Сенімхат берілген заңды тұлғаның таратылуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығының (жалпы бөлімі)
Тақырыбы: Сенімхат

Орындаған: ЮП-18-3 тобы студенті
Жексенбай Темірлан
Рецензент: з.ғ.к., доцент.
Орамахова М.Н

Ақтау - 2019
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 СЕНІМХАТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
0.1 Сенімхаттың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
0.2 Сенімхаттың жасалу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2 СЕНІМХАТ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ МЕРЗІМІ, КУӘЛАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1 Сенімхат түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1 Сенімхат мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3 Сенімхатты куәландыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.
Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарға араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында осындай қатынас туындайды. Азаматтық кодексте көрсетілген сату - сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге немесе сол затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т.с.с.
Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру - осылардың бәрі де құқық қатынасын тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.
Құқық қытынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен оның құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік - аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады (АК-тің 167-бабының 1-тармағы).
Сенімхатты пайдалану кезінде "уәкілдік" және "өкілетті" деген терминдерді ажырата білу керек. Уәкілдік дегеніміз өкілдің өкілдік беруші атынан іс-әрекетке қатынасуы, ал өкілеттік өкілдік беруші үшін өкілдің жасауға құқылы әрекеттерінің шеңбері болып табылады.
Заң жағынан қарағанда сенімхат беру -- біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет және жеткілікті, соңдықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді.
Заң сенімхаттың жазбаша түрін міндетті түрде сақтауды талап етеді.
Келісімге қарағанда, сенімхат өкілдіктің сыртқы әсерін қамтамасыз етуге шақырылған. Үшінші тұлға сенімхатпен таныса отырып, өкілдің қандай артықшылықты иемденетін біледі. Құқық шегінде өкілмен жасалған кез-келген мәлімелер және басқа да заңдық әрекеттер өкіл жіберуші үшін міндетті сипатқа ие.
Сенімхатқа ұсынылатын талаптары бар. Сенімхат заң мәмілесіне ұсынылатын барлық талаптарға сәйкес келуі керек. Сенімхат құқықтық заңдық әрекет жасауға ғана берілуі мүмкін; өкіл жіберушінің еркі еркін қалыптасып, сенімхатта анық көрсетілуі тиіс; заңды тұлғаға берілген сенімхат арнайы құқық субъектілігіне қайшы келмейтін мәміле жасауға ғана қатысты болуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының мақсаты сенімхаттың құқықтық реттелуін зерттеу
Мақсатқа сай келесі міндеттер анықталды
Сенімхаттың теориялық аспектілерін зерттеу;
Сенімхат түсінігі, мазмұнын ашу;
Сенімхаттың құқықтық реттелуін талдау
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпта жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 СЕНІМХАТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
0.1 Сенімхаттың түсінігі

Сенімхат -- сенім білдірушінің өз атынан өкілдік ету үшін екінші тұлғаға берген жазбаша уәкілдігі. С. жазбаша нысанда және нотариаттық куәландыру арқылы жасалынады. Егер сенімхат мүлікті басқару үшін және нотариаттық куәландыруды талап ететін мәміле жасауға берілсе, оны міндетті түрде нотариат куәландыруға тиіс. Сенімхаттың мерзімін сенім білдіруші өзі белгілейді, бірақ заң бойынша ең ұзақ мерзім -- 3 жыл. Сенімхатта мерзімі көрсетілмесе, толтырылған күнінен бастап 1 жыл мерзімге жарамды болып саналады.
Сенімхат мынадай әрекеттер жасау үшін берілуі мүмкін:
1) мәміле жасау;
2) акционердің атынан қоғамның жиналысына қатысу;
3)белгіленген уақыт ішінде сенім білдірушінің атынан әрекет ету;
4) сенім білдірушінің мүліктік кешенін басқару, т.б.
Сенімхат мына негіздер бойынша тоқтатылады:
1) мерзімінің өтуі;
2) көзделген әрекеттің орындалуы;
3) Сенімхат беруші тұлғаның cенімхат күшін жоюы;
4) Сенімхат берілген адамның одан бас тартуы;
5) Сенімхат берілген заңды тұлғаның таратылуы;
6) Сенімхат берген не алған адамның қайтыс болуы немесе әрекет қабілеттілігі жоқ, шектеулі не хабар-ошарсыз кетті деп танылуы.
Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
- құжат атауы;
- күні, айы, жылы, мекен-жайы;
- сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
- сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
- алынған заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);
- қайтарылатын нақты уақыты;
- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;
- нотариалдық мекеме мөрі.
Сенімхат - белгілі, дәлелді себептерге байланысты өзі атңара алмайтындай жағдайда нақты іс-ерекеттің орыңдалуын басқа адамға тапсыру үшін жазылады.
Сенімхат - қүжат иесі басқа біреуге бір істі атқаруға, сейтіп, өз атынан оның құқын пайдалануға рүқсат беретін құжат түрі. Сенімхатты мынадай ақша түрлерін алу үшін пайдалануға болады: жалақы, зейнетақы, алимент, ақша аудару т.б. Сондай-ақ сатып алу, сату, үй ауыстыру, басқару, сыйлық алу, автоколіктерді сату, ауыстыру т.б. операцияларды сенімхат арқылы жүзеге асыруға болады. Сенімді окілге сотта, кәсіпкерлікте іс жүргізуді, банктегі есепшотқа иелік етуді т.б. сеніп тапсыруға болады.
Үлкен жауапкершілік жүктейтін іс-әрекетті орындауға немесе қымбат мүлікті алуға берілген сенімхат нотариалдық тұрғыдан куелаңдырылуы мүмкін. Кей жағдайда қойылған қолдар сенімхатта керсетілген адамдар жұмыс істейтін мекемелердің кадрлық қызмет көрсету орыңдарымен де куәландырылуы мүмкін. Сенімхат ұйыңдар тарапынан өз қызметкерлеріне де беріледі. Бұл жағдайда сенімді өкілге қандай құқықтар берілетіні дәл көрсетіледі. Оңцай қүқықтарға келісім жасау, фирма атынан келіссөз жүргізу, жұмысшы жалдау немесе тауар қабылдаулар жатады.
Сенімхаттың нысаны мен мерзімі сенімхат берілген елдің құқығы бойынша анықталады.
Азаматтық сотта азаматтар өз істерін не өзі не өкілдік арқылы жүзеге асыра алады. Сотта өкіл болып сотта іс жіргүзуге өкілеттігі сенімхат, заң, әкімшілі акті, немесе сот шешімі негізінде ресми түрде анықталған кез келген әрекет қабілеті бар тұлға бола алады.
Сотта тапсырма (кепіл) бойынша төмендегі тұлғалар өкіл бола алады:
1) Қорғаушы;
2) Заңды тұлға қызметкерлері;
3) Уәкілдігі бар кәсіби одақ - осы кәсіптік одақ құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын тұлғалардың, жұмысшылардың қызметкерлердің істері бойынша;
4) Сол ұйым мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға заңмен, ережемен құқық берілген уәкілетті ұйымдар;
5) Тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға құқық берілген уәкілетті органдар;
6) Басқа қатысушылардың уәкілеттігі бойынша қатысушы.
Судьялар, тергеушілер, прокурорлар және депутаттар өкіл бола алмайды. Сотта іс жүргізу уәкілеттігі өкілге уәкілеттік беруші атынан барлық істерді жүргізуге құқық береді. Бірақ, оның талап арызға қол қоюға, талап арыздан толық немесе жартылай бас тартуға, талап мазмұнын өзгертуге, сот шешіміне шағымдануына, уәкілдікті басқа тұлғаға беруіне, сот шешімінің орындалуын талап етуіне құқығы жоқ.
Осы аталған әрекеттерді жүзеге асыру үшін оның құқығы өкілеттік берушінің сенімхатында көрсетілуі керек. Өкілдің уәкілеттігі заңға сәйкес рәсімделген сенімхатпен жасалады.
Әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың құқықтар, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері сотта олардың ата-аналарымен, асырап алушыларымен, қамқоршысылары немесе қорғаншыларымен сотта уәкілеттік құжаттарын көрсете отырып жүзеге асырылады. Хабар-ошарсыз кетті деп танылған азаматтың ісі бойынша өкілеттікті оның мүлкіне қорғаншылықты жүзеге асырып отырған адам ала алады.
Заңды өкілдер уәкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін, уәкілдік берушіге тиесілі құқықтарды заңда көрсетілген шектеулермен жүзеге асыра алады. Заңды өкілдер сотта іс жүргізуді басқа өкілге бере алады.
Бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады. Сенімхатты пайдалану кезінде уәкілдік және өкілетті деген терминдерді ажырата білу керек. Уәкілдік дегеніміз өкілдік өкілдік беруші атынан іс-әрекетуке қатынасуы, ал өкілеттік - өкілдік беруші үшін өкілдің жасауға құқылы әреукеттерінің шеңбері болып табылады.
Заң жағынан қарағанда сенімхат беру - біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет және жеткілікті сондықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді. Сенімхат бір жақты мәміле болғандықтан, онда мәтінде көрсетілген тұлғаның басқа біреудің атынан құқықтық қатынасқа түсетін құқығы көрсетіледі.
Өкілеттіктің сипатына қарай сенімхаттар бір рет қолдануға жарамды, яғни бір ғана мәміле жасасуға немесе бір ғана әрекет жасауға арналған (мысалы, бір ғана айдың айлық ақысын алу); біртекті мәмілелер жасауға арналған арнайы (мысалы, шикізат сатып алу); немесе ұзақ уақыт бойы бір ғана әрекетті жасауға арналған (мысалы, заңды тұлға атынан шарт жасау); негізгі - белгілі бір аумақта барлық заңды әрекеттерді жасау немесе заңды тұлғаның филиалындағы мүлікті басқару үшін арналған; әмбе-бап (универсалды) - сенім берушінің барлық құқықтарын жүзеге асыру үшін арналған деп бөлінеді. Сенімхат үшінші жақпен құқықтық қатынасқа түспей-ақ сенім берушінің мүлкін пайжалануға және билік етуге берілуі мүмкін (мысалы, автомобильді басқаруға сенімхат беру).
Сенімхаттарды заңды тұлғалар мемлекеттік органдар жүргізген коммерциялық, инвестициалық тентерлері, аукциондар және мемлекеттік меншіктегі объектілерді және мемлекеттік акция пакетін сату кезінде кеңінен қолданады. Заңды тұлғалардың өкілдері осы мәмілелердің қатысушылары ретінде тіркелу үшін құрамында өкілеттігін растайтын сенімхат бар құжаттар тізімін көрсетулері қажет.
Коммерциялық сферада сенімхатты қолдану үшін екі жағдайға көңіл бөлу қажет.
Біріншіден, сенімхатта сенім беруші мен өкілдікті алушы туралы мәліметтер толық көрсетілуі қажет (азаматтардың толық аты-жөні немесе заңды тұлғалардық толық атауы), берілген уақыты, тұлғалардың қолы, екіншіден, сенімхатта өкілдің өкілеттігі анық көрсетілуі тиіс.
Заң сенімхаттың жазбаша түрін міндетті түрде сақтауды талап етеді. Сонымен бірге мәміле жасауға берілетін сенімхат нотариалды жолмен куәландырылуы талап етілетін болса, онда ол нотариалдық жолмен куәландырылады.
Нотариалды куәландырылған сенімхаттарға төмендегі сенімхаттар теңестіріледі:
1) Госпитальда, санаторияларда және тағы басқа әскери емделу орындарында жатқан әскери қызметкерлер мен басқа да тұлғалардың, осы госпитальдағы, санаторидегі және басқа да әскери емделу орындарының басшылары, медицина бөлімі бойынша орынбасарлары, аға және кезекші дәрігерлер куәландырған сенімхаттары;
2) Нотариалды қызмет жасайтын мемлекеттік нотариалды кеңселердің немесе басқа да органдары жоқ әскери бөлімдердің, мекемелердің және әскери оқыту бөлімдерінің әскери қызметкерлерінің және олардың жанұя мүшелерінің осы бөлім, мекеме басшылары немесе начальниктері куәландырған сенімхаттары;
3) Бас бостандығынан айрылғандардың мекеме басшысы куәландырған сенімхаттары;
4) Осы мекеме басшылары куәландырған тұрғындарды әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі кәмлетке толған әрекет қабілеттігі бар азаматтардың сенімхаттары.
Корреспонденция, соның ішінде ақшалай және сәлемдеме, еңбек ақы және тағы басқа төлемдерді алуға берілген сенімхат сенімхат беруші тұлға тұратын жергілті басқару орагымен, ол жұмыс істейтін немесе оқитын ұйыммен куәландырылуы мүмкін. Телеграфпен немесе байланыс құралының басқа да түрімен жіберілген, құжатты жіберуді байланыс қызметкері жүзеге асырғанда сенімхат сол байланыс органымен куәландырылады.
Үшінші тұлға ресмим байланыс органының қатысуынсыз, факсмальді немесе басқа байланыс құралымен жіберілген сенімхаттарды әрекетті жүзеге асыру үшін жарамсыз деп тануына құқығы бар.
Мемлекеттік органдардың, комерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың ақша және басқа да бағалы заттарды алуға немесе беруге арналған сенімхаттарына сол ұйымның бас есепшісі қол қоюы қажет.
Сенімхат - ол жазбаша құжат. Сенімхаттың қарапайым жазбаша түрі және нотариалды куәландырған нұсқасы болады.
Нотариалды куәландырылған сенімхатты берудің Азаматтық Кодексте екі жағдайы қарастырылған:
1) мүлікті басқаруға арналған сенімхат;
2) мәміле жасауға арналған сенімхат (мысалы, сатып алу-сату мәмілесін жасауға арналған).
Нотариалды және оған теңестірілген сенімхаттардан басқа өкілетті орган растайтын сенімхаттарда болады. Олар сенім берушінің атынан жалақы алу, т.б. сол сияқты әрекеттерді жүзеге асыру үшін беріледі.
Қарапайым сенімхат заңды тұлғаның мөрі қойылып, сенім берушінің қол қоя отыруымен заңды түрде беріледі.
Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі кәуландырылуы ол негізгі алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек.
Өкілдік беруші қайсыбір құқық өкілеттігін өкілге тапсырарда оның мерзімін шектеп, белгілі бір уақыт аралығын көрсетеді. Сондықтан сенімхат - әр кезде де мерзімді құжат. ҚР АК 168-бабына сәйкес сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта ең ұзақ мерзім көрсетілсе, Ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе - берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Егер сенімхаттың берілген күні көрсетілмесе ол жарамсыз деп танылады.
Өзіне арнап өкілеттік құқық берілген әрекеттерді сенім алушының өзі атқаруы тиіс. Егер алған сенімхат бойынша осылай етуге өзіне өкілеттік құқық берілген немесе сенім берушінің мүдделерін қорғауға жағдайлардың салдарынан осылай етуге мәжбүр болған ретте ғана ол сенімхат бойынша әрекет етуді басқа біреуге сенім ауысуы арқылы бере алады.
Сенім алушы өз өкілеттігін басқа біреуге сеніп тапсырғаннан кейін өзінің сенім берушісініе бұл жөнінде білдіруге және ол адам туралы, оның тұрағы туралы қажетті мәліметтерді хабарлайға тиіс. Бұл міндетті орындамасы, сенім алушыға өзінің өкілеттік құқықтарын сеніп тапсырған адамның әрекеттері үшін өзінің істегені сияқты жауаптылық жүктеледі.
Сенімхаттың тоқтатылу және оның салдарлары. Сенімхаттың күші мынандай жағдайларда жойылады:
1) сенімхат мерзімінің өтуі;
2) сенімхатта көзделген әрекеттердің жүзеге асуы;
3) сенімхатты беруші адамның оның күшін жоюы;
4) сенімхат берілген адамның одан бас тартуы;
5) атына сенімхат берілген заңды тұлғаның таратылуы;
6) өз атынан сенімхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы;
7) секнімхат берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қаблеттілігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылуы;
8) сенімхат берілген азаматтың қайтыс болуы, оның әрекет қабілеттігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылуы салдарынан тоқтатылады.
Сенімхат тоқтатылған бойда, оны алған тұлға сенімхатты берген тұлғаға немесе оның заңды мирасқорына қайтаруы керек.
Сенімхаттың қайтарылуы туралы сенімхат беруші сенімхат берілген тұлғаны және өкілдік берілген үшінші тұлғаны хабардар етуі тиіс.
Сенімхат дегеніміз бұл -- бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші (сенім білдірілген) адамға берген жазбаша уәкілдігі (АК-ның 167-бабының 1-тармағы).
Бұған дейін айтып өткеніміздей, өкілеттіктер жеке құжат -- сенім-хатта, сондай-ақ өкілдікті белгілеу туралы шарт -- тапсырма беру шартында, коммерциялық өкіл шартында және т.с.с. баянды етілуі мүмкін. Өкілеттік шарттың талаптарына қосылатын реттерде шарттың өзі сенімхат болады. Мұндай шарт заңның шартқа қоятын барлық талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Жеке жазбаша құжат -- сенімхат біржақты мәміле болып табылады. Сондықтан сенімхатқа мәміле жөніндегі заңдардын барлық ережелері қолданылады. Сенімхат берудің сипаты бір адамның -- сенім білдірушінің (өкілдік берушінің) ерік білдіруінің және екінші адамның -- сенім білдірілген адамның (өкілдің) ерік-жігер әрекеттерінің бар екенін көрсетеді. Сондықтан сенім білдіруші мен сенім білдірілген адам толық әрекетке қабілетті болуы тиіс. Сенім білдірушіде немесе сенім білдірілген адамда әрекет қабілеттілігінің болмауы немесе шектеулі болуы сенімхаттың жарамсыздығы немесе тоқтатылуы үшін негіз болады.
Сенімхат мерзімді мәміле, яғни шекті қолданылу мерзімі бар мәміле болып саналады. Сенімхаттың қолданылу мерзімі, әдетте, сенімхаттың өзінің мәтінінде көрсетіледі. Мұнда заң сенімхат берілетін ең ұзақ шекті мерзімді үш жыл деп нақты көрсеткен. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол тұтас алғанда, сенімхаттың жарамдылығына ықпал етпегенімен, оның қолданылуын сенімхат берілген кезден бастап үш жыл мерзіммен шектейді.
Сенімхат мерзімді мәмілеге жатқанымен, оның мәтінінде қолданылу мерзімінің көрсетілмеуі оны жарамсыз етпейді, өйткені заңда, атап айтқанда, АК-ның 168-бабында осы жағдайды толықтыратын нормалар көзделген, олардың мазмұны мынаған саяды: егер сенімхатта оның қолданылу мерзімі көрсетілмесе, онда мұндай сенімхат толтырылған күнінен бастап бір жыл мерзімге берілген деп есептеледі.
Сенімхаттың берілген күні міндетті түрде көрсетілуі тиіс және ол сенімхаттың жарамдылығы үшін маңызды болады. Сенімхаттың берілу күнінің көрсетілмеуі оны жарамсыз етеді. Сенімхаттың шекті қолданылу мерзімінің көрсетілуі оның берілген күнін көрсету міндетін алмастырмайды және оның орнын толтыра алмайды. Бұл талаптың қарапайымдығына қарамастан, іс жүзінде берілген күні көрсетілмеген сенімхаттар берілетін және осыған байланысты кейін олар жарамсыз деп танылатын жағдайлар жиі кездеседі.

1.1 Сенімхаттың жасалу жолдары

Сенімхат - қүжат иесі басқа біреуге бір істі атқаруға, сөйтіп, өз атынан оның құқын пайдалануға рұқсат беретін құжат түрі. Сенімхатты мынадай ақша түрлерін алу үшін пайдалануға болады: жалақы, зейнетақы, алимент, ақша аудару т.б. Сондай-ақ сатып алу, сату, үй ауыстыру, басқару, сыйлық алу, автоколіктерді сату, ауыстыру т.б. операцияларды сенімхат арқылы жүзеге асыруға болады. Сенімді өкілге сотта, кәсіпкерлікте іс жүргізуді, банктегі есепшотқа иелік етуді т.б. сеніп тапсыруға болады.
Үлкен жауапкершілік жүктейтін іс-әрекетті орындауға немесе қымбат мүлікті алуға берілген сенімхат нотариалдық тұрғыдан куәландырылуы мүмкін. Кей жағдайда қойылған қолдар сенімхатта керсетілген адамдар жұмыс істейтін мекемелердің кадрлық қызмет көрсету орындарымен де куәландырылуы мүмкін. Сенімхат ұйымдар тарапынан өз қызметкерлеріне де беріледі. Бұл жағдайда сенімді өкілге қандай құқықтар берілетіні дәл көрсетіледі. Ондай құқықтарға келісім жасау, фирма атынан келіссөз жүргізу, жұмысшы жалдау немесе тауар қабылдаулар жатады
Сенімхат куәлігін жеке, тұлғаның ауызша арызы негізінде мекеме басшысы бере алады. Мекеме басшысы сенімхат беруші және алушы адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру арқылы олардың ақиқаттығына көз жеткізуге тиіс.
Ұйым жетекшісі сенімхат берушіге сенімхат алушының өз өкілеттігін сенімхат арқылы басқа бір адамға беруге құқы бар екендігін және сенімхат беруші жазбаша арыз беру арқылы сенімхаттың күшін жойдыруға құқы бар екендігін ескертуі қажет.
Сенімхаттың мәтінің мәлеметері:
1. Сенімхат иесінің аты-жені, қызметі, (қажет жағдайда) және
мекен-жайы;
2. Сеніп тапсыратын өкілеттіктері мен құқықтарының дәл ауқымы.
3. Сеніп тапсырған адамның аты-жөні, оның қызметі немесе мекен жайы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың (куәліктің) нөмірі, кім бергені, қашан бергені.
4. Сенімхат әрекетінің мерзімі мөтіндегі екінші және үшінші бөліктерінің орнын ауыстыруға да болады.
Сенімхат 1 дана болып дайындалады. Сенімхат мазмұнына мыналар кіреді:
құжат аты;
жазылған жері мен уақыты;
сенімхат берушінің және сенімхат алушының аты-жөні, мекен-жайы қоса көрсетілген негізгі мәтін.
ұйым мөрі басылған, растайтын жазба;
Сенімхаттың мерзімін сенім
білдіруші өзі белгілейді, бірақ заң бойынша ең ұзақ мерзім -- 3 жыл. Сенімхатта мерзімі көрсетілмесе, толтырылған күнінен бастап 1 жыл мерзімге жарамды болып саналады.
Сенімхат мынадай әрекеттер жасау үшін берілуі мүмкін: 1) мәміле жасау;
2) акционердің атынан қоғамның жиналысына қатысу;
3) белгіленген уақыт ішінде сенім білдірушінің атынан әрекет ету;
4) сенім білдірушінің мүліктік кешенін басқару, т.б.
Сенімхат мына негіздер бойынша тоқтатылады: 1) мерзімінің өтуі;
2) көзделген әрекеттің орындалуы;
3) Сенімхат. беруші тұлғаның cенімхат күшін жоюы;
4) Сенімхат берілген адамның одан бас тартуы;
5) Сенімхат. берілген заңды тұлғаның таратылуы;
6) Сенімхат берген не алған адамның қайтыс болуы немесе әрекет қабілеттілігі жоқ, шектеулі не хабар-ошарсыз кетті деп танылуы.
Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі :
-құжат атауы;
- күні, айы, жылы, мекен-жайы ;
- сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
-сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);
- қайтарылатын нақты уақыты;
- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;
- нотариалдық мекеме мөрі
Сенімхат А4 форматты қағазға қолмен жазылады я болмаса жазба машинкасы арқылы да компьютерлік жолмен де теріледі. Мәтінде түзетілген, өшірілген я қосымша жазылған сөздер болмауы керек. Мұндайлар болған жағдайда олардың әрқайсына түсініктеме жазылып ("өшірілген сөз оқылмайды", "түзетілген дұрыс" сияқты), оған сенімхат беруші де, сенімхат да өз қолдарын қоюлары қажет.
Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы - 3 ай;
Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардыөң жарамдылығы - 3 жыл; Егер пайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады. Сенімхаттардағы жарамдылық мерзімі әрқашан жазбаша жазылуы керек.
Сенімхатқа қол құжаттың түпнұсқа екенің куәландырушы адамның қатысумен ғана қойылады. Құжат мәтінін сенімхат алушыға куәландырушы тұлға немесе сенімхат беруші адам дауыстап оқып беруге тиіс.
Құжат дайындалғаннан кейін, сенімхат беруші тұлғаның қолына беріледі, я оның өтініші бойынша сенімхат алушыға беріледі я жіберіледі.
Ұйым басшысы мынадай жағдайларда сенімхатты куәландырмайды:
::егер сенімхат өз атынан емес туысқаның я басқа бір адамның атынан берілсе, сол сияқты сенімхат өз атына емес туысқанының, я басқа бір адамның атына берілсе;
::егер сенімхат мазмұнында айтылғандар заңға қайшы келсе;
::егер сенімхаттағы даталар жазбаша жазылмаса.
ҚР АК-не сәйкес, сенімхат дегеніміз бір адамның (сенім білдіруші) өзінің атынан өкілдікке ие болуы үшін екінші бір адамға (сенетін адамына) жазбаша түрде берілген өкілдік болып табылады.
Сенімхат меншікке деген құқық тудырмайды. Сенім білдірген адам кез келген уақытта сенімхаттың күшін жоя алады. Сенімхат берген адам қайтыс болған жағдайда, сенімхаттың күші жойылады және сенімхат бойынша біреуге берілген мүлік, сенімхат берген адамның мұрагерлеріне өтеді. Мұрагерлер мәселесін шешуге де тура келеді.
Сатып алушыға сенімхат бойынша автомобиль сатып алудың қажеті жоқ, өйткені: сіз автомобильдің қожайыны бола алмайсыз, тек қана автомобильді жүргізуге және сатып жіберуге ғана өкілеттісіз, транспорт құралын тіркеуге алу туралы куәлікте көрсетілген адам ғана меншік иесі болып қала береді. Бұл мүлік оның қарызы бойынша тұтқындалуы мүмкін, ал бұл қарыздар автомобильді сізге берген соң ғана пайда болса да; автомобиль сізге берілмей тұрып кепілге қойылған немесе тұтқында тұрған болуы мүмкін, сөйтіп сіз оны кейін сатып жібере алмайсыз (оны алдын-ала тексеріп алуға да болады); ол ұрланған машиналардың да тізімінде тұруы мүмкін, ол жағдайда оны сізден тартып та ала алады.
2 СЕНІМХАТ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ МЕРЗІМІ, КУӘЛАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Сенімхат түрлері

Мүлікке билік жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілелер жасауға берілетін сенімхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, нотариат куәландыруға тиіс. Заңды тұлға атынан сенімхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уәкілдік берілген өзге де адамның қолы қойылып беріледі әрі сол ұйымның мөрімен бекітіледі.
Сенімхат мерзімі үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал, қолдану мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Берілген күні көрсетілмеген сенімхат жарамсыз болып табылады.
Күнделікті өмірде сенімхаттың көп тараған түрі нотариустың куәландырумен берілетін сенімхат негізінде автокөлікті жүргізу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өкілдіктің түсінігі
Сенімхат және оның түрлері
СЕНІМХАТ ЖӘНЕ ӨКІЛДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бас сенімхат - белгілі бір тұлғаға толықтай құқық беретін құжат
Өкілдік ұғымы
Азаматтық құқығының негіздері
Сенімхат туралы
Өкілдік субъектілері
азаматтық құқықтағы өкілдік түсінігін ашу және оны сипаттау
Іс құжаттары қарым қатынас жасаудың кепілі
Пәндер