Қылмыстық құқық бұзушылықтан сақтандыру - қылмыстық саясаттың құрамдас бөлігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1. ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТТЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН СИПАТЫ
5
1.1Қылмыстық саясаттың түсінігі жəне оның мемлекеттің саяси жүйесіндегі орны
5
1.2Қылмыстық саясаттың субъектілері жəне олардың атқаратын қызметтері
10
1.3Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатының негізгі аспектілері
17
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАРДЫ ІЗГІЛЕНДІРУ САЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ
21
2.1 Заңнаманы ізгілендіру . заман талабы
21
2.2 Заңнаманы ізгілендіру . жаңа қылмыстық кодекс
23
2.3 Қылмыстық заңдарды ізгілендірудің іздері
28
ҚОРЫТЫНДЫ
32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
34

КІРІСПЕ

Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру - ең бастысы, алғаш рет ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтары - жүкті және асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жалғызбасты әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, жасы ұлғайған адамдарға қатысты болуға тиіс. Сонымен қатар, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға кінәлі, қылмыстық қуғындаудан жасырынып жүрген адамдарға қатысты, сондай- ақ қылмыстар кәнігілігі кезінде қатал қылмыстық саясатты алдағы уақытта да жүргізу қажет.
Өздеріңізге белгілі ағымдағы жылдың 04 шілдесінде елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевпен жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне қол қойылды. Бүгінгі қолданыстағы қылмыстық кодекс 1997 жылы қабылданып, оған осы уақытқа дейін бірнеше мәрте өзгерістер енгізіліп келді. Сондықтан қылмыстық заңнаманы жетілдіру заман талабынан туындап отыр. Жаңа редакциядағы Кодекстің тағы бір қажеттілігі ол ел Конституциясының жаңа нормаларымен, сонымен қатар, осы уақытқа дейін ратификацияланған халықаралық келісімдермен сәйкестендіруге қатысты болып табылады. Жаңа қылмыстық заңнаманы ізгілендіру Елбасы Жарлығымен бекітілген 2020 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында көзделген.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы тамыздың 30 жұлдызында бүкіл халықтық Референдум арқылы қабылданған Ата Заңымыздың 1- бабында: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген [1]. Осы бап талаптарын көздей жүргізілген саясат мемлекет басшылығының - қылмыстық саясатқа қатысты ұстанып отырған бағытын көрсетеді.
Жалпы саясат- мемлекет тағдырын шешуге қатысты саяси сипаттағы әрекеттердің жиынтығы десек, мемлекеттің қылмыстық саясатты ізгілендіру сипатында жасап отырғандығы мемлекеттің қылмыстық саясаттағы бағыты десек, онда қылмыстық саясат - дегеніміз қылмысқа қарсы күресте оны жою мен жолын кесуге бағытталған әрекеттердің жиынтығы деген түсінікті ұсынамыз. Осы себепті де қылмыстық сақтандыру мәселелеріне қатысты ғылыми зерттеулердің өзектілігі - байыпты көзқарас пен терең зерттеуді қажет етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қылмыстан сақтандырудың келелі мәселелеріне қатысты ғылыми зерттеудің деңгейі төмендегі жағдайлармен дәйектеледі. Жалпы алғанда қылмыстың алдын - алу мен сақтандыруға, қылмыстық саясаттың өзекті мәселелеріне қатысты жалпықұқықтық және жалпытеориялық методологиялық, танымдық негіздерін көрсететін көптеген маңызды ғылыми жұмыстар жазылды.
Қылмыстық саясат пен қылмыстан сақтандырудың методологиялық негіздері К. Маркс, Ф. Энгельс, В.И. Ленин, А. Фейербахтың еңбектерінде көрініс тауып, ол ұзақ жылдар бойы Кеңестік ғалымдар зерттеуінің ғылыми өрісін жасап келді.
Қылмыстық саясаттың жалпықұқықтық және қылмыстан сақтандырудың жеке мәселелерін дамытудағы Кеңес Одағы мен Ресей Федерациясының А.А. Пионтковский, А. А. Герцензон, В. Н. Кудрявцев, Ю.М. Антонян, Н.Ф. Кузнецова, И. М. Гальперин, В.И. Курляндский, С.В. Бородин, А.И. Долгова, В.Е. Эминов, С.М. Иншаков сынды ғалымдарының ғылыми еңбектерінің құнды тұстары мұқият зерттелінді.
Сонымен қатар отандық ғалымдардан осы саладағы құнды еңбектердің авторлары: Р.Е. Джансараева, А.Н. Ағыбаев, Е.І.Қайыржанов, Ғ.Ы. Баймурзин, Ү.С. Жекебаев, И.И. Рогов, Қ.Ә. Бегалиев, Е.О.Алауханов, Ә.Х.Миндағұлов, Б.Ж.Жүнісов, Ә.А.Темірбеков, Д.С. Чукмаитов, С.С. Молдабаев, З.О. Ашитов, Н.М.Әбдіров, Г.Р.Рүстемова, О.Н. Тлепбергенов сынды ғалымдардың сүбелі көзқарастары әлі де тереңірек зерттеуді қажет етеді.
Жұмыстың мақсаты - қылмыстық саясатының басты бағыты ретіндегі қылмыстан сақтандырудың теориялық мәселелерін кешенді түрде зерттеу, қылмыстан сақтандыру шараларының түрлерін жүйелеу және олардың құқықтық табиғатын анықтау, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін қолайлы ұсыныстар жасау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу керек:
- қылмыстық саясатындағы қылмыстан сақтандырудың құқықтық сипаты мен ерекшеліктерін көрсету;
- қылмыстан сақтандырудың мазмұны пен қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын анықтайтын қылмыстық саясаттың объективті және субъективті факторларының мәнін ашу;
- Қылмыстан сақтандыру жаңа толыққанды түсінігін қалыптастыру мен сақтандыру шараларының түрлері мен жүйелеріне талдау жасау, сақтандыруға қатысты құқық қорғау органдарының міндеттері мен өкілеттіктерінің маңызын тереңірек қарастыру;

1. ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТТЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН СИПАТЫ
1.1Қылмыстық саясаттың түсінігі жəне оның мемлекеттің саяси жүйесіндегі орны

Қылмыстық құқық ғылымында қылмыстық саясаттың пәні туралы мәселелер көтеріле бермейді. Осыған байланысты, П.Л. Фрис қылмыстық саясаттың пәнін тек құқық шығармашылық қана емес, сонымен қатар құқық қолдану қызметін де құрайды деп есептей отырып, қылмыстық саясат пәнінің келесі элементтерін көрсетеді: 1) қылмыстылыққа қылмыстық-құқықтық әсер етудің негізгі қағидалары; 2) криминализация және декриминализация; 3) пенализация және депенализация;жазаға балама және жазамен бірге қылмыстыққұқықтық сипаттағы шараларды тағайындау; 5) қылмыстық заңнаманы түсіндіру; 6) қылмыстық заңнаманың нормаларын қолдануға және олардың тиімділігін түсіндіруге байланысты құқық қорғау органдарының қызметі; 7) халықтың құқықтық санасына қылмыстық-құқықтық құралдардың әсерінің тиімділігін арттыру жолдарын анықтау [1, 38 б.]. Н.А. Лопашенко қылмыстық саясаттың пәнін қылмыстылыққа қылмыстық-құқықтық әсер етудің стратегиясы мен тактикасы құрайды деп көрсетеді [2, 29 б.].
О.Н. Тлепбергенов: Қылмыстық саясат - бұл мемлекеттің құқықтық тұрақтылық пен қылмыстық ахуалды оңтайландыруды қамтамасыз ету жолындағы тиісті құбылыстарды бақылау мен басқару арқылы адамды қылмыстан сақтандыру мен қылмыстылықты жоюды жүзеге асыру қызметі. Қылмыстан сақтандыру саясаты - әлеуметтік қатынастардың саяси мәнге ие болған көрінісі. Сондықтан қылмыстық саясат жүйесінде арнаулы субъектілердің әрекеті мен қызметінің әлеуметтік мәні толымды талқылауды қажет етеді. Қылмыстық саясаттың әлеуметтік мәні дегеніміз - мемлекет пен қоғамның құқықтары мен міндеттері, мүдделері мен мақсаттары негізінде жүзеге асырылатын қызметтің көпқырлы сипаты. Кез келген әлеуметтік-құқықтық қатынас қылмыстық саясаттың пәнін құрамайды, егер де құраса: - ол қатынастардың негізінде саяси-құқықтық байланыстар жатуы тиіс. Қылмыстық саясат саласындағы қатынастардың құқықтық табиғаты - заң нормаларынан ғана көрініс табады. Кез келген қылмыстық заң нормасы құқықтық қызмет өрісіне сай, қылмысқа құқықтық баға берумен қатар, қылмыстан сақтандыру міндетін де атқарады. Қылмыстық саясатты құқықтық реттеу - заң нормасын қолданумен ғана шектелмейді, ол сонымен қатар саяси-құқықтық қатынастар пәнінің шегін белгілеу арқылы және құқықтық қатынастардың қозғалтқышы рөлін иеленген заң нормасын пайдаланумен байланыстырыла жүргізіледі. Заңдық нормалар - саяси-құқықтық қатынастардың сыртқы көрінісін, ішкі ұйымдастырылуын, қатынастардың ресми бекітілуіне жол ашатын тарихи-заңды құрал ғана емес, саяси-құқықтық қатынасқа мән мен нысан бере отырып, қатынастың барлық түрін реттеудің жалғыз тетігі де. Заң нормасын оңтайландыру және оның қатынастарды реттеу кезіндегі рөлін дұрыс түсінудің маңызы өте зор. Заң нормасы - өз кезегінде құқықтық әрекетке әсер етіп қана қоймай, оның әлеуметтік бағытын да белгілейді деп көрсетеді [3, 17-19 бб.]. Аталған пікірмен келісу қиын, себебі автор құқық пен қызмет ұғымдарының пәнін араластырып жіберген. Саясат - қызмет, сол себепті де оның пәнін қатынастар құрамайды. Қылмыстық саясаттың пәні - қылмыстылыққа қарсы тұру стратегиясы мен оған қол жеткізудің тактикасы деп қарастыратын пікірдегі авторларды қолдай отырып, қылмыстық саясаттың стратегиясы мен тактикасын талдауға көшейік.
Стратегия терминінің түсінігіне келетін болсақ, ол қоғамдық, саяси күреске басшылық ету, алысқа баратын дұрыс болжамдарға негізделген басшылықты жоспарлау өнері дегенді білдіреді. Яғни, стратегия дегеніміз қойылған мақсатқа жету бағдарламасы. Мақсат болса, оған жету стратегиясы да жасалынады. Сәйкесінше, мақсат болмаса стратегия да болмайды.
Осыған байланысты, қылмыстылыққа қарсы тұру бағыттары ретінде - азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолымен, олардың өмірінің сапасын арттыруды айтамыз.
Әл-ауқат азаматтарды, олардың отбасын тұрғын-жаймен, жұмыспен, әлеуметтік қызмет түрлерімен, еңбегіне сай жалақымен, тиісті материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету мүмкіндігі. Қазіргі таңда мемлекет бұл мәселелерді шешуде, бірақ та тиісті деңгейде емес. Мысалы, тұрғын-жаймен қамтамасыз етуге байланысты ипотекалық бағдарламаларда кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға пайыздық жүктемені төмендету түрінде, осы мақсатқа мемлекеттік дотацияны қарастыру керек сияқты. Бұл өз кезегінде бірнеше мәселелерді шешеді, біріншіден, орташа мөлшердегі табысы бар отбасыларды жеке дербес пәтер алуға ынталандыру арқылы, әлеуметтік теке-тіресті төмендетеді; екіншіден, демографияны көтереді; үшіншіден, отбасыны құру және нығайту үшін қолайлы жағдай туғызады. Яғни, осы шаралар қылмыстылықтың себептерін - тұрмыстық жағдайлардан туындайтын мінез-құлықтың жағымсыз стереотиптерін қатігездікті, ашынуды зарарсыздандыруға қабілетті деп есептейміз.
Яғни, қылмыстылыққа қарсы тұру стратегиясы адамдардың әл-ауқатын, олардың тұлғасының қалыптасу факторларын құрайтын қоғамдық қатынастар аясын кешенді, жүйелі түрде құқықтық реттеуден тұруы қажет. Қылмыстылыққа қарсы тұру аясындағы қылмыстық саясаттың стратегиясы құқықтық мемлекет құру мақсатынан дербес қарастырыла алмайды. Сондықтан да, қоғамның рухани-құлықтылық әлеуетін арттыру ұстанымын ескере отырып өңделуі керек. Яғни, тұлғаның әлеуметтенуі құқықтық мемлекетті қалыптастыру үдерісімен тығыз байланысты. Сондықтан да, құқыққа сай мінез-құлықты насихаттау дені сау отбасыны, әртүрлі жанұялық, спорттық, іс-шараларды жарнамалаудан басталуы керек. Теледидардан адамдардың құқыққа сай мінез-құлқы, ізгілік жоғары құлықтылық әрекеттері туралы жағымды мәліметтер беріліп, қайырымдылық, әділдік,еңбекқорлық, білімділік, патриотизмді насихаттайтын мемлекеттік тапсырыспен түсірілген жасы толмағандар мен кәмелетке толмағандарға арналған балалар мен жасөспірімдер фильмдері көрсетілуі керек. Белгілі бір уақытта мемлекет бұл сұрақтарға үлкен көңіл бөлді, мысалы Кеңес өкіметі дәуірінде батыр-пионерлердің ерлік істері, А. Барто, С. Маршактың әдеби туындылары мен культке айналған көркем фильмдерді айтсақ болады. Әрине, бұл туындылар насихаттаған идеялар туралы дауласуға болса да, олардың бірнеше ұрпақ бойы адал азаматтарды тәрбиелеуге ат салысқандарын жоққа шығаруға болмайды. Сәйкесінше, қоғамның рухани-құлықтылық әлеуетін арттыру қылмыстылыққа қарсы тұру аясындағы қылмыстық саясаттың стратегиялық бағыты ретінде, жоғары құлықтылық және құқыққа сай мінез-құлықты мадақтаудан тұруы қажет. 2010-2020 жж. арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы осы мақсаттарға жетуді көздей отырып, жаза жүйесін ізгілендіру мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес, балама жаза түрлерін құруға бағытталған. Бұл дұрыс стратегия деп ойлаймыз, себебі, түрме тұлғаның жағымды моральдық қасиеттерін қалыптастыруға оң әсер ететін жақсы орын емес.
Дегенмен де, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру тек құқық бұзушылардың ғана емес, бірінші кезекте бүкіл халықтың қауіпсіздігі мүддесін ескеруі тиіс.
Тактика - қойылған мақсатқа жетудің құралдары мен әдістерінің жиынтығы. Тактика стратегияны жүзеге асырудың құралы бола отырып, стратегияның негізгі мақсатына бағынышты. Стратегия негізгі мақсатқа аралық тактикалық міндеттерді шешу жолымен жетеді. Қылмыстылыққа қарсы тұрудың тактикасы ретінде төмендегілерді көрсетіп кетуімізге болады:
атқарушы, заң шығарушы биліктің және соттың өзара әрекеттерінің үйлескен жүйесін жасап шығару;
азаматтардың қылмыстардан қорғалу жағдайының көрсеткіштері арқылы құқық қорғау органдарының қызметін бағалау жүйесін жасап шығару;
құқықтық акт түрінде Қылмыстық саясат Тұжырымдамасын жасап шығару;
еңбек, тұрғын-жай заңнамаларына өзгерістер енгізу; орташа табыстары бар адамдарға тұрғын-жай алуға мүмкіндік беретін ипотекалық бағдарламаларды жасап шығару;
заң шығарушы деңгейінде азаматтардың құқыққа сай мінез-құлқын мадақтау;
сендіру әдісін қолданатын және қылмыстардың алдын алу аясында жағымды нәтижелері бар мемлекеттік органдарды қаржыландыруды ұлғайту.
Сонымен, қылмыстық саясаттың пәнін қылмыстылыққа қылмыстық-құқықтық әсер етудің стратегиясы мен тактикасын құрайды деп айтуымызға болады.
Қылмыстық саясаттың пәні, мазмұны, әдістері қылмыстық саясат тұжырымдамасында бейнеленуі қажет. Осыған сәйкес, ХІХ ғасырда Ф. Листпен жасалған Марбург бағдарламасы деген атпен әйгілі қылмыстық саясаттың тұжырымдамасы ХХІ ғасырда да өз өзектілігін жойған жоқ [4, 12 б.].
Қылмыстық саясатты қалыптастырушы тұлғалар құқықты реформалау барысында осы идеяларды басшылыққа алулары қажет.
Қылмыстық саясат тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және жалпы танылған халықаралық құқықтың нормаларына негізделген нұсқауларды және біріктірілген ойлардың жиынтығын білдіреді.
Біріншіден, тұжырымдама қылмыстық саясаттың заңдылықтарын сипаттай отырып, тиімді құқықтық тәртіпті және қылмыстылық деңгейін және оның зардаптарын төмендетудегі стратегиялық мақсаттарды белгілейді, екіншіден, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қағидаларына негізделген мақсаттар мен әдістәсілдер арқылы оларға жетудің тиімді жолдарын анықтайды.
Біздің ойымызша, заманауи қылмыстық саясат тұжырымдамасының аса маңызды мақсаты болып, қылмысты тойтару әдістерін және мақсаттарын әзірлеу, сондай-ақ келесілер арқылы бұл мақсаттарға жетудің және жағымды үдерістерін қалыптастыру болып табылады:
қылмыспен күрес аясында жүзеге асырылатын және қылмыстық сот өндірісін оңтайландыруды қамтамасыз ететін жаңадан мемлекеттік заңдарды, Президент жарлықтарын, Үкімет қаулыларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
қылмысқа қарсы тұру міндетін атқаратын мемлекеттік билік органдарының жүйесін жетілдіре отырып, олардың өкілеттіліктері мен құзыреттерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайларын құру, сондай-ақ бұл органдардың қызметінің тиімділігін және олардың қарым-қатынасын қамтамасыз етудегі шарттардың жүйесін қамтамасыз ету;
ғылыми-техникалық құралдарды, қылмысқа қарсы күрес әдістерін және шараларын ьжетілдіру, оларды құқық қорғау органдары қызметіне енгізу;
мемлекеттік билік органдары үшін, сондай-ақ мемлекеттік емес органдар мен халықты қылмысқа қарсы тұруда, қаржылық және материалдық-техникалық базаны құру [5].
Қылмыстық саясатты құруда жоғарыда аталған барлық бағыттар мен әдістер тек құқықтық сипатта болуы тиіс және мемлекеттің тиісті нормативтік құқықтық актілеріне негізделуі қажет. Қылмыстық саясат тұжырымдамасын жасағанда, криминалдық жағдай мен құқық қорғау органдарының қызметін сипаттауға баға беру маңызды орынға ие. Атап айтқанда профессор Н.А. Лопашенко бойынша келесілер бағалануы тиіс:
криминалды жағдайдың (төмендеуі, тұрақтануы, жақсаруы) немесе белгіленген тенденциялардың даму мүмкіншіліктерін көрсететін толықтай қылмыстылықтың немесе оның белгілі бір түрлерінің көрсеткіші;
қазіргі құқық қорғау органдары жұмыс істейтін бағыттардың мүмкіндігі, соның ішінде тиісті деңгейдегі ішкі істер органдары, латенттік деңгеймен, зиянды өтеудің мөлшерімен, ұйымдасқан қылмысты, сыбайлас жемқорлықты, рецидивті, басқа да маңызды қылмыс көрсеткіштерін, сондай-ақ қылмыскерлерді әділ жазалауды қамтамасыз ету деңгейімен және тағы басқаларын тежеумен өлшенетін олардың күштерінің нәтижесі;
криминалды жағдаймен байланысты және оған әсер ететін айғақтар (мысалы, экономикалық жағдай және оның меншікті сипаттамасы: республиканың жекелеген облыстары мен аудандары бойынша, соның ішінде қылмыс жасаған тұлғалардың арасындағы жұмыссыздардың үлесі; әлеуметтік міндеттерді шешу, құқық қорғау қызметін ресурсты қамтамасыз ету деңгейі, ақпараттық, әдістемелік және құзыретіне бұл факторларға жағымды әсер ету кіретін мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен тікелей ұйымдастырушылық қарым-қатынас мүмкіндіктерін пайдалану);
жұмыс істеу ортасының жай-күйі (атап айтқанда, халықтың құқықтық санасының деңгейі, оның құқық қорғау органдарының қызметіне қатысы, қылмыспен күресуді және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың дайындық деңгейін қолдау); қылмыстық саясатты жүзеге асыру субъектілерінің құқықтық санасының және кәсіби шеберлігінің жай-күйі; құқықтық саясат тұжырымдамасында, жоғары мемлекеттік билік органдарының басқа да тұжырымдамалық құжаттарында, сонымен қатар мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі заңнамалар мен нормативтік құқықтық актілерде бекітілген мемлекеттік саяси мақсаттар мен міндеттер [2, 25 б.]. Бұл мән-жайларды қатарлас қойғанда және белгілі бір уақыт аралығындағы қызметтің нәтижесін бағалағанда, құқық қорғау органдарының басшылары қылмыстылықтың дамуын дұрыс бағалап, болашақтағы қызметтеріне негізделген стратегиялық және тактикалық шешімдерді қабылдау мүмкіндігіне ие болады.
Қылмыстық саясаттың тұжырымдамалық жағдайлары туралы сұрақтарды шешкенде, қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасы қылмыстық саясатының тұжырымдамалық күйін жақсартуға бағытталған келешектегі жолдары туралы сұрақтарды айтпай кетуге болмайды. Қазіргі кездегі Тұжырымдама, сөзсіз өтпелі деңгейдегі қылмыстық саясат идеологиясы болып табылатындығын ескергені жөн. Бұл біздің пікіріміз қазақстандық мемлекеттіліктің тарихи даму кезеңіндегі қылмыстылыққа қарсы күресуге бағытталған нәтижелі стратегияларды табуды көздейді.
Алайда бұл стратегия міндетті түрде заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін күшейтумен байланысты болмауы керек. Қылмыстық саясатты күшейту, күрделендіру қылмыстылықтың өсуіне деген табиғи реакция болып көрінеді. Алайда, еуропалық мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, қылмыстылықтың өсуі кезеңіндегі басымдырақ тенденция бұл заңнаманы күшейту емес, керісінше қылмыстық саясатты жеңілдетіп, оны рационалды дамыту болып табылады.

1.2 Қылмыстық саясаттың субъектілері жəне олардың атқаратын қызметтері

Саясат - объективті жəне субъективті себептердің жиынтығынан туатын үрдісті құбылыс. Объективті құбылыстарға - қоршаған ортадағы материалды игіліктер жатса, осы игіліктерге деген адам қажеттілігі мен игіліктер иесі болуға деген ұмтылысы, саяси сипаттағы əрекеттердің туындау негізі объективті жəне субъективті қатынастардың диалектикалық бірлігі мен қарама-қайшылығы саясатты жасаушы тараптардың əрекетіне заңдылық, тарихи негізділік кейде күйзелісті құбылыстар деңгейіндегі мəн сапасын береді.
Субъективті қатынастардың қайнар көзі ретіндегі қатынас қауіпті сипат алатын болса, сонымен бір мезетте қылмыстың субъектісі де күрделі сипатты иеленді жəне онымен жұмыс жүргізудің ерекше əдістерін іске қосудың қажеттілігі де туындады дегенді білдіреді. Адам құқықтарын қамтамасыз ету мен əлеуметтік əділеттілікті қамтамасыз етуге қатысты қылмыстық саясатты қайта бағдарлау қылмыстық құқықтың негізгі сапасын құрайтын қылмыстың субъектісін де теориялық зерттеуді тереңдетуді көздейді деп көрсетеді - профессор С.С. Молдабаев [3, 173-175 б.].
Біздің ойымызша, қылмыстың субъектісі - бұл үлкен əлеуметтік зардаптарға əкелетін күш жəне қауіпті сипаттағы жігерлі актінің қайнар көзі. Қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясаттың негізгі мақсаттарының бірі - қылмыстық құқық бұзушылық субъектісін теориялық талқылау ғана емес, оның əлеуметтік теріс жақтарын толықтай ашу мен оған қарсы күрес шараларын көрсету болып табылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтан сақтандыру - қылмыстық саясаттың құрамдас бөлігі. Ендеше қылмыстық саясаттың түсінігін былай қоя тұрғанда, саясат пен саяси жүйенің түсінігіне қатысты ғылыми тұжырымдарды қалыптастыру ғалымдар назарынан көп жағдайда тыс қалуда. Қазіргі уақыттағы қылмыстық саяси жүйенің түсінігі əлеуметтік құндылықтар мен қоғам қажеттілігінің бірігуінен де бастау алады.
Адамды əлеуметтік құндылықтарды қастерлеуге бейімдеу кезіндегі ең басты қиындық адам ішкі талабының жоқтығынан туындайды. Қылмыстық құқық бұзушылықтан сақтандыру кезіндегі адамның оң белсенділігі ең шешуші фактор ғана емес, əлеуметтік, құқықтық қиындықтарды шешудің негізгі кілті де. Бірақ та көптеген азаматтар қылмысқа қарсы күрестегі өз құқықтары мен міндеттерін толық көлемде білмейді [4, 37-41 б.]. Кемшіліктерді жоюдың құралы болып табылатын мемлекеттік саясат - жалпы сипатқа ие үрдіс болғанымен нағыз саясат салалық саяси əрекеттер мен мүдделер қақтығысында жүзеге асырылады.
Əр саланың реттеу пəні мен өзіндік ерекшеліктері саясатты да жүйелендірудің негізі болып табылады. Осы ерекшеліктер саясаттың төмендегідей түрлерін көрсетеді:
- ішкі, бұл мемлекеттің ішінде, мемлекеттің тиісті құрылымдарының өкілеттіктері шегінде Қазақстан азаматтарының тікелей қатысуымен, солардың заңды құқықтары мен мүдделеріне, əлеуметтік жағдайына қатысты жүретін саясат;
- сыртқы (халықаралық) - халықаралық саладағы мемлекеттің беделі мен абыройын арттыруға негізделген, мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындауға бақылауды жүзеге асыратын жəне тиісті халықаралық шарттар негізінде жүргізілетін саясат (арнаулы субъектісі - Қазақстан Республикасы президенті, Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі т.б );
- экономикалық - экономикалық, яғни, өндірістік тұтыну, ұсыну, базиспен қондырма арасын реттейтін жəне кəсіпкерліктің барлық нысандарын іске асыру саласында туындайтын саясат;
- əскери (қорғаныс) - мемлекеттің сыртқы қауіпсіздігі мен əскери құрылысының бағытын айқындайтын саясат;
- ғылыми - техникалық саясат - ғылым мен техниканың дамуын тікелей қамтамасыз ететін жəне өндірістік тəжірбие мен барлық қоғамдық қатынастарды ғылыми негіздеу саясаты;
- əлеуметтік - əлеуметтік саладағы қатынастар мен əлеуметтік мүдделер қақтығысындағы теңдікті қамтамасыз ететін, жəне осыған тікелей ықпал жүргізетін саясат;
- қылмыстық саясат - мемлекеттегі қылмыспен күрестің негізгі бағыттарын айқындап, онымен күрес жүргізудегі мемлекеттік жəне қоғамдық күштердің ынтымақтастығы мен бірігуін идеологиялық, құқықтық, материалдық тұрғыда қамтамасыз ететін саясат - (бұл саясаттың ерекшелігі əлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі болып табылуында).
Саясаттың түрлері өте көп, саясаттың нысаны қоғамдық қатынастардың бағыты мен мəселенің мəнінен туындайды. Мемлекеттің қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясатын қалай түсінеміз? Бұл тұрғыда авторлар көзқарасы біржақты емес. Біздің ойымызша, мемлекеттің қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясаты - қылмысқа қарсы күресте азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді көздейтін, оларды қылмыстан сақтандыратын, қылмысқа төзбеушілік танытқандарға қатысты көтермелеу шараларын қолданатын мемлекеттің саяси қызметінің бір нысаны. Əлеуметтік, саяси, құқықтық, экономикалық сұрақтардың жиынтығы қылмыстық саясаттың да сұрақтарын туындатады.
Назар аударуға лайықты көзқарастарды көрсете кетсек:
а) Қылмыстылық пен нашақорлық, ұлттық төзбеушіліктің қатал көрінісі, күштеу, пайдақорлық қылмыстардың өрістеуі, өндірістегі апаттардың өсуі міне мұның бəрі - адамдардың мазасыздығын шақырады. Бұл құбылыстармен күрестегі жеңістің кепілі - оларды туындататын себептерді білу: [5, 154 б.].
ə) Бəрінен бұрын, қылмыстылық - қоғамдық организмнің қалыпты қызметін бұзатын адамдардың əлеуметтік мінез-құлқының нысаны жəне əлеуметтік-құқықтық құбылыс [6, 36-40 б.].
б) Қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясат -қылмыстылықпен күрестің негізгі бағыттары, құралдарын, жолдарын көрсететін көзқарастар мен танымды ойлардың жиынтығы ғана емес, қылмыс жасауға бел байлаған адамның əрекетін құқықтық тұрғыда басқару мен бағыт беру. Мемлекеттің заңдары мен талаптарына бағынбаған, қоғамға деген аяушылығы мен ізгілігін жоғалтқан айыпты адамның неғұрлым қауіпті, белсенді, ұзаққа созылған əрекеті едəуір ауыр зардаптарға əкеліп соғуы мүмкін [7, 31-38 б.].
в) Қылмыстық саясаттың мазмұны нақты тарихи жағдай мен қоғамдық дамудың қажеттілігіне тəуелді бола отырып өзгеріске түседі [8, 99-100 б.].
Бұл көзқарастардың əрқайсысы қылмыстық саясаттың түрлі қырларына анықтама беруімен маңызды жəне кейбір кемшін тұстары да бар.
Жоғарыдағы көзқарастарды қылмыстық саясат субьектілерінің қызметініңəлеуметтік-құқықтық мəнін, бұл үрдістегі қоғамдық қатынастардыңмаңыздылығын жеткілікті ашпай жəне қылмыстық саясаттың рухани сипатынтолық көрсетуді қамтамасыз етпегендігі үшін қуаттамаймыз.
Біздің ойымызша, қылмыстық саясат - бұл мемлекеттің құқықтық тұрақтылық пен қылмыстық ахуалды оңтайландыруды қамтамасыз етужолындағы тиісті құбылыстарды бақылау мен басқару арқылы адамдықылмыстан сақтандыру мен қылмыстылықты жоюды жүзеге асыру қызметі.
Бұл қызметін мемлекет - азаматтардың, қоғамдық ұйымдармен қозғалыстардың, мемлекеттік арнайы органдардың қызметін қаржыландыру немесе белгілі-бір əрекетке рұқсат беру жолымен пайдаланады. Қылмыстық саясаттың мəні субьектілердің бір жақты əрекетін танудан жеткіліктіашылмайды. Кеңестік кезеңде берілген қылмыстық саясаттың түсінігінің көп түрлері - қазіргі Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатының негізгі мазмұнын толыққанды құқықтық тұрғыдан ашып бере алмайды. Құқықтықүрдістер де уақытқа тəуелді болғандықтан - қылмыстық саясаттың негізгітіректері: саяси-құқықтық идеология мен заңдық нормалар, саяси- құқықтық қатынастар мен қылмыстық саясат субъектілерінің де құқықтық мəртебесінің жағдайын анықтау мен талқылаудың кезеңі келді.
Кеңірек қарасақ, қылмыстық саясаттың элементтеріне:
- құқықтық идеология мен құқықтық нормалардың қалыптасуы негізіндежүзеге асырылатын құқықтық саяси үдерістің іргетасы іспетті объективті жəнесубъективті факторлардың болуы;
- қылмыстық саясат субъектілерінің əрекетін құқықтық қамтамасыз ететінжəне оған ресми сипат беретін заңдық негіздің болуы;
- қылмыспен күрес жəне қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстықсаясатты жасаушылар мен оны жүзеге асырушылар арасындағы ортақмемлекеттік мүдденің болуы;
- қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясат субъектілерініңмүдделері мен мақсаттарын біріктіретін жəне оны негізгі фактор ретіндеайқындайтын - ортақ əлеуметтік мəннің болуы.
Яғни, осы факторлардың толықтығы мен қылмыстан сақтандыру шараларының дер кезінде орындалуы қылмыстық саясаттың терең түсінігін қалыптастырып қана қоймай, оның нəтижелі болуының да алғышарты болмақ.
Қылмыстық саясат - əлеуметтік қатынастардың саяси мəнге ие болған көрінісі. Сондықтан қылмыстық саясат жүйесінде арнаулы субъектілердің əрекеті мен қызметінің əлеуметтік мəні толымды талқылауды қажет етеді.
Қылмыстық саясаттың əлеуметтік мəні дегеніміз - мемлекет пен қоғамның құқықтары мен міндеттері, мүдделері мен мақсаттары негізінде жүзеге асырылатын қызметтің көпқырлы сипаты. Кез-келген əлеуметтік-құқықтық қатынас қылмыстық саясаттың пəнін құрамайды, егер де құраса - ол қатынастардың негізінде саяси-құқықтық байланыстар жатуы тиіс. Қылмыстық саясат саласындағы қатынастардың құқықтық табиғаты - заң нормаларынан ғана көрініс табады. Кез-келген қылмыстық заң нормасы құқықтық қызмет өрісіне сай, қылмысқа құқықтық баға берумен қатар, қылмыстан сақтандыру міндетін де атқарады.
Қылмыстық саясатты құқықтық реттеу - заң нормасын қолданумен ғана шектелмейді, ол сонымен қатар саяси-құқықтық қатынастар пəнінің шегін белгілеу арқылы жəне құқықтық қатынастардың қозғалтқышы ролін иеленген заң нормасын пайдаланумен байланыстырыла жүргізіледі.
Құқықтық нормалар - саяси-құқықтық қатынастардың сыртқы көрінісін, ішкі ұйымдастырылуын, қатынастардың ресми бекітілуіне жол ашатын тарихи-заңды құрал ғана емес, саяси-құқықтық қатынасқа мəн мен нысан бере отырып, қатынастың барлық түрін реттеудің жалғыз тетігі де. Заң нормасын оңтайландыру жəне оның қатынастарды реттеу кезіндегі ролін дұрыс түсінудің маңызы өте зор.
Мемлекеттік басқару органдарының өкілеттіктерін қайталайтын жəне негізсіз кеңейтетін нормаларды жоюды - нормативті құқықтық базаны жетілдірудің бір шарасы ретінде қарау керек деген көзқарас ұсынған авторларды қолдаймыз [9, 21 б.].
Құқық нормасы - біріншіден, өз кезегінде құқықтық əрекетке əсер етіп қана қоймай, оның əлеуметтік бағытын да белгілейді. Екіншіден, қылмыстық саясаттың маңызды элементі - құқықтық нормалар мен идеялар, көзқарастарды қолдану мен саралаудың кезінде жүзеге асатын - қызмет. Бұл жердегі қызмет - қылмыспен күрес пен одан сақтандырудағы əрекеттің белсенді бағытын көрсетеді.
Қызмет - əлеуметтік топтар мен олардың өкілдерінің өз мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, əлеуметтік белсенді мінез- құлықтың көрінісі жəне оның жүзеге асуы. Қылмыстан сақтандыру кезіндегі қызмет бұл қылмыстық құқықтың қызметі деген сөз. Бұл жерде міндет ұғымы қызмет ұғымының құрамдас бір бөлігі екендігін ескерген жөн.
Қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі - қылмыстан сақтандыру болып табылады. Қылмыстық құқық жалпы жəне арнаулы сақтандыру функцияларын жүзеге асырады жəне қылмыстық саясат əлеуметтік саясаттың бір бөлігі, оның негізгі мазмұны - қылмыстық заңдарды қолданудың міндеттерін, қылмыстан сақтандырудың тиімді жолдарын табу, қылмыспен күресуде заңдылық қағидаларын қатаң сақтау - деп, профессор А.Н. Ағыбаев қылмыстық заңның міндетін дұрыс бағалайды [10, 292 б.]. Қылмыстық саясаттағы қызметтің өзіндік мəні бойынша мынадай ерекшеліктері бар: бұл қызмет қылмыстың алдын-алу мен сақтандырудан туындайтын қоғамдық қатынастар.
Бұл қоғамдық қатынастардың құрамында: конституциялық ққық, қылмыстық құқықтық, əкімшілік, қылмыстық іс жүргізу салаларын қамтитын құқықтық қатынастар кіреді жəне оларға тиісті құқық саласының нормаларымен реттеледі. Қылмыстан сақтандыру - қылмыстық заңның ғана міндеті емес, қылмыстық заң мен қылмыстық құқықтық шаралар қылмыстылыққа əсер етудің сөз жоқ басты құралы бірақ, жалғыз құралы емес жəне бұл жерде қылмыстық заңның ролін жеткіліксіз бағалауға да жол бермеу керек.
Қылмыстық саясаттың басты бағыты ретіндегі қылмыстан сақтандыру қызметі кешенді түрде реттелетін үрдіс. Кешенді реттеуге - қылмыстың жолын кесу үшін барлық əлеуметтік, құқықтық, саяси ресурстарды жұмылдыру жатады.
Бұл жерде қылмыспен күрестің механизімінің қатынастарды реттеу пəрменділігі мемлекеттің құрылымы мен оның даму бағытындағы өзгерістерге ғана емес, қылмыстық ахуалдың өрістеу бағытына да тікелей тəуелді.
Бұл жердегі негізгі мəселе: күрделі жүйеге ие біздің мемлекетіміз тұрақты түрде дамып қана қоймай, азаматтарға өмір сүрудің қолайлы шарттарын да ұсынуда, сонымен бірге, өкінішке орай, қылмыстылық та дамуда [11, 101-102 б.].
Қылмыстық саясаттағы қызмет - материалды жəне процессуалды бағыттағы əрекеттердің жиынтығы ғана емес. Бұл қызметтің негізгі сипаты жоғарыдағы көрсетілген əрекеттердің саяси мақсатты жүзеге асыруға жұмылдырылуында жатыр.
Материалды бағыттағы қызмет қылмыстық заң мен қылмыстық құқықтық шараларды қолдану мен үнемі жетілдіруден тұрады. Бұл қызмет қылмыстық саяси үрдістердің тəжірибесін де қалыптастырады, яғни мемлекеттің құқық қорғау қызметі мен қылмыстық саясаттың тəжірибесі өзектес ұғымдар. Ұғымдар өзектестігі - қылмыспен күрес пен сақтандырудың бағытын айқындап қана қоймай, Қазақстан халқын жеке қылмыстық қол сұғушылықтан, ұйымдасқан қылмыстық топтың шабуылынан қорғаудың да маңызын ашады. Ең бастысы, қоғамды аса алаңдататын қылмыстылықтың түрі қылмысқа қатысушылықпен, оның ішінде ұйымдасқан топпен жасалатын əрекеттердің алдын алу болып табылады. Себебі қылмыстылықтың мұндай түрінде өзге адамдарды да қылмыстық əрекеттерге тарту, жалпы адамдардың санасын қылмыстылықпен улау орын алады [12, 126 б.].
Қылмыстық саясаттың теориялық бағыттағы қызметі - ғылыми доктринальды тұжырымдарды жасау, идеялар мен көзқарастарды қалыптастырудан да тұратын күрделі шаралар кешені. Қылмыстан сақтандырудағы қызмет - ол тек қана қылмыстық саясаттың бір бағыты ғана емес, ол мемлекеттің осы саладағы саяси қызметінің негізгі мазмұнын бейнелеуші қызмет. Өйткені бұл қызметтің тамырында мемлекеттік мүдде мен мемлекеттік талаптардың негізгі өзегі жатыр. Негізі, қылмыстық саясат жəне оның мемлекет саясатындағы рөлі - үлкен тұжырым өзегі.
Саясат - бұл маңызды үдерістерге мемлекеттің қатысуы, яғни бұл үдерістердегі мемлекеттің бағытын, қызметінің мазмұнын, мəнін, мақсатын, нысанын анықтау. Қылмыстың дамуын тежеу құқықтық мемлекеттегі ең басты міндеттің бірі ретінде бақылау қызметін дұрыс жолға қоюмен нəтиже береді.
Қылмыстылыққа қатаң əлеуметтік бақылау қою қажет. Ол тек қана күштеудің əдістері мен тəсілдеріне ғана емес, сонымен қатар, интеллектуалды мүмкіндіктерге де негізделуі керек[13, 141 б.].
Біздің ойымызша, қылмыстылықты бақылау мына бағытта жүруі керек: мемлекеттік шаралар арқылы əлеуметтік бақылау, яғни: құқық қорғау органдарының қылмыстылықтың жайын тиісті міндеттерін жүзеге асыру барысында бақылау; қоғамдық бақылау, яғни: қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, қоғамдық қозғалыстардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өз қызметін атқару барысындағы қылмыстылықтың жағдайына бақылау жасауы.
Парламенттік бақылау, яғни: қылмысқа қарсы күреске қолданылатын тиісті заңдар шығару; (қылмыспен күрестің үдерісі мен негіздерін заңдық базамен қамтамасыз ету). Бұл бақылау түрлері мемлекеттің қылмыстық саясатының жүзеге асыру құралы ғана емес, негізгі нысаны да болып табылады.
Қылмыстық саясат - мемлекеттің қылмыспен күрес жəне оның алдын-алу саласындағы қызметінің нысаны жəне барлық қажетті басым əрекеттерінің жиынтығы деген пікір білдіреміз. Теориялық зерттеу кезінде қылмыстық саясатқа анықтама беруде ғалымдар пікірінің бір бағыттағы тоқайласуын байқамадық.

1.3Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатының негізгі аспектілері

Қазақстан мемлекетінің алдында тұрған маңызды мәселенің бірі - мемлекеттің саяси бағытын қылмысқа қарсы күресте нақты анықтап, жеткілікті нәтижеге қол жеткізу болып отырғандығы белгілі. Егемендік алғаннан соң, тәуелсіз мемлекет талаптарына сай қылмыстық саясаттың басқа түрдегі ұтымды бағыттарын анықтау мемлекеттік дәрежедегі қажеттілік екендігі байқалды. Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа Жолдаулары, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң актілері Қазақстан Республикасын шын мәніндегі адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы мен бүтіндігін қамтамасыз ететін мемлекетке айналдырары сөзсіз.
Қазақстан - жас, қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Республикамыз аяққа тұрып келе жатқан жылдары көп нәрсені бастан өткерді, бірақ соған қарамастан қысқа мерзімде Қазақстан Республикасы дүние жүзінде қарқынды дамып келе жатқан мемлекет екенін көрсете білді. Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз, - деп Қазақстан Республикасының Конституциясының алғашқы бетінде жазылған, яғни Қазақстан халқының дүние жүзіндегі ең үздік мемлекет құру және ең жоғарғы мақсаттарға ұмтылу ұраны деп түсінуге болады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Ата Заңымыздың 1-ші бабында: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Осы бап талаптарын көздей жүргізілген саясат мемлекет басшылығының қылмыстық саясатқа қатысты ұстанып отырған бағытын көрсетеді. Жалпы саясат - мемлекет тағдырын шешуге қатысты саяси сипаттағы әрекеттердің жиынтығы десек, қылмыстық саясат - мемлекеттің азаматтар мен қоғамды қылмысты қол сұғу мен жалпы қылмыстардан қорғау жөніндегі қызметі. Қылмыстық саясаттың мәні мақсаттар мен міндеттерді, қылмыстылықпен күрес жөніндегі құралдар мен әдістерді әзірлеу болып табылады. Осы себепті де қылмыстық cаясат мәселелеріне қатысты ғылыми зерттеулердің өзектілігі - байыпты көзқарас пен терең зерттеуді қажет етеді. Біздің мемлекеттегі қылмыстық саясаттың бағыты ізгілендіру тұрғысынан жүргізілуде. Осындай саясат келесі қағидаттарға негізделеді. Қазақстан Республикасы өз Конституциясына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтарын, олардың заңды мүдделерін басқа да игіліктерін жоғары дәрежеде қорғайтын мемлекет болып табылады.
Қылмыстық саясат - мемлекеттің саяси - әлеуметтік, экономикалық саладағы саясатымен қатар тұратын, мемлекеттің жалпы саясатының бір бөлігі, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттік органдардың қылмыспен және қоғамға қауіпті басқа да әрекеттерге қарсы жүргізілетін жұмысының бағытына жетекші бағыт беретін, заңдардың дәл орындалуына негізделген, өз маңызында әртүрлі қылмыспен күрестің бірыңғай тапсырмасын атқаратын органдардың дифференциалды қызметінің бағытын белгілейтін әрекеттердің жиынтығы. Жоғарыда көрсетілген пікір қылмыстық саясаттың толық түрдегі түсінігін беруге тырысқан. Бірақ, қылмыстық саясатты мемлекеттің басқа саясаттарымен қатар қоюға болмайтындығын, мемлекеттің қылмыстық саясатының әрқашанда басым рөлге ие болу керектігін, қылмыстық саясаттың мықты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы
Қылмыс құқықтың пәні,түсінігі,міндеттері мен принциптері
Қылмыстық құқықтың жүйесi жəне оның мiндеттерi
Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР-ның құқық қорғау органдары
Қылмыстық іс-әрекет пен оның зиянды зардаптары арасындағы себептік байланысты анықтау
Қылмыстық құқыққа қайшылық
Құқық қорғау органдарының түсінігі
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Әкімшілік жазалардың түрлері
Пәндер