Аппеляциялык шағым беру, наразылык білдіру кұқығы және тәртібі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

I ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІ МЕН ҮКІМДЕРІНЕ НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРУ, ШАҒЫМДАНУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Аппеляциялык шағым беру, наразылык білдіру кұқығы және тәртібі ... ... ... .

II АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Аппеляциялық өндірістің түсінігі, козғау негіздері, пәні және шектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Аппеляциялық сатыдағы өндірістің және шешім қабылдаудың тәртібі ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыста Заңды күшіне енген соттың үкімдері мен қаулыларын қайта қарау сатысының мәні мен міндеттері қарастыру.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заңшығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды.
Қылмыстық істі шешу, яғни, айыптау үкімін шығару барысында Қылмыстылықты және қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлілігін немесе ақтау барысында оның кінәсіздігін анықтау тек бірінші сатыдағы соттың міндетіне жүктелген. Сот істі қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Бұл жерде, ең бастысы іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың, сондай-ақ сотталушы жасаған іс-әрекеттің қылмыстылығын және жаза колдану дәрежесін анықтайтын заңдардың еш бурмаланбай, катаң сақталғаны жөн. Осы талаптарға ақтау үкімін шығару, сол сияқты істі қысқарту жағдайлары да бағынады.
Айыптау немесе ақтау үкімі, яки істі қысқарту жөніндегі қаулы -- бұл соттың каралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау қүқық бұзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, кылмыстық іс жүргізудегі әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялык сот өндірісіне жүктеліп отыр.
Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ кателесуден қорғау міндеттерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін кайта қарау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі сотыкқ тексеруге жатқызылады. Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады.
Қазакстан Республикасының Конституциясы әрбір адамға өзінің құқықтары мен бостандықтарының соттық қорғалуына кепілдік береді. Қылмыстық сот өндірісі және бас сот талқылауы барысында азаматтардың құқықтары шектелуі мүмкін болғандықтан, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық істерді объективті және әділ шешілуінің маңызды тәсілдерінің бірі ретінде сот үкімдері мен қаулыларына шағымдану. наразылық білдіру және сот шешімін қайта қарауды тиянақты түрде көрсеткен.
Апелляциялық сатыдағы (инстанциядағы) өндіріс - күшіндегі заңның новелласы болып табылады. Алайда, кылмыстық іс жүргізудің бірде-бір сатысы жана ҚІЖК-сі қабылданған уакыттан бері мұндай өзгертулерге ұшыраған жоқ.
Апелляциялық өндірістің алғашқы варианты заңшығарушымен істердің сотта қаралу нәтижелерін тексеру нысанында болды. Істердің апелляциялық тәртіппен кайта каралу тәртібі, ол кұрылған сәттен бастап көптеген сенімсіздіктер туғызғандығын айта кету керек. ҚІЖК-нін тиісті ережелерінің күшіне енгізілуінің кейінге қалдырылуының себептерінің бірі осы болса керек.
Қазақстан Республикасының 2001 жыл 11 шілдедегі Заңымен бекітілген сот шешімдерін шағымдану және наразылык білдіру тәртібі бұрынғы кассациялық және апелляциялық өндірістің жеке элементтерін біріктірді. Яғни, бұл жерде бұл шағымдану, наразылық білдіру тәртібінің жаңадан туылғандығы жөнінде айтуға болады.
Апелляция институты Қазақстанның қүқықтық жүйесі үшін бейтаныс болғандыктан, апелляциялық өндіріс туралы ережелердің іс жүзінде қолданылу проблемалары кім-кімді де қызықтырары анық. Бұл жерде қылмыстық іс жүргізу қызметі субъектілерінің алдында тұрған міндеттердің үлкен маңыздылығын, күрделілігін және айрықшалығын ескере отырып, апелляциялық өндіріске арналған отандық құкықтық әдебиеттердің жоқтың қасы екендігін, ал қазақ тіліндегі ондай әдебиеттердің жоқ екендігін айта кету керек.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығында алғаш рет қылмыстық іс жүргізудің жаңа сатысы, заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен қаулыларына шағымдану, наразылық білдіру, яғни апелляциялық сатысын кешенді түрде талдау жасауға талпынысымен анықталады.
Жүргізілген зерттеу қылмыстық сот өндірісіндегі жаңа саты, апелляциялық сатының мәнін, мазмұнын ашуға, тәжірибеде қолданылуын зерттеуге, тарихи және салыстыру-қүқықтық талдаулар жасауға және қылмыстық іс жүргізу сатыларының ішінде алатын маңызды орнын ашуға мүмкіндік береді.
Осы жоғарыда айтылғандарды ашу, зерттеу және талдау жасау бітіру жұмысының мақсаты болып табылады және ол мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
* заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық
келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы, апелляциялық өндірістің
мазмұнын анықтау;
* Заңды күшіне енбеген соттың үкімдері мен қаулыларын қайта қарау сатысының мәні мен міндеттері қарастыру;
* апелляциялық шағымдануға қүқықты тұлғаларды, олардың тәжірибеде қалыптасқан шағымдану, наразылық білдіру әрекеттерін зерттеу;
* апелляциялық сатыда істі қарау тәртібін және оның бұрынғы кассациялық, апелляциялық сатылардан айырмашылығын ашу;
* апелляциялық өндірісітің тарихи және салыстыру-құқықтық талдауларын шығару.
Курстық жұмыстың құрылымы. Бұл курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, төрт бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

1 ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІ МЕН ҮКІМДЕРІНЕ НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРУ, ШАҒЫМДАНУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ

0.1 Занды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді. за шығарушы, аткарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды.
Қазакстандық сот жүйесінің негізін, мәнін анықтайтын құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы және "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заң болып табылады. Бүл құқықтық актілерге сәйкес, соттар инстанцияларға бөлінеді. Бірінші инстанциялы сот - істі мәні бойынша қарайтын сот. Екінші инстанциядағы сот - заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық және шағым негізінде істерді аппеляциялық тәртіпте қайта қарайтын сот. Үшінші инстанция - занды күшіне енген сот шешімдері мен үкімдерін қадағалау тәртібінде қайта қарайтын сот.
Жоғарыда аталған соңғы екі инстанциядағы соттар өздеріне заң жүктеген тәртіпте I инстанциялы және одан кейінгі соттардың үкімдерінін, шешімдерінің, қаулыларының негізділігін және заңдылығын тексереді. Тексеру сатысының ең басында аппеляциялык тұрады.
Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ қателесуден корғау міндеттерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін қайта қарау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі соттық тексеруге жатқызылады.
Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады. Оның шығу тарихы сонау көне римдік құқықтан бастау алады. Ол заңды күшіне енбеген сот шешімдерін айта қарау сатысы ретінде жақсы таныс. Аппеляция сот өндірісінің басқа да нысандары сиякты әр уақытта дұрыс көзқараспен қабылданып, түрлі жолдармен дамытылып отырған.
Қылмыстық істің мәні бойынша қабылданған сот шешімі әрқашанда Қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаға, іс жүргізуге қатысқан азаматтарға қоғамға және мемлекетке өте маңызды болып табылады. Сот шешімдері көбінесе сол іспен байланысты адамдардың тағдырын, құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін түбегейлі түрде өзгертеді. Мемлекет сот төрелігін жүргізу өкілеттігін өзіне ала отырып, бүкіл халык атынан әрекет етеді және қоғам алдында қылмыстық істердің әділ, ізгілікті, жылдам және уакытылы шешілуіне жауапты болады. Үкім шығаруда заңды және фактiлiк қателерге бой алдыруға, заң бекіткен тәртіптен ауытқуға болмайды.
Алайда, сот қателерін және іс жүргізушілік нысан нормаларының бұзылуын толық жою өкінішiке орай мүмкін болмай отыр. Мұның себептері әр түрлі болуы мүмкін: субъективизм, біліктілігінің төмен болуы немесе судьялардың шатасуы. коррупция, Қылмыстық қудалау органдарының заңсыз әрекеттері және т.б. Мұндай кереғар жағдайларды жою үшін заң истанциялы сот шешімдерінің және үкіметінің түпкілікті емес екендігін және оларды қайта қарау үшін шағымдану және наразылық келтіру тәртібін көрсетеді.
ҚР ҚІЖК-сі аппеляциялық өндірісті заңды күшіне енбеген сот шешмдері мен үкімдерін қайта қарау деп түсінеді. Үкімнің заңды күшіне енуі сот шешімінің атқарылуға жіберілгендігін білдіреді. Басқаша айтқанда, осы уақыттан бастап сот мемлекеттің еркі, Қазақстан Республикасының территориясындағы барлық азаматтарға, заңды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға міндетті болып саналады және өзінің құқықтық күшіне байланысты заң актісіне тең болып табылады.
Заң шығарушы сот қателерін анықтау және оны жою мақсатында ҚР ҚІЖК-нің кез-келген уәкілетті субъектілері шағымдануға және наразылық білдіруге құқықты он тәуліктік мерзiм белгілейді. Осыған сәйкес, сот үкімдері мен шешімдеріне аппеляциялық наразылық келтіру және шағымдану институты сот шешімдерін тексерудің тиімді тәсілі болып табылады, елдегі сот билігін жүзеге асырудың заңдылығын және әділдігін қам тамасыз етеді. Со
Сонымен, заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау дегеніміз - басты мақсаты азамат пен қоғамды сот қателерінен қорғау, Қылмыстық-құқықтық қатынастардың барлық қатысушылардың заң нормаларын сақтауды қамтамасыз ету, сот төрелігін әділ, ізгілікті және демократиялы жүргізілуіне кепілдік туғызу болып табылатын кылмыстық процестің ерекше сатысы.
Іс жүргізу әрекеттеріне, сот шешіміне, сот өндірісіне шағымдану еркіндігінің конституциялық ұстанымын орындау мақсатында заң тараптардың жарыспалылығы мен тең құкықтылығы негізінде айыптауға және қорғауға шағымдану, наразылық білдіру үшін бірдей қүқық береді. Тараптар жасалынған шағымдарға, наразылықтарға қатысты өз ойларын айтуға өздерінің қарсылықтарын білдіруге, іс кұжаттарын бірінші сатыдағы сотта қаралмаған қосымша материалдармен толықтыруға мүмкіндік алды. Егер шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері дәлелді себептермен өтіп кетсе, оларды қалпына келтіруге кепілдік берілді.
Апелляциялық инстанция -- тараптар үкім туралы, оның негізіне алынған дәлелдемелер туралы өзінің ой пікірін жеткізетін сот.

1.2Аппеляциялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы және тәртібі.
Еліміздің үстық заңы аппеляциялық өндірісті қозғауды тараптардың еркіне жүктейді. ҚР ҚІЖК-нің 396-бабына сәйкес, заңды күшіне енбеген сот үкімдеріне Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының үкімдерін қоспағанда, тараптар аппеляциялық тәртіппен шағымдануы және наразылық білдіруі мүмкін. Үкімге шағымдану құқығы сотталушыға, ақталушыға, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдеріне, жәбірленушіге және онын өкіліне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері үкімге, оның азаматтық талапқа қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.
Наразылық білдіру құқығы істі қарауға мемлекетгік айыптаушы ретінде қатысушы прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, обылыс прокурорлары мен оның орынбасарлары, аудандардың строкурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары істі қарауға қатысуына қарамастан өз құзыреті шегінде наразылық білдіруге құқылы.
Аппеляциялық шағымның немесе наразылықтың болмауы, заңды күшіне енбеген сот каулыларың, үкімдерін қарайтын алпеляциялық ендірістің жоқ болуына әкеп соғады.
Шағымдау және наразылық келтіру - аппеляциялық қайта қарау сатысының бастамасының жалғыз ғана шарты болып табылады.
Аппеляциялық өндіріс соттың бастамасымен басталуына заңмен тыйым салынған. Тараптардың аппеляциялық өндірісті қозғау құқығын түсіндіру үкім шығарған сотқа жүктелген. Заңшығарушы I инстанциялы соттағы төрағалық етушіге сотталушыға және басқа да қатысушыларға мынаны түсіндіруді міндеттейді:
- төрағалық етуші сотталушыға (ақталушыға), процестің басқа да . қатысушыларына үкімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімін, сот отыры сының хаттмасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын, сондай-ақ істі аппеляциялық қарауға қатысу туралы өтініш беру кұкығын түсіндіреді;
- ақталушыға оның заңсыз ұсталумен, тайыпкер ретінде тартумен, бұлтратпау шараларын қолданумен, сотқа заңсыз тартумен келтірілген Зиянның орнын толтыруға деген қүқығы, сондай-ақ осы кұкықты жүзеге асыру тәртібі түсіндірілуге тиіс,
- егер сотталушы ерекше жаза турі - өлім жазасына кесілген болса төрағалық етуші оған кешірім жасау туралы өтініш беру куқығын түсіндіреді
Заң аппеляциялық шағымға, наразылыққа ерекше талаптар қояды. ҚР ҚІЖК-нің 407-бабына сәйкес, аппеляциялық шағымда:
2) шағым. наразылық жолдап отырған соттың атауы;
2) Іс жүргізілгендегі жағдайы, тұрғылықты жері немесе жүрген жері көрсетіле отырып, шағым жасаған немесе наразылық келтірген адам туралы деректер,
4) шағым жасалып, наразылық келтіріліп отырған үкім немесе қаулы және осы негімді шығарған соттың атауы;
5) үкімге, қаулыға толық немесе оның бір бөлігіне шағым жасалып, наразылық келтіріліп отырғанын көрсету;
6) шағым, наразылық келтірген адамның пікірінше сот үкімнің, қаулысының дұрыс еместігі неде екендігі жөнінде дәлелдері және оның өтінішінің мәні;
7) арыз беруші өз талаптарына негіз ететін, соның ішінде бірінші сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;
8) шағымға, наразылыкқа қоса тіркеліп отырған материалдардың тізбесі;
9) атым, наразылық келтірген күн және шағым, наразылық келтірген адамның қолы болуға тиіс.
Жасалған шағым, келтірілген наразылық осы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, олар берілген деп есептеледі, бірақ аяғына дейін рәсімдеу үшін мерзімі көрсетіліп қайтарылады. Егер қайта жасалғаннан кейін аппеляциялық шағым, наразылық аталған мерзім ішінде сотқа табыс етілмесе олар берілмеген болып есептеледі.
Аппеляциялық шағымды, оның нысаны мен мазмұны ерекше құқықтық табиғатына байланысты қисындалған арнайы шағым ретінде түсінуге болады. Аппеляциялык шағым мазмұнының құрылымы бұлай регламенттелуі, бұл құжатта ең маңызды кұжаттардың бірі - мемлекет атынан шығарылған сот үкімінің күмандандырылуымен түсіндіріледі. Шағым арқылы заң негізінде қабылданған сот төрелігінің актісі дауланады және сотталушыға, жәбірленушіге, қоғамға тиісті салдар әкеледі. Сот шешімінің күшін жоюға немесе өзгертуге бағытталған әрекеттер тек заңда бекітілген жағдайда және тәртіпте, тиісті құқықтары мен шағымдануға жеткілікті заңдық және фактілік негіздері бар субъектілермен берілуі тиіс.
Сот үкімдерін және шешімдерін қайта қарау тек қана моральдық және құкықтық жағынан ғана емес, материалдық жағынан да шығынды болып табылады. Істі аппеляциялық қайта қарау істің материалдарын жаңадан (толық немесе ішінара) зерттеумен, куәларды шақырумен, дәлелдемелерді қайта зерттеумен және басқа да күрделі әрекеттерді орындаумен байланысты болады.
Осыған байланысты, заңшығарушы аппеляциялық шағым мәнінің талаптарын нақтылай отырып, сот қателерін және оның салдарын тиімді, рационалды және толық жоюға мүмкіндіктер беретін кажетті кепілдіктер туғызады. Шағымданушыны өзінің позициясын нақты және аргументті түрде көрсетуге, оның берген қорытындыларының дұрыстығын дәлелдейтін материалдар беруге міндеттейді.
Наразылық заңмен прокурордың заңбұзушылыққа шара көру актісі ретінде анықтайды. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазакстан Республикасының Прокуратурасы туралы" күшi бар Жарлығының 19-бабына сәйкес: прокурор Конституцияға, заңдарға және Республика Президентінің актілеріне қайшы келетін нормативтік және өзге де құқықтық актілерге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен ісәрекеттеріне наразылық жасайды. Наразылық оны шығарған органға немесе жоғары тұрған органға беріледі.
Аппеляциялық наразылық білдіру құкығы істі қарауға мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысушы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарларына, облыс прокурорлары мен олардың орынбасарларына, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарларына тиесілі. (ҚР ҚІЖК-нің 396-б. 3-б.)
ҚР ҚІЖК-де немесе жоғарыда аталған Жарлықта прокурордың наразылығының анықтамасын толық түрде ашып көрсетпейді. Алайда, заңның мағынасынан мынаны анықтауға болады, яғни, сот шешіміне прокурордың наразылығы - бұл прокурордың ҚР Конституциясына, ҚІЖК-не немесе басқа нормативтік актісіне қайшы келетін сот шешімін толық немесе ішінара күшін жою туралы талабы көрсетілетін, үкім шығарған сот арқылы жоғарғы тұрған сотқа берілетін бекітілген нысандағы жазбаша өтініші.
Прокурорлық наразылыктың іс жүргізшілік нысаны заңда көрсетілмеген, алайда, жалпы ережелерге сәйкес, бұл құжат та прокурордың, сыныбы (шені), тегі - наразылықтың бастамашысы істің қысқаша фабуласы және наразылық келтірілетін шешімнің мәні, күшіндегі заңға сілтемемен көрсетілетін прокурордың позициясы, үкімді жою немесе өзгерту туралы және шара көру туралы талабы, сондай-ақ ҚР ҚІЖК-нің 407-бабында көрсетілген басқа да жагдайлар болуы тиіс.
Шағымның наразылықтан негізгі айырмашылығы, шағымның авторы сотталушы ақталушы, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдері, жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері болса, ал наразылықтың авторы тек мемлекттің арнайы лауазымды тұлғасы - прокурор болады. Шағымаданушылар көбінесе жеке мүдделерін қорғаса, прокурор өзінің ерекше құқықтық мәртебесіне байланысты қоғамның мүдделерін қорғауды қамтамсыз етеді.
Сонымен қатар, Қазакстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" күшi бар Жарлығының мазмұнын талдауда, прокурордың наразылық білдіруге фактілік негізі заңның бұзылуы болса, шағымның пәні ҚІЖК-де нақты түрде шектелмеген. Яғни, шағымданушы тек қана занға қайшы әрекеттерді ғана емес, оның ойынша құқыққа қайшы әрекеттерді мысалы, олардың моральға немесе этикаға жат әректтерді де даулай алады. ҚІЖК-нің 398-бабына сәйкес, шағымдар, наразылықтар үкім қабылдаған сот аркылы беріледі.
Аппеляциялық сатыларға тікелей келіп тускен шағымдар, нарзылықтар сотталушыны немесе ақталушыны, қоғаушыны, айыптаушыны, жәбірленушіні және оның өкілін, сондай-ак егер шағым, наразылық олардың мүдделерін қозғайтын болса, шағымды немесе наразылықты хабарлау үшін үкім қабылдаған сотқа жіберілуге жатады. Шағымның, наразылықтың көшірмесі бұл тұлғаларға жазбаша түрде және келсiпеушіліктерін білдіру мүмкіндігі, оның мерзімі түсіндіріліп жіберіледі,
Шағым бірнеше нұсқада сот кеңсесі арқылы беріледі. Бір нұсқасы сот кеңсесінде қалады және кейін судьяға жіберіледі. Екіншісінде штамп қойылып, құжаттың кіріс номері және мерзімі қойылады. Бүл нұсқа шағымданушыда қалады және тіркеуде шағым беру фактісін куәландырады. Үшінші нұсқасы немесе көшірмесі осы актімен мүддесі қозғалатын тұлғаға жіберіледі. Прокурордың наразылығы секратариатта (кенседе) тіркеледі және сотқа курьер немесе пошта арқылы жіберіледі. Заң аппеляциялық шағымның басқа әлiспен жіберілуіне тыйым салмайды. Шағымдарды заказда хатпен немесе экспресс-поштамен де жіберуге болады.
ҚР ҚІЖК-нің 399-бабына сәйкес, бірінші сатыдағы соттың үкіміне шағымдар, наразылық білдірулер аппеляциялық тәртіпте үкім жарияланған күннен бастап оп тәулік ішінде, ал қамауда ұсталған сотталушыларға оған үкім көшірмесі табыс етілген күннен бастап нақ сол мерзімде жасалуы мүмкін. Заңды күшіне енбеген сот үкімдеріне шағымданудың бірегей мерзімін орнатудың мақсаты: бірінші инстанциялы сотпен қаралған Қылмыстық іс материалдарын жылдам рәсімдеу; процеске қатысушыларға Қылмыстық істің материалдарымен танысуға және сот шешіміне шағымдану құкығын беру; шағымдарды, наразылыктарды аппеляциялық инстанциямен үкімнің занды күшіне енуін немесе күшін жою, езгерту максатында жылдам қарау болып табылады.
Үкімге шағым жасау белгіленген мерзім ішінде іс соттан талап етіле алмайды. Мерзім өткеннен кейін берілген шағым, қарсылы қараусыз қалдырылады. Аппеляциялық шағым немесе наразылық беру мерзімін (есептеу ҚР ҚІЖК-нің 54-бабында бекітілген жалпы ережелерге сәйкес жүргізіледі.
ҚР ҚІЖК-нің 399-бабы бекіткен он туəлік үкім шығарғаннан кейінгі күнген бастап немесе қамауда ұсталған сотталушыға үкімді бергеннен күннен бастап есептеледі.
ҚР ҚІЖК-нін 403-бабында бірінші сатыдағы соттың қаулысына шағымдану, наразылық білдіру тәртібі көрсетілген. Оған сәйкес, сот қаулысына шағым, наразылық білдіруге тараптар құқылы.
Дәлелдерді тексеру тәртібіне, процеске қатысушылардың өтініштеріне, сондай-ақ сот мәжілісі залында тәртіп сақтауға, ҚР Конституциялық Кеңесіне адамның құқықтары мен бостандықтарының мәселесін қозғайтын нормативтік актінің конституциялылығын анықтауға қатысты өтініші, ақшалай айып салу туралы қаулыны коспағанда, сот талқылауы барысында шығарылған қаулылар шағымдануға, наразылық білдіруге жатпайды.
Жоғарыда аталған шешімдерге қарсылық білдіру үкімге аппеляцнялық тәртіпте шағымдану немесе наразылық білдіру кезінде жасалуы мүмкін.
Бірінші сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа шағымданатын шешім шығарылған күннен бастап он тәулік ішінде беріледі және аппеляция Iық іс жүргізу ережелері бойынша қаралады.
Үкім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған қаулыға шағым берілген, наразылық білдірілген жағдайда, іс жоғары тұрған сот сатысына үкімге шағымдану үшін белгіленген мерзім өткен соң ғана жіберіледі.
Бұл ретте, егер үкімге аппеляциялық шағым берілген, наразылық білдірілген болса, жеке шағымды, наразылықты тексеру істі аппеляциялық тәртіпте қарайтын сол сот сатысы жүргізеді. Сот қаулысына шағымдануға сондай-ақ егер қаулы олардың мүдделеріне қатысты болса, бұл істе тараптар болып табылмайтын адамдар да құқылы.
Бірінші инстанциялы соттың шағымды мерзімінің бұзылуымен қабылдаған жағдайда, аппеляциялық инстанция шағымды өткен мерзімнің (қалпына келтірілу мүмкіндігін шешу мақсатында бірінші инстанциялы сотқа жібереді. ҚР ҚІЖК-нің 400-бабына сәйкес, шағым беруге, наразылык білдіруге арналған мерзім дәлелді себептермен өтіп кеткен жағдайда шағым беруге, наразылық білдіруге құкығы бар адамдар үкімді қабылдаған сотқа өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш жасай алады.
Өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш қарапайым нысанда толтырылады, онда шағымданушы туралы мәліметтер, істің қысқаша фабуласы, өтініш білдірушінің шағымдану немесе наразылық білдіру мерзімін өткізіп алуының дәлелді себептермен өткізіп алуының жағдайлары және оны дәлелдейтін қүжаттар келтірілуі тиіс. шағымдану мерзімін өткізіп алудың (дәлелді себептеріне ауруға шалдығу, жақын туысының өлімі, үкімнің көшірмесін уакытылы алмауы, қызметтік іс сапар, табиғи апаттар және соттың ойынша шағымдануға мүмкіндік бермеген баска да объективті себептердің болуы.
Мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішті істі сот талқылауы кезінде төрағалық етуші судья, ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы сот мәжілісінде қарайды, ол өтінішті қозғаған адамды түсінік беру үшІн шақыртуға құқылы. Өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіруден бас тарту туралы судьяның қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берілуі, наразылық білдірілуі мүмкін.
Заңның бұл ережесі менің ойымша мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішті әділ түрде шешуге тиісті жағдайлар туғызбайды. Яғни, үкім шығарған судья өзінің қол қойған үкімінің жоғарғы сотта қаралуына мүдделі болмайды. Біріншіден, егер шағымданушының әрекеттері нәтиже беріп жатса, бұл оның қызметінде, оның жүмысының нәтижесіне әсер етуі мүмкін.
Екіншіден, адамдық факторға келетін болсақ, адамдар өздерінің пікірлерін даулағанды ұнатпайды. Сондықтан, мерзімді ұзарту туралы өтінішті осы істі қарауға қатыспаған судьяның уәкілеттігіне берген дүрыс болады деп ойлаймын. Сонымен қатар, заң өкінішке орай мерзімді ұзарту туралы өтінішті қараудың мерзімін бекітпейді.
ҚР ҚІЖК-нің 402-бабында шағым берудің және наразылық білдірудің салдары көрсетілген:
1. Уақытылы берілген шағым немесе нарзылық үкімнің орындалуын тоқтата тұрады. Мерзімі кешіктіріліп, бірақ мерзімнің сотпен қалпына келтіріліп берілген шағым мен наразылық та үкімнІң орындалуын тоқтата тұрады.
Үкімнің орындалуы тоқтатылған қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған сотталушыны және камауда отырған тұлғаны жазасын өтеуге жіберуге, басқа да негізгі және қосымша жазаларды атқаруға жіберуге, сондай-ақ үкімнің азаматтық талап бөлігін және сот шығындарын өтеттіруге болмайды.
Үкімнің орындалуының тоқтатылуы шағым берілмеген сотталушыларға да қатысты, барлық сотталушыларға қатысты жүргізіледі.

2. Бірінші сатыдағы сот үкімге (қаулыға) шағымдану, наразылық келтіру үшін белгіленген мерзім біткеннен кейін кешіктірмей, мүдделі тұлғаларға шағым беру және наразылық білдіру туралы хабардар етеді, содан кейін істі келіп түскен шағымдармен, наразылықпен және оларға қарсылықтармен қоса аппеляциялық сатыға жібереді және процеске қатысушыларға істің аппеляциялық сатыда каралатын уакыты мен орнын хабарлайды.
3. Үкімге шағымданған, наразылық білдірген адам өзінің шағымын, наразылығын аппеляциялық сатыларда сот отырысы басталғанға дейін қайтарып алуға кұқылы. Прокурордың наразылығын жоғары тұрған прокурор да кері қайтарып алуы мүмкін.
4. Үкімге шағымданған, наразылық білдірген адам сот отырысы басталғанға дейін өзінің шағымын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдемелермен толықтыруға құкылы.
Бұл ретте прокурордың қосымша наразылығында немесе оның наразылықты туралы мәлімдемесінде, сол сияқты жәбірленушінің, жеке айыптаушының немесе олардың өкілдерінің үкімге шағымдану және наразылық білдіру мерзімі өткеннен соң берілген қосымша шағымында, егер мұндай талап бастапкы наразылықта немесе шағымда болмаса, сотталушының жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылмауға тиіс.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе мынаны анықтауға болады. Заңшығарушы бірінші инстанциялы соттың үкімімен мүдделері қозғалған барлық субъектілерге ол шешімді еркін шағымдану құқығын береді.
Бұл құқықты жүзеге асыру барлығына, қорғау және айыптау тарабына да теңдей берілген. Сот өндірісінің барлық субъектілерінің өзінің позициясын негіздеуге қосымша фактілік мәліметтерді, кұжатгарды және материалдарды беру мүмкіндігі бар.
Шағым беру немесе наразылық келтіру қарсы тарапқа құқықтық шектеулер туындатпайды және қылмыстық іс жүргізудің қағидаларына, тұлғаның құқықтарына және бостандықтарына қайшы келмейді.

2 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

2.1Аппеляциялық өндірістің түсінігі, козғау негіздері, пәні және шектері.
Аппеляциялық өндіріс басты мақсаттары бірінші инстанциялы соттың үкімдері мен қаулыларына келіп шағымдар мен наразылықтарды қарау, сот қателерін және күшіндегі зан нормаларының бұзылуын аныктау, жою, заңдылықты қалпына келтіру, сондай-ақ азаматты, қоғамды және мемлекеттІ Қылмыстық іс бойынша өндірістің қатысушыларының құкыққа кайшы әрекеттерінен сақтау болып табылатын қылмыстық іс жүргізудің жеке сатысы
Аппеляциялық өндірістің негізгі белгілері:
1) шағымдану бостандығы - сотталушы, ақталушы, сотталушының және ақталушының корғаушысы, олардың заңды өкілдері, жәбірленуші және оның өкілдері, сондай-ақ азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері азаматтық талапқа қатысты бөлігінде заңды күшіне енбеген сот үкіміне шектеусіз заңмен белгіленген мерзімде аппеляциялық шағым беруге құкылы;
2) істің фактілік және заңдық жағы да аппеляциялық өндірістің пәні болып табылады;
3) аппеляциялық сатыда істі қарау аппеляциялық шағымның немесе наразылықтың шегімен шектелген;
4) аппеляциялық өндіріс барысында істі жаңадан қарау болмайды, соттың жаңа дәлелдемелер жинау мүмкіндігі шектелген;
5) аппеляциялық саты алғашқы үкімді жақсы жағына да, ауырлататын жағына да өзгертуі мүмкін;
6) аппеляциялық сатының шешімдері жоғарғы тұрған инстанцияға шағымдалуы (наразылық білдірілуі мүмкін.
Аппеляциялық шағым немесе наразылық білдірудің фактілік негізі ретінде мына жағдайларды санауға болады: бас сот талқылауында сот тергеуiнiн бір бағытты және толық емес болуы; бірінші инстанциялы соттың үкімдегі қортындылары істің мән-жайларына сәйкес келмеуі; өндіріс барысында қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі бұзылуы орын алса;
Қылмыстық заң дұрыс қолданылмаса; сотталушыға тағайындалған жаза Қылмыстың ауырлығына және сотталушының тұлғасына сәйкес келмеуі.
Аппеляциялық өндірісті қозғаудың құқықтық негізі аппеляциялық шағым немесе наразылық болып табылады. Осыған сәйкес, өндірістің басталу уақыты шағым берген уақыт деп санауға болады.
Аппеляциялық шағымның немесе наразылыктың мазмұны ҚР ҚІЖКнің 407-бабында көрсетілген. Бұл кұкықтық кұжатта міндетті түрде келесі бөлімдер болуы тиіс.
1. Шағым, наразылық жолданып отырған соттың атауы.
Істі екінші инстанцияда қарауға уәкiлеттi сот соттылықтың жалпы ережелерімен және ҚР ҚІЖК-нің 397-бабымен анықталады.
Аудандық және оларға теңестірілген соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне аппеляциялық шағымдарды, наразылықтарды облыстық және соларға теңестірілген соттардың қылмыстық істер жөніндегі алқасы карайды.
Облыстық және оларға теңестірілген соттардың қылмыстық заңды күшіне енбеген үкімдеріне аппеляциялық шағымдарды, наразылықтарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы қарайды.
Осыған сәйкес, аппеляциялық шағымда жіберілетін соттың толық және нақты атауы көрсетілуі тиіс (мысалы, "Онтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы").
2.Іс жүргізілгендегі жағдайы, түрғылыкты жері немесе жүрген жері
көрсетіле отырып, шағым жасаған немесе наразылық келтірген адам туралы деректер.
Деректер анык, нақты және дұрыс көрсетілуі тиіс. Шағымданушының тегі, аты-жөні, құқықтық мәртебесі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы, тіркелген тұрғылықты жерінің мекен-жайы, егер прокурордың наразылығы болса, оның қызметі және шені, сыныбы міндетті түрде көрсетІлуі тиіс.
Сонымен қатар, байланыс (үй немесе қызметтік) телефонын көрсеткен дұрыс болады. Бұл мәліметтерді келтіру шағымның, наразылықтың мазмұнын тексеруге. шағымданушы туралы қосымша мәліметтер алуға. істің материалдарына қажетті толықтырулар енгізуге, сондай-ақ шағымданушыға немес прокурорға шағымның, наразылықтың мәні бойынша іс жүргізушіік әрекеттер туралы хабарлау үшІң кажетті.
3.Шағым жасалып, наразылық келтіріліп отырған үкім немесе қаулы және
осы шешімді шығарған соттың атауы.
Шағымдалып отырған үкімді ғана емес, істің кысқаша фабуласын :еткен көрсеткен дұрыс болады. Бұл аппеляциялық сатыдағы соттың бағдарландырылуына, жасалған әрекеттің жағдайлары туралы алғашқы көзқарас тудыруға, қажетті мәліметтерді толық ашуға көмектеседі.
4.Үкімге, қаулыға толық немесе онын бір бөлігіне шағым жасалып,
наразылық келтіріліп отырғанын көрсету.
Бұл бөлім осы іс бойынша аппеляциялық өндірістің пәнін және шегін дәл анықтауға мүмкіндік береді, үкімнің орындалуын токтату мәселесін дұрыс шешуге, бұлтартпау шарасына, қосымша куәларды шақыруда, сараптама тағайындауда және іс бойынша объективтік шындықты орнатуға көмектеседі.
5. Шағым, наразылық келтірген адамның пікірінше сот үкімінің,
қаулысьның дүрыс еместігі неде екендігі жөнінде дәлелдері және оның өтінішінің мәні.
Шағымның бұл бөлімі шағымданушының (наразылық білдірген прокурордың) позициясын келтіруге арналған. Бастамашы шағымданушының қортындылары анық, кезектілікпен, және логиялық тұрғыдан дұрыс келтірілуі тиіс. Автор бірінші инстанциялы соттың үкімінің қай бөлмдерімен және қандай себептермен келіспейтіндігін нақты және аргументті көрсетуі тиіс және ол заң бүзушылыктық немесе фактілік қатені жоюда не ұсынатын өтінішін нақты көрсетуі тиіс. Өтініш құқықты, орындалатын және негізді болуы тиіс.
6. Арыз беруші өз талаптарына негіз ететін, соның ішінде бірінші
сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер. Шағымның (наразылықтың) бұл
бөлімінде шағымданушының қорытындыларын куәландыратын барлық
фактілік мәліметтерді, материалдарды және кұжаттарды келтіру керек.
7. Шағымға, наразылыққа қоса тіркеліп отырған материалдардың тізбесі. Аппеляциялық шағымды, наразылықты тізбелеу тәртібінде барлық құжаттар және материалдар шағын мәтінінде көрсетіледі. Тізбеде шағымның наразылыктың) нұсқаларының саны, анықтамалар, мінездемелер, тексеру немесе ревизия актілері, сараптама қорытындысы. бұрын жауап алынбаған тұлғалардың арыздары немесе түсініктемелері және т.б. шағымданушыда бар құжаттар көрсетіледі.
Аппеляциялық шағымға немесе наразылыққа белгілі бір құжаттың көшірмесІн қосуға болады, бірақ істі аппеляциялық өндірісте қарау барысында шағымданушы құжаттың түпнұсқасы көрсетілуі қажет немесе басқа әдіспен көшірменің дұрыстығы фактісін дәлелдеу қажет.
8. Шағымдану, наразылық келтірген күн және шағым, наразылық келтірген адамның қолы болуға тиіс.
Шағымдану уақтысы аппеляциялық өндіріс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Апелляциялық сатыда іс жүргізу
Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау
Қылмыстық іс жүргізудегі апелляция
Қылмыстық істің материалдарымен танысуға және сот шешіміне шағымдану құкығын беру
Апелляциялық сатының мәні
Қазақстан Республикасының сот алқаларының қызметі мен мақсаты
Аппеляциялық іс жүргізу
Төрағалық етушінің қылмыстық істер жөніндегі процессуалдық жағдайы
Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау
АППЕЛЯІЩЯЛЫК 1C ЖҮРГІЗУ
Пәндер