Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1 ӘРЕКЕРТ ҚАБІЛЕТТІЛІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Әрекет қабілеттілік түсінігі және кәмелет жасқа толмаған азаматтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Сот шешімімен әрекет қабілеттілікті шектеулі деп немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 КӘМЕЛЕКЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІГІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің заңды табиғаты ... ... ... ... .
2.2 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің ерекшеліктері ... ... ... ... ...
2.3 Кәмелетке толмағандардың отбасындағы құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыста кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы істер бойынша іс жүргізуді қарастыру.
Тақырыптың өзектілігі. Кәмелетке толмаған адамдардың және әрекет қабілеттілігі шектеулі деп немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған азаматтар туралы толық түсінік беру және олардық азаматтық құқық саласында келтірген зияндары үшін ж
Әрекет қабілеттік - адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық қасиет ретіндегі құқық қабілеттіктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған ақыл-ой мен еріктің болуына, өзінің іс-әрекеттерін саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол 18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді. Осылайша, кәмелетке толғандардың толық дәрежеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу шүбәсыздығы белгіленеді. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің іс-әректтері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады.
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттігі толық, толық емес және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсібір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі белгілі. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің жасына байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады. Ішінара әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олрадың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар және жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
Сонымен қатар ең алдымен азаматтық құқықтық жауаптылыққа тоқтаған жөн болады. Яғни азаматтық жауапкершілік - азаматтық құқықтық жауапкершілік өзге тұлғаның субъективтік азаматтық құқықтарының бұзылуына байланысты, өзінің заңда көзделген міндеттерін орындамаудың немесе жеткілікті орыңдамаудың нәтижесінде туындайтын салдарлар. Яғни азаматтық айналымның заңи тең қатысушыларының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және қалыпты экономикалық қатынастарын көтермелеуге бағытталған мүліктік сипаттағы санкцияларды қолдану жөніндегі мемлкеттік күштеу шарасы болып табылады.Осыдан зиян мен залал ұғымы туындайды. Зиян дегеніміз - тұлғаның жеке немесе мүліктік игіліктің кемуі, азаюы. Ал Яғни залал дегеніміз - келтірілген зиянның ақшалай баламасы. Бұл екеуі екі түрлі ұғым болып табылады. Осы екеуін ажырата білуіміз қажет.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - жәбірленуші зиян келтірушіден келтірген зиян орнын мүлікпен немесе басқаша өтеуін талап ете алатын азаматтық құқықтық-қатынас.
Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін олардың ата - анасы (асырап алушылары), қоғаншылары жауап береді. Яғни заңда тура көрсетілгендей Жасы он төртке жетпеген кәмелетке толмағандар (жас балалар) келтірген зиян үшін, егер зиян өздерінің кінәсінен болмағанын дәлелдемеген жағдайда , оның заңды өкілдері жауап береді, яғни мұнда заңды өкілдері деп отырғанымыз оның ата-анасы,асырап алушылары немесе қорғаншысы болуы мүмкін.
Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамттар келтірген зиян үшін, ол кінәлі болса оның қорғаншысы немесе оған қадағалауды жүзеге асыруға міндетті ұйым өтейді.
Әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтың спирт ішімдіктерін не есірткі заттарын пайдалануы негізінде келтірілген зиян үшін осы азаматтың өзі жауап береді.
Өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе өзіні-өзі ие бола алмайтын жағдайда зиян келтірген әрекетке қабілетті азамат , сондай ақ он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жауап бермейді. Егер азамат спирт ішімдіктерін немесе есіркі заттарды пайдалануы негізінде өзін осындай күйге жеткізіп зиян келтірсе жауаптылықтан босатылмайды.
Курстық жұмыстың мақсаты. Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы істер бойынша іс жүргізуді анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері.
әрекет қабілеттілік түсінігі және кәмелет жасқа толмаған азаматтар;
сот шешімімен әрекет қабілеттілікті шектеулі деп немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану;
Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің заңды табиғаты;
Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің ерекшеліктері;
Кәмелетке толмағандардың отбасындағы құқықтық жағдайы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Бұл курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, бес бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

1 ӘРЕКЕРТ ҚАБІЛЕТТІЛІК

1.1 Әрекет қабілеттілік түсінігі және кәмелет жасқа толмаған азаматтар

ҚР Азаматтық процестік кодексте көзделгендей Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар баланың тұрғылықты жерін айқындау;
ата-ананың баламен араласу тәртібін айқындау және басқа адамдарда болатын баланы айырып алу туралы;
бала ата-аналарының біреуімен республикадан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кеткен кезде баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы;
ата-ана құқықтарынан айыру (оларды шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы;
бала асырап алу және оның күшін жою туралы; кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу туралы даулар бойынша;
кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша; кәмелетке толмағанның әкесін анықтау және одан алименттер өндіріп алу туралы;
он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз табыстарына өз бетінше иелік ету құқықтарын шектеу немесе олардан айыру туралы арыздар бойынша; кәмелетке толмағанды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы;
әке болуды анықтау туралы және баланы күтіп-бағуға пайыздық қатынаста немесе нақты ақшалай сомада алименттер өндіріп алу туралы; алименттердің мөлшерін азайту туралы; кәмелетке толмағандардың еңбек, тұрғын үй құқықтарын қорғау туралы;
кәмелетке толмағандар және кәмелетке толғандар бірлесіп, оның ішінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толғандардың қатысуымен келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істерді қарайды және шешеді АПК 27-баптың 3-тармағы.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істер кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, баланың тұрғылықты (болатын) жеріндегі аудандық (қалалық) сотта қаралуы мүмкін немесе оған берілуі мүмкін. Өтінішхат істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін берілуі мүмкін.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі құқық субьектілігінің бір элементі болып табылғандықтан, оған төмендегідей анықтама беруге болады.Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру, өзі үшін міндеттерді туғызу және оларды орындау қабілеттілігі. Азаматтық кодекстің 17-бабы[1].
Адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық қасиет ретіндегі құқық қабілеттіліктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған ақыл-ой мен еріктің болуына өзінің іс-әрекеттерін саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол 18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді, осылайша кәмелетке толғандардың толық дәрежеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу шүбәсіздігі белгіленеді.
Азаматтық әрекет қабілеттігінің маңыздылығы онда, ол өз әрекеттерінің нәтижесінде белгілі заңды салдардың пайда болатынын түсіну. Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген зиянның орнын да өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда, әрекет қабілеттілігін тек келісімдер жасау және олар үшін жауап беру ғана емесе, кең шеңберде түсінгеніміз жөн, өйткені, азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі келтірген зиянды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтардың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүиеден озғанынша бірге болады. Ал азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп, оған билік етуге немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттігі оның жасымен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттігіне ие емес. Бір сөзбен айтқанда азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін[4].
Қазақстан республикасының Азаматтық кодексінің 2-тарауы Азаматтық құқықтардың субъектілері, 1-параграфы Қазақстан республикасының азаматтары және басқа жеке тұлғалар деп аталады, соның ішінде 17 - бабында көрсетілгендей азаматтардың әрекет қабілеттігі дегеніміз, азаматтың өз әрекетімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттерді жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады[1].
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз - азаматтардың әрекеттері негізінде азаматтық құқықтырға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілеті. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі оның психикалық жағдайы мен жасына қатысыты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін[3].
Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіптер бойынша болмаса, ешкімнінде құқыққабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеудің заң құжаттарында берілген шарттарының немесе не олардың кәсәпкерлік не өзге де ызметпен айналысу құқығының сақталмауы тиісті белгігі шектеуді белгілеген мемлекеттік не өзге де органның құжатын жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады.Азаматтың құқық қабілеттілігінен немесе әрекет қабілеттілігінен толық не ішінара бас тартуы және құқық қабілеттілігін немесе әрекет қабілеттілігін шектеуге бағыббалған басқа да мәмілелер жарамсыз болады, бұған мұндай мәмілелерге заң құжаттарында рұсат етілген реттер қосылмайды.
Кәмелетке толмағандар (ағыл. minors; нем. Minderjiihrigkeit , Minoritiit ) - Заңның әрекетке қабілеттіліктін басталуымен байланыстыратын жасына жетпеген адам.Кәмелетке толмағандар 18 жасқа жетпегендер болып есептеледі.
Кәмелетке толмағандардың (толық немесе ішінара) заңды мүдделерін олардың, ата-аналары, басқа заңды өкілдер, қорғаншы мен қамқоршылар жүзеге асырады.
Азаматтарың әрекет қабілеттілігінің үш түрін бөлуге болады[5].
1) Oн төрт жасқа дейінгі әрекет қабілеттілік бойынша азамат жасына сай келетін ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасауға құқылы, мысалы бес жасар бала дүкеннен балмұздақ сатып алатын болса, мәміле оның жасына сай келеді деп танылады және жарамды болып саналады.
14 жасқа дейінгі азаматтар әректке қабілетсіз болады. Сондықтан, егер заң құжаттарында өгеше көзделмесе, олардың атынан ата-ананлары,асырап алушылары немесе қорғаншылары мәмілелер жасайды. (АК-ң 23-бап. 1-тармағы).
Заң 14 жасқа толмаған азаматтардың әрекетке қабілетсіздігі туралы жалпы ережеден кейбір еарекшеліктер жасайды. Бұл адамдар өздерінің жасына қарай жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы (АК-ң 23-бабының 2-тармағы)[1].
Кәмелетке толмаған азаматтың өзінің, оның отбасының және өзге де оған таныс адамдардың күнделікті тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға байланысты жасайтын құны болмашы мәмілелерін тұрмыстық ұсақ мәмілелер деп түсіні керек. Мысалы, тағам өнімдерін, газет, мектеп оқу керек-жарақтарын, қала көлігінде жүру билеттерін және т.с.с.сатып алу тұрмыстық ұсақ мәмілерге жатады. Бұл арада, 14 жасқа жетпеген адамдар жасайтын тұрмыстық мәмілелер бір мезгілде мынадай үш шартқа сай болуы тиіс:
мұндай мәмілелер ұсақ, яғни құны жағынан болмшы болуға тиіс;
олар кәмелетке толмағанның жасына, яғни оның психикасының деңгейіне сай болуы, ал мұндай мәмілелер ауқымы шектеулі болуы тиіс.
14 жасқа жетпеген адамдар жасалып болысымен орындалатын мәмілелерді ғана жасай алады, мысалы, азық-түлікті несиеге емес, тек қолма-қол ақшаға сатып ала алады.
2) Oн төрт пен он сегіз жас аралығындағы азаматтар өздерінің табысына, степендиясына , өзге де кірістеріне және өздеріжасаған интелектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуіне , сондай ақ ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға құқылы. Жеткілікті негіздер болған жағдайда олардың заңды өкілдері (ата-анасы немесе асырап алушысы не қорғаншысы, қамқоршысы) олардың табыстарына билік ету құқығын шектеуге немесе ол құқықтан айыруға құқылы. Мысалы, осы жастан азамат өз табысын мақсатсыз және тиімсіз , яғни спирт ішімдіктерін алып ішуде немесе сол сияқты пайдасыз нәрселерге жұмсауда болса, онда ата - анасы шектеу қоюға құқылы[7].
14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:
өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналарымен асырап алушылардың қорғаншылары келісімсіз-ақ өз бетімен жасаған мәміле;
ата-анасының (қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.
14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:
1. өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірстеріне билік етуге;
2. интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
3. ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
4. банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы (АК-ң 22-бап)[1].
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс. (АК-ң 22-бабының 1-тармағы).
Заң құжаттарында кәмелетке толмағандар жасайтын және олар үшін жасалатын мәмілелерге қорғаншылық және қамқоршылық жасау органының алдын-ала келісімі талап етілетін жағдайларда белгіленуі мүмкін. Әдетте, мүлікті иеліктен шығару (мысалы, пәтерді сату) жөніндегі аса маңызды мұндай жағдайлар отбасы заңдарында көзделеді. Неке және отбасы туралы 2011ж. 26 желтоқсандағы Заңның 13-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен жасалған неке ғана жұбайлардың міндеттерін іс-жүзінде некеге тұруы ол толық көлемде әрекет қабілеттілікке ие болды дегенді білдірмейді[6].
Бұл арада ескеретін мына жағдай бар: Азаматтық кодекстің 17-бабының 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда Неке және отбасы туралы Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсатетіледі.
Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемелекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын 2 жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін (Неке және отбасы туралы заңның 10-бабының 2-тармағы). Заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемде әрекет қабілеттігіне ие болады.
Қазіргі кезде Азаматтық кодексте Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекет қабілетті деп жариялау (эмансипация) ұғымы қолданылады.
16 жасқа жеткен кәмелетке толмаған адам егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін болса немесе ата-анасының, асырап алушысының, қамқоршысының келісімімен кәсіптік қызметпен айналысатын болса, толық әрекет қабілетті деп жариялануы мүмкін. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекет қабілетті деп жариялау (эмансипация) ата-анасының, асырап алушысының, қамқоршысының келісімі болмаса, соттың шешімімен жүзеге асады[4].
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері жасаған мәмілелер бойынша дербес жауапты болады және өздерінің әректтерінен келтірілген зиян үшін жауап береді. (АК-ң 22-бабының 4-тармағы).
3) Oн сегіз жастан бастап толық әрекет қабілеттілік танылады. Толық әрекет қабілеттілігібар азаматтар кез келген азаматтыққұқықтық қатынастарға қатыса алады, мәмілелерді жасауға құқылы.
Азаматтық кодекстің 17- сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.Яғна азаматтардың өз әрекетімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттіоігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда пайда болады.
Бұл арада ескеретін мынадай бір жғдай бар: Азаматтық кодекстің 17- бабы 2- тармағынасәйкес заң құжаттарына 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілген жағдайда 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі деп бөлінеді.Оның өзі азаматтардың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туылған бала толығымен құқық қабілеттілігі болса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттерді алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне байланысты (жасына).Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдардағана болады[4].
18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады(АК-тің 17-бабы, 1-тармағында). Осы жасқа толған соң адамазаматтық құқық айналымының толық құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол сияқты құқықтар мен міндттерге де ие болады.
Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайынша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие болады.
Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандаға тән, ал берілетін әрекет ауқымы оларды жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі:
а) Жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жасаралығындағылар;
ә) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қаілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:
- өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушыларының, қорғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасалған мәмілелер;
- ата-анасының (асырап алушысының, қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалған мәміле.
14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандарзаңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:
- өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;
- интеллектуалдық иеншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
- банкке салым салуына және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәмілелер үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс. (АК-тің 22- бабы, 1-тармағы)[3].
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, ата- анасы , асырап алушылары мен қорғаншылары жасай береді. (АК-тің 23-бабы). Сонымен қатар Азаматтық кодекс белгілі бір мәмілелерді жасөспірімдердің өзі ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды.
Азаматтық кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқықлы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатып алуды жатқызуға болады. Жас балалар аталға мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоғқ деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілікті мойнына алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Оларың әрекеттеріне ата-анасы, асырап алушылары мен қамқоршылары жауап береді[1].
Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкршілікті, заңды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өзі көтереді.
Кәмелетке толмаған адамды толығымн әрекетке қабілетті деп жариялау (эманципация) үшін жасы он алтыға толған адам, егер еңбек шарты бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысқысы келетін болса заңды өкілдердің (ата-анасының, асырап алушысының немесе қамқоршысының) келісімімен (рұқсатымен) айналыса алады, яғни мұндай азамат толығымен әрекетке қабілетті деп жариялануы мүмкін. Эманципация қорғаншылық және қамқоршлық органының немесе сот шешімі бойынша жүргізіледі.
Кәмелетке толмағанды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы;
Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу туралы; ҚР АПК 302-бабының 5) 6)-т

1.2 Сот шешімімен әрекет қабілеттілікті шектеулі деп немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану
ҚР АПК-нің 35-тарауында азаматтың әрекетке қабілетін шектеу туралы, азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы немесе одан айыру туралы істер бойынша іс жүргізу
Азаматты спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарына, психотроптық заттарға, оларға ұқсас заттарға құнығу салдарынан әрекетке қабілетін шектеулі деп тану туралы іс онымен бірге тұратынына не тұрмайтынына қарамастан, оның отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының, прокурордың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның арызы бойынша қозғалуы мүмкін.
Психикалық науқастану немесе психиканың бұзылуы, ақылының кемістігі немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы салдарынан азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс сотта онымен бірге тұратынына не тұрмайтынына қарамастан, отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының, прокурордың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, психиатриялық (психоневрологиялық) емдеу мекемесінің арызы бойынша қозғалуы мүмкін.
Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы немесе одан айыру туралы іс ата-аналарының, бала асырап алушылардың, қорғаншысының не қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның немесе прокурордың арызы негізінде қозғалуы мүмкін.
Азаматты әрекетке қабілеті шектеулі, әрекетке қабілетсіз деп тану туралы немесе он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығынан айыру туралы іс қорғаншы белгілеу (тағайындау) жолымен әрекет қабілеті шектеулі, әрекетке қабілетсіз адамның да, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адамдардың да мүдделерін қорғау мақсатында қозғалады.
Азаматты әрекетке қабілеті шектеулі, әрекетке қабілетсіз деп тану туралы немесе он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығынан айыру туралы арыз - осы адамның тұрғылықты жері бойынша, ал егер адам психиатриялық (психоневрологиялық) емдеу мекемесіне жатқызылса, онда сол мекеменің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі. (ҚР АПК-нің 323-бап)
Азаматты әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы арызда спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға, психотроптық заттарға, оларға ұқсас заттарға құныққан адамның өз отбасын ауыр материалдық жағдайда қалдыратынын куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиіс.
Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы арызда өз әрекеттерінің нақты сипаты мен маңызын түсінбеуі немесе не істегенін білмеуі салдарынан оның психикалық ауруы немесе психикасының бұзылуы, ақылының кемістігі немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы болуын куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиіс.
Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз жалақысына, стипендиясына немесе өзге де табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу немесе одан айыру туралы арызда кәмелетке толмағанның өз жалақысына, стипендиясына немесе өзге де табысына анық ақылға сыйымсыз билік ететіні туралы куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиіс. (ҚР АПК-нің 324-бап)
Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде қозғалған іс бойынша азаматтың мүдделерін білдіру және қорғау үшін ресми өкіл-адвокат тағайындайды.
Ресми өкіл-адвокат заңды өкілдің өкілеттіктерін иеленеді. Мұндай адвокаттың заң көмегі заңға сәйкес бюджет қаражаты есебінен тегін көрсетіледі.
Азаматтың психикалық ауруы немесе психикасының бұзылуы, ақылының кемістігі немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы туралы жеткілікті деректер болған кезде сот оның психикалық жай-күйін анықтау үшін сот-психиатриялық сараптама тағайындайды.
Өзін әрекетке қабілетсіз деп тану туралы өзіне қатысты іс қозғалған адам сараптамадан өтуден анық жалтарған кезде сот психиатрдың қатысуымен сот отырысында азаматты сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жіберу туралы ұйғарым шығара алады.
Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасын жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамның орналасқан жері туралы оның отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірін, басқа да туыстарын немесе жақын адамдарын, ал олар болмаған кезде аталған адамның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органын жиырма төрт сағат ішінде хабардар етуге міндетті. (ҚР АПК-нің 325-бап).
Азаматты әрекетке қабілеті шектеулі, әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның өз жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кірістеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы немесе одан айыру туралы арызды сот азаматтың өзінің, арыз берушінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен қарайды.
Әрекетке қабілетсіз деп тану туралы өзіне қатысты іс қаралатын азамат, егер оның сот отырысына қатысуы оның өмірі немесе денсаулығы үшін не айналасындағылардың өмірі немесе денсаулығы үшін қауіп төндірмесе, сот отырысына шақырылуға тиіс. Адам өз ұстанымын өзі не өкілдері арқылы баяндауға құқылы.
Егер адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс бойынша сот отырысына азаматтың өзінің қатысуы оның өмірі немесе денсаулығы үшін не айналасындағылардың өмірі немесе денсаулығы үшін қауіп төндірсе, іс оның тұратын жері бойынша сотта қаралады. Іс стационарлық жағдайларда психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымда немесе психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдар үшін әлеуметтік қызмет көрсететін стационарлық мекемеде азаматтың өзінің қатысуымен қаралуы мүмкін.
Көрсетілген санаттағы істерді қарау кезінде арыз беруші сот шығындарын төлеуден босатылады. Сот арыз берген адамның азаматтың әрекет қабілетін көрінеу негізсіз шектеу немесе одан айыру мақсаттарында теріс пиғылды әрекет жасағанын анықтап, одан істі қарауға байланысты барлық сот шығындарын өндіріп алады. (ҚР АПК-нің 326-бап).
Егер азаматты әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тануға, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өзінің жалақысына, стипендиясына немесе өзге де табыстарына өз бетінше билік ету құқығын шектеу немесе одан айыру туралы негіздердің болмау фактісін анықтаса, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Азаматтың әрекетке қабілетін шектеу туралы, сондай-ақ он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз еңбекақысына, стипендиясына немесе өзге де табыстарына өз бетінше иелік ету құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршы тағайындауы үшін негіз болып табылады.
Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қорғаншы тағайындауы үшін негіз болып табылады.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз азаматқа қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғаны туралы он күн мерзімде сотқа хабарлауға міндетті.
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азамат осы Кодексте көзделген тәртіппен сот шешіміне шағым жасауға құқылы. (ҚР АПК-нің 327-бап).
ҚР АПК-нің 328-бап. Азаматты әрекетке қабілетті деп тану деп Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22-бабының екінші тармағында, 27-бабының екінші тармағында көзделген жағдайларда сот азаматтың өзінің, оның отбасы мүшесінің, жақын туысының, қамқоршының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, психиатриялық диспансердің арызы бойынша азаматтың әрекет қабілетін шектеудің күшін жою туралы, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз жалақысына, стипендиясына немесе өзге де табыстарына өз бетінше билік ету құқығын шектеудің күшін жою немесе одан айырудың күшін жою туралы шешім шығарады. Сот шешімінің негізінде оған белгіленген қамқоршылық күшін жояды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 26-бабының үшінші тармағында көзделген жағдайларда сот қорғаншының, психиатриялық емдеу мекемесінің, отбасы мүшесінің, жақын туысының, прокурордың, психиатриялық (психоневрологиялық) мекеменің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның арызы бойынша сот-психиатриялық сараптаманың тиісті қорытындысы негізінде сауыққан немесе денсаулығы едәуір жақсарған адамды әрекетке қабілетті деп тану туралы шешім шығарады. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қорғаншылық күшін жояды.
Егер азамат спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну нәтижесінде өз отбасын ауыр материалдық жағдайңа ұшырататын болса, мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот мұндай азаматтарды әрекет қабілеттіліген шектеулі деп тануы мүмкін. Оған және оның мүлкіне қамқоршы тағайындайды[3].
Егер азамат ақыл - есі кемдігі және жүйке ауруына шалдығуы салдарынан өзінің не істегенін білмесе және оған жауап бере алмаса , мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот мұндай азаматтың әрекет қабілеттілігіжоқ деп тануы мүмкін. Оған және оның мүлкіне қамқоршы тағайындайды.
Егер азамат ішімдік ішуінен, есірткі заттарды пайдалануынан тиылса немесе оның ақыл-есі медециналық қорытындыға сай дұрысталса, сот алдыңғы шешімдерінің күшін жоюы мүмкін.
Заң бойынша әрекет қабілеттілігі пайда болатын жасқа жеткен кейбір азаматтар өздерінің психикалық күйіндегі кемістіктері салдарынан өз іс-әрекеттерінің зардаптарын толық дәрежеде түсіне алмайтындықтан және оларды орынды пайдалана білмейтіндіктен, соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылуы мүмкін.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрект қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады. [3].
Ал, азамат, айталық, жүйке ауруынан жазылып, арақты қойып, нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып,сот арқылы оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жойады. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтын күші жойылады. Нәтижесінде сот оны әрекет қабілеттілігі бар деп таниды
АК-ң 26-бабына сәйкес, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз іс-әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенің білмейтін азамат әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін[1].
Жүйке ауруы да, ақыл-естің кемдігі де жүйке бұзылуының түрлері болып табылады, оның үстіне, ақыл-естің кемдігі аурушаң күйге байланысты болса да, азаматтың туған сәтінен басталады. Өз іс-әрекетінің маңызын түсіну немесе оларды пайымдай білу қабілетінен айырылуғаәкеп соқтыратын жүйкенің бұзылуы ғана азасматты әрекетке қабілетсіз деп тану үшін шешуі рөл атқарады.
Соттың шешімімен жүйкенің бұзылуына байланысты әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат тұрмыстық ұсақ мәмілелерді қоса алғанда, дербес түрде мәмілелер жасай алмайды және өзінің әрекеттері үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқармайды. Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтың атынан оның қамқоршысы жасайды[6].
Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шкетеулі адамдардың атынан олардың қамқоршылары мен қорғаншылары жасайды.
Әрекетке қабілетсіз азаматтардың мүдделерін қорғайтын қамқоршыларды, ал әрект қабілеттілігі шектеулі азаматтардың мүдделерін қорғайтын -- қорғаншылық жасау органдары тағайындайды.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардың азаматтық айналымдағы әрекет қабілеттілігі
Кәмелетке толмағандардың эмансипация рәсімдері
Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы
Азамат азаматтық құқық субъектісі
КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯН МЕН ЗАЛАЛ ҮШІН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
Азаматтық әрекет қабілеттілік ұғымының құқық қабілеттіліктен айырмашылығы
Салық саласында азаматтардың құқықтары
Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің арасындағы айырмашылығы
Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар — азаматтық құқық субъектілері
Пәндер