Бұдан бөлек қылмыстық құқықтық нормаларды азаматтарда бұлжытпай заңды сақтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қылмыс,онымен тығыз байланысты жаза қоғам тарихының барлық дəiрлерiнде өзгермелi сипатта болып келген ұғымдар. Қылмыс - бұл адам iс-əрекетiнiң бiр түрi. Осы тұрғыдан алғанда, қылмыстық құқықта қылмыс ұғымына екi анықтама беру қалыптасқан. Қылмыстың формальды анықтамасы бойынша, қылмыс дегенiмiз - қылмыстық заң арқылы жазалау қатерiмен тыйым салынған адамның белгiлi бiр əрекетi. Алайда, мұндай анықтама қылмыстық əрекеттiң мəнiн ашпайды, не үшiн заң шығарушы қандай да бiр əрекеттi жасауға тыйым салады, неге бұл əрекеттер қылмыс деп табылады деген сұрақтарға толығымен жауап бермейдi. Сондықтан қылмыстың материалдық анықтамасын енгiзу арқылы осы сұрақтарға жауап беру мүмкiндiгi қарастырылды. Қылмыстың материалдық анықтамасында қылмыстың негiзгi сапасы - оның қоғамға қарсы әрекеті.Жалпы заң дегенiмiз құқықтық нормалардан құралған жəне заң шығарушы орган қабылдаған нормативтi акт.
Ал қылмыстық құқық нормаларынан құралған нормативтi актiлердiң жүйесi қылмыстық заң деп аталады. Яғни, қылмыстық құқықтың маңызды көрiнiсi жəне қылмыстық құқықтың бiрден бiр қайнар көзi болып қылмыстық заң табылады.
Қылмыстық заңның ерекшелігі - қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен принциптерiн бекiтетiн, қоғамға қауiптi əрекеттердiң қайсысы қылмыс болып табылатындығын жəне оларды жасағаны үшiн қандай жазалар қарастырылатынын анықтайтын, сонымен бiрге қандай жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату мүмкiн екендiгiн белгiлейтiн заңдық нормалардан құралған мемлекеттiк билiктiң өкiлеттi органы қабылдаған нормативтi акт. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61- бабының 1-тармағына сəйкес заң шығару, оның iшiнде қылмыстық заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына, Республика Үкiметiне берiледi жəне тек ғана Мəжiлiсте жүзеге асырылады.
Жұмыстың өзектілігі. Өзге заңдардан ерекшелiгi қылмыстық заң тек қана қылмыстық құқық саласына жатады жəне қылмыстық құқықтың бiрден бiр жалғыз қайнар көзi болып табылады. Қылмыстық құқық теориясында осы құқық саласының қайнар көзiн екiге бөледi: формальды жəне материалды.
Қылмыстық құқықтың формальды жəне жалғыз қайнар көзi болып қылмыстық заң табылса, материалдық қайнар көздерiне мемлекеттiк билiктi, ҚР Конституциясын, жалпыға белгiлi халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерiн жатқызады. Қылмыстық заңның мiндеттерi қылмыстық құқықтың мiндеттерi сияқты өз дамуының түрлi сатыларында қоғам мен мемлекет алдында тұрған əлеуметтiк-экономикалық мəселелерден шығып қалыптасады.
Бұл мiндеттер көбiнесе қылмыстылықтың жағдайы мен деңгейiне, елдегi заңдылық пен құқықтық тəртiптiң қамтамасыз етiлу қажеттiлiктерiне байланысты туындайды. ҚР ҚК-нiң 2-бабының 1-бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң мiндеттерi көрсетiлген. Қылмыстық құқықтық қорғаудың басымдықтары халықаралық тəжiрибеге жəне адам, оның өмiрi мен денсаулығын, ар намысы - қадыр қасиетiн, қол сұғылмаушылығы мен қауiпсiздiгiн - жоғары əлеуметтiк құндылық деп танитын Конституцияға негiзделген. Қылмыстық-құқықтық қорғаудың бұрынғы басымдықтары ең алдымен мемлекеттiң, қоғамдық мүдденiң, содан кейiн жеке адам, оның мүдделерiн қорғаудан шыққан едi.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты.Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы ережелерiн бекiте отырып, қылмыс пен жазаға байланысты туындайтын қатынастарды реттеп отырады. Қылмыстық заң сонымен бiрге ескертушiлiк функцияны жүзеге асырады.
Қылмыстық заңдарды шығару жəне оларды бұқаралық ақпарат құралдары, насихаттаудың өзге құқықтың нысандары арқылы көпшiлiк халыққа жеткiзу азаматтардың құқықтық санасына елеулi ықпал етедi. Халық осылайша қандай əрекеттердi заң шығарушы жеке адам, қоғам мен мемлекет үшiн қауiптi жəне зиянды деп санайтындығын түсiне алады.
Ескертушiлiк функция моральдық жағынан тұрақсыз адамдарды қылмыс жасаудан жазамен қорқыту арқылы ұстап тұру рөлiнен де көрiнедi, қылмыстық заңның тəрбиелiк функциясы осы ескертушiлiк функциясымен тығыз байланысты. Қылмыстық заңды шығару жəне оны практикада қолдану азаматтардың өз мемлекетiнiң заңын құрметтеуге, өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қорғалуына сенiмдiлiкке, қылмыс жасағандардың қылмыстық жауаптылықтан құтылмайтындығына сенуге тəрбиелейдi.
Курстық жұмыстың обьектісі-қылмыстық заңның ұғымы мен түсінігін зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні-Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы
Курстық жұмыстың құрылымы.Қылмыстық заңның ұғымы туралы арыздар бойынша іс-жүргізу тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден,екі бөлімнен,қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ ТҮСIНIГI ЖӘНЕ ҰҒЫМЫ
1.1 Қылмыстық заңның міндеттері мен құрылымы

Қылмыстық заңның міндеттері -- бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдык тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тынып салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады.
Қылмыстық заң -- қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі, ұйғарымы немесе қаулымы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың тек нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.[1]
Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орындау немесе сақтау лауазымды адамдардың сондай-ақ барлық азаматтардың міндеті.
Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықпен күрес қылмыстық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Заңды күшіне енген үкім бойынша тағайындалған қылмыстық жазаның орындалуы қылмыстық-атқару кодексімен реттеледі. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады.
Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді.
Іс-салынған мәселемен реттелетін салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты әртүрлі мәселені шешу қоғамдық қатынастар реттеледі.
Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық функцияның толық жүзе-ге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы.
Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.
Қылмыстық заңның туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз қажет. Қылмыстық құқық -- бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пәні болып табылады. Осы ұғымдардыңбәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді.
Қылмыстық заңның пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық теориясына тән белгілердің, негізіг принциптердің осы құқық саласына да тән екендігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болады.
Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай - ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдық нормаларының жиынтығы болып табылады.
Қылмыстық заң қылмыстық құқық қағидаларымен жалпы ережелерін қандай қоғамға қауіпті әрекеттер қылмыс болып табылатыны және қылмыс жасағаны заң нормалардан тұратын ҚР-ң Парламенті қабылдаған заң шығарушылық акт. Заң - бұл: а) ерекше тәртіпте қолданылатын биліктің жалпы мемлекеттік өкілетті органның; б) ҚР-сы халқының еркін тікелей және тура білдіру в) аса мәнді және маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуші, г) жоғары заң күшін иеленуші акт.
Қылмыстық заңды тұлғаны қорғау оның құқықтары мен босатндықтарын қорғау меншігін табиғи ортаны, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді, бүкіл құқықтық тәртіпті қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау, сонымен қатар адамзат қауіпсіздігі мен тәрбиелілігін қорғауға көмек көрсетеді. Қылмыстық заң қылмыстың алдын алу азаматтарды республика заңдарын және Конституцияны сақтау рухында тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Қылмыстық заң қылмыс болып табылатын қоғамдық қауіпті әрекеттерді жазалау қаупімен тыяды. Сонымен қатар ол сәйкес органдар лауазымды тұлғаларға әрекетте қылмыс белгілерінің бар болуын және кінәліні қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе заңды негіздердің басуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен немесе жазадан босатуды ұйғарады.
Қылмыстық құқықтық нормалардың ескертушілік қызметі онда санкцияның белгіленуінде негізделеді - жасаған әрекет үшін жазалану мүмкіндігі. Осыған байланысты қылмыс жасай алатын тұлғаларға ескертушілік тәрбиелік әсер ету. Бұдан бөлек қылмыстық құқықтық нормаларды азаматтарда бұлжытпай заңды сақтау. Тәрбиелеу қылмыс жасаған адамдарға шыдамаушылық жағдайын қалыптастырған. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың жалғыз қайнар көзі. Адаммен жасаған әрекетті қылмыс деп тану және осы тұлғаға қылмыстық жаза қолдануды тек заңмен анықталған жағдайда жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілгендей, қылмыстық заңды қолданудың уақыттық шектерін анықтаудың екінші жағдайы қоғамға қауіпті іс-әрекеттің жасалу кезін анықтау болып табылады.
Созылатын және жалғасатын қылмысқа қатысты алсақ қылмыстың жасалған уақыты туралы мәселеде өзіндік ерекшелік бар. Созылатын қылмыс қылмыс құрамының үздіксіз жүзеге асырылуымен сипатталады (алимент төлеуден ұдайы жалтару, қашқындық және т.б.). олардың жасалған уақыты деп кінәсін мойындап келген күнді, қылмыскерді ұстаған немесе орындаудан жалтарып жүрген міндеттің біткен күнін санауға болады.
Бір ниетпен және бір мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда бір қылмысты құрайтын бірқатар бірдей қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмыс жалғасатын қылмыс деп танылады Тұтас қылмыстың құрамдас бөлігі болып табылатын соңғы әркет (әрекетсіздік) орындалған күн олардың жасалған уақыты болып танылады.
Қылмыстық заңды түсіндірудің мәнісі, сол заңды дұрыс қолдану үшін оның мазмұнына заң шығарушының заң еркіне сайма-сай етіп, ашып көрсету болып табылады. Заңды заң шығарушының еркіне сайма-сай, дәлме-дәл қолдану үшін оның мазмұнын ашып көрсетуді қылмыстық заңды түсіндіру деп білеміз. Қылмыстық заңға түсініктеме беру өзінің көлемі жағынан дәлме-дәл шектейтін немесе кеңейтетін болып бөлінеді.
Шектейтін түсінік беру дегеніміз заңға сөзбен келтірілгенге қарағанда неғұрлым тар мазмұн беру.
Кеңейтетін түсінік беруде, керісінше, қылмыстық заң нормасының шынайы мазмұны оның мәтінінде берілгенінен кең болады. Кеңейтетін түсінік беру қылмыстық заңды тікелей анықталмаған бірақ болды деп ойлайтын жағдайларда қолдануды қарастырады.
Қылмыстық заңға түсінік беру оның амалдары немесе тәсілі бойынша да жалғастыруға болады.
Ал қандай да болмасын басқа нормативтік актілер соттық прециденттер негізінде немесе соттың қарауына байланысты шешілмеуі керек. Әрекеттік қылмыс қатарына жатқызу және жаза тағайындау сияқты мәселелерде заңдылық қағидаларын бұлжытпай сақтау қажет. Бұл тек егер қылмыстық заң қылмыстықпен қоғамға қауіпті әрекеттермен жазалануы, жаза қолдану және одан босату шарттары анықталса ғана мүмкін. ҚР қылмыстық заң шығарушылығы ҚР 1997 жылы 16 шілдеде қабылданып, 1998 жылы 1 қаңтарда қолдануға енген ҚК-тен тұрады.
ҚР қылмыстық заң шығарушылық толық кадификациясын ескере отырып қылмыстық заң құрылымын ҚК және оның баптарының құрама ретінде қарастырады. Қылмыстық кодекс - қандай қоғамдық әрекеттер қылмыс болып табылмайтындығы және осы қылмысты жасаған тұлғаларға қандай жаза қолдану қажет екенін анықтайтын өзара байланысты нормалар жүйесін көрсететін ішкі бірлігімен ерекшеленетін заң шығарушылық акт.Қылмыстық заңды қолдану ең алдымен оның құрылымын бiлуден басталады. Қылмыстық заңның құрылымы деп белгiлi бiр техникалық ережелерге бағынған заң шығарушының еркiн бiлдiру формасын түсiну қажет. Қылмыстық заңның мазмұны мен мағынасын дұрыс түсiну оны құрайтын элементтердiң қызметтiк рөлiн жəне өзара байланысын нақты жəне анық бiлу арқылы мүмкiн болады. ҚР қылмыстық заңы, яғни қылмыстық кодексi Жалпы жəне Ерекше бөлiмдерден тұрады. ҚР ҚК-нiң Жалпы бөлiмi əрбiреуi бiрнеше баптарды қамтыған жетi бөлiмнен тұрады.
Жалпы бөлiмде ҚР Қылмыстық кодекстiң мiндеттерi мен принциптерi, қылмыс жəне оның санаттары, қылмыстық жауаптылықтың негiзi, аяқталмаған қылмыс, қылмысқа қатысу, əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəнжайлар, жазаның түсiнiгi мен мақсаттары, жазаның түрлерi, жаза тағайындаудың жалпы негiздерi жəне қылмыстылықпен қылмыстық-құқықтық күресудiң өзге де жалпы ережелерi анықталады.
ҚР Қылмыстық кодексiнiң Жалпы бөлiмiнiң көптеген нормалары позитивтi, яғни реттеушi сипатты иемденедi. Өйткенi, оларды қолдану белгiлi бiр нақты қылмыстың түрiмен ұштаспайды. Сонымен бiрге ҚК Жалпы бөлiмiнде мəжбүрлеу сипатын иемденетiн құқық қолдану нормалары да бар. Мысалы, ҚР ҚК-тiңң 40- бабының 4-бөлiгiнде айыппұлды төлеуден əдейi жалтарған жағдайда түзеу жұмыстарына, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе қамау жазаларымен ауыстырылатыны қарастырылған. Жоғарыда аталған позитивтi нормаларды шартты түрде мына түрлерге бөледi: ҚР Қылмыстық Кодексiнiң Ерекше бөлiмi қол сұғушылықтың объектiсiне байланысты тарауларға бiрiктiрiлген қылмыстардың түпкiлiктi тiзiмi берiлген жəне əрбiр қылмыс үшiн жазаның түрi мен мөлшерi көрсетiлген он алты тараудан тұрады. Яғни, ҚК Ерекше бөлiмiнiң баптары Жалпы бөлiмiнiң ережелерiне сəйкес анықталатын жекелеген қылмыс түрлерi үшiн жауаптылықты қарастырады.
Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде заң шығарушы қылмыстың жəне оны жасаушылардың қоғамға қауiптiлiк сипатын ескерiп бiрқатар нормаларды бөлiктерге, ал бөлiктердi тармақтарға бөлген.. Мемлекеттегi құқықтық реформалардың өзгерiп отыруы нəтижесiнде қылмыстық заңға жаңа заң шығарушылық ережелер енгiзiлiп отырады. Қылмыстық Кодекстiң жүйесiн сақтау жəне құқық қорғау, статистикалық ғылыми зерттеулердiң болашақ жұмысын қамтамасыз ету үшiн Жалпы жəне Ерекше бөлiмдердiң баптарына қосымша нөмiрлеу ретiмен өзгерiстер мен толықтырулар жасалуы да қарастырылған.
Ерекше бөлiмнiң əрбiр құқықтық нормасы үш элементтен: гипотеза, диспозиция жəне санкциядан тұрады. Қылмыстық зaңда осы құрылымның қандай түрде жəне шекте көрiнетiнiн анықтау үшiн олардың əрбiреуiнiң ерекшелiктерiн қарастыру қажет. Гипотеза деп белгiлi бiр мiнез-құлық ережесiн қолданудың жағдайларын анықтайтын құқық нормасының элементiн түсiну қажет. Алайда, қылмыстық құқық теориясында көптеген авторлар қылмыстық құқықтық нормадағы гипотезаның рөлiн оның диспозициясы орындайды деп тұжырымдайды. Бұл əлi де болса пiкiрталас мəселелердiң бiрi.
Диспозиция қылмыстық əрекеттi жəне оның құрамдарын анықтаушы жəне қылмыс белгiлерiн суреттеушi қылмыстық құқықтық норманың бiр бөлiгi. Басқаша айтқанда, диспозиция санкцияны қолдану мүмкiндiгi туралы алғышартты қамтиды. ҚР ҚК Ерекше бөлiмiнде диспозициялардың мына түрлерi көрсетедi: жай, сипаттамалы, сiлтемелi, бланкеттi. Жай диспозицияда қылмыстың аты ғана аталынады. Онда қылмысты сипаттайтын белгiлер көрсетiлмейдi. Мысалы, ҚК 317-бабының диспозициясы ″Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын, мемлекеттiк елтаңбасын немесе мемлекеттiк гимнiн қорлау.[2]

1.2 Қылмыстық заңның қағидалары

Қылмыстық заңның қағидалар жүйесi Жалпы жəне Ерекше бөлiмдерден тұрады.
Жалпы бөлiмде қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсiнiгi мен мiндеттерi, қылмыстық жауаптылықтың негiздерi мен одан босату негiздерi, қылмыс құрамының түсiнiгi, қылмыстық заңның кеңiстiктегi жəне мезгiлдегi күшi, қылмыс жасау сатылары туралы ұғым мен қылмысты қатысып жасау, жаза жəне оның мақсаты мен жүйелерi, жаза тағайындаудың
немесе қылмыстық жазадан босатудың басты мəселелерi зерттеледi.
Ерекше бөлiмде нақты қылмыс құрамдары жəне оларды жасағаны үшiн белгiленген жаза түрлерi көрсетiледi. Жалпы жəне Ерекше бөлiм өзара тығыз байланысты сондықтан осы екi бөлiмнiң жиынтығы қылмысты құқықты құрайды.
Қылмыстық құқықтың мiндеттерi жөнiнде сөз қозғамас бұрын, бiз əуелi қылмыстық құқықтың мақсаты не соны анықтап алуымыз қажет. Өйткенi, кез келген əрекет, жұмыс белгiлi бiр мақсатсыз жасалмайды, сондықтан қылмыстық заңның да өз мақсаты бар. Бiрақ бұл жөнiнде бiздiң қылмыстық заңымызда айтылмаған, онда тек қылмыстық заңның мiндеттерi ғана көрсетiлген.
қылмыстық құқықтың негiзгi мақсаты қылмыскердi жазалау немесе
белгiлi бiр мемлекетте, қоғамда қауiптi болып табылатын əрекеттi жасағаны үшiн қаралау
Керісінше емес, керiсiнше, қоғамға қауiптi əрекеттердi болдырмау жəне қылмыстың алдын алу болып табылады жəне бұл жөнiнде қылмыстық заңда көрсетiлуi тиiс. Ал осы негiзгi мақсатқа қол жеткiзу үшiн қылмыстық заң мынадай негiзгi мiндеттердi алдына қояды:
1). қылмыстық жауаптылықтың қағидалары мен шарттарын анықтау,
2). қылмыстық жауаптылықтың негiзiн анықтау;
3). қылмыс ұғымының жалпы белгiлерiн анықтау;
4). қоғамға қауiптi əрекеттердiң шеңберiн анықтау;
5). қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын жаза түрлерiн анықтау.
Қылмыстық құқықтың бұдан басқа да мiндеттерi бар олар жоғарыда аты аталған негiзгi мiндеттердi толықтырып нақтылап отырады.
Қылмыстық заңдар қоғамның тыныштығын сақтай отырып, қоғамға тəрбиелiк жəне жалпы ескертушiлiк тұрғысынан да əсер етедi. Қылмыстық заңдағы мына əрекеттi жасасаң жазаланасың!ң деген жариялану фактiсiнiң өзi қоғам мүшелерiне əсер етедi. Сонымен бiрге сот процесiнiң өзi де қылмыскердi ғана емес сот залында отырған қоғамның басқа мүшелердi тəрбиелеп жəне қылмыс жасамауды ескертуге ықпал жасайды. Қылмыстық атқару құқығы қағидаларынажалпы құқықтық, салалық (арнайы) және салааралық қағидалар кіреді. Олар барлық қылмыстық-атқарудың заң шығаруы арқылы өтеді және міндетті түрде:
- қылмыстық-атқару саясатының жалпы бағытын көрсетеді;
- қылмыстық-атқару заңын жетілдіруді және негізгі даму бағытын айқындайды;
- жалпы құқық қағидатерімен ара қатынаста және іштей келісімде болады;
- тұрақтылықты қамтамасыз етеді.Қылмыстық заңның түрлері
- заңдылық;
- баршаның заң алдындағы теңдігі;
- гуманизм (ізгілік);
- демократизм и жариялық;
- жазаларды атқарудың саралануы мен жеке даралығы;
- жазаны түзеу ықпалымен біріктіруді қамтамасыз ету.
Қылмыстың құрылымы мен сипатының өзгеруі түрліше әлеуметтік жағдайларға, құбылыстар мен үдерістерге, мысалы: экономикалық жағдайға; қалыптасқан ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге; қылмыс заңнамасының өзгеруіне, қылмыстың алдын алу бойынша жұмыс сапасына және басқа факторларға тәуелді болады. Адамның теріс қылығы ғана қылмыс деп танылады. Сырттай көрініс таппаған, қоғамдық қауіп тудырмаған ой-пікір, ниет-пиғыл қылмыс деп танылмайды. Қылмыстық құқықтың материалды және формальды анықтамасы бар, яғни формальды анықтамасында әрекеттің құқыққа қайшы екендігіне басты 22 назар аударылса, материалды анықтамасында әрекеттің құқыққа қайшылығымен қатар оның қоғамға қауіптілігіне көңіл бөлінеді. Қылмыстың бірінші белгісі -- оның қоғамға қауіптілігі.
Қоғамға қауіптілік -- қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға нақты қауіп төндіретін немесе зиян келтіретін қылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздік). Қылмыстың міндетті белгілерінің бірі құқыққа қайшылық -- яғни қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) жасау болып табылады. Біздің ойымызша заңдылық қағидасының мағынасына мыналар кіреді: қылмыстық жазалардың орындалу тәртібі мен шарттары тек қана заңмен белгіленуі тиіс; сотталғандар қалмыстық жазаны өтеген уақытта заңмен бекітілген міндеттерді ғана орындап және заңда көрсетілген құқықтарға ғана иелік етулері қажет; қылмыстық жазаны орындаушы субъектілердің қызметтері тек қана заң негізінде жүргізілуі қерек; қылмыстық-атқару заңын, оның нормалары тек қана заңды жолмен қабылдау қажет.
Немқұрайлылықта кісі өз әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынбайды да, залалды зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала біле қоймайды, себебі сақтық шараларын ұстанбайды, жеке кісінің мүддесін, мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғауға қажетті ұқыптылық, сақтық және жетерлік қамқорлық көрсетпейді. Егер қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кісі ұқыптырақ болып, сақтық шарасын сақтауға өз міндеттеріне жауаптырақ қараса, ол өз іс-әрекетінің не болмаса әрекетсіздігінің зардап туғызу мүмкін екендігін ұғынған болар еді, залалды зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала біліп, оларды болғызбаған болар еді. Немқұрайлылық болған кейбір жағдайларда кісі жасалатын әрекетті сол сәтте толық ұғына алмайды, сол себепті да ол қоғамға қауіпті зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала болжап біле алмайды.
Немқұрайлылықтың еріктік жағдайы екі түрмен сипатталады. Біріншісі - кісі өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің нәтижесінен қоғамға қауіпті зардаптардың болатынын алдын ала білуге тиіс еді; екіншісі - кісінің оларды алдын ала білуі мүмкін болғандығы.
Қоғамға қауіпті зардаптарды алдын ала білу міндеті, заң жүзімен айтқанда болжап білу тиіс деген сөз немқұрайлылықтың объективтік өлшемі болып саналады. Алдын ала білу мүмкіндігі, заң жүзінде айтқанда біле алатын болғанда деген түсінігі немқұрайдылықтың субъективтік өлшемі болып саналады.. Немқұрайлылықтың объективтік өлшеміне жатады кінәлінің өз ісәрекетінің не болмаса әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екендігін алдын ала білуі қажеттілігінде.
Бұл міндет заңның, басқа да нормативтік актілердің талаптарынан, тұрмыс ережелерінен, қызметтік және кәсіби міндеттерден, сақтықты талап ететін басқа да тәртіптерден туындайды.Бұл міңдеттің мәні кінәлінің өзіне жүктелген міндетті орындау кезінде, әрекет жасалынатын нақты жағдайда ұқыпты, сақ болуға, залалды зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала біле алуға және оларды болдырмау үшін қандай да болмасын шара қолдануға тиістігінде. Егерде сақтық пен ұқыптылық танытып, бұл зардаптарды алдын ала болжап білуге тиiсті емес және біле алмайтын жағдайда болған болса, онда бұл қылмыстық құқық бұзушылық болып саналмайды. .[3]

2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КЕҢIСТIКТЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
2.1 Қылмыстық заңның белгiлi уақытта қолданылуы

Заң, оның iшiнде қылмыстық заңның қолданылу аясы, яғни күшi жүретiн шектеулi кеңiстiгi бар. Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңының кеңiстiкте қолданылуы мынадай төрт принциптерге негiзделедi: 1). Территориялдық принцип, 2). Азаматтық принцип; 3).Универсалды принцип; 4). Реалды принцип. Территориялық принципке сəйкес, Қазақстан Республикасы ның территориясында жасалған барлық қылмыстар үшiн жауаптылық ҚР Қылмыстық кодексi бойынша туындайды. ҚР Қылмыстық кодексiнiң күшi Қазақстан Республикасының барлық территориясына таратылады.
Бұл территория ҚР-ң ҚР мемлекеттiк шекарасы туралы ң 13-қаңтар 1993 жылғы заңының 1-бабында былайша анықталған: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы дегенiмiз Қазақстан Республикасы аумағының шегiн - құрғақ, су, жер қойнауы жəне əуе кеңiстiгi шегiн айқындайтын сызық жəне осы сызық бойынша өтетiн беткi қабат ң. Осы Заңға сəйкес құрғақ аумаққа - жер бедерiнiң сипатты нүктелерi мен сызықтары немесе анық көрiнетiн бағдарлар, ал су аумағына - Республиканың iшкi суларынан басқа, аумақтық теңiз жағалауындағы теңiз сулары, олардың тиесiлi енi жатады. Қазақстан Республикасының əуе кеңiстiгi аумағына - Қазақстан Республикасының құрғақ немесе су аумағы үстiндегi белгiленген аспан кеңiстiктерi жатады. Жер қойнауына - мемлекеттiк шекарамен белгiленген құрғақ немесе су кеңiстiгi астындағы аумақтар жатады.
Сонымен, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының күшi Қазақстан Республикасының кез келген аумағында немесе объектiлерiнде жасалған қылмыстық iс-əрекеттердiң барлығына да қолданылады. Қазақстан Республикасында жасалған қылмыстар деп - Республика территориясында басталған немесе жалғастырылған, аяқталған қылмыстар аталады.
ҚР Қылмыстық кодексiнiң күшi Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфiнде жəне ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады. Құрлықтық шельф территориялық сулардың аумағынан шығып жатқан құрлықтың жер асты жалғасы.
Республикалық суларынан тыс жердегi теңiз аумақтары жатады. Қазақстан Республикасының территориясына сонымен қатар, қай жерде тұрғанынына қарамастан ҚР-ның əскери корабльдерi мен əскери əуе кемелерi де жатады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық түсінігі
Қылмыстық заңның кері күші
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҚАҒИДАТТАРЫ
Халықтық құқықтық сана
Судьяның тәуелсіздігі қағидатының сот билігінің басқа қағидаттарымен ара қатынасын айқындау
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КЕРІ КҮШІ ТҮСІНІГІ
Қылмыстық заң жүйесі, құрылымы туралы ақпарат
Құқық бұзушылықтың белгілері мен түсінігі
Саяси жүйе және мемлекет. Құқықтың әлеуметтік нормалар
СОТ ДАУЛАУШЫ ЖАУАПКЕР
Пәндер