Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері
Қaзaқcтaн Рecпубликacы Бiлiм жәнe Ғылым министiрлiгi
Ш. Eсeнoв aтындaғы Kaспий Мeмлeкeттiк Тexнoлoгиялaр жәнe Инжиниринг Унивeрcитeтi
Бизнec жәнe құқық фaкультeтi
Құқықтaнy кaфeдрacы
Кyрcтық жұмыc
Пәнi: Қaзaқcтaн Рecпyбликacының Қылмыстық құқығы (Жaлпы бөлiм).
Тaқырыбы: Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері.
Oрындaғaн: ЮП18 - 7 тoбының
cтyдeнтi Башаев Т.Т
Рецензент: доцент. Алибеков С.К
Aқтay 2019 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. БАС БОСТАНДЫҒЫН АЙЫРУ ЖАЗАСЫ, ЖАЗАНЫҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Жазалардың жүйесі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.3. Бас бостандығын айыру түріндегі жазаның түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1. Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың ерекшеліктері ... ... ... ..16
2.2. Бас бостандығынан айыру жазасын өтеу мекемелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...21
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына жиырма тоғыз жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылғы 16-шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Қазақ ССР - інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, жаңа Кодекстің қабылдануына байланысты өз күшін жойып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстан алынып тасталды. 1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік таптық идеология тұрғысында, әкімшілдік - әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика принциптеріне негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық - құқықтық қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын қажет етті.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларын басшылыққа алды.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі заман үрдісіне қарай көптеген өзгерістерге, толықтыруларға ұшырады. Осыған орай елімізде екінші рет жаңа Қылмыстық кодекс қабылдануы қажет болды. 2014 жылы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданды. Осы Кодекс 2017 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 45-бапты, 2018 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. 2014 жылғы Қылмыстық кодекстің 287 - бабында бекітілген ережелер жарақаттайтын патрондармен атылатын ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарынан рұқсаты бар адамдарға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
2014 жылғы Қылмыстық кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап 1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодекстің күші жойылады. [1.3]
Курстық жұмыстың өзектілігі. Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлігінде бұрыңғы Кодекске қарағанда көптеген қылмыстық - құқылық түсініктердің институттардың жаңа ұғымы берілген. Оқулықта осындай ерекшеліктерге баса мән беріле отырып, олардың мазмұны түбегейлі ашып, көрсетілген.
Курстық жұмыстың мақсаты - қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы ережелері мен принциптері, оның негізгі ұғымдары мен институттары, Қылмыстық кодекстің міндеттері жөнінде, қылмыстық заңның уақыт бойынша және кеңістікке қарай қолдануы, қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі және іс - әрекеттің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын мән - жайлар туралы, қылмыс істеудің сатылары және оны істеуден өз еркімен бас тарту, қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу және оған жанасушылық, қылмыстық жазаның түсінігі, оның жүйелері мен түрлері, қылмыстық жазаны орындау және тағы басқа шаралар туралы толық түсінік беру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай - ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
- Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді.
Курстық жұмыстың пәні - Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың құрылымы. Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. БАС БОСТАНДЫҒЫН АЙЫРУ ЖАЗАСЫ, ЖАЗАНЫҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ
1.1. Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты
Бас бостандығын шектеуге сотталған адамға бiр жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгілеуден тұрады. Бас бостандығын шектеу сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қоғамнан оқшауланбай өтеледі. Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқуда жоқ бас бостандығын шектеуге сотталғандар жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда мәжбүрлі еңбекке тартылуға жатады. Бас бостандығын шектеуге сотталған кәмелетке толмағандар, жүктi әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер мәжбүрлі еңбекке тартылмайды.
Пробациялық бақылауды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады және сот шешімі бойынша сотталған адамның: сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын ауыстырмау; белгілі бір орындарға бармау; алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардан емделу курсынан өту; отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыру мiндеттерiн; сотталған адамның түзелуіне және оның жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алуға ықпал ететін басқа да міндеттерді орындауды қамтиды.
Бас бостандығын шектеуге сотталған адам, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру нәтижесінде бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жүрген адам жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, бас бостандығын шектеудiң өтелмеген мерзiмi дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға ауыстырылады. Бұл ретте бас бостандығын шектеудi өтеу уақыты бас бостандығын шектеудiң бiр күнi үшiн бас бостандығынан айырудың бiр күнi есебiмен бас бостандығынан айыру мерзiмiне есептеледi. [2]
Қылмыстық жаза мемлекеттің адам жасаған қылмысқа көңіл бөлгендігін білдіреді. Ал қылмыскердің өзі үшін жаза - ол жасаған қылмыстың қылмыстық - құқықтық зардабы. Қай мемлекет болмасын ол қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әртүрлі әлеуметтік ұйымдастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолдануға тырысады. Күнделікті өміріміз қылмысқа қарсы күресте қылмыскерлерге қылмыстық жаза шараларын, соның ішінде олардың қатал түрлерін қолданып қоюмен ғана көзделген мақсатқа жету мүмкін еместігін дәлелдеп келеді. Бұл күресте қылмысты ескерту шараларының, сондай-ақ, қылмыстың алдын-алу шараларының да көзделген нәтижеге жетудегі үлесі қомақты болып отыр. Мемлекеттің қылмысқа қарсы күрестегі қолданатын шарлары сан түрлі. Мемлекет қолданатын осы шаралар ішіндегі ең негізгісі де ең ықпалдысы да - жаза, яғни жазалау шарасы болып табылады. Қылмыстық-құқықтық нормалардың бұзылмауын мемлекет мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырады. Себебі, басқа құқықтық нормаларға қарағанда қылмыстық құқықтағы тыйым салынған нормалар жиірек бұзылады және оның мемлекет, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтардың мүддесіне тигізетін залалы басқа құқық салаларының нормаларының бұзылуына қарағанда анағұрлым мол. Қылмыс пен жаза - қылмыстық құқық өзінің пайда болған кезінен сүйенетін бір-бірімен тығыз байланысқан ажырамас категориялар. Қылмыстық жаза мәселесі қылмыстық құқық теориясында ерекше орын алады, өйткені, ол қылмыстылықпен күресу шараларының жүйесіндегі ең ауыр да қажетті шаралардың бірі болып табылады.
Жаза адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікті, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, сонымен қатар, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған. Республикамыздың қылмыстық кодексі жазаға төмендегідей анықтама береді: Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатынмемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және осы адамды Қылмыстық кодексте көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Бұл анықтамада жазаның негізгі белгілерінің жиынтығы берілген.[1.28]
Қылмыстық жаза мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының жеке бір түрі және оның өзіне тән мынадай белгілері бар:
Ол мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Бұл жаза тек мемлекет атынан сотпен ғана тағайындалады дегенді білдіреді.
Жаза тек қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға ғана тағайындалады.
Жаза тек қылмыс үшін ғана тағайындалады.
Жаза әрқашанда қылмыс жасаған адамның құқығы мен бостандығын шектеумен байланысты, яғни объективтік мазмұны бойынша жаза-жапа шектіру.
Жаза сотталған адамға соттылық атағын тағады.
Жаза жария түрде ашықтан ашық тағайындалады. Алайда, жазаның түсінігі жөнінде қылмыстық құқық теориясында бірқатар пікірлер айтылған.
Жаза -- бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады.
XV -- XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған:
а) рудан қуып жіберу;
ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;
б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;
в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құң тағайындау;
г) өлім жазасы -- жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды;
ғ)әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты бұзғандарға тен жазасы мен масқаралау жазалары қолданылды.
Жазаның мақсаты деп түпкілікті әлеуметтік нәтижелерді айтады, оған жазаны қолдану мен жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады.
Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір - қасиетін қорлауды мақсат етпейді. 1650 жылы Энн Грин деген азаматша өзінің жаңа туған нәрестесін өлтіргені үшін айыпталып, Англия, Оксфорд, Касл-Ярд түрмесінде дарға асылып өлітіріледі. Жіпті кескен соң, мүрдені табытқа салып Оксфорд Университетіне анатомиялық зерттеу үшін жібереді (бұл шара 1540 жылдан бастап барлық жазалаған қылмыскерлерге қатысты міндетті болған). Анатомиялық театрда Энн Гриннің тірі екендігі анықталады, ол мойнына байланған жіпке қарамастан тірі қалған. Дәрігерлер әйелді құтқарып қалады, бірқатар көрнекті шенеуніктердің ара түсуімен сот қудалауынан босатылады. Энн Гриннің дарға асылғаннан кейін 14 сағаттан соң сөйлеуге шамасы келеді, бір тәуліктен соң сауығып кетеді және бұдан кейін 9 жылдай өмір сүріп, 3 баланы дүниеге әкеледі. Оксфорд университетінің анатомиялық театрында жүз жылдың ішінде 17 дарға асылғандардың өмірге қайта келуінің 3 оқиғасы тіркелген, барлық оқиғада олар тек әйелдер болған.
Мысалы, В.И.Курляндский, Жаза - соттың үкімімен қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын мемлекеттік шараның түрі десе, М.Д.Шаргородский бұл анықтамамен ішінара қосыла отырып, мемлекеттік шаралардың бәрі де жаза емес, оған медициналық және тәрбиелік сипаттағы шаралар жатпайды - деп толықтырды. Ленинградтық криминолог - ғалымдар өздері шығарған қылмыстық құқық курсында Советтік қылмыстық құқықтағы жаза - мемлекеттік шараның мөлшері, ол сот органдарының үкімімен қылмыс жасаған адамдарға қолданылып, қылмыскердің өзіне тән материалдық игіліктерден жұрдай етумен қоса, сол әреетке мемлекет тарапынан қаралап баға беру - дейді. Қылмыстық жаза мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелерді жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, аса ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық - құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады.
Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады. Біріншіден, қылмыстық шара - мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тапғайындауға құқылы. Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодектің 39 - бабында жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы делінген. [3]
Мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан бұлтартпаушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құқық бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны қолдану - тек қана соттың құзыреті. Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұл да қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін көрсетеді. Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан - ашық тағайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді. [4]
Қылмыстық жазасы кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады. Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық - құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті, - делінген. Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге заңда көрсетілген негізде ерекше ауыр жаза - өлім жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады. Жазаның өзіне тән міндетті қасиеті - жазалау.
Жазаны - жазалаудың күшпен қолданылатын, мәжбүрлейтін жағы, яғни сотталған тұлғаны заңда көрсетілгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыратын немесе оларды шектейтін жағы деп түсінуі керек. Жазаның мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы ретінде өзіне тән сипатты белгісі бар. Ол - жағымсыз құқықтық салдарға ұшырататын - соттылық. Егер де тұлға қайтадан қылмыс жасаса, оның алғашқы жасаған қылмысы үшін сотталғаны қылмыстық жауаптылықты ауырлатушы жағдай болып саналады. Қылмыстық жаза туралы мәселені көтергенде оның қылмыстық жауаптылықпен арақатынасына да тоқталған жөн. Жауаптылық пен жаза ұғымдарын жекелеп алып қарасақ, жауаптылық жаза ұғымынан әлдеқайда кең, ауқымды, өйткені, жаза - қылмыстық жауаптылықтың маңызды сатыларының бірі ғана.
Қылмыстық жауаптылықтың басталу уақыты болып қылмыстың жасалуы, ал аяқталу уақыты - соттылықтың жойылуы немесе өтелуі. Қылмыстық жауаптылыққа алдын-ала тергеу, анықтама, прокуратура және сот органдары тартып және босатады. Қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылық пен жазаны бір-бірінен ерекшелейтін нормалар кездеседі. Мысалы, қылмыстық жауаптылықтан және қылмыстық жазадан босату негіздері әртүрлі. Сонымен, жаза соттың айыптау үкімінде жүзеге асырылған қылмыстық жауаптылықтың мәні. Соттылықтың өтелуі және жойылуы жазамен байланысты барлық құқықтық шектеулерді жояды. Қылмыстық кодексте жазадан басқа қылмыстық құқықтық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары көзделген. [5]
Жаза туралы түбегейлі еңбек жазған кеңес криминалисі И. Карпецтің өзі ең алдымен оның әлеуметтік мәніне тоқталып, бір формациядағы жаза жүйесінің келесі формацияға сәйкес келмей қалатындығын айтқан болатын. Осыған орай кеңес уақытындағы жаза түрлері де Қазақстандағы қоғамдық қатынастардың сипаты өзгерген кезде ескіргендігін байқатты. Сол себепті, жаңа Қылмыстық кодекс қабылданғанда жазаның мақсаттары да қомақты өзгеріске ұшырады. Ондағы мақсаттардың кейбірі теорияда мүлде қарастырылмаған болса, кейбіріне социалистік емес тұрғыдан жаңаша көзқарас қажет болып жатыр. Бұл аталған міндеттерді орындау үшін ең алдымен жазаның түсінігін анықтаудан бастаған ләзім. Мысалы, Н. Шаргородский Жаза дегеніміз қылмыскерді оған тиесілі қандай да игіліктен айыру, оны және оның қызметін мемлекеттің теріске шығаруы деп санайды. С. Дементьевтің пікірі басқаша, ол Жаза дегеніміз айыпкер басынан кешіруге тиісті, алдын - ала ойластырылған, заңда белгіленген тән азаптары мен таршылықтары дегенді айтады.
Ғалым - криминалистердің басым көпшілігі жазаны қылмыстардың жалпы және арнайы алдын алу мақсатында қылмыс жасаған адамдарға мемлекет атынан сот қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы деген пікірді ұстанады. Н.Стручков жазаның мазмұнына мынадай анықтама береді: Жаза дегеніміз қылмыс жасады деп танылған адамға сол іс - әрекетті жасағаны үшін сот үкімімен мемлекет атынан қолданылатын ескерту шарасы, олжазаның әрбір түрі үшін заңда белгіленген құқық шектеу жүйесін құрайды. Республикамыздың заң шығарушы органдарының ұстанған пікірмен келісуге болады, онда Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлкеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады делінген.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 39-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай - ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай - ақ сотталғандарды да, басқа адамдардады да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған. [3]
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға әділетті жаза тағайындау, істлеген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зия мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет.
Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы заңның міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады, қылмыс істеген адамдарға қолданылуға тиісті жазамен өзге де қылмыстық - құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді.
Арнаулы сақтандырудың иелері болып, қылмыс істеп сотталғандар танылады. Жазаның мақсаты ұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің орын алмауын көздеуі болып табылады. Жазаның осы көздеген мақсатына жетуінің құралы - сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын мүлтіксіз орындау рхында тәрбиелеу болып табылады.
Жазаның басқа бір мақсаты - басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. Бұл қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарны бұзып, биморальдық күйге түсіп жүрген, қылмыс істеуі мүмкін, тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс сақтандырудың жалпы түрі болып табылады. Мұндай сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір көрінісі болып табылады. Қымыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінің санкцияларында көрсетілген жазаладарда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық азаматтарға, олардың психологиялық сана - сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам өмірінің қорғалуының, құқық тәртібін нығайтудың қажеттілігі туралы көзқарастарының қалыптасуына жағдайлар туғызады. [6]
Сол сияқты жаза - қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершілік принципі болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы Заңның қалпының өзінде қарама - қайшылық жоқ па екен деген заңды сұрақ туындайды.
Жазаның мақсаттары мынадай:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Ол кінәлі адамға жазаны қолдану қылмыстық әрекет жасау нәтижерінде бұзылған жеке және қоғамдық мүдделерді қалпына келтіруді және қол сұғу объектісіне келтірілген зиянды өтеуді білдіреді;
ә) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz