанымен мүлт кетеді, ұрлық жасағанда құлыпты бұза бастайды. Көпшілік жағдайда қастандық әрекет жолымен жасалады (соққы беру, у беру, оқ ату және т.б.) Жеке жағдайларда қастандық әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін (мысалы, анасы жаңа туған баласын өлтіру үшін, оған емшек сүтін бермей қояды).
Аяқталған қылмыс. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяқталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар белгілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғында ғана аяқталған болып есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың материалдық құрамы (мысалы, адам өлтіру өлім туындаған жағдайда аяқталған деп есептеледі. Егер өлім болмаса, онда адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады). Ал басқа қылмыстар әрекетті жасаған сәттен бастап (әрекет немесе әрекетсіздік) қоғамға қауіпті салдардың туындағанынан немесе туындамағанынан тыс аяқталған болып есептеледі (мысалы, қарақшылықта шабуыл жасау фактісінің өзі, адам мүлікті алған, алмағандығына қарамастан, аяқталған қылмыс құрамын құрайды).
Кейбір қылмыстар әрекетті жасау сәтінен бастап емес, дайындау немесе қастандық сатысында-ақ аяқталған болып есептеледі (мысалы, бандитизм банды шабуыл жасаған кезде емес, оны ұйымдастырған сәтте аяқталған болып есептеледі).
Қылмысты дәл санатқа жатқызуға мүмкіндік беретін қосымша белгілердің түрі кінә нысандары болып табылады. Кінә бұл тұлғаға айып ретінде тағылады.Басқа да құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың негізгі заңдық базасы- Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық жауаптылықтың негізгі және одан босату, қылмыстық заңның кеңестіктегі және мезгілдегі күші, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе жазадан босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі. Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары мен оларды істегені үшін белгіленеген жаза түрлері көрсетіледі. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі 1997 жылы шілденің он алтысында қабылданып, ол 1998 жылы бірінші қаңтардан бастап заңды күшіне енді. Қазақстан Республикасының Қылмыстықы заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінен тұрады.
Қасақана қылмыс бұл заңды бұзудың өрескел түрі. Қылмыстық заңдар қылмыстарға күресі арқылы соның ішінде қасақана қылмысқа күресу арқылы қоғамдық тәртіпті нығайтуға, сол арқылы халықтың тыныш өмір сүруіне қамқорлық жасауға жәрдемдеседі.Құрылымы бойынша қылмыстық құқықтық қатынас объектіден, субъектіден және субъектілердің заңдық құқықтыры мен міндеттерін құрайтын мазмұннан тұрады Мұндай қатынастардың субъектілер ретінде бір жағынан, қылмыстық жауаптылықты өтеуге міндетті, бірақ осы жауаптылықтың заңмен бекітілген шегін және белгілеген тәртібін сақтауды талап етуге құқылы қылмыс жасаған адам танылады. Екінші жағынан- өзінің арнайы өкілетті органдары арқылы қылмыс жасау фактісін анықтауға, оны жасаған нақты адамның кінәсін дәлелдеуге міндетті және қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын басшылыққа ала отырып қылмыстық заң нормалары аталған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға құқылы мемлекет танылады.
Аяқ астынан пайда болған қасақаналық-кенеттен пайда болып бірен жүзеге асырылуымен сипатталады.Анықталған қасақаналық тұлғаның өзі жасайтын қоғамдық қауіпті әрекетінің немес әрекетсіздігінің сипатын және саласының мөлшерін анық түсуімен сипатталады. Мысалы, пышағын жүрекке жұмсайтын кісі өлтіруші, өлімнің орын алатын алдын ала біліп, қарапайым анықталған қасақаналықпен әрекеттенеді. Ал пышақты жәбірленушінің ішіне салатындар екі ұшты қасақаналықпен әрекет жасайды. Анықталған қасақаналық кезінде кінәлі тұлға қылмысты салдарды көре білгенімен, нақтыламаған. Мысалы, жәбірленушінің басынан таяқпен ұру, таспен ұру, аяқпен бастан, кеудеден, іштен тебу. Мұндай жағдайларда әртүрлі салдар-денсаулыққа жеңілзақым келтіруден бастап өлімге дейін орын алуы мүмкін. Алайда мұндай бағалау тек анықталмаған қасақаналық дәлелденген жағдайда ғана негіз болып табылады. Егер, жәбірленушінің басынан таяқпен ұру кезінде оны өмірден айыруға бағытталған тікелей қасақаналық анықтама, жәбірленушіге шын мәнінде келтірілген онша ауыр емес зиянның өзінде (айталық, денсаулыққа орташа ауыр зақым келтіру) қасақана кісі өлтіруге оқталғандық деп бағалануы тиіс. Қасақана қылмыс жасаудың үш сатысы бар: қылмысқа даярлану, қылмыс істеуге оқталу, қылмыс істеу. Ойлаған қылмысты істеу үшін алдын ала қасақана жағдай жасалса-даярлану болады. Қылмыс істеу үшін қылмыскер құрал-жабдық дайындауы мүмкін. Мысалы, біреуді ату үшін мылтық сатып алады; біреудің үйіне түсу үшін кілт жасайды; қылмыс істеуге жағдай туғызу үшін сыбайластар ізтестіреді; ұрланған нәрсені тығу үшін орын әзірлейді. Қылмыскер қауіпті әрекет жасауға қасақана барлық күш-жігерін қолданса да, оған байланыссыз себептермен қылмыс аяғына дейін жүзеге аспауы мүмкін. Мысалы, қылмыскер құрбанға шалғанын атса да, ол өлмеуі мүмкін немесе дүкенге түскен ұрыны күзетші ұстап алуы мүмкін. Демек, қылмыстың ақырына дейін бітпеуі мұндай жағдайда қылмыскерлерге байланысты емес. Сондықтан, қылмыс істеуге даярланған және оқталған адам сол қылмыс үшін жауаптылық белгіленген заң бойынша сотқа тартылады [4].
Мүлікті қасақана жою немесе бүлдіруге келер болсақ, қасақана жойылатын немесе бүлдірілетін мүлікке тұрғын үйлер, заттар, бұйымдар жатады. Тұрғын үйді, кісі тұрмайтын мекен-жайды, мүлікті бүлдіру деп- оларды уақытша немесе ішінара пайдалануға болмайтын қалыпқа келтіруді айтады. Мүлікті жою- оны біржолата құрту, қирату немесе құнын жою болып табылады. Бұл қылмыс белсенділік әрекет арқылы жүзеге асырылады. Әрекет- өрт жіберу, су астында қалдыру басқа да қауіпті тәсілдермен жою, дәрісен жару, қышқылдар, улар, бактериялар қолдану арқылы бүлдіру. Мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру көбінесе бұзақылық ниетпен немесе бұзақылық әрекеттермен байланысты. Адамдар қаншама қаражат шығарып, күшін салып жасаған мүлікті әдейі, қасақана жою немесе бүлдіру- нағыз тағылық. Сонымен бірге қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу немесе өткізу қылмыс болып табылады. Егер де, адам қылмыстық жолмен табылған мүлікті аламын деп алдн ала сөз бермей, ол ұрлыққа қатысушы болып, айыпталады. Алдын ала сөз бермей, қылмыстық жолмен табылған мүлікті алушы алғаны, өткізгені үшін де жауап береді.Ондай мүлікті алудың жолдары- сыйға алу, сатып алу, айырбастап алу, қарызға алу тағы басқалары. Қылмыстық жолмен табылған мүлік екенін біле тұра адам оны өз мүддесіне пайдалану үшін, қажетіне жарату үшін алады. Осындай мүлікті уақытша ала ма, біржолата ала ма- айырмашылығы жоқ, бәрі бір қылмыс боып табылады. Қылмыстық жолмен табылған мүлікті өткізу, оны басқаға берудің қандай да болсын түрі- айырбастауға сату, сыйға тарту, қарызын өтеу үшін беру- бәрі де қылмыс қатарына жатқызылады. Аталған қылмыс тек қасақана жасалады. Былайша айтқанда, мүлікті алушы оның қылмыстық долмен табылғанын алдын ала білген болуы керек. Егер мүліктің қылмыстық жолмен табылғанынбілмесе, ол үшін жауаптылық та болмайды. Бұл мәселені жан-жақты қарап, сот шешеді. Заң шығарушы интеллектуалдық элементі жасалған істің тек қоғамдық қауіптілігін түсінгенімен шектеп, кінәлінің өз ісінің заңға қарсы екендігін түсінуін талап етпейді. Расында, көп тараған қасақана қылмыстар (кісі өлтіру, денеге жарақат салу, жыныстық қылмыстар, талан-таражға салу және тағы басқалар) әрине олардың заңға қарсы екендігі түсініле тұра жасалады. Алайда, заңға қарсылықты түсіну, жалпы ереже бойынша, қылмыстық іске байланысты дәлелденуге жатпайды. Дегенмен, кейбір жағдайларда, заң шығарушы Ерекше бөлімнің арнайы құрамын жасау арқылы, кінәлінің өз ісінің қоғамдық қауіптілігін түсінуін оның заңға қарсы екендігін түсінумен байланыстырады.Бұл жағдай көбінесе, әр саладағы арнайы ережелерді қылмысты түрде бұзғанда қолданылады. Мәселен қылмыстық жауаптылық есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды өндіру, жасау, ұқсату, сатып алу, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету, жөнелту не жою ережелерін бұзу, егер бұл әрекетті аталған ережелерді сақтау міндетіне кіретін адам жасаса, тағайындалады. Субъектінің бұл әрекеттердің қоғамдық қауіптілігін түсіне білгендігі, оның айтылған заттарды пайдаланудың (мысалы, сақтау және есепке алу) тиісті ереежелерін міндетті түрде білгендігін көрсететіні анық. Ал, егер де тұлға бұл ережелермен таныспаған болса, қасақаналықтың интеллектуалдық сәті жойылады, демек, кінә- қасақана емес, бұл тұлға- қылмысқа жауапты емес. Зиянды салдардың орын алатындығын алдын ала көре білу- тұлғаның жасаған қоғамдық қауіпті әрекетінің (әрекетсіздігінің) нәтижесінде орын алатын қоғамдық қауіпті салдарды, кінәлінің өзі алдын ала көре білгендігін көрсетеді. Заңды тұжырымдамаға сәйкес, тікелей қасақаналық кезінде алдын ала көре білудің сипаты екі жақты болуы мүмкін. Кінәлі тұлға тиісті қылмысты салдардың орын алуы мүмкін екендігіне де, срнымен қатар, орын алмауының мүмкін еместігін де көріп біледі. Қылмысты салдардың орын алуы мүмкін екендігін көре білу- бұл салдардың белгілі бір себептер арқылы болмай қалуы мүмкін екендігін білдіреді. Олардың болатындығы сөзсіз екендігін көре білу- бұл салдардың белгілі бір себептер арқылы болмай қалуы да мүмкін екендігін білдіреді, және кінәлі санасынан мүлдем шығарылып тасталғандығын білдіреді. Заң шығарушы қасақаналықты оның кез-келген түрінде (кінәнің абайсыз түрі сияқты) материалдық құрамы бар, яғни объективті жағына қылмыстарға бейімдей отыра тұжырымдайды. Тікелей қасақаналықтың еркіне қарай сәтті қылмысты салдардың орын алуын тілуімен сипатталды. Бұл тілек кінәләнің ісінің бір мақсатқа бағытталғандығын білдіреді. Ол үшін тиісті қылмысты салдар- оның қоғамдық қауіпті әрекетінің (әрекетсіздігінің) саналы, әрі мақсатты түрде көздеген нәтижесі [5].
Қылмыс істеуге дайындалу және оқталу
Кез келген қылмыс белгілі бір кезеңдерден немесе сатылардан өтеді. Көп жағдайда адам қылмыс жасауға даындалып барып, өз ниетін іске асырады. Ниет жүзеге асса, толыққанды аяқталған қылмыс, жасаушыға қатыссыз себептермен жүзеге аспай қалса, не өзі бас тартса, аяқталмаған қылмыс болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында бір бірінен әрекет сипаты мен аяқталу дәрежесіне қарай ажыратылатын қасақана қылмыстың үш сатысы көрсетіледі. Олар:
1. Қылмысқа дайындалу;
2. Қылмысқа оқталу;
3. Аяқталмаған қылмыс.
Осы үш саты тек қана тікелей ниетпен жасалған қысқаша қылмыстарда болады.
1. Қылмысқа дайындалу деп тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау объектіге жанасу жолдарын іздестіру танылады. Ол қылмысқа оқталу мен аяқталған қылмысқа қарағанда қауіптілік дәрежесі төмен. Қылмысқа дайындалушы бұл жағдайларды өз қолымен жасайды, бірақ еркіне байланысты емес мән-жайлар бойыншаақырына дейін жеткізілмейді. Егер де бұлай болмай қылмыстық өзгерістерді дайындалу сатысынан доғарса, қылмыстан өз еркімен бас тарту болар еді.
2. Қылмыс жасауға оқталу. Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып табылады.
3. Аяқталған қылмыс. Егер адам әрекеттерінде қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде келтірілген баптың диспозициясындағы барлық объективті және субъективтік белгілердің бәрі болса, аяқталған қылмыс болып есептеледі.
Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамдарды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады [5].
Жазаның белгілеріне мыналар жатады:
1. Қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды;
2. Жаза тек қана жеке сипатта әке-шеше, туған-туыс емес тек қылмыскер ғана жазаға тартылады;
3. Ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан шектейді.
Жаза қылмыскер үшін өзі жасаған қылмыстың салдары. Дегенмен ол қылмыстың алдын алудағы белді шара болып табылмайды. Белді шараларға әлеуметтік, мәдени-тәрбиелік жұмыстар жатады, бірақ егер де қылмыскер иландыру әдістеріне, тәрбиелеу шараларына бой бермей бара жатса, оны қылмыстық жазамен тоқтатуға тура келеді.
Жазаның мақсаты:
- әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру;
- сотталған адамды түзеу;
- жаңа қылмыстар жасаудан сақтандыру.
Әлеуметтік әділдік жәбірленішінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді көздейді. Ол мүліктік сипаттағы санкцияларда (айыппұл, мүлікті тәркілеу), ал өлім, жарақаттар үшін қылмыскерді құқықтары мен бостандықтарына ұзақ мерзімге айырудан көрініс табады.
Мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы әскери немесе құрмет атағынан айыру, дипломатиялық дәрежесінен және мемлекеттік наградадан айыру.
2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері. Бұған белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру жатады.
3. Сотталған адамды материалдық жағыннан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлеріне өлім жазасы, бас бостандығынан айыру жатады.
Кез келген қылмысты iстеу үшiн адам өзiн соған итермелейтін қоғамға зиянды мүдделердi, қажеттіліктерді, зұлымдық пиғылдарды басшылыққа алады. Яғни, адам қылмыс iстеу үшiн ең алдымен өзiнiң психологиялық ой-ниетiн қалыптастырады. Бұл адамның iшкi сезiмiн, ойын, ниетiн бiлдiредi.
Бiрақ, осы сезiм, ой-ниет адамгершілік нақты мiнез-құлқы, қимылы, əрекетi арқылы сырттай көрiнiс бермеуi де мүмкiн. Сондықтан да адамның мұндай сыртқа шықпаған iшкi жан-дүниесiнiң белгiлi бір iс-əрекет арқылы сырттай көрiнiс бермеуiн қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Яғни, мұндай психологиялык сана-сезiм, жалаң ой, қиял, қылмыстық құқық нормасынан тысқары болады, ол үшiн қылмыстық жауаптылық жоқ
Сондықтан да сөз жүзінде жай айтылған, түсiнде көрген, қияли пиғылдар қылмыс деп саналмайды. Өйткенi, мұндай жалаң ойдан, қасақаналық ниеттен қылмыстық заң қорғайтын объектiге ешқандай зиян келмейдi жəне зиян келтiрiлу қаупi болуы да мүмкін емес. Сондықтан да қылмыстық ойдың болуы қылмыс iстеу сатысына жатпайды. Өйткенi, ондай ой, ниет нақты iс-əрекет арқылы сыртқа шықпай iште қалады, сондықтан да қылмыс сатысына жатпайды. Қылмыстық ой, ниеттi табуды қорқыту арқылы ауыр қылмыс жасаумен шатастыруға болмайды. Қылмыстық заңда қорқыту арқылы жасалған бiрнеше бiткен қылмыстардың құрамы көрсетiлген. Мысалы, өлтiремiн деп қорқыту (112-бап). куəнi, жəбірленушiнi, сарапшыны, аудармашыны қорқыту (354-баптың 2-бөлiгi), өкiмет өкiлiнiң өз қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе оның жақындарына қатысты өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз күш қолдану немесе қорқыту (321-бап), бастықты қорқыту (368-бап), т. 6. Мұндай қорқытулар бiткен қылмыстың құрамын құрайды. Осы қылмыстарды iстеушi субъектiлер жəбiрленушiге психикалық зиян келтiру жолымен, қылмыстық ойын белгiлi бiр iс-əрекетпен байланыстыру арқылы бiткен қылмыстың құрамын жасайды. Мысалы, ҚРҚК-тің 112-бапта Өлтiремiн деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiремін деп, сонымен бiрдей адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемiн не мүлiктi өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауiптi тəсiлмен қорқыту бұл қорқытудың iске асатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерiнiң бар екендiгi кезiнде делiнген. Бұл жерде қорқытудың iске асатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерi бар екендiгiне деген сөздiң өзi қылмыстық ниеттiң белгiлi бiр iс-əрекетпен байланысын бiлдiредi, яғни оны жүзеге асыру бiткен қылмыстың құрамын орындаушылық болып табылады. Осы жерде айта кететiн бiр мəселе бар. Ол қылмыстың қатарына тек аяқталған қылмыс қана емес, дайындалу, оқталу сатыларына жасалған, бiрақ олардың аяқталуы əртүрлі себептермен жүзеге аспай қалған кылмыстар да жатады. Егер кiнəлiнiң ырқына салса бұл əрекеттер аяғына дейiн жеткiзiлер едi, бiрақ оның бiтпей қалуы кiнəлiнiң еркiнен тыс жағдайларда болатын əр түрi бөгеттерге байланысты болады [6].
Сондықтан да кьлмыстық заң қылмысқа дайындалуды, оқталуды қылмыстық iс-əрекеттiң бастапқы сатысы деп қарайды. Қылмыс iстеудiң бiрiншi сатысы -- қылмысқа даярланғандық болып табылады. Қылмысқа даярланғандық үшiн қылмыстық жауапкершiлiк қылмыс істеу үшiн құралдар немесе қарулары iздестiрген, əзiрлеген немесе бейiмдеп жасаған қылмысқа қатысушыларды iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдай туғызған реттерде туындайды. Мысалы, кісіні өлтіру үшiн у дəрi дайындайды, мылтық сатып алады, жоспар жасап қылмыс жасайтын жердi, жағдайды анықтайды, қылмысқа қатысушыларды iздестiредi. Жəбiрленушiнiң келу-кету жолдарын анықтап iзiне түседi, т.б. əрекеттер. Осындай жағдайларды жасағаннан кейiн қылмыстың субъектісі қылмыс жасаудың екінші сатысы қылмыс iстеуге оқталу сатысына көшедi, яғни қылмыс құрамын орындауға тiкелей бағыттаған қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi жеке құрамдарда көрсетiлген iс-əрекеттердi iстейдi.
Яғни, субъект тiкелей қасақана қылмысты iс-əрекеттi iстеуге кiрiседi, бiрақ та субъектiнi əрқашан тыс жағдайларға байланыссыз қылмыс ақырына дейiн жеткiзiлмей қалады. Мысалы, бiреудi өлтiремiн деп оған жайлы жерiнен пышақ салады, бiрақ дəрiгердiң дер кезiнде көмек көрсетуi нəтижесiнде ол тiрi қалады немесе қас адамын өлтiремін деп оған у дəрi бередi, бiрақ адам кездейсоқ себеппен өлмей тiрi қалады. Қылмыс iстеуге даярланғандық жəне оқталғандық қылмыс iстеудiң бастапқы, алдын ала сатысы болып табылады [8].
Осы екi сатыға да тəн белгiлер: қылмысты мiнез-құлықтың аяғына дейiн жеткiзiлмеуi, субъективтiк жағынан осы екi сатыдағы қылмыстардың тiкелей қасақаналықпен iстелуi. Қылмысты субъектiсiнiң ырқынан тыс жағдайларға байланысты ақырына дейiн жеткiзiлмеуi болып табылады. Қылмыстың осы екi сатысы, яғни қылмысқа даярланғандық жəне қылмысқа оқталғандық абайсызда жасайтын қылмыстарда, зардапсыз (формальдық,) құрамдағы, сондай-ақ жанама қасақаналықпен жасалатын қылмыстарда орын алуы мүмкiн емес. Егер кiнəлi адам қылмыстық заңның Ерекше бөлiмiндегi жеке құрамдардың барлық, белгiлерiн iстесе, онда оның əрекетi бiткен қылмыс деп бағаланады. Мұндай жағдайда субъектiнiң iс-əрекетi мен нақты қылмыс құрамының объективтiк жағында көрсетiлген белгi -- қылмыстың зардабы нақты тууы керек. Қылмыстан болған зардаптың мəнi мен көлемі нақты қылмыс құрамы арқылы белгiленедi. Қылмыстың аяқталу, бiту уақыты əрбiр қылмыс құрамының құрылысының ерекшелiгiне байланысты да əр түрлi болады. Мысалы, қарақшылық құрамы қылмыстық залда бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлау мақсатымен шабуыл жасау депл көрсетiлген. Яғни, бұл жерде осы мақсатпен шабуыл жасағанда мүлiкті иемдену, иемденбеуге байланыссыз-ақ, қылмыс шабуыл жасаған кезден бастап-ақ, бiткен қылмыс деп саналады.
Мұнда қылмыстың субъектiсiнiң түпкi мақсаты жəбiрленушiнi өмiрiне я денсаулығына қауiптi түрде күш жұмсап, сондай-ақ күш жұмсаймын деп, қорқытып, бөтен бiреудiң мүлкiн иемдену болғанымен, қылмыс мүлiктi иемденген, иемденбегенiне қарамастан шабуыл жасап, тонау уақытынан бастап аяқталған деп саналады. Кейбiр қылмыс құрамдарының аяқталуы адам өмірі мен денсаулығыны қауiптi жағдайда калдыру (119-бап), басқа адамды көрiнеу ВИЧ ЖҚТБ-ны жұқтыру қаупiнде қалдыру (116-бап, 1-бөлiгi). Бұл аталган қылмыстар құрамындағы қауiптi жағдайда қалдыру, жұқтыру қаупiнде қалдыру бiтпеген қылмыс құрамының белгiсi емес, бiткен қылмыс құрамының белгiсi болып табылады. Сондықтан да мұндай құрам аяқталған қылмыс құрамы деп аталады.
Тiкелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру,əзiрлеу немесе бейiмдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не кылмыс жасау үшiн өзгеде қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркiне байланысты емес мəн-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады (24-бап, 1-бөлiгi). Заңда ауыр немесе ерекше ауыр қылмысқа дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылық басталады деп көрсетiлген (24-бап, 2-бөлiгi).
Заңда дайындық əрекеттерiнiң негiзгiлері ғана берiлген. Мұнда қасақана қылмыс жасауға туғызылатын жағдайлардың жалпы көрiнiстерi орын алған. Кiнəлi адам күнi бұрын ауыр, ерекше ауыр қылмыстарды жасау үшін өзiне өте қажеттi жағдайларды жасайды. Мысалы, пəтерге түсiп, ұрлық жасау үшін алдын ала иесiз пəтердi анықтап, құлыпты ашуға кезектi кiлттердi немесе басқа да кұралдарды дайындайды, жалған ақша жасау үшiн соны жасауға қажеттi аспаптарды, жабдықтарды, қажеттi материалдарды iрiктейдi, т. б. Сонымен, қылмыс iстеуге дайындалу мынадай белгiлермен сипатталады:
1) дайындық iс-əрекеттерiн жасау;
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz