Мәжбүрлек атқару шаралары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

KIPICПE ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ӨНДІРІСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ ... ...
1.1 Атқару өндірісінің түсінігі мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Атқару өндірісінің қатысушылардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . .

2 АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Атқарушылық әрекеттер жүргізудің тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Мәжбүрлек атқару шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыста атқару өндірісінің қазіргі мәселелерін қарастыру.
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің Ата заңында аталғандай Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырғаны белгілі. Ал құқықтық мемлекеттің басты сипаты болып табылатын заңдардың биліктілігін, үстемділігін қамтамасыз ету өз кезегінде тиісінше жан-жақтылық пен табандылықты, ерекше жігерлікті талап етеді. Осыған сәйкес Қазақстанда сот құқықтық реформа сот және судьяның тәуелсіздігін, судьяның әділдігі мен алалықсыздығын қамтамасыз етуге, судьяның қабылданған заңдардың қоғамда әрекет етуінің кепілі ретінде болуына бағытталған. Сонымен бірге, мүдделі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іс жүзінде қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сот актілерін орындау бойынша тиімді іске асатын жүйе кұруға бағытталған атқарушылық іс жүргізу органдарын қайта құру жүргізілуде.
Қазіргі кезде құқықтың олардың кепілі, қорғау, іс жүзінде іске асуы, орындалу проблемасы кеп мәнге ие болуда. Бүгінгі күнде сот төрелігі жүйесінде ең қашары сот актілерін атқару болып табылады. Сот органдарының бұл ортада жумысы халықтың ашу кернеуін туғызу бекер емес. Сотқа өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін шағымданған адамдарға сот процесі емес, олардың бұзылған заңды құқықтары мен мүдделерін іс жүзінде қалпына келуі маңызды.
Құқықты іс жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз етудің жалпы мақсаттарының ішінде азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқару барысында азаматтық іс жүргізу тәртібімен сотпен шығарылған шешімді орындаумен байланысты мәселелер көңіл бөлуді керек етеді. Көп жағдайда құқықты қорғау шешім шығарумен аяқталмайды. Сотқа шағымданған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері толық қорғалу үшін, әдетте, сот шешімінің негізінде белгілі бір әрекеттер жасалуы тиіс. Тек қана зиянды өтеу алимент өндіру және т.с.с. туралы шешім шығару емес, сонымен қатар іс жүзінде залалдың өтелуі, алимент өндірілуі керек.
Азаматтық процесс азаматтардың, заңды тұлғалардың және азаматтық құқықтық қатынастардың басқа да субьектілерінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғаудың, заң және сот алдында теңдігі сақталған жағдайда, тиімді құралы болып табылады.
Сот және басқа органдардың актілерін орындау барысында пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары және де атқарушылық іс жүргізу құқығына тән теориялық көзқарастар осы дипломдық жұмыста зерттеудің пәні болып келеді. Зерттеу барысында осы жұмыста атқарушылық іс жүргізуге қатысты азаматтық іс жүргізу заңнамасындағы және осы құқықтық саладағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдардағы кемшіліктерге көңіл бөлінеді.
Курстық жұмысының тәжірибелік маңызы. Заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қорғауды, азаматтар мен ұйымдардың саяси, еңбек, тұрғын және басқа да құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, қатал сақтауды қамтамасыз етуде маңызды рольді соттар атқарады. Азаматтық процестегі соттың міндеті азаматтық істерді дұрыс және тез қарау, шешу және іс бойынша заңды, негізді шешім шығару.
Сот өзіне жүктелген міндеттерді заңмен белгіленген процессуалдық нысанды сақтаған жағдайда сәтті жүзеге асырады. Бұл процессуалдық нысан іс бойынша объективтік шындықты шынайы анықтауға және заңды, негізді сот шешімін шығаруға ықпал етеді. Сот ісін жүргізудің әрекет етуші нормаларын бұзу дұрыс емес шешімдерді шығаруға, азаматтар мен заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеледі, сондай-ақ, сот төрелігін жүзеге асыру зиян келтіреді.
Азаматтық процестегі атқару сатыдағы соттың ұйғарымдары проблемасымен мынадай мәселелер байланысты: атқарудың түсінігі, мәні және олардың жіктелуі; олардың сот шешімдері мен бұйрықтарынан айырмашылығы, сот орындаушыларының әрекетіне шағымдану және олардың заңды күші.
Бұл мәселелерге процессуалдық әдебиеттерде жеткілікті көңіл бөлінбеген және заңнамада тиісті түрде реттелмеген. 2015 жылғы 31 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде (әрі қарай - АПК) қаншама жылдар бойы ғалым процессуалистер көтерген проблемалар, зерттеген ой-пікірлер ескерілген. Ал мемлекеттік тілдегі АПК-де терминологияға және аудармаға байланысты және түйіні шешілмеген мәселелердің түйінін табуға деген қызығушылық аталған тақырыпта диплом жұмысын жазуыма ықпал етті.
Курстық жұмысының мақсаты мен міндеттері - атқарушылық іс жүргізудің қағидалары мен қатысушылары, атқарушылық іс жүргізудің жалпы ережелері мәселелерінің теориясын, тәжірибесін, заңнамамен реттелуінің өзіндік кемшіліктерін көрсетіп, атқарушылық іс жүргізуді іске асыруды көрсету.
Курстық жұмысындағы зерттеу объектісі - сот актілерін атқару өндірісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік Кодексінің сот шешімін орындауды реттеуге арналған 245-239- бабтары, сондайақ атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңның тиісті ережелері және осы заң нормаларының мазмұны мен оларды қолданудың тиімділігі, сонымен қатар осы тақырып көлеміндегі азаматтық іс жүргізу заңдардың негізінде құқық қорғау қызметін жетілдірудің амалдары мен азаматтық процестік заңнамасын қолдану тәжірибесі құрайды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Бұл курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, бес бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ӨНДІРІСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

1.1 Атқару өндірісінің түсінігі, мақсаты, міндеттері

Азаматтық сот ісін жүргізудің мақсаттары Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай мәтін бойынша ҚР АПК) 5 бабында бекітілген.
Азаматтық сот ісін жүргізу заңдылықты нығайтуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, азаматтардың заңдарды бұлжытпай орындауға тәрбиелеуге және жалпы тұрмыстық ережелерді сыйлауға ықпал жасауы керек.
Осы мақсаттар сотпен шешіледі. Сот әділетті шешім шығарып және азаматтық құқық туралы дауды шеше отырып даулы субьективті құқықты қорғайды және бұзылған құқықты орнына келтіреді.
Соттың шешiшiмiн атқару сатысында азаматтық дауларды қарау мен шешу бойынша оның қызметі аяқталады. Азаматтық істі мәні бойынша қарау мен шешудің нәтижесінің негізінде сот өз пікірін ерекше процессуалдық актіде - сот шешімінде көрсетеді.
Сот шешімі нақты азаматтық құқықтық дауды шешу барысында атқарған көлемді және ауыр еңбектің нәтижесі. Сот шешімінде тек қана соттың ғана емес, сонымен қатар тараптардың, үшінші тұлғалардың, сот өкілдерінің және прокурордың процессуалды қызметтері көрініс табады.
Көптеген сот шешімдері соттың беделіне байланысты тараптардың өз еріктерімен орындалады. Тарап сот шешімімен белгілі қызметтерді жүзеге асыруға немесе белгілі қызметтерден бас тартуға міндеттелгенде соттың шешімін орындаудан бұлтару жағдайлары жиі кездеседі. Егер, жауапкер сот шешімін ерікті түрде орындамаса, ол аткарушылық іс жүргізу тәртібімен мәжбүрлі түрде атқарылады.
Кез-келген соттың шешімін әртүрлі себептермен атқаруға мүмкін болмағанда (өндіріп алушының өндіруден бас тартқан және бітімгершілік келісімге келген жағдайлардан басқа) соттың және азаматтық іс жүргізудің басқа да субъектілерінің атқарған еңбегінің пайдасыз болып қалатынын айтпағанда, сот төрелігі актісінің мәнін төмендетеді және соттың беделін түсіреді.
Сот шешімі атқарылғанда, әрi атқарылуы заңға сәйкес және шешімнің мазмұны қатаң сақталумен жүзеге асырылғанда ғана азаматтық іс жүргізудің мақсаты орындалады. Тек қана осы жағдайда тараптардың субьективті құқықтары іс жүзінде орнына келтіріліп азаматтық іс жүргізудің соңғы сатысы атқарушылық іс жүргізу сатысында іс жүргізу аяқталады. [1]
Азаматтық іс жүргізуде сот шешімін атқару - соттың, атқару органдарының, прокурордың тараптардың және іс бойынша басқа да қатысушы түлғалардың соттың шешімімен сәйкес тараптар арасындағы фактілік қатынастарды өзгертуге бағытталған, азаматтық іс жүргізуде сот төрелігін жүзеге асыратын соттың қызметі және осы қызметтен шығатын іс жүргізушілік қатынастар болып табылады.
Осымен қатар, ғалымдарда басқа да пікірлер қалыптасқан. Атқарушылық іс жүргізу азаматтық іс жүргізу құқығының аяқтаушы сатысы. Атқарушылық іс және қалпына келтіру бойынша азаматтық іс жүргізу заңнамасымен бекітілген тәртіппен юрисдикциялы актілерді мәжбүрлеп жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің (әрі қарай - ҚПК) 470-баптарына, Қазақстан Республикасының Азаматтық прцестік кодексінің (әрі қарай - АПК) 21-бабына сәйкес, соттар мен судьялардың заңды күшіне енген үкімдері, шешімдері, қаулылары, ұйғарымдары, бұйрықтары, сондай-ақ заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен сот актілерін орындауға байланысты басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар мен азаматтар үшін міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындауға жатады. Соттың үкімін, шешімін, қаулысын және өзге де сот актілерін әдейі орындамау, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі жасау Қылмыстық жауапқа тартуға әкеп соғады.
Борышкердің сот актісін оның белгілі бір бөлігінде орындауға мүмкіндігінің болмауы не толық көлемінде орындай алмауы әдейі орындамау деп қарастырылмайды. Қылмыстық процесті жүргізуші органдар азаматтық талапты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды көздейтін ҚПК-нің 170, 305-баптарының және АПК-нің 158, 159-баптарының талаптарын мүлтіксіз орындаулары қажет. Соттар көрсетілген шараларды басты сот талқылауына әзірлік жүргізу барысында, сондай-ақ сот талқылауы, үкім шығару, азаматтық талапты қанағаттандыру жөнінде шешім немесе өзге де сот актісін шығару кезінде қолдануы мүмкін.
Соттар жауапкерлерден ақшалай немесе өзгедей өндіру туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін заңмен көзделген жағдайларда атқару парақтарын уақытында жазып, талапты қанағаттандыру үшін тыйым салынған мүліктің тізімдемесін қоса тіркеп, өндіріп алушылар мен борышкерлерді көрсетіп, мөрмен куәландырылған сот актісінің көшірмесін не оның үзіндісін борышкерлер мен олардың мүліктері тұрған жерлер бойынша сот әкімшілерінің облыстардағы аумақтық органдарына жіберуге тиіс. Сот орындаушылары атқару құжаттарын алғаннан кейін сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған заңмен көзделген шараларды уақытында қабылдаулары қажет.
Банк шоттарын, олардағы ақша қаражатының, кредит және сақтандыру сомаларының, бағалы қағаздардың бар-жоғын тексеру, сондай-ақ борышкердің банкте тұрған осы және басқа мүлкіне тыйым салу қажет болған жағдайларда жоғарыда көрсетілген әрекеттерді санкциялау туралы дереу мәселе қою қажет.
Борышкердің тұратын жері белгісіз болған жағдайда сот орындаушысы оған іздеу жариялау туралы мәселені шешу үшін сотқа ұсыным жасап, жүгінуге міндетті. Осы орайда сот орындаушылары атқару құжатының көшірмесін, атқарушылық іс қозғау туралы қаулының көшірмесін, борышкердің атқару құжатында көрсетілген мекен-жайда тұрмайтындығы туралы актіні, мекен-жай бюросының анықтамасын сотқа ұсынуға тиіс.
Соттар борышкерді іздеу туралы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы шығарған кезде іздестіру жөніндегі шығындарды борышкерден жергілікті бюджеттің есебіне өндіріп алу жөнінде міндетті түрде көрсетулері қажет. Өндірілетін сомалардың мөлшерін шығарғанда іздеуді жүзеге асыратын органдар анықтаған шығыстарды негізге алу керек.
Борышкер сот актісінің уақытында орындалуына кедергі келтіретін әрекеттер (сот орындаушысына келуден жалтару, жұмыс орны мен тұратын жерінің өзгергені туралы хабарламау, сот орындаушысының талаптарын орындамау, сот орындаушысының заңды қызметіне кедергі келтіру және т.б.) жасаған жағдайда атқарушылық іс жүргізу органдары кінәлі адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі мәселені талқылауға тиіс.
Борышкер сот актілерін орындаудан бас тартқан жағдайда, өндіріп алушы тиісті органдардың алдына кінәлі адамдарды әкімшілік және қылмыстық жауапқа тарту жөнінде мәселе қоюға құқылы. Кінәлі адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы хабарламада сот орындаушысы борышкердің немесе өзге де адамдардың сот актісін әдейі орындамай, сот орындаушысының талаптарына қандай қарсы шаралар қолданғандары туралы көрсетуге тиіс. Хабарламаға:
- атқару парағының көшірмесі; - атқарушылық іс қозғалғаны туралы қаулы;
- сот актісін әдейі орындамауды не орындауға кедергі жасауды растайтын құжаттар қоса тіркелуі қажет. Қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық-іс жүргізу заңына сәйкес басқа да қажетті құжаттарды сұрата алады.
Қылмыстық істер бойынша барлық іс жүргізу әрекеттерін процестің сотқа дейінгі кезеңінде ҚПК-нің талаптарына сәйкес қылмыстық қудалау органы, ал жеке айыптау істері бойынша - соттар жалпы негіздерде жүргізеді.
Сот орындаушысының хабарламасын қарамай қайтарып жіберуге, сот орындауруысына, сот әкімшісіне, олардың құрылымдық бөлімшелеріне іс қозғау және айыптауды дәлелдеу туралы мәселені шешу үшін қажетті дәлелдемелерді жинау жөнінде оларға тән емес функцияларды жүктеуге жол беруге болмайды. Қылмыстық ізге түсу органы ҚПК-нің 177-178-баптарына сәйкес, сот орындаушысының хабарламасын немесе өндіріп алушының ары Зын қарап, Қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдауға немесе хабарламаны (арызды) тиісті органға беруге міндетті.
Өздерінің қызметтік мүдделеріне қайшы келіп, борышкердің заңды күшіне енген сот актісін орындаудан жалтаруына көмектескен сот орындаушылары заңмен белгіленген тәртіппен жауапқа тартылуы мүмкін.
Сот орындаушылары қылмыстық жауапқа тарту туралы өздеріне белгілі болған фактілер туралы, олардың уақытында қаралмағаны және олар жіберген материалдар бойынша қылмыстық ізге түсу органдары жол берген басқа да заң бұзушылықтар туралы тиісті прокурорлардың назарына дер кезінде жеткізіп отырулары қажет.
Сот актілерін әдейі орындамағаны үшін қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімінің басын заңды күшіне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін әдейі орындалмағанын, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі келтірілгенін айғақтайтын іс-әрекеттердің нақтылы жасалған сәтінен бастап есептеген жөн. Осы орайда сот актісінің шығарылған және күшіне енген уақыты есепке алынбайды. Егер өндіріп алушы атқару құжатын орындауға ұсыну үшін заңмен белгіленген мерзімді өткізіп алса және осы мерзім ұзартылмаса, талға сот актісінің әдейі орындалмағаны үшін жауапқа тартылуға тиіс емес. Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер ғана емес, сонымен бірге құқыққа қарсы әрекет жасаған өзге де тұлғалар сот актілерінің орындалмауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар субъектісі бола алады. Үкімге, шешімге немесе өзге де сот актісіне байланысты атқарушылық іс жүргізу барысында белгілі бір әрекеттерді жасауға міндетті тұлғалар ғана сот актісін әдейі орындамағаны, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Сот актісінің орындалуына кедергі келтіретін әрекеттер жасаған өзге тұлғаларға қатысты сот орындаушысының өміріне қол сұғылғаны, денсаулығына қауіп төндіргені, жала жапқаны, өлтіремін деп қорқытканы, зиян келтіргені және басқа да әрекеттер жасағаны үшін жауаптылық көздейтін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (әрі қарай - ҚK) тиісті баптары бойынша қылмыстық қудалау жүзеге асырылуы мүмкін.
Заңды күшіне енген сот актілерін әдейі орындамау, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі жасау анықталған жағдайда ғана ҚК-нің 362-бабы бойынша жауаптылықтың туындайтынына назар аударылсын.
Сот актісін әдейі орындамау әрекет жасау немесе әрекетсіздік түрінде байқалуы мүмкін. Борышкердің сот актісін орындау жөнінде шара қолданбауын, өндіріліп алынуы мүмкін жалақысы мен басқа да мүлкін жасырып қалуын, жұмыс орны туралы, заңды тұлғаны құрмай, кәсіпкерлік Қызметпен айналысатыны жөнінде ақпарат бермеуін, міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару жөнінде мәмілелер жасауын, сондай-ақ ақша қаражаттары мен мүлікті басқа мақсатқа пайдалануға байланысты өзге де әрекеттерін сот актісін әдейі орындамау деп есептеген жөн. Борышкердің міндеттемесін толығымен орындауға мүмкіндігі бола тұра, сот актісін орындаудан жалтару мақсатында шамалы соманы қасақана енгізуін әдейі орындамау деп қарастыру керек.
Сот орындаушыларының заңды талаптарын орындамау мақсатында қасақана жасалған әрекетті (әрекетсіздікті) сот актісінің орындалуына кедергі жасау деп түсіну қажет.
Сот орындаушысының борышкердің мүлкі тұрған тұрғын үйлер мен басқа да үй-жайларға, қоймаларға кіруін шектеу және сот орындаушысының өзінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасайтын басқа да белсенді әрекеттер жасау кедергі келтіру болып есептеледі. Егер кінәлі адамға жасаған әрекеті үшін бір мезгілде қылмыстық, сондай-ақ әкімшілік заң қолданылса, онда ол ҚПК-нің 19-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту борышкерді атқару құжатында көрсетілген әрекеттерді орындау міндетінен босатпайды. ҚК-нің 136, 140-баптары бойынша қозғалған қылмыстық істер тараптардың татуласуына байланысты қысқартылған жағдайда борыштың өтелген, сондай-ақ қалған сомасын көрсету қажет.
Соттар сот актілерін әдейі орындамағаны үшін үкім шығарған кезде сот актілерін әдейі орындамаудың салдарынан пайда болған мерзімді төлемдер бойынша борыштарды анықтап, ҚПК-нің 162-бабына сәйкес мәлімделген азаматтық талаптарды қылмыстық іспен бірге қараулары қажет. Азаматтық талапкерлердің кінәлі адам сот актісін орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару жөнінде жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы арыздары қылмыстық істі қарау кезінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады.
Заңды күшіне енген сот актілерін әдейі орындамау, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі жасау туралы істерді қарау кезінде соттар сот орындаушыларының, сондай-ақ қылмыстық ізге түсу органдарының жұмысындағы кемшіліктер мен олқылықтарға назар аударуға міндетті негіз болған жағдайда жеке қаулылар шығарады.
Кез-келген құқық саласының ерекшелігі оның қағидаларынан айқын көрінеді. Азаматтық іс бойынша сот төрелігінің мақсаттарын қамтамасыз етуде іс жүргізушілік қағидалары маңызды орын алады. Азаматтық іс жүргізудің қағидалары осы құқық саласының ерекшелігін және мазмұнын көрсететін негізгі ережелер.
Оларды бұлжытпай орындау заңдылықты бекітуге мүмкіншілік береді. Сондықтан іс жүргізудің негізгі қағидалары біздің мемлекетіміздің Ата Заңында Қазақстан Республикасы Конституциясында (әрі қарай мәтін бойынша Конституция) бекітілуі кездейсоқ емес және АПК-де көрініс тапқан.
Біз азаматтық іс жүргізу қағидаларын айтқанда олар толығымен іс жүргізуде көрінетіндігін түсінеміз. Барық қағидалар азаматтық іс жүргізудің бөлек сатыларында өз көрінісін табу міндетті емес, себебі, іс жүргізудің сатысы - бұл іс жүргізудің бір ғана бөлімі болып келеді.
Атқарушылық іс жүргізу азаматтық іс жүргізудің органикалық сатысы болып табылатындықтан, азаматтық іс жүргізудің негізінде жатқан қағидалардан құралған. Жоғарыда айтылып кеткендей, бұл жағдай азаматтық іс жүргізуге белгілі барлық қағидалар атқарушылық іс жүргізу сатысында көрініс табуы керек деп түсінбейміз. Бұл мүмкін емес өйткені, атқарушылық іс жүргізу сатысы - азаматтық іс жүргізудің бөлімі. Азаматтық іс жүргізудің барлық қағидалары көрініс тапқан жалғыз бөлім - сотта істі қарау сатысы, яғни бірінші инстанциядағы сотта қарау.
Атқарушылық іс жүргізу сатысының жағдайы бөлек, себебі ол азаматтық іс жүргізуді аяқтайды.
Қандай қағидалар азаматтық іс жүргізуде және олардың атқарушылық іс жүргізу сатысындағы шектері қандай сынды мәселелерді зерттеу атқарушылық іс жүргізу субъектілерінің жағдайы, олардың іс жүргізушілік құқықтары мен бостандықтары туралы дұрыс пікір айтуға, сонымен бірге атқаруға байланысты басқа да мәселелер шешуге мүмкіндік береді.
Соттар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға бағынады деген Конституцияның 77-бабында бекітілген заң қағидасы атқарушылық іс жүргізуде де көрініс табады.
Атқарушылық іс жүргізуде заңдылық қағидасының мазмұны қандай? Азаматтық іс жүргізудің басты субьектісі атқарушылық іс жүргізуде - сот. Соттың іс жүргізушілік әрекеттері атқарушылық іс жүргізуге қатысушы барлық тұлға тар үшін міндетті. Атқарушылық іс жүргізудің субектісі судья емес, сот органы. Сот шешімдерін атқаруда керекті қаулыларды қабылдағанда сот тек қана заңды басшылыққа алуы тиіс. Сот орындаушысы сотқа бағынады және сот шешімін атқаруда оның еркін орындайды. Тек қана сот, заңды басшылыққа ала отырып атқару органына (сот орындаушысына) сот шешімін атқарудың тәртібі мен тәсілі туралы нұсқаулар беруге құқылы. Заңдылық қағидасының көрініс табатын бір жағдайы ретінде прокурордың сот орындаушыға кез келген нұсқаулар беруге құқылы еместігін айтуға болады. Егер прокурор атқару органының әрекетімен келіспеген жағдайда, ол сот алдында сол әрекеттерге шағым беруге құқылы.
Атқарушылық іс жүргізу сатысында іс жүргізудің жариялығы қағидасы әрекет етеді.
Сот қызметінің әрекеттілігі және тәрбиелік мәні сот атқаруында жариялық қағидасын жүзеге асырудан тәуелді.
Өндіріп алушы мен борышкер атқару әрекеттерінде жеке өздері немесе өкілдері арқылы қатысуға, атқарушылық іс жүргізудің барлық материалдарымен танысуға, атқару бойынша соттың және сот орындаушысының барлық әрекеттері бойынша түсініктеме алу құқығына иелігі жариялық қағидасының көрінісі болып табылады.
Атқарушылық іс жүргізуде айғақ адамдардың, бұқаралық ақпарат құралдар органдарының қатысу құқығы жариялық қағидасының тағы бір көрінісі.
Атқарушылық іс жүргізу сатысында Конституциясының 7-бабында іс жүргізудің тіл қағидасы орын алған, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Іс жүргізушіл тіл қағидасы барлық сот төрелігіне Қылмыстық істер бойынша да, азаматтық істер бойынша да толығымен тән. Әрине, аудармашының қатысуы тек сот отырысында ғана емес, сонымен қатар сот шешімін атқару сатысында да қамтамасыз етілуі тиіс.
Конституциясының 14-бабына негізделген іс жүргізудегі тараптардың теңдігі қағидасы атқарушылық іс жүргізуде толық көлемде көрінеді. Азаматтық іс жүргізудің атқарушылық іс жүргізу сатысында тараптардың құқықтық теңдігі қағидасы іс жүргізудегі тараптардың бірдей мүмкіншіліктері бар екенін және өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін бірдей процессуалық кепілдіктер берілгендігін білдіреді. Бір тарапқа нақты процессуалық құқықтар берілгенде, заң басқа тарапқа да дәл сондай құқықтармен қамтамасыз етеді. Яғни, бір тарап басқа тарап алдында қандай да бір артықшылықпен қолданылмайды.
Азаматтық іс жүргізуде бәсекелестік қағидасы - бұл тараптардың өз көзқарасын ұстануға және өз позициясының дұрыстығын дәлелдеуге кұкығы.
Атқарушылық іс жүргізу сатысында бәсекелестік қағидасы өзін айқын көрсетеді.
Сот шешімін атқару сәтіне дейін бәсекелестік қағидасы іс бойынша обьективті ақиқатты анықтауға қызмет етеді. Ал атқарушылық іс жүргізу сатысында басекелестік қағидасы алдына басқа мақсат қояды. Себебі, обьективті ақиқат анықталды, сот шешімі шығарылды және заңды күшіне енді. Енді сот алдына шешімді дәл соның мазмұнымен және заңмен сәйкестендіріп атқару мақсаты тұр, ал жарыспалық қағидасы осы функцияны орындауды бастайды.
Сот шешімін атқару барысында оны орындауды тежейтін әртүрлі жағдайлар пайда болады. Шешімді атқару сатысында тараптар атқару органымен олардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылды деп санауы мүмкін. Осы мақсатта заңда сот орындаушысының атқару әрекетіне шағымдану құқығы көрсетілген. Әрине, бұл жағдайда тараптар сотқа дәлелдеме ұсынуға мәжбүр болады және өз позициясы дұрыстығын дәлелдеу үшін, соттан тараптар өз талаптарының құкыкқа негізделгені туралы ұйғарым шығаруға қол жеткізу мақсатында берген дәлелдемелері бойынша өздерінің пікірлерін хабарлайды және бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін сот шешімін атқару сатысына соттан қорғаныс алу құқығын жүзеге асырады.
Сонымен, бәсекелестік қағидасы азаматтық іс жүргізудің соңғы сатысы атқарушылық іс жүргізу сатысында өз мағынасын толық мәнде сақтап қалады, бірақ жоғарыда аталған жағдайларда көрініс табуы мүмкін.
Сот шешімін атқаруда атқарушылық іс жүргізуге жылдамдық қағидасы тән деген пайымдау айтылған. [5]
Шыныменде, өндіріп алушыға сот шешімі қашан және қандай уақыт аралығында атқаруға жіберілуі бәрібір емес. Сот шешімінің атқарылуының кiдiруiнен өндіріп алушыға, кейбір жағдайларда орны толтырылмайтын зиян кетірілуі мүмкін.
Келесі қағида ретінде сот шешімін ерікті түрде орындау қағидасын айтуға болады. Атқарушылық іс жүргізу заңына сәйкес борышкерге әр уақытта шешімді ерікті орындауға құқық беріледі.
Талаптарды толық және әділетті қанағаттандыру қағидасы атқарушылық іс жүргізу қағидаларының қатарына жатқызуға болады. Юрисдикциялы органның кез-келген шешімі орындалуға жатады. Бұл жағдайда осы ережеден ауытқу болуы мүмкін, егер атқарушылық іс жүргізу тараптар өзара бітімгершілік келісімге келсе.
Мінеки, атқарушылық іс жүргізуге осы негізгі қағидалар тән.
Сонымен, азаматтық іс жүргізу қағидаларын атқарушылық іс жүргізуде мұқият сақтауы азаматтық істі дұрыс шешудің және орындаудың кепілі болып табылады.

1.2 Атқарушылық өндірісінің қатысушылары

Атқарушылық іс жүргізудің барлық қатысушыларын олардың қызметінің мақсаттылығына және атқару құжаттарын орындау кезіндегі роліне байланысты келесі топтарға бөлуге болады: сот орындаушысы, тараптар және олардың өкілдері, сот, прокурор және атқарушылық іс жүргізудегі өзге де органдар.
Атқаруҳылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы (бұдан әрі қарай заң) 30 маусым 1998 жылғы заңының 81-бабы 1-бөліміне сәйкес, сот орындаушысы - мемлекеттік қызметте тұратын және соттар мен басқа да органдарының қаулыларын орындау бойынша өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам.
Соттар мен басқа да органдардың қаулыларын атқару жөніндегі сот орындаушысының қоятын талаптары меншік нысанына қарамастан барлық органдарға, ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға және азаматтарға міндетті (Заңның 81-бабының 2-бөлімі).
Жиырма жасқа толған, сотталмаған, әдетте жоғары немесе арнаулы орта заң білімі бар, сотталмаған, сондай-ақ өз іскерлік және жеке қасиеттерімен өзіне жүктелген міндеттерді орындай алатын ҚР азаматы сот орындаушысы бола алады (Заның 83-бабы).
Күні бар заңдарда сот орындаушыларын атқарушылық іс жүргізуде шет қалдырудың және өздері шет қалдыруына негіз болатын мән-жайлар көрсетілген. КСРО атқарушылық іс жүргізу заңдарында бұл институт қарастырылмаған. ҚР-ның атқарушылық іс жүргізу заңнамасына енгізудің маңыздылығы тәжірибенің талаптарымен негізделген. Егер, сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізудің нәтижесіне жеке өзі тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса немесе өзге де мән-жайлар, тараптармен, олардың өкілдерімен әділ қарайтынына күмән туғызатын туыстық қатынаста болса, олардың атқарушылық іс жүргізуге қатысуына болмайды және олар шет қалдырылуға тиіс.
Атқарушылық іс жүргізу барысында сот орындаушысы тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға міндетті.
Заңның 82-бабының 4-тармағына сәйкес сот орындаушылардың сандық құрамы соттардың сандық құрамына сәйкес келуі тиіс. Бұл республика бойынша қиын жағдайда тұр. 2006 жылдың бірінші жарты жылдығында Қостанай облысында сот орындаушысының өндірісінде 51817 атқару құжаты болды, оның ішінде атарылғаны 24845, яғни үштен бір бөлігінен сәл көбірек болып тұр. Сот шешімдерін атқару деңгейінің жеткіліксіз болуының бір себебі сот орындаушыларының жұмыс бастылығының біркелкі болмауында. Облыстық бір сот орындаушысына күніне орташа есеппен төрт атқару құжаты, ал кейбір аумақтарда алты атқару құжаты бір сот орындаушысына келеді.[6]
Атқарушылық іс жүргізудің келесі қатысушылары болып - тараптар танылады. Атқарушылық іс жүргізуде тараптар: өндіріп алушы және борышкер.
Өндіріп алушы болып өз пайдасына немесе мүдделеріне атқару құжаты берілген жеке немесе заңды тұлғалар бола алады, ал атқару құжатында көзделген талаптардың орындауға міндетті жеке немесе заңды тұлғалар борышкер бола алады. Әдетте, талапкер атқарушылық іс жүргізуде өндіріп алушы болады, ал жауапкер - борышкер. Бірақ, кейбір жағдайларда өндіріп алушы жауапкер болуы мүмкін, мысалы, сот шешімімен талап арызды қанағаттандырмаса және жауапкердің қарсы талабын қанағаттандырып, талапкерден жауапкер мүддесіне сот шығындарын өндіріп алғанда.
Атқарушылық іс жүргізуге бірнеше өндіріп алушы немесе борышкер қатыса алады. Басқа тараптарға қатысты әрқайсысы атқарушылық іс жүргізуге дербес атқарушылық іс жүргізуге қатысады.
Атқарушылық іс жүргізудегі тараптар құқықтар мен міндеттерге ие. Тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мазмұнына тараптардың біреуін немесе басқа органның шешімімен борышты деп танылған, ал екінші тараптың материалдық құқықтарын (өндіріп алушы) расталған жағдайы әсер етеді.
Сот орындаушысының атқару құжаттарын атқару бойынша әрекеттеріне өндіріп алушы немесе борышкер шағым бере алады,
Борышкер атқару мерзімін кейінге қалдыру мен ұзарту туралы, мүлікті тыйым салу хаттауынан алып тастау туралы өтініш жасауға құқылы.
Борышкер орындау бойынша шығындарды өтеуге, сақтау қоймаларына сот орындаушысын кіргізуге және т.с.с. әрекеттер жасауға міндетті. Тараптар атқарушылық іс жүргізуде құқықтарын және міндеттерін жүзеге асыратын тұлғалар болғандықтан, оларға мына белгілер тән: оларда карама-қарсы материалдың құқықтық және процессуадық құқықтық мүдделері бар; атқару құжатының заңды күшi оларға тарайды; шығындарды өтейді.
Атқарушылық іс жүргізуде тараптар жеке өздері немесе өкілдері арқылы қатысуға құқылы. Атқарушылық іс жүргізудің қатысушы тұлғалар болып тараптар және олардың өкілдері танылады. Бірақ, АПК-нің 44-бабында өкіл іске қатысушы тұлғалардың құрамына кіргізілмеген. АПК-нің деңгейі заңға қарағанда жоғары болғандықтан, біздің ойымызша, кодекстің нормаларын қолдануымыз керек.
Өкіл атқарушылық іс жүргізуде тараптардың барлық құқықтарына толық ие және оның құзыреті заңда көрсетілген тәртіпке сәйкес рәсімделуі тиіс.
Атқарушылық іс жүргізуде келесі қатысушы сот болып келеді. Атқарушылық іс жүргізуде сотта маңызды құзыреттер сақталған. Біздің ойымызша, оларды мақсаттылығы бойынша бес топқа бөлуге болады:
1. атқару құжаттарын жазумен байланысты құзыреттер (атқару парағын және оның түпнұсқасын беру);
2. шешімді орындау барысында өзінің шешімімен табылған кемшіліктерді түзету бойынша құзыреттерді (шешімді түсіндіру, атқару тәртібі мен әдісін өзгерту, жазулар және арифметикалық қателерді түзету);
3. Сот орындаушысының әрекетін бақылау бойынша құзыреті (сот орындаушысының әрекетіне түскен шағымды қарау);
4. Соттың шешімді қамтамасыз ету құзыреті (борышкерді іздеу салу, жауапкердің мүлкіне тыйым салу және т.с.с. әрекеттер);
5. Сот шешімін кері орындау бойынша құзыреттері.
Атқарушылық іс жүргізуге прокурор төмендегі заңмен берілген құзыреттерін жүзеге асыру мақсатында қатыса алады. Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының 21 желтоқсан 1995 жылғы заңының 44 бабына сәйкес прокурор өз құзыретінің шегінде:
- Конституцияның, заңдардың және халықаралық шарттардың дәлме-дәл, біркелкі орындалуын талап етуге;
- Азаматтардың және мемлекеттің құқықтарын қорғау істерімен байланысты, сондай-ақ прокурордың талап арыздары бойынша атқарушылық іс жүргізуді талап етуге және тексеруге;
- Борышкердің банктік немесе жекелеген банктік операциялардың жүзеге асыратың ұйымдардағы жатқан ақша және басқа мүліктерге тыйым салу туралы атқарушылық іс жүргізу органдарының актілерін заңға көзделген жағдайда санкциялауға құқылы.
Жоғарыда көрсетіліп кеткен қатысушылардан басқа атқарушылық іс жүргізуге өзге де органдар қатыса алады. Соттар мен басқа органдардың ақшалай сомаларды өндіріп алу жөніндегі қаулыларын орындауды сондай-ақ салық органдары, банктер, өзге банктік емес қаржы мекемелері жүзеге асырады. Бюджетке төленетін салық төлемдері мен өзге де міндетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық мәжбүрлеу шаралары
Бас бостандығынан айыру мемлекеттік мәжбүрлеу түріндегі қылмыстық жазасының жалпы сипаттамасы
Атқарудың негіздері және атқару құжаттары
Мемлекет механизмінің түсінігі
Қазақстан Республикасындағы жазаның түсінігі және оның мақсаттары
Қылмыстық-атқару жүйесі
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру
Қоғамнан оқшаулаумен байланысты жазаларды атқару
«ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәнінен лекциялар
Тәрбиелеу колонияларында жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары
Пәндер