Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Титулдық бет үшін

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ЖЕКЕ МҮЛІКТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТАРДЫ РЕТТЕУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ . . . 5

  1. Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың ұғымы және олардың түрлері . . . 5
  2. Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың мазмұны және олардың субъектілері мен объектілері . . .

2 ЖЕКЕ МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ИГІЛІКТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . .

2. 1 Жеке мүліктік емес игіліктер мен жеке мүліктік емес өзіндік құқықтардың арақатынасы . . .

2. 2 Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел құқықтық категориялар ретінде . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .


КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. 1995 жылы тамыз айының 30- жұлдызында референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады[3] . Осы Конституцияның 1-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі мен құқықтары, бостандықтарын құрметтеп қорғайды». Әрине, егемендік пен тәуелсіздікті іс жүзінде толықтай тиянақты орнату процесі оңайлыққа түспей отыр. Республикамызда болып жатқан өзгерістер, күндегі апталық жаңалықтар, ауқымды кең тараған процестер, белгілі өскелең талап- талғамға сай өмір сүруге ынталандырып отыр. Осы жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін халықтың әл-ауқатын, жағдайын көтеруді, әлеуметтік белсенділігімен қоғамдағы дәрежесін арттыруды, адамды өндіріске материалдық қызығушылық арқылы тартуды әр республика өз даму процесінде халықты құқықтық тұрғыдан қолдап қамтамасыз етуді басты бағдар етіп қойды. Қоғамдық қатынастарды реттеуші құралдардың бірі- заң саласы. Осы үлкен негізге саланың өзекті бір арнасы- қылмыстық заң бұл тұрғыдан алғанда көп іс-қимылды талап етеді.

Жұмыстың өзектілігі. Қазақ КСР 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілде айының 16-жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы қаңтар айының 1-жұлдызынан бастап заңды күшіне енеді[4] . Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама-қайшы іс-әрекет жасайтындарға билік пен заңның ең қатаң түрі қолданылсын», - деп атап өтті. Сол себептен қазіргі кезеңде негізінен республикамыздың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негізінің нығаюына, қылмыспен және заң бұзушылықпен күресті, күшейтуге қоғамымыздың әр мүшесінің құқықтары мен бостандықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға басты назар аударуда. Осыған орай, елімізде қатарынан қабылданып жатқан құқықтық немесе ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі заң тәртібін бұзушылық қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр. Республикада қауіпті мөлшерде өсіп келе жатқан қылмыстың ауқымы кеңінен таралуда. Мәселен, Қазақстан Республикасындағы қылмыс көрсеткіші соңғы он жыл ішінде күрделі жағдайда қалып отыр.

Жалпы қылмыстық құқықта қылмысты саралау мәселелерінің теориялық және тәжірибелік тұрғысы да өз кезегінде көкейтестілігін жойған емес. Белгілі бір әрекетті қылмыс деп табуда, жауапкершілікке тартуда, жаза тағайындауда, оны өтеуде, жауапкершілік пен жазадан босатуда тағы басқа мәселелерді шешуде қылмысты саралаудың маңыздылығы ерекше. Қылмысты саралау заңдылық қағиданың талабына орай, «арнайы заңда көрсетілмейінше қылмыста, жаза да жоқ» деген тұжырымға негізделіп қылмысты тергеу кезінде дұрыс ашу, кінәліні әшкерлеп, әділеттілікті қалпына келтірудің тиімділігін арттырады.

Жалпы алғанда, біздің ойымызша қылмыс туралы сөз болғанда оның бастапқы сатысынан орын алатын негізгі мәселе қылмысты саралау, сонымен қатар бұл қылмыс пен күрестегі негізгі профилактикалық қызметті жүзеге асыру болып табылады. Қылмысты саралаудың теориялық мәселелеріне байланысты әр қырынан өзіндік ғылыми әр қосушылар болғанымен, қоғамымызда қылмысты саралудың әдістемелік, философиялық, логикалық негіздерінің түбегейлі шешілмеген тұстары бар, сонымен қатар норма бәсекелестігіне байланысты ғалымдардың біркелкі көзқарасқа келе алмауынан, әр түрлі пікірлердің жаппай қабылданып жатқан тұстары да жетерлік.

Осыған орай алынған тақырыптың өзектілігі орынды деп атауға болады.

Берілген курстық жұмыстың мақсаты - құқықты түсіндірудің мазмұнын, оның негізгі түсінігін және құқық жүйесіндегі алатын орны мен рөлін анықтау.

Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:

қылмысты саралау ұғымын әдістемелік, әлеуметтік- саяси, қылмыстық құқықтық тұрғыда зерттеп білу;

қылмысты саралаудың логикалық нысанын жалпы диалектикалық ғылыми тұрғыда талдау жүргізу;

қылмыстық заңның талаптарында қылмысты саралаудың бағыттарын белгілеу;

қылмыстық заңның даму тарихының ерекшелігін анықтап білу және қылмысты заң диспозициясын қылмысты саралауда мәнін ашу;

қылмыс құрамының түсінігін беріп, белгілерін айқандау;

жаза тағайындау мәселесінде қылмысты саралауға тың мазмұн беріп, маңыздылығын анықтау.

Курстық жұмыстың объектісі - қылмыстық құқықтық жалпы бөлімінің институттарының ішіндегі қылмыстық заңдардың міндеттері жөнінде іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы, қылмыстың нақты құрамының барын анықтау, іс-әрекетте құқыққа қайшы, қоғамға зиянды мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін белгілеуде, кінәліге жаза тағайындауда, кінәлінің жеке тұлғасын анықтауда қылмысты дұрыс саралаулы жүзеге асыру болып табылады.

Курстық жұмыстың пәні - Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, қылмыс құрамының элементтерін дұрыс анықтап, әділ соттылықты жүзеге асыру қылмысты саралаудың пәні болып табылады.

Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

  1. Қылмысты саралаудың түсінігі мен мазмұны

Қылмысты сарлау қылымыстық құқық теориясында ең маңызды түсінік. Бұл түсінік ғылым саласында да, тәрірибе тұрғысында да кеңінен қолданылады. Сарлау (латын тілінде quaIitas- сапа сапалы) деген мағынан білдіреді. Шын мәніне келгенде, саралау, яғни сапаны бағалау адамның тәжірибелік қызметінде қалыптасқан. Ендеше, біздің айналамызда бірімен-бірі байланысты және үнемі қозғалыста болатын әртүрлі заттар мен құбылыстар өмір сүреді. Әрбір зат немесе белгілі қимыл іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) құбылыс өзіне ғана тән ерекшеліктермен сипатталады. Мысалы, қылмыс құрамының элементтері бір-бірінен өзгеше. Мұндай ерекшеліктер сапаны бағалау ерекшеліктер деп аталады. Заттың, құбылыстың сапасын адам өзінің тәжірибелік қызметінде ғана анықтай алады. Ал сапасын бағалау - кез келген заттың мөлшерін, өлшемін түрін, тобын анықтау болып табылады. Ол басқа заттар мен құбылыстар мен тікелей немесе аралық байланыста және қатынаста болады. Сондықтан оның осы қатынаста көрінетін көптеген сапасы бір. Сонымен қатар, заттар немесе құбылыстар бір-бірімен белгілі бір қатынаста бола отырып, бірінен-бірі мөлшер жағынан ерекшеленеді. Мысалы, қылмыстық жауаптылық мәселесін шешуде және жаза тағайындауда жазаның мөлшерін белгілеу ерекшеленеді. Сондықтан, заттар мен құбылыстардың, белгілі іс-әрекетінің (әрекет немесе әрекетсіздік) сапасын, мөлшерін, өлшемін айқындау өте маңызды. Бұл арада, философия тарихында сапаны бағалауға, мөлшерге тұңғыш рет Аристотель айырықша көңіл бөлді, «Мен сапа деп заттың ненің арқасында осындай бола алатынын айтамын» [6, 164б], «мөлшер дегеніміз құрамдас бөліктерге бөлініп, оның әрқайсысы екі немесе одан да көп болама, әйтеуір өзінің табиғаты жағынан бір және анықталған нәрсе. Кез келген мөлшерде есептелетін болса және өлшенетін болса шама делінеді», - деп көрсетті ол. Шынында да сапа объективті сипатта адам ойлауының жалпы түрлерінде, дүниені тану мен тәжірибелік өзгерудің сатыларында, адамның тәжірибелік қызметінің түбегейлі қағидалары болып табылады.

Біздің ойымызша, заттың сапасы мен мөлшері диалектикалық бірлікте болады. Затты тану, білу оның сапасын бағалаудан басталады, сонан кейін бірте-бірте оның мөлшерін тану, біту сатысына көтеріледі. Өйткені адам қоғам дамуының ең алғашқы сатысында заттың сапасын айқандаудың қайнар көзі түйсіну болған. Адам затты сапасынан бөлек алып қарай алмайды. Әрбір ғылымның және тәжірибелік іс-әрекеттің саласының өзінің ережесі, әдістері болады, өйткені белгілі бір әдісті қолданбайынша нақты ғылыми және тәжірибелік міндеттерді шешу мүмкін емес. Мұндай ережелер мен әдістерде сапаны бағалаудағы жинақталған тәжірибенің нәтижелері қорытылған. Сондықтан да олардың артықшылықтары мен кемшіліктері ғылымның, адамның тәжірибелік еңбегінің даму дәрежесіне байланысты анықталып отырады. Жаңа дәуірде қоғамның одан әрі дамуына сәйкес сапаны қабылдаудың да әдістері өзгереді. Кейінірек адамның тәжірибелік қызметінің даму дәрежесіне сәйкес зат пен оның сапасының бірлігі бұзылып, сапа туралы жалпы түсінік қалыптасты. Адамның заттың маңызды және маңызды емес қасиеттерін ұғыну сапаны бағалаудағы қажетті саты. Ол өзінің тәжірибелік қызмет аясында жаңа затты қамти отырып, оның кейбір қасиеттері сол заттың өмір сүру үшін өте маңызды екенін байқады. Демек, қасиет дегеніміз- заттар арасындағы қатынас, әрбір зат басқа заттармен қатынаста болатыны және байланысты екені белгілі. Осы қатынас пен байланыста ғана оның қасиеті көрінеді. Белгілі бір зат даму барысында өзінің өте маңызды қасиеттерін, яғни сапасын өзгерте отырып басқа затқа айналады. Осыған орай, заттың сапасын бағалауда заттың өлшемі туралы түсінік қалыптасады. Әртүрлі заттың әртүрлі сапасы бар. Тіпті бір заттың өзі көп сапалы. Ендеше сапа дегеніміз- заттың аса маңызды қасиеттерінің функциональдық бірлігі. Алайда, заттың сапасы туралы түсінікпен бірге оның мөлшері туралы түсінік те қалыптасты. Дегенмен, мөлшер туралы адам ұғымы оның тәжірибелік өзгертушілік қызметі барысында өмірге келді. Аристотель заттың сапасын бағалау ұғымына тңғыш рет анықтама беріп, «Категориялар» және «Метофизика» атты еңбектерінде соларды зерттеді. Бұл арада біз Д. Локктың алғашқы (бірінші) және соңғы (екінші) сапалы туралы ілімді ашып, сапаны бағалауды одан әрі дамытуда, бірінші сапаларға - қозғалыс, тыныштық, тұлға, ал екінші сапаларға - түс, жарық, иіс, әрекет, дәм жатады деген пікіріне жүгінеміз. Біздің ойымызша, алғашқы сапалар объективті, өйткені олар бізден тыс өмір сүріп тұрған кеңістіктің, қозғалыстың, тыныштықтың, тұлғаның бейнелері, денеден ажырамайтын сапалар. Сол сияқты, сыртқы дүние заттарына тән емес, яғни субъектіге, түйсінуші адамға ғана қатысты. Қоғамдық тәжірибенің одан әрі дамуына сәйкес мұндай түсінік жеткіліксіз болады. Мәселен, Гегель философия тарихында өзінің «Логика ғылымы» атты еңбегінің біріші бөлімінде алғаш рет сапаның мазмұнын абстрактілік, арақатынасы жасанды деп көрсетті. Әлбетте, заттың сапасын бағалау адамның тәжірибелік қызметінің жалпы шарттары. Материалистік негіздені диалектикалық әдістерді қолдана оытырп, К. Маркс пен Ф. Энгельс сапа, мөлшер, өлшем табиғаттың, қоғамның және ойлаудың, яғни заттың сапасын бағалау теңдесі жоқ жетістік екенін атып көрсетті. Осының нәтижесінде сапаға, мөлшер мен өлшемге Гегель берген диалектикалық түсінікті мтаериалистік тұрғыдан қайта өңдеп, ғылым, мәдениет тәжірибе саласының талабына сай одан әрі дамыта отырып, оларға дәйекті материалистік сипат берді. Осыған орй объективтік ақиқаттың жалпы анықтамалары болуымен бірге сапа, мөлшер, өлшем сиықты түсініктер адамның дүниені тану мен меңгеруіне алғашқы құралдары екенін анықтады. Әрине, заңның сапалық-мөлшерлік анықтамаларын танып-білу оның сапасын танудан, бағалаудан басталады. Сапаны бағалауды қылмыстық заңға байланысты алсақ, бұл дегеніміз- қоғамға қауіпті іс-әрекетті аралас деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын, сапалы бағаны беру деген мағына, яғни кез келген заттың, құбылыстың, сапасына қандай бір сапалық категориясына, тобына, түріне мән беру болып табылады. сапасынң өзара саралауға ауыспалы заңы қылмыстық заңда үлкен әдістемелік және тәжірибелік рөл атқарады. Қылмыстық заңда саралау ұғымы сот, прокуратура, тергеу т. б. қызмет органдарының тәжірибелік қызметіне айқан көрінетін олардың іс-әрекетімен тығыз байланыста болатын түсінік. Саралау ұғымын түпкі мағынасын толық ашып қарастырған болсақ, қазіргі таңда кейбір оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде «саралау» ұғымы «дәрежелеу» ұғымымен алмастырып отыратынына куә болып жатамыз. Мәселен, саралау түсінігі белгілі іс-әрекеттің, құбылыстың, заттың сапасын анықтау, бағалауғ айқындау болса, дәрежелеу түсінігі орысша (степень, уровень) шегі, дәредесі деген мағына, яғни жоғарғы дәрежелі мамандық алу, жоғарғы дәрежелі қызметке тағайындалу деген түсінік береді. Саралау түсінігі орысша (квалификация) болып аударылады, демек бұл тура мағынасы, ал ауыспалы мағынада дәрежелеу деген дұрыс емес түсінік. Осыған орай, саралау мен дәрежелеу сөздері бір-бірімен баламалы, синонимдік мағынада көрініс таппайды. Біздің ойымызша, қылмыстық заңға байланысты қылмыстық құқық теориясында саралау түсінігінің қолданылғаны дұрыс болып табылады, өйткені қылмыстық құқықтық нормаға сәйкес құқықтық баға беру, қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтау қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу, қылмыстарды ажыратын жіктеу, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеу, қылмыстың және қылмыскердің қауіптілік дәрежесін анықтау жазаның мөлшерін белгілеу, норма бәсекелестігін үйлестіру кезінде керекті норманы таңдап алу, сонымен қатар қылмыстық жауаптылық мәселесін шешуде қылмысты саралау ретінде көрініс табады.

Айталық, Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының қолдану шегінен әрекеттілігі үш түрлі мағынада көрініс табады.

қылмыстық заңда қолданылады;

қылмыстық-құқықтық нормада талқаланады;

қылмысты саралау аясында қолданылады [7, 14б] .

Бұл үш түсініктің бағыты да, мағынасы, мазмұны да біртектес тығыз байланысты, бірақ қолдану шегіне орай мақсаттары әртүрлі. Шынында да, соңғы екі түсінік бірінші түрдегі түсінікті, яғни қылмыстық заңның дұрыс қолдану тәсілін айқындап, бейнелейді. Ал біздің нақты зерттейтін тақырыбымыз, қылмыс құқығының қолдану шегінің әрекеттілігінің үшінші түрі қылмысты саралау. Қылмыстық құқықтағы кез келген сұраққа жауап теория және тәжірибе жүзінде саралаудың қатысуымен шешіледі. Демек, қылмысты саралау мәселесі теория бойынша да, тәжірибе тұрғысынан алғанда да күрделі де маңызды мәселелердің бірі. Қылмыс жасаған адамның тағдыры жасалған іс-әрекетті (әрекет немесе әрекетсіздік) қалай сараланғандығына байланысты. Қылмысты саралауды қылмыстық құқық ғылымының институты ретінде танытқан ең тұңғыш докторлық диссертацияны профессор В. Н. Кудрявцев ұсынды. Оның пікірінше, қылмысты саралау дегеніміз-қылмыс белгісі бар іс-әрекетті (әрекет немесе әрекетсіздік) Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі баптарына дәлме-дәл жатқызу арқылы белгілі қылмысқа құқықтық баға беру, [5, 66] деп санады. Осы тұрғыда, А. А. герцензон «Қылмысты саралау қылмыстық заңда белгіленген қылмыс құрамының және нақты іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздік) белгілерін көрсетілген баптың нормаларына сай келетіндігін анықтау»- десек, [8, 4б] Б. А. Куринов қылмысты саралаудың ұғымын теория және тәжірибеде екі мағынада қолданылатындығын қарастырды. Біріншіден, қылмысты саралау деп- Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларында көрсетілген қылмыс құрамының белгілерін нақты қылмыс әрекет (әрекетсіздігінің) тепе-теңдік ұқсастық пен қатар қолдануын және белгілі бір логикалық процесте анқталуын айтады. Екіншіден, қоғамға қауіпті іс-әрекетке құқықтық анықталған, баға беруді айтады [9, 7б] . Бұл екі түсінік бір-бірімен тығыз байланысты, ендеше екеуі де қылмысты саралаудың ұғымын құрайды. Шын мәнене келгенде, Б. А. Куринов қылмысты саралаудың ұғымын толық ретте қылмыс процесінің кезеңдерінде ерекше сипат алатынын талқалып, сынға алған. Осыған орай, В. Н. Кудрявцевтің тағы бір жерінде қылмысты саралаудың мазмұнын екі түрлі мағынады бейнелегенін атап көрсетпеуге болмас. Олар: а) нақты бір немесе бірнеше қылмыс белгілерін проецесте анықтау, б) сот, прокуратру органдарының іс-әрекетінің қорытындысын белгілі құқықтық актіге сәйкес қалыптастырып бекіту [5, 6б] . Жоғарыда айтылған қылмысты саралау ұғымы туралы ой-пікірлерді жинақтай келе былайша тұжырымдауға болады. Қылмысты саралау ұғымын бейнелеген әрбір бағыт маңызды. Бірі екіншісінен мәнді немесе керісінше деп санау күрделі ұғымының мазмұнының ерекшелігін көрсетеді. Бұл арадағы маңызды нәрсе жоғарыда аталған үш бағыттың мақсаты және қолдану аясын дұрыс анықтау болып табылады. Мсәелен, В. Н. Кудрявцев пен Б. А. Куриновтың соңғы көзқарасы өте орынды айтылған. Өйткені, бұл пікірде бастапқы түрімен соңғы түрі бір-бірімен үйлесе отырып, белгілі тәжірибелік мәліметтерге деректік жолмен анықтау барысында қорытынды айғақтарға негізделеді. Ғылыми теорияда ғалымдар әрқашанда сайып келгенде деректік жолмен анықталған шындық айғақтарға сүйенеді, оларды индукциялық жолмен қорыта отырып, жаңа заңдылықтар ашады. Қылмыстық құқық теориясында бір бағытта қылмысты саралаудың ұғымын құрайтын пікірлер жеткілікті. Атап айтсақ, В. И. Малыхин [10, 5], С. А. тарарухин [11, 11б], В. А. Бурчак (12, 5б), В. А. Левицкий [13, 144б], О. Ф. Шишовтың [14, 11] монографияларында қамтылған. Алайда, қылмысты саралау ұғымы туралы ғалымдар арасында ешқандай қарама-қайшылықты ой-пікірлер орын алмайды, бірақ сан ғасырлар бойы орын алып келген қылмысты саралауға байланысты ғылыми негізде түсіндірме беру өте қиынға соқты. сондықтан да түсініксіз байланыстар, қайшылықтар туғызатын ұғымдар, тар өрісті ойдың ғана жемісі деп саналады. Пайымдап ойлап қарасақ, соңғы ғасырлардың өзінде қылмысты саралау мәселелерін зерттеуге ұмтылып, жүйелі еңбектер тануда тың білім игерген ғалымдар жеткілікті. Мәселен, В. Сергиевский мен С. Рахметов, Т. Г. Черненко, А. В. Наумов пен А. С. Новиченко т. б. Бұл арада біз В. Сергиевский мен С. Рахметовтың қысқа да, нұсқа көзқарасына жүгінсек, қылмысты сарлау деп - қоғамға қауіпті іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу деді [15, 10б] . Ал, энциклопедиялық түсіндірме сөздікте, қылмысты саралау ұғымының мәнін толық ашуға тырысқан. Қылмыстық саралау қылмыстық заңда көрсетілген, қылмыс құрамының белгілі бір процесуалдық актіге сәйкес қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік) анықтау. Сонымен қатар қылмысты саралауды кезеңдерге бөліп көрсеткен.

- қылмысты саралау қылмыскерге жаза тағайындауда негізгі, маңызды алғы шарт;

- қылмысты саралау қылмыстық сот өндірісінде заңды басты талқылауға алуда негізгі басты алғы шарт;

- қылмысты саралау нақты заңмен белгіленген заңдылық қағиданы бұлжытпай орындайтын алғы шарт; [16, 562б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аяқталмаған қылмысты саралау
Қылмысты саралаудың теориялық мәселелері және қылмыспен күресте алатын орыны
Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері
Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері жайында
Қазақстан Республикасы қылмыстық қүқығындағы қылмысты саралаудың жалпы түсінігі мен маңызы
Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы
Қылмысты саралау және оның ұғымы
Қылмысты объекті бойынша саралау
Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау
Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтағы орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz