Желі жыныстары палеозойлік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қашар кен орны Қазақстан Республикасының Қостанай облысының Рудный қаласынан
Жетіқара-Қостанай-Челябинск бағытындағы ең жақын Озерная теміржол станциясы кен орыннан
Кен орыннан тікелей қашықтықта Рудный-Қашар-Федоровка автокөлік жолы өтеді.
Кен орын Тобыл және Тоғызана су айрықтарымен ұштасады.
Кен орын ашық түрде 1985 жылдан бастап өндірілуде.
Қашар кенішінде қазып-тиеу, дайындау, тасмалдау, үйінділеу және т.б. үрдістер
Сондай - ақ маркшейдерлік күнделікті және негізгі жұмыстары, жаңа
Жер бетіндегі көрініс әдісі әртүрлі ғылыми және инженерлік тапсырмаларды
Жер бетіндегі көрініс еңбекті сыйымдылықты алқабтағы геодезиялық жұмысты маңызды
Картаны құру үшін стереопараны алу үшін әртүрлі нүктеден фототеодолит,
Жер бетіндегі стереофотограмметриялық көрініс кезінде жер нүктесінің әр қалыбы
Берілген әдістемелік көрсеткіштер стереофотограмметриялық жер бетіндегі көріністі орындау, алған
1 Кен орынының геологиялық сипаттамасы, шекаралары, қорлары
1.1 Кен орны жайында жалпы мағлұмат
Қашар кен орны Қазақстан Республикасының Қостанай облысының Рудный қаласынан
Жетіқара-Қостанай-Челябинск бағытындағы ең жақын Озерная теміржол станциясы кен орыннан
Кен орыннан тікелей қашықтықта Рудный-Қашар-Федоровка автокөлік жолы өтеді.
Кен орын ауданы өз алдына күндізгі беттегі абсолют белгісі
Климат ( күрт континентальді құрғақ және ыстық жазымен және
Кен орын Тобыл және Тоғызана суайрықтарымен ұштасады.Бұл аймақта көп
Кен орын ашық түрде 1985 жылдан бастап өндірілуде.
1.2 Кен орнының геологиялық құрылысы
Кен орынның геологиялық құрылысында тау жынысының екі жиынтығы қатысады:
Палеозойлық тау жыныстар, сыйғызылған кен шоғырлары: әктастар, конгломераттар, құмтастар,
Мезокайназойлық түзілімдер, палеозойлық жиынтықты беттен асырып, саз, топырақ,
Бастапқы жұмыспен өтеуге Солтүстік (магнетитті кен қорының
Солтүстік бөлік 36 және 60 барлау бағытының шегінде
Оңтүстік бөлік Солтүстіктен оңаша орналасқан, пландағы
Магнетитті кен қоры бойынша тамаша Қашар кен орны Торғай
Кен орынның және барлық басты темір жол жолағының басты
Қоймалық фундамент таскөмірлі жынысты кен орындары төрт желіде (
Сарыбай желісі 500 м қалыңдықты. Желі жыныстары палеозойлік
Соколов желісі сілемделген және әктастар, туфтар.
Желінің төменгі жағы Солтүстік-Шығыс пен Терең блоктарындағы ашылған кен
Гематитті-кремнилі-ангидритті жыныстарға құрамында ангидрит пен әктасты қабатшалары бар туффит
Желі қалыңдығы 70-тен 400 м-ге дейін ауысады. Соколов желісіне
Қоржынкөл желісі төменгі желілерден айырмашылығы жыныстары қызылтүсті мөлдір.
Қоржынкөл желісі жыныстарында Қызылжар желісінің түзілімдері бұрыштық
Желі қалыңдығы 550 м-дей. 1.3 Кен орнының тектоникалық құрылымы
Қашар кен орнының қоймалық құрылымы өте қарапайым. Төменгі тас
Қоймалық құрылым едәуір көлемді атылысты бұзылымдармен қабатталған, олардың арасындағы
Солтүстік атылыс бұзылымдары жылыспалы-жылжымалы болып, Солтүстік учаскісінің синклиналды ойысымен
Орталық бұзылым кен орынды солтүстік және оңтүстік учаскіге бөледі.
Оңтүстіктегі сырғымалы бұзылым кен орынның оңтүстік - шығысында кездеседі және
Аталған көптеген ірі бұзылымдардан басқа кен орнында кен денелерімен
Солтүстік бөлік кен жүйесі ірі
Кен аймағының аралық бойы 2200м
Қашардың интрузивті сілемінің мофологиясы және
Кемердегі кеннің тұрақтылығы жоғары, жарықшақтылығы
+30-150 м горизонттарындағы аршылымды жартас
Басты батыс жағдауындығы Торғайлық иілімдегі
Торғайлық кен орын аймағы және
1.4 Кен құрамындағы минералдар
Магнетит. Бұл минерал магния және
Титано - магнетитті формация. Бұл формацияның
Магнетиттің физико - химиялық әрекеттері. Титаномагнетит
Гематит. Бұл кремнилі - магнетит - гематитті
Кремнилі - магнетит - гематитті және скарноидті
1.5 Кен орнының гидрогеологиялық жағдайы
Қашар кен орнында 5 суағар деңгей жиек бар.
Біріншісі деңгейжиектің үстіндегі грунтті сулар - төрттік супестер мен
Екінші сулы деңгейжиек 55-70 м қалыңдықта тасаран желісінің опок
Үшінші сулы деңгейжиек төменгі маастрихт құмтастарынан және сантонның ұсақ
Төртінші сулы деңгейжиектің суы 3-4 орташа қалыңдықты ірі емес
Судың гидрохимиялық құрамын жалпы минералдылығы 5 гл - ден
Палеозой фундаментінің тастақ жыныстары бесінші деңгейжиектің жарықшалы суларынан тұрады.
Қазіргі уақытта сулы деңгейжиектің пьезометрикалық қысымы карьер аралығында белгілі
Кен орынның жер асты сулары сульфатты-агрессивті, қатты және оларды
Қашар кен орнының ең жоғарғы су ағысы 3500м3сағ жетеді.
Кенорны деп қазып алғанда экономикалық тиімді болатын жер қабыршағындағы кенбайлықтардың жер қойнауында белгілі деңгейде (минералға, минералдық агрегаттар) қорын түзейтін табиғи сілемді айтады. Кенорындары кендік жљне бейкендік болып бөлінеді.
Кеннің құрамындағы бағалы заттарды пайдалы бөлік дейді.
Пайдалы бөліктердің түріне қарай кен металды және бейметалды болып бөлініп, кенорындары да кенді және бейкенді деп анықтай алады. Металды кеннің құрамында қара, түсті, сирек және асыл металдар бар кенбайлық түрлері жатады. Тек бұл ғана емес, кен ісінде құрамында металы жоқ болғанымен графит, қабаттас, апатит, дала шпаты, фосфорит тәрізді минералдық заттарды да кен деп атап, оларды өндіретін кәсіпорындарды кеніш дейді. Осыған орай кенорындары мағанданды (металды), бейкенді (металсыз) болып аталынады.
Химиялық минералдық құрамына қарай металды кендер былайша бөлінеді:
- сапметалды (самородный). Бұған көбіне алтын тәрізді асыл металл минералы жатады (мысалы: сап алтын); - СuҒеS, РвS, ZnS тәрізді күкіртті (сульфиты) кендер; - ZnО, МпO,Си20, РвС03,SиS04 тљрізді тотықты және осы үш түрден құралған аралас кендер (минералдар).
Қара, түсті металды, сондай-ақ бейметалды кендердің пайдалы белшектер деңгейі пайызбен, ал сирек кездесетін және асыл металдар мен шашыранды элементтер 1 т-ға келетін граммен мөлшерленеді. Мөлшерлік деңгейден төмен пайдалы бөлікті кенді өндіру тиімсіз, яғни ондай мөлшердегі пайдалы бөлік өнеркәсіптік минимумнан (проминимум) төмен болады. Егер алынатын яғни, өнімді сатудан-ақ түсетін пайда кенді қазуға, сосын оны байытып және өңдеп пайдалы бөлікті бөліп алуға жұмсалатын (тасымалдауға кететін қаржы қоса есептелген) қаржыны толық қайтарар болса, онда кен құрамындағы пайдалы бөлік проминимумнан не жоғары, не оған тең болғаны. Проминимум тұрақты шама емес. Техникалық прогрес деңгейінің өзгеруіне байланысты және сол кенге деген қажеттілікке сай өзгеріп, шамасы кеміп отырады. Осының нәтижесінде кеніштердің өнеркәсіптік қоры өсіп отырады.
Кеннің құндылығын тауарлық кендердің құрамындағы пайдалы бөліктің бағасы арқылы мөлшерленгенімен, бұған оның түсімін немесе алдын ала кенді өңдеуге мәжбүр ететін оның физика-химиялық қасиеті ықпал етеді. Құндылығы тұрғысынан кен бай, орташа және кедей болып шартты түрде үшке жіктеледі. Мәселен, құрамындағы металы 2% -дан асатын мыс кені бай, ол 1-2% аралығындағы - орташа, 1% -дан кемі - кедей санатына жатады. Басқа металдар үшін осындай сипаттама 1.1-кестеде көрсетілген. Құрамындағы металдың санына қарай кен монометалды - жалқыметалдық, бірнеше металдар қатар кездесетін металды полиметалды көпметалдық болып бөлінеді. Осылардың ішінде ең көп тарағаны - полиметалды кен.
Егер кеннің қоры қазып, үлгертуге жеткілікті болса, оны өндірістік кен дейді. Қазылған өнімді кен қазындысы (массасы) дейді. Себебі қазу үдерісінде кенге бүйір қабырғалардан, төбеден жарықшақтанып түсетін және кен сілемінде қатпаршақ болып қоса кездесетін бос тау жыныстарымен араласып отырады. Басқаша айтпанда, қазу барысында кен массасы таза кен тасы емес. Бірақ қазылған кен массасымен тау-кен қазындысы (массасы) деген ұғымды шатастыруға болмайды. Тау-кен массасы -- шахтадан қазылып алынатын кен массасы мен тысқа көтерілетін бос жыныстарды қоса қарастырғанда қолданылатын жалпылама атау. Тау-кен қазындының (массасының) көлеміне қарай сығылған ауа беретін компрессорлардың, желдеткіш қондырғылармен көтергі жабдықтар қуаты және шахта көліктері, олардың көтеру механизмдердің өнімділігі есептелініп анықталады.
Кен сілемдерінің жаралым ерекшеліктері. Металды кен сілемдері түр-тұрпатына пішіміне, яғни морфологиялық белгілеріне қарай: тақта, тақталы тектес, линзалы, штокты, ұялы және желі болып жіктеледі (1.1-сурет).
Тақта кен сілемдерінің қуаты (қалыңдығы) өн бойында біркелкі және жанама тау жыныстарымен шекарасы айқын жатады. Тақта және тақталы кендер тұнбадан тұзіледі.
Тақталы (пластообразный) кен сілемдерінің пішімінде, қалындығында бір келкілілік тұрақты болып қалмайды және жату бұрышы да әр қилы болып кездеседі. Мұның себебі - тақталы кен сілемдерінің тұнбадан және тұнба метаморфикалық жыныстардан түзелуінен.

1.1-сурет. Кен сілемдерінің пішім бітімі: а) тақта; э) шток; б) тақталы; в) ұялы; г) линзалық; г) желі

Линзалық кен пішімі линзаға ұқсас қалыңдығы ортасынан шетіне қарай кеми беретіндігі, жату бұрышыда, созылым ұзындығы да түрлі-түрлі бола береді.
Штокты кен сілеміне өте шомбал, әр түрді пішімде кездесетін кен сілемдері жатады.
Желі кен сілемдерінің қуаты онша үлкен емес, оған жұқа, жаралым элементтері әр қилы болып келетін бір немесе бірнеше кен сілемдері жатады. Мұндай кен сілемдерінің жанама жыныстарының шекарасы айқын болмайды, кен сілемдері жіңішкеріп, үзіліп барып қайтадан басталып кете барады.
Ұялы кен сілемдері - пішімі біркелкі жаралмаған әр қилы шағын-шағын металды сілемдерден құралады. Ондай кен ұялары неғұрлым көп болса, соғұрлым оның өнеркәсіптік маңызы арта бермек.
Кен сілемдерінің жаралымының элементтері. Кен сілемінің құрылым элементтеріне: кеннің қалыңдыгы (қуаты-5), созылым ұзындыгы, құлама биіктігі және құлама (жатпа) бұрышы жатады.

1.2-сурет. Кен сілемдерінің жату элементтері: - созылым сызыгы (1), ВГ - құлау сызығы (2), 1 - кен; 2-3 - жанама жыныстар; 4 -- үстіңгі жыныстар; 5 -- нақты жазық қалыңдығы

Кен қыртысымен жазықтықтың қиылысқан жері созылым сызығы делінеді. Созылым сызығы мен магнит немесе нақтылы меридиан аралығындағы үшкіл созылым бұрышын құрайды. Созылым сызығына перпендикуляр кен бетінде жатқан сызық құлама сызық деп аталады. Осы сызық пен жазықтық арасындағы бұрыш кеннің құлама (жатпа) бұрышы делінеді. Мұның өлшемі - градус. Жату (құлама) бұрышы, құлама және созылым ұзындықтары арқылы кен сілемінің кеңістіктегі орны анықталады (1.2-сурет).
Құлама бұрышының шамасына қарай кен жазық, жайпақ (0-тан 20-25°-қа дейін); көлбеу (20-25°-тан 45°-ћа дейін) және күртқұлама (45-тан асатын) болып бөлінеді. Кеннің созылым және құлама бағытындағы ұзындығы ондаған метрден бірнеше километрге дейін созылып кетеді.
Тақталы, тақта және басқа да кен денелерінің қалыңдығы түрлі-түрлі болып келеді. Металдық кеннің қалыңдығын инженерлік істе оның қуаты деп те атайды. Кен сілемнің қуаты: нағыз (истинная), жазық және тік, толық, пайдалы, толық алыну, пайдалы алыну болып бөлінеді. Көлбеу немесе күртқұлама сілемнің екі бүйір беттерінің ең қысқа қашықтығын, яғни нормаль бағытымен өлшенетін қалыңдығын нағыз кен қуаты; жазық бағытындағысын жазық қуаты дейді. Жазық, жайпақ сілемдердің қалыңдығы тік бағытында мөлшерленеді. Толық қалыңдық - кен сілеміндегі жыныс қатпаршақтарының қоса есептегендегі төбе-табан арақашықтығы. Пайдалы толық - кен қатпарларын қоса есептегендегі қалындығы. Алу немесе алынар қалыңдыққа барлық кен қыртыстарымен қоса қазылатын - жыныс қатпаршақтарын қоса есептегендегі кен сілемінің қуаты жатады. Пайдалы алу қалыңдығына нақтылы қазылатын кен қыртысының қуаты жатады.
Іс жүргізгенде, жобалау жұмысында кеніш қалыңдығы нағыз қуаты бойынша қолданылады.
Кен сілемдері қуаты шамасына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олар:
жұқа - 0,6 м-ден 0,8 м-ге дейін;
шағын қуатты 0,6-0,8 м-ден 3,0 м-ге дейінгі;
орташа қуатты - 3,0 м-ден 6-8 м-ге дейінгі;
қалың қуатты 16,0-8,0 м-ден 15-20 м-ге дейінгі;
өте қалың (өте қуатты) - 15-20 м-ден асатынды айтады.
Қазақстанның Зырянов, Риддер, Жезқазған, Мырғалымсай тәрізді кен орындары тақталы кен тобына жатады. Ал, құлама бұрышы жағынан Жезқазған кені жайпақ топқа: Мырғалымсай, Риддердегі қайсыбір кеніштер көлбеу, ал Зырянов кеніші күртқұлайтын кен сілемдеріне кіреді. Кен сілемінің пішіні өте күрделі болады, олардың нақтылы шегін, шекарасын айыру қиын, әрі құрамы да құбылмалы. Сондықтан мұндай кен орындары өте кең, әрі мейлінше қымбатқа түсетін барлау ісін, яғни барлау мақсаты үшін кен қазбаларын жүргізуді қажет етеді. Кеніштің мұндай түріне Қоңырат, Аңғарақ мыс кен орындары жатады. Ал, Ақшатау, Үлкен Қоңырат және алтын өндіретін Бестөбе, Алтай сияқты кеніштерінің өнімі желі сілемдерінен қазылады.
Барлық кен жаралым пішін, тұрпат-түріне қарай дұрыс және бұрыс болып екіге бөлінеді. Дұрыс пішіндіге екі жақ беті өзара параллель болатын тұнбалық (тақта, тақталы) кен сілемдері жатады. Бұған керісінше табиғаты магмалық кен болып келетін кен тобына жататын кендердің пішіні сан алуан болып кездеседі. Әсіресе, интрузивті кендер ондаған метрден жүздеген километр алапты алып жатады. Олардың қалыңдығы да ондаған сантиметрден ондаған километрге дейін жетеді. Интрузивті кеннің ең үлкен пішімін шток, ал жер қабыршығының жарығымен көтеріліп минералданған кенді желі деп атайды. Мұның қалыңдығы онша үлкен болмайды.
Кен қоры. Әрбір кен орындары кен қорының саны, сапасы және пайдалы бөлік мөлшерімен сипатталады. Кен қоры деп жер қойнауында белгілі бір орын алып жатқан кенді айтады. Кен қоры шаруашылық мәніне қарай геологиялық, есептік, есептелмес, өнеркәсіптік, жоғалымдық және түсімдік болып бљлінеді.
Ашылған кен орындарындағы анықталған кеннің барлық коры геологиялық қор делінеді. Тұтынымдық мән- маңызына қарай анықталган геологиялық қор өз алдына санаққа алынатын есептік және есептелмее қор болып, екіге жіктеледі. Есептік қор деп белгілі техникалық және қазу технология деңгейінде, сондай-ақ жетілдірілген тәсілдерді қолданғанда шаруашылық мұқтажын толық қанағаттандыратын, әрі экономикалық тұрғыдан тиімді болатын кен қорын айтады. Бұған керісінше, тұтас кенішті немесе оның бөлігін қазу өте күрделі болып, әрі оның құрамындағы пайдалы бөліктерді (металды) өңдеп, бөліп алудың күрделілігіне байланысты жұмсалған қаражат ақталмайтындай геологиялық қордың түрін есептелмес қор деп атайды. Кен қазу техникасы мен технологиясы жетіліп, кенде олар кеннің есептік қор тобына қосылып отырады.
Кен қорын есептік және есептелмес тобына бөлгенде мынандай сапалық екі ұғым басшылыққа алынады: кеніштің ернеулік (борттық) және ең аз өнеркәсіптік (проминимум) мөлшері. Ернеулік мөлшерді анықтауға негіз болатын шама оның құрамындағы пайдалы бөліктер мөлшері, яғни кендегі металдың ең төменгі шегі. Мұнан төменгі мөлшердегі кеннің пайдалы бөлігі кен аз болатын кенді қазып алу экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан мұны есептік қордың ең төменгі сапалық көрсеткіші немесе өнеркәсіптік минимум (проминимум) дейді.
Кен өндірісінде есептік қорды түгел қазып алу мүмкін емес. Кеннің біраз бөлігі өзен, көл немесе жасанды су қоймалардың, тарихи ескерткіштер тәрізді бұзуға болмайтын ғимараттар мен кесенелердің астында немесе түрлі өнеркәсіптік үймереттер мен тұрғын үйлерді сақтау үшін де арнайы кентірек түрінде қалдырылады. Сондай-ақ, геологиялық бүзылыстар да кенді толық қазып алуға кесірін тигізеді. Осындай жағдайлардың салдарынан есептік қордың біразы жер астында алынбай қалып қояды. Мұны жоғалым қоры дейді. Кен кәсіпшілігін саларда оңай жоғалым алдына ала қарастырылып, кеніштің техникалық жобасында көрсетіледі. Осыған байланысты кеннің өнеркәсіптік қоры да есептелінеді. Өнеркәсіптік қор есептікке тең, не одан кем болады. Практикада алу қоры деген де ұғым бар. Себебі кен қазу үдерісінде де кен тағы да жоғалымға ұшырайды. Мұны тұтынымдық (эксплуатациялыц) жоғалым дейді. Алу қоры қазылган (љнеркэсіптік) қор мен тұтынымдық жоғалымның айырмасына тең. Кен қазу барысында оған бос жыныстар да қосылып жатады. Мұндай құбылыс кенді құнарсыздандырады. Құнарсыздандырмай таза кеннің өзін қазып алу көп жағдайда мүмкін емес. Сондықтан кен қазынды кен тасы мен бос тау жынысының қосындысы, яғни тысқа шығарылған кен түсім қоры ұғымында қолданады. Түсім қоры есептік қордан көп те, кем де, бірдей де болуы ықтимал. Ол тұтынымдық жоғалым мен құнарсыздандыратын бос тау жынысының деңгейіне байланысты. Сөйтіп, қазылатын кен қоры тұтынымдық жоғалымға да ұшырайды және бос тау жыныстары араласуынан сапасы төмендейді. Өнеркәсіптік (есептік) қордың қазып алынып, бос жыныстармен құнарсызданған бөлігін түсім қоры деп айтады. Түсім қорында пайдалы бөлік шамасы өнеркәсіптік (есептік) қордан төмен болады, ал көлемі есептік (өнеркәсіптік) қордан артып кетуі де ықтимал.
Кен қоры - барлау дәрежесінде, сапасы анықтау деңгейіне және қазудың техникалық жағдайына қарай А,Б,С, және С2 санат түріне жіктеледі.
Тау-кен ісі дегеніміз - жер қойнауын игеру бойынша адамдардың қызметінің аймағы. Ол жер қыртысына барлық түрдегі техногенді жерлер негізінде пайдалы қазбаларды алудан, оларды алғашқы өңдеуден өткізуден және тау-кен технологияларымен байланысты ғылыми зерттеулерден тұрады.
Кен ісі әр жерледе, әр түрлі уақытта дамыды. Тас дәуірінің археологиялық көздері Африкада, Еуропада және Азияда табылған.
Мыс пен қола дәуірі Жерорта теңізі, кіші Азияда, Альпі тауларында, Оралда, Қазақстанда табылған. Темір дәуірі Кіші және Орта Азияда, Жапонияда, Батыс Еуропада дамыған. Тау-кен ісінің дамуымен қатар, пайдалы қазбалардың да дамуы өсті. Тас дәуірінде кенсіз, минералды шикізат б.з.д. VII-V мыңжылдықта түрлі-түсті металдар (мыс, алтын, қалайы). Б.з.д IX-VIIIғғ темір рудалары пайда болды. Орта ғасырларда жанатын пайдалы қазбалар (мұнай, көмір), ал XX ғ радиоактивті кендер пайда болды. Тау-кен ісінің дамуын анықтайтын негізгі факторлардың бірі- кен өндірісінің құрылғылары болып табылады. Осы құрылғыларға байланысты тас дәуірінің даму этаптары:
1 )Жинау
2) Жер бетінен қазу
3) Шұңқырлардың көмегімен қазу
4) Кертпешті игеру

Тау-кен өндіру өндірістері
Пайдалы қазбаларды игеру әдістері. Пайдалы қазбалар дегеніміз-халық шаруашылығында тікелей өңдеуден кеиін қолдануға болатын жер қойнауындағы тау жыныстары мен минералдардың табиғи шоғырлануы.
Пайдалы қазбаларды өндіру дегеніміз- жер қойнауынан немесе гидросферадан белгілі бір жердің көмегімен алу. Пайдалы қазбалардың кен орны дегеніміз-жер қыртысындағы пайдалы қазбалардың шоғыры. Пайдалы қазбаларды өндірудің келесі түрлері болады:
1)Ашық әдіс
2) Жер асты әдісі
3) Құрамды әдіс-ашық әдіспен жер асты игеру әдістерінен тұрады
4) Су қоймаларын игеру теңіз-теңіз әлемімен,мұхиттан жүзеге асырылады
5) Геотехнологиялық әдіс.Жер бетінен немесе тау қазбаларынан пайдалы қазбалардың физикалық және химиялық күиін жер қойнауында өзгертіп,жер бетінен өткізілген ұңғымалармен бұрғылауға негізделген
6) Ұңғымалық әдіс.Сұйық және газ тәрізді пайдалы қазбаларды игеру кезінде қолданылады.
Тау-кен кәсіпорындары дегеніміз- пайдалы қазбаларды барлау,алғашқы байытудан өткізіп ,өндіру жұмыстарын жүзеге асыратын кәсіпорындар.
Олар келесі түрлерге бөлінеді:
1)Шахта- жерасты әдісімен пайдалы қазбаларды өндіретін кәсіпорын.
2)Кеніш-кендері,химиялық шикізаттарды және құрылыс материалдарын жерасты әдісімен өндіретін кәсіпорын Кеніш бірнеше шахтаны құрайды.
3)Карьер-пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіретін кәсіпорын.Разьез - көмір өндіретін кәсіпорын.
4) Прииск бағалы металды,қалқанды кен орындарын игеретін кәсіпорын
5) Промысель-сұйық және газ тәрізді пайдалы қазбаларды өндіретін кәсіпорын

ТАУ ҚАЗБАЛАРЫ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ. ПАЙДАЛЫ ТАУ ҚАЗБАЛАРЫН ИГЕРУ ТӘСІЛДЕРІ

Пайдалы тау қазбаларын игеру 3 сатыдан тұрады:
1)ашу
2)дайындау
3) тазартып алу
1.Кен орнын ашу дегеніміз-барлық кен денесіне немесе оның бір бөлігіне жер бетіне жетуге мүмкіндік беретін тау қазбаларын жүргізу және дайындық қазбаларын жүргізуді қатамассыз ету.
Ашу қазбалары

Негізгі Қосымша

тік оқпан,ылди оқпан, Оқпан албарлары
Штольня
2)Дайындау дегеніміз-дайындық тау қазбаларын жүргізу (қуақаз,өрлеме,штрек) және кен орвндарының ашылған бөлігін қазып алу бөліктеріне (қабаттар,блогтар,панельдер,діңгект ер)бөлінеді. 3)Тазартып алу-қазып алу учаскесінен кенді алатын технологиялық процесс және осы кезде пайда болған тазарту кеңістігінің пайда болуына әсерін тигізеді.

Әр түрлі тау жыныстарын ұсату және оның массивтен бөлу бойынша жүргізілетін жұмыстар ТАУ-КЕН ЖҰМЫСТАРЫ деп аталады. Тау-кен жұмыстары қызметіне қарай барлау және пайдалану болып 2 топқа бөлінеді.
Барлау жұмыстары дегеніміз-пайдалы қазбалардың шоңырын іздеу,барлау. Пайдалану жұмыстары дегеніміз-кен орнын игеру.Ол өндіру орындарына байланысты ашық және жерасты болып бөлінеді.
Тау жұмыстарын орындауда қолданылатын қондырғыларға байланысты қолмен істейтін және механикаландырылған болып бөлінеді.Тау жұмыстарының нәтижесінде пайдалы қазбалардың немесе бос жыныстардың қалыңдықтарында пайда болган қуыстарды пайдалы немесе тау қазбалары деп атаймыз.
Тау қазбалары
АШЫҚ ЖЕРАСТЫ

1)Барлау қарығы
2)Барлау оры Тік Көлденең Еңіс
3) копуша

Ашық тау қазбалары:
1)Барлау қарығы (разведочная канава)-тасындылардың аз қуаттылығы кезинде пайдалы қазбалардың жер бетіне шығуын іздеу мақсатында жүргізілетін қазба.
2)Барлау оры-қарықпен салыстырғанда көлденең қимасының өлшемдері үлкен қазба.
3)Копуша-түбір жыныстарын сынама алу мақсатында жүргізізілген қазба.
4)Расчистка-түбір жыныстардан аршылымы мақсатында жүргізілген жүргізілген қазба.

Тік тау қазбалары:
1)Оқпан(ствол)-жер бетіне шығатын пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу мақсатында жүргізілген жүргізілген қазба.
2)Соқыр оқпан(слепой ствол)-адамдардың жүруі мен жүктерді тасмалдау үшін механикалық құралдармен жабдықталған және жер бетіне шықпайтын тау қазбасы.
3)Гезенк-тікелей жер бетіне шықпайтын пайдалы қазбаларды өз салмағының әсерімен түсіруге және механикалық әдіспен жеткізуге арналған қазба.
4)Шурф-тік және қуыс жол,кенді барлау,желдету және қопару жұмыстары үшін тікелей жер бетінен 25м.тереңдікте орналасқан қазба.

Көлденең тау қазбалары:
1)Штольня-тікелей жер бетіне шығатын және кен орнында баратын жазықтық бойымен және сәл көлбеу етіп жүргізілген көлденең қазба.
2)Орт (қияқаз)-кен орнының ұзын бойында кесе көлденең жазықтықта жүргізілген қазба. 3)Тоннель-екі жағынан да жер бетіне шығатын тасмалдау қызметін атқаратын өтпелі қазба.
4)Квершлаг-тау жыныстарының созылымына қиғаш жүргізілген жер бетіне шықпайтын қазба.
5)Штрек-тікелей жер бетіне шықпайтын,көлбеулігі 3градустан аспайтын,кен орнына ұзын бойына бағыттас жүргізілген қазба.
6)Просек(қиыс қазба)-штекке параллель жүргізілген көлденең қазба.
7)Түйісім (стойка)-қатар орналасқан еңіс қазбалардың ортасынан жүргізілген қазба.

Еңіс тау қазбалары:
1)Бремсберг-жер бетіне тікелей шықпайтын,жерастынданемесе кен денелерінің құлама бағыттарымен жүргізілген қазба.
2)Еңіс(уклон)-жер бетіне шықпайтын жүктерді көтеруге арналған қазба.
3)Жүрістік(ходок)жер бетіне шықпайтын әр түрлі мақсатта жұмыс істейтін(адамдардың қозғалысы,материялдар мен жабдықтарды жеткізу,желдету)арналған қазба.
4)Печь-жер бетіне шықпайтын пайдалы қазбалардың қатары бойынша оның қалыңдығында жүргізілген қазба.
5)Өрлеме-төменгі деңгей жиектен жоғарғы деңгей жиекке пайдалы қазбаларды жеткізу,материалдарды түсіру мақсатында жүргізілген қазба.
6)Құлама(скат)-тікелей жер бетіне швқпайтын кен денелерінің құлама бағытымен жүргізілген және жүктердің өз салмағының әсерімен түсіруге арналған еңіс қазба.

Тазарту қазбалары
1)Камера-көлденең қимасының өлшемдерімен салыстырғанда ұзындығы үлкен тау қазбасы.Онда әр түрлі машиналар,жабдықтар,материялдарды сақтау және басқа мақсатта қолданылады.Камералар оқпандардың қасында орналасқан.
2)Оқпанға жалғасқан қазбалар мен камералардың жиынтығын және жерасты шаруаларына қызмет ететін қазбаларды оқпан албарлары дейміз.Оқпан албарларында келесі камералар орналасады:күту камерасы,электровозды депо,насосная,электроподстанция,мед пункт,диспедчерское және су жинағыш.
3)Тазарту қазбаларының беті тікелей пайдалы қазбаларды алатын жері тазарту забойы деп аталады.
4)Үлкен ұзын тазарту забойын лава деп атайды.

Тау қазбалардың элементтері
Жерасты тау қазбаларының периметрі бойынша тау жыныстарының бетін шектейді.Тау қазбаларының басы,яғни ,оның жер бетіне немесе басқа қазбаларға шығаратын жері-оның аузы(устье)деп аталады. 3 бөліктен тұрады:
1)Оголовок
2)Орталық бөлік
3)Тірек тәжі
Жерасты еңіс және көлденең қазбаларды үстіне шектейтін тау жыныстарының бетін қазбаның төбесі деп аталады.Осы қазбаларды төменнен шектейтін бетін қазбаның табаны(почва) деп аталады,ал бүйірлерін қабырғалары деп атайды.

ТАУ ЖЫНЫСТАРЫНЫҢ ФИЗИКА- МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ.

Тау жыныстарының негізгі қасиеттері 3 түрге бөлінеді:тығыздықты,сулы-физикалық және беріктік.
Тығыздықты қасиеттері:
-Тығыздық
-Үлесті салмақ
-Көлемдік салмақ
-Кеуектілік
Сулы- физикалық қасиеттер:
-Табиғи ылғалдылық
-Су сору
-Сулану
-Жұмсарғыштық
-Қабару
Беріктілік қасиеті:
-Беріктілік
-Бекемдік
-Жемірлік
-Қаттылық
-Морттылық
1)Тығыздық-қуыстарды жарықшақтарды көлемін алып тастағандағы бір-бірлік көлемінің массасы.
2)Үлесті салмақ-жыныстардың қатты бөліктерінің бір көлем бірлігіндегі салмағы.
3)Көлемді салмақ-бір көлем бірлігіндегі жыныстардың табиғи салмағы.
4)Кеуектілік-1 көлем бірлігінде болатын барлық қуыстарды сипаттайтын қасиет.
5)Табиғи ылғалдылық-тау жыныстарындағы судың массасын ескеретін қасиет.
6)Су сору-жыныстардың суды сіңіру қасиеті оны атмосфералық қысым жағдайында жыныстарды суға батырған кездегі суды қанша мөлшерде сіңіруімен бағаланады.
7)Сулану-тау жыныстарындағы судың массасын айтады.
8)Жұмсарғыштық-судың әсерінен жыныстардың беріктілігінің төмендеуін сипаттайтын қасиет.
9)Қабару-суды сіңіру кезіндегі өзінің көлемін арттыратын жыныстардың қасиеті.
10)Беріктілік-сыртқы куш әсерінен бұрылыстарды қабылдайтын жыныстардың қасиеті.
11)Бекмдік-бұзылу процессінде сыртқы күштердің әсеріне қарсы тұра алатын жыныстардың қасиеті.
12)Жемірлік-тау жұмысы кезінде тау-кен машиналарының бөлшектері мен кесетін құралдардың беттеріне байланысты тозуын анықтайтын тау жыныстарының қабілеті.
13)Қаттылық- тау-кен құралдарының жыныстарға жұмыс істеуіне кедергі жасайтын тау жынысының қасиеті.
14)Морттылық-аз мөлшердегі пластикалық деформациялар кезінде тау жыныстарының бұзылу қасиеттері .

ДӘРІС 4 ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЭЛЕМЕТТЕРІ.

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі жатыс формасы дұрыс және дұрыс емес болып 2 топқа бөлінеді.
Дұрыс жатысты кен орындарға қаттар(пласт) және қат тәрізді шоғырлар жатады.
Қат дегеніміз-2 не одан да көп параллельді жазықтықтармен шектелген және жер қыртысында кең таралған плита тәрізді шоғырды айтады.Қат келесі бөліктерден тұрады:
~ ~ ~ ~ ~ ~
~ ~ ~ ~ ~ ~
Төбесі ~
---Қат пласты

---Табаны

Аз қалыңдықтағы игерілмейтін жұқа қаттарды прослойка деп атайды. Пайдалы қазбалардың қаттарының астында жатқан жыныстар төнбе бүйір (висячий бок)деп аталады.
Қаттар біртекті және қиын құрылымды болып 2ге бөлінеді.
Қаттың жатысының дұрыс формасы шөгінді пайдалы қазбаларының кен орындарында (көмір,жанатын тақтатастар,әр түрлі тұздар,гипс,марганец кендерінде)кездеседі.
Дұрыс емес кен орындарға желілер,штоктар,ұяшықар және линзалар жатады.Дұрыс емес формалар кенді кен орындарда кездеседі.
Желі-минерал затымен толтырылған жер қыртысындағы жарықшақ.Желілер жай және қиын болып 2ге бөлінеді.Желілердің тарамдарын апофиз деп атайды.
Штоктар,линзалар,ұяшықтар дегеніміз-минерал заттармен толтырылған жер қыртысындағы қуыстар.олар бір-бірінен формаларымен өлшемдерімен ерекшеленеді.Осы сияқты жатыс формалары темір,мыс,пллиметалды кен орындарында кездеседі.

ТАУ ЖЫНЫСТАРЫН БҰЗУ

Тау жыныстарын бұзу әдістері:
1)Механикалық
2)Гидравикалық
3)Жарылыс

Тау жыныстарын механикалық әдісімен бұзу :
Өндіру комбинатының атқаратын органымен іске асырылады. Көмір және біртекті төмен жыныстарды игеру ушін қолданылады.
Өндіру комбайыны-көмірді массивтан бөлу оны тасымалдау өлшеміне дейін ұсақтау және конвейрге салу үшін арналған машина.
Тау жыныстарын гидравикалық әдісімен бұзу:
Гидравикалық бұзу гидромонитордан лақтырылатын судың кинетикалық энергиясын қолдануына негізделген.
2)Әсерлі судың күші Н5f болғанда
3)f-бекемдік коэфиценті
Тау жыныстарының жарылыс әдісімен бұзу.
1)Жер бетінде және жер астында өткізгіштік жумыстрында әрбір тау қазбаларының бекемділігінде қолданылады.
2)Жай заттарды қолдануда негізделген жарылыс қысқа мерзімде энергияның үлкен мөлшерінің босатылу процессі.
Сипаттамалық белгілері :жоғары көлемді энергия концентрациясы,оның бөліну жылдамдығы дыбыстан жүйрік,газ тәрізді өнімдердің көп мөлшерде пайда болуы ,дыбыс эфефктісі.
Жарылғыш зат-сыртқы импульс(қыздыру,уйкеліс)арқылы жылудың үлкен мөлшері және газ тәрізді өнімдердің бөлінуімен өтетін,өздігінен таралатын химиялық айнала алатын зат химиялық қосылыс немесе әр түрлі компоненттердің механикалық қоспалары.
Дүмпу- заттың химиялық айналуымен қатар жүретін соққы толқынның жарылғыш заттан өтетін,өздігінен таралатын процесс.Оның жоғарғы жылдамдығы жарылғыш заттың құрамын тәуелді және 2-8 км\сағ құрайды. Өнеркәсіптік жарылғыш заттар кен өндіріс және басқа салаларда жарылыс жұмыстарын өткізуге арналған жарылғыш заттар.
Өнеркәсіптік жарылғыш заттар

Сақтандырылмайтын Сақтандырғыш
Сақтандырмайтын жарылғыш заттар:
I класс: тек қана жер бетінде қолданылатын сақтандырылмайтын жарылғыш зат грантол,алюнотол.
II класс:тек қана жер бетінде және газ бен шаң жиналуы бойынша қауіпсіз забойларында қолданылатын сақтандырылмайтын жарылғыш зат (түсі қызыл) гранулит 7921, АС-4, АС-4В,игдонит,аммонит,скльный №3, аммонит 6ЖВ,детонит М.
III класс: жарылғыш шаңы жоқ,тек қана метан бөлініп шығатын қазбалардың забойларының да тау жыныстары бойынша жарылыс өткізуге арналған сақтандырғыш,жарылғыш зат.(түсі көк,аммонит АП-5ЖВ)
IV класс:сілкіндіру жаылысы үшін немесе жарылыс шаңының жарылуына қауіпті қазбалар забойларында тау жыныстары және көмірді жаруға арналған сақтандырғыш,жарылғыш зат (түсі сары,аммонит Т-19ПЖВ)
V класс: жер асты қазбалар забойында метан бойынша аса қауіпті жыныстар мен көмірді жаруға арналған сақтандыру қасиеті жоғары сақтандырғыш жарылғыш зат (түсі сары,угленит Э-6)
VI класс : метан ауа қоспасымен оқтамның байланысы мүмкін болғанда жерасты қазбалар забойында метан бойынша аса қауіпті жыныстар мен көмірді жаруға арналған сақтандырғыш ,жарылғыш зат (түсі сары; угленит)
VII класс: жерасты қазбаларының забойында арнайы жарылыс жұмыстарын жүргізуге метан және шаң бойынша қауіпті жыныстар мен көмірді жаруға арналған сақтандырғыш, жарылғыш зат.
1)жарылғыш заттың жұмысқа қабілеттілігі- жабық кеңістікте жарылыс газдарының кеңеюі арқылы жарылғыш заттың жұмыс істеу қабілеті.
2)жарылғыш заттың ұсақтағыштығы оқтан мен жанасатын жыныстарды ұсату, ұнтақтау қабілеттілігі.

ТАУ ЖЫНЫСТАРЫНЫҢ МЕХАНИКАСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Тау жыныстары қозғалмаған кезде сірескен күйде болады.Жер қыртысындағы кез келген бөлікте кернеулілік кездеседі.Осы кернеулілікиің әсерінен жыныстардың бір бөлігі сірескен тепе- теңдікті көрсетеді.Бұл жер қыртысындағы қозғалмаған массивтің іші, сыртқы күштердің әсерінсіз өзінің формасын өзгертпейтінділігін түсіріледі.Тау жұмыстарын жүргізу кезінде осы тепе -теңдік бұзылып, қазба айналасындағы жыныстар деформацияланады.Осыны болдырмау үшін шаралар қолдану керек.Ол шаралардың біріне бекітпені орнату жатады. Бекітпе қазбаларының ішіне жыныстардың қозғалысына кедергі жасайды жне өзіне тау жыныстарының қысымын алады.Тау жыныстарының қысымы дегеніміз- қазбалар айналасындағы бекітпе мен тау жыныстарының массивіне әсер ететін жыныстардың күші.
Тау қысымының пайда болу шарттары:
1)тау-кен геологиялық- өңдеудің тереңдігі кен денесінің қуаты (қалыңдығы) жыныстардың физико- механикалық қасиеттері.
2)өңдеу технологиясының ерекшеліктері- қазбалардың мөлшерлері, формасы және орналасуы, оларды өткізу жылдамдығы және әдістері.Тау қысымының басқару әдістері.

БЕКІТПЕ МАТЕРИАЛДАРЫ

Бекітпе материалдары деп- тау-кен бекітпелерін дайындауға арналған материалдарды айтады.Бекітпе материалдары келесі түрлерге бөлінеді:
1)Бекітпе конструкцияларын қолдану бойынша:
А)Негізгі- металл,бетон, ағаш, табиғи және жасанды тастар, пластмассалар Б)Қосымша- су изоляциялық материалдар, химиялық реогенттер.
В)Тұтқыр( вяжущие) ерітінділері бетондарды, пластмассаларды дайындауға арналған цемент, әктас және смала.
2)Отқа қарсы тұра алу дәрежесі бойынша:
А)Отқа қарсы тұра алатын
Б)Жартылай
В)Жанатын
3)Қазбаларда қызмет ету мерзіміне байланысты:
А)Өте төзімді- бетон, металл
Б)Төзімсіз
4)күштің деформациясының сипаты бойынша:
А)мортты- бетон, тас
Б)серпімді- пластмассалық, металл
Бекітпе материалдары келесі талаптарға сай болу керек:
1)жоғарғы үлесті беріктілігі болу керек
2)бағасы қымбат болмауы керек
3)отқа төзімді және каррозияға қарсы тұра алу керек.

Ағаш материялдары
Тау қазбаларын бекіту үшін орман материялдары қолданылады.Себебі олардың беріктілігі жоғары,серпімділік қасиеті бар ,оңай өңделеді және қалғандарымен салыстырғанда арзан тұрады.Негізгі кемшілігі-отқа қарсы тұра алмайды,ұзақ уақыт қызмет ете алмайды.Еменді,ағашты бекітпелердің қызмет ету мерзімі 2-3 жылды құрайды.Сулылығы мол қазбаларда 1 жыл ғана қызмет етеді.Ағаш материялдарының қызметін жоғарылату үшін арнайы химиялық заттардың ерітінділері қолданылады.Бекітпе материялдары ретінде дөңгелек орман материялдары қолданылады.Олар:бөренелер,подтовар ник,стойкалар(тіреуіштер),пиламатер иялдар (пластиналар,брусья,тақтайлар,обапо лдар).
1)Бөрене дегеніміз-ұзындығы 5-9метрге жететін жоғарғы бөлігінің қалыңдығы 12см болатын ағаш оқпанының қиығы.
2)Подтоварник дегеніміз - ұзындығы 3-9м,қалыңдығы 8-11см болатын домалақ орман материялы.
3)Кенішті стойка дегеніміз-ұзындығы 0,5-5м болатын қалыңдығы 7-30см болатын домалақ орман материялы.
4)Брусья дегеніміз-қалыңдығы еніне тең пила материялдар.
5)Распилы дегеніміз-тең жартыға бөлінген тақтайлар.
6)Обаполы дегеніміз-ағаш оқпанының шет жақ бөлігі.Яғни тақтайшаларға бөлінген жері.
7)Тақтайлар дегеніміз- ені қалыңдығынан 2 есе артық болатын пиламатериалдар.
Металлдан жасалған бекітпелер
Металл- ең төзімді бекітпе материалдарына жатады.Металлдың беріктілігі жоғары, бекітпе түрінде бірнеше рет қолданылады.Отқа төзімді, ұзақ уақыт қызмет етеді.Металдың кемшілігі карозияға ұшырайды.Бекіту кезінде шойыннан және болаттан жасалған профильдер қойылады.
Тұтқыр заттар дегеніміз- ұсақ бөлінген, ұнтақ (порошок) тәрізді құрылыс материалдары.Сумен араластырғанда қатайып, қатты затқа айналады.Оларды байланыстыру үшін, құмдар, үйінділер қолданылады.
Бетон дегеніміз- жоғары беріктілікті, отқа қарсы тұра алатын төзімді жергілікті материалдардан дайындалатындықтан бағасы арзан бекітпе материалы.
Бетонның ерекшелігі соққы кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенді ашық әдіспен қазу жүйесі
Жауын-шашын
Райгородок кен орнының орналасуы
Ультранегізгі магмалы жыныстар
Қышқылдардың түрлері өңдеу
Геологиялық құрылысы
Зырянов кен орны (полиметалды)
Қаратау жотасындағы фосфорит кен орындарының геологиялық зерттелуі және олардың өңделуі
Қаратау жотасының физикалық-географиялық ерекшеліктері
Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы
Пәндер