Қылмыстың объективтік жағының ұғымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Қылмыстың объективтік жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Қылмыстың объективтік жағының ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) ... ... ... ... ... .. ... ... ...7
2.Қылмыстың объективтік жағы және оның факультативті белгілері...10
2.1 Қоғамдық қауіпті зардап ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2 Әрекет немесе әрекетсіздік және қоғамға қауіпті зардаптардың туындауы арасындағы себепті байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.3 Себепті байланыс түсінігі және қылмыстың объективтік жағының факультативті белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..21

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың сипаттамасы: Жұмыста қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі және факультативті белгілері қарастырылады.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыс құрамы - қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстық объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілермен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс құрамы белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Осы көрсетілген элементтің біреуі болмаса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Қылмыстың сыртқы пішінін, көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы Қылмыстың объективтік жағын құрайды. Біршама қылмыс құрамының объективтік жағы әрекет немесе әрекетсіздіктен басқа қылмыстың зардабы және іс-әрекеттің зардап пен себепті байланысын көрсетеді. Көрсетілген белгілерден басқа заңда кейбір қатынастардың объективтік жағын сипаттауда оның факультативті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмыс жасау тәсілі жатады. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда объективтік жақтың осы белгілерінің маңызы зор.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстанның қылмыстық құқығы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының ұғымын және түрлерін қарастырып, айқындау.
Курыстық жұмыстың міндеті:
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігін және белгілерін анықтау;
Факультативті белгілеріне шолу жасау;
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қылмыстың объективтік жағы
Қылмыстың объективтік жағының ұғымы
Қылмыстың объективті жағы - қылмыстық іс-әрекеттің сыртқы көрінісін бейнелейтін белгілер болып табылады. Қылмыстың объективті жағының негізгі белгілеріне мыналар жатады:
Қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);
Қоғамға қауіпті зардап;
Қоғамдық қауіпті іс-әрекет пен қоғамдық қауіпті зардап арасын байланыстыратын себепті байланыс.
Қылмыстың объективті жағы - қылмыстық жауаптылыққтың онсыз ол мүлде бой көрсете алмайтын өзіндік фундаменті іспеттес. Әрекеттің объективті жағының оны жасаған адамның жауаптылығы үшін түбегейлі маңызын өткен ғасырдың 40-жылдары жас К.Маркс былайша қисындастырған болатын: Әрекет жасаушы адамның ой өрісін басты мұрат етіп, оның әрекеттерін одан төмен ұстанатын заңдар - заңсыздықтың позитивтік санкциялары болып табылады. Өзімді қаншалықты көрсете алсам, мен соншалықты нақтылық аумағына, яғни заң шығарушының билігіндегі ортаға кіре бастаймын. Өзімнің әрекеттерімсіз мен заң үшін мүлде жоқпын, мүлде оның объектісі болып табылмаймын - деп айтқан. Қылмыстың объективтік жағы қылмыскедің ойы мен мақсаттарына баға беруде, оны субъективтік жағынан бағалағанда басты критерий болып табылады. Осыған орай қылмыстық істі тергегенде немесе сот қарағанда ең алдымен қылмыстың объективті жағы орнықтырылады және тек қана соның негізінде қылмыстың субъективті жағы белгіленеді. Қылмыстық заң тыйым салған қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған адамның ойлары, ниеттері мен мақсаттары жайлы қорытынды жасалады. Объективті жақтың нышандарынсыз субъективті жақ туралы мәселе туындамайды да, өйткені, субъективті жақ объективті жақпен байланыстың арқаснда ғана өмір сүре алады.
Қылмыстың объективтік жағының қылмыстық жауаптылық үшін маңыздылығы, әрі қылмыс құрамының тап осы элементінің қылмыс құрамы және қылмыстық жауаптылықтың барша құрылымының тастабаны болып табылатындығына Қазақстан Республикасы Ерекше бөлімінің баптары диспозицияларында заң шығарушының бәрінен бұрын қылмыстың объективтік жағының нышандарын көрсеткендік фактісі куә бола алады. Мысалы, қылмыстық заңда әрдайым қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің нышандары көрсетіледі, оларсыз ерекше бөлімдегі қандай да болмасын бапты диспозициялау мүмкін емес, сондай-ақ, қылмыстық заңда объективті жақтың басқа да нышандары жиі көрсетіліп жатады. Бұл жерде айта кетерлігі, олардың барлығының қылмыстық-құқықтың мағынасы бірдей емес. Қылмыстардың барлық құрамдарына қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) міндетті болып табылады. Объективтік жақтың қалған нышандары факультативтік сипатта, яғни, олар қылмыстардың қайсы бір құрамдарына олардың объективтік жағының нышандары болып саналады да, басқаларына өйтпейді. Мысалы, денсаулыққа зардап келтірудің құрамдары үшін қылмыс қай жерде жасалса да бәрібір және қылмыстар үшін қылмысты жауаптылық олардың қайда жасалғанына қарамастан туындай береді. Бірақ, бұл нышан (жер) мәселен, судағы жәндіктер мен өсімдіктерді заңсыз аулағанда не өндіргенде оның құрамын белгілеуде міндетті болып табылады.
Объективтік жақтың факультативтік нышандары, тіпті, олар қылмыстың тиісті құрамының нышандары болмағанымен, әйтсе де едәуір материалдық-құқықтық маңызы болғандықтан жаза тағайындауға айтарлықтай әсерін тигізеді. Кейбір кезде, олар жаза тағайындауда кінәлі адамның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ретінде бой көрсетеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының 54-бабаына сәйкес жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып объективтік жақтың мынадай нышандары - қоғамға қаіупті зардап (қылмыс жасаудың нәтижесінде ауыр зардаптардың туындауы), қылмыстың тәсілі (аса қатігездікпен, қорлаумен, сондай-ақ, жәбірленушіні қинап қылмыс жасау), қылмыс жасаудың жағдайы(төтенше жағдай кезінде қылмыс жасау) және т.б болып табылады.
Объективтік жақтың факультативтік нышандарының қылмыстық іс бойынша әрдайым айтарлықтай дәлелдеушілік маңызы болатындығын да есепке алу керек. Олардың барлығы да кез-келген қылмыстың қажетті мінездемелері қатарынан орын алады. Айталық, егер қылмыстың орны мен уақыты анықталмаса(дегенмен, жеке құрамға келгенде олардың дәрежелеу үшін маңызды да болмауы мүмкін), қылмыстық іс ашылды деп есептеле алмайды. Сондықтан, қылмыстың объективті жағының барлық нышандары өздерінің міндеттілігі немесе факультативтігіне қарамастан кез-келген қылмыстық іс бойынша дәрежелеу затына кіреді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөліміндегі бір тараудың ауқымында топтық(арнайы) объект бойынша біріктірілген қылмыстар, бәрінен бұрын объективтік жақтың нышандары бойынша ажыратылады, өйткені, тиісті қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің өзіне тән белгілері әдетте, тап осы нышандардың айырмашылығынан бой көрсетеді. Мысалы, азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың көпшілігі бір-бірлерінен қылмыстң объективті жағының нышандары, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекеттің мінездемесі бойынша ажыратылады. Қылмыстың объективті жағының нышандары, тек қана қылмыстық әрекеттерді бір-бірінен шекараларын айыруға ғана емес, сондай-ақ кейбір жағдайларда қылмыстар мен әкімшілік тәртіпке байланысты және өзге де құқық бұзушылықтар шекараларынайыруға негіз болуға қызмет етеді.

Қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік)
Қылмыстық іс-әрекет (әрекет несе әрекетсіздік) объективті жақтың аса маңызды нышаны болып табылады, тек сол ғана объективтік жақтың жалпы алғандағы және оның жекелеген нышандарының өзегі ретінде бой көрсетеді, іс-әрекеттің әрекет немесе әрекетсіздік түрінде болуы мүмкін. Әрекет сырт жағынан адамның белсенді мінез-құлқымен айғақталады. Бұл жағдай әрдайым дене қозғалысынан көрініс береді, ал мұндай қозғалыс әдетте бірнеше дене қозғалысын біріктіреді (мысалы, кісі өлтірушінің пистолеттен оқ атуы көздеумен, одан пистолеттің шүріппесін басып қалумен байланысты дене қозғалыстарынан тұрады). Бірақ қылмыстық әрекеттің басты мінездемесі оның қоғамдық қауіптілігін айғақтайтын әлеуметтік мінещдеме болып табылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет болып қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерге зиян тигізетін, болмаса залал келтіруге тікелей қауіп төндіретін әрекет саналады. Егер іс-әрекеттер қоғамаға қауіпсіз болса, онда олар қылмысты әрекет деп танылмайды және қылмыстық жауаптылыққа арқаланбайды. Қазақстан Респуликасы Қылмыстық Кодексіне сәйкес, осы Кодексте қарастырылған қандай да бір іс-әрекетті нышандармен формальды түрде болса да айғақталғанымен, маңызының шамалылығына және қоғамға қауіп төндірмейтіндігіне байланысты, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зардап әкелмеген және зардап әкелу қауіпін туындатпаған әрекет (әрекетсіздік) қылмыс деп саналмайды.
Әрекет Қылмыстық құқықтық сипат алуы үшін міндетті түрде ерік-жігерл (тегеурінді) болуы қажет. Адамның өзге адамның немесе басқа тұлғалар жағынан күштеуінен туындаған белсенді іс-қылығының қылмыстық-құқықтық сипаты жоқ. Оның астарында адамға оны қоғамға қауіпті әрекет жасауға итермелейтін күштеп мәжбүрлеу (зәбір көрсету) (мәселен, оны ұрып-соғу) жатады. Күштеп мәжбүрлеу қылмыстық жауаптылықтан тысқары болуы үшін іс-әрекет мәжбүрлеу нәтижесінде әрекет жасап отырған адамның еркіне қарсы жасалуы керек. Мысалы, адам егер әлде бір затты зақымдауға мәжбүрленген болса, онда ол бөгде заттың зақымдалғанына жауап бере алмайды. Ал күшпен мәжбүрлеу жеке тұлғаның өз еркімен әрекет жасауын есептен шығармаса, онда ол қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды, бірақ оған бұл жағдайда қолданылған зорлық қылмыс тағайындарда жауаптылықты жеіңлдететін мән-жайлар қарастырылады. Сондай-ақ, психикалық мәжбүрлеудің де белгілі қылмыстық-құқықтық мағынасы бар. Оның астарында әдетте адамға оны қоғамға қауіпті әрекет жасау (оның ішінде күштеп мәжбүрлеуде бар) мақсатында қандай да болмасын зиян келтіру қауіпі (қорқыту) жатады. Бірақ психикалық мәжбүрлеуді тек қана қорқыту амалдарымен шектелген жөн емес. Мәселен, баспа сөзде мынадай жағдай суреттеледія: Т. дейтін психотерапияның әдістері мен құралдарын меңгерген дәрігер-психиатр өз пациенттеріне (негізінен жас адамдарға) әсерін тигізетін әрекеттер жасаған, солардың нәтижесінде әлгілер құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасап (көбіне өз ата-аналарына тиіскен), өзін-өзі өлтіруге дейін барған, кей жағдайларда олардың денсаулығына айтарлықтай зардап келтірілген. Әдетте, психикалық мәжбүрлеу (зорлау) әрекеттің еріктілік жағдайын тысқары қалдырмайды, сондықтан жалпы ереже бойынша, оның әсерімен қылмыстық заңда қарастырылған қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамның қылмыстық жауаптылығын ескермей болмайды. Мұнымен қоса күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу де қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде мойынға алынады. Психикалық мәжбүрлеу оның әсерінен іс-әрекет жасаған адам тек ол аса қажеттілік жағдайында қимыл жасағанда ғана оның қылмыстық жауаптылығын болмадыға санауы мүмкін. Мәселен, өзін табан астында өлтіреміз деп қорқытқан қылмыскерлерге ақша беретін болса, онда ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады, өйткені, адамның өмірі кез-келген материалдық құндылықтардан қымбат. Сонымен қылмыстық-құқықтық әрекет адамның қоғамға қауіпті, ерікті жіне белсенді тәртібін бейнелейді.
Алдында аталып өткендей, қылмысты объективтік жағвнан алып қарағанда әрекет қана емес, әрекетсіздік жолымен де жасалуы мүмкін. Қылмыстық-құқықтық әрекетсіздік деп қоғамға қауіпті, ерікті және енжар тәртібі танылады. Мұның төркіні жеке адамның арқалаған міндеттеріне орай жасалуға тиісті жағдайларды жасамауында жатыр. Адамның енжар тәртібі - оның тәртібінің сыртқы жағы емес, әлеуметтік мінезедемесі. Адам сырт жағынан алғанда өзін өте белсенділікте ұстауы мүмкін, бірақ та ол осы кезде қылмыстық-құқықтың тыйымды бұза отырып, белгілі бір міндетті атқармаса, онда мұнысы қылмыстық-құқықтық әрекетсіздік болып шығады. Мысалы, тұлға сотқа келуден жалтарып, куә ретінде көрсетпелер беруден бас тартып, әрі оның үстіне өзінің бақшасында жұмыс істеп жүр екен делік. Сырт қарағанда, ол адам әрекет жасаған (көкөніс жинаған) ал, қылмыстық-құқықтық тұрғыда әрекетсіздік жасаған (куә ретінде көрсетпелер беруден жалтарған) болып табылады. Жеке тұлғаның әрекет жасау міндеті әр түрлі негіздер бойынша туындауы мүмкін. Біріншіден, заңның нұсқауына байланысты. Мәселен, заң кәмелетке толған балаларды еңбекке жарамай қалған ата-аналарына материалдық көмек көрсетуге, ал ата-аналарды - кәмелетке толмаған балаларын бағып-қағуға міндеттейді. Бұл міндетті кәнігі түрде бұзу қылмыстық тұрғыда жазаланады. Екіншіден, міндет таңдап алынған кәсіпке орай туындауы мүмкін. Айталық, дәрігер өз кәсібіне орай ауруларға көмек көрсетуге міндетті және оның бұл міндетті орынды себептерсіз орындалмауы қылмыстық жауаптылыққа іліндіріледі. Үшіншіден, мұндай міндет өзіне алған міндеттемелерге сәйкес туындауы мүмкін. Мысалы, жас баланы бағуға міндеттелген адамның немқұрайдылығынан, енжарлығынан әлгі бала қаза тапса, ол адам қылмыстық тәртіп бойынша жауап береді. Ең ақырында, төртіншіден, міндет қылмыстық заң қорғайтын объектілерді нақты қауіптілік жағдайына киліктіретін адамның тәртібінен туындауы ғажап емес. Мәселен, адамды басып кеткен автокөліктің жүргізушісі зардап шеккен адамды жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізуге немесе өзге де көмек көрсетуге міндетті. Бұл тұлғаның әлгі міндетті орындамауы қылмыстық жауаптылыққа апарып соғады.
Қылмыстық-құқықтық әрекет сияқты, әрекетсіздік те ерікті болғанда ғана
қылмыстық-құқықтық сипатқа ие болады. Ерікті сипаттан айырылған енжар тәртіп қылмыстық жауаптылыққа ілінбейді. Мысалы, күзетші өзінің қорғауына сеніп берілген мүлікті егер қылмыскерлер оның қол-аяғын байлап тастап, оны қарсыласу немесе көмекке шақыру мүмкіндігінен айырғандықтан қорғай алмағандығына жауап бере алмайды. Әрекетсіздік кезіндегі психикалық күштеу жаза тағайындарда кінәні жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырылады. Адамның табиғаттың алапат күші әсерінен туындаған енжар қылығының да қылмыстық-құқықтық сипаты жоқ. Ондай жеңуге мүмкін емес күш қатарына объективтік факторлардың (табиғаттың, жануарлардың апатты күштері, аурушаңдық процестердің) тигізетін әсерлері жатқызылады. Жеңуге мүмкін емес күштің қылмыстық жауаптылыққа апарылмау себебі мынада: жеке тұлға әрекет ету үшін жүктелген міндетті орындау жолындағы кедергілерден асып түсуге шамасы келмейді. Мысалы, дәрегердің өзі ауыр науқас болғандықтан немесе ол пациентіне баратын жолда тасыған өзен кедергі болып, дәрігер өте алмаса, онда оның бұл жағдайдағы тәртібі қылмысты деп танылмайды. Бірақ жеңуге мүмкін емес күш ұғымы қатып қалған қағида болып танылмайды. Бұл мәселенің нақты шешілуі жеке тұлғаның міндеттер ауқымын белгілеуде белгілі бір жағдайда оған қойылған талаптарға бағынышты. Мәселен, өрт азамат үшін жеңуге мүмкін емес күш болып есептеледі. Осыған орай оны өзге бір адамды жанып жатқан үйдің ішінде қалдыруға мәжбүр болса, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. Өйткенмен, өрт сөндірушіге бұл жағдай оның кәсібіне орай жауаптылық жүктейді.

2 Қылмыстың объективтік жағы және оның факультативті белгілері
2.1 Қоғамдық қауіпті зардап
Әрбір қылмыстық-құқықтық іс-әрекет қылмыстық заң қорғайтын объектілерде (оларға зиян келтірілсе немесе зиян келтіруге тікелей қауіп төндірілсе) едәуір өзгерістер туындатады. Қылмыстық зардап қылмыстық-құқықтық қорғаудағы объектілерге жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздік) нәтижесінде белгілі бір зиян келтірілуі деген сөз. Қылмыстық зардап 2-ге бөлінеді:
1.Материалдық;
2.Биматериалдық.
Алғашқысы мүліктік тұрғыдағы (мүлікті ұрлау, рны жою, зақым келтіру және т.б) және азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру (мәселен, кісі өлтіру, денеге жарақат салу) зардаптары болып бөлінеді. Екіншісі мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты қызметін немесе қоғамдық тәртіпті бұзумен (қызмет бабындағы қылмыстар, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар, бұзақылық және т.б) әне азаматтардың аж-ожданына тиісу және олардың мүліктік емес құқықтарын бұзумен (жала жапқандағы, қорлағандағы, авторлық, өнертапқыштық құқықтарын қылмысты түрде бұзғандағы және басқа қылмыстардағы) имандылық зиян айғақталады. Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі баптарының диспозициялары қылмыстық заңмен қорғалатын объектілеріндегі зиянды өзгерістердің сипатына байланысты қылмыс құрамының барлығын заңда көрсетілген, белгілі бір зардаптардың туындауымен ғана байланыстырады. Мұндай қылмыстар материалдық құрамы бар қылмыстар деп аталады. Олардың қатарына кісі өлтіру, дене зақымы, ұрлық және басқа толып жатқан қылмыстар жатады. Өзге жғдайларда қылмыстық заң қылмысты қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасалған соң (белгілі бір қоғамға қауіпті зардап туындағанына қарамастан) аяқталды деп есептейді. Мәселен, өміріне, не болмаса денсаулығына қауіпті жағдайға душар болған адамды біле тұра көмексіз қалдыру жәбірленушінің әлгіден кейін ауыр науқасқа киліксе немесе өлсе, болмаса құтқарылса, олардың барлығына қарамастан аяқталған қылмыс болып есептеледі, өйткені бұл жағдайда зардаптар қылмыс құрамынан сыртқар жатыр. Бұл қылмыстық-құқықтық шама қылмыс жасауды жәбірленушінің өміріне қауіп төнген жағдайда қалдыру фактісімен ғана байланыстырады. Мұндай қылмыстар қылмыстық құқық теориясында формальдық құрамы бар қылмыстар деп аталады. Есте ұстар бір жайт, нақты болмыста қандай да болмасын қылмыстар(олардың ішінде формальды қылмыстар да бар) әрдайым соңынан қоршаған болмысқа, қылмыстық заңның қорғауындағы объектілеріне тигізетін зиянды өзгерістерін сүйрелей жүреді - зардапсыз қылмыс жоқ, болуы да мүмкін емес. Бірақ, заң шығарушы бұл өзгерістерді, бұл зардаптарды формальды қылмыстардың құрамына енгізбеген және іс-әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғын шешер тұста олар назарға алынбайды. Әрине, бұл зардаптардың қылмыстық-құқықтық мағынасы болуы мүмкін, бірақ, тиісті қылмыстың құрамын анықтау үшін емес, жаза тағайындарда жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ретінде бой көосетеді. Мәселен, жұмысқа жарамайтын ата-аналарын асырауға қаржы төлеуден жымысқы түрде жалтарудан осының нәтижесінде жәбірленушілерге қандай болмасын айтарлықтай зиян келтірілуі талап етілмейді. Әйткенмен, айталық, ата-аналар осының нәтижесінде ауыр науқасқа тап болса, бұл Қазақстан Респуликасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабына сәйкес жаза тағайындарда кінәні ауырлататын мән-жай ретінде ескерілетін болады.
Заң шығарушы қылмыстың объективтік жағын (материалдық немесе формальдық құрамдарын) құрастырудың анадай не мынадай тәсілін таңдар кезде өз еркінше емес, тиісті қылмыстың қоғамға қауіптілігіне тән өзінің ерекшеліктері мен мәнісін және онымен күресудің қылмыстық-құқықтық өзгешеліктерін (әсіресе, олардың мүмкіндіктерін) ескере және оларға бағына отырып таңдайды. Қайсыбір жағдайларда заң шығарушы формальды қылмыстарды құрастыруға қылмыстық іс-әрекеттің қоғамға қауіпті зардаптарының мән-жайын нақты анықтауға мүмкіндік болмағандықтан немесе мұндай анықтаудың айтарлықтай қиын болуына байланысты барады. Бұл жерде сондай-ақ, белгілі бір зардаптардың барлығын процессуалды түрде дәлелдеудің қылмыстық әділет органдарының қызметі барысындағы қиындығы да ескеріледі. Мәселен, жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату жеке тұлғаның ар-намысына қастық жасайды. Бұл қылмыстың зардабы ар-намысқа нұқсан келтіру болып табылады. Егер заң шығарушы бұл зардапты жала жабудың құрамына енгізген болса, онда тергеуші мен сот әрдайым жәбірленушінің өзі жайлы таратылған көрінеу жалған жаладан өзін қаншалықты ауыр қорландым деп сезілгендігіне қарамастан жала жабу құрамының бар-жоқтығы жөніндегі мәселені шешіп отыруға міндетті болар еді. Әрине, мұны дөп басу күрделі, өйткені, бір жағдайда және бір жәбірленушіге мұндай жала жапқан мағұлматтар едәуір күйзеліске түсуіне себеп болса, ал екіншісі, мұндайды байқамауы да мүмкін. Жала жабу кезінде тигізілген зардап фактісінің өзі дәл анықтауға көнбейді, ал оның ауқымын белгілеу де мүмкін болмас. Сондықтан, заң шығарушы бұл құрамның барлығын нақты зардаптың туындауымен байланыстырып жатпай дұрыс жасаған. Көп жағдайларда заң шығарушы азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау аясында және имандылық ауқымында нұқсан келтірілген кездерде осылай жасайды.
Өзге жағдайларда, зиянды зардаптарды нақтылау сайын келгенде мүмкін болғанмен, заң шығарушы оларды қылмыс құрамына кіргізбейді. Өйткені, қылмыс сол іс-әрекет жасалған сәттің өзінде-ақ, қауіптіліктің жоғары сатысында тұрады. Мысалы, зардаптар (шабуыл жасап тонау, қорқытып алушылық) сияқты қауіпті қылмыстардың құрамдарынан сыртқары жастады. Егер қылмыстардың бұл құрамдары басқаша, айталық, материалдық тұрғыда қарастырылса, онда олар тек белгілі бір зардаптар туындағаннан кейін ғана (мүлікті иеленген соң) аяқталған болып саналар еді. Бәлкім, мұндай құрастыру жеке адамды қорғау мүдделеріне сай келмей және осынау қауіпті қылмыстармен күресу ісіне айтарлықтай кесірін тигізу мүмкін болар еді.

2.2 Әрекет немесе әрекетсіздік және қоғамға қауіпті зардаптардың туындауы арасындағы себепті байланыс
Себепті байланыс - материалдық қылмыстардың объективтік жағының нышаны. Жеке адамның қоғамға қауіпті зардаптардың туындағаны үшін жауаптылыға жайлы сөз (әрине, оның кінәсі болғанда) әлгі зардапттар ол жасаған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікпен себепті байланыста болғанда ғана көтерілуі мүмкін. Себепті байланыс жоқ болғанда залалды зардаптардың туындауына деген қылмыстық жауаптылықта болмайды. Себеп табиғат пен қоғамдағы зардаптардың, құбылыстардың және процестердің жалпыға бірдей объективтік байланысын, өзара тәуелдігін және өзара талаптылығын айғақтайтын философиялық дәреже. Себеп - заңды түрде, ішкі қажеттілікпен салдар ретінде қарастырылатын басқа құбылысты туындататын құбылыс. Себептіліктің осынау философиялық түсінігі білімнің барлық салаларына бірдей болып табылады, сондықтан, лд қылмыстық-құқықтағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмысты ашу
Қоғамға қауіпті зардаптар
Жаза тағайындаусыз қылмыстық жауаптылық
Қылмыс құрамы белгісі тұлғаның әрекет немесе әрекетсіздігі қылмыстық жауаптылықтың нақты мән-жайы ретінде
Қылмыс құрамы жайлы
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативтік белгілері
Қылмыстың объективтік жағы
Пәндер