Сөздік - дидактикалық ойындар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы Орта мектепте ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын ойын технологиясының пайдасы ,
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
І . Теорялық бөлім
1.1 Ойын туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Ойынның түрлері мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... .12
ІІ Практикалық бөлім
1.4 Ойын технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.5 Ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашлығын
Қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.6 Ағылшын тілі сабағында ойын түрлерін қолдану тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... 29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Қосымша
өзектілігі
нәтижелігі
Кімдер қолдана алады
теориялық бөлімі
практикалық бөлімі

Кіріспе
Мақсаты : Ойын технологиясы арқылы дәстүрлі оқытудың кемшіліктерін жою . Күнделікті бір сарынды сабақ өткізуден оқушыларды зерігтіріп алмау . Ойын Технологиясын пайдалану арқылы ағылшын тіліндегі қызықсыз материалдарды ойын арқылы қызықты қылып игерту . Қиыншылықтарды жеңіп , оқушының өзін көрсете алу мүмкіншілігін туғызу .Ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушы құзреттілігін дамыту .
Міндеті :
oo Ойын түрлерімен таныстыру
oo Ойынның бастауыш сыныпта қолдану әдістерін көрсету
oo Оқу , жазу , тыңдап түсіну , сөйлеу түрлерінде қолдану
oo Шыншыл қарым-қатынас орнату .
Өзектітілігі
Шетел тілін меңгеру оқыту , оған қызықтыру көп ізденіс пен шығармашылық еңбекті қажет етеді . Негізінен , сабақ үстінде дағды мен
Қабілет қалыптастыру арқылы танымдық қызығу пайда болады . Оқушыларға әртүрлі тәсілдер қолдану арқылы сабақты жаңаша әдістемелікпен өткізу керек . Сабақта оқушының қызығу ынтасының төмендеуіне мыналар себеп болады :
oo Ойлау үрдісінде , көпсалмақтың түсу
oo Сабақты бірсарынды өткізуден :
oo Жазба жұмыстарды мөлшерден тыс жиі жүргізуден
oo Нашар оқитын оқушыға көп көңіл бөліп , сабақты созып жіберуден .
Сонымен оқушының шаршауын сейілтіп , қызығуын арттыратын сабақ арасында ойын элементтері үлкен рөл атқарады . Ойындар сабақтың тиімділігін , сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін , шығармашлық ойлау қабілетін дамытады . Сондай-ақ ойын оқушының сөйлеу қабілеті әрекетін тездетеді , танымын күшейтеді . Ойынды өткізудің психологиялық - дидактикалық талаптарын мұғалім есте шығармауы керек . Осы тұрғыдан ойын оқушының жас ерекшелігі мен мүмкіншілігіне сай және тәрбиелік , дамытушылық мәні зор болуы тиіс . Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ішкі жан дүниелік ынтасы , іздену дағдысы қалыптасады .
Білім беру - аса күрделі әлеуметтік - экономикалық механизм . Оны реформалаудың мәселелеріде сан қырлы . Қазіргі кзде республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық - ұйымдық , құқықтық , құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты . Білім беру і ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағнасы , сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар :
-Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болу қалыптасуы :
-Экономикалық нарықтық моделін ұсынып , меншіктің түрлі пішімдерін дамыту:
-Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіру болып отыр Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан -2030 Қазақстан халқына арналған Жолдауында Біздің жас мемлекетіміз өсіп , жетіліп , кемелденеді , біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді . Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайының жұмыс істеуге даяр . олар қазақ , орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді , олар бейбіт , абат , жылдам өркендету үстіндегі , күллі әлемге әйгілі , әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады деп көрсетілгеніндей , ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп , адамзат қоғамын алға апаратын құдретті күш-білім нәрі .
Еіміздің егеменді ел болалы бері келеліде ауқымды өзгерістер жүруде . Саяси , экономикалық , қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ . Себебі мемлекетті нығайту , көркейту үшін өмірге жаңаша көз қарастағы білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындадаы . Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып мқараса , онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы , тәрбиелі етіп шығару -оның басты бағдарларының бірі . Қазіргі жас ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат . Осыдан білім беру мекмелерінің алдында күрделі міндет тұр . Ол оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Қазіргі кезеңде саласының алдына қойылған талаптар - оқушыларға білімді тереңдетіп беру . Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтарда көруімзге болады . Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе : оқушыны қалайша шаршатпай , енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады . Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану - бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы .
Ойын - күрделі философиялық, педагогикалық ұғым . Философия адам мәселесін зертегендіктен , бұл жерде адамның санасы мен ойын арасындағы қарым-қатнас жайы тыс қалмайды . Мысалы , сонау ерте заманға грек ойшылдарынан бастау алатын ойын теориясы қазірге дейін өрбу , даму үстінде .
Біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген грек философы Гепокрит ойынды мәңгілікке теңеген . Оның пікірінше ойын Мәңгілік - шахмат ойнап отырған бала . Платон ойын теориясын қалыптастырушы ретінде назарға алынады , оның пікірінше , ойын әрі жоғары ақыл , рахаттану , қызық және теңдесі жоқ жоғары құбылыс .
Осының нәтижесінде қазіргі кезеңде ойынды философиялық тұрғыдан ұғындыруда мынадай теориялар қалыптасқан :
1.Ойын дегеніміз ұшқын , білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты . Ойынсыз , қиялсыз ,іскерліксіз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды.В.М.Сухомлинский .
2. Ойын - артық күштен арылу жолы Ф.Шиллер., Г.Спенсер .
3.Ойын балаларды ересек өмірге даындайды К.Гросс, К.Блююллер.
4.Ойын - мәңгілікке ұштасатын құбылыс Платон. Демокрит .
Педагог ғалымдар ойынның оқыту процесіне оң әсерін тигізетініне келісе отырып , мынадай пікір айтады .
А.С. Гуревич , А.В. Килиниюктер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса , Н.Н.Скатова , Р.И.Половникова , В.К.Романт оқытудың ойын әдісі дейді . Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырамыз . Біз ойынды әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының арасындғы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес , стратегияны анықтайды . Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді .

1.1 Ойын туралы ұғым
Қазаіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарды . Әсіресе , баланың әлеуметтік бейімделуі , ересектермен өз қатарластарымен қарым-қатнасты тиімді жасауы педагогикалық-психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді . Балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты психологиялық дамуы , осыған қатысты оқыту тәрбиелеу жолдары , мінез-құлық , жүріс-тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін корекциялық жұмыстар , зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық .
Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып дамып . дәстүрлі жалғасып келеді . Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды , жетіле түседі . Ойын теориясы мен проктикасын отандық және шетелдік педагогтар , психологтар , социологтар зерттеуде . Мысалы: Иоган Хейзингтің Ойыншы адам , Д.Б Элькониннің Ойын психологиясы , Эрик берннің адамдар ойнайтын ойындар атты еңбектері жазылды . Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары : А.В. Вербицкий , Т.В. Кудрявцев , И.П Пидкасистый . Қазақстандық ғалымдар : Н.К. Ахметов , Ж.С. Хайдаров т.б. Сонымен қатар , ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар : Р.М. Жуковская , Д.В. Менджерицкая , Т.А.Марков , Н.Я. Михайленка т.б.
Ойын-Баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәі бар іс-әрекеттің мақсат
Бағдарлы , қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағымен екіншеден-баланың танымдық , шығармашлық жеке бас қасиеттерін , ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі. Балалық шақ ойыннан бөлінбейді . Мәдениетті балалық шақтың мәні көп болған сайын , соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады , Балалықты танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден бір әдісі ол-ойын . Балалар үшін өз тәжірбиелерімен сезімдерін шығару табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет . Ойын әсірі психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен иаңызы бар . Мәселен , қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды . Бала ойынында да қоғамдық , ұжымдық сипат болады .
Жеке бастың даму және қалыптасу процесін тануды дұрыс шешу психикалық процестердің заңдылықтарымен оның ерекшеліктерін білумен байланысты . Бұл салада ғалым педагогтар , психологтар Ж.Аймауытов ,Л.С. Выготский төменгі сынып оқушыларының даму процесін сензетивтік кезеңге тән екнін және олардың үлкен сезімталдығы мен әсерленгіштігі анықталған . Мектепке бар ынтасымен келген . жасар бала , тәрбиелік ықпалға оп-оңай беріледі . Оның жақсы оқушы , жақсы мінез құлықты бала атанғысы келеді . Балалар бұл жаста барынша көпшілік мұғалімдермен тез тіл тапқыш , өзінің жаңа ұжымда , балалар арасынжа ерін сезінгіш , мұғалімнің талаптарын , мектеп ережелерін орындауға қызығады .
Выгодский теориясы юойынша баланың әсерленушілігі ішкі және сыртқы әр түрлі жағдайлардың ықпалының жиынтығы деп есептейді . Осыдан барып оның психикалық дамуын анықтайтын , басқаша да күштерді күрделендіріп жаңа жаңа түсініктерді құрастыруға жол ашады . Орта мен бала арасындағы қатынас құбылысын оның күрделілігін түсіндіргенде Л.С . Выготский төменгі класс қабылдауымен байланыстырады . Бұдан өмірдің ішкі рухани өмірін , әсіресе адамгершілік ойлауын , сезімін , санасын, іс - әрекетін зерттеуде осы кезеңдегі сензетивтік ерекшеліктерін ескеру мұғалімнің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады .
М.Жұмабаев өзінің Педагогика атты оқулығында бала дамуының психологиялық заңдылықтарын жан-жақты талдап көрсеткен . Мәселен , жан тәрбиесі , ес, қиял, ойлау тіл т.б. психикалық процестерге талдау жасаған және бұл психикалық процестерде төменгі класс оқушыларының ерекшеліктерін көрсеткен.
Әсер күшті болса , есте ұзақ сақталады . Мысалы , ұатты дауыл , сұрапыл боран сықылды күшті көріністер тез ұмытылмайды . Бір сабақтан бала күшті әсер алуы үшін баланың сол сабаққа құмар болуы шарт . Баланы құмар қылу үшін мұғалім өзі құмар болуы қажет . Мұғалім сабақ бергенде өзі есінен түсіп , ыңылдап тұрса , шәкіртте құмарлық болама ? -деген .
М.Жұмабаев айқындаған заңдылықта оқу тәрбие процесінде мұғалімде ата-ана да керек .
Қ.Жарықбаев көптеген еңбектерінде және арнайы ғылыми зерттеулерінде балаларға тән психикалық(сензетивтік жасына байланысты ) ерекшеліктері тереңдетіліп қарастврвлған . Мысалы , мінез, түйсік,қабілет, қабылдау, ес, ойлау ,қиял ,эмоция мен сезім ,ерік ,зейін,әрекет, дағды әдептері т,б,
Төменгі кластағы балалар негізінде ойын жасындағы балалар . Бала мектепке келген кезде де ойнауын тоқтатпайды . Енді оқу оның негізгі қызметі болсада , ол әлі де бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады . Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады .
Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар жан . Ол үнемі секіруді , қорғауды жүгіруді қалайды . Осыған орай біздің халықта : баламен ойнама шаршайсың , бала - шапсаң , бала - ұрыншақ , ойнай білмеген , ойлай білмейді - деп тегін айтылмаған .
Бала ойыны алуан түрлі . Ойын арқылы адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды . Бала достықта бірін - бірі түсініп , қимыл-әрекет жасауға , тапқырлыққа , шыдамдылыққа , ептілікке және қимылдауға , ойлауға, табандылыққа дағдыланады .
М.Жұмабаев халақтық педагогика негізінде ойына мынадай мән берген : баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады . Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс . Ойнағанда бала жанындағыны әсерлене пайдаланады .
7-10 жас арасы анатомиялық , физиологиялық жағынан қауырт қимыл әрекеті , қозғалысты жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организмі үшін ойын қажет деп есептейміз . Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды . Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны , олардың өмірге бейімделуі .
Қарапайым мысалдарды шығаруда икемділіктерін байқау .
-Егер 2-ге 1-ді қоссақ қанша болады ?
Тағы сол сияқты .
-2-ден 1-ді азайт . Сұрақтар берілді
Сөйтіп ойын әрекетінде бала саналы мақсат көздей алатын психикалық процестердің ырықтылығы қалыптасады . Ойын жағдайында балалар жай есте сақтау жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін қояды . Көбірек есінде сақтайды . Бала ойын үстінде саналы мақсатты зейін тоқтату , еске сақтау , еске түсіру шұғыл және оңай жүзеге асырады . Ойын шарттарының өзі зейін баладан ойыншық заттарға , айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді . Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе , ойын шарттарын есте ұстамаса , оны құрдастары ойыннан шеттеді .
Құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттілігі баланы мақсатты түрде зейін қойып , есте сақтауға мәжбүр етеді . Мақсаткерлік , ерік күшін бағындыра білу жеке басты дамытуға қажетті қасиет . Ойын мақсатсыз бос ермек емес , көп уақытқа созылатын , баланы қалжырататын жаттығулар , тіптен секкіру , бұғалық тастау , допты секірту сияқты ойын түрлерін меңгеру өзінің оң нәтижесін береді , Балалар ойнап жүріп , белгілі ережелерге сүйеніп , әлгіндей заттар арқылы іс-әрекетті игеру міндетін орындайды .

1.2 Ойынның түрлері мен рөлі .
Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез . Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік , мейрімділік , инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті . Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше .
Бірінші сынып шәкірттеріне тиянақты білім беру мұғалімнің кәсіп жолындағы ізденісі мен шеберлігін қажет етеді ,. Мұның өзі көп жағынан олардың әлі ойын баласы екендігімен байланысты . Сондықтан сабақ оларға тартымды болуы үшін тақырыпқа сәйкес ойындар таңдап алып , сабақ барысында ұтымды пайдалану керек . Сонда ғана барлық баланы сабаққа ынталы қатыстыруға болады . Жалпы бастауыш сынып оқушыларының ойнайтын ойын түрлеріне тоқталатын болсақ , олар;
1. Дидактикалық ойындар .
2. Сөздік - дидактикалық ойындар .
3. Рөлдік сюжеттік ойындар .
4. Драмалық ойындар .
5. Творчествалық ойындар .
6. Әдеби - музыкалық ойындар .
Осылардың ішінде дидактикалық маңызы зор . Әрбір мұғлім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойындардың маңызы зор . Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданатынын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықтап алғаны жөн . Өйткені мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып , оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса иаңызды құралы болып табылады . Бірақ ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске енгізілгенде ғана сондай құралға айналады . Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты .
Бірінші сынып балаларын оқытып тәрбиелеуде балалар игеруге тиісті бағдарламалық мазмұнды сұрыптап , жоспарлайды . Оның дидактикалық және ойын міндеттерін қимыл мен ережелерін ойланған нәтижесін дәл белгілейді . Ол ойынның өзіндік ерекшелігі мен өз әрекетін сипатын бұзбастан , оның өзіндік бүкіл барысын жобалағандай болады .
Ойынды педагогикалық процеске еңгізе отырып , тәрбиеші балаларды ойнауға , А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда Жақсы ойын жасауға үйретеді .
Мұндай ойынға мынадай сала тән : мазмұнның тәрбиелік-танымдық құндылығы ,
Бейнеленетін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығы , ойы , іс-әрекеттерінің орындылығы , белсенділігі , ұйымшылдығы және творчествалық ипаты , жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып , ойында ережелерге бағыну және соларды басшылыққа ала білуі ойыншықтар мен ойын материалдарын мақсаткерлікпен пайдалану , балалрдың қарым - қатынастарының игі тілектестігі және көңіл күйлерінің шаттығы .
Ойынды басқара жүріп , оқытушы баланың жеке басының ерекшелігіне , оның сапасына , сезіміне , ерік - жігеріне , мінез-құлқына ықпал жасайды . Ойынды ақыл - ой адамгершілік , эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланылады . Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып , тереңдей түседі . Ойында қайсы бір рөлді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетіне көшіруі тиіс . Кейде адамдардың еңбегі туралы нақты іс-әрекеттер , өзара қарым-қатынастар туралы білімдер мен түсініктер жетімсіз болып шығады да соларды толықтыру қажеттігі балалардың сұрақтарынан көрінеді . Ұстаз сол сұрақтарға жауап қайтарады да , олардың ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түреді , ойнаушылардың өзара түсінуіне , келісуіне көмектеседі ,
Демек ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды , сонымен бірге белсенді таным іс-әрекетінің өзінше бір формасы болып табылады , соның барысында олар оқытушының басшылығымен жаңа білім меңгереді .
Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым - қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді . Ереже ойынға ұйымшылдық , Тұрақтылық сипат береді , оның мазмұның баянды етеді және қарым-қатнаспен өзара қарым - қатнастардың одан әрі дамуын күрделене түсуін анықтайды . Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ , ұялшақ балардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі .
Ойын бала үшін - нағыз өмір . Егер ұстаз ойынды ақылмен ұйымдастырса , ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады .
Балаларды оқытып , тәрбиелеуде әр тарапты ойын элементтерін қолдану тиімді әдістердің бірі болып саналады . Бұған оқыту кезеңінде ерекше мән берілуге тиіс . Ойын баласы деп есептелетін бұл жастағы шәкірттердің оқу білімге қызығуын өзіндік еңбектің қарапайым түрін үйренуі айналадағы қоғам өмірді танып , білу ойын арқылы іске асады .
Ол өмірде алған әсерін ойында бұлжытпай бейнелейді . Баланың ойы көрнекілікке , образдылыққа негізделетіндіктен , сабақ мазмұнына орай ойын әдісін орнымен қолданудың маңызы зор .
Ойын оқушының ой-өрісін , қиял сезімін дамытып , сөйлеу тілінің жетілуін , еркін пікір алысу , диалог, монолог , түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастырады , Дұрыс ұйымдастырылған ойын негізінде баланың қоғамдық , әлеуметтік сезімі оянады , Ұжымдық еңбек ету процесіне үйреніп , бірлесе қызмет атқару нәтижесінде олардың жолдастық , достық , ынтымақтары нығаяды .
Оқытуда қолданылатын ойын әдістері - ойынның нақ өзі емес , ойын түріндегі әдіс . Ол логикалық , дербес орындалатын жаттығу жұмыстарына балалардың зейінін аударып қызықтыру , сабаққа белсенділігін арттыру , алған білімін тиянақтау , кеңейту , кейде сабақты түсіндіру мақсатында қолданылады .
Ойын әдістерін қолдана өткізілген сабақтар , жаттығу жұмыстары баланың сөзге белсенділігін арттырып , олардың ойлау , қабылдау әрекеттерін кеңейту , білім сапасын терңдете тиянақтай түсуге жәрдемдеседі . Ойынның танымдық сипаты жөнінде М.Горький Бала ойынды сүйеді . Ойнағанда не болса ,соның бәрімен де ойнайды , ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойынның үстінде тез таниды . Бала сөзбенде ойнайды , осы өзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді , тілдің музыкасын ұғады , дегені мәлім .
Ана тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту ісінде сабақта , сабақтан тыс уақытта қолданылатын дидактикалық , сөздік , творчестволық , сюжеттік , рөлді ойындардың маңызын ерекше атап көрсетуге болады .
Оқушының матиматикалық тілде дұрыс сөйлеп үйренуге бағыт беретін ойындардың бір түрі - сөздік ойындар . Сөздік ойындар әр сабақта жүйелі жүргізілуі тиіс . Сол арқылы балалар тапқырлыққа , шапшаңдылыққа , ауызша және есептеуге дағдыланады . Математика сабағында есептеуге үйрету , математикалық диктантпен жұмыс , сұрақ-жауап әдістерін қолдану қажет . Өтілетін тақырып бойынша әр түрлі ойын түрлерін жүргізуден басқа анаграмма , ребустар , сөзжұмбақтар , өлең есептер қолдану , түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану оқушылардың сабаққа қызығушылығын артырады . Сол сияқты қимылды ойындардың да тиімділігі бар . Қимылды ойындар да бала ағзасын жетілдіріп ақыл-ойының дамуына үлкен әсер етеді . Көңіл-күйі артып , жүйелері жақсарады .
Басты мәселе , мұғалім сабақта ойын жүргізбес бұрын , оның міндеті мен мақсатын , жүргізу тәртібін балаларға айтып , дайындауы тиіс . Ойын,ға қажетті құралдарды , күні бұрын дайындау қажет . Сондықтанда бірінші сыныпта оқитын сабақ көбінесе ойын ретінде өтіледі . ойын да , оқу мен еңбек сияқты , қалыптасады бұл жастағы балалар айналадан көрген түйгенін бағдарлап байқағанын , естігенін - білгенін ойынмен бейнелейтін ін байқау қиын емес . ойын арқылы қоршаған дүниені бейнелей отырып , олардың өмірге көзқарасы қалыптасады , іскерлік іс әрекеті дамиды , өзіне ойын кезінде сенімі артып , күш-жігерін білдіруге жол табады . Үлкендердің іс әрекетіне еркін араласып , қарым-қарым қатнасқа түседі ,
Бұл жөнінде көрнекті психолог , профессор А.В. Запорожец: біз дидактикалық ойын жекелеген білімдермен бейімділіктерді игерудің формасы болып қана қоймай , сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін , оның қабілетін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет - десе , Н.К. Крупская балалар үшін ойын - оқу , олар үшін ойын - еңбек , олар үшін ойын - тәрбиенің елеулі формасы - дейді , ата-аналарына арналған лекцияларында А.С:Макаренко ойын мен бала еңбегінің арасында заңды байланыс болатынын ал айналадағы дүниеден алған әсерін ойында бейнелеу арқылы нақты еңбек әрекетіне үйренетінін айтады . Сондықтан А.С. Макаренко: Бала ойында 0андай болса , ол өскен кезде де, жұмыста көп жағынан сондай болады - деп тұжрымдайды .
Дидактикалық ойындардың түрлерінде шек жоқ . Қазіргі кездегі сабақ материалдарының мазмұнына сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады .
Тікелей дидактикалық міндетті шеше алмайтынын , бірақ балалардың бойында ықылас , есте сақтау , байқағыштық , назар аударғыштық сияқты басқа да белгілі бір психикалық процесті дамытуға бағытталған ойынның түрлерін педагог ұмыт қалдырмауға тиіс . Балалар үшін творчестволық және қимылды ойындармен қатар дидиактикалық ойындардың әсері мол . Дидактикалық математикалық ойындарды қолдану сабақтың әсерлігін арттырып , оқушылардың осы пәнге деген ынтасын дамытады ,. Бұл ойындар жаңа сабақ процесінде өткенді қайталау , білімді тиянақтау кезінде қажетті сабақ мазмұнына орай пайдаланылады .
Бірінші сыныпқа арналған дидактикалық ойындар мен ойыншықтар тапшылығынын орнын қалай толтыруға болады ? Шамасы , бізге бірінші кезекте балабақшалардың тәжірбиесін пайдалану керек болар . Бала - бақшаларда мектепке дейінгі тәрбие жағдайларына арналып көп мөлшерде алуан түрлі дидактикалық ойындар мен ойыншықтар жасап , олаларды балалармен жүргізген жұмыстарында ойдағыдай қолдануда . Ондай практика , әрине мақтауға тұрады және жинақтауды талап етеді . Алайда мұның бәрі кіші жастағы мектеп оқушыларына арналған дидактикалық ойындардың жүйесін жай алмайды .
Дидактикалық ойындар мен ойыншықтар психологиялық педагогикалық негізде талдау жасалуы тиіс , олар біртұтас педагогикалық концепцияның бір бөлігін құрайтын болуға тиіс .
Дидактикалық ойын оқыту процесінде қандай орын алуға тиіс ? Дидактикалық ойындар мен ойыншықтар қандай оқу міндеттерін шешуге байланысты пайдалануға тиіс ? қазіргі оқыту процесіне қандай дидактикалық ойыншықтар керек ? Оларды қандай психологиялық - педагогикалық концепцияға сүйеніп жасаған жөн . Оқыту процесінде ойын балалар үшін өзінің тамаша тартымдылығынан айырылып қалмау үшін , ойыншық әдеттегі әдістемелік құрал-сайманға айналып кетпеу үшін , мұғалім дидактикалық ойындар мен ойыншықтарды пайдаланып , материалды балаларға қалай жеткізуі керек ? осы және басқа толып жатқан мәселелер бастауыш сыныптардағы дидактикалық ойындардың аса маңызды мәнін құрайды , Өндірістің мүмкіндіктері мен мүдделерін ғана емес , сонымен бірге бірнеше кезекте балаларды дамытудың , олардың жеке басын қалыптастырудың мүдделері ескерілген , ғылыми жағынан негізделген дидактикалық ойыншықтардың жиынтықтарын шығаруды жолға қою керек .
Сонымен бірге оқу - тәрбие процесінде ойынды дұрыс кірістіріп , оның барлық тиімді мүмкіндіктерін балалапдың жас ерекшеліктеріне , сабақ мазмұнына жақсы үйлестіре қолдану мұғалім ізденісі мен шеберлігіне байланысты . Мұғалім ойынды пайдалану әдістемесінде ойын түрлерін таңдап-талдауға да қойылатын талаптарды жете білуі тиіс .

1.3 Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері .
Еліміз егеменді ел болғалы бері келеліде ауқымды өзгерістер жүруде . Саяси экономикалық , қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласыда мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ . Себебі мемлекетті нығайту , көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы , білімді , жан-жақты ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады . Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса , онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл , саналы , тәрбиелі етіп шығару - оның басты бағдарларының бірі . Қазіргі жас ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат . Осыдан білім беру мекемелерінің алдында күрделі міндет тұр . Ол - оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару .
Қазіргі кезеңде математиканы оқыту әдістемесі ғылымында ізденістер , Жаңалықтар болып жатыр . Түрлі әдістемелік жүйе , әдістер мен тәсілдер мектепте математика пәнін оқыту үрдісіне енуде . Мысалы : Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы , В,В Давыдовтың Дамыта о0ыту технологияларының элементтері , Блум таксономиясы т.б Қазіргі білім саласының алдында қойылғн талаптар - оқушыларға білімді тереңдетіп беру . Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтардан да көруімізге болады . Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе : оқушыны қалайша шаршатпай , енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады ? Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану - бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы . Сыныптардағы математика сабақтарын ойын әдісімен оқыту жұмыстары мынадай бірнеше маңызды мәселелерді шешеді : біріншіден , оқушылар ойын кезінде бір-бірімен тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай , бір-бірімен қарым - қатнастары артып , ұнамдық қасиеттері дамиды, бұл оқушылардың логикалық ойлары дамитыны сөзсіз : екіншіден оқулықта берілген материалдарды қызығып , ынта жігермен оқиды , бұл оқушылардың білімді сапалы меңгеруін қамтамасыз етеді , үшіншіден, оқушылардың арасында жарыс пайда болады , оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады , төртіншіден , оқушылар шығармашыл ойлануға дағдыланады . Ойын түрінде оқыту барысында әртүрнлі түрткінің тәсілдерін қолданады .
1. Қарым - қатнас түрткісі .
2. Моральдік түрткілер .
3. Танымдық түрткілер .
4. Қарым-қатынас түрткісі .
Оқушылар ойынға қатыса отырып , бір мақсатты шешу арқылы қарым-қатнас жасауды , жолдастарының пікірімен санасуды үйренеді .
Ұжымдық тапсырмаларды шешу барысында оқушылардың әртүрлі мүмкіндіктері пайдаланылады . Тәжірбиелік іс-әрекет кезінде тез ойлай білетін , жылдам , әрі мұхият жұмыс істейтін байқампаз , сын тұрғысынан қарай білетін балалармен бір топта болудың тиімді екенін байқайды . Ойын кезіндегі біріккен эмоцияналды қобалжулар өзара қарым-қатнастың нығаюына ықпалын тигізеді .
2. Моралдық түрткілер . Ойын кезінде әр оқушы өзінің білімін ,
дағдысын , мінез-құлқын, ерік-жігерін, адамдарға және іс-әрекетке деген қарым қатнасын көрсетеді .
3. Танымдық түрткілер . Әрбір ойынның аяқталуы оқушылардың мақсатқа , жеңіске жетуі жолында басқалардан білімнің , дағдыларының , спорттық қабілетінің жоғары болуына итермелейді . топтық ойын әрбір оқушы бас кезінде тең жағдайда болады . Бірақ ойынның қорытындысы әр оқушының дайындығына , қабілетіне , біліміне, шыдамдылығына , мінез-құлқына тәуелді . Кейбір ойындарда оқушылар әлеуметтік бет перде киіп , өздерін тарихтың белгілі бір тұлғасы ретінде сезінеді . Ойында табысқа жету танымдық қызығушылықтың дамуы үшін жағымды эмоция тудырса , ал жеңілген жағдайда танымдық іс-әрекетін жоғарлату қажеттілігін тудырады . Ойын балалар үшін бәсекелестігімен тартымды . Ойыннан алынған рахаттану сезімі сабақтарда жағымды жағдай тудырып , пәнді оқуға қызығушылығын артырады . Ойындағы алынбаған жауап балалардың ойлау әрекетін белсендіріп , жауабын табуға тырыстырады. Ойын барысында ортақ мақсатқа жету үрдісіндегі ойлау іс-әрекеті белсендіріледі . Ойлау танымдық мақсаттарды шешуге бағытталады .
Баланың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін белсендіру үшін көптеген ойындар арқылы басқару қажеттігі туындайды .
Ойынды таңдау баланың белгілі бір тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асыру қажеттілігігнен туындайды . Ойын ұжымдық болған жағдайда ойнаушылар құрамын , олардың интелектуалдық дамуын , дене бітімінің дамуын , жас ерекшелігін , қызығушылықтарын, қарым-қатнас жасау деңгейін білу қажет . Ойынды жасау оның өту кезеңіне , табиғи климаттық жағдайға, уақыт ұзақтығына , жыл мезгіліне , ойынға қажетті заттардың болуына байланысты . Ойын барысында ойын түрткісі өзгере береді . Балалар ойын кезінде рахат алу үшін әрекет жасайды . Кей жағдайда бала бір нәрсені заттай алу үшін , кейде шығармашлық жағдайда , бәсекелестік жағдайда өтеді . Бала ойын барысында өзара байлаеыстағы бірнеше деңгейдегі мақсатты жүзеге асырады .
Бірінші деңгейдегі мақсат- ойын үрдісінен рахаттану . Егер ойын балаға қуаныш әкелетін болса онда бала кез-келген белсенділікке дайын болады .
Екінші деңгейдегі мақсаты - функционалдық . Ол ойын ережесінің сақталуы , көріністер ойнау, рөлдермен орындаумен бйланысты .
Үшіншіден деңгей ойынның шығармашлық мақсатын айқындайды . Шешу, табу , қорытындыға жете білу жолындағы т іс-әрекетті көрсетеді .
Ойын-күрделі математикалық , психологиялық, педагогикалық ұғым .
Психологичлық тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубнштейн Д.Б. Элконин , Б.Г.Ананьев , А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты . С.Л.Рубинштейннің пікірінше ойын негізінде адамның барлық психикалық қбілеттері қалыптасады , баланы ересек өмірге дайындайды . Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым қатнас жасайды .
К.Г.Исулов ойынды адам санасының қоршаған ортамен араласуындағы эвристикалық іс-әрекеті деп қарастырады . Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген :
Қажеттілік - мотив - мақсат-ойын іс-әрекеті - нәтиже :
Демек , психологиялық тұрғыдан ойын :
а) леуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады :
ә) Танымдық мотивтің дамуына әкеледі :
б) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқумен және еңбекпен қатар тұрады :
в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді .
Педагог ғалымдар ойынның оқыту процесінде оң әсерін тигізетіне келісе отырып , мынандай пікір айтады .
Белгілі педагог Ю.К.Бабанский ойынды как мощное средство стимулирования познавательного интереса учащихся - деп көрсетсе , педагогтардың арасында ойын іс-әрекетін редагогикалық құбылыстардың қай түріне жатқызу жөнінде бір пікір жоқ . А.С.Гуревич, А.В.Клинюктер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса , Н.Н.Скатова , Р.И.Половникова, В.К.Роман оқытудың ойын әдісі дейді .
Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырады . Біз ойынды әдіс деп қарастырамыз . Себебі әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқушы арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес , стратегияны анықтайды . Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді .
Ойын элементтері ойынның біртұтас құрылысын береді . Ойын құрылысында алдымен оқытудың мақсаты тұрады .
Ойын - өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірбиені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі . Адам әрекетіндегі ойын құрылымның кезеңдері :
1)Мақсат қою:
2) Жоспарлау :
3) Мақсатты жүзеге асыру :
4) Адамның өзін субьект деп табуын қорытындылау болып бөлінеді .
С.А.Шмаковтың пікірінше , ойын -бұл тәртібіне өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірбиені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекет түрі . Көптеген ойындар келесі түрлермен ерекшеленеді :
1) еркін дамитын әрекет :
2) Шығармашлық әрекет :
3) Тікелей немесе жанама ережелер .

1.4 Ойын технологиясы
Ойын - қоғам тәжірбиесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған , бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі . Сол бойынша өзін-өзі басқарады , бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі . Сол бойынша өзін-өзі басқарады , тәрбиелеу жетіліп қалыптасады .
Ойын түрінде оқытудың мақсаты :
Жеке қызмет түрінде білімді ,білікті , дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді .
Мағынасы : Оқу материалын ізденуге , өңдеуге , меңгеруге бағытталған танымдық жеке қызметтер .
Іске асыру құралы : Оқушыларды шығармашлық қызметіне ойын әдістері арқылы қызықтыру .
Мектепке дейінгі және мектертен тыс оқу мекемелерінде ойын- оқыту әдісі ретінде халық педагогикасында кеңінен қолданады .
Қазіргі мектептерде ойын - қызмет ретінде төмендегі жағдайларда қолданылады .
Жеке технология ретінде :
Оқу пәнінінің бөлімін , тақырыбын ұғып меңгеру үшін :
Кең көлемді технология бөлімі ретінде :
Сабақ ретінде , не болмаса оның кезеңдері ( кіріспе , түсіндіру , бекіту , жаттығу орындау , бақылау ):
Сыныптан тыс жұмыстар технологиясы .
Ойын түрлері оқу кезінде сабақтарда ойын тәсілдері мен жағдайлар туғызу арқылы құрылып , оқушылардың оқуға деген қызметін ынталандырып талаптануына тәсіл ретінде қолданылады .
Ойын тәсілдері мен жағдайларын сабақ кезінде өткізу мына негізгі бағыттарда жүргізіледі :
-Дидактикалық мақсат оқушыларға ойын түрінде беріледі :
- Оқу қызметі ойын ережелеріне бағынады :
- Оқу материалы оның құралдары ретінде қолданылады , оқыту қызметіне жарыс ретінде кіргізіп , дидактикалық міндеттерді ойынға айналдырады .
- Дидактикалық тапсырмаларды орындау ойын қорытындысымен байланыстырылады .
Ойындарды дене ( қозғалыс ) , ой-өрісі ( ақыл-ой ) , еңбек, әлеуметтік және психологиялық қызметтер түрлеріне бөлу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың үйлесімді сөйлеуін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану
Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы
Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын дидактикалық ойындарды пайдалану әдістемесі
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ролі
Дидактикалық ойындар балабақшада оқытудың бір түрі
Дидактикалық ойындар-кiшi мектеп жасындағы оқушылардың бiлiмдерiн арттыру құралы
Үйлесімді сөйлеуді дамыту балалардың сөйлеу тәрбиесінің басты міндеті
Дидактикалық ойындардың педагогикалық негізі
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда дидактикалық ойындарды пайдаланудың тиімділігі
Пәндер