Акционерлік құқықтары мен міндеттері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы «КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ»

«Бизнес және құқық»факультеті

«Құқықтану»кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Азаматтық құқық

Тақырыбы: Акционерлік қоғамдар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде

Орындаған:ЮП-18-5 студенті Қоштаева З.

Тексерген:аға оқытушы Орамахова М. Н.

Ақтау 2019

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І. Акционерлік қоғамның құрылуы мен жалпы сипаттамасы . . . 5

1. 1. Акционерлік қоғам түсінігі және оның құқықтық мәртебесі . . . 5

1. 2. Акционерлік қоғам құру тәртібі . . . 10

1. 3. Акционерлік құқықтары мен міндеттері . . . 13

ІІ. Акционерлік қоғам азаматтық құқықтық субъектісі ретінде . . . 18

2. 1. Акционерлік қоғам капиталының түсінігі және оның мәні . . . 18

2. 2. Акция түсінігі туралы . . . 22

2. 3. Акционерлік қоғамның атқару органы мен басқару принциптері . . . 27

2. 4. Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуы мен дамуы . . . 35

ІІІ. Қорытынды . . . 38

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 40

КІРІСПЕ

Нарық жағдайында маңызды орынды акционерлік қоғамдар алады. Акционерлік қоғамдар өз қызметін жүзеге асыра отырып, өз акцияларын шығару арқылы бағалы қағаздар нарығының қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазақстанда акционерлік қоғамның қалыптасуы нарықтық экономика көшумен және мемлекеттік кәсіпорындарды жекшелендірумен байланысты болды.

Басқа меншік нысанына қарағанда акционерлік қоғам ерекшелігі акционерлік қоғам формасын, жедел түрде ірі қаржы ресурсын жұмылдыру мүмкіндігі болып табылады. Сондай-ақ қоғамдар өз акцияларын шығара отырып, бизнесін жаңғыртады.

Акционерлік қоғамның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Акционерлік қоғамның басты табысы алдағы уақытта әр түрлі қаржы көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі экономикалық жағдайларда ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны ретінде акционерлік қоғамдар болып табылады. Бұл жеке және заңды тұлғалардың барлық қызмет аясындағы нарықтық экономиканың дамуымен түсіндіріледі. Нарықтық экономикаға көшу Қазақстан экономикасын дамытуда үлкен рөль атқаратын, біріншіден коммерциялық ұйымдарға қатысты жалпы құқықтық негіздер мен субъектілердің функцияларын жүзеге асыру құқықтарын айқындау үшін біршама заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің әзірлеуін талап етті. Айрықша орынды нормативтік актілердің арасында заңды тұлғалардың құрылуы мен қызметін құқықтық реттейтін нормалар алады.

Акционерлік қоғамдардың артықшылықтары біртіндеп, даму барысында байқалып, қазір дүние жүзі нарықтық экономикасында өз орнын бекітті.
Акционерлік қоғамдардың кең дамуы корпоративтік заңдардың көптеген түрлеріне бөлінуіне байланысты және ақырындап дамып, жетілдірілді, сондықтан осы саланы зерттеу қажеттілі туындауда болашақта оның рационалды және табысты қолдануы үшін қажет. Жұмыстың мақсаты - акционерлік қоғамның табысының қалыптасу жолдарын және олардың бөлу әдістерін қалыптастыра отырып, табысты қалыптастыру және бөлуді жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыруда келесідей міндеттер шешіледі;

- акционерлік қоғамның мәнін, қалыптасуын, түрлерін қарастыру- акционерлік қоғамның пайдасының қалыптасуын, бөлінуін қарастыру.

Акционерлік қоғамның құрылуы мен жалпы сипаттамасы

1. 1. Акционерлік қоғам түсінігі және оның құқықтық мәртебесі

Акционерлік қоғам - капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады.

Акционерлік қоғамда басқарудың ең жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Ол әдетте жылына бір рет өтеді, ал күнделікті істерге атқарушы орган - басқарма басшылық етеді. Мұның сыртында бақылаушы орган - тексеру комиссиясы сайланады. Акционерлік қоғамның тапқан пайдасы салықтар төлеуге, өндірісті кеңейтуге, резервтерді толықтыруға, жарғылық капиталды өсіруге және дивидендтер төлеуге жұмсалады. Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” Заң қабылданғаннан кейін Акционерлік қоғамдар құрыла бастады. 1998 жылы олардың саны 3 мыңнан асты. Акционерлік қоғамға қатысушылардың әрқайсысы өзі қосқан капиталдың сомасына сәйкес көлемдегі акцияларға ие болады және тиісті мөлшерде табыс - дивиденд немесе белгіленген пайыз алады.

Акционерлік қоғам - рұқсат ету жолымен құрылатын заңды кұқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акцио-нерлер болуға жеке адам да, заңды тұлғалар да хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келісім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды. ¥йымдастырушы тіпті бір адам болуы да мүмкін.

Қоғамның негізгі жарғылық қорының мөлшері сол елдің қолданылып жүрген заңымен белгіленеді. Мәселен, жарғылық қор Австралияда - 1 000 000 шиллинг, ФРГ-де -1 марка, Швейцарияда - 50 000 швед маркасы, Ресейде: жабық акционерлік қоғамға - 10 000 сом, ал ашық қоғамға 100 000 сом мөлшерінде белгіленген. Акционерлік қоғамның негізгі капиталы акцияларға бөлінеді, акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай келуі шарт. Ашық қоғамның акциялары еркін сату жолымен таратылады, оны кәсіпорындар да, жеке адамдар да сатып ала алады. Акционерлік қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізіліп тұрады. Онда тексеру және есеп (санақ) комиссиясы құрылады. Олардың мүшелері бір немесе бес жылға сайланады. Сонымен қатар директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) ұйымдастырылып, оның төрағасы бір жыл мерзімге тағайындалады. Ал директорлар кеңесі атқарушы директорды және оның мүшелерін сайлайды.

Қазақ КСР-нда акционерлік қоғамдар 1991 жылдан бастап құрыла бастады. Бұған негізгі түрткі болған 1990 жылдың 11-желтоқсанында “Қазақ КСР-нда шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы” деген атпен қабылданған Заң болатын. Осы заңның негізінде түрлі заң актілері, атап айтар болсақ, “Қазақ КСР-ндегі кәсіпорындар туралы”, “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” қабылданды. Осы аталып отырған нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасында акционерлік қатынастардың құлаштап дамуына жағдай туғызды. Акционерлік қоғамдардың нарықтық заманда кеңінен етек жаюына мемлекеттік мүлікті жекешелендіру процесі де өзінің үлкен үлесін қосты.

Акционерлік қоғамдар туралы Заңнан басқа акционерлік (корпоративтік) заңнаманың қатарына “Бағалы қағаздардың нарығы туралы”, “Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” заңдарды толығымен жатқызуға болады.

Түрлі мемлекеттерде олардың құқықтық базаларының ұқсастығына қарамастан, акционерлік қоғамдар үшін берілетін анықтамалар түрліше болып келеді. Бір топ авторлардың айтуынша “акционерлік қоғам дегеніміз - бұл капиталды шоғырландыру және акциялар мне облигацияларды сату жолымен құралатын капиталы құрылатын үлкен корпорациялардың негізгі ұйымдық нысаны болып табылады.

Ендігі бір топ авторалардың пікірлерінше, “акционерлік қоғам - бұл капиталы акционерлік қоғам құрылтайшыларының қаражаттарын біріктіру жолымен және акциялар мен облигацияларды сату жолымен құралатын қоғам болып табылады”. “Акционерлік қоғам - бұл кәсіпорынның бір ұйымдық құқықтық нысаны болып табылады. Олар ақшалай қаражатты шоғырландыру жолымен және пайда табу мақсатында акцияларды сату жолымен қаражатты орталықтандыруды жүзеге асырады”деген де ойлардың кездесетінін айту орынды.

Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 13-мамырындағы Акционерлік қоғамдар туралы Заңының 3-бабына сәйкес, өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғамдеп танылады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, акционерлік қоғамға Ресей Федерациясының да заңнамасы анықтама береді. Ол анықтамаға сәйкес, акционерлік қоғам - бұл жарғылық капиталы бірнеше белгілі бір акциялар санына бөлінген коммерциялық ұйым болып табылады.

Біздің пікірімізше, акционерлік қоғамдардың түсінігіне байланысты осыншама анықтаманың болуы осы қоғамның тек тарихи ерекшелігіне ғана байланысты емес, ол сонымен қатар осы акционерлік ұйымдардың күрделілігімен байланысты болып отырады. Осыған байланысты әлемдегі көптеген мемлекеттердің заңнамасында акционерлік қоғамдардың заңды анықтамасы берілмейді. Негізінен, біздің ойымызша, қазақстандық заң шығарушының акционерлік қоғамдардың түсінігіне байланысты заңдық анықтаманы бергені дұрыс болып табылады, себебі заңдық анықтаманың болуы барлық жағдайларда үлкен теориялық дауларға әкеп соқтыруы мүмкін.

Дегенменен, заңдық анықтаманың қаншалықты деңгейде берілгенімен бұл ұйымның барлық конститутивтік белгілерін заңдық анықтаманың құрамына сіңдіру мүмкін болып табылмайды.

Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының Заңы берген акционерлік қоғамның анықтамасы оны заңды тұлғалардың түрлерінің жүйесінен, сонымен қатар коммерциялық ұйымдардың жүйесінен тануға және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында алатын орнын анықтауға жеткілікті болып келеді.

Корпорациялардың көбісінің жауапкершілігі әдетте өз активтерімен шектелген болып келеді және акционерлер осының арқасында корпорацияның ісіне байланысты ешқандай тәуекелді көтермейді. Акционерлік қоғамдар салықтың арнайы корпоративтік ставкалары бойынша салық төлеуге жатады .

Акционерлік қоғам акционерін айта отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасының құрылтайшы, қатысушы, акционер түсініктерін жалпы анықтамамен анықтағандығын да айта кету керек болды. Мәселен, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаның құрылтайшысы қарастырылады. Оған сәйкес, мүлікті меншіктенушілер не олар уәкілдік берген органдар немесе жақтар, ал заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге де заңды тұлғалар заңды тұлғаның құрылтайшылары бола алады. Бұл орайда, мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе олар уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 44-бабының 3-бөлімінің, 85-бабының 2-бөлімінің, 86-бабының 5-бөлімінің негізінде акционерлік қоғам акционерлері толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі қатысушының анықтамасына тиесілі болып кетеді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 44-бабының 3-бөлімі акционерлердің құқықтық жағдайларына да әсер етеді, ал бұл өз кезегінде акционер мен акционерлік қоғам арасындағы қатынастардың логикасына кереғар болып келеді. Сонымен қатар ол кодекстің құрылымына қарайтын болсақ, заңды тұлғалардың құқықтық жағдайларын қарастыратын жалпы нормалардың құрамында тұр.

Қазақстан Республикасы Акционерлік қоғамдар туралы Заңының 3-бабының 2-бөліміне сәйкес, қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді. Осы аталып отырғанымызға сәйкес, қоғам таратылған жағдайда акционерлерге акционерлік қоғамның міндеттемелерін өтеу міндеті жүктелмейді. Осының өзі акционерлік қоғамның, дәлірек айтсақ осы қоғамның таратылуының өзіндік, спецификалық ерекшелігін көрсетеді. Атап айтатын болсақ, серіктері серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің мүлкімен толық ортақтасқан түрде жауап беретін толық серіктестіктен.

Сонымен, біздің ойымызша заң шығарушының акционерге қатысты қатысушы деп анықтама беруі, біздің пікірімізше, қате болып келеді, өйткені олардың құқықтық мәртебелері түрлі болып келеді.

Акционерлік қоғам өз акционерлерінің акцияларымен ғана шектелген жауапкершілікке ие болып табылады. С. И. Климкиннің айтуынша, акционерлік қоғамның осы белгісі акционерлік қоғамды серіктері шексіз жауапты болатын толық серіктестіктен және шектеулі жауапкершілігі шексіз жауапкершілікпен жанасатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайынан ерекшелейді.

Өндірістік кооперативтен акционерлік қоғамның ерекшелігін алып қарастыратын болсақ, акционерлік қоғамда өндірістік кооперативіндегідей қатысушылардың еңбектік қатысуы қажет болып табылмайды.

Бұл дегеніміз акционерлік қоғам акционері еңбектік қатысудан бөлінгендігін білдірмейді. Кез келген уақытта акционердің акционерлік қоғамда еңбектік қатысу жетіклікті деңгейдегі нәтижелерге алып келетіндігі айқын, себебі акционерлік қоғам бұл тек қана капиталдың жиынтығы емес, ол сонымен қатар меншік иелерінің - капитал иелерінің жиынтығы болып келеді. Акционерлік қоғамда жеке қатысудың шегі акционерге тиесілі акциялардың санымен айқындалады.

1. 2. Акционерлік қоғам құру тәртібі

Акционерлік қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып табылады. Акционерлік қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары оны құруға байланысты ол мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін туындаған мәліметтер бойынша бірлесіп жауап береді. Егер шығыстарды төлеу жөнінде мәселе туса, мұндай шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына кейіннен осындай шығыстарды акционерлік қоғамның құрылтайшыларының жиналысы немесе акционерлердің жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана өтейді. Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының (құрылтай жиналысының) шешімімен құрылады. Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда акционерлік қоғам құру туралы шешімді осы тұлға жеке - дара қабылдайды.

Қазақстан Республикасының Үкіметін, жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Мемлекеттік кәсіпорын акционерлік қоғамның құрылтайшысы болуға және осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекеттік басқару органдарының міндетін жүзеге асыратын мемлекеттік органының келісімімен ғана оның акцияларын сатып алуға құқылы. . Акционерлік қоғамдар туралы заңға және басқа да заң актілеріне сәйкес, акционерлік қоғамды қайта құру арқылы құрылуы мүмкін. Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар :

- қоғамда құру туралы шешім қабылдайды және қоғамды құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін белгілейді;

- құрылтай шартын жасайды;

- құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың мөлшерін белгілейді;

- жарияланған акциялардың, сондай-ақ құрылтайшылар төлеуге тиісті акциялар санын белгілейді;

- шығарылатын болып жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;

- қоғамның тіркеушісін таңдайды;

- мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қоғам атынан қол қоюға уәкілетті адамдарды сайлайды;

- акционерлік қоғам құрылтайшыларының жарғылық капиталды төлеуге енгізілетін мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалайтын адамдарды анықтайды;

- акционерлік қоғамның органдары құрылғанға дейін қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті адамдарды сайлайды;

- акционерлік қоғамның жарғысын бекітеді; Акционерлік қоғам акционерлерінің бірінші құрылтай жиналысында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, екінші және одан кейінгі құрылтай жиналыстарында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) қол қоюға тиісті хаттамамен ресімделеді.

Акционерлік қоғамның көптеген құрылу жолдары бар. Олар - жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаны акционерлік қоғам түрінде қайта құру, олардың бірнешеуін біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару және өзгерту. Акционерлік қоғамды ұйымдастырудың осы айтылған жолдары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа қоғамның жарғысын бекітуді және органдарын сайлауды жаңадан пайда болған қоғамның ұсынысы бойынша белгілі-бір мерзімде өткізілген акционерлердің жалпы жиналысының асыруы қоғамды қайта құру болып есептеледі. Екі немесе одан да көп қоғамның соңғысының қызметін тоқтатып, барлық мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін өткізу актісіне сәйкес берумен жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бірігуі деп аталады.

Бірігуге қатысқан әрбір қоғамның барлық өзгерген деректері жаңа қоғамның акционеріне баспасөзде жариялау арқылы берілуі тиіс. Қосылатын қоғамның мүліктерін, құқықтары мен міндеттерін тиісті өткізу актісіне сәйкес басқа қоғамға өткізу мен оның қызметінің тоқтатылуы қоғамның қосылуы деп танылады. Қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның акцияларын, кейіннен жаңадан құрылатын қоғамдардың акцияларына айырбастаумен осы қоғамның барлық мүліктерін жаңадан пайда болған қоғамдар арасында бөлу арқылы қоғамның барлық мүлкін, құқықтарын және міндеттерін өткізу мен оның қызметін тоқтатуды жүзеге асыру қоғамды бөлу болып танылады. Мұнда бөлінетін қоғамның құқықтары мен міндеттері бөлініс балансына сәйкес жаңадан пайда болған қоғамдарға өтеді. Қоғамнан бөліну нәтижесінде пайда болған қоғамдар қайта ұйымдастырылған қоғамның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады. Қызметін тоқтатпастан қайта ұйымдастырылған қоғамның мүліктерінің, құқықтарының және міндеттерінің бір бөлігін өткізумен бір немесе бірнеше қоғамды құру қоғамның бөлініп шығуы деп аталады. Егер қоғамның барлық құқықтары мен міндеттері жауапкершілігі шектеулі серіктестікке немесе өндірістік кооперативке акт бойынша өтсе ол қоғамды қайта құру деп танылады.

1. 3. Акционерлердің құқықтары мен міндеттері

Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен реттеледі.

Жай акция акционерге дауыс беруге ұсынылатын барлық мәселелерді шешу кезінде акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқық береді, қоғам таза кіріс алса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қоғамның жеке меншік мүлкінің бөлігі болған жағдайда дивиденд алуға құқық береді.

1. Акционер - акцияның меншік иесі болып табылатын тұлға.

Қоғам акционерінің мынадай негізгі құқықтары бар:

- Заңмен және қоғамның Жарғысымен көзделген тәртіппен қоғамды басқаруға қатысу;

- қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қоғамның Директорлар кеңесіне (бұдан әрі - Директорлар кеңесі) сайлану үшін кандидатураларды ұсыну;

  • қоғам органдары қабылдаған шешімдерді сот тәртібімен даулау;
  • дивидендтер алу;

- қоғам қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысымен немесе қоғам жарғысымен белгіленген тәртіппен қоғамның қаржылық есеп беруімен танысу;

- тіркеушінің немесе номиналды ұстаушының бағалы қағаздардың меншік иесі құқығын растайтын үзінді көшірмені алу;

- қоғамға оның қызметі жөнінде жазбаша сұратулар жіберу және қоғамға сұрату түскен күннен бастап отыз күн ішінде дәлелді жауаптар алу;

- қоғамның акцияларын немесе басқа бағалы қағаздарын бағалы қағаздарды орналастыру (сату) туралы шешім қабылдаған қоғамның органы белгілеген орналастыру (сату) бағасы бойынша ондағы бар акцияларға теңбе-тең артықшылықпен сатып алу.

Бұл ретте қоғамның жай акцияларын иеленуші акционердің қоғамның жай акцияларына айырбасталатын жай акцияларды немесе басқа бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығы бар, ал қоғамның артықшылықты акцияларын иеленуші акционер қоғамның артықшылықты акцияларын жеңілдікпен сатып алу құқығы бар.

Қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды жеңілдікпен сатып алу құқықтарын іске асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді және ол Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасының 2006 жылғы 12-тамыздағы № 151 қаулысымен бекітілген Қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқықтарын іске асыру ережесімен анықталады.

Акционер акцияларды не қоғам акцияларына айырбасталатын өзге бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес қоғам акцияларын орналастыру туралы хабардар еткен күннен бастап отыз күн ішінде оны сатып алуға өтініш беруге құқылы.

Акционер артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес қоғамның орналастырылатын бағалы қағаздарын сатып алу үшін қажет акциялар санын білмеген жағдайда орналастырылатын бағалы қағаздарды басқа акционерлермен бірге жалпы меншік құқығы бойынша сатып алуға құқылы.

- қоғам таратылған жағдайда жеке меншік мүліктің бөлігіне.

Сонымен қатар акционер құқылы:

- қоғамнан жарғының көшірмесін және Заңмен көзделген қоғамның басқа құжаттарының көшірмелерінің берілуін талап етуге.

Қоғам одан жарғының көшірмесін талап етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны беруге міндетті. Өзге құжаттар қоғам жарғысында белгіленген тәртіппен ұсынылады, сонымен қатар қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларға шектеулер қоюға жол беріледі.

Қоғам акционерден құжаттар көшірмелерін бергені үшін көшірме жасау шығыстарынан аспауы тиіс төлемді ұстап қалуға, ал ол жеткізіліп берілуі қажет жағдайда - жеткізіліп берілгені үшін төлем ақы алуға құқылы;

- акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралып отырған мәселелер бойынша жеке және өз өкілі арқылы дауыс беруге;

- қоғам берешегінің пайда болу мерзіміне қатыссыз алынбаған дивидендтеріне ақы төлеуді талап етуге.

Белгіленген мерзімде дивидендтерге ақы төленбеген жағдайда акционерге дивидендтердің негізгі сомасы төленеді және ақшалай міндеттемені немесе оның тиісті бөлігін орындаған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кері қаржыландыру ресми мөлшерлемесін негізге алып есептелген дивидендтер мен өсімпұл сомасы төленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акционерлік қоғам түсінігі
Акционерлік қоғам қызметі
Заңды тұлғаларды таратудың жалпы ережелері
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары
Заңды тұлғалардың түрлері
Акционерлік қоғам туралы жалпы түсінік
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы жиналысы
Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет пәні бойынша дәрістер
Коммерциялық ұйымдардың құқықтық нысандары
Акционерлік қоғамның міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz