Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Н.5 - 28
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
География және химия кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

КЖ.5В011600.____. .__.КЖ

Пән________________________________ ______________
Тақырыбы___________________________ ____________________
___________________________________ _______________________

_________________
(баға)

Жетекші_______________
(аты-жөні) ______________________________
(қызметі, ғылыми дәрежесі)

______________________
(қолы) (күні)
Тобы_________________

Студент______________
___________________ (қолы) (күні)

2019 жыл
Мазмұны

Кіріспе
3
1
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
6
1.1
Ашылу және зерттелу тарихы
6
1.2
Солтүстік Америкамен Еуразияның климаты және ішкі сулары
7
1.3
Солтүстік Америка табиғатының қалыптасу кезеңдері
10
2
Солтүстік Америка мен Еуразияның табиғатының салыстырмалы сипаттамасы

15
2.1
Табиғат зоналары
15
2.2
Солтүстік Америка мен Еуразияның ұқсастықтары мен айырмашылықтары

17
2.3
Флорасы мен Фаунасының салыстырмалы сипаттамасы
19

Қорытынды
25

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
26

Кіріспе

Солтүстік және Оңтүстік Американың жақын жатқан аралдарымен косып негізінен бір дүние бөлігіне біріктіреді. Дегенмен де екі құрлықтың табиғат жағдайлары бір-біріне ұқсамайды, ол олардың географиялық орны мен табиғатының даму тарихына байланысты.
Солтүстік Америка жер көлемі жөнінсн жер шарындағы үшінщі құрлық, аумағы түгелдей дерлік солтүстік шарда поляр ендіктерінен бастап экваторға дейінгі аралықты алып жатыр. Құрлықтың жалпы көлемі аралдарын қоса есептегенде 24250 км2.
Құрлық аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай орта есеппен 7000 км созылып, жағалауында аралдар мен архипелагтар орналасқан. Солтүстігінде әлемдегі үлкен арал Гренландия мен Канада Арктикалық архипелагы. Шығысында Ньюфауленд аралы, оңтүстік-шығысында Үлкен және кіші Антиль мен Багам аралдары орналасқан. Сондай-ақ құрлықтың солтүстік батысы мен батысында да көптеген аралдар бар. Олар: Амут, Королева Шарлотта, Ванкувер, Кадьяк, Алсксандр архипелагы.
Құрлық аумағы әсіресе 30 және 70° солтүстік ендіктер аралығында көлемді болып келеді. Солтүстік жоне оңтүстік бөліктері көп тілімделгсн. Мысалы, Гудзон, Мексика шығанақтары, Лабрадор, Флорида, Мексика және Юкатан түбектері. Құрлықтың негізгі орографиялық элементтері меридиан бойы бағытта созылып жатыр. Батыста Аляскадан орталық Америкаға дейін 7000 км қашықтықта Тынық мұхит жағалауы бойымен Кордильер тау жүйссі созылып жатса, шығыста Аппалач тау жүйесі орналасқан. Аталған екі тау жүйесінің аралығында Солтүстік Мұзды мұхиттан Мексика шығанағына дейін жазық алап созылып жатыр.
Тау жоталарының бойлық бағытта созыла орналасуы ауаның аталған бағытта ауысуын қамтамасыз етеді, мұхиттардың ықпалын шектейді. Аталған фактор құрлық табиғатына қалыптасуға зор ықпал етеді. Солтүстік Америка материгінің жағаларын үш мұхит: Атлант, Солтүстік мұзды және Тынық мұхит сулары шайып жатыр. Құрлықтың солтүстік, шығыс және оңтүстік жағалаулары күшті тілімделген. Ал батыс жағалауы аз тілімделген.
Құрлықтың шығыс жағалауын шайып жатқан Атлант мұхиты бірнеше теңіздер мен шығанақтардан тұрады. Олардың кейбіреуі құрлық жағалауларындағы қайраңдарда кең көлемді жерді алып жатса, басқа біреулері құрлыққа енген тереңдей түсіп, шұңғыма болып табылады. Құрлық жағалауларындағы құрлықтық қайраң Флорида түбегі мен Баффин жері аралығында кең көлемді алып жатыр. Гудзон және Әулие Лаврентий шығанақтары түгелдей дерлік құрлықтық қайраңда орналасқан. Құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауындағы суы терең екі бассейн Мексика шығанағы мен Кариб теңізі жатыр. Кариб теңізінде Атлант мұхитының ең терең жері Пуэрто-Рико шұңғымасы (9218 м) орналасқан.
Құрлықтың Тынық мұхит жағалауы аз тілімделген. Батысының солтүстік бөлігі көп тілімденген. Тынық мұхиты жағалауындағы құрлықтық қайраң алабы енсіз шағын болып, ал кейбір жерлерде ондай қайраңдар жоқтың қасы.
Құрлықтық қайраң солтүстікке қарай кеңейеді. Солтүстік Америка материгінің оңтүстік шыгыс жағалауында дүние жүзіндегі ірі жылы ағыстар жүйесі пайда болады. Солтүстік тармағы Кариб көлі мсн Юкатан бұғазы арқылы Мексика шығанағынан өтеді де, шығанақ су деңгейін едәуір көтереді. Мексика шығанағынан шықкан ағыс Гольфстрим деген атпен Флорида бұғазы арқылы мұхитқа шығады. Гольфстрим жердің өз білігінен айналу ықпалынан шығысқа қарай бұрылады да, солтүстік Атлант ағысы деген атпен Еуропа жағалауларына дейін барады. Гольфстрим жылы ағысының құрлық климатын қалыптастырудагы ролі зор. Құрлықтың құрлыққа терең еніп жатқан қойнауларының (әсіресе, Атлантика жағалауында) судың күшті толысуы байқалады. Мысалы: Фанди шығанағындағы су толысуының биіктігі жер бетіндегі ең жоғары деңгейге (18 м) жетеді.
Жұмыстың өзектілігі - Солтүстік Американың физикалық - географиялық аудандары мен ішкі суларын қарастыруда, оның өзіндік белгілерін анықтауда және ұқсастықтары мен ерекшеліктерін талдауда.
Жұмыстың мақсаты - Солтүстік Америка мен Еуразияның жалпы сипаттама жасау және оның зерттелу тарихын қарастыра отырып, ішкі сулары мен физикалық - географиялық аудандарының табиғат жағдайларының салыстырмалы сипаттамасын жасау.
Солтүстік Америка - өзіміз тұратын Еуразиямен бірге солтүстік жарты шарда орналасқан материк. Үлкендігі жөнінен Еразиядан мен Африкадан кейінгі екінші орынды алады, жерінің ауданы 24,2 млн, км².
Табиғатының мынадай басты ерекшеліктері бар:
- дүние жүзіндегі аса ұзын, әрі енді тау жүйесі - Кордильера, оның ұзындығы 9000км - ге жуық, ең енді бөлігі 1600 км - ге тең.
- дүние жүзіндегі ең үлкен, әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600 м, ұзындығы 446 км, ені 25км - ге дейін жетеді;
- дүние жүзіндегіең ұзын жер асты үңгірі - Флинт - Мамонт Аппалач тауының оңтүстік шығысында орналасқан, оның ұзындығы 500 км;
- дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы - Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, оның ұзындығы 500 км;
- дүние жүзіндегі ең биік ағаш - биіктігі 100 м - ден асатын мәңгі жасыл секвойя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі;
- материктегі ең ыстық жер - Өлім аңғары ( +57 °C), бұл - солтүстік жарты шар материктерінде байқалатын ең жоғары температура.
- Солтүстік Америкадағы ең суық жер - Гренландия аралының орталығы, мұнда - 70°C тіркелген.
- Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі - Өлім аңғары, ол теңіз деңгеййінен 86 м төмен жатыр.

І Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны

1.1 Ашылу және зерттелу тарихы

Солтүстік Америка материгі Солтүстік жарты шарда арктикалық белдеудугі аралдардан субэкваторлық белдеуге дейін созылады. Солтүстік Американың ең енді бөліктері Еуразиядағы тәрізді қоңыржай және субтропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Материк оңтүстігінде сүйірленіп, Панама мойнағы арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады. Бұл екеуі батыс жарты шарда орналасқан Америка дүние бөлігін құрайды. Мексика таулы қыратының солтүстігі мен Оңтүстік Америкаға дейінгі аралықты Орталық Америка деп те атайды. ХХ ғасырдың басында Панама мойнағы арқылы материктің батысы мен шығысындағы Тынық мұхит пен Атлант мұхитын жалғастырып тұратын Панама каналы салынған.
Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп жатқан Беринг бұғазы екі материктің солтүстігіндегі Солтүстік Мұзды мұхит суларын Тынық мұхитымен жалғастырады.Солтүсті жарты шар материктерінде мұз басу кезеңінде Еуразия мен Солтүстік Америка Беринг бұғазы орнында болған құрлық арқылы жалғасып жатқан. Бұл құрлықтық көпір арқылы материктер арасында өсімдіктер мен жануарлардың алмасуы жүрген, адамдардың да осы жолмен азиядан Америкаға қонымтанғаны ми белгілі.
Солтүстік Америка жағалаулары солтүстігі мен шығысында күшті тілімденген. Материктің солтүстік жағалары жаппай мұз басу кезеңінде күшті тілімденуге ұшырады, қазірдің өзіеде солтүтікткгі аралдар мен түбеатердің көпшілік бөлігін қалың мұз құрсап жатыр.
Солтүстік Америка табиғатының жалпы белгілері Еуразияға ұқсас болғанымен, географиялық орны мен жерінің аумағы жер бедердегі айырмашылықтарға байланысты табиғат кешендері өзіндік ерекшеліетерімен сипатталады.
Материктің ашылу және зерттелу тарихы. 1492 жылы Х. Колумб бастаған Испан экспедициясының материктік оңтүстік жағалауын ашқан. Х ғасырдың аяғында Исландия жағалауы арқылы Гренландия жағалауына жеткен нормандар солтүстіктің қатаң климат жағдайында бірнеше жүз жыл бойы аралдың оңтүстігі мен оңтүстің шығыс жағалауында тұрған. Кейінірек олар Лабрадор түбегінің солтүстік шығыс жағалауына дейін жеткен. Кейіннен ХV ғасырдың аяғында ағылшын қызметіндегі итальяндық Джон Кабот Ньюфаундленд аралы мен Лабрадор түбнгі жағалауын ашты. Ал 1519 жылы Эрнанд Кортес бастаған испандардың жорығы ацтектер мемелекеті орналасқан қазіргі Мексика елін басып алумен аяқталды. Ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон, Александр Макензи материктің солтүстік және шығыс жағалауында көптеген жаңа жерлерді ашты. Материкте бұл саяхатшылардың құрметіне қойылған жер - су атаулары баршылық.

Солтүстік Американың Ресей шекараларына көршілес орналасқан Аляска жерін ашу мен оны зерттеп игеруде орыс саяхатшылары зор үлес қосты. 1741 жылы Витус Беринг пен Алексей Широков екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлай жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді. 1778 жылы ағылшын Джеймс Кук Солтүстік Американың батыс жағалауы мен жоғары ендікке дейін зерттеу жұмыстарын жүргізіп Нортон шығанағын зерттеді.
ХХ ғасырдың басында норвег поляр зертеуші Руаль Амудсен алғаш рет материктің солтүстік жағалауымен жүзіп өтіп, жердің солтүстік магниттік поюсінің орнын анықтады. Қазіргі кезде материк табиғатын зерттеумен табиғат байлықтарын игеруде ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын пайдаланылуда. Бұл зерттеулер осында орналасқан Ақш пен Канада сияқты күшті дамыған мемлекеттер қатысу арқылы жүргізіледі.
Европа климаты алуан түрлі. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттың барлық белгілері байқалады. Европа солтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін кесіп өтеді тіпті оңтүстік-шығысындағы аралдар оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуін алып жатыр. Материкте климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес, батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түсіндіріледі.
Материктің географиялық орнына, әр түрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі поляр шеңберінен солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе, оңтүстікке қарай оның мөлшері артады. Сондықтан материктің солтүстік-шығысында қыс қаталдығымен ерекшеленіп, оңда солтүстік жарты шардың суықтық полюсі орнайды, ал оңтүстігінде қыс мүлде болмайды. Жазда Европаның қиыр солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып, ауа температурасы едәуір жоғары болады.

1.2 Солтүстік Америкамен Еуразияның климаты және ішкі сулары

Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда Еуразиямен қатар орналасқандықтан, климаттық жағдайлары құсас болып келеді. Материк солтүстік жарты шардағы экваторлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді кесіп өтеді.
Материк ауданының Еуразияға қарағанда шағын болуы;
- солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасуы;
- оңтүстігіне қарай сүйірленуі;
- батысы биік таулы, ал шығысының аласа болуы;
- ендік бағыттағы таулардың болмауы − міне осының бәрі климаттың өзіндік ерекшеліетерін қалыптастырады.
Материктің солтүстігіндегі мәңгі мұз құрсап, қар жамылғысы қалың жататын аудандарда күн сәулесінің кері шағылысуы күшейеді. Сондықтан ауа температурасы төмен болады, осында қалыптасқан суық ауа массалары еш кедергісіз ңтүстігіндегі Мексика шығанағына дейін өтіп кетеді. Осының нәтижесінде субтропиктік белдеуде де қар жауады.

Солтүстік Американың шығысындағы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды ауа массалары Арктикадан келетін суық ауа массаларының әсерін шектеп отырады. Материктің батысында орналасқан Кордильераның биік жоталары Тынық мұхиттан келетін ауа массаларының құрлыққа тереңдеп енуіне кедергі келтіреді. Сондықтан оңтүстікте Мексика шығанағы үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массалары солтүстікке қарай емін − еркін өте алады.
Осы ауа массалары арасындағы температура мен қысымның үлкен айырмашылықтары материктің орталық бөлігіндегі жазықтарда өте құбылмалы ауа райын қалыптастырады. Сондықтан күшті желдер мен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар − торнадо жиі байқалады. Жылдамдығы сағатына 800 км − ге жететін кенеттен пайда болатын торнадо көп апат әкеледі: жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырына қопарып, үйлерді қиратып, ірі заттарды да көтеріп әкетеді. Орталық жазықта аңызақтар мен құрғақшылық, топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкететін шаңды дауылдар жиі байқалады. Ал Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан соғатын өте күшті, апатты дауылдар − долы (ураган) жиі болып тұрады. Ураган майя тілінде дауыл құдайы деген мағынаны білдіреді.
Солтүстік Америка материгі мол сулы өзендерге, тұщы сулы терең көлдерге бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америка мен Еуразиядан кейін үшінші орынды алады. Сонымен қатар биік таулы мұздықтар мен материктің солтүстігін алып жатқан қалың мұз жамылғылары және жер асты суларының мол қоры бар.
Өзен жүйелері климаттық жағдай мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардың басым бөлігі Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған. Өзендері негізінен жаңбыр және еріген қар суымен қоректенеді.
Атлант мұхиты алабының басты өзені − Миссисипи материктегі ең суы мол өзен болып табылады. Бұл өзеннің Миссури саласына қоса есептегендегі ұзындығы 6420 км, ұзындығы жөнінен дүние жүзінде үшінші орын алады. Миссисипи атауы үндіс тілінде су атасы дегенді білдіреді. Миссисипи жауын − шашын әртүрлі түсетін аймақтар арқылы ағып өтетіндіктен, жыл бойы деңгейі өзгеріп отырады. Әсіресе көктемде қар еріген кезде су қатты тасиды, кейде су тасқыны жаздағы нөсер жаңбыр нәтижесінде де қайталанады. Мұндай жағдайда өзен мен оның салалары арнасынан шығып, жағаларындағы елді мекендер мен егістік жерлерді су алып кетеді. Миссури атауы үндіс тілінде тұнбалы өзен дегенді білдіреді, шындығында да ол көптеген құм мен тұнбаларды ағызып әкеледі. Жазықтарда ағысы баяулаған Миссисипи кең атырау жасап, Мексика шығанағына құяды. Атыраудың ауданы жыл сайын тұнбалар есебінен 100 м − ге шығанаққа қарай кеңейіп отырады.
Аппалачтың шығыс беткейінен басталатын өзендер қысқа және мол сулы болады. Олар мұхитқа құяр жолында биік кемерлерден құлап ағатындықтан, бірнеше сарқырамалар жасайды. Олардың құлау күші су электро стансаларында энергия алу үшін пайдаланылады. Мысалы, Тенесси өзені бойында 20 − дан астам су электро стансалары салынған.
Атлант мұхитына құяр жерінде өзендердің сағалары кеңейеді, мұнда ірі портты қалалар орналасқан.
Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендердің ең ірісі − Маккензи материктің солтүстік бөлігі арқылы ағып өтеді. Үлкен өзен деп атайтын бұл өзен негізінен қар суымен қоректенеді, жылдың көп уақытында мұз құрсап жатады. Қыста өзен түбінее дейін қатады. Маккензи жоғары ағысында көктемнің аяғында мұздан босайды, сондықтан оның орта ағысында, әсіресе төменгі ағысында өзендегі сең буу нәтижесінде мұз қамаулары пайда болады. Батпақтар мен көлдер арқылы ағып өтетін осы алаптың көптеген өзендері жаз кезінде мол сулы болады.
Тынық мұхит алабына Кордильераның батыс беткейінен басталатын қысқа, ағынды өзендер жатады. Алаптың ең ірі өзендері − Колумбия мен Колорадо Кордильераның шығыс жаталарынан басталып, биік таулы үстірттер арқылы ағып өтеді. Жолында биік тау жоталарын кесіп өтіп, терең шатқалдар жасайтын бұл өзендерде судың құлау күшінің мол қоры бар. Әсіресе Колорадо өзені бойындағы жиегі тік, терең шатқалды орасан зор Үлкен Каньон дүние жүзіне әйгілі. Каньонның әркелкі жастағы, түрлі түсті жыныстардан тұратын асқақ беткейлері батар күннің сәулесіне малынып, өте әдемі көрініске ие болады.
Кордильера тауының оңтүстігінде орналасқан, климаты құрғақ болатын Үлкен алап пен Мексика таулы қыратының солтүстік бөлігіндегі өзендер ішкі тұйық алапқа жатады. Алаптың орталық бөлігінде Жер шарындағы ең ірі тұзды көлдердің бірі болып саналатын Үлкен Тұзды көл орналасқан. Әсіресе құрғақ кезеңдерде көл беті мен жағалауларын жауып жатқан тұз қабыршақтары қалыңдайды.
Солтүстік Американың көлдері негізінен материктің солтүстігінде шоғырланған. Мұндағы көл қазаншұңқырларының барлығы дерлік жердің ірі жарықтарында орналасқан. Кейіннен көл қазаншұңқырлары мұздықтардың қазу әрекеті нәтижесінде тереңдеп, жағалаулары тілімденген. Сондықтан бұл көлдерді қалыптасу жолдарына қарай мұздық − тектоникалық көлдер деп атайды, олардың суы терең, тұщы болып келеді. Көлднр бір − бірімен қысқа өзендер арқылы жалғасып жатады.
Материктің солтүстік шығысындағы Әулие Лаврентий өзені арқылы Атлант мұхитымен жалғасып жатқан көлдер Ұлы көлдер жүйесі деп аталады. Жоғарғы көлден Эри көліне дейін көлдердің деңгейлері біртіндеп төмендейді.
Ал Эри көлі мен Онтарио көлінің деңгейлерінде үлкен айырма салдарынан, оларды жалғастыратын Ниагара өзені тік кемерден құлап ағып, дүние жүзіне әйгілі Ниагара сарқырамасын жасайды. Ені 1200 м, биіктігі 51 м бұл сарқыраманың атауы жергілікті үндістер тілінде гүрілдек су деген мағына береді. Шындығында да судың гүрілі 25 км қашықтықтан естіледі. Бұл сарқыраманың ғаламат көрінісін тамашалауға Жер шарының түкпір − түкпірінен жыл сайын миллиондаған туристер келеді. Бірақ суда тез еритін әктастардан құралған сарқырама кемерлері қазіргі кезде жойқын судың шаюынан біртіндеп аласарып, Эри көліне қарай шегінуде.

1.3 Солтүстік Америка табиғатының қалыптасу кезеңдері

Еуразия материгімен тығыз байланысты. Мезозой дәуірі басында солтүстік жарты шардағы кембриге дейінгі пайда болған қатпарлықтар оңтүстіктегі құрлықтармен бірігіп біртұтас праконтиненттік Пангеяны қалыптастырды.
Триас және Юра дәуірлерінде Пангея Лавразиямен Гондванага бөлінді. Тетис геосинкинальды арқылы Солтүстік Атлантика орнында Лавразия кайнозойга дейін сақталады. Құрлық негізін архей мен протерозой дәуірлерінде қалыптасқан Солтүстік Америка платформасы алып жатыр. Қүрлықтын, 43 бөлігі платформа, ал қалғаны геосинклинальды аймақтар болып табылады. Платформаның солтүстігінде Арктикалық, шығысында Атлантикалық және батысында Кордильер геосинклинальды бслдеулсрі апып жатты.
Платформаның солтүстік-шығыс бөлігі көтеріліп Канада қалқаны пайда болды. Платформаның өзге бөліктері геологиялық даму тарихы барысында төмен түсіп, оған шөгінді жыныстар жинала берді. Канада қалқаны оңтүстік бөлігінің төмен түсуі және оған шөгінді жыныстардың жинақталуы бүкіл палеозой дәуірі бойында жүрді.
Төменгі палеозой дәуірінде платформаның солтүстік-шығысьнда жүрген тектоникалык қозгалыстар нәтижесінде Солтүстік Америка және Еуропа платфррмаларын өзара жалғастырған орасан зор құрлық пайда болды. Бұл құрылымдар Гренландияның солтүстігі мен шығысында және Аппалач тауының солтүстігінде сақталып қалды. Герциндік қатпарлану кезінде Аппалачтың шыгысы мсн оңтүстігінде, Мексика шығанағы маңында құрлық пайда болды. Мұның соңгысы синеклиза болып табылады.
Сөйтіп, палеозойдың аяғы мен мезозойдың басында Солтүстік Америка қазіргі құрлықтан мейілінше озгеше болган. Ол кембригс дейінгі және палеозой доуірлерінде пайда болған катпарлықтардың өзара бірігуінен түзілген қүрлық бөлігі, Еуразия мсн оңтүстік құрлықтың біраз бөлігін қосьш, ежелгі Пангей құрлығы қүрамында болган.
Мезозойдың басьнда Пангея Тетис геосинклиналы нәтижсінде екі бөлікке болінді: Лавразия және Гондвана қүрлықтары. Сондай-ақ Тетис геосииклинальды Пангей қүрлыгын екіге болумен қатар, Солтүстік және Оңтүстік Американың бөлінуіне де негіз болды. Бірақ бұл кезде екі қүрлық арасында екеуін жалғастырып тұрған шағын құрлық болды.
Бор дәуірінде Атлант мұхитының пайда болуы Оңтүстік Америка мен Африканы бөлсе, ал бордың ортасында Лавразияның бөлінуі нәтижесінде Солтүстік Америка мен Еуразияның қалыптасуына негіз болды. Бірақ, Солтүстік Америка мен Еуразия бір-бірінен толық ажырамады, олардың солтүстік бөлігі әлі біртұтас болды.
Құрлық қазіргі табиғатының қалыптасуына мезозой дәуірінде болған өзгерістер үлкен әсер етті. Бүл кезде Солтүстік Америка батысында Кордильер орогенді белдеуі қалыптасып, ол мезозой және кайнозойда одан әрі дамыды. Мезазойда Еуразияның солтүстік шығысы қосылды.

Солтүстік Америқаның платформалық бөлігі кайнозой дәуірінің басында құрлық түрінде солтүстіктен солтүстік полюске дейін созылып, солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында Еуразиямен жалғасып жатты.
Бордың орта кезінен бастап, құрлыққа оңтүстіктен су қаптап, платформаны Кордильерден бөліп тұрған ойысты толтырған. Кайнозойдың басында су басқан жағалауда климат ыстық әрі ылғалды болып, ол жерлерде қазір 40° параллельден солтүстікке қарай кездеспейтін Секвойя, Магнолия, мәңгі жасыл емен және тагы басқа жылу сүйгіш мәңгілік жасыл ормандар болды.
Солтүстік Американы оңтүстік қүрлықпен жалғастырған құрлық аркылы тропиктік өсімдіктер мен жануарлар солтүстікқе тарады. Бордың аяғы мен палеогенде платформа мен Кордильер арасындағы су алабы біртс-бірте солтүстіктен оңтүстікке қарай шегініп, ақырында жойылып кетті. Осы кезде құрлықтың солтүстік және ішкі аймақтарында климат суып, құрғай бастады да, онда дала мен шөлдің ксерофитті өсімдіктері пайда болды. Кордильердегі орогендік кезең олигеценде басталып, осы уақытқа дейін созылып келеді.
Ол тау жүйесінің әртүрлі бөлігінде түрліше жүрді. Күшті қозғалыстар әсіресе, Калифорнияда, Ванкувер аралы аймағында, Аляскада байқалды.
Тектоникалық әрекетпен қатар жанартау атқылауы да бірге жүрді. Ол Сеңгір тауларын, Үлкен бассейнді, Мексика таулы қыратын, Колумбия үстіртін және Каскад тауларын қамтыды. Қазір едәуір бәсеңдеді.
Бұған дейін тегістелген Аппалач тауында олигеценде жоғары көтерілу бастальп, оның тау бедерлері жаңарды. Атлант мұхиты жағалауынын төмен түсуі өзен сағаларының су астында қалуына және қазіргі эстуарилік-лагуналық жағалаулардьң пайда болуына ықпал жасады.
Құрлықтың солтүстігінде жер бетінің төмендеуінен архипелагтар пайда болды.
Климат жағдайы палеогеннің аяғы мен неогенде қазіргі сипатына жақын болып, ылғалдылық шығыс пен батыстан құрлықтың ішкері аймақтарына қарай бірте-бірте азая берді. Таулы жерлерде эрозиялық әрекеттер әсерінен тегістелу жүрді. Климаттың суытуына байланысты плиоцен дәуірінде құрлықта тундралық және тайгалық флора мен фауна қалыптасты.
Гренландиядан басталған мұз басу құрлықта плейстоценнің басьнан бастап кең тарады. Мұздықтар екі орталықтан (Лабродор мен Кордильер) тарала отырып, мұз басу кезінде құрлықтың 40° с.е. дейінгі 60 % қамтыды. Құрлықтың Еуразиямен салыстырғанда көп бөлігін мүз басуы оның ішкі аймақтарының көп мелшерде ылғалды болуымен байланысты. Климаттың сол кезде-ақ континентті болуына байланысты Алясканың солтүстігін мұз басқан жоқ.
Құрлықта бірнеше рет мұз басу мен шегінуі болып, мұз басу орасан зор аумақтағы топырақ өсімдіктер жамылғысын құртып кетті. Соңғы мұз басудан (Висконсин) кейін мұздық аймақтар орнында орасап зор көлдері пайда болған. Мұз басу жер бедеріне де үлкен әсер етті.

1.3 Еуразия материгі табиғатының қалыптасуының ерекшеліктері

Еуразия материгінің табиғаты басқа материктермен салыстырғанда ерекше болып келеді. Бұған бірнеше себептер бар.
Еуразия құрлығы көлемінің үлкендігінен ішкі бөліктері мұхиттар мен теңіздерден мыңдаған км. қашықта жатыр. Осыған байланысты құрлық табиғатының қарама-қайшылығы, алуандығы ұлғая түседі. Еуразияның батыс бөлігінде теңіздермен тілімденген жіңішке, әрі терең келетін аралдар мен түбектер, яғни шетелдік Еуропа деп аталатын бөлігі орналасқан. Осы аралдар мен түбектердің үлесіне шетелдік Еуропаның 13 бөлігі тиеді. Теңізден ең алыс қашықтығы 600 км. Шығысқа қарай құрлық кеңейе түседі. Азиялық бөлікте аралдар мен түбектердің үлесіне оның 14 бөлігі сәйкес келеді.
Батыстан шығысқа қарай құрлықтың жер беті пішіні де өзгеріп отырады. Шетелдік Еуропаның қатты тілімденген жер бедерін ірі Шығыс-Еуропа, Батыс-Сібір, Тұран жазығы және Орта Сібір қыраттары алмастырады. Ірі тау сілемдері, Еуразияның батысынан шығысына қарай Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейін созылып, осы бағытта биіктігі өсіп, Жердің ең биік шегіне Гималай мен Тибет таулы өлкесінде жетеді.
Еуразияның батысы мен оңтүстігінде негізгі орографиялық элементтер ендік бағытта, ал орталығында меридиан бағытта созылады. Орографиялық элементтердің осылай орналасуы құрлықтың ішкі бөлігіне Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиттарының әсер етуіне жағдай жасайды, ал Еуразияның оңтүстігі мен шығысында биік таулы өлкелердің орналасуынан Тынық және Үнді мұхиттарының әсері шамалы. Бұл мұхиттардың әсері құрлықтың тек шеткі бөліктерінде ғана сезіледі.
Еуразия көлемінің үлкендігі, геологиялық құрылымы мен рельеф пішінінің күрделілігі, дүние жүзілік мұхиттардың алуан түрлі әсер етуінен географиялық зоналық заңдылығындағы айырмашылықтар табиғи үрдістер мен құбылыстардың зоналық әртүрлілігіне ықпал етеді. Еуразия құрлығында құнарсыз арктикалық шөлдер мен ылғалды экваторлық ормандар тараған; бір тамшы да жауын жаңбайтын ірі ағынсыз аймақтар мен керісінше ылғалының көптігінен халық қиыншылық көретін кеңістіктер алмасып кездеседі. Еуразия құрлығында Жер бетіндегі температура мен биік шыңдардың қарама-қайшылығы ерекше білінеді. Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы мен жер шарындағы өте құрғақ терең шұңғыма да осында орналасқан. Басқа құрлықтардан ерекше айырмашылығы - табиғи жағдайының күрделігі. Сондықтан да басқа құрлықтармен салыстырғанда зерттеуге қызықты аймақ болып табылады.
Жер бедері және климат жағдайы кез-келген жердегі ландшафттың құрылуына зор әсерін тигізеді. Еуразия материгі зор көлемдегі аумақты алып жатқандықтан ондағы ландшафт түрлері де сан түрлі және осы ландшафттың қалыптасуы көптеген әсерлер жиынтығына тығыз байланысты. Ол әсер етуші факторлардың біріншісі ол климат.
Негізінен Еуразиялық климаттық белдеулердің шекаралары рельефке байланысты анық білінбейді.
Арктикалық белдеуде (Шпицберген архиппелагы) жыл бойы суық арктикалық ауа массаалары басым болады, ауаның температурасы өте төмен.
Исландия мен Скандинавияның қиыр солтүстігі субарктикалық белдеуде орналасқан.
Мұхит ауа массаларының басым болуына байланысты бұл аудандардың климаты қыста жылы және өте ылғалды, жазда салқын және ылғалды болады.
Қоңыржай белдеуде Европаның негізгі бөлігі орналасқан.
Қоңыржай белдеу екі бөліктен құралған:
1. Солтүстік бореальді (жазы салқын, қысы қатал)
2. Оңтүстік суббореальді (жазы жылы, қысы жұмсақ)
Атмосфералық ылғалдану дәрежесінің әртүрлілігі әр белдеу бөлігінде теңіздік, ауыспалы және континенталды климат типтерін бөлуге мүмкіндік береді.
Субтропикалық белдеуде Жерорта теңіздік Европа орналасқан. Ауа массаларының мезгіл бойынша ауысуы байқалады, қыста мұнда қоңыржай ауаның батыс желі басым, ал жазда тропиктік антициклон тұрады. Осының нәтижесінде Жерорта теңіздік Европада құрғақ және ыстық, жазы жылы және өте ылғалды қыс болады. Теңіздік және континенталды климат типтерінің айырмашылығы кез келген түбекте жергілікті жердің батыс циклондық ауа ағынына орналасуына байланысты көрінеді.
Ал шетелдік Европаның қазіргі биотасының дамуы мен қалыптасу заңдылықтары палеогеографиялық және тарихи ерекшеліктеріне байланысты болады. Биота литогенез бен климат компоненттеріне тәуелді бола отырып, кеңістік-уақыт қатынасында тез өзгеріске ұшырайды. Бірақ Шетелдік Европада табиғи кешен мыңдаған жылдар бойы жерді игеру сипатында болғандықтан зоналы тип кешендері бұзылған, сондықтан да Шетелдік Европаның күрт өзгерген территорияларында (Корнуэл түбегі, Лондон бассейні, Ютландия түбегі) ландшафттың антропогенді модификациясы қалыптасқан. Топырақтың қышқылдануы, эрозия мен дефляция, қажетсіз табиғи кешендерінің қалыптасуы, адамзаттың ауыл-шаруашылықпен айналысуына теріс әсерін тигізеді, яғни, табиғат пен адам арасындағы байланысты бұзады. Осыған мысал: күрт өзгерген Падан ойпаты.
Ал Еуразияның жер бедеріне келер болсақ, мұхиттар мен теңіздер құрлыққа еніп, әсіресе батысы мен оңтүстігінде жағалауы қатты тілімдеген. Бірақ, Еуразия құрлығы көлемінің үлкендігінен ішкі бөліктері мұхиттар мен теңіздерден мыңдаған км. қашықта жатыр. Осыған байланысты құрлық табиғатының қарама-қайшылығы, алуандығы ұлғая түседі. Еуразияның батыс бөлігінде теңіздермен тілімденген жіңішке, әрі терең келетін аралдар мен түбектер, яғни шетелдік Еуропа деп аталатын бөлігі орналасқан. Осы аралдар мен түбектердің үлесіне шетелдік Еуропаның 13 бөлігі тиеді. Теңізден ең алыс қашықтығы 600 км. Шығысқа қарай құрлық кеңейе түседі. Азиялық бөлікте аралдар мен түбектердің үлесіне оның 14 бөлігі сәйкес келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы
География туралы ұғым (дәрістер)
ЕУРАЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. ЕУРАЗИЯ МАТЕРИГІНІҢ АЙМАҚТАРЫНА СИПАТТАМА
Геосаясат сұрақ-жауап түрінде
Аустралияның табиғат зоналары
Еуропоидтық нәсіл
Европаның жер бедері мен пайдалы қазбалары
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТҚА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА. Дүние жүзілік мұхиттарға шолу
АЗИЯНЫҢ БИІК ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ІШКІ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
Пәндер