Ойын технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Ойын технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Мамандық: 5В010300 Педагогика және психология

Ақтөбе-2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

« Қорғауға жіберілді »

Білім беру педагогикасы

және психологиясы

кафедрасының меңгерушісі

п. ғ. к. Жукенова Г. Б

«___» 2016 жыл

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Ойын технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту

.

Мамандық: 5В010300- Педагогика және психология

Орындаған Г. М. Бисен

Ғылыми жетекшісі, п. ғ. к: А. М. Таганова

Ақтөбе-2016

«Бекітемін»

Білім беру педагогикасы

және психологиясы

кафедрасының меңгерушісі

п. ғ. к. Жукенова Г. Б

«___» 2016 жыл

Диплом жұмысын (жобаны) орындауға тапсырма

Студент Бисен Гүлзия Мейрамбекқызы

1. Жұмыстың тақырыбы: Ойын технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту

2. Жұмыстың аяқталу уақыты:

3. Диплом жұмысында (жобада) қарастырылуы тиіс сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны:

4. Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

Тапсырма берілген күн:

Ғылыми жетекшісі Таганова А. М

Тапсырманы орындауға алған студент: Бисен Г. М

.

«Бекітемін»

Білім беру педагогикасы

және психологиясы

кафедрасының меңгерушісі

п. ғ. к. Жукенова Г. Б

«___» 2016 жыл

Диплом жұмысы (жоба) үшін күнтізбелік жұмыс кестесі

Диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы: Ойын технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту

Студент Бисен Гүлзия Мейрамбекқызы

Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны
Орындау мерзімі
№: 1
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Зерттеу пәнін анықтау
Орындау мерзімі: Қыркүйек
№: 2
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Кітапхана қорымен және электронды ресурстармен танысу
Орындау мерзімі: Қыркүйек
№: 3
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Жұмыстың құрылымын анықтау
Орындау мерзімі: Қыркүйек
№: 4
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын бекіту
Орындау мерзімі: Қыркүйек
№: 5
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Құжаттар мен дереккөздерді жинақтау және зерттеу
Орындау мерзімі: Қазан
№: 6
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Тәжірибе жүргізу материалдарын, бар материалдарды саралау
Орындау мерзімі: Қараша, желтоқсан
№: 7
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Жеке бөлімдерді жазу
Орындау мерзімі: Желтоқсан
№: 8
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Жұмыстың жалпы тұжырымдарын анықтау
Орындау мерзімі: Қаңтар
№: 9
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Баяндама тезисін жазу
Орындау мерзімі: Қаңтар
№: 10
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Атауын мақсатын негізгі міндеттерін және олардың тұжырымдарға сәйкестігін нақтылау, жұмыс мәтінің жоба нұсқасын дайындау және жеткшіге ұсыну
Орындау мерзімі: Ақпан
№: 11
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Түзету енгізу
Орындау мерзімі: Наурыз
№: 12
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Жұмысты безендіру
Орындау мерзімі: Наурыз
№: 13
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Кафедрада диплом жұмысын (жобаны) алдын-ала қорғаудан өткізу
Орындау мерзімі: Сәуір
№: 14
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Студенттер конференциясына баяндамамен қатынасу
Орындау мерзімі: Сәуір
№: 15
Жұмыс кезеңінің негізгі мазмұны: Жұмысты кафедраға тапсыру
Орындау мерзімі: Сәуір

Ғылыми жетекшісі Таганова А. М

Орындаған: Бисен Г. М

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

  1. Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту туралы педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі негізгі мәселелер
  2. Бастауыш сынып оқушыларының зейін процесінің даму ерекшеліктері
  1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСТАРЫ

2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамытуда ойын технологиясын қолдану арқылы диагностикалау, интерпретациялау

2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамытуда ойын технологиясын қолдану арқылы дамыту жұмыстары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Ұрпақ тәрбиесі барлық уақытта әр қоғамның өзекті мәселесі болып келген. Ал қоғамның деңгейінің қандай болуына қарай мектептердегі білім беру сапасы да соған лайық болмақ. Қоғамның алдына қойған мақсаттарына сәйкес білім беру жүйесінің өзгеретіні педагогикалық ғылымдар тарихынан белгілі. Себебі қоғам-тапсырыс беруші, ал мектеп болса осы тапсырысты жүзеге асырушы педагогикалық жүйе. Бұл мәселелер ең алдымен, оқушыға деген көзқарастың өзгеруіне алып келетіні түсінікті. Себебі, оқыту үрдісі тек шәкірт үшін ұйымдастырылып, қызмет етеді. Егер бала осы үрдіс барысында мақсатты әрекет жасамаса, онда оқыту үрдісінің нәтижелігі оқушы бойында қандай өзгерістер болғандығы тұрғысынан, яғни оның психологиялық дамуы, әдеті мен тәртібінде қандай ілгері жылжу белгілерінің болғаны, ғылыми -диалектикалық көзқарасының қандай дәрежеде қалыптастқандығы т. б. тұрғысынан бағаланатындығы да анық. Оқушыны оқыту субъектісі ретінде қарай отырып оқытудың мақсаты мен міндетін нәтижелі іске асыруға болады. Сол себептен де Л. М. Фридман : оқыту мен тәрбиелеудің барлық күрделі міндеттерінің жүзеге асырылуы, оқушының қаншалықты мөлшерде өзінің оқу тәрбиелік қызметтің субъектісі болуына байланысты, -деп көрсеткен болатын. Оқыту үрдісі екі жақты: мұғалімнің қызметі және оқушының қызметі. Бір жағдайларда оқушы мұғалімнің қызмет объектісі, ал оқу барысында субъект ретінде болады. Сонымен қатар оқу-тәрбие үрдісіндегі оқушының өзінің атқаратын қызметі оның жан-жақты дамуының негізі болып табылады. Оқу бала үшін еңбек, оның тәрбиелік мәні зор. Ол баланы жүйелі түрде ой еңбегімен шұғылдануға дағдыландырып, оның жігері мен мінезін тәрбиелейді. Оқыту барысында ғылым негіздерін оқып үйрену, ғылымның тарихы мен оның әдістерімен, ұлы ғалымдардың өмірі мен және қызметімен танысу оқушыларға үлкен ықпал етеді. Оқыту-таным процесі. Процесс - бұл ілгері қарай қозғалыс, қандай да болсын нәтиженің жетістігіне бағытталған бірізділік әрекетінің жиынтығы. Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Швейцар ғалымы И. Г. Песталоцци оқу барысында балалардың зейіні, қабылдау, еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны К. Д. Ушинский, Л. С. Выготский жалғастырған. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны таным процестерін дамытуға үлкен үлесін қосады. Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқушылардың таным процесінің өзіне тән ерекшілігі бар күрделі психикалық процесс. Оқыту процесі арқылы оқушының ақыл-ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі, дағдысы қалыптасады.

Баланың мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті ойын болғандықтан- күнделікті сабақта ойын технологиясын қолдану тиімді әдістердің бар.

Бастауыш сынып оқушыларын зейінді, білімді саналы меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру - оқу сабақтарының ең басты талабы. Бұл тұрғыда ойын технологиясын орынды қолдану өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Яғни, ойын технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамытып, пәнге қызығушылығын оятып, білім сапасын көтеруге болады. Сондықтанда соңғы уақытта білім беру мекемелерінде ғылым негіздері бойынша білім беріп қана қоймай, балаларды ойлауға, қабілеттілігі мен нышандарын дамытуға үйретуі, әр балаға өзін көрсетуге мүмкіндік беруі керек. Білімнің басты мақсаты баланың ақылдылығы мен интеллектуалды тапсырмаларды орындауы болып саналады. Бұл тұрғыда баланың зейінін дамыту маңызды орынға шығады. Себебі баланың зейіні жеткілікті деңгейде дамитын болса оқушылардың сабақ үлгерім деңгейі жоғарылап, жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Демек, бастауыш сыныптан бастап балалардың зейінді ойлауын дамыту қажеттілігі арта түседі.

Білім беру үдерісінде баланың зейінін дамыту арқылы оның білім алу деңгейінің жоғарылауына, игерілген білімнің беріктігін қамтамасыз етуіне, білім сапасының артуына мүмкіндік туғызады. Кез-келген оқыту-дамытушы болып табылады. Егерде оқыту барысында мақсатты түрде баланың зейінін дамытуға бағыттап отырса, ол бала басқаның пікірінен дұрыс қорытынды шығаруға, өз ойын толық жеткізе білуге, қиялын ұшқырлауға болады. Демек бастауыш сыныптан бастап баланың зейінін дамыту жетекші орынға шығатыны сөзсіз. Ал қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамытуға бағытталған құралдарда өте сирек кездеседі.

Сондықтан да зерттеу жұмысымызды « Ойын технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту » деп тақырып таңдауға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамытуда ойын технологиясы іздестіру, оны мектеп тәжірибесінен өткізу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Ғылыми - әдістемелік әдебиеттердегі зейін процесінің теориялық негізін анықтау.
  2. Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамытуда ойын технологиясының маңызы
  3. Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамытуда ойын технологиясын жинақтап, тәжірибеде жүргізу. Жүргізілген жұмыстардың тиімділігін анықтау.

Зерттеу обьектісі: бастауыш сынып оқушыларының зейін процесі

Зерттеу пәні : ойын технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту

Зерттеу болжамы : бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамытуда бағытталған ойын технологияларын қолданып, дамытуға бағытталған жұмыстар жүйесі жинақталып, тәжірибеде жүйелі жүргізсе бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейін көтеруге болады.

Зерттеу әдістері:

  • зерттеу жұмысына анализ, синтез, салыстыру, жалғастыру;
  • тәжірибелік эксперимент;
  • жүргізілген әдістемелер бойынша қорытынды шығарып, сандық сапалық талдау;

Практикалық базасы: Ақтөбе қаласы, № 40 орта мектеп

Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

  1. Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту туралы педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі негізгі мәселелер

Психикалық іс-әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой-санасын істеп жатқан әрекеті мен сол әрекет нысанына тоқтата білуі қажет. Зейін адам өмірінде және қызметінде көптеген қызметтер атқарады. Ол сол кезеңге қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді күшейтеді де, керісінде, керек еместерін тежейді, ағзаға түсіп жатқан хабарларды қажеттілігіне байланысты іріктейді, бір объектіге немесе іске ұзақ уақыт көңіл бөлуді қамтамасыз етеді. Зейінмен процестердің бағыттылығы, іріктелуі, танымдылығы байланысты. Зейін қабылдаудың нақтылығы мен тәптіштелгендігін, есте сақтау қызметінің мықтылығын және іріктелгендігін, ойлау қабілетінің бағыттылығы мен өнімділігін анықтайды. Зейіннің негізгі түрлерін қарастырайық. Бұған табиғи және әлеуметтік келісілген зейін, тура зейін, еркін және еріксіз зейін, сезімтал және ойшыл зейін жатады.

XIX ғ. аяғымен XX ғ. зейінді психологиялық феномен ретінде басында бір топ зерттеушілер қарастырды. В. В. Петухов, Л. М. Веккер, У. Джемс, Т. Рибо, Н. Н. Ланге, А. А. Ухтомский, Н. Ф. Добрынин, С. Л. Рубинштейн, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев, т. б. өз еңбектерінде зейінге әр түрлі сипаттамалар берді.

Зейін дәл сол сәтте қандай бір объектіге, бейнеге, оқиғаға адам санасының бағытталуы және шоғырлануы ретінде сипатталады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. А. Р. Лурия зейіннің нейропсихологиялық негізін зерттеуіне байланысты, А. А. Ухтомскийдің ізімен, доминантыны зейіннің физиологиялық механизмі ретінде қарастырады. Зейіннің феноменін қорыта келе, А. Р. Лурия мынадай тұжырымға келеді: Зейін - бұл қажетті ақпаратты іріктеп алу, әрекеттік бағдар-ламаны қамтамасыз ету және олардың барысына бақылауды сақтау.

Қазіргі уақытта зейін процесі белгілі физиологиялық жылжулармен: жүрек қан тамыры қызметінің, тыныс алудың, тері-гальвандық реакция өзгерістерімен сүйемелденетіндігі жайлы деректер бар. Табиғи зейін адам туылғанда беріледі. Әлеуметтік келісілген зейін оқу мен тәрбиенің арқасында пайда болады. Тура зейін бір объектіге бағытталған, одан өзгеге ауытқымайтын, адамның өзіне қажетті қызықтары мен қажеттілігіне керек зейін.

Жанама зейін жігермен байланысты емес, ал ерікті зейін жігермен байланысты. Еріксіз зейін, зейін белгілі бір уақытқа дейін бір нәрсеге ұстап тұруға күш салмайды, ал ерікті зейінде осы қасиеттердің бәрі болады. Сонымен қатар сезімтал және ойшыл зейінді ажыратуға болады. Біріншісі, сезім мүшелерінің эмоциясымен байланысты, ал екіншісі-ойдың шоғырлануы мен бағыттылығына байланысты.

Зейін адам миының күрделі талдау - жинақтау, интегративтік қызметінің нәтижесі және сергектік деңгейінің индикаторы ретін-де қарастырылады. Зейін, негізінен, реттеуші, бақылаушы және сұрыптаушы функцияларын атқарады, дербес сипаттамасы бар, күші, кеңдігі, динамикасымен ерекшеленеді. Адам зейінділігі көбінесе мынадай жағдайларда байқалады: қандай да болмасын істі орындауға шұғылдығы және оның өнімділігіне қарай, мнемикалық (қажеттіні жаттау) ойлылық, перцептивтік және моторлы әрекеттердің деңгейіне қарай; қабылданатын ақпаратты іріктеу дәрежесіне қарай, сананың саралылығы мен айқындығы бойынша, сонымен бірге бірқатар моторлық және вегетативтік реакциялар көз тоқтату, тітіркендіргіштерге қарай басын бүру, зейінді бағыттай алу мен шоғырландыра алу, ишара білдіру, өз денесін басқару, тынысында іркіліс жасау және басқалар. П. Я. Гальперин зейінді ой әрекетінің ерекше түрі, бақылау әрекетінің автоматтанған түрі ретінде қарастырады .

Ол өз еңбектерінде зейінді түсіндіруге байланысты пайымдаулары келтірілген. Олар келесідей:

-зейін бағыттау-зерттеушілік іс-әрекеттің бір кезеңі, осыдан зейін адам психикасында нақты бір мезетте пайда болған бейнелер мен ой-мазмұнын тұрақтатуға бағытталған психологиялық әрекет;

-өз қызметі бойынша зейін осы мазмұнға қойылған бақылау. Әр адам әрекеті бағыттау, орындау және бақылау бөліктерінен тұрады. Осы тізбектегі үшінші іс зейін арқылы орындалады;

-белгілі өнім шығаруға бағытталған әрекеттен ерекше зейіннің, яғни бағыттаудың, өз алдына нәтижесі болмайды;

-психикалық бақылау әрекеті ретінде танылған құбылыс тұрғысынан зейіннің әрбір нақты көрінісі жаңа ақыл-ес ептіліктерінің пайда болу ізімен туындайды.

«К проблеме внимания» деген еңбегінде. Психолог Ю. Б. Гиппенрейтер зейінді қызметті (іс-әрекетті) ұйымдастыру деңгейінің нәтижесі ретінде қарастырады. Ол зейінді дербес үрдіс ретінде қарау дұрыс деп санайды, іс-әрекетті ұйымдастыру, басты деңгейінің феноменальдық, өнімді көрінісінің жұмысы ретінде сипаттайды. Адам психикалық әрекетінде зейіннің рөлін білу үшін өзіңізді қандай да бір заттар тобына қарадым деп сезініңіз, сондағы бір зат басқа заттарға қарағанда сіздің көру аймағыңызда айрықша оның көзге түседі. Өзіңіздің сынақсызда ұқсас аналогиялық қатынастуады, сіздің санаңызда мағыналы әрекет құрастыру орнығады немесе осы кезде кішкене уақыт шетке ысырылады-бұл сана аумағыңыздың қыры. Сіз кез келген затқа қарай аласыз, бірақ ол туралы ойлау мүлдем басқа. Бұл жағыдайда санаңыздың “орталық аумағы” не туралы, не затқа қарасаңыз соған тұрақталады. Сонымен зейін сананың нақтылығын және анықтығын қамтамасыз етеді. Бірақ сананың екі, анық және нақты аумағы туралы айтқанда, олардың түрлерін қарастырумен қатар, сананың анық емес аумағы, өзінің нақты емес фазасымен өмір сүреді. Зейін кез келген психикалық процесс сияқты анық физиологиялық күш негізінің жеке тітіркену бөлімдерінде және анық бағытталған ағым процесінің құрамында бір жүйке орталығынан көзге және басқаларының тежелуінен болады.

Ғалым-психологтардың кейбірі ырықты зейін секілді мақсат бағдарлы, бастапқы еріктік күш салуды талап ететін зейіннің және бір түрін айырып қарастырады. Бұл зейін түрінде адам толығымен іс-әрекетке шомады, оған енді іс-әрекеттің нәтижесі ғана емес, сол әрекеттің өзі де мәнді әрі қызғылықты болып көрінеді. Мұндай зейін түрін орыс тілді әдебиеттерде «послепроизвольный» (Н. Ф. Добрынин) деп атаса, қазақ тіліндегі оқулықтарда «үйреншікті зейін» атауымен баламаланған (Қ. Жарықбаев, А. Алдамұратов) . Қай іс-әрекет болмасын алғашқы кезде оны игеру қаншама маңдай тер төккізіп, қиналысқа түсіріп, зорлануға душар ететіні белгілі, ал кейін үйрене келе, дағдыланудан әрекеттің нәтижесі ғана емес, оның өзі де адамды өзінен өзі баурап, әдемі орындалуынан көңілді қуаныш сезімге бөлейді. Әрекет енді әдейі қайталап, еске түсіріп тұруды, ерік күшіне қосуды қажет ете бермейді, өзінен өзі орындалып жатқандай болып көрінеді. Аталған теориялар нақты деректерге негізделгені сөзсіз, бірақ әрқайсысы өздері ұстанған зейін белгілерін асыра көтеріп, қалғандарын елемеуге тырысады. Ал, шындыққа жүгінсек, зейіннің мән-мағынасын оған байланысты барша қасиеттер мен сапаларды өзара біріктіре талдау негізінде түсіну мүмкін. Осы тұрғыдан қазіргі уақытта зейіннің келесідей анықтамасы қабылданған.

Зейін дегеніміз - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақта-луын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы обьектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысалы, әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға келтіріңіз. Сурет затын, оның түр-түсі мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата-аналарының оған қарата айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттарына аударды, басқа заттардың бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданды дейміз.

Келтірілген мысал адамның бір мезгілде әрқандай заттар туралы ойлап, әртүрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтындығының дәлелі. Сондықтан да оның санасы белгілі мезеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады. Осындай түрлі кезеңдерге бала психикасының белгілі бір обьектіге бағыт алып және сонда азды-көпті түрақтап отырғанын көруге болады. Н. Ф. Добрынин, А. М. Бардиан және Н. В. Лавроса еріксіз зейіннің одан әрі дамуы қызығушылықтың артуымен байланысты, оның зейіні көп көлемдегі заттар мен құбылыстарға тоқтай алады.

Зейін адамға тән әрекеттің кез-келген түрінде орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. "Зейін адам санасының қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам санасының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бүл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды".

Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әр бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса өз алдына бұларда дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір обьект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй, сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады. [1, б. 98]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу - тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын қалыптастыру жолдары
Бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстары
Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту
Қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларын ойын әдісі арқылы тәрбиелеу
Тіл сабағында ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Балаларға әңгіме айтып беру
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz