Атқарушылық әрекеттер жүргізудің тәртібі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Бизнес және құқық факультеті

Құқықтану кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні: Қазақстан Республикасының азаматтық процестік құқығы
Тақырыбы: Қазақстандағы атқару өндірісі туралы заңнамаларды дайындау және қабылдау мәселелері

Орындаған: Юп-17-5 студенті
Таңатаров Б.Е.
Рецензент: з.ғ.к. доцент
Садуақасова Л.О

Ақтау 2019
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ӨНДІРІСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ ... ... 5
Атқару өндірісінің түсінігі, мақсаты, міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 5
Атқару өндірісінің қатысушылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

2 АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1 Атқарушылық іс жүргізу құжаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Атқарушылық әрекеттер жүргізудің тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 28

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Еліміздің ата заңында аталғандай Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екені бәрімізге айқын, белгілі. Ал құқықтық мемлекеттің басты сипаты болып заңдардың биліктілігін, үстемділігін қамтамасыз ету өз кезегінде тиісінше жан - жақтылық пен табандылықты, міндет қылады. Осыған сәйкес Қазақстанда сот құқықтық реформа сот және судьяның тәуелсіздігін, судьяның әділдігі мен алалықсыздығын қамтамасыз етуге, судьяның қабылданған заңдардың қоғамда әрекет етуінің жалпы судья жайлы ретінде танылады. Сонымен бірге, мүдделі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іс жүзінде қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сот актілерін орындау бойынша тиімді іске асатын жүйе кұруға бағытталған атқарушылық іс жүргізу органдарын қайтадан құрауды міндеттейді.
Қазіргі кезде құқықтың олардың кепілі, қорғау, іс жүзінде іске асуы, орындалу проблемасы бірнеше түрге ие болып табылады. Кәзіргі уақытта сот төрелігі жайлы жүйесінде сот актілерін жүзеге асыру болып есептелінеді. Сот органдарының жалпы ортада жұмысы халықтың ашу ызасын туғызулары бәрімізге мәлім. Сотқа жалпы заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін шағымданған адамдарға сот процесі емес, олардың бұзылған заңды құқықтары мен мүдделерін және өзге де мүдделерін қайта орнына келтіру болып табылады. Жалпы шешімдермен жүргізілмейтін болса қажет емес болып табылады.
Жалпы құқықтарды іс жүзінде жүзеге асырудың қамтамасыз етілуі жалпы мақсаттарының ішінде азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқару барысында азаматтық іс жүргізу тәртібімен сотпен шығарылған шешімдерді орындаумен қатар мәселелерге қарауға керек етеді. Жалпы көп жағдайларда құқықтарды қорғау шешімдерді шығарумен жүргізілмейді. Жалпы сотқа шағымданған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін толық қамтамасыз ету үшін кейде сот шешімі кезінде жалпы іс - әрекет қозғалу керек.
Азаматтық процесс азаматтардың да заңды тұлғалардың да және азаматтық құқықтық қатынастармен де және басқа да өзге де тұлғалардың бұзылған өзге де құқық пен мүддені сонымен қатар заңмен қорғалған мүдделерді қадағалауды ҚР заң және сотының бірегейлігі жағдайында қажет бола алады.
ҚР сотымен және де өзге де құқықтық органдардың жүргізу кезінде қажет болған қоғамда болып жатқан өзге де қатынасты жүргізеді және де құқықтық норманы сонымен қатар атқарудың іс жүргізушілік құқығына қатысты өзге де бір пайымдаулар мен өзге де заттар осы жұмысымның пәндері болып табылады. Жалпы зерттеулердің кезінде менің жұмысымда атқарудың іс жүргізуіне қатысы бар ҚР Азаматтық іс жүргізуі заңдарындағы сонымен қатар өзге де осы құқықтың бір саласында қоғамда болып жатқан өзге де заттарды жүзеге асыратын заңда болып жатқан қателіктерге кезек береді. Жалпы бұл жұмысымның өзге де тәжірибеге қатысы бар маңыздары. Жалпы заңдылықтарды, біздің қоғамымызға қаупі бар заттардан қорғаудың тұлғалар мен ұйымға қатысы бар тұлғалардың және де саяси және де еңбекке қатысты өзге де құқығы және де заңи мүддені қорғап қалуы қатаң түрде жүзеге асыруға қажетті маңызы бар затты сот атқаратын болады. ҚР Азаматтық процесстік құқығындағы соттың маңызды ісі ҚР Азаматтық істерін анық және жылдам шешуі және де істер бойынша заңи түрде шешімдерді шығаруы болып табылады. Жалпы соттың қызметтерін жүргізу істі жүргізудің тәртіптерін судья жұмыстарының өте сапалы жағдайы ҚР заңының қатал талабын сақтауға негізделген жағдайда ғана сот төрелігінің басты мақсаттарына қол жеткізуге болады.
Бұл процессуалдық нысан іс бойынша объективтік шындықты шынайы анықтауға және заңды, негізді сот шешімін шығаруға ықпал етеді. Сот ісін жүргізудің әрекет етуші нормаларын бұзу дұрыс емес шешімдерді шығаруға, азаматтар мен заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеледі, сондай - ақ, сот төрелігін жүзеге асыру зиян келтіреді.
Азаматтық процестегі атқару сатыдағы соттың ұйғарымдары проблемасымен мынадай мәселелер байланысты: атқарудың түсінігі; мәні және олардың жіктелуі; олардың сот шешімдері мен бұйрықтарынан айырмашылығы, сот орындаушыларының әрекетіне шағымдану және олардың заңды күші. Бұл мәселелерге процессуалдық әдебиеттерде жеткілікті көңіл бөлінбеген және заңнамада тиісті түрде реттелмеген. 1999 жылғы 13 - шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде қаншама жылдар бойы ғалым процессуалистер көтерген проблемалар, зерттеген ой-пікірлер ескерілген. Ал мемлекеттік тілдегі АІЖК - де терминологияға және аудармаға байланысты және түйіні шешілмеген мәселелердің түйінін табуға деген қызығушылық аталған тақырыпта курстық жұмысын жазуыма ықпал етті.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері - атқарушылық іс жүргізудің қағидалары мен қатысушылары, атқарушылық іс жүргізудің жалпы ережелері мәселелерінің теориясын, тәжірибесін, заңнамамен реттелуінің өзіндік кемшіліктерін көрсетіп, атқарушылық іс жүргізуді іске асыруды көрсету.
Зерттеудің пәнін Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу Кодексінің сот шешімін орындауды реттеуге арналған 236 - 237 баптар аралығындағы сондай - ақ атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңның тиісті ережелері және осы заң нормаларының мазмұны мен оларды қолданудың тиімділігі, сонымен қатар осы тақырып көлеміндегі азаматтық іс жүргізу заңдардың негізінде құқық қорғау қызметін жетілдірудің амалдары мен азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі құрайды.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда атқарушылық іс жүргізу азаматтық іс жүргізудің соңғы сатысы ретінде қарастырылады және осы тарауда атқарушылық іс жүргізудің қағидалары мен қатысушылары қамтылған. Екінші тарауға атқарушылық іс жүргізудің жалпы ережелері кіргізілген, яғни, атқарушылық әрекеттер жүргізудің тәртібі, атқарудың мерзімдері, атқарушылық іс жүргізу құжаттары, мәжбүрлеп атқарудың шаралары және атқарушылық әрекеттер жасау бойынша шығыстар және өндіріп алынған ақша сомаларын бөлу болып табылады.

1 АТҚАРУ ӨНДІРІСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
Атқару өндірісінің түсінігі, мақсаты, міндеттері

Азаматтық сот ісін жүргізудің мақсаттары Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің ( ҚР АІЖК ) 5 - бабында көрсетілген.
Азаматтық сот ісін жүргізу заңдылықты нығайтуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, азаматтардың заңдарды бұлжытпай орындауға тәрбиелеуге және жалпы тұрмыстық ережелерді сыйлауға ықпал жасауы керек.
Осы мақсаттар сотпен шешіледі. Сот әділетті шешім шығарып және азаматтық құқық туралы дауды шеше отырып даулы субьективті құқықты қорғайды және бұзылған құқықты орнына келтіреді.
Соттың шешiшiмiн атқару сатысында азаматтық дауларды қарау мен шешу бойынша оның қызметі аяқталады. Азаматтық істі мәні бойынша қарау мен шешудің нәтижесінің негізінде сот өз пікірін ерекше процессуалдық актіде - сот шешімінде көрсетеді.
Сот шешімі нақты азаматтық құқықтық дауды шешу барысында атқарған көлемді және ауыр еңбектің нәтижесі. Сот шешімінде тек қана соттың ғана емес, сонымен қатар тараптардың үшінші тұлғалардың сот өкілдерінің және прокурордың процессуалды қызметтері көрініс табады.
Көптеген сот шешімдері соттың беделіне байланысты тараптардың өз еріктерімен орындалады. Тарап сот шешімімен белгілі қызметтерді жүзеге асыруға немесе белгілі қызметтерден бас тартуға міндеттелгенде соттың шешімін орындаудан бұлтару жағдайлары жие кездеседі. Егер, жауапкер сот шешімін ерікті түрде орындамаса, ол аткарушылық іс жүргізу тәртібімен мәжбүрлі түрде атқарылады.
Кез - келген соттың шешімін әртүрлі себептермен атқаруға мүмкін болмағанда (өндіріп алушының өндіруден бас тартқан және бітімгершілік келісімге келген жағдайлардан басқа) соттың және азаматтық іс жүргізудің басқа да субъектілерінің атқарған еңбегінің пайдасыз болып қалатынын айтпағанда, сот төрелігі актісінің мәнін төмендетеді және соттың беделін түсіреді.
Сот шешімі атқарылғанда, әрi атқарылуы заңға сәйкес және шешімнің мазмұны қатаң сақталумен жүзеге асырылғанда ғана азаматтық іс жүргізудің мақсаты орындалады. Тек қана осы жағдайда тараптардың субьективті құқықтары іс жүзінде орнына келтіріліп азаматтық іс жүргізудің соңғы сатысы атқарушылық іс жүргізу сатысында іс жүргізу аяқталады. [1]
Азаматтық іс жүргізуде сот шешімін атқару - соттың, атқару органдарының, прокурордың тараптардың және іс бойынша басқа да қатысушы түлғалардың соттың шешімімен сәйкес тараптар арасындағы фактілік қатынастарды өзгертуге бағытталған, азаматтық іс жүргізуде сот төрелігін жүзеге асыратын соттың қызметі және осы қызметтен шығатын іс жүргізушілік қатынастар болып табылады.
Осымен қатар, ғалымдарда басқа да пікірлер қалыптасқан. Атқарушылық іс жүргізу азаматтық іс жүргізу құқығының аяқтаушы сатысы. Атқарушылық іс жүргізу құқығының нормалары азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларының бір бөлігі және оның бір құқықтық институты.[2]
Атқарушылық іс жүргізу дербес іс жүргізу болып табылады және оны реттейтін нормалар дербес кешенді құқықтық саласын құрайды. Біртұтас атқарушылық заңнамада, орындауға жататын шешімнің сипатына және түріне тәуелсіз, барлық атқарушылық іс жүргізудің нормаларын біріктіруге мүмкін болады.[3]
Атқарушылық іс жүргізу алдыңғы сатылардан шығады және органикалық байланысып азаматтық іс жүргізудің аяқтаушы сатысы болып келеді.
Іс жүргізудің басқа сатыларымен салыстырғанда атқарушылық іс жүргізудің ерекшеліктері бар. Ол сотта азаматтық істі қараумен байланысты емес атқарушылық іс жүргізуді қозғау мүмкіндігінен көрінеді, мысалы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) шығаратын қаулылары. Осы актілердің негізінде атқарушылық іс жүргізу азаматтық іс жүргізудің алдынғы сатыларынсыз қозғалады. [4]
Егер атқарушылық іс жүргізуді іс жүргізуден тыс саты деп санап және оны соттың процессуалдық бақылауынан алып тастасақ, керекті іс жүргізушілік кепілдермен қамтамасыз етпесек, онда мұндай мәселелер құру азаматтық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыратын мақсаттар мен міндеттерге сай болмайды. Керісінше, бұл мақсаттарға қарама - қайшы келеді, өйткені сот шешімдерін атқару сатысында тараптар құқықтарының іс жүргізушілік кепілдерінің жоқ болуы бұзылған субьективті құқықтарын орнына келтіру және керекті қорғаныс жасауға кедергі болады.
Сот және атқару органдары іс жүргізушілік әдістерді қолданып сот шешімдерінің атқарылуын мәжбүрлеп бағыттауы заңды күшіне енген шешімнің міндеттілігін және азаматтық, еңбектік, отбасылық - некелік, құқықтық қатынастарды тұрақтылығын және анықтылығын қамтамасыз етеді, яғни сот төрелігін күзете асыруда өз мақсаттарын орындайды.
Сот шешімдерін атқару атқарушылық іс жүргізу тәртібімен, АІЖК - нің ережесімен жасалатын әрекеттер ғана емес, сонымен қатар басқа да сот шешімін жүзеге асырумен байланысты әрекеттер деп жиі айтылады. Көптеген сот шешімдерінің негізінде әртүрлі мемлекеттік органдарда тіркеулер жүргізіледі тұрғын үйге меншік құқығын тіркеу; АХАЖ фактісін тіркеу; қамқоршы мен қорғаушы тағайындау. Осылардың барлығы шешімді атқару бойынша кең мағынадағы әрекеттер, өйткені шешім негізінде және оларды жүзеге асыру үшін жасалады. Бірақ, бұл әрекеттерді азаматтық іс жүргізу сатысы деп атқарумен ауыстыруға болмайды, себебі іс жүргізудің шегінен шығып кеткен және АІЖК - нің ережесімен жасалмайды.
Сонымен атқару сатысы азаматтық іс жүргізудің соңғы, қорытынды және міндетті сатысы. Біріншіден, азаматтық істі қараудың және шешудің нәтижесі болып табылады; екіншіден, бұл сатыда азаматтық субьективті құқықтарды және заңды мүдделерді қорғау нақты өзінің көрінісін табады; үшіншіден, бұл саты басқа азаматтық сот өндірісінің сатыларына өтпейді.
Қорыта келе, атқарушылық іс жүргізу дегеніміз бұзылған құқықты қорғау және қалпына келтіру бойынша азаматтық іс жүргізу заңнамасымен бекітілген тәртіппен юрисдикциялы актілерді мәжбүрлеп жүзеге асыру.
Борышкердің сот актісін оның белгілі бір бөлігінде орындауға мүмкіндігінің болмауы не толық көлемінде орындай алмауы әдейі орындамау деп қарастырылмайды. Қылмыстық процесті жүргізуші органдар азаматтық талапты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды көздейтін ҚІЖК - нің 170, 305-баптарының және АІЖК - нің 158, 159 - баптарының талаптарын мүлтіксіз орындаулары қажет. Соттар көрсетілген шараларды басты сот талқылауына әзірлік жүргізу барысында, сондай - ақ сот талқылауы, үкім шығару, азаматтық талапты қанағаттандыру жөнінде шешім немесе өзге де сот актісін шығару кезінде қолдануы мүмкін.
Соттар жауапкерлерден ақшалай немесе өзгедей өндіру туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін заңмен көзделген жағдайларда атқару парақтарын уақытында жазып, талапты қанағаттандыру үшін тыйым салынған мүліктің тізімдемесін қоса тіркеп, өндіріп алушылар мен борышкерлерді көрсетіп, мөрмен куәландырылған сот актісінің көшірмесін не оның үзіндісін борышкерлер мен олардың мүліктері тұрған жерлер бойынша сот әкімшілерінің облыстардағы аумақтық органдарына жіберуге тиіс. Сот орындаушылары атқару құжаттарын алғаннан кейін сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған заңмен көзделген шараларды уақытында қабылдаулары қажет.
Банк шоттарын, олардағы ақша қаражатының, кредит және сақтандыру сомаларының, бағалы қағаздардың бар жоғын тексеру, сондай - ақ борышкердің банкте тұрған осы және басқа мүлкіне тыйым салу қажет болған жағдайларда жоғарыда көрсетілген әрекеттерді санкциялау туралы дереу мәселе қою қажет.
Борышкердің тұратын жері белгісіз болған жағдайда сот орындаушысы оған іздеу жариялау туралы мәселені шешу үшін сотқа ұсыным жасап, жүгінуге міндетті. Осы орайда сот орындаушылары атқару құжатының көшірмесін, атқарушылық іс қозғау туралы қаулының көшірмесін, борышкердің атқару құжатында көрсетілген мекен - жайда тұрмайтындығы туралы актіні, мекен - жай бюросының анықтамасын сотқа ұсынуға тиіс.
Соттар борышкерді іздеу туралы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 - бабының 2 - тармағына сәйкес қаулы шығарған кезде іздестіру жөніндегі шығындарды борышкерден жергілікті бюджеттің есебіне өндіріп алу жөнінде міндетті түрде көрсетулері қажет. Өндірілетін сомалардың мөлшерін шығарғанда іздеуді жүзеге асыратын органдар анықтаған шығыстарды негізге алу қажет.
Борышкер сот актісінің уақытында орындалуына кедергі келтіретін әрекеттер ( сот орындаушысына келуден жалтару, жұмыс орны мен тұратын жерінің өзгергені туралы хабарлау, сот орындаушысының талаптарын орындамау, сот орындаушысының заңды қызметіне кедергі келтіру және т.б. ) жасаған жағдайда атқарушылық іс жүргізу органдары кінәлі адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі мәселені талқылауға тиіс.
Борышкер сот актілерін орындаудан бас тартқан жағдайда, өндіріп алушы тиісті органдардың алдына кінәлі адамдарды әкімшілік және қылмыстық жауапқа тарту жөнінде мәселе қоюға құқылы. Кінәлі адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы хабарламада сот орындаушысы борышкердің немесе өзге де адамдардың сот актісін әдейі орындамау, сот орындаушысының талаптарына қандай қарсы шаралар қолданғандары туралы көрсетуге тиіс.
Хабарламаға:
- атқару парағының көшірмесі;
- атқарушылық іс қозғалғаны туралы қаулы;
- сот актісін әдейі орындамауды не орындауға кедергі жасауды растайтын құжаттар қоса тіркелуі қажет.
Қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес басқа да қажетті құжаттарды сұрата алады.
Қылмыстық істер бойынша барлық іс жүргізу әрекеттерін процестің сотқа дейінгі кезеңінде ҚІЖК - нің талаптарына сәйкес қылмыстық қудалау органы, ал жеке айыптау істері бойынша - соттар жалпы негіздерде жүргізеді.
Сот орындаушысының хабарламасын қарамай қайтарып жіберуге, сот орындар ауысуына, сот әкімшісіне, олардың құрылымдық бөлімшелеріне іс қозғау және айыптауды дәлелдеу туралы мәселені шешу үшін қажетті дәлелдемелерді жинау жөнінде оларға тән емес функцияларды жүктеуге жол беруге болмайды. Қылмыстық ізге түсу органы ҚІЖК - нің 183 - 185 баптарына сәйкес, сот орындаушысының хабарламасын немесе өндіріп алушының арызын қарап Қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдауға немесе хабарламаны (арызды) тиісті органға беруге міндетті.
Өздерінің қызметтік мүдделеріне қайшы келіп, борышкердің заңды күшіне енген сот актісін орындаудан жалтаруына көмектескен сот орындаушылары заңмен белгіленген тәртіппен жауапқа тартылуы мүмкін.
Сот орындаушылары қылмыстық жауапқа тарту туралы өздеріне белгілі болған фактілер туралы, олардың уақытында қаралмағаны және олар жіберген материалдар бойынша қылмыстық ізге түсу органдары жол берген басқа да заң бұзушылықтар туралы тиісті прокурорлардың назарына дер кезінде жеткізіп отырулары қажет.
Заңды күшіне енген сот актілерін әдейі орындамау сондай - ақ, олардың орындалуына кедергі жасау анықталған жағдайда ғана ҚК - нің 362 - бабы бойынша жауаптылықтың туындайтынына назар аударылсын.
Сот актісін әдейі орындамау әрекет жасау немесе әрекетсіздік түрінде байқалуы мүмкін. Борышкердің сот актісін орындау жөнінде шара қолданбауын, өндіріліп алынуы мүмкін жалақысы мен басқа да мүлкін жасырып қалуын, жұмыс орны туралы, заңды тұлғаны құрмай, кәсіпкерлік Қызметпен айналысатыны жөнінде ақпарат бермеуін, міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару жөнінде мәмілелер жасауын, сондай - ақ ақша қаражаттары мен мүлікті басқа мақсатқа пайдалануға байланысты өзге де әрекеттерін сот актісін әдейі орындамау деп есептеген жөн. Борышкердің міндеттемесін толығымен орындауға мүмкіндігі бола тұра, сот актісін орындаудан жалтару мақсатында шамалы соманы қасақана енгізуін әдейі орындамау деп қарастыру керек.
Сот орындаушыларының заңды талаптарын орындамау мақсатында қасақана жасалған әрекетті (әрекетсіздікті) сот актісінің орындалуына кедергі жасау деп түсіну қажет.
Соттар сот актілерін әдейі орындамағаны үшін үкім шығарған кезде сот актілерін әдейі орындамаудың салдарынан пайда болған мерзімді төлемдер бойынша борыштарды анықтап, ҚІЖК - нің 162 - бабына сәйкес мәлімделген азаматтық талаптарды қылмыстық іспен бірге қараулары қажет. Азаматтық талапкерлердің кінәлі адам сот актісін орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару жөнінде жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы арыздары қылмыстық істі қарау кезінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады.
Заңды күшіне енген сот актілерін әдейі орындамау, сондай - ақ олардың орындалуына кедергі жасау туралы істерді қарау кезінде соттар сот орындаушыларының, сондай - ақ қылмыстық ізге түсу органдарының жұмысындағы кемшіліктер мен олқылықтарға назар аударуға міндетті негіз болған жағдайда жеке қаулылар шығарады.
Кез - келген құқық саласының ерекшелігі оның қағидаларынан айқын көрінеді. Азаматтық іс бойынша сот төрелігінің мақсаттарын қамтамасыз етуде іс жүргізушілік қағидалары маңызды орын алады. Азаматтық іс жүргізудің қағидалары осы құқық саласының ерекшелігін және мазмұнын көрсететін негізгі ережелер.
Оларды бұлжытпай орындау заңдылықты бекітуге мүмкіншілік береді. Сондықтан іс жүргізудің негізгі қағидалары біздің мемлекетіміздің Ата Заңында Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілуі кездейсоқ емес және АІЖК - де көрініс тапқан.
Біз азаматтық іс жүргізу қағидаларын айтқанда олар толығымен іс жүргізуде көрінетіндігін түсінеміз. Барық қағидалар азаматтық іс жүргізудің бөлек сатыларында өз көрінісін табу міндетті емес, себебі, іс жүргізудің сатысы - бұл іс жүргізудің бір ғана бөлімі болып келеді.
Атқарушылық іс жүргізу азаматтық іс жүргізудің органикалық сатысы болып табылатындықтан, азаматтық іс жүргізудің негізінде жатқан қағидалардан құралған.

1.2 Атқарушылық өндірісінің қатысушылары

Атқарушылық іс жүргізудің барлық қатысушыларын олардың қызметінің мақсаттылығына және атқару құжаттарын орындау кезіндегі роліне байланысты келесі топтарға бөлуге болады: сот орындаушысы, тараптар және олардың өкілдері, сот, прокурор және атқарушылық іс жүргізудегі өзге де органдар.
Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV заңы бойынша, сот орындаушысы мемлекеттік қызметте тұратын және соттар мен басқа да органдарының қаулыларын орындау бойынша өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам.
Соттар мен басқа да органдардың қаулыларын атқару жөніндегі сот орындаушысының қоятын талаптары меншік нысанына қарамастан барлық органдарға, ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға және азаматтарға міндетті Заңның № 261-IV бөлімінде көзделген.
Жиырма жасқа толған, сотталмаған, әдетте жоғары немесе арнаулы орта заң білімі бар, сотталмаған, сондай - ақ өз іскерлік және жеке қасиеттерімен өзіне жүктелген міндеттерді орындай алатын ҚР азаматы сот орындаушысы бола алады № 261-IV бөлімінде көзделген.
Күні бар заңдарда сот орындаушыларын атқарушылық іс жүргізуде шет қалдырудың және өздері шет қалдыруына негіз болатын мән - жайлар көрсетілген. КСРО атқарушылық іс жүргізу заңдарында бұл институт қарастырылмаған. ҚР - ның атқарушылық іс жүргізу заңнамасына енгізудің маңыздылығы тәжірибенің тараптарымен негізделген. Егер, сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізудің нәтижесіне жеке өзі тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса немесе өзге де мән - жайлар, тараптармен, олардың өкілдерімен әділ қарайтынына күмән туғызатын туыстық қатынаста болса, олардың атқарушылық іс жүргізуге қатысуына болмайды және олар шет қалдырылуға тиіс.
Атқарушылық іс жүргізу барысында сот орындаушысы тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға міндетті.
Заңның 82 - бабының 4 - тармағына сәйкес сот орындаушылардың сандық құрамы соттардың сандық құрамына сәйкес келуі тиіс. Атқарушылық іс жүргізудің келесі қатысушылары болып - тараптар танылады. Атқарушылық іс жүргізуде тараптар: өндіріп алушы мен борышкер.
Өндіріп алушы болып өз пайдасына немесе мүдделеріне атқару құжаты берілген жеке немесе заңды тұлғалар бола алады, ал атқару құжатында көзделген талаптардың орындауға міндетті жеке немесе заңды тұлғалар борышкер бола алады. Әдетте, талапкер атқарушылық іс жүргізуде өндіріп алушы болады, ал жауапкер - борышкер. Бірақ, кейбір жағдайларда ендіріп алушы жауапкер болуы мүмкін, мысалы, сот шешімімен талап арызды қанағаттандырмаса және жауапкердің қарсы талабын қанағаттандырып, талапкерден жауапкер мүддесіне сот шығындарын өндіріп алғанда.
Атқарушылық іс жүргізуге бірнеше өндіріп алушы немесе борышкер қатыса алады. Басқа тараптарға қатысты әрқайсысы атқарушылық іс жүргізуге дербес атқарушылық іс жүргізуге қатысады.
Атқарушылық іс жүргізудегі тараптар құқықтар мен міндеттерге ие. Тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мазмұнына тараптардың біреуін немесе басқа органның шешімімен борышты деп танылған, ал екінші тараптың материалдық құқықтарын (өндіріп алушы) расталған жағдайы әсер етеді.
Сот орындаушысының атқару құжаттарын атқару бойынша әрекеттеріне өндіріп алушы мен борышкер шағым білдіре алады.
Борышкер атқару мерзімін кейінге қалдыру мен ұзарту туралы, мүлікті тыйым салу хаттарынан алып тастау туралы өтініш жасауға құқылы.
Борышкер орындау бойынша шығындарды өтеуге, сақтау қоймаларына сот орындаушысын кіргізуге және т.с.с. әрекеттер жасауға міндетті. Тараптар атқарушылық іс жүргізуде құқықтарын және міндеттерін жүзеге асыратын тұлғалар болғандықтан, оларға мына белгілер тән: оларда қарама - қарсы материалдың құқықтық және процессуадық құқықтық мүдделері бар; атқару құжатының заңды күшi оларға тарайды; шығындарды өтейді.
Атқарушылық іс жүргізуде тараптар жеке өздері немесе өкілдері арқылы қатысуға құқылы. Атқарушылық іс жүргізудің қатысушы тұлғалар болып тараптар және олардың өкілдері болып танылады. Бірақ, АІЖК - нің 44 - бабында өкіл іске қатысушы тұлғалардың құрамына кіргізілмеген. АІЖК - нің деңгейі заңға қарағанда жоғары болғандықтан, біздің ойымызша, кодекстің нормаларын қолдануымыз керек.
Өкіл атқарушылық іс жүргізуде тараптардың барлық құқықтарына толық ие және оның құзыреті заңда көрсетілген тәртіпке сәйкес рәсімделуі тиіс.
Атқарушылық іс жүргізуде келесі қатысушы сот болып келеді. Атқарушылық іс жүргізуде сотта маңызды құзыреттер сақталған. Біздің ойымызша, оларды мақсаттылығы бойынша бес топқа бөлуге болады:
1. атқару құжаттарын жазумен байланысты құзыреттер (атқару парағын және оның түпнұсқасын беру);
2. шешімді орындау барысында өзінің шешімімен табылған кемшіліктерді түзету бойынша құзыреттерді (шешімді түсіндіру, атқару тәртібі мен әдісін өзгерту, жазулар және арифметикалық қателерді түзету);
3. сот орындаушысының әрекетін бақылау бойынша құзыреті (сот орындаушысының әрекетіне түскен шағымды қарау);
4. соттың шешімді қамтамасыз ету құзыреті (борышкерді іздеу салу, жауапкердің мүлкіне тыйым салу және т.с.с. әрекеттер);
5. сот шешімін кері орындау бойынша құзыреттері.
Атқарушылық іс жүргізуге прокурор төмендегі заңмен берілген құзыреттерін жүзеге асыру мақсатында қатыса алады. Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының 21 желтоқсан 1995 - жылғы заңының 44 - бабына сәйкес прокурор өз құзыретінің шегінде:
- Конституцияның, заңдардың және халықаралық шарттардың дәлме-дәл, біркелкі орындалуын талап етуге;
- Азаматтардың және мемлекеттің құқықтарын қорғау істерімен байланысты, сондай - ақ прокурордың талап арыздары бойынша атқарушылық іс жүргізуді талап етуге және тексеруге;
- Борышкердің банктік немесе жекелеген банктік операциялардың жүзеге асыратың ұйымдардағы жатқан ақша және басқа мүліктерге тыйым салу туралы атқарушылық іс жүргізу органдарының актілерін заңға көзделген жағдайда санкциялауға құқылы.
Жоғарыда көрсетіліп кеткен қатысушылардан басқа атқарушылық іс жүргізуге өзге де органдар қатыса алады. Соттар мен басқа органдардың ақшалай сомаларды өндіріп алу жөніндегі қаулыларын орындауды сондай - ақ салық органдары, банктер, өзге банктік емес қаржы мекемелері жүзеге асырады. Бюджетке төленетін салық төлемдері мен өзге де міндетті төлемдердің, айыппұл төлеуді кешіктіргені үшін өсiмдердi бюджетке төленетін салық төлемдері мен өзге де міндетті төлемдер туралы заңдарды бұзғаны үшін өзге санкцияларды өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу осы заңда белгіленген тәртіппен және салық не кеден заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР кодексінің 614 - бабына сәйкес салып берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:
- банк шоттарындағы ақшасының есебінен;
- қолма-қол ақшаның есебінен;
- дебиторларының шоттарынан;
- билік ету шектелген мүлiкін өткізу есебінен;
- жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару арқылы жүргізіледі.

2 АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТӘРТІБІ
2.1 Атқарушылық іс жүргізу құжаттары

Атқару негіздеріне атқарушылық іс жүргізудің ережері бойынша орындалуға жататын соттардың немесе басқа органдардың актілері жатады.
Атқарылуға жататын акт негізінде құзыретті орган мүдделі адамның өтініші бойынша атқару кұжатын береді.
Занда тікелей көрсетілгендей, юрисдикциялық актілер атқарудың негіздері (мәжбүрлеп атқару құқығының пайда болуы) болып табылады. Атқару негіздеріне тән белгілер бар, оларға мыналар жатады.
Атқарушылық іс жүргізудің пайда болуына негіз болатын заңды фактілердің болуы. Атқарушылық іс жүргізудің пайда болуына негіз болатын нормативтік актілер атқарудың негіздері болып табылады. Атқарушылық іс жүргізу көбінесе, басқа да құқықтық қатынастар секілді, заңды фактілер жиынтығының бір - бірімен байланысуының нәтижесінен пайда болады. Бірақ, кейбір жағдайларда, атқарушылық іс жүргізу бір ғана заңды фактінің негізінде пайда болуы мүмкін. Егер, атқарушылық іс жүргізуді қозғау үшін керекті барлық заңды фактілердің жиынтығы өзінің құрамына атқарудың негіздерін қоспаса (аткаруға жататын актілер бомағанда), онда атқарушылық іс жүргізу пайда бола алмайды. Сонымен, өндіріп алушыға мәжбүрлі орындау құқығын беретін заңды фактілерді атқарудың негіздері деп тануға болады. Шынында атқарудың негізі болғанда ғана тұлға өндіріп алушы бола алады.
Атқарудың негізі юрисдикциялы органдардың актілері. Мемлекеттік билік және басқару органдарының барлық актілері атқарудың негізі бола алмайды. Себебі, орындау үшін мәжбүрлі шараларды қажет етпейтін актілер атқару негізі ретінде қарастырылмайды. Мысалы, тану туралы талап арыз бойынша шешімдер.
Тек қана тікелей заңда көрсетіген юрисдикциялы органдардың актілері атқарудың негізі бола алады. Олар:
- азаматтық істер бойынша шығарылған қаулылар, ұйғарымдар, шешімдер;
- әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды түлғалар;
- халықаралық және шетелдік соттар мен төреліктердің шешімдері;
- заңдарда көзделген жағдайларда өзге де органдардың қаулылары.
Тараптардың субьективті құқықтары мен бостандықтарын, сонымен қатар заңмен қорғалатын мүдделерін анықтайтын юрисдикциялы органдардың құжаттары атқару негізі бола алады. Демек, акт мәжбүрлі атқаруға жатады және атқарудың негізі бола алады, тек қана оны шығару нәтижесінде құқық туралы мәселе немесе даулы материалдық құқықтық қатынас шешілетін болса. Сот істі қарау барысында әр мәселе бойынша көптеген актілер шығарылады, бірақ олар тараптарың және басқа да қатысушы тұлғалардың материалдық құқықтарын қозғамай, күнделікті іс жүргізушілік мәселелерді шешеді (мысалы, іс жүргізушілікті тоқтату туралы ұйғарым, іс жүргізушілік мерзімдерді ұзарту туралы ұйғарым).
Атқарушылық іс жүргізу пайда болу үшін негіздерден басқа атқару құжаттардың болуы маңызды. Атап айтанда, атқару құжаты сәйкес сот актісінің немесе өзге де органдар актісінің негізінде берілетін құжат. Ол сот немесе басқа да органдардың шешімін және сот бұйрығын орындамаған борышкерге атқару құжат өндіріп алушының атқарушылық мәжбүрлі сипаттағы тәсілдерге жүгіну құқығын куәлендіреді. Атқару негіздері болмаған жағдайда да атқару құжатынсыз атқарушылық іс жүргізу қозғалмайды.
Атқару құжаттары атқару негізінен кейін екінші заңды факт болып келеді. Заңды факт ретінде өзінің дербестігіне қарамастан, атқару құжаты атқару негізінен туындайды, себебі атқару негізінсіз атқару кұжаты болмайды. Өйткені, атқарушылық іс жүргізудің ережелері бойынша орындалуға жататын соттардың немесе басқа органдардың актілері шықпайынша, атқару құжаттары берілмейді.
Атқару құжаттардың ішіндегі ең көп тарағаны атқару парақтары. Шешім, дереу орындалатын жағдайлардан басқа, ол заңды күшіне енгеннен кейін, заңмен белгіленген тәртіп бойынша орындалады. Сот шешiмi заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылады, ол ендіріп алушыға беріледі не оның жазбаша өтініші бойынша сот оны аумағы бойынша атқарушылық іс жүргізудің тиісті органына орындау үшін жібереді. Мүлік тәркіленген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, қылмыспен келтірілген залал өндіріп алынған, алименттер өндіріп алынған, жарақаттанудан немесе денсаулыққа өзге де зақым келуден, асыраушысынан айрылуынан келтірілген залалдың орны толтырылған жағдайларда сот өз бастамасымен атқару құжатын аумағы бойынша тиісті атқарушылық іс жүргізу органына орындауға жібереді. Соттың дереу орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы жазылып, шешім шығарылғаннан кейін дереу орындауға жіберіледі. Атқару парақтарын бірінші сатыдағы сот шешім заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтқан күннен бастап үш тәулік ішінде жазады және ол құжаттың мазмұнында мыналар көрсетілуі тиіс:
- атқару құжатын берген соттың атауы;
- істің нөмірі мен шешімнің шығарылған күні;
- шешімнің қарар бөлігі (сөзбе сөз);
- шедімнің заңды күшіне ену уақыты;
- атқару катының берілген күні;
- ендіріп алушының тегі, аты және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәжбүрлек атқару шаралары
Атқару өндірісінің мәні мен маңызы
Атқарушылық өндірісінің қатысушылары
Атқарудың негіздері және атқару құжаттары
Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың түрлерін анықтау
Атқару өндірісінің құқық жүйесінде толық және азаматтық сот өндірісінде ішінара орын алуы
Азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалу мәселелері
Атқарушылық әрекеттер жүргізудің тәртібін талдау
Соттардың үкімдерді орындау кезінде мәселелерді қарауы
Қазақстанның құқықтық саясатының тұжырымдамасы негізіндегі атқару ісін дамытудың құқықтық
Пәндер