АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар (олар құрған ұйымдар -- заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болады. Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормаларды реттейді, олар құқықтық қатынастар нысанына ие болады.
Құқықтық қатынастар дегеніміз -- бұл нақты қоғамдық қатынастардың нысаны ғана. Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларынын нормалары реттеп отырады. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматтық - құқықтық қатънастар сапасына ие болады. Азаматтық құқық қатынасы санатының азаматтық құқық түсінігі үшін маңызы бар. Азаматтық құқықпен реттелген мүліктік қатынастар, сондай-ақ қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтармен және міндеттермен байланысатын соларға қатысты (қатысты емес) жеке мүліктік қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады. Азаматтық - құқықтық қатынастардын ерекшеліктері азаматтық - құқықтық реттеудің объектісі мен әдістеріне байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты. Осы курстық жұмыстың мақсаты - азаматтық құқықтық қатынастар туралы ілімнің азаматтық құқық теориясында алатын орны және азаматтық құқықтық қатынастар заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын терең ашып, оған теориялық талдау жасау жолымен зерттеу жүргізу болып табылады. Курстық жұмыстың зерттелуі деңгейі. Сонымен, азаматтық құқық мәселесі болып табылатын мүліктік және жеке мүліктік қатынастарды реттеу мынадан көрінеді, азаматтық құқық нормалары бұл қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы көріне алатын және көрінуге тиісті нәрсені айқындайды. Азаматтық құқық қатынастарының ерекшеліктері мыналар болып табылады:
Біріншіден, азаматтық құқық қатынастарының субъектілері заң жүзінде тең құқылы, бір-біріне тәуелсіз, сол арқылы олар басқа құқық қатынастарынан ажыратылады (ерекшеленеді);
Екіншіден, азаматтық құқық қатынастарды заңда көзделген негіздер бойынша да, көзделмеген негіздер бойынша да туындауы мүмкін (Азаматтық кодекс, 7-бап);
Үшіншіден, азаматтық құқық қатынастарының жағдайлары мен мазмұнын белгілегенде тараптардың келісімі басым болады; Төртіншіден, ерекшелік бұзылған азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен әдісінің өзіндік өзгешелігінде болып табылады (Азаматтық кодекстің 9 - бабы). Курстық жұмыстың құрылымы. Тақырыптың сипаты мен ерекшеліктеріне байланысты және аталған тақырыптың зеттелу деңгейіне сәйкес курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, тиісті екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұратын құрылымы жасақталған.
1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ МАЗМҰНЫ
1.1 Азаматтық құқықтық қатынастың түсінігі мен элементтері
Азаматтар мен заңды тұлғалар әр түрлі қызметтер жасау кезінде өзара әр түрлі қоғамдық қатынасқа, яғни құқықтық қатынасқа түседі. Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастың бір түрі. Қоғамдық қатынасты азаматтық - құқық нормаларымен реттеудің нәтижесінде, олар заңды сипат алып, азаматтық - құқықтық қатынасқа айналады. Азаматтық - құқық қатынасқа түсініктеме бермес бұрын, алдымен қатынастың мағынасын ашып алу қажет. Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың пайда болу тәсілі немесе өмір сүру жағдайы болып табылады. Егер қоғамдық - қатынастар бастапқы да өзімен - өзі өмір сүрсе, кейінірек құқықтық - қатынасқа айналады да, соңында заңды сипатын жоғалтып, қоғамдық ретінде сақаталады. Құқықтық қатынас қоғамдық қатынастың қозғалыс жағдайы және нақтылау әдісі болып табылады. Қоғамдық қатынастың ерекше түрі ретіде онымен байланысын қарап, біз құқықты қатынасты қоғамдық қатынастардың өмір сүру және өзгеру жағдайы, қозғалыс және нақтылау тәсілі, бекіт амалы ретінде болатынын байқаймыз. Сонымен қатар, құқықтық қатынастардың өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар, соларға байланысты жоғарыда айтылған қызметтерді орындауға қабілетті болады. Барлық құқықтық қатынастар мемлекетпен белгіленген және бекітілген құқық нормаарымен реттеледі. Сондықтан да қоғамдық қатынастар, мемлекет белгіленген және бекіткен құқық нормаларымен реттелгендіктен құқықтық қатынас болады және бұл құқықтық қатынастар қатысушылардың әрқайсысына белгіленген міндеттерін нақты түрде анықтайды. Барлық құқықтық қатынас өзінің өмір сүру барысында мемлекеттің күштеу шарасымен қамтамасыз етіледі. Қоғамдық қатынас құқықтық қатынас құқықтық қатынас болып қалыптасқан уақыттан бастап, оның іске асуы мемлекеттің күштеу шарасының көмегімен жүзеге асырылуына кепілдік береді. [1, 19б ] Құқықтық қатынастардың бір түрі ретінде азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қатынасты қарастырсақ, яғни азаматтық - құқықтық қатынас дегеніміз оның қатысушы жақтарынан құқықтары мен міндеттері заңды тепе - теңдік әдісімен, азаматтық - құқықтық нормаларымен реттелетін қоғамдағы қатынас. Азаматтық - құқықтық қатынас барлық қоғамдық қатынас сияқты тұлғаларың өзара қарым - қатынасы болып табылады. Азаматтық - құқықтық қатынас барлық құқықтық қатынастарға тән жалпы белгілерімен қатар тек өзіне тән ерекшеліктерге ие. О.С.Иоффе - Советтік азаматтық - құқықтық қатынастар деген еңбегінде, азаматтық - құқықтық қатынасқа тоқталып, оның құрылысындағы ерекшеліктерін ашқан. Сондықтан да, осы азаматтық - құқықтық қатынастарды басқа құқықтық қатынастардан айыратын сыртқы белгілерге тоқталып өтуге болады. Бірінші белгісі, азаматтық - құқықты қорғау тәсілі болып табылады. Егер бұл құқықтарды жүзеге асыруға міндетті жақ кедергі жасаса, онда азаматтық талап тәртібімен олардың еркінен тыс және еркіне қарсы жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ сол тәртібімен қорғау арқылы азаматтық құқықтарға бірдей қолданылмайтын және оларға ғана тән емес. Кейір азаматтық - құқықтар әкімшілік тәртіппен қорғалады және керісінше әкімшілік құқықтан туындайтын құқықтық қатынастар сот тәртібімен қорғалуы мүмкін. Екінші белгісі, азаматтық - құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері. Азаматтық - құқықтық қатынастарды әдеттегідей, өзінің пайда болу негізі ретінде қатысушыларының өз еркімен көңіл білдіруін айтамыз. Бұл белгі де бірінші белгі сияқты барлық азаматтық қатынастарға жалпы және соларға ғана тән болуы мүмкін емес. Себебі азаматтық - құқықтық қатынастар өз еркімен көңіл білдіру нәтижесінде болмаса да пайда болады, олар әрі қарай әкімішілк құқықтық қатынастар сияқты мемлекеттің басқару актілерінен пайда бола алады, соңында бір әкімшілік акты азаматтық да және әкімшілік те құқықтық қатынастарын тудыра алады. Үшінші белгісі, азаматтық - құқықтық нормаларының ерекшелігінен көрінеді. Көптеген азаматтық - құқықтар нормалар, соның ішінде азаматтардың арасындағы қатынастарды реттейтіндер диспозитивтік сипатта болады. Бірақ бұл белгіге салыстырмалы мағынада күмән туғызу мүмкін емес, себебі әкімшілік құқықтық кейбір нормалары да диспозитивті болуы мүмкін, ал басқа жағынан алсақ, көптеген азаматтық - құқықтық нормалары, заңды тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар, әкімшілік құқықтық нормалары сияқты императивті сипатта болады. Азаматтық - құқықтық қатынастардың тағы бір ерекшеліктері. Азаматтық - құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастар жақтардың заңдық теңдігі әдісімен реттеледі. Жақтардың заңдық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастың бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Осы қасиеттің жойылуынан құқықтық қатынас табиғаты да өзгереді. [2, 99б ] Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда, біз алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз керек. Құқық қатынастарын төмендегідей элементтерге тән болады: 1) Субъектілер (қатысушылар); 2) Мазмұны (құқықтар мен міндеттер); 3) Объектілер (құқықтар мен міндеттерге қатысы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер). Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқықтық қатынастар тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқықтық қатынастар белгілі бір жағдай болғанда пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның қысқартылуы да белгілі бір жағдайда байланысты. Осындай құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдай заңдылық фактілер дейді. Заңдылық оқиғалар кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нәтижесінде туатын құқықтық қатынастарына қатысушы тұлғаларға өздерінің қалау және ниетінен тыс пайда болады. Мұндай заңдылық фактілерді оқиға деп атайды. Заңдылық әрекеттер деп, заңдық салдар, яғни белгілі бір құқықтық қатынастарын тудыратын тұлғалардың әрекеттері де заңдық факті болып табылады. Заңмен тыйым салынбаған әрекеттер заңды әрекеттер болып табылады. Кейбір әрекеттердің құқықтық тәртібі де тыйым салғандықтан ғана, яғни заңсыз болғандықтан құқықтық қатынастарын тудырады. Заттар - азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері деп заттарды (мүліктік және мүліктік емес) жұмыспен қызметті, ақпаратты, материалдық деп есептелмейтін игіліктер мен интелектуалдық меншікті айтамыз. Заттар азаматтық айналымдағы қатысына орай шектеулі айналым қабілетіне байланысты азаматтық айналымнан шығарылмаған және азаматтық айналымнан шығарылған деп бөлінеді. Азаматтық айналымнан заттарды олардың иелері өзгеге ерін түрде бере алады. Сөйтіп,ол ешқандай шектеусіз қолдан қолға өте береді. Айналым қабілеттігі шектелген заттарға: у, қару - жарақ, оқ - дәрі, қымбат бағалы металдар мен тастар, мәдени және тарихи ескерткіштер т.б. жатады. Осы объектілер шеңбері заңмен айқындалады. Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп жіктейді. Бөлінетін заттар бөлінген күннің өзінде тұтынушылық қасиетінен, бастапқы сапасынан айрылмайды. Бөлінбейтін заттар бөлсең, пайдаға аспай қалады. Заттар қозғалмалы және қозғалмайтын болып бөлінеді. Қозғалматйн мүлікке берілетін құқық мемлекеттік тіркеуден міндетті түрде өтуі тиіс. Дәл сол сияқты мемлекеттік тіркеудге, қозғалмайтын мүлікке жасалған келісім де жатады. Дербес пайдалануға келмейтін (тек басқа затпен ғана пайдалануға болатын) заттар қосылқы заттар деп аталады. Мысалы: құлып пен кілт. Затқа ақша, валюталық құндылықтар, сондай - ақ құнды қағаздар да жатады. Валюта құндылығына қымбат бағалы тастар, шетелдік банктік кірістер, акциялар, шетелдік аблигациялар жатады. Құнды қағаздар да зат делінеді. Құнды қағазлар жоғалса онымен жасалған мұліктік құқық та қоса жойылады. Құнды қағазлардың негізгі түрлері: аблигация, акция, жинақ және диспозитивті сертификат. Құнды қағаздар үш түрге бөлінеді: атаулы, ордерлік, ұсынбалы. Атаулыққа: жинақ және диспозитивтік сертификаттар жатады. Ордерлік түрі де белгілі бір тұлғаға беріледі, бірақ ол бұл қағазды біреуге бергенде, бергені туралы оған жазады. Ал ол өз кезегінде бұл қағазды үшінші біреуге бере алады. Ұсынбалы түрі оны көрсетушіге беріледі, яғни оны көрсеткен адам ондағы құқыққа ие болады. Оған облигация және акция жатады. [3, 73б ]
1.2. Азаматтық құқықтық қатынастың түрлері және ерекшеліктері
Азаматтық - құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық - құқықтық реттеудің объектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық құқықтық қатынастың түрлері. Азаматтық құқықтық нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады: 1)мүліктік қатынастар; 2)мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар; 3)мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес, өзіндік қатынастар. Сонымен қатар, азаматтық - құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады: а) абсолютті және салыстырмалы; б) заттық және міндеттемелік. А) Абсолюттік азаматтық - құқықтық қатынастар. Абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып шығады. Мысалы, меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға жатады, мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл құқықты бұзбау, оны жүзеге асыруға кдергі жасамау міндеті ұштасады. а) Салыстырмалы азаматтық - құқықтық қатынастар. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) міндетті болып табылады. Салыстырмалы құқықтық қатынастар құқық берілген тараптарың да, міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестелген болып табылады. Мәселен, зиян келтірген адам жәбірленушіге зиянның орнын толтыруға, сатып алушы өзі сатып алған заттың құнын төлеуге міндетті. Б) Заттық азаматтық - құқықтық қатынастар. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінің затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқылы болады ( өзі әрекет ету құқығы ). Заттық құқықтың субъектісі өзінің затқа деген мүддесін басқа адамдардың көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей әсер ету жолымен қанағаттандыра алады. Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады. б) Міндеттемелік азаматтық - құқықтық қатынастар. Міндеттемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа адамның белгілі бір әрекеттер жасауы жолымен қанағаттандырылуы мүмкін. Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды талап етеуге құқылы ( бөгде әрекет құқығы ). Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға міндетті. Міндеттемелік қатынастардың объектісі - зат болмауы мүмкін.[3, 12б ]
2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
2.1. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
Азаматтық құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өзгереді және тоқтатылады, өйткенi, осы әрекеттер азаматтық заңнамада көзделмегенiмен, олардың жалпы бастаулары мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туындатады. Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардан және өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ азаматтық заңнамада көзделмегенімен, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн мәмiлелерден; 2) Қазақстан Республикасы заңнамасының күшімен азаматтық-құқықтық салдарларға алып келетін әкiмшiлiк актілерден; 3) азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеген сот шешiмiнен; 4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау, жою, сатып алу немесе оны иеліктен шығару, сондай-ақ мүлікке құқықтан бас тарту нәтижесiнде; 5) өнертабыстарды, өнеркәсiптiк үлгiлерді, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын және зияткерлік қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау салдарынан; 6) басқа тұлғаға зиян келтiру салдарынан, сол сияқты басқа тұлға есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан; 7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтық - құқықтық салдарлардың басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады, өзгереді және тоқтатылады. [6, 5б ] Азаматтық заңдағы құқықтық нормалар өз бетімен азаматтық құқықтық қатынастарды тудырмайды, өзгертпейді жəне жоймайды. Ол үшін құқықтық нормалармен қарастырылған жағдайлар туындауы қажет, оларды азаматтық заңды дерек деп атаймыз. Сондықтан заңдық деректер құқықтық норма мен азаматтық құқық қатынас арасындағы байланыстырушы бөлік түрінде көрінеді. Заңдық дерексіз бірде - бір азаматтық - құқықтық қатынастар бекітілмейді, өзгертілмейді жəне жойылмайды. Заңдық деректер азаматтық құқықтық қатынас негізінде жатқандықтан жəне оларды бекітуді, өзгертуді немесе жоюды тудыратындықтан, оларды азаматтық құқықтық қатынас негіздері деп атайды. Азаматтық заңда азаматтық құқықтық қатынастар негізі түріндегі бірнеше заңдық деректер қарастырылған. Осы деректердің жалпы тізімі АК 7 бабында берілген. Жалпы азаматтық құқықта заңды деректердің пайда болуының негізгі екі түрін бөліп қарастырады: біріншісі нақты іс-əрекет негізінде, ал екіншісі оқиға негізінде. Жалпы заңдық деректер ағымдық сипатына қарай оқиға жəне əрекет деп бөлінеді. Оқиғаларға адам еркінен тыс шығатын жағдайлар жатады. Мысалы, апат жағдайлары, адамның тууы мен өлуі, белгілі бір уақыт аралығының аяқталуы, т.б. Ал əрекет адам еркімен жасалады. Мысалы, келісімге отыру, міндетті орындау, туынды жасау, ұрпақ қабылдау, т.б. Оқиға тек табиғат күшімен емес, адам əрекетімен де жасалады. Азаматтық құқық адамдардың қоғамдық қатынастарын реттейтіндіктен, азаматтық құқықта заңды фактілердің негізгі массасын адамдар əрекеті құрайды. Əрекет өз кезегінде құқықтық жəне құқықтық емес болып бөлінеді. Құқықтық емес əрекеттер заң талаптарына немесе басқа нормативтік актілерге қайшы келеді. Мысалы, басқа тұлғаға зиян келтіру оның орнын жабу бойынша міндет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz