Демократиялық режимнің белгілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университеті
Бизнес және құқық факультеті
Жалпы құқықтық және арнайы пәндер кафедрасы

Курстық жұмыс
Пән: Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы:Қазақстанның саяси жүйесі

Орындаған:ТеміртайНұрбек Ю-19-2к тобының студенті
Тексерген:ЖҚ және АП кафедрсынын
ОқытушысыАбиев.Е.С

Қарағанды 2019
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Саяси режим түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5 2. Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері ... ... ... ... ... ... .7 3.Қазақстан Республикасының саяси режимінің ерекшіліктері ... ... ... ... ... .. 15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 24

КІРІСПЕ

Саяси билікті жүргізудің нақты бағыттарын және саяси жүйенің сипатын анықтауда саяси режим түсінігі үлкен маңызға ие болады. Саяси режим- мемлекеттің,қоғамның және жеке адамның арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын мемлекеттік билік органдарының қызмет-әдістерінің жиынтығы. Саяси ғылымда режим деген сөзді екі мағынада қолданады. Бірінші-саяси режимді мемлекеттің бүкіл саяси режимді тек мемлекеттің қолданатын әдістері деп түсінуге болады.Саяси режим демократиялық және демократияға қарсы болған режимдерге бөлінеді.Қазақстан бұрынғы империяның көлеңкесінде бас сауғалап келген өмірден түбегейлі және түпкілікті бас тартып, нарықтық экономикасы әлеуметтік бағытталған және жаңа принципті түрдегі қоғамдық қарым-қатынастарға негізделген күшті егемен мемлекетті құруға кірісті. Саяси жүйе мен мемлекеттік құрылыс түбегейлі түрде өзгеріп келе жатқаны, республиканың демократиялық бағытқа, халықаралық нормалар мен принциптерге адалдығы айқын.
Саяси режим-әр мемлекеттегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген,саяси райды сипаттайды.Саяси режимнің мән-мағынасын толық айқындау үшін,оның белгілеріне тоқталып өтейік:
-саяси үкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;
-мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматты құқықтардың арақатынасы;
-жеке адамның бостандығының кепілі;
-қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шынайы сипаты;
-халықтың саяси билікті іске асыру деңгейі;
-ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі мен мемлекеттік аппараттың ашықтығы,
-мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамының саяси жүйесіндегі орны және ролі;
-заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев саяси-құқықтық жүйені модернизациялауда реформалардың тиімділігінің, харизматикалық типке негізін қалаушы ұлы ойшылдардың - Н. Макиавелли, Ж. Руссо, М. Вебердің саяси-құқықтық ойлары негізінде, мемлекеттің 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Президенттің биылғы Жолдауында 2020 жылға дейін атқарылатын нақты саяси шешімдер, әлеуметтік мәселелер, тұрақты экономикалық даму және Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан негізінде Еуразиялық Одақ құру идеясын жүзеге асыру айқындалған.
Мемлекеттік (саяси-құқықтық) режимнің түсінігі дегеніміз - қоғамдағы мемлекеттік билікті іс жүзіне асыру жолдарының әдістерінің жиынтығы.
Саяси режимде көпшілік, бірақ олар демократиялық (консервативтік, либералдық) және антидемократиялық (диспотиялық, тоталитарлық, авторитарлық, расистік) режимдер қалпында белгіленеді. Мұнда мемлекетті бөлудегі негізгі ерекшелік сол белгі бойынша адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының кепілдік деңгейі, сонымен бірге мемлекеттік билікті іс жүзіне асырудағы демократизм мен әдісі, яғни мемлекеттік билікті қалыптастыру мен тексеру процесіне халықтың қатысуындағы белсенділігі мен белсенді еместігін көрсетуші.
Антидемократиялық режим - монархиялық, сондай-ақ республикалық басқару нысанында белгіленуі мүмкін. Олар мынадай белгілерімен сипатталады: толық түрде мемлекетті, яғни қоғам өмірінің барлық аясын: экономиканы, саясатты, идеологияны, әлеуметтікті, мәдени ұлттық құрылымдарды тексеруге тырысады; мемлекеттік билікті шексіз бір ортаға біріккен билік түрінде, шын мәніндегі бір өкілдіктегі органға не бірнеше органға біріктіру; бар өкілетті органдардың шын мәніндегі биліктің және органдар жүйесінде жоғары тұратын мемлекеттік биліктің атқару органдары жоқ, сол сияқты жазалау және әскери ұйымдар жоқ; барлық қоғамдық ұйымдарды мемлекеттендіру (кәсіподақты, жастар ұйымын, спорттық, т.б.); шын мәнінде жеке адамдарды субъективті құқықтарынан айыру, формалды түрде, тіпті конституцияда да жариялануы мүмкін.
Авторитаризм - демократиялық емес саяси режимдерге тән билік жүйесі, мемлекеттік биліктің бір адамның не органның қолына жиналуымен, негізгі саяси бостандықты тежеуімен, қыресым жасауымен (сөз, басылым, жиналыс, т.б.), саяси оппозицияны басуымен сипатталады. Басқару әдістерінің үйлесуімен байланысты бір қалыпты авторитарлық режимнің түрін өзгертуге мүмкіндік бар, классикалық диктатураның демократиялық белгісін формалды түрде сақтау, дегенмен оның террорсыз және қуғын-сүргінсіз.
Тоталитаризм - саяси режим ретінде, абсалютті (тоталды) түрде, әр адамның әр түрлі өмірінің жан-жақтарын және барлық қоғамды тұтасымен бақылауға негізделген. Оның негізінің маңызды жағына авторитарлық режимнің шектен шығатын көрінісіне биліктің бәрін қамтуға бәрін тексеруге тырысуы.
Ақырғы шектегі антидемократиялық режимге жататындары - тирания және деспотия, сонымен бірге фашизм, расизм, апартеид, сегерегация. Тоталитарлық режимнің бір нысанына, әскери немес төңкерістің нәтижесінде пайда болған .
Демократиялық режим - жеке адамның дұрыс өмір сүріп, барыншы толық дамуын қамтамасыз етуге керек. Мұндағы саяси режимде азаматтардың құқығы мен бостандығы тек мойындалып қоймай, кепілдік беріледі, қамтамасыз етіледі және халықтың қатысуымен құрылған мемлекеттік органда-рымен тікелей және өкілеттік демократияның көмегімен қорғалады.
Демократиялық режим мынадай белгілерге тән: жеке адамға экономикалық деңгейде бостандық беру, себебі ондай жағдай қоғамның материалдық жақсылығын құрайды; шын мәніндегі азаматтардың құқығы мен бостандығына кепілдік береді, олардың мемлекеттің саясаты туралы өз пікірлерін айтуға, белсенді түрде мәдени және басқадай қоғамдық ұйымдарға қатынасуға мүмкіндігі; ел тұрғындарының мемлекеттік билікке тікелей ықпал ететін тиімді жүйе құруы; жеке адамның бассыздық пен заңсыздықтан қорғалғандығы, себебі, оның құқығы тұрақты құқық қорғау органдарының қарамағында; биліктің бір деңгейдегі, көпшілік пен азшылықтың мүдделерін қамтамасыз етуі.
Мемлекеттік режим заңдарға негізделеді, жеке адамның және қоғамның объективтік қажеттілігін көрсетеді.

1. Саяси режим түсінігі және түрлері

Саяси режим - бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жәрдемдесетін тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік биліктегі тәсілдер мен әдістердің жиынтығына қарай екі түрлі режимді бөліп атауға болады - демократиялық және антидемократиялық режимдер.
Демократиялық режимнің белгілері:
1) халық мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей (азаматтардың референдумға қатысуы) және өкілдік (халықтың билікті өзі сайлаған өкілдік органдар арқылы жүзеге асыруы) демократия арқылы қатысады;
2) шешімді көпшілік азшылықтың мүдделерін ескере отырып қабылдайды;
3) мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының сайланбалылығы және ауыспалылығы, олардың сайлаушыларға есеп беруі, жариялылық;
4) сендіру, келісу, келісімге келу әдістері жиі қолданылады;
5) қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы заңның үстемдігі;
6) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жарияланады және шын мәнінде қамтамасыз етіледі;
7) саяси плюрализм, соның ішінде көппартиялылық;
8) биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.
Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания, деспотизм, фашизм, тоталитарлық және авторитарлық режимдер. Антидемократиялық режимге мына белгілер тән:
1) бір саяси партияның үстемдігі;
2) бір ресми идеологияның болуы;
3) бір меншік түрінің болуы,
4) саяси құқықтар мен бостандықтарды жоққа шығару;
5) қоғамның сословиелік, касталық және т.б. белгілер бойынша бөлінуі;
6) халықтың төмен экономикалық деңгейі,
7) мәжбүрлеу мен жазалау шаралаының үстемдігі;
8) сыртқы саясаттағы агрессиялық сипаттағы әрекеттержәне т.б.
Бүгінгі таңдағы жаһандану дәуірінде мемлекеттің саяси жүйесінің жетілдірілуінде құқықтық дамуының ең негізгі алғышарттарының бірі ресми биліктің мемлекеттің мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануымен тығыз байланысты. Бұл мәселеге қатысты мысалдарды көршілес ТМД елдеріндегі және Еуропаның ішкі қақтығыстарды шешудегі билік ұйымдарының іс-әрекеттерінен көре аламыз. Саяси режим-әр мемлекеттегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген,саяси райды сипаттайды.Саяси режимнің мән-мағынасын толық айқындау үшін,оның белгілеріне тоқталып өтейік:-саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары; -мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтардың арақатынасы; -жеке адамның бостандығының кепілі; -қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шынайы сипаты; -халықтың саяси билікті іске асыру деңгейі; -ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі мен мемлекеттік аппараттың ашықтығы, -мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамының саяси жүйесіндегі орны және ролі; -заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары. Саяси режим-мемлекетте билік жүргізудің арнайы тәсілдері. Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуы мәселесінің өзекті екендігін ескеріп,біз мақалада саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына өте терең ықпал жасайтын саяси факторларының дамуының тарихи-құқықтық қырларын зерделедік. Елімізде құқықтық мемлекеттің қағидаттарын одан әрі бекіту үрдісінде, бір жағынан , адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың ең жоғарғы ықтимал кепілдігіне қол жеткізу, ал екінші жағынан барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен ұйымдардың конституциялық міндеттерді бұлжытпай және толық орындауы маңызды.
Біздің де бұл мәселелеріміз Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық режимінің қалыптасуына ықпал еткен ұлт зиялыларының қызметі, демократиялық бағыттағы модернизациялық саяси ойлар мен құқықтық көзқарастардың қалыптасып дамуы, мәні, қоғамымызды ілгерлетудің рөлі мен ерекшеліктері, яғни, оған ат салысқан саяси күштер мен ағымдар, көрнекті саяси қайраткерлерінің жанкешті қызметінің айтылмай, зерттелмей келген олқылығын , саяси-құқықтық талдай отырып толтыру қажеттігінен туындап отыр. Осы орайда біз Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына ықпал ететін үрдістерді зерделеп, талдауға ұмтылыс жасадық.Қазақстан мемлекетінің жүйелік басқаруын модернизациялау билік органдары мен басқаруды халыққа жақындатудың қамтамасыз етілуіне негізделген.
Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуында саяси-құқықтық ойдың қоғамды модернизациялаудағы рөлі саяси тәжірибесі биліктің жергілікті органдарының дамыған институттары билік құрылымдары болғанымен азаматтық қоғамның маңызды элементі болып табылатыны туралы мәлім етеді. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі мемлекеттік биліктің жергілікті өкілді органдары қоғамдық басқарудың, қоғамды демократияландырудың аса маңызды құрылымдық бөлігі ретінде қаралады. Орталықтан автономияның маңызды дәрежесі бар биліктің өкілді органдарының болуы, мемлекеттік биліктің нақты фрагментациясына әсер етеді, биліктерді бөлу қағидасының тәжірибеде жүзеге асырылуы, қоғамдағы плюрализмнің бейнесі болып табылады. Қазіргі Қазақстан үшін азаматтық қоғам мен жергілікті басқарудың саласындағы бай және терең салт-дәстүрлері бар дамыған елдердің тәжірибесін ажырағысыз және жауапты бөлігі ретінде зерделеу мен тиімді пайдалану ең өзекті мәселе болып табылады.Қазақстан Республикасындағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына қатысты мәселелер әлі де болса толыққанды зерттеуді қажет етеді.
Саяси жүйе саяси процеспен байланысты, ал ол әлеуметтік субъектілердің (индивидтер, топтар, таптар, жалпылықтар) біртұтас қызметінің көрінісі. Біртұтас саяси қызметтің нәтижесінде қоғамның саяси жүйесінің қалыптасуы, өзгеруі, қайта құрылуы мен қызметі пайда болады. Саяси жүйе саяси қоғамдық ұйымдардың және институттардың, саяси қарарлар, идеологиялар, нормалар мен органдардың комплексі. Қоғамның саяси жүйесінің басқа қоғамдық жүйелерден сапалық айырмашылығы бар, оған тән негізгі сипаттамалар: оның қоғамдағы жоғарылығы. Қоғамның саяси жүйесінің салыстырмалы дербестілігі бар. Олардың көмегімен қоғамды билеу және басқару іске асырылады. Қоғамның саяси жүйесі өзінің ауқымы жағынан аса кең ұғым. Бұл ұғымға саяси институттардың және ұйымдардың, саяси идеялардың, көзқарастардың, саяси және праволық нормалардың, әдет-ғұрыптардың жүйесі, адамгершілік (мораль), саяси өмірдің этикасы, қоғамдық пікірлермен және басқа арнаулы элементтер жатады. Саяси жүйе теориясы ХХ ғасырдың 50 жылдарында Давид Истон жасады. Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады.

2. Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері

Саяси режимнің типтері:
Тоталитаризм
Авторитарлық режим
Демократиялық режим
Авторитаризммен органикалық байланыстағы және одан тек тоталдығымен,яғни акциялардың, әрекеттердің бәрін қамтып, жекелікті жоққа шығарушылығымен ерекшеленетін ерекше саяси режим.
Тоталитарзмнің белгілері:
Идеологиялығы
Бұқаралық партияның болуы
Мемлекеттік қоғамның барлық саласында бақылау орнату
Оғамда плюрализм болмайды
Оппазиция болмайды
Мемлекеттік биліктің тоталитарлық режимді ұйымдастырудың ерекшелітері:
-Биліктің орталықтандырылуы, биліктің басында диктаторлар болады, репрессивті ақпарат жұмыс жасайды;
-- Билеуші партияның монополиясы;
-- Биліктің легитимділігі күшке негізделеді;
Азаматтардың еркіндігі мен бостандығы болмайды.
Тоталитарлық жүйелер әр түрлі нышандарға ие болса да оларды саяси практика мен режимнің өзіндік ерекшелітері принциптері саяси процестерде қолданатын әдістері мен құралдары біріктіреді.
Авторитаризм -- билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық күрес жок.
Авторитарлық саяси режимнің белгілері:
-Саясаттан басқаның барлығына рұқсат;
-Билікті ұстаушы бір адам немесе бір топ;
-Билік күшке негізделеді;
-Оппазиция болады,бірақ әлсіз;
Саяси құқықтармен еркіндіктердің шектелуі.
Авторитарлық режимнің формалары:
-Дәстүрлі авторитарлық режим;
Этатистік идеократтық авторитарлық жүйе
Бәсекелесуші олигархияның авторитарлық режимі
Авторитарлық бюрократиялық режим
Авторитарлық әскери режим.
Демократиялық режим.
Мұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, қоғамды қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократия -- әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады.
Демократияның басты ерекшеліктері:
-Еркіндік принципі;
-Саяси бәсекелестік;
Билік құрушы саяси элитаның қызметін бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндігі.
Мемелекеттік биліктің құрылымдық икемділігі
Демократиялық режимнің саяси жаңалықтарды қабылдай білу қабілеті
Саяси қатынастар субъектілерінің іс әрекеті мен қызметі үшін саяси кеңістік жасау
Саяси және идеологиялық плюрализм
Демократиялық қоғам ашық қоғам
Демократия консепциялары:
Жымдық антикалық. Ж.Руссо теориясы социялистік демократия
-Антикалық демократия: көпшіліктің шексіз.
Тоталитарлық (латынның total - бүтін, тұтас деген ұғымын білдіреді) режим деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтамыз. Онды өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі - бәрі тек мемлекеттің бақылауында болады. Сөз бостандығы болмайды. Жеке меншік, бәсекелестік, нарықтық қатынастарға жол берілмейді. Азаматтық қоғамның элементтері жұмыс істегенімен, ол тұтасымен мемлекеттің қарамағында. Жеке басқа табынушылық, бір партияның идеялық күштілігі байқалады. Халық дін ретінде бір идеологияға сенеді, бағынады. Барлық іс-әрекеттер алдын ала жоспарланған, жоғарыдан түсетін бұйрық арқылы жүзеге асырылады, жекелікке, даралыққа жол берілмейді. Мемлекеттің идеясына қарсы шыққандарды халық жауы деп құртады. Оппозицияны болдырмайды
Демократиялық режим Мұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, демос (гр.сөзі demos -- халық) қоғамды, қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократия -- әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады. Демократияны ерекше әлеуметтік құндылық дей отырып, ежелгі грек ойшылы Демокрит былай деген: "Демократиядағы кедейлік патша кезіндегі молшылықтан (азаматтардың) қаншалық артық болса, еріктілік құлдыққа қарағанда соншалық жақсы".
Демократия өз тамырын алғашқы басқару құрылымдары мен шешімдерді әлеуметтік өмірдің қатысушылары тікелей өздері қабылдаған қоғамның мемлекетке дейінгі кезеңінен алады. Тарихи әдебиетте, саяси ойлар тарихында, негізі Афины қала-мемлекетінің ерікті ата-анадан туған азаматтары болған ежелгігректік афины демократиясы толықтай сипатталған. Алайда Афины қала-мемлекетінің ересек тұрғындарының барлығының бірдей биліктік мәселелерді шешуге қатысу құқығы болмады. Қатысу қүқығына құлдар, өте ірі қала-порт, экономикалық өмірдің орталығы Афиныға сауда, қолөнер, экономикалық пайда үшін келген әр түрлі тектегі келімсектер ие бола алмады. Афинылық демократия туыстық және сословиелік құрылымдардан шыққандықтан, ондағы демократиялық режимді қалыптастыратын әлеуметтік өмірдің агенті Афины азаматы, яғни ерікті ата-анадан туған, жынысы ер, жасьі кәмелетке толған афинылық болатын. Қоғамдық істерді шешу мен шешімдерді қабылдауға мүдделі адамдардың барлығының демократиялық жолмен қатысуы көптеген елдердің тарихьшда болды Саяси бәсекелестік
Қоғамның саяси элитасы декларациялар жариялау, уәделер беру, қоғамдық өмірдің маңызды проблемаларының шешімдері берілген әлеуметтік бағдарламаларды жасақгау арқылы халықтың назарын өздеріне аударып, қолдауына ие болу үшін ашық күрес жүргізетін бәсекелес саяси күштерге бөлінеді.
Билікті, оның шешімдері мен акцияларын, олардың салдарын үнемі сыни тұрғыда бағалайтын және жариялы, ашық сынау жолымен қоғамдық көзқарасты қалыптастыратын оппозициялық саяси элитаның көмегімен жүзеге асады.
Биліктің белдеулік тұрғыдан атқарушы, заң шығарушы және сот билігі болып бөлінуіне, сондай-ақ оның құрылысы түрлеріне (унитарлық, федеративті, конфедеративті); жергілікті жердегі өзін-өзі басқару органдарының күшею мүмкіндігіне (билікті тікелей жергілікті жерлерде жүзеге асыратын биліктің төменгі тармақтарындағы билік өкілеттігі) байланысты жүзеге асатын мемлекеттік биліктің құрылымдық икемділігі.
Демократиялық режимнің саяси жаңалықтарды қабылдай білу қабілеті.
Ол демократияның саяси жүйе ретінде беріктіктің, тұрақтылықтың қажетті қорына ие бола отырып, сыртқы өсерлерді белсенді қабылдауы мүмкіндігімен, оларға лайықты жауап бере алуымен, тіпті каджет болған жағдайда бейімделуімен, өзін-өзі жетілдіруімен анықталады.
Саяси қатынастар субъектілерінің іс-әрекеті мен кұрметі үшін саяси кеңістік жасау
Мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның өзара бірлесіп қызмет етуін, сондай-ақ олардың әр түрлі ұйымдастыру формаларын, әдістерін, күштері мен құралдарын қамтитын терең тізбектелген саяси жүйе қалыптасады. Саяси режим ретіндегі демократияның және қызмет атқарып отырған саяси мәдениеттің басты белгісі -- тұлғаның Құқықтық қорғалуы. Демократиялық режим -- консти- туциялық режим. Конституция баптарында тұлғаның негізгі Құқықтары мен олардың кепілдіктері жазылған.
Демократиялық қоғамдағы саяси және идеологиялық плюрализм
Әрқилы саяси тенденциялар мен олардың ұйымдық кдлыптасуы, саяси ойлары, әрекеттері пайда болатын көпсубъектілі қоғам ретінде сипаттайды. Азаматтардың саяси белсенділігі азаматтық қоғам институттарын ұйымдастыруға алып келеді, онда азаматтардың мемлекеттік билік құрылымдарынан тәуелсіз саяси өмірге қатысуға ынтасы өзін-өзі ұйымдастыру, өз қайраткерлігі мен өзін-өзі басқару жолымен жүзеге асады. Бірақ азаматтық қоғам құрылымдары Конституция мен мемлекет зандары белгілеген шеңберде ұйымдасып, қызмет істеуі тиіс. Мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның бірлесіп қызмет етуі конституциялық нормалармен және мемлекет зандарымен анықталынады. Мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның құрылымдары қоғамның тәуелсіз элементтері ретінде қызмет етуі тиіс. Мемлекеттік билік азаматтық қоғам институттарының бақылауында болады, себебі олар мемлекеттік биліктің калыптасуына, оның саясатын түзеп, жузеғе асуына белсенді түрде ат салысады.
Жалпы анықтама бойынша, жаңғырту дегеніміз дәстүрлі қоғамнан (аграрлық, патриархалды мәдениеттен және қатаң бекітілген әлеуметтік иерархиядан) ірі машиналық өндіріс пен заңдарға тіренген қоғамдық үдерістерді оңтайлы басқаруға негізделген индустриалды қоғамға көшу үдерісі болып табылады. Әдетте бұл жағдайда қоғамның индустриалдық батыс моделімен жанасатын дамушы елдер кіреді. Теорияда жаңғырту түсінігімен индустрияландыру, секуляризациялау, урбанизациялау, жалпыға ортақ білім беру жүйесінің құрылуы, өкілеттілік саяси үкімет, кеңістіктік және әлеуметтік мобильділікті күшейту және т.б. дәстүрлі жабық қоғамға қарсы қазіргі заманғы ашық қоғамды қалыптастыруға тартатын үдерістер жиынтығы анықталады [80-88 б.].
Қазіргі заманда көптеген елдер қоғамның көшу проблемасын саяси қарапайымнан саяси өмірдің күрделірек ұйымының формаларына көшу арқылы шешеді. Саяси ғылымда саяси жүйенің бір түрінен басқа түріне көшу саяси даму немесе саяси жаңғырту терминдерімен анықталады.
Саяси жаңғырту саяси өзгерістердің (қазіргі заманға икемдеу) белгілі бір бағыттылығын белгілейді. Саяси жаңғырту мақсаттарының арасында бірінші қатарға үкіметті рационализациялау тапсырмасы яғни бүкіл ұлттық мемлекет шеңберінде заңның ұлықтылығы қағидатының орындалуын қамтамасыз ету.
Сасяи жаңғырту үрдісі саяси институттардың сапалы өзгертілудің жүйелілігі мен ақырындап іске асуымен, оның атқарымымен сипатталады. Ал бастысы - мақсатқа бағытталған басқарылатын үрдіс, оның мазмұны саяси тәртіптердің, саяси мінез-құлықтың үлгілерін, идеологиялық құндылықтардың қандай да бір нормаларын, бағдарлау және саяси тілді құрайтын өзгерулерді құрайды.Қазіргі таңда Қазақстан қоғамның объективтік қажеттіліктері мен жалпы қазақстандық құндылықтардың жаңа жүйесінің қалыптасуынан туындаған елдің мемлекеттік, экономикалық және саяси құрылымындағын түбегейлі өзгерістермен шартталған демократиялық, құқықтық мемлекеттің нығаюының жаңғыртылған Демократиялық саяси жүйе - саяси жүйенің түрі, оған мыналар тән:
азаматтардың кепілденген құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымы қамтылуы;
1)билеуші және оппозициялық саяси партиялардың еркін қызмет етуі;
2)жалпымемлекеттік өкілетті билік органдарының - парламенттің болуы;
3)сайлаудағы заңды күрес қорытындылары бойынша партиялардың үкіметті жасақтауы;
4)мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызмет етуі принциптері және заңцылықтарына бақылау орнататын тәуелсіз соттар жүйесінің болуы;
5)өзін-өзі және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болуы;
6)көз жеткізу, дәлелдеу мемлекеттік органдар ықпалының негізгі құралы ретінде ақпарат көздерінің еркін қызмет етуі.
Осылайша, демократиялық саяси жүйеге жалпы баға бере отырып, олар мыналарды қамтамасыз етеді деп сеніммен айтуға болады.
Қазіргі саяси ғылымда саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстарады. Саяси режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни қоғамның саяси жүйесінің қызметтерінде ерекше орын алатын. Одан мынадай сұрақтар:
- билікте қандай саяси күштер болады және олар қандай механизммен билікті жүзеге асырады;
- саяси билік қалай шынайы таратылады және оның жүзеге асуын кім бақылайды;
- қоғамда тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қандай жағдайда кепілдіктер беріледі;
- қоғамда саяси оппозицияның өмір сүруіне жол беріле ме;
- саяси билікке қол жеткізуді жүзеге асыруда қандай әдістер, тәсілдер және құралдар қажет т.б.
Саяси режимнің сапалық сипаттамаларын мынадан анықтауға болады: адам құқықтары мен бостандықтарының өлшемі, мемлекеттік биліктің жүзеге асу әдістері, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынас сипаты, саяси шешімдерді қабылдауда қоғамның ықпал жасау мүмкіндіктерінің барлығы немесе жоқтығы, саяси институттардың қалыптасу жолдары. Нақты бір елдегі өмір сүріп отырған саяси режим түрі субъективті және объективті жағдайларға сондай-ақ басқа да көптеген факторларға байланысты. Сондықтан да саяси режимнің классификациясы өмірде көп кездеседі. Кең тараған саяси әдебиеттерде классификация-ол қоғамда демократиялық принциптердің бірқалыпты дамуы деп көрсетіледі. Осы классификация бойынша саяси режимнің түрі былай анықталады:
· саяси-қоғамдық процестердің интенсивтілігі және даму деңгейі;
· басқарушы элитаның құрылымы және оның қалыптасу механизмі;
· қоғамдағы адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы;
· бюрократиямен қатынас жағдайы;
· қоғамда басқарушылық лигитимді түрде болу деңгейі;
· қоғамдағы саяси санаға қозғау салатын қоғамдық-саяси дәстүрлерді әрқилылылығы.
Осы айтылғандармен байланыстырып саяси режимнің негізгі үш түрін ажыратады: тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық.
Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет - ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды.
Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар-ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дауын шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі.
Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы Конституцияда қарастырылды.
Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық. Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады.
Қазақстандық демократияның ажырамас конституциялық институты, сонымен бірге мемлекеттік жоғары лауазымды адамның (Президенттің) орнын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси режимдердің ерекшеліктері
Саяси режим түсініктері
Мемлекеттің нысандары
Саяси режим туралы
Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
Басқару нысаны ретінде
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПТЕРІ
Саяси режим түсінігі
Мемлекет нысанының соңғы элементі - саяси режим
САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Пәндер