Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1. ҚЫЛМЫСТЫҢ ЗАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1.1. Қылмыстың заты ұғымы және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
4
1.2. Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
5
1.3. Қылмыс құрамының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
2. ҚЫЛМЫСТЫҢ ЗАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
18
2.1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАТТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
18
2.2 Қылмыстың заты арқылы саралау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
25

КІРІСПЕ

Құқықтық нормаларда бекітілген ережелердің бұзылуы кез келген қоғамда жаппай сипатқа ие болып оған айта қаларлықтай материалдық және моралдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалатын іс-әрекеттердің себептерінің, жағдайларының, субъектілерінің және сипаттарының әртүрлілігіне қарамастан олардың барлығы оларды бір әлеуметтік құбылыс - құқық бұзушылыққа жатқызуға мүмкіндік беретін ортақ белгілерге ие болады.
Адамның кез-келген іс-әрекеті оның қоғамдық қауіптілігі барысында құқық бұзушылық ретінде бағаланады.
Құқық бұзушылық құрамы туралы түсінік ұғымы жалпықұқықтық, жалпытеоретикалық маңызға ие болғанымен ол барынша тиянақты және толық қылмыстық құқық ғылымында қылмыс құрамына қатысты түрде зерттелген.
Құқық бұзушылық және құқық бұзушылық құрамы ұғымдары өзара тығыз байланысты болғанымен бір ұғым болып табылмайды. Әртүрлі зиянды іс-әрекеттермен ұшыраса отырып адамдар алғашында өздерінің санасында, кейіннен заңда олардың тікелей белгілерін бекітті: іс-әрекеттің субъектісінің белгілерін, іс-әрекеттің өзін, субъектінің іс-әрекетке қатынасын көзқарасын, қол сұғушылықтың затын және жасалған қоғамға қарсы жүріс-тұрыстың салдарын. Осындай жолмен адамның әлеуметтік маңызы бар кез-келген жүріс-тұрыстың мазмұнын құрайтын элементтер біртіндеп ажыратыла бастады. Осындай эмпирикалық белгілерді қорыту жалпы теоретикалық категория құқық бұзушылық құрамының пайда болуына алып келді.
Құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің барынша жалпы, типтік және маңызды белгілерінің жүйесін көрсететін ғылыми абстракцияны құқық бұзушылық құрамы дейміз. Белгілердің бұл жүйесі құқық бұзушыны заңи жауаптылыққа тарту үшін қажетті және жеткілікті болып табылады. Аталған белгілердің біреуінің болмауы тұлғаны жауаптылыққа тартуға мүмкіндік бермейді.
Кез-келген құқық бұзушылықтың міндетті элементтеріне құқық бұзушылық объектісі; құқық бұзушылықтың объективтік жағы; құқық бұзушылықтың субъективтік жағы жатқызылады. Қарастырылған белгілердің ортақтығына қарамастан құқық бұзушылық әртүрлі болады. Құқық бұзушылықты олардың әлеуметтік қауіптілік деңгейіне тәуелділікте сыныптау барынша кең таралған және әлеуметтік маңызды болып табылады. Осыған байланысты барлық құқық бұзушылықтар қылмысқа және теріс қылыққа бөлінеді.
1. ҚЫЛМЫСТЫҢ ЗАТЫ
1.1. Қылмыстың заты ұғымы және оның маңызы

Қылмыстың заты-қылмыстық жолмен табылған мүлік. Қылмыстық объективтік жағынан қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу немесе өткізу әрекеттерінің біреуін істеу арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу деп-кінәлының осы мүлікті біле тұра күні бұрын уәделеспей заңсыз, қылмыстық тәсілмен иеленген адамнан әр түрлі келісімдер арқылы-ақылы немесе ақысыз, тегін, сыйға, айырбасқа, қарызының өтемі үшін немсе басқа да кез келген нысанда алуын айтамыз.Қылмыстық жолмен табылған мүлікті өткізу деп-кез келген тәсілмен-ақылы немесе тегін (сату, айырбастау, сыйға беру) осы мүлікті немесе оған құқықты басқаға (жеке тұлғаға немесе заңды ұйымға) беруді айтамыз.
Қылмыс құрамы құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады, сондықтан да оның аяқталу сәті қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу немесе өткізу әрекеттерінің бірін жүзеге асырған уақыттан бастап-ақ есепке алынады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам мүліктің көрінеу қылмыстық қасақаналықпен істеледі. Жалпы алғанда бұл қылмыс құрамы пайдакүнемдік ниетпен жүзеге асырылады.Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам. Егер кінәлы адам көрінеу қылмысты жолмен табылған мүлікті алдын ала уәделеспей алса немесе өткізсе, онда оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 218-бабы бойынша сараланады.. Егер кінәлы адам көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алдын ала уәделесіп алса немесе өткізсе, онда кінәлы адамның әрекеті істелген қылмыстың қатысушысы ретінде сараланады. Егер кінәлы адам көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алдын ала уәделеспесе де бір адамнан орындаушысына көмек көрсетсе, оның әрекеті қылмысқа қатысушылық ретінде саралануы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 218-бабында: автомобиль немесе ірі мөлшердегі өзге мүлік жөнінде; адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; ұрлық, қорқытып алу, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алғаны немесе өткізгені үшін бұрын сотталған адам жасағанда ауырлататын қылмыс құрамы үшін жауаптылық көрсетілген.

1.2. Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері

Қылмыстық- құқықтық теорияда қылмыс құрамы толық көлемде зерттелген. Қылмыстың құрамы толық танырлықтай жинақтап қорыту негізінде қылмыстық заң дұрыс қолданылады, оның нышаны қылмысты дұрыс саралауға жетелейді, яғни қылмысты дұрыс саралаудың қаншалықты маңызды екенін, жасалған қоғамға қауіпті әрекеттің нышандарын әлеуметтік заң тұрғысынан дәл таңдау арқылы қамтамасыз етілетін түсінік. Біріншіден, қылмыстың құрамының түсінігі, маңызына тоқталсақ, ғалымдардың бұл салаға қатысты пікір-таластар жеткілікті. Мәселен, А.Н. Трайнин, В.Н. Кудрявцев, Н.Д. Дурманов, В.М. Чхиквадзе, А.А. Пионтковский, А.И. Санталов, А.А. Герцензон, М.Н. Меркушев, М.И. Ковалев т.б. Я.М. Брайнин: Қоғамға қауіпті іс-әрекеттің айқындалған белгілерінің қылмыстық заңда бекітілген жиынтығы қылмыстың құрамы болып табылады, -- деді [50,80-91б] А.А. Пионтковский, қылмыстың құрамы дегеніміз- жекелеген, жеткілікті қылмыстың көрсетпесі, яғни жасалған қылмыстың белгілерінің заңды түрде айқындалуы. Осыған орай, қылмыстық құқықтық азаматтардың заң алдындағы теңдік қағидасы пайда болған, деген пікір ұсынды [51,106б]. А.Н. Трайниннің пікіріне жүгінсек, Қылмыстық заңның Ерекше бөлімі жүйесінде қылмыстық құқықтық норма түзіледі, қылмыстық құқықтың нормалары диспозициясымен қылмыстың құрамының бірлігі туралы, бірде-бр тұжырым жоқ, осыған орай қылмыс құрамының белгілері қылмыстық құқықтық түсінікте заңға жүгіне отырып Ерекше бөлімнің норма диспозицицсын құрайды [58,83б]. Осыған орай, Я.М. Брайнин пікіріне сүйенсек, Қылмыстық заңның диспозициясы барлық жағдайда қылмыстың белгілерінен көрініс таппайды [54,93-94б]. Шынында, Қылмыстық заңның Ерекше бөлімі мен Жалпы бөлім диспозициялары әр түрлі айқындалған, мәселен жай диспозицияға қарағанда қылмыс құрамын айқындайтын сипаттамалы диспозицияның артықшылығында дау жоқ. Жай диспозицияда қылмыстың нақты белгілері ашылмайды, тек атын ғана атап қояды, ал сипаттамалы диспозиция қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде нақтылап көрсетеді. В.Н. Кудрявцевтің пікіріне жүгінсек, Қылмыс құрамы белгілі ережеге сәйкес диспозицияның көлемінен ауқымдырақ деген қорытындыға келеді [27,76б]. А.А. Пионтковский Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың белгілерінің жиынтығы реттелетін қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі қылмыс құрамын құрайды, -- деген тұжырымның қорытындылады . Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Мәселен, Е. Алаухановтің пікірінше, қылмыс құрамы деген ұғым нақты қылмыс, құрамдарының нышанын анықтау және жинақтап қорыту негізінде пайда болады, яғни қылмыс құрамы болмаса қылмыстық жауаптылық жүзеге аспайды.А.Н. Ағыбаевтің пікіріне сүйенсек, Қылмыс құрамы деп- қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз деп көрсетеді.
Біздің ойымызша соңғы пікірлер қылмыс құрамының анықтамасын толық береді, өйткені қылмыс құрамының белгілері және элементтері өз жиынтығында қылмыс деп аталатын нақтылы қоғамға қауіпті іс-әрекетті көрсетеді. Әрбір қылмыстық іс-әрекет адамның жүріс-тұрысының объективтік және субъективтік қасиеттерінің бірлігін көрсетеді. Екіншіден, қылмыс пен қылмыс құрамының байланысына олардың өзара мазмұнына, бағытына тоқталсақ, қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты. Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз, бірақ бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық құқықтық түсініктер өйткені олардың бағыты әр түрлі, өзара мазмұны да әртүрлі. Жоғарыдағы пікірге қарсы тұжырымдар қылмыстық құқық теориясында жеткілікті. Мәселен: А.А. Пионтковский қылмыс пен қылмыс құрамын мазмұны жағынан да, бағыты жағынан да құқықтық мағыналар бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан оларды даралауға болмайды бір жағынан ұғымы ұқсас емес, оларды араластыруға болмайды. Қылмыстың өзіне де құрамына да саяси сипаттама деген баға береді, ол оның құқықтық түсінігі құрамымен айқындалады,- деген қорытындыға келеді.
Біздің ойымызша бұл пікір қате, өйткені қылмыс пен қылмыс құрамы өзара ұқсас болғанымен, бірдей ұғым емес. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 3-бабында қылмыстың ұғымы берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз - адамның әлеуметтік құқықтық, қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекет болып табылады. Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып табылады, бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып түсіндіріледі, яғни қоғамға қауіптілік белгісінің болуының өзі іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қауіпін туғызатынын білдіру. Қоғамға қауіптіліктің дәрежесі қылмыстық заңда көрсетілген санкция бойынша анықталады [55,24б]. Қоғамға қауіптілік қылмыстың объективтік белгісі, осыған орай қылмыстың объективтік жағын қарастырғанда толық түсінік береміз. Адамның қылмыстық құқықтық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз. Қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық кінәлілік және жазаланушылық. Кінәсіз қылмыс та, жаза да жоқ. Кінәнің белгілі түрі болмаса, ол қылмыста жауаптылық та, жазаланушылық та болмайды. Кінәлілік белгісін төменгі тарауларда толық танырлықтай ашамыз. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалықсаяси өзгерістерге сәйкес, қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Өмірде қылмыстық құбылыстар әс түрлі нысанда көрініс тауып отыр немесе түрлі түрде болатындықтан қылмыстық заң қылмыстың жалпы түсінігі мен бірге нақты қылмыстардың да түсінігін қарастырған. Қылмыстың жалпы түсінігі барлық қылмыстарға тән, оның белгілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көрсетілген жеке қылмыстартүрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады. Қылмыс пен қылмыс құрамының байланысына қатысты көптеген пікірлер бар. Мәселен Ю. Юшков, қылмыс пен қылмыс құрамының өзара байланысы толық және бөлшек философиялық санаттарының байланысы ретінде көрініс табады, деген қорытындыға келеді. Н.Ф. Кузнецованың пікіріне жүгінсек, Қылмыстың субъектісі қылмысқа да және қылмыс құрамына да міндетті белгі болып табылады, осыған орай өзара байланыстары айқындалады, деген тұжырымға келеді. А.Н. Трайнин мен Я.М. Брайниннің пікірлері бойынша бір тұжырымға келеді Қылмыс құрамының элементтері мен қылмыстық заңда сипатталған қылмыстық құқықтық мағына беретін заңның Ерекше бөлім диспозициясы нормалары да көрініс табады. Соңғы пікірде қылмыс пен қылмыс құрамының өзара байланысы толық көрсетілмеген, яғни қылмыс нақты адамның іс жүзінде жасаған нақты әрекеті немесе әрекетсіздігі, ол көптеген өзіне тән белгілерімен сипатталады, ал қылмыс құрамы қандай да бір қылмыстық әрекеттің өзіне тән белгілерін ғана сипаттайтын, анықтайтын нормативтік санат. Біздің ойымызша, қандай да бір жасалған әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғы туралы мәселені шешу үшін сол әрекетті жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуға негіз болатын мән-жайлардың белгілі бір жиынтығын анықтау керек. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 4-бабына сәйкес Осы кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады. Жасалған әрекетті қылмыс деп тану үшін оны қылмыстық заң, нормаларында бекітілген тиісті қылмыс құрамдары мен салыстыру қажет. Егер қылмысты жасау қылмыстық жауаптылыққа тартуға іс-жүзінде негіздеме бола алса, қылмыс құрамы оның заң жүзіндегі негіздемесі. Бұл екі негіздеме өзара тығыз байланысты, екеуі бір бүтінді құрайды: Қылмыс құрамы заң бойынша анықталмаса қоғамға қауіпті әрекет қылмыс болып саналмайды, қандай да бір қылмыс құрамының нышандарының болуы, егер жасалған әрекетте осы нышандар болмаса, қылмыстық жауапқа тарту негіз бола алмайды. Сондықтан да, жалпы Қылмыстық кодекстің 4-бабына сәйкес, заң шығарушы да, теория да, тәжірибе де қылмыстық заңда қарастырылған қылмыс құрамының барлық нышандары бар қоғамға қауіпті әрекетті ғана бірден-бір қылмыстық жауаптылық деп қарастырады. Бұл дегеніміз, қандай да бір басқа мән-жайлар (сол субъектінің жеке басын сипаттайтын деректер, жасалған әрекеттің саяси маңызы, т.б.) қылмыстық жауаптылыққа негіздеме бола алмайды, мұндай негіздеме болмаса қылмыстық жауаптылық жайында сөзсіз болуға тиіс емес, егер адам, өзінің жасалған әрекетінде қылмыс құрамы болмаса да қудалауға түссе, қылмыс құрамының жоқ екендігі қай кезде анықталса, сол уақыттан бастап қудалау мүлде тоқтатылуға тиіс. Қылмыс құрамының барлық нышандары бар, әрекеттерді жасау қылмыстық жауаптылық үшін бірден бір және жеткілікті негіздеме деп заң әдебиеттерінде дұрыс көрсетілген. Бұл негіздеме қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органға адамдыжауапқа тарту үшін оның жасаған әрекетінде қылмыс құрамының бар екендігін анықтағаны жеткілікті. Қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін басқадай мән-жайларды анықтаудың қажеті жоқ. Бұл, әрине, қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның басқа ешқандай мән-жайды анықтауы тиіс емес деген түсінік бермейді. Мысалы, қылмыс жасаған адамның сол қылмысқа дейінгі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын сипаттайтын деректер. Бұлардың ісі үшін өте маңызы зор, оларды үкім шығарғанда сот ескереді, бірақ олар қылмыстық жауаптылыққа негіз бола алмайды. Сонымен қылмыс құрамы болмаса қылмыстық жауаптылық жүзеге аспайды. Осындай маңызды, өзекті рөлімен қатар қылмыс құрамы басқа да қызметтік деп аталатын өте қажетті міндеттерді атқарады.
Қылмыстық істер жөніндегі алқадан мысалы келтіретін болсақ, сотталғанның қылмыстық ісінің әрекеттерінде қылмыс құрамы болмағандықтан Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің кейбір бөлімдері қысқартылды. Сотталған Т. мен И. АІБ-де тергеуші және аға тергеуші, яғни олар лауазымды адамдар бола тұра, билікті және қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланған. Өздерінің құқықтары мен өкілеттілігі шегінен көрінеу асып, кететін әрекеттер жасап жәбірленуші А. құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзып, топ болып, оған күш қолданып, жеңіл түрдегі дене жарақатын түсірген. Сонымен қатар сотталған Т. сезікті ретінде жәбірленуші С. 14-15 мамыр аралығында кезекші бөлмесіне отырғызып, заңсыз ұстағаны үшін кінәлі деп танылған. Бірақ сотталған Т. мен И. бұл іс-әрекетті мойындамады. Атап айтқанда, С. Алдын ала сот тергеуінде сотталғандардың өзін ұрып-соғып, жасамаған қылмысты мойында деп қиянат көрсетіп, оны заңсыз қамап, ұстағандықтарын көрсеткен. Бұған дәлел сот дәрігерлік сараптаманың қорытындысымен толық бекітілген. Ал ҚК бойынша тек қылмыстық істі қозғаған және өз өндірісіне қабылдаған күдіктіні, айыпталған адамды, жәбірленушіні, куәгерді, жауап беруге, қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттер қолдану жолымен мәжбүр еткен тергеуші немесе анықтауды жүргізетін адам ғана қылмыстық жауапқа тартылады. Демек, сотталған И. мен Т.Қылмыстық Кодексте көрсетілген қылмыстың субъектісі болып табылмайды [59,13-14б]. Екінші бір жерінде, қылмыстық істер жөніндегі алқадан мысал келтірсек, сотталғандардың әрекеттерінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне жататын қылмыс құрамы болғандықтан, сот үкімінің бұл бөлігі қысқартылған. Сот үкімі бойынша Н. мен Д. қылмыстық топ құрып, мас күйлерінде бөтеннің мүлкін тартып алу мақсатында, жәбірленуші Р. үйіннен шақырып алып, бір бөтелке арақ талап еткен. Сондан соң Н.мен Д. Қылмыс әрекеттерін ары қарай жалғастырып, жәбірленуші жасөспірім М. үйіне басып кіріп,ауыр дене жарақатын салып, қасақана зиян келтірген. Сонымен бірге, сот алқасы жәбіренуші М. жиырма мың теңге болатын мүлкін өртеп, оған елеулі зиян келтірілді деп саралағаны заңсыз.Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, ал өзара бағыты, мазмұны, әр түрлі деген түсінікті А.А. Герцензонның ойынша дұрыс айтылған. Мәселен, қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер қоғамға қауіптілік, құқыққа қайшылық, кінәлілік, жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белгілерінің жиынтығы есепке алынады. Қоғамға қауіптілік қылмыс құрамының емес, қылмыстың белгісі болып табылады.Осы екі қылмыстың құқықтық түсініктерінің бағыты да әр-түрлі нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстық құқықта оның құқықтық әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру қажеттілігінен туындайды. Үшіншіден нақты және жалпы қылмыс құрамының түсінігіне тоқталсақ, қылмыстық құқық теориясында оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Д. Шаргородский нақты қылмыс құрамы дегеніміз қылмыстың айқындалған белгілерінің жиынтығы болып табылады. Нақты қылмыс құрамы төрт белгіден құралады, олар: объект, яғни қоғамға қауіптілігі, объективтік жағы яғни адамның сыртқы көрінісінің іс әрекеті, субъект қылмыс жасаған тұлға, және субъективтік жағы кінә яғни қасақаналық және абайсыздық деген қорытындыға келді. А.А. Пионтковский, егер нақты қылмыстың құрамы белгілермен анықталса, онда жалпы қылмыс құрамы олардың мазмұнын теориялық негізде ашумен негізделеді деген тұжырым ұсынады.А.НТрайнин өз пікірін ұсынды: Жалпы қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықты өз мойнына алмайды, егер нақты қылмыс құрамы қоғамға қауіпті іс-әрекетпен айқындалса, онда жалпы қылмыс құрамы нақты тұлғаға нақты қылмыстық жауаптылық тағайындалмайды деген қорытындыға келген. Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғымы емес, ғылыми ұғым болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап көрсетеді. Жоғарыда нақты қылмыстың құрамы жайлы көптеген қарама-қарсы пікірлерді атап көрсеттік. А.Н. Ағыбаевтің пікіріне сүйенсек, нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді, әрбір қылмыс құрамында барлық қылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілердің бар екендігін атап көрсетеді. Осыған орай, біздің пікірімізше кез-келген қылмыстың құрамы төрт түрлі элементтерге бөлінеді. Әрбір қылмыс құрамында оның объектісі,субъектісі, объектвитік және субъективтік жақтарын бейнелейтін белгілі міндетті белгілерболып табылады. Осы элементтерді Н.Д. Дурманов, қылмыстық құрамдас бөліктері. А.А. Пионтковский элементтердің біреуі жоқ болса қылмыс құрамының мүлде және қылмыстық жауаптылыққа негіздің де жоқ екендігін көрсетеді. Яғни, қылмыс құрамының жалпы түсінігі барлық қылмыс құрамын тән осы төрт түрлі элементтермен сипатталады. Қылмыстың осы немесе басқа элементтерін сипаттау деп айтамыз. Қайсы бір қылмыс құрамдары үшін жауаптылыққа осы жалпы белгілерден бөтен қосымша белгілер болғанда ғана жол берілуі мүмкін. Төртіншіден қылмыс белгілеріне тоқталсақ, қылмыстық құқық теориясында қылмыс белгілері кеңінен зерттелген. Кейбір оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде қылмыс құрамының элементтері және қылмыс құрамының белгілері деген ұғымдар бірін-бірі алмастырып отыратындығына куә болып жатамыз. Ол дұрыс емес. Қылмыс құрамының элементі дегеніміз, заң бойынша қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттің әртүрлі жақтарына тиесілі топтық белгілерді құрайтын қылмыс құрамының құрылымдық бөлігі. Қылмыс құрамының элементтері қылмыстың әртүрлі жақтарына тиесілі: қылмыстың объектісіне, объективтік жағына,субъектісі, субъективтік жағына бағытталады. Қылмыс құрамының субъектісі деп- қылмыстың неғұрлым маңызды қасиеттерін нақтылы заңдық сипаттамасын айтамыз. Қылмыс құрамының белгілері төрт топқа бөлінеді және оның төрт элменеттері сәйкес келеді. Ал мағынасы бойынша екі түрге бөлінеді. Қылмыс құрамының негізгі белгілері 1) қылмыстың объектісін сипаттайтын белгілер: қылмыстық қол сұқпаушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынас; 2) қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілер: объектіге зиян тигізетін немесе зиян тигізу қауіпін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет; 3) қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер: кінә, қасақаналық, абайсыздық 4) қылмыстың субъектісін сипаттайтын белгілер: жеке тұлға, есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылық жасы, арнаулы субъект. Қылмыс құрамының осы негізгі белгілері кез келген қылмыс құрамында болады және олардың біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқтығын көрсетеді. Жоғарыда аталған қылмыстың объектісін және объективтк жағын сипаттайтын белгілер құбылыстың объективтік ақиқаттылығын көрсетеді, сол себепті қылмыс құрамының объективтік белгілері деп аталады. Қылмыстың объектісі- қылмыстық қол сұғушылықтан зиян келетін немесе зиян келуі мүмкін қоғамдық қатынастар. Біздің ойымызша, кейбір заң әдебиеттерінде көрсетілген, Қылмыстың объектісі дегеніміз- сол қылмыстық әрекеттің неге бағытталғанын айтамыз деген көзарастармен келісуімізге болмайды. Өйткені, бағытталған деген термин абайсызда жасалатын қылмыстың объектісін анықтауға болмайды. Тіпті қасақана жасалатын қылмыстардың өзіне кінәлінің қылмыстық жүріс-тұрысының бағытталуы нақтылы қол сұғушылықпен үйлесе бермейді. Кез-келген қылмыс материалдық игіліктерге емес (заттар, ақша) т.б. қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Ол қоғамдық қатынастар әрекет етуші қылмыстық заңмен қорғалу қажет [ҚР ҚК 2- бабы]. Қылмыскермен қол сұғылатын қоғамдық қатынастың сипатына қарай, қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты анықталады. Қоғам үшін қылмыстың объектісі неғұрлым құнды болса, соғұрлым жасалатын қылмыстың ауырлығы да көп болады. Сайып келгенде, қылмыстың объектісі дегеніміз - - кінәлімен қылмыстық қол сұғушылықтан жасалатын, қылмыстың заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстың объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісін білдіреді. Объективтік жақ ең алдымен қоғамға қауіпті мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі, ол адамдардың әрекеті немесе әрекетсіздігі арқылы көрініс табады. Қоғамқа қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік нысандары мен түрлері қылмыстың заң тұжырымдарында әр-түрлі және жан-жақты. Бірқатар қылмыстың объективтік жағын сипаттауда оны міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмысты жасау тәсілдері де жатады. Қылмыстарды ажыратын жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда объективтік жақтың осы белгілерінің маңызы өте зор. Қылмыстың субъективтік жағын және субъектісін сипаттайтын белгілер қылмыс жасаған адамның субъективті ерекшелігін көрсететіндіктен қылмыс құрамының субъективтік белгілері деп аталады. Субъективтік жақ қылмыстың ішкі жағын, мәнін және мазмұнын сипаттайды. Қылмыс жасаған адамның ішкі дүниесінде, оның еркімен санасына өтетін психологиялық процестің көрінісі. Демек, қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағынан көрінісі болып табылады. субъективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады. Кінә кез келген қылмыс құрамында болғандықтан, ол қылмысты саралаумен тығыз байланысты. Ал кейбір қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілеріне қылмыстық ниеті мен мақсаты жатады. Қылмыстың субъектісі дегеніміз, қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған және заңға сәйкес ол үшін мемлекеттің алдында қылмыстық жауаптылықты көруге қабілеті бар адамды айтамыз. Қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілерге жеке тұлға,есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылық жасына жету, яғни 16 жасқа толу жатады (кейбір қылмыстар үшін 14,18 жасқа жету міндетті). Көрсетілген белгілер мен қатар, арнайлы белгілерді қажет ететін адам, қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады. қылмыс құрамының элементтері әрбір кезге сәйкес тән белгілері болады. Кейбір ғалымдар мұндай белгіні түрлік белгі деп атайды. Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілері ғана қосылады. Түрлік белгілер дегеніміз- барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігі және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекеленген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақшы, зат, құжат т.б.) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. осы түрлік белгінің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамыда болмайды. Қылмыс құрылымының арнаулы (факультативті) белгілері. Бұл белгілер бір құрылымдар үшін міндетті, екіншілері үшін міндетті емес болып табылады, яғни бұл заң шығарушының кейбір қылмыс құрамдарын сипаттау үшін қолданылатын белгілер. Оған: қылмыстың зардабы, ауқыты, орны, қылмыс істеу тәсілі, құралы, қылмыстық ниет, мақсат,қылмыстың заты, қылмыстың арнаулы субъектісі жатады. Бұл белгілер қылмыс құрамында аталып көрсетілсе, онда олар сол құрамның қажетті белгілері болып табылады. Қылмыс құрамында көрсетілмеген жағдайда, олар қылмысты саралуда әсер етпейді, тек қана жаза тағайындалғанда есепке алынады. Кейбір авторлар жоғарыда көрсетілген екі топтан басқа, үшінші топты, яғни қылмысты сипаттайтын бірақ қылмыс құрамынан тыс жатқан белгілерді ажыратады. Бұл белгілердің қоғамға қауіпті іс-әрекеттің дәрежесіне әсер етпейтін соншалықты, оның қоғамдағы қауіптілігін жойып, қылмыс қатарынан шығарып жібереді. Оған мәселен қылмыс құрамынан тыс жатқан кінәлінің жеке тұлғасын жақсы жағынан сипаттайтын белгілер жатқызылады. Біздің ойымызша бұл көзқараспен келісуге болмайды. Қылмыскердің жеке тұлғасын сипаттап, қылмыс құрамынан тыс жатқан белгілер қылмыстың бар не жоқтығы туралы сұрақты шеше алмайды. Қылмысты саралауда қылмыстық заң мен белгіленген қылмыс құрамы жататын (оған субъектінің жеке тұлғасын сипаттайтын белгілер де қосылады) белгілерді ғана ескеру қажет. Қылмыс құрамына жатпайтын барлық басқа белгілер жазаның түрімен мөлшерін анықтағанда ескертуі тиіс. Аталған белгілер бүтіндей алғанда қылмыстылықтың бағасын өзгерте алмайды, өйткені белгілі бір іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызу немесе жатқызбау тек қана заңшығарушылықпен белгіленіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай
Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
Қылмыс құрамы туралы
Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері туралы ақпарат
Әрбір қылмыс құрамының белгілері
Қылмыс түсінігі және міндеттері
Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
Қылмыс және қылмыс құрамы
Аса ауыр қылмыстар
Қылмыс түсінігі
Пәндер