Сот отырысына келмеу себептері


КІРІСПЕ
Осы курстық жұмысымның бірінші инстанцияда азаматтық істерді сот мәжілісінде талқылаудың мәселелері, сонымен қатар апелляциялық және қадағалау инстанцияларында іс қарау ерекшеліктерін қарастырылған.
Бұл жұмысты жазу барысында ғылыми жария жұмыстар, ғалымдардың монографиялық зерттеулері, нормативтік-құқықтық актілер мен оқулықтар пайдаланылған.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарауда азаматтық процестің негізгі сатысы ретінде сот талқылауының түсінігі, мәні, маңызы жайлы айтылған.
Жұмыстың екінші тарауы сот мәжілісінің бөлімдеріне арналған. Әр бөлімде соттың атқаратын процессуалдық әрекеттері туралы баяндалған. Сот мәжілісін шешім шығармай аяқтау және сот отырысы хаттамасы туралы жазылған.
Бұл курстық жұмыста сот талқылауына қатысты процессуалдық терминология («сот мәжілісі», «апелляция», «реплика», «инстанция» және т. б. ) қолданылған.
Сот талқылау азаматтық процестің негізгі сатысы ретінде соттардың республика саясатын өмірге келтіруінің негізгі құралы болып табылады.
Азаматтық процесс толығымен әділеттілік міндеттерін атқаруға бағытталған, дегенмен осы міндеттерді сот тікелей сот талқылауы кезінде жүзеге асырады. Сот талқылауы дәрежесіне, оның толыктылығы мен объективтілігіне азаматтық істер бойынша қазақ сотының беделі, соттың жұмысының сапасы байланысты болады. Құқық нормаларымен дәл сәйкестікте әртүрлі азаматтық істерді қарап және шеше отырып, сот мемлекеттің өзінің негізгі функцияларын жүзеге асыруына үлкен үлес қосады осымен, ақыр аяғында, азаматтық процестегі сот талқылауының маңыздылығы анықталады.
Сот талқылауы сатысында сот азаматтық істі мәні бойынша қарайды, объективтік шындықты анықтайды және мемлекет атынан іс бойынша шешім шығарады.
Сот талқылауының үлкен тәрбиелік мәні бар.
Сот азаматтарға азаматтық іс бойынша дұрыс және сенімді шешім шығарумен ғана емес, сонымен қатар сот талқылауының процедурасының өзімен де тәрбиелік әсер етеді. Істі қараудың қатаң және нақты процессуалдық тәртібі, процесте соттың заңдылықты дәл, нақты сақтауы, соттың тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін барлық шаралармен қорғау тек шешімнің сенімділігін, заңдылығын және негізділігін ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар азаматтарға үлкен тәрбиелік әсер етеді.
Сот талқылауы сатысында азаматтық процестің барлық қағидалары бұл ең алдымен сот талқылауының қағидалары.
Азаматтық процестің сатысы ретінде сот талқылауы процестің осы сатысында сот азаматтық істі мәні бойынша шешетіндігі - іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттейді және іс үшін маңызы бар фактілерді анықтайды, тараптар арасындағы құқық қатынасты тараптардың шынайы құқықтары мен міндеттерін анықтайды, тараптар арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды қолдана отырып іс бойынша мемлекет атынан шешім шығаратындығымен сипатталады.
Азаматтық процестегі сот талқылауы азаматтық іс жүргізу құқығымен реттелген азаматтық істі сот отырысында мәні бойынша қарау кезінде қатысатын процестің басқа да қатысушыларының қызметі.
Азаматтық істердің сот талқылауына көптеген монографиялық еңбектер, жария жұмыстар арналған. Бұл сот талқылауының маңыздылығы мен мәнділігіне байланысты болып отыр.
Бұл жұмыста азаматтық істердің сот талқылауының түсінігі, мәні мен маңызы, сот талқылауының бөлімдері, шешім шығармай сот мәжілісін аяқтау, апелляциялық және қадағалау сатыларында сот талқылауының ерекшеліктері туралы баяндалған.
1 АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТ МӘЖІЛІСІНДЕ ТАЛҚЫЛАУ - ІС ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ САТЫСЫ РЕТІНДЕ.
1. 1. Сот талқылауының түсінігі және мәні.
Сот талқылауы туралы көптеген жария жұмыстар, соның ішінде монографиялық зерттеулер бар. Ғалым тәжірбиешілердің және тәжірбиеші-судьялардың соттың бірінші инстанцияда істі қарауы жөніндегі мәселеге деген үлкен коңіл болушіліктері орынды. Ғалымдар сот талқылауының маңыздылығы мен мәнділігін ескере отырып, істерді сот отырысында қарау кезінде сор өндірісінің міндеті «алдымен және бәрінен көпң жүзеге асырылады, сонымен қатар процесс мақсатына кеңірек қол жеткізіледі дейді.
Шынымен де, нақ істі сотта қарау барысында сот өндірісінің негізінен ҚР АІЖК-ң 5-бабында анықталған міндеттері жүзеге асады.
Сот азаматтық істерді қарай отырып:
1. азаматтардың бұзылған (құқықтары) және даулы құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, үйымдардың құқықтары мен заңи мүдделерін және мемлекеттің мүдделерін қорғауды жүзеге асырады;
2. тараптардың құқықтары мен міндеттерін және заңи маңызы бар фактілердің бар-жоғын анықтау жолымен істі мәні бойынша қарайды;
3. тараптардың құқықтары мен міндеттерінде жақтылықты анықтау жолымен тараптар арасындағы құқық туралы дауды жояды; 4. бұзылған құқықты немесе бұзылу қаупі бар құқықты не даулы құқықты жаю арқылы заңдылықты бекітеді; 5. азаматтық, еңбектік, тұрғын үй, қаржылық және материалдық құқықтың басқа да салаларының нормаларының бұзылуының алдын алады.
Сот талқылауында әділеттілік тікелей жүзеге асады.
Сот талқылауын екі мағынада түсінуге болады. Біріншіден, сот талқылауы деп азаматтық процесстің бір бөлімі аталады. Оның мақсаты соттың азаматтық істерді бірінші инстанцияда қарай. Екіншіден, сот талқылауын азаматтық сот өндірісінің жеке процессуалдық функциясы ретінде қарастыру керек. Мұндай түсінік сот талқылауында өзінің мақсатты бағытына байланысты. Сот талқылауының функциясын процессуалдық құқықтық қатынастардың және қатысушылардың ерекше құрамы, құқық қолданудың заңи көрінісі және жүзеге асатын заңи құралдардың жүйесі ерекшелендіреді. Бұл функция сот өндірісін қозғаумен басталады және шешім шығарумен аяқталады.
Сот талқылауы азаматтық процесстің екі сатысында да жүзеге асырылуы мүмкін: Істі соттың бірінші инстанциясында қарағанда және апелляциялық өндірісте. Сондықтан аталған сот өндірісі сатыларында олардың бөлінбейтін бөлігі - сот талқылауы процестің осы сатыларының бөлігі ретінде бірінші және апелляциялық инстанция сотының және өзара бір мақсатпен біріккен сот өндірісінің басқада қатысушыларының процессуалдық әрекеттерінің жиынтығы. Аталған сатылардың бұл бөлігі соттың істі сотта іс қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығаруынан басталады.
Бірінші инстанция сотында істі қарау жөніндегі процессуалдық іс әрекеттер істі мәні бойынша қарау мен шешуге (құқықты, міндетті және заңи айғақты анықтау туралы дау) бағытталған оның нәтижесі болып шешім шығару не қорытынды ұйғарым шығару танылады.
Азаматтық істерді сотта қарау - бұл соттын және процесстің басқа да қатысушыларының істі қарауға және оны мәні бойынша шешуге бағытталған процессуалдық әрекеттерінің жиынтығы.
Сот талқылауын азаматтық іс жүргізу құқығы саласының бір институты ретінде қарастыруға болады.
Біз білетініміздей, азаматтық іс жүргізу құқығы саласының нормалары азаматтық істерді қарау және шешумен, сонымен қатар сот қаулыларын атқарумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Азаматтық іс жүргізу құқығының құрылымдық бөлігі болып табылатын сот талқылауы институтының нормаларының реттеу пәнін не құрайды?
Сот талқылауы институтының реттеу пәнін бірінші және апелляциялық сот инстанцияларында істі қарау жен оларды мәні бойынша нешумен байланысты туындайтын қатынастар құралды.
Азаматтық істерді қарау кезінде сот жүзеге асыратын міндеттер мен осы институт реттейтін қатынастарының маңыздылығы сот талқылауы институты азаматтық іс жүргізу құқығының орталық институты болып табылады деуге мүмкіндік береді.
Сот талқылауы азаматтық сот өндірісінің негізгі міндетті сатысы болып табылады. Сот талқылауы - бұл азаматтық істерді мәні бойынша қарау және шешу.
Онда дәлелдемелерді дұрыс және жан-жақты зерттеу негізінде істі дұрыс шешу үшін маңызы бар фактілік мән-жайлар анықталады, нақты құқықтық қатынас шегінде құқықтар мен заңды міндеттер нақтыланады және даудың мәні бойынша мемлекет атынан шешім шығарылады.
Іс жүзінде нақ осы бөлімде әділ соттылық жүзеге асады. Басқаларында оны жүзеге асыру дайындалады және iстi қарау заңдылығы кадағаланады не шешім орындалады.
Процестің осы бөлігінде соттар өздеріне жүктелген субъективтік құқықтар мен заңды мүдделерді қарау жөніндегі міндеттерін атқарады және іске қатысушы тұлғаларға және сот мәжілісі залындағы қатысушыларға тәрбиелік әсер етеді.
Процессуалдық әдебиетте сот талқылауы және сот отырысы ұғымын бірдей деп қарастырады. Бұл терминдерге бір мағына беруге болмайды. Сот отырысы сот талқылауының тек процессуалдық нысаны болып табылады.
Сот талқылауы - қаралып отырған істі тараптардың және күә, сарапшы, аудармашы ретінде тартылып отырған тұлғалардың және іске мүдделі басқа да тұлғалардың қатысуымен нақты мән-жайларды анықтау мақсатындағы бірінші инстанция сотының қызметі. Олардың сот талқылауы кезінде қатысуы тараптардың құқықтары не мүддеттерін дұрыс анықтауға және соттың заңды және негізді шешім шығаруына септігін тигізеді.
Сот талқылауына дейінгі барлық өндіріс нақ сол істі дайындау сот талқылауына толығымен бағынышты.
Сот талқылауы кезінде сот істің шынайы мәнжайын жанжақты, толық және объективті анықтау үшін заңмен көзделген барлық шараларды жүзеге асырады. Дұрыс жүргізілген сот талқылауы - заңды және негізді шығарылған сот шешімінің кепілі.
1. 2. Істі мәні бойынша қараудың маңызы.
Азаматтық істерді соттың бірінші инстанциясында қарауы және шешуі азамуттық процестің ең маңызды бір сатысы болып табылады.
Субъективтік құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау жөніндегі (сотқа жүктелген міндеттер) сонымен қатар тәрбиелік әсер ету бойынша міндеттер ең алдымен көп жағдайда сот отырысында істі талқылау кезінде жүзеге асырылады.
Әрбір дұрыс өткізілген сот отырысы, бір қарағанда маңызды емес iс қаралсада, сот отырысында қатысқан азаматтардың қоғамдағы адамдарға деген көзқарасын қалыптастырады. Сот қарайтын әрбір нақты істе, азаматтар заңның әділеттігіне, және қоғамға пайдалалығына, олардың мүлтіксіз орындалатындығына, қол сұғылмайтындығына көз жеткізеді.
Сот отырысы тек процессуалдық нормаларды сақтай отырып, азаматтық іс жүргізу қағидаларына қатаң түрде сәйкес жүргізілгендеғана өз мақсатына жетеді.
Сот отырысында азаматтық істерді қарап және шеше отырып, әділеттілікті жүзеге асырады. Сот әділдігі - мемлекеттік қызмет, себебі «сот билік органы болып табыладың, ал «сот қызметі мемлекетті басқару с функциясының бір түрің, ал әрқашанда мемлекеттік биліктік сипатта болады. Сондықтан азаматтық субъективтік құқықты соттың қорғауы мемлекеттік қорғаудың ең жоғарғы нысаны болып саналады.
Сот талқылауы тек азаматтық құқықты қорғау үшін ғана емес, сонымен қатар азаматтық құқық бұзушылықтың алдын алу үшінде де маңызды.
Мүліктік, жеке құқықтарды және заңмен қорғалатын заңи мүддені қорғауды құқық қорғау және юридикалық функцияларды атқарушы мемлекетті және қоғамдық органдар жүзеге асырады. Құқық қорғау органдары сәйкесінше құқық саласын басқаратын заң актілерінде көрсетіледі. Азаматтық құқық сотпен, кәсіпорындармен және басқа да қоғамдық ұйымдармен қорғалады.
Құқық пен заңи мүддені қорғайтын органның ішінде ерекше орын алатыны сот.
Юридикалық тұрғыдан әдiлсоттылық мүліктік және жеке құқықтарды тану, бұзылған жағдайда қалпына келтіру жолымен қорғау туралы азаматтық және қылмыстық істерді қарау жөніндегі және заң негізінде құқық бұзушыға мәжбүр ету шараларын қолдану жөніндегі заңмен реттелген соттың қызметі болып табылады.
Сотта іс қарау шынайы демократиялық қағидаларды құрылады. Демократизм сотты ұйымдастырудың өзінде, сонымен қатар оның қызметінің процессуалдық тәртібінде де көрініс табады.
Сот талқылауының 1 жариялылық ашық сипаты тараптардың қорғануға құқығын соттың қызметін қоғамдық қамтамасыз етуді және сот отырысына қатысқысы келгендерге қатысу мүмкіндігін қамтамасы етеді. Ашық сот талқылауының үлкен тәрбиелік мәні бар. Сот талқылауын жабық түріде өткізу сот өндірісінің барлық ережелерін сақтаумен жүзеге асырылады.
Ашық сот талқылауы тәрбиелік әсер етеді және құқық бұзушылықты туғызатын жағдайымен себептерді ашуға, сонымен қатар алардың болашақта болдырмау не алдын-алуға септігін тигізеді.
Сот талқылауы сатысында іс жүргізудің принциптері толығымен көрініс табады.
Сот талқылауы азаматтық істер бойынша әділеттілікті жүзеге асыру нысаны болып табылады, сондықтан сот әділдігін тек қана соттардың жүзеге асыру қағидасы осы бөлімде жүзеге асады.
Барлық азаматтық процесс әділеттіліктің міндеттерін орындауға бағытталған, дегенмен осы міндеттер тікелей сот талқылауы кезінде жүзеге асады. Сот талқылау дәрежесіне, оның толықтылығымен объективтілігіне сот жұмысының сапасы, соттың беделі, азаматтық істер бойынша әділеттілік міндеттерін орындау байланысты болады.
2 СОТ МӘЖІЛІСІНІҢ БӨЛІМДЕРІ
2. 1 Дайындық бөлімі
Сот талқылауы жүзеге асырылып жатқан жағдай соттың істі қарауының мұқалттылығына, қатандығына ешкімнің кермәні болмайтындай болуы керек. Нақты істерді шешкенде мәдениеттілікті сақтау - бул тек сот залын қажетті түрде безендіру, істі тындау кезінде тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен қатар соттың тараптар мен дұрыс қарым - қатынасы, процессуалдық сұрақтарды шешкен кезде бір қалыпты және дұрыс болуы, судьяның заң терминологиясын дұрыс қолдануы. Сот талқылауының нақты, шынайы мәдениеті туралы ол тек заң талаптарына сәйкес болғанда ғана айтуға болады. Істі қараушы судьялардың әрбір әрекеті согтық объективтіліктің және принциптіліктің жоғарғы талаптарына істің бар мән-жайын жан-жақты және объективтілік толықтық талаптарына бағынышты болуы керек.
Сот талқылауы келесідей 4 бөлімнен тұрады: 1. Дайындық бөлімі. 2. Істі мәні бойынша карау. 3. Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы. 4. Соттын шешім шығаруы және жариялауы.
Өзінің мақсаты мен өзіне тән мазмұны бар әрбiр бөлiм бірбірімен тығыз байланыста болып, барлығы бірігіп сот талқылауының бірыңғай процесін құрайды.
Дайындық бөлімінде жүзеге асырылатын әрекеттер АІЖК-нің 180-191 баптарымен реттелген және іс әрекеттердің келесі тәртібі қарастырылады: - сот отырысын ашу; - процеске қатысушылардың келуін тексеру; - аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру; - кужарды сот отырысы залынан шығару; - сот құрамын жария ету және қарсылық білдіру құқығын түсіндіру; іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру; соттың іске қатысушы адамдардың өтінімдерін шешуі: - іске қатысушы адамдар мен окілдердің сот отырысына келмеу салдары туралы сұрақтарды шешу; сот отырысына куәнің, сарапшының, маманның, аудармашының келмеу салдарымен байланысты сұрақтарды шешуі; істі кейінге қалдыру, - істі қарау кейінге қалдырылған кезде куәлардан жауап алу; - зардапшы мен маманға алардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.
Істі қарау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай азаматтық іс қаралуға тиіс екенін жария етеді. Бұл сот отырысы басталатың ең алғашқы процессуалдық әрекет.
Бұл іс-әрекет сотпен талапкердің, жауапкердің және процесстің басқа қатысушыларының келу-келмеуіне байланыссыз жүзеге асырылады. И. К. Пискарев: «процеске қатысушылардың біреуінің келмеуіне байланысты заңмен бекітілген іс-шараларсыз кейінге қалдыру кеtен тұлғалардың процессуалдық құқықтарын шектейді. Олардың осы жағдайға байланысты өздерінің көзқарасын білдіруін қарсылық және отiнiш беру мүмкіндігінен айырадың дейді. Ал Процеске қатысушылардың келуін тексеру. Сот отырысының хатшысы осы іс бойынша шақырылған адамдардан кімнің келгенің, келмеген адамдарға хабар берілген-берілмегендігін және олардың келмеу себептері туралы қандай мәліметтердің бар екендігін сотқа баяндайды.
Процеске қатысушылардың келгендігін анықтағаннан кейін төрағалық - етуші келгендердің кім екенін анықтайды, сондай-ақ лауазымды адамдар мен окілдердің окілеттіктерін тексереді.
Аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру. Бұл процессуалдық әрекет со ендiрiсi тілін білмейтін тұлға істі қарау кезінде жүзеге асырылатын барлық іс-әрекеттер туралы білу мүмкіндігіне не болуы үшін сот мәжілісінің басында жүзеге асырылады.
Соттың бірінші әрекетінің өзі егер ол іске қатысушы тұлғалардың біріне түсініксіз болса онда осы тулга, түсінетін тілге аударылуы керек.
Аудармашылау ол мұндай мүмкіндіктен айырылады, себебі аудармашы өзіне жүктелген міндеттерді орындауға сот АІЖК-ң 182 бабында көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асырғаннан кейін ғана кіріседі. Төрағалық етуші аудармашыға оның сот жүргізіліп отырған тілді білмейтін адамның түсіндірмелерінің айғақтарының, мәліметтерінің жария етілетін және істе бар құжаттардың дыбыс жазбалардын, сарапшылар қорытындыларының, мамандар консультацияларының, сондай-ақ судья өкімдерінің, сот қаулылары мен шешімдерінің мазмұнын аудару міндетін түсіндіруі.
Төрағалық етуші аудармашыға корiнеу дұрыс аударма жасамағаны үшін ҚР-ң қылмыстық кодексінің 352, 353-баптарында көзделген жауапкершілік жөнінде ескертеді. Аудармашының бұл туралы қолхаты сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі. Аудармашы сотқа келуден немесе өз міндеттерін орындаудың жалтарған жағдайда оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жаза белгіленуі мүмкін.
ҚР АІЖК-ң 182-бабының ережелері сурдоаудармашылар, яғни саңырау, сақтау адамдар қолданатын белгілерді аударатын тұлғаларғада қатысты қолданылады.
Куәларды сот отырысы залынан шығару. Келген кужар сот отырысы залынан шығарылады. Куәларды шығарғанға дейін оларға сот мәжілісі залына көрсетулер (түсініктемелер), беру үшін бір бірден шақырылатындығы түсіндіріледі. Кужарды шығару куәнің жауаптарының “қол сұғылмайтындығын” қамтамасыз ету үшін, іске қатысушы тұлғалардың түсініктемелерінің және басқа ақпараттардың куәлерге әсер етуі нәтижесінде олардың жауаптарының мазмұнының “деформациялануын” болғызбау үшін жүзеге асырылады. Төрағаның етуші жауап алынған куәлардың жауап алынбаған кужа рмен сөйлеспеуіне шаралар қолданады.
Сот құрамын жария ету және қарсылық білдіру құқығын түсіндіру. Сот құрамын жариялаған кезде судья өз фамилиясын, егер іс алқалы түрде қаралатын болса, басқа да судьялардың фамилиясын айтады. Сонынан сот отырысында қай судья торағалық етушінің міндетін атқаратыны айтылады. Одан әрі судья прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы, сот приставыретінде кімдердің қатысатының хабарланды және бұл кезде аталған әрбір қатысушының лауазымы айтылады. Одан кейін судья іске қатысушыларға қарсылық білдіру құқығы, әділеттi сот шешімін шығарудың бір процессуалдық кепілдігі ретінде қарастырылады. Іске қатысушыларға қарсылық білдіру құқығы түсіндірілгендігі туралы сот мәжілісінің хаттамасына жазу еегізіледі.
«Қарсылық білдіру негіздеріне қаралып жатқан іске қатысты қарсылық білдірілген тұлғалардың объективтілігіне күмән келтіретін кез-келген мән жай жатқызылуы мүмкін. Қарсылық білдіру туралы сұрақты шешуі әрбір нақты істе сотқа берілген.
Қарсылық судьяға, прокурорға, сарапшыға, маманға аудармашыға, сот мәжілісінің хатшысына және сот приставына білдірілуі мүмкін.
Судьяға қарсылық білдіру негіздері АІЖК-ң 40-бабында көрсетілген. Егер судья: 1. Осы істі мунын алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса. 2. Іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса. 3. Істің нәтижесінде жеке тікелей немесе жанаша түрде мүдделі не оның әділдігіне негізді күмән тұғызатын өзге де мән жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдіруге тиіс. Істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды.
АІЖК-де судьяның істі қарауға қайта қатысуына жол берілмейтіндігі туралы ереже бар. Сондықтан судьяның осы істі бұрын қарауға қатысуын судьяға қарсылық білдіруге тағы бір негіз деп санауымызға болады.
АІЖК-ң 40-бабының 1-бөлімінде көрсетілген қарсылық білдіру үшін негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына, сот приставына да қолданылады. Сонымен қатар олар келесі жағдайыларды іске қатыса алмайды:
1. Егер ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың екiлдеріне қызмет жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;
2. Ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса, не осы азаматтық істі қарағанда қолдаланылса.
Ресей заңдары бойынша сонымен қатар осы негіздер бойынша іске қатысудан қоғамдық ұйымдардын және еңбек ұжымының өкілдеріде шеттетілуі мүмкін.
Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот приставының осы істі мұның алдында қараған кезде тиісінше прокурор, маман, сарапшы, аудармаша, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіруге негіз болып табылмайды.
АІЖК-ң 40, 41 баптарында аталған мән-жайлар болған кезде судья, прокурор, сарапшы, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Сол негіздер бойынша іске қатысатын адамдар қарсылық білдірілетінің мәлімдеуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz