Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні:Азаматтық құқық
Тақырыбы:Азаматтық құқық жүйесі және қайнар көздері
Орындаған: ЮП-18-5 тобы студенті
Каржауова К.А.
Рецензент: з.ғ.к.,доцент.
Орамахова М.Н.
Ақтау 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ, ОНЫҢ ҰҒЫМЫ, ЖҮЙЕСІ, РЕТТЕЛУ ӘДІСІ МЕН ҚАҒДИТАТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.1 Азаматтық құқықтың ұғымы және реттеу нысанасы ... ... ... ... ... ...
5
1.2 Азаматтық құқықтың реттелу әдісі мен қағидаттары ... ... ... ... ... ..
7
2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ: ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13
2.1 Азаматтық құқықтың жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13
2.2 Азаматтық құқық қайнар көзінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
2.3 Азаматтық құқықтық заңнамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27
КІРІСПЕ
Азаматтық құқық - құқықтың бір саласы. Оның атауы ежелгі уақыттан белгілі. Азаматтық құқық ҚР-ның құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс тіршілікпен, сондай ақ азаматтардың заңды тұлғалармен мемлекеттің өзімен оның әкімшілік аумақты бөліністерімен тығыз байланысты. ҚР азаматтық құқығының мәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген. Өзгеде мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатнастар құрайды.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің біріне, құқықытық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық реттеудің негізгі объектісі болады.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері бұл - азаматтық-құқықтық нормалардың көріну формалары.
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
а) Заңнама актілері, заңға тәуелді актілер;
б) Халықаралық келісімдер;
в) Іскери айналым әдеттері;
г) ҚР Жоғары сотының нормативтік қаулылары.
Елімізде нормативті заңнама базасына өзгерістер енгізілуіне, жаңа заңдардың қабылдануына байланысты азаматтық құқықтың қайнар көздері де өзгеріп отырады, сондықтан курстық жұмыстың тақырыбы бүгінгі күні өте өзекті болып табылады.
Азаматтық құқықтың қайнар көзі ғылымда өзара байланысты аспектілер бойынша екі категорияға бөлінеді. Біріншіден, оларға қоғамдық құбылыста құқықты тудыратын обьективті факторлар жатады. Мұндай факторларға қоғам өміріндегі материалдық жағдайлар, әлуметтік топтардың мен мемлекеттік кластардың экономикалық, саяси, және әлеуметтік қажеттіліктері жатады. Бұл жерде сөз құқықтың қайнар көзінің материалдағы мағынасы туралы.
Екіншіден, құқық қайнар көзі ретінде заң, жарлық, қаулы мен басқада нормативті-заң құжаттарын қалыптастырушы мемлекеттік органдардың өкілетті қызметі мен байланыстырады.
Айтыла кететін бір жәйт, бұл қайнар көз туралы екінші категориялы түсініктің ғылымда ғана емес күнделікті өмірде, тәжірибеде азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың нақты субьектілеріне байланысты, нормалардың қалыптасу мазмұны маңызды екенін түсіндіреді.
Курстық жұмысың мақсаты азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі мен түрлерін қарастыру. Аталмыш мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қарастырылды:
- азаматтық құқықтың ұғымы және реттеу нысанасын қарастыру;
- азаматтық құқықтың реттелу әдісі мен қағиадаттарын анықтау;
- азаматтық құқықтың қайнар көздері: түсінігі мен түрлері н қарстыру.
Зерттеу пәні - азаматтық құқықтың қайнар көздері
Зерттеу обьектісі - заңдар, заңнамалық актілер, заң күші бар нормативтік актілер,жергілікті атқарушы органдардың нормативті құқықты актілері, кешенді нормативті актілер, халықаралық құқық нормалары, халықаралық шарттар, азаматтық айналымдағы салт-дәстүр нормалары мен сот тәжірибесі.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнің бөлімшелерінен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде курстық жұмыстың өзектілігі, мақстаы, міндеттері, зерттеу пәні, зерттеу деңгейі қарастырылған. Бірінші тарауда азаматтық құқық пәні, оның ұғымы, жүйесі, реттелу әдісі мен қағдитаттары қарастырылған. Екінші тарауда азаматтық құқықтың қайнар көздеріне түсініктеме берілген, конституция және азаматтық кодекс алғашқы қайнар көзі болып табылады. Сондай-ақ екінші тарауда азаматтық құқық заңнамалары қарастырылды.
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ, ОНЫҢ ҰҒЫМЫ, ЖҮЙЕСІ, РЕТТЕЛУ ӘДІСІ МЕН ҚАҒДИТАТТАРЫ
Азаматтық құқықтың ұғымы және реттеу нысанасы
Азаматтық құқық атауы ежелші уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы-цивильді (jus civile) құқық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы). Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды.
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттін өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың тендігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар мен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.
Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік әмес қатынастардың екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар мен мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді.
Мүліктік емес жеке қатынастар Қазақстан Республикасы Конституциясымен реттеледі. Конституцияның II тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың мейлінше кең ауқымы енеді.
Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие:
а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы олардың тауар - ақша және басқа қатынастарына негізделген заңды түрдегі теңдігімен сипатталады;
ә) азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті (АК-тің 2-бабы, 2-тармағы). Демек, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушыларына өзінің қалауынша және мүддесіне сай келетін жағдайларды тандауына мол мүмкіндік жасалады;
б) тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану құқығына ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігінтаңдауға ерікті (теңдік және тұлғалардың өз құқықтарын толық пайдалану мүмкіндігі). Азаматтық құқықты қорғау сотпен (төрелік сотпен немесе аралық сотпен) жүзеге асады, бұл орайда Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес қорғанудың азаматтық істерді жүргізу заңдарының ерекше ережелерін сақтай отырып ашық әдістері қолданылады;
в) азаматтық-құқықтық жауапкершілік өзіндік сипатымен, атап айтқанда, мүліктік және өтем түрінде айқындалады; сондай-ақ оған келтірілген залалды толықтай өтеу талабы да жатады; заң құжаттарында өзгеше көзделмеген жағдайда, бұл заң бұзушының кінәсінің қандай екендігіне де байланысты болады.
Азаматтық құқық-құқықтың бір саласы, ол тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты (немесе байланысы жоқ) мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.
Азаматтық құқықтың реттелу әдісі мен қағидаттары
Азаматтық-құқықтық реттеу әдістері бұл - қабылдаудың, құралдардың, әдістердің жиынтығы, олардың қатынасымен құқық қоғамдық қатынастарға ықпал етеді, оларды реттейді, бірыңғайлайды және қорғайды.
Азаматтық-құқықтық әдісі жалпыға бірдей болады, оған әсер етудің императивті әдістері мен тәсілдері де, диспозитивті әдіс, тсәілдері де енеді, сонымен қатар мынадай ерекше қабілеттері болады:
1) заңды теңдік;
2) екі жақтың еркіндік автономиясы;
3) екі жақтың мүліктік дербестігі;.
4) азаматтық құқықты қорғау;
5) азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің мүліктік сипаты.
Азаматтық құқық принциптері бұл - құқықтық актілерде бекітілген жалпыға міндетті ережелер, идеялар, бастамалар, олар барлық азаматтық құқықтан өтеді, қоғамның даму тенденциялары мен қажеттіліктерін көрсетеді және азаматтық құқықты тұтастай сипаттайды. ҚР АК 2 бабында аталған азаматтық құқықтың мына принциптерін атап өтеміз:
- азаматтық құқық қатынасы қатысушыларының теңдік принципі;
- жеке істерге өздігінен араласуға шектеу қою принципі - бұл принцип негізінен көпшілік билігінің әрекетінен қорғануға бейімделген;
- келісім еркіндігі: тұлға серіктесті келісім бойынша өздігінен таңдайды, екі жақ келісімшартқа отырған кезде және оның шарттарын анықтаған кезде еркін болады;
- азаматтық құқықтың, оның қалпына келуі мен қорғалуының еш мүлтіксіз жүзеге асуы принципі;
- тауардың, қызмет көрсетудің және еңбектің ҚР барлық аумақтарында еркін қозғалысы мен айналымы принципі.
Азаматтық құқық қатынасының құрылымына мына төмендегі элементтер енеді:
1) құқықтық қатынас субъектілері;
2) құқықтық қатынас нысандары;
3) құқықтық қатынас мазмұны.
Құқықтық қатынас субъектілері бұл - азаматтық құқыққа ие және нақты бір азаматтық құқықтық қатынасқа қатысумен байланысты азаматтық міндеттемелер жүктелген тұлғалар. Азаматтық құқықтық қатынас қатысушылары олардың субъектілерімен аталады. Басқа да кез-келген қоғамдық қатынастар секілді, азаматтық құқықтық қатынастар да адамдар арасында қалыптасады. Азаматтық құқықтың кез-келген субъектілері бола алады:
- жеке тұлғалар;
- заңды тұлғалар;
- мемлекет;
- әкімшілік-аумақтық бірліктер (ҚР АК 1 бабының 1 тарауы).
Құқықтық қатынас нысандары бұл - игілік (материалдық немесе бейматериалдық), оған байланысты құқықтық қатынас туады және оған байланысты құқықтық қатынас қатысушылары құқықтар мен міндеттемелерге ие. Адамдар арасындағы өзара әрекет нәтижесінде бекітілетін қоғамдық байланыс тәрізді аазматтық құқықтық қатынастар тек қана адамның мінез-құлқына әсер етуі мүмкін. Сондықтан азаматтық құқықтық қатынастар нысаны ретінде оның субъектілерінің мінез-құлқы қаралады.
Құқықтық қатынас мазмұны бұл - азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің субъективті азаматтық құқықтары мен міндеттемелері. Субъективті құқықтар мен міндеттемелер өзара байланысты болып келеді және әрбір жеке адамның субъективті құқығына екінші бір адамның нақты бір субъективті міндеттемесі сәйкес келеді.
Субъективтік құқық дегеніміз - құқықтық нормалармен қарастырылған құқықты болған тұлғаның мүмкін болатын мінез-құлық шаралары.
Субъективтік міндеттеме дегеніміз - құқықтық нормалармен бекітілген міндетті тұлғаның қажетті мінез-құлық шаралары.
Азаматтық құқық қағидалары түсінігі туралы қазақша реферат
Азаматтық құқық қағидалары деп қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі бастауларын айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтиды, оның ең маңызды қасиеттерін сипаттайды.
Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтып қана қоймай, азаматтық заңдылықтардың толық көлемін қамти отырып, АК 2 бабында көрініс тапқан.
Азаматтық құқық қағидалары, азаматтық қатынастарды заңдылық қарастырмаған жағдайларда, құқық аналогияны негізінде қолдануданылады, яғни, азаматтық құқықтың нақты нормасымен реттелмеген қоғамдық қатынастарды реттеу үшін азаматтық заңдылықтардың негізгі бастаулары азаматтық құқық қағидалары қолданылады. Азаматтық құқықтың мынандай қағидалары бар:
Азаматтық құқықтар құқық қатынасқа түсуші тараптардың теңдігілігін;
Меншікке қол сұқпаушылық;
Жеке істерге рұқсатсыз кіріспеушілік;
Келісімнің, шарттың еріктілік қағидасы және т.б.
Тараптардың заңдық теңдігі негізінде мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтық нормалары ретсіз есем, олар нақты жүйеде орналасқан. Азаматтық құқық жүйесі объективті тұрғыда құрылған және азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекшелігіне негізделген.
Көптеген азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың жалпы қасиеттері оларды құқықтық реттелуінің бірегейлігін, ал осы қатынастардың нақты түрлерінің кейбір сипаттамалары олардың құқықтық реттелуінің дифференциациясын қайта анықтайды. Азаматтық құқық жүйесі бойынша екі бөлімге бөлінеді, олар жалпы және ерекше бөлім [5].
Азаматтық құқық бөлімінің пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың бір сипаттылығы кез келген мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу кезінде қолданылатын азаматтық құқық нормаларын бөліп алуға мүмкіндік береді.
Бұл құқықтық нормалардың жиынтығы азаматтық құқықтың жалпы бөлігін құрайды. Ол салалық реттеу пәнінің бір түрін көрсетіп, барлық салалық нормалар үшін біріктіруші бастау ретінде қызмет етеді, олардың заңды мазмұнының жалпылығын анықтайды.
Жалпы бөлік табиғаты бірдей қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қарама-қайшылықтарды болдырмауға және азаматтар мен ұйымдардың әрекеттерінің жеке салаларында пайда болатын қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің қажетті бірегейлігін қамтамасыз етеді.
Жалпы бөлім азаматтық құқықтың жалпы ережелерін, меншік және өзгеде заттық құқытарды, міндеттемелік құқытарды, шарт жөніндегі жалпы ережелерді қарастырса, ерекше бөлім міндеттемелердің жекелеген түрлерін, интелектуалдық меншік құқығын, мұралық құқық және халқаралық жеке құқық қатынастарын зерделейді.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері. Азаматтық заңдылық бірегейлігі мен дифференциациясын ескере отырып орналасқан азаматтық құқық нормалары түрлі құқықтық нормативті актілердің баптар түрінде (әрі қарай - нормативті актілер немесе құқықтық актілер) көрініс табады, оларды азаматтық құқықтың қайнар көздері деп аталады. Аталған нормативтік актілердің жиынтығы азаматтық заңдылықты құрайды.
АК 3 бабында азаматтық заңдылық түсінігіне тек АК және оған сәйкес қабылданған өзге заңдар кіреді көрсетілген. Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің негізгі үш түрін жіктеуге болады, олар мыналар: нормативтік құқықтық актілер, салт - дәстүрлер, шарт [6].
Азаматтық құқық нормалары заңдарда және нормативті актілерде бекітілуі мүмкін. Барлық осы нормативті актілер заңды күшіне байланысты қатаң иерархиялық жүйеде орналасқан, нормативті актінің мәні оның заңды күшімен анықталады. Нормативті актінің заңды күші неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның азаматтық заңдылық жүйесіндегі алатын орны басым болады. Азаматтық заңдылықтың нормативті актілерін осылайша құрылуының тек қана теориялық емес, тәжірибелік маңызы да бар.
Азаматтық заңдылық, нормативті актілерінің көптігі және заң шығарушы техниканың әлсіздігінен, түрлі нормативті актілердің бір мәселені әртүрлі шешетін жағдайлары жиі кездесіп отырады. Бұндай жағдайда басым заңды күші бар нормативті акт қолданылады.
Барлық заңдар заңды күшіне қарай заңдар және заңға бағынышты нормативті актілер болып бөлінеді. Заңдар мемлекеттік өкілетті жоғарғы органдарының шығарған нормативті актілері, олар заңға бағынышты нормативті актілерге қарағанда басым заңды күшке ие.
Конституциялық заңдар ішінен ең үлкен заңды күшке Қазақстан Республикасының Конституциясы ие. Өйткені ол елдің ең негізгі Заңы болып табылады. ҚР Конституциясында құқықтың түрлі салаларының нормалары бар.
Олардың ішінде азаматтық құқық нормалары да бар.
Азаматтық заңдылықта Азаматтық кодекс түріндегі салалық кодификацияланған нормативті актілер ерекше орын алады. Салалық кодификацияланған нормативті актілер азаматтық құқық пәніне кіретін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған және Қазақстан Республикасы территориясында азаматтық заңдылықтың дамуына негіз болып табылады.
АК салалық кодифицикацияланған нормативті акті ретінде Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге арналған. Осыған сәйкес АК азаматтық құқық пәніне кіретін барлық дерлік қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған азаматтық заңдылықтың ең маңызды қалыптарын бекітеді.
Кодифицикацияланған нормативті актілермен қатар азаматтық заңдылық жүйесін азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың жеке түрлерін реттейтін арнайы заңдар құрайды [7].
Мысалы, Қазақстан Республикасының Сақтандыру туралы Заңы, сақтандыру ұйымдары мен азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер арасындағы, сонымен қатар сақтандыру ұйымдарының өз арасындағы сақтандыру саласындағы қатынастарды реттейді; "Қазақстан Республикасының Патенттік Заңы" мүліктік және құрастырмаларды, пайдалы модельдерді және өндірістік үлгілерді құру, құқықтық қорғау және қолдануға байланысты туындаған олармен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді; ҚазССР Тұтынушылар құқықтарын қорғау Заңы тұтынушылар мен кәсіпкерлер арасында туындайтын қатынастарды реттейді
Заңға бағынышты актілер нормативті актілер ішінен азаматтық заңдылық жүйесінде Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметі шығаратын құқықтық актілер түрінде белсенді роль атқарады.
Азаматтық құқық және халықаралық құқық нормалары. Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестіктің бөлігі болып табылады, сондықтан Қазақстан Республикасының азаматтық заңдылығы халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған қағидалары мен нормалары, Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келісімдермен есептесуі керек. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған қағидалары мен нормаларына қосыла отырып Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері негізінде Конституциялық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Бұл дегеніміз, азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған принциптері мен нормалары және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері қолданылуына мүмкіндік береді деген мағынаны береді.
Азаматтық заңдылық, іскерлік ғұрыптар, іскер айналым дәстүрлері, мораль және адамгершілік ережелері. Іскер ғұрыптар деп азаматтық айналымда орнатылған тәртіп ережелерін айтады. Өздігінен іскер ғұрыптар азаматтық құқық қайнар көздері болып табылмайды. Бірақ та мемлекет құқықтық акт арқылы іскер ғұрыпты санкцияған кезде ол заңды күшке ие болып азаматтық заңдылық жүйесіне кіреді.
Қазіргі кезде барлық іскер ғұрыптар арасынан тек қана кәсіпкерлік салада қолданылатын іскер айналым дәстүрлерін бөледі. АК күшімен кәсіпкерлік әрекет нәтижесінде туындаған дауды шешу кезінде сот қолдана алатын іскер айналым дәстүрлері деп заңдылықпен немесе келісіммен қарастырылмаған, бірақ өз мазмұнында жетерліктей анықталған, кәсіпкерлік әрекеттің қандай да бір саласында кеңінен қолданылатын тәртіп ережелері, мысалы қандай да бір міндеттемелерді орындау дәстүрі және т.б. Іскер айналым дәстүрі қанай да бір құжатта тіркелгендігіне не тіркелмегендігіне қарамастан қолданыла алады) [8].
Азаматтық заңдылық, сот пленумдарының шешімдері, шешімдер, соттық практика және сот прецеденті. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумы жалпыланған материалдарды қарастырып, заңдылықты қолдану жөнінде бастаушы талқылаулар береді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының талқылаулары Қазақстан Республикасының жалпы юрисдикциясындағы барлық соттар үшін міндетті. Аталған талқылаулар нормативті актілер болып табылмайды, олар құқықты қолдану актілері болып табылады.
Сот пленумдарының қаулылары азаматтық заңдылықтың мәнін талқылап, түсіндіруі ғана тиіс, азаматтық құқықтың жаңа нормаларын құрмайды. Сондықтан сот пленумдарының қаулылары азаматтық құқықтың қайнаркөзі болып табылмайды.
Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне сот практикасы да жатпайды. Сот тәжірибесі деп бір категориялы істерді соттардың бірнеше рет бір түрлі шешімдер шығару жағдайын айтады. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне сонымен қатар сот прецеденті де жатпайды. Сот прецеденті деп соттың нақты іс бойынша шығарған шешімін келесі бір ұқсас жағдайға қолдауын айтады.
Азаматтық заңдылық әрекеті. Азаматтық заңдылық уақыта, кеңістікте және қатынасқа түсуші тұлғалар арасында әрекет етеді. Азаматтық құқық нормалары азаматтық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. АК заңдарының құқықтық актілерінің кері күштері болмайды. Азаматтық құқықтың уақыт аралығындағы әрекетін деп заңның әрекет ету мерзімін қарастырамыз. Жалпы заңның әрекет ету мерзімі мынандай түрлерде сипатталады, заңды күшіне ену мерзімі, заңды күшін жою мерзімі және әрекет ету мерзіміне байланысты.
Заңды күшіне енуі бойынша мерзімдер ресми басылымға шыққан кезден бастап 10 күн өтісімен немесе нақты сол басылымда көрсетілген мерзім. Ал заңды күшін жою мерзімдері мынадай жағдайлармен сәйкестенуі мүмкін, тура сондай жаңа заңның қабылдануы немесе заңның әрекет ету мерзімінің аяқталуы. Кеңістіктегі әрекеті деп нормативтік құқық актінің барлық Қазақстан Республикасы аумағына толығыменен даруын айтамыз, сонымен қатар кейбір актілер тек белгілі органдардың немесе ұйымдардың шегінде ғана әрекет ете алады оларды локальді нормалар деп атаймыз. Ал азаматтық заңның тұлғалар арасындағы әрекеті деп азаматтық қатынасқа түсуші кез-келген тараптарға даруын айтамыз, мысалы жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, шетел азаматтары мен заңды тұлғалары.
Азаматтық қатынастарды қарастыру барысында олардың қолданудағы императивтік және диспозетивтік жағдайларға зейін салу керек.
2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ: ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Азаматтық құқықтың жүйесі
Азаматтық құқық бұл - құқықтық нормалар жүйесі, бұл олардың тек бірлігін ғана емес, қосалқы сала мен институттарға жіктелуін, сарапталуын да ұсынады. Жеке қосалқы салалар мен институттың бөлінуі оларды құраушы нормалардың бір негіздегі біршама байланыстылығына негізделеді.
Азаматтық құқық жүйесі былайша бөлінеді:
- жалпы бөлімі, оның нормалары азаматтық құқықтың барлық қалған бөліктері үшін біріктіруші бастама болып табылады (мысалы, заңды және жеке тұлғалары туралы, азаматтық құқық нысандары туралы, меншіктік құқық туралы, келісімдер туралы, тағы да басқа нормалар);
- ерекше бөлімі, мына салалардағы қатынастарды реттейді: міндеттеменің жеке түрлері, интеллектуалдық меншік құқығы, мұрагерлік құқық, халықаралық жекеше құқық және т.б.
Сонымен, азаматтық құқық жүйесі бұл - бөлімдердің, институттардың және нормалардың ішкі логикалық байланыс пен тәуелділіктегі жиынтығы.
Құқық жүйесі дегеніміз сол мемлекеттегі құқықтық нормалардың жиынтығын қамтитін ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Құқықтың әр саласына белгілі бір жүйк тән. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құқықтық-нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Нормалардың әр алуындығына қарамастан азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді. Ішкі салаларға тән ерекшелік оның құрылымдарына тұтастай енетін жекелеген және жалпы ережелерді бөліп қарау мүмкіндігі деуге болады. Мұндай құрылымдардың мазмұны біркелкі келеді, оны құқықтық реттеудің бір арнаға жинақталуынан және заңдық ерекшелегінен деп түсінген жөн.
Ішкі салалардың жалпы бөлімі мен жалпы ережелерін бір-бірінен бөліп қарау проблемасы әзірге айтарлықтай зерттеле қойған жоқ. Аталған саланың жалпы бөлімі жалпы сипаттағы жекелеген институттардың жиынтығын білдіреді. Ал осы орайда ішкі салалардың жалпы ережелерінде мұндай дербес институттар жоқ, сондықтан да ол институттардың белгілі бір бөлігін ғана біріктірумен шектеледі.
Жалпы ереженің нормалары азаматтық құқық бөлімдерінен тәуелсіз негізде барлық мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарға қолданылады. Жалпы бөлімге жататын Меншік және өзге де заттық құқықтар мен Міндеттемелік құқық тәрізді ішкі саланың екі түрінің нормалары да жалпы сипатқа ие екіндігі дәлелденеді. Мысалы, меншіктің түрлері мен сипатына қарай меншік құқығы туралы, меншік қатынастарын қорғау мен оның пайда болуы тәсілдері туралы норма басқа институттарды, атап айтқанда, сатып алу-сату, авторлық және мұрагерлік құқықтарға кеңінен қолданылады. Жалпы бөлім құзіретті органдардың, азаматтар мен ұйымдардың құқық қолдану қызметі үшін қолайлы жағдай туғызады, сондай-ақ ол қайталау мен олқы тұстарды жоюға мүмкіндік береді.
Азаматтық құқық жүйесі төмендегідей ішкі салаларға бөлінеді: Міндеттемелік құқық, Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар, Интеллектуалдық меншік құқығы, Мұрагерлік құқығы, Халықаралық жеке құқық, осындай әрбір ішкі саланың өз нормаларына сай келетін Жалпы ережесі болады. Оның әрқайсысы өз кезегінде іштей құрылымдар мен бөлімдерге жіктеледі. Айталық, шарт институты және шарттан тыс міндеттемелік институты деп бөлінеді.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқық жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.
1. Жалпы бөлім:
I - бөлім. Жалпы ережелер (тараулары: азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу; азаматтық құқықтардың субъектілері; азаматтық құқықтар объектілері; мәмілелер; өкілдік және сенімхат; мерзімдерді есептеу; талап қою мерзімі).
II-бөлім. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар (тараулары: меншік құқығы. Жалпы ережелер; шаруашылық жүргізу құқығы; оралымды басқару құқығы; ортақ меншік; бірлескен қызмет туралы шарт; меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу; меншік құқық және өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуы; меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау).
III-бөлім. Міндеттемелік құқық (1-бөлімше: Міндеттеме туралы жалпы ережелер, оған мына тараулар енеді: міндеттемелер ұғымы және олардың пайда болуы негіздері; міндеттемені орындау; міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету; міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы; міндеттеменің бұзылғандығы үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz