Қылмыстық құқық бұзушылыққа тағайындалатын жаза түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану мамандығы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығының жалпы бөлімі
Тақырыбы: Сыбайлас қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жаза тағайындау

Орындаған:Юп-18-7тобының студенті
Сансызбай.О.Е
Рецензент: з.ғ.к,доцент.
Алибеков С.К

Ақтау-2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАҒЫ ЖАЗАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Қылмыстық құқық бұзушылықтағы жаза ұғымы мен оның мақсаты ... ... ... ... ...4
Қылмыстық құқық бұзушылыққа тағайындалатын жаза түрлері ... ... ... ... ... ... .7
СЫБАЙЛАС ҚАТЫСЫП ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАЗАНЫҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу түсінігі мен түрлері ... ... ..10
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың жауаптылығы және шектен шығуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Сыбайлас қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жаза тағайындау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...27

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаты. Екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қасақана бірлесе қатысуы қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу деп танылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Адам адам болғалы, өркениет әлемі өз көшін түзегелі бері қылмыс пен жаза атты телі ұғым қаншалықты сөз болып, сынға түсіп келе жатқанына қарамастан адамзат тарихындағы ең ұлы, ең қилы-киямет оқиғаларға толы ғасыр болып өткен ХХ-ғасырдың басында айтылған осынау пікірдің, қойылған осыну сауалдың күні бүгінге дейін бір жақты жауабын таппай, маңызын жоймай келе жатқандығы таңдандырмай қоймайды.
Жаза шарасын сот заң санкцияларының кең көлемде әділдік сана-сезімінің субьективтік негізінде тағайындайды. Бірақ осының барлығын шешетін санасезім мейілінші тұрақсыз және барынша бұлдыр өлшем болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Тақырыптың маңыздылығы жоғарыда айтылғандай, осынау адамзат өркениетінің сан ғасырлық даму жолындағы маңызын жоймай келе жатқан жаза белгілеу мәселесінің мән-маңызын ашып көрсету.Әдебиет көздерін келтіру.
Курстық жұмыстың мідеті.
- қылмыс ұғымын әдістемелік, әлеуметтік- саяси, қылмыстық құқықтық тұрғыда зерттеп білу;
- қылмыстық заңның даму тарихының ерекшелігін анықтап білу және мәнін ашу;
- құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінде әділсоттылықты жүзеге асырудың маңыздылығын арттыру;
- жаза белгілеу мәселесіне тарихи тұрғыда, тарихтың қалаулы бір қайнар көзі болып табылатын әдет-ғұрып заңдарындағы жаза белгілеу мәселесінен бастап сол жібек желі, алтын арқауды үзбей, одан кейінгі қилы заман, дүбірлі кезеңдердегі жаза белгілеу институтының даму-қалыптасу дәстүрлерімен берік сабақтастырып, бір ізбен, бір жүйемен қысқаша баяндап көрсету;
- жаза белгілеу мәселесіне байланысты бұрын соңды айтылған, білікті мамандар, ғалымдар тарапынан лайықты бағасын алған ой-пікірлерді саралау, даулы мәселелерге қатысты екі жақты пікірлерді алдыға тарта отырып, батыл байламдарды негіздеу;
- бұл үшін сот тәжірибесінен алынған дерек-дәйектерге ерекше көңіл бөлу;
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАҒЫ ЖАЗАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қылмыстық құқық бұзушылықтағы жаза ұғымы мен оның мақсаты

Екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қасақана бірлесе қатысуы қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу деп танылады.[1, 17б]
Қылмыстық құқық бұзушылық - бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамнын қылмыстық құқық бұзушылық істеуінін нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген қылмыстық құқық бұзушылыққа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыстық құқық бұзушылық істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды.
Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін, олардың әрқайсысының бірлесіп қылмыстық құқық бұзушылық істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу институты ғана осы мәселелерді анықтауға толық мүмкіндік туғызады.
Жаңа қылмыстық заңда қылмыстық құқық бұзушылыққа бірлесіп сыбайластықпен қатысудың ұғымы, оған катысушылардың (орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар мен көмектесушілер) жекелеген іс-әрекетін сипаттайтын белгілер және оларға жаза тағайындаудың негізгі қағидалары, сондай-ақ қылмыска қатысу нысандарының аныктамасы берілген (ҚК-нің 27, 28, 29, 31-баптары).
Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке-дара қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға қарағанда, кылмыстық құкық бұзушылықты осы нысанда істеудің қауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да зор. Бірнеше адамның күш біріктіріп бір немесе бірнеше кылмыстык құқық бұзушылықты істеуі олардың - қатысушылардың өзара бірін-бірі қолдауы, қылмыстық құқық бұзушылықты істеуді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға үлкен қауіп келтіреді немесе соны келтіру қаупін туғызады. Қылмыстық құқық бұзушылық істеуді осылай жүзеге асыру қылмысты іс-әрекеттің өзін жоюға, кайсыбір жағдайларда бір адамның қолынан келмейтін кылмыстық құқық бұзушылықты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Көптеген ауыр қылмыстык құқық бұзушылықтарды, атап айтқанда, бөтен біреудің мүлкін өте көп мөлшерде талан-таражға салу, валюталық операциялар жөніндегі ережелерді бұзу, паракорлық, әйел зорлау, кісі өлтіру сияқты қылмыстык құкық бұзушылық бірлесіп істеу арқылы жүзеге асырылады.
Қазакстан Республикасында қылмыстык құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың ұғымы Қазақстан Республикасының 2014 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің 27-бабында Екі немесе одан да көп адамның касақана кылмыстық құкық бұзушылық жасауға қасакана бірлесе қатысуы қылмыстық кұқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу деп танылады, - делінген.
Қылмыстық құқык бұзушылық істеудің ерекше нысаны болып табылатын кылмыстық кұқык бұзушылыкка қатысудың өзіндік объективтік жэне субъективтік белгілері бар. Қылмыстық кұкық бұзушылыққа қатысудың объективтік жағының бір белгісі бір қылмыстық кұқық бұзушылыкка екі немесе одан да көп адамдардың сыбайластықпен қатысуы болып табылады. Бұл жерде қатысушылардың бәрінің есі дұрыс, қылмыстық заң бойынша жауап беретін жасқа толған болуы кажет. Есі дұрыс емес адамды немесе қылмыстық жауап беру жасына толмаган жасөспірімдерді қылмыс істеуге пайдалану қылмыс жасаудың құралдары болып саналады, сол себептен ол қылмысқа сыбайластықпен қатысу болып саналмайды. Ондай адамдарды қылмыс істеуге пайдаланғандардың өздері қылмыстық құқық бұзушылықты тікелей орындаушы ретінде жауап береді. Ал кәмелетке толмаган адамды қылмыстық құқық бұзушылыққа тарту Кодекстегі 132-бап бойынша жеке қылмыс құрамы болып есептеледі. Қылмыстық құқық бұзушылық істеуге сыбайластықпен қатысуда екі немесе одан да көп адам қылмысты бірлесіп істейді. Объективтік жағынан алғанда қылмысгық құқық бұзушылык істеуге сыбайластықпен бірлесіп қатысу дегеніміз оны істеуге бірге қатысқан әрбір қатысушылардың әрекеті белгілі бір қылмысты іс-әрекетті істеуге жэне соның орындалуын жүзеге асыруға бағытталуы. Өзінің мәні жөнінен жекелеген адамдардың қылмысқа қатысуы әр түрлі болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көрсетілген қылмыстарды тікелей орындаушымен бірге, сыбайластықпен қатысушылар санына қылмыс істеуге біреуді көндірген (айдап салушы), қылмыс істеуді ұйымдастырған немесе оған басшылық етуші (үйымдастырушы) немесе қылмыс жасауға жағдай туғызған (көмектесуші) адамдар да кіруі мүмкін. Қылмысты ұйымдастырушылардың; айдап салушылардың; комектесушілердің әр түрдегі және әр түрлі дәрежедегі сыбайластықпен қылмыстың істелуіне мүмкіндік туғызумен бірге уақыты жағынан істелген қылмысты орындаушының әрекетінің алдын алуы немесе сонымен тұспа-тұс келуі жэне олардың барлығының осы қылмысты әрекетті істеумен себепті байланысты болуы шарт. Әрбір қатысушының әрекеттерінің өзара себепті байланысы мен шарттарының болуы істелген кылмыстық катысушыларының сыбайластықпен бірлескен қылмыстық кұкық бұзушылыкты іс-әрекеттерінің салдары екендігін дәлелдейді, барлық қатысушылардың бірдей жағдайда жауаптылыкқа тартылуының алгы шарты екендігін көрсетеді.
Қылмыстык құқық бұзушылыққа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстық құқық бұзушылықтың зардабының өзара байланысының жеке адамның істеген қылмыстық қүқық бұзушылығына қарағанда өз ерекшелігі бар. Қылмыстық кұқық бұзушылыққа қатысуда қылмыстық кұқық бұзушылыктың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың іс-әрекеттері ғана байланысты болады. Айдап салушы, көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Олар тек қана кылмыстық кұқық бұзушылықтың зардабының тууына себепші болады. Мұндай себепші болу қылмыстық құқық бұзушылықты тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқылы жүзеге асырылады. Субъективтік жағынан алғанда қылмыска қатысу барлык қатысушылардың қылмысты қасақана істегенін білдіреді.
Бұл жерде екі немесе одан да көп адамдардың касақана қылмыс жасауға қасақана қатысуы ұйымдастырушының, азғырушының, көмектесушінің, орындаушының істейтін қылмысының мәнісінен хабардар болатындығы және олардың өз іс-әрекеттерімен орындаушыға қылмыс істеуге мүмкіндік туғызатыны немесе соған түрткі болатыны туралы сөз болып отыр.
Қылмыстык кұқык бұзушылыққа сыбайластықпен қатысу тек қасақана істелетін қылмыстык құкык бұзушылықтағы ғана болады. Абайсыздықпен істелетін қылмыстық құқық бұзушылықтағы қылмысқа қатысушылық болмайды.
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайластықпен қатысуда барлық қатысушылар іс-әрекетті қасақана, оның ішінде тек қана тікелей қасақаналықпен жасайды. Бұл жерде бұл қылмыстық құқық бұзушылықты істеуді тілеу бірнеше адамдарды қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекетке біріктіреді. Кейбір жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылыққа катысу нақтыланбаған тікелей қасақаналықпен де болуы мүмкін.
Қылмыстык құқық бұзушылыққа қатысушылардың әркайсысының ниетінің мазмұнына орындаушының істейтін қылмыстык құқык бұзушылығының қоғамға зияндылығының мәнісін сезу, сондай-ак сол адамның қылмыстық кұкық бұзушылықты жалғыз өзінің емес, басқалардың әрекетімен бірге жасайтын мән-жайларды сезінуі шарт.
Қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушы, қылмыстық құқық бұзушылыққа көмектесуші немесе айдап салушы қылмыстық құқық бұзушылықты орындаушының істейтін қылмыстық құкық бұзушылығының мәнін, ниетін, және өздерінің орындаушының қылмыстық құқық бұзушылықты істеуіне жағдай туғызатынын сезінуі кажет.
Ал қылмыстық құқық бұзушылықты орындаушы қылмыстык құқық бұзушылыққа басқа сыбайластықпен катысушылардың өзіне қылмыстық құқық бұзушылыққа дайындалғанына немесе жасауына жәрдем жасағанынан әр уақытта да хабардар болады. Оның үстіне, қылмыстық құқық бұзушылыкты орындаушылардың арасында бірлесіп қылмыстық құқық бұзушылық жасауға деген өзара келісім болады, мұның өзі барлық қылмыстық құқық бұзушылықка қатысушылардың өз әрекеттерінің келісушілікпен жүзеге асырылатындығын және мұның қылмысты іс-әрекеттің тиімді түрде жүзеге асырылатындығын көрсетеді.
Қылмыстық құқық бұзушылык катысу - барлық қатысушылардың бірыңғай қылмыстық құқық бұзушылықты нәтижеге жетуі үшін бағытталған, ортақ қылмыстық құқық бұзушылық ниетінің болуын білдіреді. Қатысушылардың мінез-құлқының, ниеті мен мақсатының бір-біріне сай келуі де, келмеуі де мүмкін. Мысалы: кісі өлтіруге қатысушылардың біреуі кызғаныштан, екіншісі кек алушылықпен, ал басқа біреуі пайда күнемдік ниетпен әрекет жасауы мүмкін.
Қылмыстық құқық бұзушылық қатысудағы басты шарт - барлық сыбайластықпен қатысушылар қылмыстык құқық бұзушылықты орындаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, әр түрлі ниетпен соның болуын тілеп, қылмыстык кұкык бұзушылықты жүзеге асыру үшін өздерінің кылмыстық кұқық бұзушылық әрекеттерін біріктіреді.[2, 116б]

1.2 Қылмыстық құқық бұзушылыққа тағайындалатын жаза түрлері
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген кылмыстық занда белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына карай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі Республика аумағында қылмыстық құқық бұзушылыққа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруга мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
1) Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдык жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялык дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградадан айыру.
2) Сотталған адамның құқығына шек коюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану кұқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу: шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу.
3) Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.
4) Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамаққа алу. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мэлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топка бөлінеді: Бірінші топты негізгі жазалар қүрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның максатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жазатүрлерін айтамыз.
Қазакстан Республикасының 2014 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің 40-бабына сәйкес жаза түрлері қылмыстық теріс қылық жасағаны және кылмыстык құқық бүзушылық жасағаны үшін жеке дара белгіленген. Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылғандарға мынадай негізгі жазалар:
1) айыппұл;
2) түзеу жұмыстары;
3) қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) қамаққа алу қолданылуы мүмкін.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарга мынадай негізгі жазалар:
1) айыппұл салу;
2) түзеу жұмыстары;
3) бас бостандығынан шектеу;
4) бас бостандығынан айыру;
5) өлім жазасы қолданылуы мүмкін (40-бап, 2-бөлігі).
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға косылып тағайындалатын, жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші рөл атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотынын Қылмыстық жаза тағайындаган кезде соттардың заңдылықты сактауы туралы 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысының 25, 26-тармақтарында Негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу, оны даралап көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі, осыған байланысты соттар үкім шығарган кезде әр іс бойынша, әсіресе, ауыр, аса ауыр, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарға қосымша жаза колдану қажеттілігі мәселесін қараған жөн.
Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, кабылданған шешімнің дәлелдерін үкімнің дәлелдеу бөлігінде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал косымша жаза қолданылмаған жағдайда бұл туралы үкімнің қорытынды бөлімінде ондай сілтеме жасалмайды. Кінәліні соттаған кезде қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп табылса, сот оны ҚК-нің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана ҚК-нің 55-бабына сілтеме жасай отырып қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде келтіре отырып, қолданбауы мүмкін.
Соттардың назары мынаған аударылсын: қосымша жазаның айыппұл, мүлікті тәркілеуі сияқты түрлері қосымша жаза ретінде тек егер олар сотталушыны кінәлі деп таныған ҚК-нің баптарының диспозицияларында косымша жаза ретінде көзделген болса ғана колданылуы мүмкін. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу күқынан айыру, арнайы, әскери немесе күрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру косымша жаза ретінде ҚК-нің Ерекше бөлімінің қылмысты саралаған бабында жаза ретінде көзделмесе де тағайындалуы мүмкін. Бүндай жазаны қолдану туралы шешім қабылданғанда, үкімнің корытынды бөлігінде ҚК-нің тиісінше 41 немесе 50-бабына сілтеме жасалуы керек. Ауыр немесе аса ауыр қылмыс үшін сотталған кезде, сот үкіммен бірге ҚК-нін 50-бабы 2-бөлігінің негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің атына сотталушыны мемлекеттік наградалардан немесе Қазакстан Республикасы Президенті тағайындаған кұрметті, эскери, арнайы атағынан, сыныптык шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыру туралы тиісті үсыныс енгізу туралы мэселесін карауы тиіс.
Қосымша жазалар сотталушыны кінәлі деп таныған заң баптарында көрсетілген шекте тағайындалады. Егер қосымша жаза ҚК-нің 41 немесе 50-баптарының негізінде қолданылса, оның мерзімі заң бойынша жазаның осы түріне белгілеген шектен аспауы керек, - делінген. Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында косымша жазаларды қолдану немесе колдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал косымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнін қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасалмайды. Кінәлі сотталған кезде ол жауапқа тартылған қылмыстық заңның баптарында косымша жаза колдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болган жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, кабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған қосымша жазаны қолданбауы мүмкін.
Қосымша жаза жеке-дара тағайындалмайды, ол тек кана негізгі жазаға қосылып тағайындалады.
Қылмыстық қүқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға негізгі жазамен қатар мынадай қосымша жазалар:
1) мүлкін тәркілеу;
2) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сынаптык шенінен, дипломатиялык дәрежесінен, біліктілік сыныбына жэне мемлекеттік наградаларынан айыру;
3) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметінен айналысу құқығынан айыру;
4) шетелдікті немесе азаматтығы жок адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу қолданылуы мүмкін.
Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны мен мәні әр түрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану - қылмыстык кұқық бұзушылыкпен тиімді күрес жүргізудің негізгі шарты болып табылады. Енді осы жазаның жекеленген түрлеріне сипаттама береміз.[2, 161б]

СЫБАЙЛАС ҚАТЫСЫП ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАЗАНЫҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу түсінігі мен түрлері
Қылмыстық құкықта қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайластықпен қатысушылар орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар және көмектесушілер деп бөлінеді. Оларды бұлай бөлуге қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайластықпен қатысудағы атқаратын іс-әрекетінің мәнісі мен дәрежесі негіз бола алады. Қылмыстық қүкық бұзушылыққа сыбайластықпен қатысушыларды осылай бөлудің олардың жауаптылығын негіздеу, іс-әрекеттерін дұрыс саралау және жаза тағайындағанда әрқайсысының ерекшеліктерін еске алу үшін маңызы өте зор.
Қылмыстык кұқық бұзушылыкка сыбайластықпен қатысушылардың түрлері және олардың әрқайсысына заңдылық сипаттама ҚК-нің 28-бабында көрсетілген.
Орындаушы. Қылмыстық кұкык бұзушылықты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бірге тікелей катысқан адам, сондай-ак жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе осы Кодексте көзделген баска да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады (28-бап, 2-бөлігі).
Қылмыстык құқық бұзушылықты орындаушы қылмыстық құқық бұзушылыкты жеке өзі немесе оны бірнеше басқа адамдармен қоса орындап, тікелей жүзеге асыруы мүмкін, мысалы, топ болып әйелді зорлау. Қайсыбір жағдайларда қылмыстық кұкык бұзушылықтың субъектісі болып танылатын жасқа толмаған адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық кұкық бұзушылық жасаған адам қылмыстық кұқык бұзушылықтың тікелей орындаушысы болады. Немесе есі дұрыс емес адамды кісі өлтіруге пайдаланса, онда оны пайдаланған адамның өзі қылмысты орындаушы, ал есі дұрыс емес адам қылмыстық кұқық бұзушылық істеудің құралы болып табылады. Егер абайсыздықпен әрекеттенген адамды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасалса да, қылмыстық құқық бұзушылықты орындаушы болып соны пайдаланған адамның өзі танылады.
Орындаушының арам ниетінің мазмұны мынандай болып табылады:
а) адам қылмыстық құкық бұзушылықты баскалардың көмегімен (біреу болса да) істелгенін сезеді;
б) қылмыстық құқық бұзушылықтың нәтижесінін жалпы зардабын болжайды;
в) соның болуын тілеп немесе соған саналы түрде жол береді. Қылмыстық құқық бұзушылықты орындаушылардың әрекеті ҚК-нің 28-бабы, 2-бөлігіне сілтеме жасалмастан ҚК-нің Ерекше бөлімінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бойынша тікелей сараланады.
Үйымдастырушы. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылык еткен адам, сол сиякты қылмыстық топты кұрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады (28-бап, 3-бөлігі). Ұйымдастырушы қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың ішіндегі ең қауіптісі болып табылады. Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 29-бабына сілтеме жасала отырып сараланады. Қылмысты ұйымдастырушылардың әрекеті көбінесе тұрақты қылмыстык топ құруға байланысты болады. Ұйымдастырушылар объективтік жагынан алганда қызметі қылмыстық кұқық бұзушылыққа қатысушыларды табу, оның дайындығына, жүзеге асырылуына жоспар жасау, қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардын арасында берік тәртіп орнату, олардың өзара міндеттерін бөлу, сондай-ақ қылмысты істеу барысында оган тікелей басшылық жасау жагынан көрінеді. Барлық жағдайларда да ұйымдастырушы, қылмыстық құқық бұзушылықты істеуді дайындағанда немесе басқарганда олардың катысушыларын біріктіріп, басшылық жасайды, көп жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылык істеудің бастамашысы болады. Кейбір ретте қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушы өзінің ұйымдастырушылық қызметін істелген қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей орындаушылық қызметімен коса атқаруы да мүмкін. Бірақ та мұндай жағдайда оның ұйымдастырушылық қызметін қылмыстық құкық бұзушылықты орындаушылық қызметімен алмастыруға болмайды. Өйткені қылмыстық құқық бұзушылыкты ұйымдастырушының зияндылығы орындаушыға қарағанда жоғары және қауіпті болып табылады. Үйымдастырушы тек кана тікелей қасақаналықпен әрекет жасайды. Ол әрекетінің қоғамга қауіпті екенін біле тұра, содан туындайтын зардаптардың болуын болжай тұра, сол зардаптың болуын тілеп істейді. Яғни басқаша айтқанда, ұйымдастырушы қылмыстық құкық бұзушылыққа қатысушылардың барлығының қылмыстық құқық бұзушылық әрекетінің біріктірушісі болады және сол үшін де өзі ұйымдастырған нақты қылмыстық құқық бұзушылық құрамының санкциясына сәйкес жазаға тартылады.
Айдап салушы. Басқа адамды азғыру, параға сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыстық құкык бұзушылық жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады (28-бап, 4-бөлігі).
Айдап салушы болашақ қылмыстық кұқық бұзушылықты орындаушыны әр түрлі әдіспен қылмыс істеуге азғырып, көндіріп, оның батылдығына жігер береді. Айдап салушы (азғырушы) қылмыстык кұқык бұзушылықты істеушінің сана-сезіміне, еркіне тікелей әсер етіп, оны қылмыстық құқық бұзушылық жасауға тікелей жігерлендіреді. Айдап салушының өзі қылмыстық құқық бұзушылық істеуге көндірген адаммен қатынас жасауы ауызша, жазбаша, қимыл көрсету және тағы баска сан түрлі болуы мүмкін.
Қылмыстық кұкық бұзушылық істеуге біреуді көндірудің тәсілі, құралы да сан түрлі болуы мүмкін. Мұнда қорқыту, өтіну, сатып алу, сый-сияпат жасау, өз өкілдігі мен беделін пайдалану сияқты сан алуан әдістер пайдаланылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда айдап салушы біреу емес, бірнешеу болуы да ыктимал. Айдап салудың барлық тәсілдері мен әдістері азғыруға көнушінің еркін басуға немесе оны шатасуға әкеліп соқтырмауы керек, қайта оның белгілі бір қылмыстық құкык бұзушылықты жасауға деген жігерін қоздырып, соны істеуге деген бел байлағандыққа итермелеуі керек. Айдап салушы барлық уақытта да белсенді әрекет күйінде жүзеге асырылады. Айдап салушыны интеллектуалдық көмек берудің түрінен ажырата білу керек. Интеллектуалдық көмек беруде адам қылмыстық құкық бұзушылыкты орындаушының ниетін кұптайды, ал айдап салушылықта қылмыстык кұкык бұзушылық істеуге біреуді белсенді түрде көндіреді. Яғни, бұл екі ұғымның айырмашылыгы осында. Айдап салушылық өзінің істеген іс- әрекетінің мәнін сезуге қабілеті нақты бір шешім жасайтын адам жөнінде ғана орын алады. Сондықтан да есі дұрыс емес адамды, қылмыстык құқық бұзушылық үшін кәмелепік жаска толмаган жасөспірімді айдап салушылықта қылмысқа қатысу тәртібі колданылмайды, бұл жерде айдап салушының әрекеті біреу арқылы зиян келтіру ретінде бағаланады. Сол сияқты біреуді әдейілеп қасақана теріс бағытқа салып, соның қатесін пайдаланып, сол арқылы қылмыстық құқық бұзушылықты жүзеге асыру да кылмыстық күқық бүзушылыққа сыбайластыкпен қатысудагы айдап салушылық болмайды. Мұндай реттерде ондай әрекеттерді істеген адамның өздері қылмыстык қүқық бүзушылықтың тікелей орындаушысына айналып кетеді.
Субъективтік жағынан алғанда, айдап салушылык әрекеті тікелей қасақаналық арқылы сипатталады. Өйткені айдап салушының арам ниеті біріншіден, орын алатын накты кылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективтік жағынан туындайтын барлык мән-жайларды, екіншіден, озінің әрекетімен қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінің себепті байланысынын жалпы дамуын болжайды. Демек, айдап салушы қылмыстык қүқық бұзушылық істеуге басқа біреуді көндіріп, оны накты бір қылмыстық құқық бұзушылықты орындауға көндіреді. Егер адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауға азғырмайтын өзінің теріс көзқарасымен көңіл-күйін білдірсе, онда ондай адамның әрекетінде айдап салушылық болмайды. Кей кезде мүндай іс-әрекет нақты бір жағдайларға байланысты жеке қылмыстық құқық бұзушылық құрамын түзеуі мүмкін (179, 180-баптар).
Көмектесуші. Кеңестерімен, нүсқауларымен, ақпарат, осы іс-әрекетті жасайтын қару немесе құралдар беруімен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына жәрдемдескен адам, орындаушыны, кылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруын немесе өзге де құралдарын, осы іс-әрекеттің ізін не құқыққа қарсы жолмен қол жеткізілген заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сиякты осындай запарды иемденуге немесе откізуге күні бүрын уэде берген адам көмектесуші деп танылады (28-бап, 5-бөлігі).
Объективтік жағынан алганда, қылмыстық құқық бұзушылыққа көмек көрсету жоғарыда көрсетілген тәсілдермен істелінетін қылмыстық құқық бұзушылықтың жүзеге асырылуына жәрдемдесу болып табылады. Тәсілдердің нақты тізбегі Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігінде көрсетілген. Мұнда кылмыстық құқық бұзушылық істеуге пайдаланылатын барлық тәсілдердің нысандары толық айтылған.
Көмектесушінің қылмыстық кұқық бұзушылықты орындаушылардан өзгешелігі, сол қылмыстық құқық бұзушылыққа көмектесу әр уақытта да орындаушының қылмыстык құқық бұзушылық іс-әрекетті істеуінің алдын алады. Өйткені қылмыстык заңда қылмыстық құқық бұзушылыққа көмектесушінің бір белгісі күні бұрын уәде беру деп тегіннен-тегін көрсетілмеген. Күні бүрын кылмыстық құкық бұзушылықты істелгенге дейін көмектесуге уәде берген адам ғана қылмыстык кұқық бұзушылыққа көмектесуші деп табылады. Ал егер адам күні бүрын көмектесуге уәде бермей-ақ орындаушының істеген қылмыстық құқық бұзушылығына көмек көрсетсе, онда мұндай адамның әрекеті Қылмыстык кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген тиісті кұрамдарды бірге орындаушы ретінде бағаланады. қылмыстық құқық бұзушылықка көмектесу заттай (материалдық) немесе интеллектуалдык болып бөлінеді.
Заттай (материалдык) көмектесу, әдетте, белгілі бір белсенді іс-әрекеттер - құрал беру, кедергілерді жою, қылмыстық құқық бұзушылық істеуге пайдаланылатын кұралдар мен аспаптар беру аркылы жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда заттай көмектесу әрекетсіздік аркылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, күзетшілер мен басқа да адамдардың мемлекеттік мүлікті сактау жөніндегі өздерінің құқылық міндеттерін орындауға күні бұрын қылмысты түрде әдейі ұқыпсыз қарап, баскалардың осы мүлікті ұрлап, көп мөлшерде материалдық залалға ұшыратуына көмек беруі және тағы басқалары.
Интеллектуалдық көмектесу, әдетте, орындаушының қылмыстық құкык бұзушылық істеуге деген шешімін, жігерін нығайтуға байланысты болады. Интеллектуалдық көмектесуге кылмыстық құқық бұзушылықты істеуге кеңестерімен, нұсқауларымен акыл беру, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық істеуге пайдаланылатын кұралдар мен қару-аспаптарды, қылмыскердің өзін, қылмыстық құқық бұзушылыктың ізін, қылмыстык құқық бұзушылық жолмен табылған заттарды жасыруга, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жолмен табылған заттарды алуға немесе сатуға күні бұрын уәде беру әрекеттері жатады. Мысалы, көмектесуші қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ең тиімді қару мен құралды қолдану туралы немесе кылмысты жүзеге асыруда пайдаланылатын көліктің түрі туралы ақыл-кеңестер беру арқылы қылмысты орындаушының ниетін жүзеге асыруға деген жігерін, шешімін арттырып, соның қылмысты ойдағыдай жүзеге асыруына демеу болады.
Қылмыстық құкық бұзушылыққа айдап салушыдан қылмыстық құкық бұзушылық үшін көмектесушінің айырмашылығы мынада: қылмыстық құқық бұзушылыққа айдап салушы, орындаушыны қылмыстық кұқық бұзушылық істеуге көндіретін болса, ал көмектесуші қылмыстық құқык бұзушылык істеуге өздігінен бел байлаған адамға акыл- кеңес, нұсқаулар беру арқылы оның қылмыс істеуге, істелген қылмысты жасыруға деген сенімін нығайтады. Бұл жерде қылмыстық құқық бұзушылыққа көмектесуші субъективтік жағынан орындаушының істейтін қылмыстық құқық бұзушылығының мәні жөнінде толық хабардар болса, одан туындайтын зардапты күні бұрын болжаумен бірге қылмыстық құқық бұзушылықты орындаушының істейтін іс-әрекетіне өзінің себепті байланысының болғандыгын толық сезеді және соны тілейді. Заң бойынша күні бұрын қылмыс істегенге дейін немесе кылмысты істеу барысында уәде беріп, қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру қылмыстық кұқық бұзушылыққа көмектесудің бір түрі болып табылады. Қылмыстық кұқық бұзушылық аяқталғаннан кейін оған көрсетілген көмек қылмыстық құқық бұзушылыққа көмектесу емес, бұл іс-әрекет қылмыстық занда көрсетілген жағдайда, кылмыстық кұқык бұзушылықты жасыру ретінде сараланады.
Қылмыстық құқық бұзушылық істеуден бас тартудың ережелері қылмысқа бірге қатысушыларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық теріс қылық үшін жауаптылық
Қылмыстық жауаптылық негіздері
Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы
Қылмыстық Кодекс тарауы
Қылмыстық жауаптылықтың философиялық жане заңды негіздері
Заңдылық пен құқықтық тәртіп
Қылмыстық құқықтағы жазаның белгілері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАЗАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Кәмелетке толмағандарға айыппұл жазасын тағайындау және атқару тәртібі
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылық және жазадан тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы босату
Пәндер