Алтынсарин әңгімелері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Ыбырай Алтынсариннің жазушылық қызметі ХІХ ғасырдың 60-70-жылдарында қазақ халқының өмірінде болған тарихи-əлеуметтік үлкен өзгерістермен сабақтас, солармен тікелей байланысты. Ол өзінің əдеби шығармаларымен тіршіліктің өзекті проблемаларын көтеруге батыл бет бұрды.
Ұлы педагог-ғалым қазақтың жазба əдебиетінің, əдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды. Əдебиетке тың тақырыптар, озық ойлар енгізді. Шиеленіскен тартыстар, соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы əдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да өркендетті. Қазақ даласының сұлу табиғаты, ұшан-теңіз байлығы, еңбек пен еңбек адамдары туралы əсем лирикалық өлеңдер, қысқа да əсерлі əңгімелер, сол кездегі қоғам өмірінің сан алуан жайларын шебер сипаттайтын публицистикалық мақалалар жазды. Оның шығармаларында философиялық пайымдаулар мен тұжырымдар молынан келтірілді. Орыс тіліндегі балаларға арналған көптеген еңбектерді қазақ тіліне жеңіл аудара білді. Сөйтіп, ұлтымыздың халық ағарту саласында көп еңбек етті.

І тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН - ҰЛЫ
ПЕДАГОГ, АҒАРТУШЫ, ЖАЗУШЫ
1.1. Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты.
Әр халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп, сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Ол - тұңғыш ағартушы, педагог - жазушы Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин - аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдеби және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы ақын әрі жазушы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл педагог болған Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның жиырмасыншы жұлдызында Орта жүздің қыпшақ руында дүниеге келген. Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза табады да, жас Ыбырайды атасы, белгілі би Балғожа Жаңбыршыұлы тәрбиелейді.1850 жылы жиырма екінші тамыз күні Орынбор қаласында ашылған мектепке отыз баланың бірі тоғыз жасар Ыбырай болды.
Ыбырай бұл мектепті жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді. Ыбырай ерекше зерек, дарынды болған.
Ыбырай қазақ арасынан көптеп мектеп ашуды аңсады: Сірә, қазақ даласынан көптеп мектеп ашатын мезгіл қашан болар екен? - дейді. Ол
өнер - білімді, мәдениетті дәріптеп, халықты соған шақырып өлең, әңгіме, мақала жазды. Бұл жөнінде, басқаны былай қойғанда, оның Өнер - білім бар жұрттар деген өлеңі айқын дәлел.
Әуел бастан - ақ Ыбырайдың бар ынтасы халық ағарту жұмысы болады. Ыбырай ылғи оқу жұмысымен айналысуды, қазақ халқын ағарту жұмысына ат салысуды көксейтін. Бұл оған бақыт, рахат сияқты көрінетін - дейді Ильминский. Сол үшін Ыбырай халық ағарту жұмысына өзі сұранып, соған ақыры 1864 жылы ауысады, 1869 жылы бірінші қыркүйекте Торғай облысының оқу инспекторы болып тағайындалады, өмірінің соңына дейін осы қызметте болады.

1.2. Ыбырай Алтынсарин мұраларының зерттелуі және ағартушылық
Оның алдында жалпы өнер - білімге, жаңалыққа, орысша оқуға барынша қарсы ғасырлар бойы қалыптасқан екі салт - сана, надандық ұғым тұрды. Әйтсе де, халқын сүйген, сүйген де оның жарқын болашағына шексіз сенген патриот, жігерлі күрескер Ыбырай Алтынсарин: Ал енді құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан еш уақытта қайтпаймын, - деп Н.И.Ильминскийге (1884 жылдың он төртінші сентябрі) сеніммен жазғандай, сан - сала қиындақтармен табанды күресе жүріп әрі орыс достарының, әріптестерінің көмегін, ақыл - кеңесін де пайдалана отырып, алдына қойған негізгі мақсатын орындады. Ыбырайдың осындай қажырлы еңбегі, күресі арқасында 1864 жылы қазақ сахарасының төрінде бұрын құлаққа шалынбаған жаңа әуен - балаларды білімге, өнерге шақырған қоңырау үні тұңғыш рет естілді. Бұл ұлы мақсатқа ғұмырын арнаған жас ағартушының осы жолдағы алғашқы жеңісі, ал қазақ халқының өміріндегі әлеуметтік маңызды тарихи оқиға болатын. Сондықтан да болар, Ыбырай Алтынсарин бұл қуанышын (дұрысы жеңісін) Н.И.Ильминскийге жазған хатында: Осы жылы (яғни 1864 жылы) январьдың сегізі күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған он төрт қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар, - деп айрықша мақтаныш сезіммен жазды.
Ыбырай Алтынсарин - Қазақ хрестоматиясы (1879 жыл) деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс - қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім... - деп тұжырымдаған. Хрестоматия бұл екі міндетті де толығынан атқарды. Хрестоматияға Ыбырай Алтынсарин өзінің педагогтық мақсатына лайықты жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай - ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық - идеялық мазмұнынан біз Ыбырайдың ұстаз - тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз. Баршамызға бастауыш сыныптардан етене таныс, әрі ыстық Кел, балалар, оқылық! - Қазақ хрестоматиясының беташар өлеңі. Жазылғанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, жас жеткіншектерді білімге, өнерге шақырған бұл өлеңнің маңызы, бір кезде Ыбырай армандаған өнер - білімі бар жұртқа - терезесі тең, шаңырағы биік, мәдениеті озық елге айналып отырған бүгінгі заманда да еш төмендемек емес. Қайта халқымен бірге жасасып, ұлы ағартушының арман - сәлемін жақсы күндерге жеткізген бұл тарихи туындының жаңа мәнге ие болып, бүгін де бұдан бір ғасыр бұрынғыдай:
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! -
деп өзінің тот баспас, мәңгі тозбас озық халықтық идеясымен бүлдіршіндерді білім бағына шақыра бермек.
Ұлы ағартушы туған халқының тамаша болашағына сенді.
Ыбырай Алтынсарин ер балалармен қатар қазақ қыздарын да білімге тарту, оларға түрлі кәсіптік мамандық беру жөніндегі жұмыстарды алғаш ұйымдастырушы болғанын білеміз. Ер балалардың өзін оқытуға қырын қараған қытымыр заманда оның қыз балаларды оқыту, оларға арнап мектеп, интернаттар ашу қажеттігі туралы мәселе көтеріп, бұл ойын айтыса - тартыса жүріп дәлелдеуі, біртіндеп іске асыруы шын мәніндегі азаматтық ерліктің, гуманизмнің үлгісі болды.Ыбырай Алтынсариннің айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі - оның қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы. Қазақ хрестоматиясына енген алуан жанрдағы шығармалар. Сондықтан оның әңгімелерінен балалар әдебиетіне қойылатын негізгі талаптардың барлығы да атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы мен құрылысының қарапайымдығы, тілінің таза, түсінікті әрі шұрайлылығы, тәрбиелік - танымдық мәннің жоғарылығы, оқиғалардың балалар ұғымы мен жасына сай, көркем әрі қызықты баяндалуы, балаларға тән мінез, әрекет, ой - қиялдың табиғи түрде жазылуы.
Мұның бәрі Ыбырай Алтынсариннің қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихындағы қадірлі орнын көрсетеді.
Ыбырайдың артында қалдырған рухани мұрасы аса бай және алуан жанрлы.
Кітап алты бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім - Өлеңдері. Бұған Ыбырай Алтынсариннің көпшілікке кеңінен мәлім өлеңдері мен И.А.Крыловтан аударған үш мысалы енді.
Екінші бөлім - Төл әңгімелері - деп аталды да, бұған жазушының хрестоматия - оқулыққа арнап жазған төл туындылары жинақталды.
Үшінші бөлім - Аударма сипатты әңгімелері. Бұл бөлімде ағартушының орыс педагогтарының оқулықтарынан, орыс жазушыларының балаларға арналған туындылары.Бесінші бөлім - Оқу - ағарту мәселелері жайында жазбалары деп аталынып, бұған Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласындағы оқу - ағарту жайы мен оны өркендетуге қатысты
Қазақ сахарасында мәдениет пен оқу - ағартудың туын көтеріп, халыққа білім беру, мектеп ашу, оқулық жазу, мұғалім даярлау ісінде үлкен өнеге көрсеткен Ыбырай Алтынсариннің мұралары отызыншы жылдарға дейін арнайы зерттелмеген. Ол тек қырқыншы жылдардан бастап қана қолға алынады. Тарихшылардың ішінен Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылық, жазушылық қызметі мен жазысқан хаттары туралы архивтік деректерге сүйене отырып, дұрыс та дәйекті жаза бастаған Бекежан Сүлейменов еді.
Жалпы алғанда Бекежан Сүлейменұлының Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның мәдени дамуы және қоғамдық ойдың даму тарихы бойынша еңбектерін екі кезеңге бөлуге болады. 1945 жылдан бастап 1957 жылға дейінгі бірінші кезеңде ғалым тақырыпқа байланысты 13 ғылыми - көпшілік еңбек жариялайды. Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасы жөнінде Б.Сүлейменов 30 - ға жуық ғылыми, ғылыми - көпшілік еңбектер жазған. Ол ең алғашқы болып Ыбырай Алтынсаринді қоғам қайраткері ретінде танытқан зерттеуші еді. Сондай - ақ Б.Сүлейменұлы алтынсаринтанудың деректік негізін қалап, баға жетпес үлес қосқан. Профессор Ә.Ламашев ғалымның осы еңбегі жөнінде былай деп жазады: Алтынсариннің мұраларын іздеуге, табуға, жинауға, жариялауға тарихшы Бек Сүлейменов ерекше үлес қосты. Қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңіріне белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленді, тоғыз жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет істеген белгілі Шығыс зерттеушісі В.Григорьевтен сабақ алады. Оның үйінде жиі болып, кітапханасынан әдебиет, тарих тағы басқа ғылым салаларынан кітаптар оқиды.
Ол кездері шалғай түкпірде мектеп ашу өте қиын еді: қаражат, мектеп үйі, оқу құралдары жетіспейтін. Оның үстіне осындай ізгілікті іске облыстық басқармадағылар да, жергілікті әкімшілік те салқын қарайтын. Бірақ соның бәрі оның талабын қайтара алмады, ағартушылық идеямен қанаттанған қайраткер көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Ол мектеп ашуға ел - елді аралап қаражат жинауға кіріседі.
1864 жылы қаңтардың 8 - ші жұлдызында жұрттың көптен күткен мектебі ашылады. Ыбырай Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жыл ішінде әзер хат таныса, Ыбырайдың алдынан оқыған шәкірттер небәрі үш айдың ішінде хат танитын болды.
Ыбырай Алтынсарин мұғалімдердің бала оқытудағы орнын жоғары бағалап: Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, ол - мектептің жүрегі - деген сөзі осы күнге дейін құнын жойған жоқ.

ІІ тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН
ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІН ТӘРБИЕ
2.1. Ыбырай Алтынсарин - ақын, жазушы, балалар әдебиетінің атасы.
Ыбырай бір жағынан ақын болса, екінші жағынан халық ағарту майданында қызмет қылған. Ең бірінші рет қазақтың ана тілінде оқу құралын жазған және сол ана тілінде қазақ баласын оқытқан ең алғашқы тұңғыш оқытушысы болған. Қазақ әдебиетін Европа жолына, өнер жолына бұрып бастаған ең тұңғыш жаңашыл, суретші ақын.
Ыбырайдың шығармаларының мәні сол замандағы орыс елінің өнерге, өнеркәсіптеріне аяқ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін сахналау сайысы
Ыбырай мұраларының өзектілігі мен маңызы
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылықтарындағы халықтық идеяның окушы жастарға ұлттық тәрбие берудегі тағылымы
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ
Ыбырай Алтынсарин ағартушы педагог
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің қазіргі таңдағы өзектілігіі
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
Ыбырай Алтынсариннің өмірі
Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы
Ы.АЛТЫНСАРИН ДӘУІРІ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ АЛТЫН ҒАСЫРЫ
Пәндер