АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ


Тақырыбы: Азаматтық құқықтық қатынастар түсінігі және ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . .
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ . . .
- Азматтық құқықтық қатынастардың ұғымы мен түрлері . . .
- Азаматтық құқықтық қатынатардың пайда болу негіздері . . .
2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . .
2. 1 Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері . . . 2. 2 Азааматтық құқықтық қатынастардың объектілері . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыс азаматтық құқық бойынша азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі, қандай жағдайларда пайда болатынын және оның ерекшеліктерін қарастыруға арналған.
Зерттеу жұмысының бірінші тарауында азаматтық құқықтық қатынастардың туралы, яғни, азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері және қандай жағдайда пайда болатыны туралы қарстырылған. Ал, екінші тарау бойынша, азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшелігі туралы толықтай мәлімет берілген. Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері: объектілері мен субъектілері туралы жазылған.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Азаматтық құқықтық қатынастардың бүгінгі таңдағы өзектілігі бұл саладағы заңнаманың толығымен жетіспеушілігі және де жаңадан пайда болып жатқан азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде күшінің жетпеуі. Бар заңнаманың өзі іс жүзінде толығымен жүзеге аспауда. Бұл бүгінгі күннің өзекті проблемасы.
Өмірдегі жиі кездесетін қатынастардың барлығы дерлік құқықтық қатынастары болып табылмайтынын, қоғамдық қатынастар мен реттелетінін бәріміз білеміз. Тек құқықтың негізінде пайда болатын қатынастар құқықтық деп аталады, бірақ оның іске асуы құқық нормаларының гипотезасында көрсетілген мән-жайлардың орын алуына байланысты екенін жадымыздан елең етпеуіміз керек.
Осы құқықтық қатынастың бір түрі - азаматтық құқықтық қатынас, яғни оған тауар ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға
байланысты мүліктік емес қатынастар да кіреді. Қарап отырсақ жоғарыда аталған біз үшін маңызды және де барлық адамдар күнделікті осы азаматтық құқықтық қатынасқа түседі десек қателеспейміз.
Алдағы мақсатты жүзеге асыру барысында мынадай міндеттер қойдым: тақырыптың шынайы, ауқымды және толық болуын қамтамасыз ету. Жазу барысында қолданылған әдебиеттердің жаңа және маңызды болуын қадағаладым.
Осы курстық жұмысқа қосатын жаңалығым: азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде заңнамалық базаны нығайту, оны күнделікті қолданысқа енгізу, ал заңнама ережелерін бұзған жағдайда қатаңырақ жаза қолдануымыз дұрыс деп ойлаймын. Бұл осы саладағы құқықбұзушылықтың алдын алудағы бірден бір жол деп есептеймін.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты. Азаматтық құқықтық қатынастар түсінігі мен қандай жағдайда пайда болатынын қарастыра отырып, оның оның ерекшеліктерін анықтау.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлерін қарастыру;
Азаматтық құқықтық қатынастардың қандай жағдайларда пайда болатынын зерттеу;
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау;
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Азаматтар мен заңды тұлғалар әр түрлі қызметтер жасау кезінде өзара әр түрлі қоғамдық қатынасқа, яғни құқықтық қатынасқа түседі. Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастың бір түрі. Қоғамдық-қатынасты азаматтық-құқық нормаларымен реттеудің нәтижесінде, олар заңды сипат алып, азаматтық-құқықтық қатынасқа айналады. Азаматтық-құқықтық қатынас - бұл азаматтық-құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас. Осы азаматтық-құқықтыққатынасқа түсінік бермес бұрын, алдымен құқықтық қатынастың мағынасын ашып алу қажет.
Азаматтық құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың пайда болу тәсіле немесе өмір сүру жағдайы болып табылады. Егер қоғамдық-қатынастар өзімен-өзі өмір сүрсе, кейінірек құқықтық-қатынасқа айналады да, соңында заңды сипатын жоғалтып, қоғамдық ретінде сақталады, сонда бұндай жағдайда құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастың қайта пайда болу тәсілі ретінде көрініп түр. Қоғамдық қатынастар оқтын-оқтын белгілі сыртқы жағдайлар жиынтығының әсерінен пайда болады және жойылады, бірақ бұнда әрдайым құқықтық қатынас ретінде пайда болады, құқықтық қатынас заңды сипатын жоғалтқан жағдайда, онымен бір уақытта ол да жоғалады, бұл кезде құқықтық қатынас қоғамдық қатынастың өмір сүру жағдайы ретінде көрініп тұр. Құқықтық қатынас қоғамдық қатынастың
қозғалыс жағдайы және нақтылау әдісі болып табылады. Қоғамдық қатынас,
өзі өмір сүруінің әр түрлі сатысында заңды дайындықты қажет ететін, құқықтық қаулы ауынастың қозғалысын амалдандыру арқылы, құқықтық қатынастар мезгілде субъективтік құрамды да және осы қатынастың қатысушыларының бір-бірінің алдындағы міндеттерін де нақтылау тәсілі ретінде көрінеді.
Курстық жұмыстың пәні- азаматтық құқық
Курстық жұмыстың құрылымы. Азаматтық құқықтық қатынастар түсінігі және ерекшеліктері тақырыбына жазылған курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
1. 1Азматтық құқықтық қатынастардың ұғымы мен түрлері
Түрлі нормативті актілердегі азаматтық-құқықтық нормалар азаматтық құқық пəнін құрайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге шақырылған. Азаматтық-құқықтық реттеу механизмін ашуда басты рөлді азаматтық құқықтық қатынас түсінігі атқарады.
Қоғамдық қатынастардың азаматтық құқық нормаларын реттеу нəтижесінде олар құқықтық нысанды иемденіп, азаматтық құқықтық қатынасқа айналады. Азаматтық құқықтық қатынас - бұл азаматтық құқық нормасымен реттелген қоғамдық қатынас. Оның пəніне мүліктік жəне жеке мүліктік емес қатынастар кіреді. Мүліктік қатынастарды азаматтық құқықпен реттеу нəтижесінде азаматтық мүліктік құқық қатынастары туындайды. Егер жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттелмесе, жеке мүліктік емес құқық қатынастар тағайындалады.
Азаматтық құқық ең алдымен, қоғамның экономикалық базисі төңірегіндегі жатқан мүліктік қатынастармен байланысты. Олардың құқықтық реттелуі азаматтық құқықтық қатынастарда көрінбейтін бірқатар ерекшеліктермен сипатталады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері. Азаматтық құқықпəніне кіретінқоғамдық қатынастар тараптардыңзаңдық теңдігі əдісімен реттеледі. Тараптардың заңдық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастың негізгі қасиеті болып табылады. Осы қасиеттің жойылуынан құқықтық қатынас табиғаты да өзгереді. Азаматтық құқықтық қатынас оның құрамы мен элементтері түрінде қарастырылады, оларға құқықтық қатынастың мазмұны, нысаны, субъектілері мен объектілері кіреді.
Азаматтық құқықтың элементтерін талқылайтын болса, алдымен қатынасқа түсуші тараптары, яғни азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық жағдайына зейін салу керек. Азаматтық құқық қатынас субъектілері деп қатынасты қалыптастырушы тарапты қарастырамыз. Негізінен оларды басты үш түрге жіктеуге болады жеке тұлғалар, заңды тұлғалар жəне мемлекет деп. Азаматтық құқық қатынас адамдар арасында қалыптасады. Сондықтан субъект түріндежеке индивидтер, əйтпесе белгілі бір адамдар ұйымы көрінеді. 20 Біздің елде субъект түрінде тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, шетел азаматтары жеке азаматтығы жоқ тұлғалар бола алады.
Сонымен, азаматтық құқық қатынас субъектілері мыналар:
Қазақстан азаматтары, шетел азаматтары жəне азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстандық жəне шетелдік заңды тұлғалар
Қазақстан Республикасы əкімшілік-территориялық бірлестер
Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық жəне жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған əрекеттері мен нақты азаматтық құқықты қалыптастырушы жағдайларды жатқызамыз. Азаматтық мүліктік-құқықтық қатынастың спецификасы оның мүшелері өз əрекеттері мен тек бір-біріне ғана емес, белгілі бір материалдық игіліктерге əсер ете алатындығында. Жалпы азаматтық құқықтың объектілерін мынадай түрлерге жіктеу арқылы зерттеуге болады: мүлік - зат сипатындағы, мүліктік емес қатынастар, жұмыс жəне қызмет, ақпарат, интелектуалдық меншік нəтижелері. Мүліктік қатынас деп мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалау жағдайларын қарастырған.
Азаматтық құқықтың тағы бір қажетті элеметтінің бірі ретінде мазмұны қарастырылады, мазмұны деп осы азаматтық қатынасты қалыптастырушы тараптардың арасындағы негізгі құқықтары мен міндеттерін айтамыз. Ал азаматтық құқықтың нысаны деп осы жоғарыдағы жағдайларды рəсімдеу тəртібін айтамыз, мысалы азаматтық қатынасты ауызша немесе жазбаша нысанда рəсімдеуге болады.
Азаматтық қатынастар тақырыбын қарастыруда тағы бір зейін сала кететін жағдай ол азаматтық қатынастарды жіктеу болып табылады. Азаматтық қатынастарды мынандай түрлерге жіктеуге болады:
Азаматтық құқық көлеміне байланысты: мүліктік жəне жеке мүліктік емес;
Реттеу тəсіліне байланысты: заттық жəне міндеттемелік;
Тұлғаның құқықтық жағдайына байланысты: абсолютті жəне салыстырмалы;
Қатысушылардың арасындағы құқықтық жағдай бойынша: күрделі жəне қарапайым болып бөлінеді. [1, 21бет]
Адамдардың және олардың ұйымдарының арасындағы өмірлік қарым- қатынастардың әр түрлі жақтары және сыртқы көріністерінің өзіндік нысандары болады. Олар моральдік, саяси, ұлттық, діни, соған қосымша құқықтық болуы мүмкін. Әрбір қоғамдық қатынастан қиын және көпжақты құбылыстар, оларға әр түрлі қоғамдық мүдделердің бөлімдері және қажеттіліктері қосылуы ықтимал. Кейбіреулері құқықтық реттеумен қамтылса, басқалары қамтылмайды. Мысалы, отбасы өмірінде заңды нысандарға көшетін әдеттегідей, материалдық қарым-қатынастар адамдардың дінге, өзіне қатынасы, құқықтық реттеу аясынан сыртта болады. Соған байланысты, қоғамдық қатынасгардың бәрі бірдей толық көлемде заңды нысандарға көшпейді. Құқықтық қатынас адамдар арасындағы құқық нормаларымен белгіленген анық қатынастарды көрсетеді. Барлық қоғамдық құбылыстар объективті түрде заңды бола алмайды. Қатынастар құқықтық сипатты тек әлеуметтік маңызы бар актілерді жүргізуге арналғанда ғана алады. Ал, сезімге сәйкес олардың қимылын көрсетпейтін болса, олардың заңды табиғаты туралы айтудың да қажеті жоқ.
Құқықтық қатынас - тек құқық нормаларымен белгіленген қоғамдық қатынастардың бір жағы ғана, оның арнайы көріну нысаны. Н. М. Коркунов айтқандай, ғылыми зерттеулер үшін ең маңыздысы, жалпы заңдылық нысанындағы бір жақты қатынастарды әр түрлі мазмұндарынан айыру. Сол мақсат үшін, заңгерлер ой күйінде, заңды қатынастарды құрайды, тек олар түгелімен, қалтарыссыз бір ғана құқық нормаларымен белгіленуі қажет. [2. 130бет]
Құқықтық қатынас жалпы құқықтық нормалардағы бағдарламаларды (объективті құқық) белгілі (субъективтік) құқыққа және қоғамдық қатынастарға
атынасушылардың міндетіне айналдыратын құрал болып табылады, құқық объективтік мәнінде құқық нормаларының жиынтығы, құқықтың мазмұнын, жекеленіп белгіленбеген субьектілер ортасының міндетін белгілейді. Онда құқық нормаларының аясындағы көп адам дарға қатынасы бар бағдарламалар бар.
Құқық субъективтік жағынан алғанда, жекеленген құқық, ондағы жалпы заңды құқықтар және міндеттер белгілі адамдарға арналған, сондықтан оны құқықтық қатынас арнасына кешіреді.
Құқықтық қатынас - мемлекетпен қорғалатын жақтардың арасындағы пайда болатын, заңдылық құқыққа және міндеттілікке сай біріккен қоғамдық қатынастар. Құқықтық қатынас сыртқы еркіндіктің өлшемі, оның қатынасумыларына құқық нормалары арқылы беріледі.
Біріншіден, құқықтық қатынас құқық нормаларының негізінде болатын қоғамдық қатынастардың нысаны. Адамдар өздерінің өмір сүру процесінде бір-бірімен әр түрлі қатынастарда болады. Оларға еңбек, отбасы, мүліктік, достық, сүйіспеншілік қатынастар жатады және қоғамдық ұйымдарға мүшеболуына байланысты қатынастарға жатқызуға болады. Дегенмен, өмірлік қатынастардың барлығы бірдей, құқық нормаларының көмегімен реттелмейтіндігін ескеруіміз қажет. Олардың көбісі - моральдік, қоғамдық ұйымдардың ғұрып нормаларымен реттелетін қатынастар. [3. 12бет]
Кұкық нормалары мен құқықтық қатынастардың қарым-қатынасы: құқық нормаларында адамдардың жалпы заңды құқықтары мен міндеттері бекісе ұйғарымына сай адамдардың мүмкіндігі, не болмаса міндеттеріне айналған қоғамдық қатынастардың кейіптік үлгісі белгіленеді. Олар белгілі адамдармен құқықтың талаптарына сай орындалса, яғни құқықтық қатынастарға кірсе іске асады. Құқықтық қатынастардың жақтары белгілі заңдылық құқықтарымен және міндеттермен құқық нормаларында бекітілген жалпы нысанда қамтамасыз етіледі. Соған байланысты құқықтық қатынастар арқылы, құқықтық нормалардың талабы нақтылы түрде іске асырылады.
Екіншіден, құқықтық қатынастардың, қатынасушылары өзара заңды құқықтармен және міндеттемені қамтамасыз етілген. Егер, құқықтық қатынастың бір субьектісінің құқығы болса, екіншісіне заңды міндеттер жүктеледі. Мақала, сату-сатып алу шартына байланысты, сатып алушы, сатушыдан сапалы затты беруді талап етуге құқығы бар. Осы ойды К. Маркс «құқық міндетсіз болмайды, міндет те құқықсыз болмайды", - деп тұжырымдаған.
Үшіншіден, құқықтық қатынас сапалы-ерікті сипатта болады. Жеке адамдардың еркінен тәуелсіз объективті пайда болатын экономикалық қатынастардан айырмашылығы, құқықтық қатынас әр уақытта жеке-ерікті сипатта болады. Сапалы-еріктегі құқықтық қатынастаң мазмұны, бір-біріне аралас екі бағыттан тұрады. Бір жағынан, олар құқық нормаларының негізінде пайда болған сапалы-еріктегі адамдардың қызметі (құқықтық шығармашылықтағы органдар) . Екінші жағынан, құқықтық қатынастардың субъектілері құқықтық нормалармен белгіленген заңдылық құқықты және міндеттерді өздерінің ерікті, саналы қимылдарымен іске асырады.
Төртіншіден, құқықтық қатынас мемлекет кепілдігіне алынады және қажет болған кездерде оның күшімен қорғалары. Мемлекет құқық нормаларын толық іске асыру үшін, қажетті экономикалық, әлеуметтік жіне басқа да жағдайларды қарайды.
Құқықтық қатынас әр түрлі негіздерге байланысты бөлінеді:
1) салалық белгісі бойынша құқықтық қатынастар конституциялық
құқықтық, әкімшілік-құқықтық, азаматтық құқықтақ және т. б. болып бөлінеді;
2) сипаты бойынша - материалдық (қаржылық, еңбек және т. б. ) және іс жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік және т. б. ) қатынастар;
3) құқықтық функциялары бойынша - реттеуші және қорғаушы құқықтық қатынастар; реттеуші құқықтық қатынастар құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады, қорғаушы құқықтық қатынастар және заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты болады;
4) қатысушылардың құрамына қарай - жай және күрделі құқықтық қатынастар; жай құқықтық қатынастар екі субъектінің арасында туындайды (сату-сатып алу құ ықтық қатынастары), ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субьектілердің арасында туындайды (қылмыстық жазаны өтеу құқықтық қатынастары) ;
5) субъектілердің анықталу дәрежесіне қарай - абсолюттік жіне қатысты құқықтық қатынастар; абсолюттік-құқықтық қатынастарда тек бір жақ қана - субъективтік құқықты иеленуші - анықталады, ал әатысты құқықтық қатынастарда екі жақ та жеке дара анықталған болып келеді және бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттерді иеленуші болып табылады;
6) жалпы және нақты құқықтық қатынастар; жалпы құқықтық қатынастар заңнан тікелей туындайды, нақты құқықтық қатынастар заңды фактілердің - әрекеттердің нақты жүріс-тұрыс актілерінің - нәтижесінде пайда болады. қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субьект, объек субъективтік құқық, заңды міндеттер.
Құқықтық қатынастар құқық субъектілерінің арасында пайда болады. Арнайы міндеттер мен құқықтарға ие болушыларды құқықтық қатынастардың субъектілері деп атайды. Қоғамда ешкім иемделмейтін құқықтар мен міндеттер болмайды. Сондықтар құқық субъектілері құқықтануда ең маңызды және негізгі ұғымдар болып табылады. Ал, құқық субъектілері бола алатындарды құқық нормаларындайды. Заң ғылымында құқықтық қатынастардың субъектілері екі түрге бөлінеді:
1. Жеке тұлға.
2. Заңды тұлға.
Жеке тұлға - қоғам мүшесі, индивид ретінде құқық субъектілік қабілетінг не болу Жеке адамға құқықтық қатынастың субъектісі ретінде - мемлекеттің азама заматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ сол жер көлемінде қатынастың жекелеген субъектісі адам ғана емес - объективтік құқықпен құрылған оның тек бір ғана қасиеті. Азаматқа арналған барлық еркіндік және міндеттердің жиынтығын құқықтық мәртебе деп атайды. «Құқықтық мәртебе» атауы толығымен адамның құқықтық жағдайын сипаттауға пайдаланылады. [4, 55бет]
Құқықтық мемлекеттің азаматтары құқықтық заңдармен белгіленген барлық толық құқықтағы еркіндікпен және міндеттілікпен анық пайдаланады. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар құқықтық қатынастың қатынасушылары ретінде, басқа мемлекеттің жерінде, өздерінің құқықтык жағдайларына байланысты, оның меншікті азаматтарымен теңестіріледі. Олар толық құқықты мүліктік, қаржылық және көптеген басқа да теңдікте көрсетілетін құқықтар және еркіндіктер кепілденеді, соған қосымша, өздерінің жекелеген, мүліктік, отбасылық және басқа құқықтарын қорғау үшін, сотқа және басқа мемлекеттік органдарға арыз беруге құқықтары бар. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық қабілеттілігін тежеу мемлекеттік өмірдің арнайы жақтарына байланысты болады. Мысалы, олар шет мемлекетте әскери борышты өтемейді, белгілі мемлекеттік лауазымды орындарда істемейді, мемлекеттің өкімет органдарына сайлануға және сайлауға құқықтары жоқ.
Құқық субъектілері деген тікелей немесе өзінің өкілі арқылы құқықтары мен заңды міндеттерін іс жүзіне асыру қабілеттілігі. Құқық субъектілік жалпы, салалық және арнайы болып бөлінеді және құқықтық қабілеттілік және әрекет қабілеттілігі ұғымдарды қамтиды.
Құқыққабілеттілік- құқық субьектісінің азаматтық құқықтар мен міндеттерге заң негізінде ие болу мүмкіндігі. Адамдарды құқықтық қабілеттілігі туған сәттен пайда болып, қайтыс болумен аяқталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтардың құқықтық қабілетінің негізгі мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның ішінде шетелдік валютаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке өсиет етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап алу; шет елдерге кетуге, қайтып келуге ерікті; шаруашылық құруға, қарым-қатынас жасауға т. б. құқықтары бар. Құқықтық қабілеттілік сот үкіммен немесе шешімімен қажет болған жағдайда шектелуі де мүмкін. Мысалы, судья дәрігерді қылмыстық әрекеттері үшін үкіммен медициналық
қызметпен шулылдануына тыйым салуы мүмкін.
Әрекетқабілеттілік тұлғаның өз әрекеттері арқылы құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Әрекеттіктің басты шарты кәмелеттәк немесе құқықтық нормада белгілі жасқа толу болып табылады. Әрекет қабілеттілігі үш түрге бөлінеді:
1. Толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік, яғни 18 жасқа толған субъект. Бұл жасқа толған адам өз атынан, өз әренетімен құқықтар мен міндеттерін іс жүзіне асыра алады. Мысалы, үйленуге, дауыс беруге, мүліктерін сатуға, айырбастауға және т. б.
2. Памелы әрекет қабілеттілігі - 14 және 16 жас аралығындағы жасөспірімдерді қамтиды. Олардың әрекет қабілеттілігінің мүмкіндіктері бойынша аттарынан, әрекеттерімен ұсақ тұрмыстық мәміле жасауға құқықтары бар. Мысалы, өзіне тиісті затты айырбастанға құқық бар.
3. Шектелген әрекет қабілеттілігі жеке тұлғалардың құқықтарының сот шешімімен немесе үкімімен шектелуі. Мысалы, маскүнемдікке салынған адамның өз бетімен айлық табысын алуды шектеу, психикалық ауруға шалдыққан адамдарының құқықтарының жіктелуі және т. б. шектеулер.
Құқықтық жауаптылық мүмкіндігі (деликтқабілеттілік) - құқықтық субъектіліктің (әрекеттіліктін) адамның тәртіп бұзғаны үшін заңдылық жауапқа тартылу жағдайына байланысты бөлігі. Бұл мүмкіндік Республиканың қылмыстық істер заңы бойынша 16 жасқа толғаннан басталады. Ал, ауыр қылмыстар жасаған жағдайда 14 жастан басталады.
Құқықтық субъектіліктің шарттар жасап басқа да келісімдер жүргізуге негіз болатын мүмкіндігі келісім қабілеттілігі деп аталады. Толық әрекеттілігі жоқ адамдар шектеулі келісім қабілетіне ие болады. Кәмелетке толмаған 1 4 жасқа дейінгілер үшін келісімді олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары не қамқоршылары жасайды.
Құқықтық қабілеттілік пен әрекеттілікке заң актілерінде қарастырылған тәртіп пен жағдайларда тана болмаса, ешкімге шектеу қойылмайды. Адамдардың эрексттілігіне бірнеше шектеулер қойылады: кәмелеттік жасқа толмаса адамдардың саяси құқығы болмауы, үйленүге (меанця құруға), қылмыстық жауапкершілікке тартуға, жұмысқа орналасуға, әскер қатарына шақыруға шектеулер бар. Оларды бұзуға тыйым салынған (шектеудің түрлері) :
- адамдардың денсаулығының нашар болуы;
- туысқандық-қандас болу;
- егерде азамат сотталған болса;
- діни нормаларға шектеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz