Электр энергиясын тұтынушылар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Өндірістік кәсіпорындарды электрмен қамтамасыздандыру.Электр тізбектеріндегі сызықтық өтпелі кезеңдер
Кіріспе.
Негізгі бөлім
І. Электрмен қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы.
1.1. Электрмен қамтамасыздандырудың жолдары.
1.2. Ақпараттандыру және телекоммуникация құралдарын электрмен қамтамасыздандырудың ерекшеліктері.
1.3. Электрмен қамтамасыздандыру жүйелерінің құрамы мен негізгі атқаратын қызметтері.
1.4. Тұрақты тоқ көзін тұтынушылар.
ІІ. Электр тізбектеріндегі сызықтық өтпелі кезеңдер.
2.1. Қазақстан электр энергетикасының дамуы.
2.2. Қосалқы станциялардың орналасуын таңдау.
2.3. Электр өлшеуіш трансформаторларды талдау. Ақпараттарды талдау.
2.4. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ.

Электрмен қамтамасыздандыру жүйесі болып кибернетикалық түрден күрделі өндірістік объектілер және олардың біріккен өндірісті процестерге қатынасатын барлық элементтерді айтады, спецификалық негізгі ерекшеліктері болып жылдамдық құбылысы және бұзылудың авариялық сипаттамасы болып саналады. Сондықтан сенімді және экономикалық функциялардың электрмен қамтамасыздандыру жүйесі тек оларды автоматты басқаруда ғана мүмкін. Бұл мақсатта кешенді автоматты қондырғылар қолданылады, соның ішінде релелік қорғаныс және автоматика жатады. Электроэнергиясын тұтынушының көтерілуі және қиындатылған электрмен қамтамасыздандыру жүйесі бұл - қондырғылардың үнемі жаңарып тұруын талап етеді.
Қазіргі таңда көптеген тұтынушылар электр энергиясын электростанцияның энергетикалық жүйесінен алады.
Барлық пайдалы тұтынылған электр энергиясының негізгі үлесі өнеркәсіптерге 59-62% тиеді. 15-20% астам электрэнергиясы қаланың коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігіне жұмсалады. Ал 16%- жуығы агроөнеркәсіптік кешеннің қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Өнеркәсіптік мекемелердің, көбіне, өзінің аймағында электр станциялары болады. Кейбір өнеркәсіптік мекемелер тек өзінің электр станциясын ғана қоректенеді.
Сол себепті бұл өнеркәсіптік электрмен қамтамасыздандыру жүйесін шешудің үш жолы қарастырылады.
Бірінші шешім - өнеркәсіптік мекемелерді тек энергожүйелі электрстанциялармен қоректендіру керек. Бұл үлкен өнеркәсіптік байланыстар мен қалаларды олардың көбіне біруақытты және үлкен административтік немесе дамыған өнеркәсіптің орталықталынған жүйесін шешу сипаттамасы болып табылады. Бұл жағдайларда сәтті үйлесімдер болып өнеркәсіптік электрмен қамтамасыздандыру және біруақыттағы қуатты жылу энерго орталық немесе қуатты жылулық байланыстың энергожүйесін жылумен қамтамасыздандыру кіреді.
Екінші шешім - өнеркәсіпті мекемелерді энергожүйемен және біруақытта өзінің жеке электрстанцияларымен қоректендіру керек. Бұл жағдайда жылулық энергия өзінің жылу электр орталығы өнеркәсібімен немесе қазандықтарымен жүреді. Өнеркәсіптік мекемелердің өзінің жеке электрстанциясының бөлшекті қоректенуі тұтынушылардың электрмен қамтамасыз етуіне үлкен сенімділігін көрсетеді, ал бұл тұтынушылар өз кезегінде қоректендіруде үзіліске жол бермиді немесе жылу энергегиясы орталығы өнеркәсіптік мекемелердің экономикалық жүйелі жұмыс режимін қамтамасыз етеді. Соңғысы үлкен өнеркәсіптік мекемелерден орын алады. Жеке электрстанциялардың пайда болуы тек жылу энергиясын тұтынумен түсіндірілмейді. Бірқатар өнеркәсіптік мекемелер өнеркәсіптік және ауыз сумен жабдықталуымен қажет етіледі, яғни сумен тек өнеркәсіптік мекемелердің технологиялық процесстері ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіпке жақын орналасқан ауылдар немесе қалалар сумен қамтылуы тиіс.
Үшінші шешім - өнеркәсіптік мекемелердің тек өзінің өндірістік-қалалық мәні бар жеке электростанцияларынан қоректену.
Мұндай шешім, егер өнеркәсіптік мекемелердің құрылысы жырақтағы және қолжетімсіз аймақтарда салынғанда туындайды. Бұл жағдайда өнеркәсіптік мекеме электрэнергия қаласы немесе өнеркәсіптік мекемесін қамтамасыз ететін жылу электр орталық ретінде құрылады.
Республикадағы өнеркәсіптің дамуы осы үш шешімнің біріккен жүйелі шешімінің дамуына алып келеді. Бұл жағдайда өнеркәсіптік электрмен қамту толыққанды кешенді құрайды, өзіне тазарту құрылысын кірістіреді. Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін режим құрылады.
Жоғарыда көрсетілген шешімдерге сәйкес электрэнергиямен жанармайды рациональды пайдалануы туралы тапсырма тұрды, ал бұлардың қоры біздің ғаламшарымызда бейберекет таралмайды. Қазіргі таңда маңызды мәселе болып өнеркәсіптік емес электрэнергиямен жанармай шығынымен күресу туралы сұрақ туындайды.
Өкінішке орай кернеудің ұзақ уақыт шегерілуі, өнеркәсіптік мекемелердің өнімдерін шығаруға кедергі жасайды, бұл ГОСТ норм-ға сәйкес қойылған кернеудің ауытқуында да өзгеруге әкелетінін көбі біле бермейді. Кернеудің төмендеуі 15-20% және одан да көп болса, өнеркәсіптік өндірістік мекемелер катастрофияға ұшырайды, және кейбір уақыт аралығында мекеме сапасыз өнім шығарады. Кернеудің ауытқуынан туындайтын шығынды мекемелер ауыр көтереді. Электр энергиясын тұтыну шамадан тыс көтерілсе, өндірістік және қалалық электрмен қамтамасыз етудегі тарату желілілеріндегі кернеуді көбейту қажет. Ал ол тұтынушыларға электрэнергиясын рациональды жеткізумен есептелінеді. Бірақ кернеудің ауытқуы сақталынады немесе қабылданған шешімге аз бағынады және электрэнергиясын тұтынудың көбеюімен байланысады.
Бұл шешімдерді шешу үшін жобалық және эксплуатациондық мекемелер келесідей құралдарды қолданады. Бірінші - тарамдалынған фазалар, әсіресе кабельді желілерде, сонымен қатар трансформаторларда тарату жүйелеріндегі желілердің қимасының өсуіне әкеледі. Соңғы құрал кабельді заводтарда ұлғайтуды талап етуіне байланысты болады. Екінші қондырғыны қою, өндірістік аймақтардағы қоректенетін торапты трансформаторлардың кернеуін реттеуі керек.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
І. Электрмен қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы.
1.1. Электрмен қамтамасыздандырудың жолдары.
Электрмен қамтамасыз ету - тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету.
Электр қондырғысы дегеніміз - электр энергиясын өндіру, түрлендіру, трансформациялау, тарату үшін арналған және оны энергияның басқа түріне түрлендіретін, машиналар, аппараттар, сымдар және көмекші қондырғылардың жиынтығын айтамыз.
Электр энергиясын тұтынушы дегеніміз- белгілі бір аймақта орналасқан және технологиялық процесспен біріктірілген, электр қабылдағыш немесе электр қабылдағыштар тобы. Электр энергиясын қабылдағыш - бұл электр энергиясын, энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған аппарат.
1-кестеде қоректі тұтынушылар тізімі көрсетілген. А,В,С топтары сенімділікке сұраныстың төмендеуіне қарай орналасқан.

Тұтынушылардың тізімі
Электр энергиясын тұтынушылар
Электмен қамтамасыз етуді үзуге рұқсат етілуі
А
Ақпаратты есептеу жүйелері
Телекоммуникационды жүйелер
АТС
Өрттен қорғау жүйесінің сигнализациясы
Видеобақылау жүйесі
Диспетчерлік басқару жүйесі

Рұқсат етілмейді
В
Өртке қарсы желдегіштер
Өртке қарсы қажет лифтілер
Асхананы суыту камерасы
Сигналды сәулелер

Қосымша қорек көзіне өткенде рұқсат
С
А және В топтарына кірмеген басқа да технологиялық және инженерлік жүйелер
Ахаулықты жөндеген кезде рұқсат

А,В,С топтарының электрмен қамтамасыз ету сұлбалары айтылған топтардың электрмен қамтамасыз етуге деген сенімділік дәрежесімен анықталады. А тобының электрмен қамтамасыз етілуіне сенімділіктің 1-ші категориясы қажет етіледі және электрмен қамтамасыз ету, өзара қорек көздерін байланыстыратын, үш тәуелсіз қорек көзімен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, қосымша қорек көзіне ауысатын кезде электрмен қамтамасыз етудің қысқа уақыттық үзулеріне кедергі келтіруіне қарсы қосымша шаралар қабылдануы тиіс. В тобын электрмен қамтамасыз ету екі қорек көзінен орындалады, бірақ қосымша қорек көзіне ауысу кезіндегі үзуді болдырмау шараларын қолданудың қажеті жоқ. С тобын электрмен қамтамасыз ету екі тәуелсіз қорек көзімен қамтамасыз еткен жөн, бірақ та бір көзге қосса да болады. Үшінші тәуелсіз қорек көзі ретінде жергілікті электрстанциялар, энергожүйелердің электрстанциялары (генераторлы кернеудің шиналары), арнайы агрегаттар-үздіксіз қорек көздері аккумуляторлық батареяларды қолдануға болады. Төменде қарастырылатын топтарда дизель-генераторлық құрылғы және үздіксіз қорек көздері үшінші қорек көзі болып табылады. Барлық тұтынушылар бір ғимаратта орналасқан, А тобы тәуелсіз қорек көздері санына сенімділік деңгейімен анықталады. Бұл А тобының электрмен қамтамасыз етілуі 2 сыртқы тәуелсіз қорек көздеріне қосылғанда, С тобының электрмен қамтамасыз етілуі де сол 2 қорек көзіне байланысты, ал В тобының электремн қамтамасыз етілуі 3 тәуелсіз қорек көзінен болады.
Энерго жүйенің объектісі ретінде қосымша қорек көздерін таңдау кезінде және автоматика энергожүйесінің электрлік бөлігінде уақытша кернеу көзі азайып немесе тіпті жоғалып кету мүмкіншілігіне қарау керек. Дизель-генераторлы құрылғыны қолдану осы сәттерді қадағалауға мүмкіндік береді.
Электр станциялардан шығатын барлық электр энергиясы әуе және кабельді желілері арқылы подстанцияларға жіберіледі.
Электр энергиясын шығарудың өсуі оның таратылуы мен жіберілуін жетілдіруді талап етеді. Электр энергиясын таратуда ауылдық электр желілері үлкен рөл атқарады. Жыл сайын ауылдық электр желілерінің халық шаруашылығына деген маңызы артуда және оларға тұтынушыларға тиімді де үзіліссіз электр энергиясымен қамтамасыз ету талап етіледі. Ауыл тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз етуде кезіндегі үзіліс кәсіпорынның қызметінің тоқтоуына, өнімнің тиісті дәрежеде өндірілмеуіне, кей жағдайда жабдықтардың бүлінуіне әкеп соғады, ал ол мемлекетке үлкен шығын келтіреді.
Сондықтан ауылдық электр желілерін өндіріс және тұрғын үй тұтынушыларына үзіліссіз электр энергиясымен қамтамасыз етуді ескере отырып жасайды. Бұған тұтынушыларды электр энергиясымен резервті жүйесі және автоматика мен телемеханикалық құрылғыларды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады.
Электр энергиясы энергияның әлдеқайда әмбебап түрі болып табылады. Ол өте қарапайым және үнемді, энергияның басқа түрлеріне ауыса алады - жылу, механикалық, жарықтық және т.б. электр энергиясы автоматика, электроника және т.б. құрылғыларда өзінің маңызы қолданыс табады, оларсыз қазіргі кездегі аппараттар мен техникалық құрылыстарды елестету қиын. Сондықтан қазір электр энергиялары елдің халық шаруашылығында барлық салада кеңінен қолданылады. Электр желілері электр энергиясын электр станциясынан жіберіп таратумен айналысады. Шығарылатын барлық электр энергиясы дерлік өз қабылдаушыларына электр желілері арқылы түсіп отырады. Мұнда электр энергиясы өте үлкен қашықтыққа жеткізілді мүмкін - ондаған, жүздеген, мыңдаған километрлерге және бірнеше рет ауысып, сандық сапалық жағынан өзгеруі мүмкін. Электр желілері желілер мен трансформаторлардан тұрады. Трансформаторлар - берілетін электр энергиясы параметрлерін өзгерту үшін қызмет атқарады, ток пен кернеуден тұрады. Трансформаторлар подстанцияларда коммутациялық аппаратурамен бірге орнатылады -- өшіру және бөлу құрылғылары және т.б. олар арқылы желі элементтерін сөндіру жүзеге асырылады. Жергілікті жағдайларға байланысты кернеу мен токтың маңызы жеткілікті түрде кеңінен өзгереді. Аварияға қарсы автоматика құрылғысы ток пен кернеу параметрлеріндегі өзгерістерді тексереді және бүлінген учаскелерді дараландыру жұмыстарын жүргізеді. Аталған қорғауыш және автоматика құрылғыларына белгілі бір талаптар қойылады. Тиісті талаптарды режимді жүргізу үшін - режим автоматикаға қойылады. Олар электр энергиясының қажетті сапасын бақылайды және электр станциялары арасында тиімді таратуды жүргізеді, электр желілерінің анағұрлым үнемді жұмыс режимін қамтамасыз етеді.

1.2. Ақпараттандыру және телекоммуникация құралдарын электрмен қамтамасыздандырудың ерекшеліктері.
Электр энергиясының сапасы электр қабылдағыштың тиімділігіне және жұмыс істеу қабілетіне тигізетін әсері мол. Инфокоммуникационды жүйелерде қолданылатын ЭС-ті кондуктивті бөгеулердің қондырғыға әсері ретінде қарастырады. Бұл жағдайда бөгеуліктердегі дәрежесі стандарт бойынша орнатылған нормалардан аспайды, ал қондырғы дұрыс жұмыс істейді және инфокоммуникационды жүйелерде бұзылулар (тоқтау, тиімділіктің төмендеуі) болмайды.
Жалпы міндетті электрмен қамтамасыз ету жүйесі - әртүрлі тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуге арналған, электр қондырғылары мен электр қондырғылар жиынтығы. Нүктелердегі 50 Гц жиілікті бірфазалы және үшфазалы айнымалы ток жалпы міндетті электрмен қамтамасыз ету жүйесі. Электр желісіндегі электр энергиясының сапа нормалары мен көрсеткіштері стандартты болады.
ЭС нормалары - берілген стандарт бойынша орнатылатын электр энергия сапасының көрсеткіштері - жалпы міндетті электрмен қамтамасыз ету жүйелеріндегі кондуктивті электромагнитті бөгеуліктеріне электромагнитті сәйкестік дәрежесімен шектелінеді. Осы нормаларды сақтауда жалпы міндетті электрмен қамтамасыз ету жүйесі, электр энергиясын тұтынушының электр желілерін пайдаланудағы сәйкестігі қамтамасыз етіледі. Электр желілерін қондыруда жұмыстардың тоқтап қалуы кездеспейтін болады.
Бұл нормалар ЭС-мен қамтамасыз етудің техникалық шараларын таңдау үшін керек электрмен қамтамасыз ету жүйелерін жобалау кезінде қолданылады.
Электр энергиясын тұтынушылардың өз меншігіндегі электр желілеріндегі электр энергиясының сапасы, сала стандартты және басқа нормативті құжаттармен бекітілген. Сала стандарттары болмаған жағдайда электр энергиясын тұтынушыларға жалпыға бірдей стандарт қолданылады.
Электр энергиясы сапасының негізгі көрсеткіштеріне келесі параметрлер жатады.
Кернеудің ауытқуы орнатылған жағдайда ол кернеудің ауытқу көрсеткішімен анықталады. Норма бойынша рұқсат етілген және шекті рұқсат етілген кернеуі анықталған. Олар 5 немесе 10% электр желісінің номиналды кернеуіне байланысты болады.
Кернеудің таралуы:
Кернеудің таралуы келесі өлшемдермен сипатталады:
- кернеудің өзгеру мүмкіншілігімен ;
- фликкер мөлшерімен - адамның берілген уақыт аралығындағы фликкерді қабылдау өлшемі. Фликкер - кернеудің таралуына байланысты туындаған, жасанды жарық берудің жарық ағынының таралуын адамның қабылдауы.
Кернеу өзгеруінің шекті рұқсат етілген мәні жиіліктің қайталануына күрделі функционалды түрде тәуелді. Инфокоммуникационды жүйелер үшін кернеудің таралуы маңызды, себебі дәл солар қондырғыға әсер етеді. Фликкер мөлшері кернеудің таралуына тәуелсіз айнымалы шама. Орнықталған кернеудің ауытқуы және кернеудің өзгеруінің мүмкін болатын шекті мәні, электр желісіне қосылған нүктедегі кернеулер 0.38 кВ номиналдан кернеуден 10%-ке тең.
- Топтық желіден.
Қалыпты режимде ОЭЖ барлық электр қабылдағыштарды сыртқы қорек көздері арқылы электрмен қамтамасыздандырады. Ал басқа режимде оның екі жағдайы болуы мүмкін:
Электрмен қамтамасыздандыруда екі тәуелсіз қосымша көздері болған кезде қоректендіру жұмыс істеп тұрған көзден жүргізіледі. Егер жүйе екі қорек көздерінен де айырылатын болса, онда С тобының тұтынушылары қоректендіріледі, ал А және В топтарының тұтынушылары қоректі КЭЖ - ден қабылдайды.
Егер жүйеде сыртқы электрмен қамтамасыздандырудың тек бір ғана көзі бар болса, сыртқы электрмен қамтамасыздандыруды өшіретін кез - келген бұзылулар С тобының тұтынушыларын қамтамасыздандырады және А мен В топтарының қоректенуін КЭЖ - не ауыстырады.
Әрине, ақпараттық және телекоммуникационды жүйенің электр қабылдағыштарын электрмен қамтамасыздандыру олардың қоректенуші жүйесі - ҮЭҚЖ - мен жүргізіледі. Дегенмен, ҮҚК- нің аккумуляторларының сиымдылығы шектеусіз, және автономды электрмен қамтамасыздандыру уақытын ұлғайту үшін КЭЖ құрамында дизельді генератор құрылғылары қолданылады. Негізгі электрмен қамтамасыздандыру көзі ОЭЖ болып табылады.



1.3. Электрмен қамтамасыздандыру жүйелерінің құрамы мен негізгі атқаратын қызметтері.
Электрмен үздіксіз қамтамасыздандыру жүйесі (ЭҮҚЖ) - электр қабылдағыштарды электрмен қамтамасыздандырудың ең сенімді, әрі ең сапалы түрі. Бұл тұста қоректендіруді қажетсінетін қабылдағыштар да бар. Сонымен қатар оларға файлсерверлер, көптеген байланыс және телекоммуникация құралдары мен қорғаныс жүйелері жатады. Бұл жүйелер аз және орташа қуатты локальді үздіксіз қоректендіру көздер, аккумуляторлы қоректену блоктары, буферлі аккумуляторлы батареялар арқылы электермен үздіксіз қамтамасыздандырылады. Қазіргі кезде екі жағынан қоректендіретін қондырғылар жасалынуда. Олардың құрылысы әртүрлі қоректендіру көздеріне қосылған, екі қоректену блоктарынан тұрады. Электрмен қамтамасыздандыру жүйесіне қатысты мұндай қосымша қоректендіру технологиялыққа жатады және ЭҮҚЖ-ның принципиалды сұлбасына әсер етпейді.
ЭҮҚЖ - негізгі көздерден электрмен қамтамасыздандырылмаған жағдайда қабылдағышты автономды түрде электрмен қамтамасыздандыруға арналған электр қондырғысы. ЭҮҚЖ-ның автономды жұмыс уақыты инфакоммуникациондық жүйе жұмысының аяқталуы есебінен алынады. Ол кезде ақпарат шығынсыз болады, әрі қондырғының істен шығу қаупі төмен болады. Автономды жұмыстың минималды уақыты қашан да қосымша электрмен қамтамасыздандыру көздерін іске қосуға жеткілікті болады, мәселен ДГҚ (дизельді генератор құрылғылары).
ЭҮҚЖ-ның негізін құрайтын үздіксіз қорек көздері төменде қарастырылған. ҮҚК түрлі схемотехникалық база, қуат, конструкцияға ие бола тұрып, қосымша қоректендірудің фуекционалдық мүмкіндіктерін бойын жинаған, ҮҚК типтерінің бір тобы қалыпты режимде электр қабылдағыштың кірісін КЭ-мен қамтамасыз ете алады. Сыртқы электрмен қамсыздандыру жүйесінің қалыпты режимдегі жұмысында ҰҚК-нің қайта жауап беру реакциясын тудыратын электрэнергия сапасының көрсеткіштері ауытқуы мүмкін. Бұған автономды режимнің батареяға ауысуы да жатады. Негізінен бұл кернеу ауытқуы U болып келеді. ҮҚК кірісіндегі кернеудің ауытқу мәні стандартқа сай жіберілетін U өзгерісі кезінде автономды режимге өтіп кетуін тудырмауы қажет. Тәжірибелер көрсеткендей, +-15% диапазонында жатқан кіріс кернеуінің мәні (кіріс қақпа) автономды режимге кірмей-ақ жұмыс істеу шарттарын қанағаттандырады. Қалған жағынан ҰҚК электр энергия сапасы көрсеткіштерінің ауытқуына айтарлықтай төзімді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр энергетикасы отын-энергетикалық кешеннің маңызды элементі
Энергиямен жабдықтау шарты, нысаны
Электр энергиясының көтерме сауда нарығы
Жатақхананы электрмен жабдықтау
Тұтынушылардың жүктемесі
Электрмен қамтамасыз етудің сапасы
Кәсіпорынның баға және тарифтеу саясаты: қиыншылықтары мен оны қазіргі талаптарға сай жақсарту жолдарын теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу
АлматыЭнергоСбыт компаниясының маркетингтік ортасы
Энергиямен жабдықтау шартының нысаны
Энергиямен жабдықтау түрлері
Пәндер