Математиканы оқытудың жалпы әдістері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті

Л. Б. Дуйсембаева

7 сыныпта «Функция» тақырыбын оқытуда Блум таксономиясы бойынша оқыту мазмұнын реттеу

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В012700 «Математика-Информатика» мамандығы

Павлодар 2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

«Математика және физика» кафедрасы

« Қорғауға жіберілді»

Математика және физика

кафедрасының меңгерушісі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: 7 сыныпта «Функция» тақырыбын оқытуда Блум таксономиясы бойынша оқыту мазмұнын зерттеу

5В012700 «Математика-Информатика» мамандығы

Орындаған Л. Б. Дуйсембаева

Ғылыми жетекші

п. ғ. к., профессор Ж. Ғ. Мұқанова

Павлодар 2019

Мазмұны

Кіріспе
5
Кіріспе: 1
5: Математикалық білім берудің әдістемелік жүйесін оқыту технологиялар арқылы жаңарту мәселесі
8
Кіріспе: 1. 1
5: Математикалық білім беруде оқытудың технологияларын қолданудың бүгінгі жағдайы
8
Кіріспе: 1. 2
5: Оқушылардың білім сапасын арттырудағы оқыту технологиялары және олардың түрлері
16
Кіріспе: 1. 3
5: Оқыту технологиясы - Блум таксономиясы
32
Кіріспе: 2
5: Блум таксономиясы бойынша функция тақырыбын оқытудың ерекшеліктері
38
Кіріспе: 2. 1
5: Функция тақырыбын оқыту әдістемесі
38
Кіріспе: 2. 2
5: 8 сынып бойынша функция тақырыбын оқыту әдістемесі
43
Кіріспе: 2. 3
5: Квадраттық функциясының графигін Блум таксономиясы бойынша салу
56
Кіріспе: Қорытынды
5: 63
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттер тізімі
5: 65

Кіріспе

Бүгінгі күнде әлемдік білім беру кеңістігіне енуге негізделген білім беру жүйесін жаңалау, оның мазмұны жаңа концептуальды өзгерістермен, ақпаратты қолдану қабілеттерін дамыту, ғылыми мәселелерді шығармашылықпен шешу жолдарын, білім беру бағдарламаларын нарықтық практика тұрғысынан қайта қарау әдістерін жасау жұмыстары жүргізілуде. Бұл процесс педагогикалық теория мен оқу-тәрбие үрдісінің практикасына маңызды өзгерістер енгізуді қажет етеді.

Жеке тұлғаның рухани дамуына ерекше мән беріліп, қоғамдық білім деңгейіне сәйкес келетін педагогикалық технологиялар ролі артады.

ХХІ ғасыр технологиялар ғасырыз, олай болса білім беру жүйесін түрлі технологиялармен, ғылыми-техникалық даму жетістіктерімен, қоғамның ақпараттануы мен білім беру жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің ерекшеліктерімен анықталады. Қазіргі қоғамның сипаты мен талабы - оқытудың технологияларын саралау және білім беру ориентациясын таңдау мүмкіндігі, оқушы мен оқытушының әрекеттерін ұйымдастыру әдістері мен формаларын өзгерту.

Мектеп білімін қайта құру - бүкілхалықтық маңызды іс. Орта білімнің дамымалы концепциясы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының талаптарына сәйкес болу керек. Мектепте оқушылардың алған білімдері, біліктері мен дағдылары олардың сенімдерінің негізі болу керек және болашақ қоғам мүшелерінің еңбекке, ұжымға, өзінің қоғамдық міндеттеріне деген қатынасында байқалу керек.

Жалпы алғанда, қазіргі жас өспірімдер мектептен осы талаптарды қанағаттандыратындай білімдерді, біліктерді және дағдыларды алып шықпайды. Көптеген оқушылардың математикадан білімі үстіртін, үзінділі, формалды, берік емес.

Мектептегі оқыту мәселесін жан-жақты шешу үшін оқушылардың жан-жақты қызығушылығы мен бейімделуін, олардың болашақ қызметтерімен, қоғамдағы өмір жағдайымен, білімді әрі қарай жалғастыру мүмкіндігімен байланысты өмірлік жоспарының ерекшелегін ескере алатын жалпы орта білімнің жаңа концепциясын жасау керек болды.

Көп уақыт бойы білім беру органы мектеп бағдарламасының, оқулығының, оқыту формалары мен әдістерінің, оқушылардың қабілеттерін, бейімділіктерін, қызығушылықтарын, оқу мүмкіндігін есепке алмай, олардың білімдеріне қойылатын талаптардың міндетті түрде бірдейлігін түсінген. Осы мектеп бірлігін бұрмалап түсінгендігінің салдарынан оқуға қызығушылықтары және оқушылардың білім сапасы төмендеді. Оларды әр пәннің бір жүйеге байланбаған жарамсыз қосалқы бөлшекті информация ағыны есеңкіретіп жібереді. Мектептегі оқыту үрдісі мен қоршаған орта туралы білім алу көптеген жас өспірімдер үшін оқулық мазмұнының формалдылығымен негізделген қинамалы міндетке айналды.

Біздің ойымызша, оқушылардың ауыртпашылық және олардың оқуға қызығушылығын арттыру мәселесін шешу үшін білім деңгейін төмендету емес, оқытудың жаңашыл технологияларын енгізу керек.

Математиканы оқытуда қолданылатын технологиялар оқыту деңгейі және меңгеретін білім мен қалыптасатын дағдылардың деңгейі әр категориялы оқушылардың мүмкіншілігіне, қызығушылығына, қабілеттеріне сәйкес әртүрлі болуы мүмкін.

Оқушылардың білімі мен біліктерін тексеру математиканы оқыту үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады. Оқу жұмысының тиімділігі осы тексерудің қалай ұйымдастырылғанына және неге бағытталғанына байланысты болады. Сондықтан мектепте бақылауды ұйымдастыру тәсілдеріне оның мазмұнына көп көңіл бөледі. Көптеген әдіскерлер мен мұғалімдер тексеру әдісі мен түрлерін толық жетілдіру үшін үлкен жұмыстар атқарады. Осы жұмыстар мектептегі математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге асыруға бағытталған, ол математиканы оқыту жүйесінде болып тұратын өзгерістерді қамтып көрсетеді.

Кемелденген қоғамға жоғары білімді, сенімді, белсенді, демократия жағдайында өмір сүре алатын және жұмыс істеуге қабілетті, қарқынды нарық дамуына ілесе алатын, өзіне әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін адамды дайындау үшін, мемлекет жаңа педагогикалық технологиялар тудыруды талап етеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты : оқытудың жаңа технологиялары соның ішінде Блум таксономиясы арқылы функция тақырыбын оқытудың тиімді жолдарын анықтап, олардың оқыту үдерісіндегі орындарын анықтау.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін біз келесі міндеттерді қойдық:

- педагогикалық технологиялар туралы түсініктер беру және осы технологиялар арқылы оқытудың тиімділіктерін анықтау;

- Блум таксономиясы технологияның ерекшеліктерін қарастырып айқындап алу;

- Блум таксономиясы технологияны қолдану критерийлері мен көрсеткіштерін анықтау.

Зерттеу пәні - орта мектепте математиканы оқыту үдерісіндегі Блум таксономиясы оқыту технологиясы.

Зерттеу жұмыстың болжамы : Егер оқыту үрдісінде Блум таксономиясы технологиямен жұмыс жасау арқылы оқытудың әдіс-тәсілдерінің түрлері ұйымдастырылса және осыған орай қойылған мақсаттардың орындалуына бақылау жүргізілетін жұмыстар арқылы оқушылардың меңгерген білімін көрсетсе, онда оқушылар өзін-өзі басқарып, өзіне-өзі баға беріп, логикалық ойлау қабілеті жақсы дамиды, тіл байлығы зор, саналы оқу дәрежесіне жетеді, сол арқылы оқушылардың математиканы меңгеру сапасы көтеріледі.

Жұмыс істеу барысында төмендегідей зерттеу әдістері пайдаланылды:

- зерттеу мәселесі бойынша ғылыми, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы әдебиеттерді оқып үйрену және оларға талдау;

- орта мектепте математиканы оқыту және авторлық оқыту тәжірибесін талдап қорытындылау;

- қолданыстағы педагогикалық оқыту-бағдарламалық құралдар мен түрлі оқыту технологияларды зерттеп, математиканы оқытудағы Блум таксономиясы пайдаланудың әдістемелік жағдайларын қарастыру;

- математиканы оқытуда Блум таксономиясы технология қолдануға арналған әдістеменің тиімділігін іс-тәжірибеде тексеру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы .

- Блум таксономиясы технологияны пайдаланып оқытудың теориясы мен практикасына талдау жасалынды және математика курсында түрлі технологияны қолдану мүмкіндігі анықталды;

- Блум таксономиясы технологиясымен оқытуды оқыту үрдісінде пайдаланудың дидактикалық мақсаттары мен педагогикалық бағдарламалық кұралдарға қойылатын талаптар айқындалды.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы оның нәтижелерін Блум таксономиясы технологиясымен оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіруге бағытталған болашақ зерттеулерде пайдалануға болатындығында.

Жұмысты орындау барысында әдебиеттерге шолу және талдау жасау, бақылау, салыстыру, әлеуметтік, логикалық, сипаттау әдістері қолданылды.

Жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Математикалық білім берудің әдістемелік жүйесін оқыту технологиялар арқылы жаңарту мәселесі

1. 1 Математикалық білім беруде оқытудың технологияларын қолданудың бүгінгі жағдайы

Қазіргі қоғамның мектепке қоятын талабы - осыған дейін ондаған жылдар бойы қойылып келген талаптан әлде қайда өзгеше. Қоғамымыздың қазіргі даму сатысында мектептің негізгі міндетімен қатар, жас ұрпаққа қажетті, қоғамдық мәні бар адамдық қасиеттерді білім беру негізінде қалыптастыру міндеті қойылып отыр.

Демек, мектепте оқытылатын әрбір пәннің осы мәселені шешуде өз үлесі бар. Осы мәселеде математика пәнінің орны үлкен. Математиканы оқытуда білім берудегі әдеттегі ақпараттық түсіндіру тәсілінен гөрі білімді игерумен қатар оны меңгерудің әдіс-тәсіліне, ойлаудың пікір қорытудың және белсенді іс-әрекет етудің түрлері мен әдіс тәсілдерін үйренуге, оқушының танып білу қабілеті мен шығармашылық әлеуметін дамытуға арналған белсенді іс-әрекетті жиі қолдану қажет болып отыр.

Математиканы оқыту мазмұнын құрудың экстенсивті тәсілінен интенсивті тәсіліне көшуде де осы ″іс-әрекет″ тәсілін қолдану қолайлы. Өйткені, ″іс-әрекет″ тәсілін қолдану арқылы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімді меңгерудегі жүктемені оқу және оны игеру үрдісінің негізгі тәсілдерін меңгерумен ауыстыруға болады. Іс-әрекеттік тәсілді қолдана отырып әрбір оқушының қандай да бір қызмет етуінің барысында табысқа жетуін қамтамасыз етуге болады. Ал белгілі бір табысқа жету оқушыны ынталандырудың ең негізгі жолы.

Математиканы оқытуда ″іс-әрекеттік″ тәсілді кеңінен қолдануға мүмкіндік зор, себебі әрбір есеп шығару барысында оқушы белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруға мәжбүр болады. Математиканы оқытуды қайта құруды ″жеке-даралап″ немесе топқа бөліп оқыту формасын жүзеге асыру негізгі қажеттіліктің бірі болып отыр. Оқытудың мұндай формасында оқушылардың қандай да бір ерекшеліктеріне математикаға деген ынтасына, оқыту қорытындысы бойынша қойылатын талапқа, оқу мазмұнына немесе формасына қарай тұрақты немесе уақытша топтарға бөліп, оларға сәйкесті оқыту мазмұны мен тәсілін, қойылатын талап деңгейі мен мөлшерін, оқыту формасы және т. б. анықтайды.

Бұл оқыту тәсілі - оқушылардың жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен қабілетін толықтай ескеруге мүмкіншілік береді. Әрбір оқушы математика курсын белгіленген (негізгі) дәрежеде меңгеруге міндетті, ал оны әрі қарай жалғастыру, одан әрі тереңдету немесе сол деңгейде ғана қалып қою әрбір оқушының өзі шешуге құқы бар. Бұл принципті іске асыру математиканы оқыту барысында адамгершілік принциптерін орындау болып табылады.

Соңғы жылдары жүргізілген дидактикалық және әдістемелік зерттеу жұмыстарына талдау жасау - оқушылардың білімі мен дағдыларына қойылатын талаптың оқу процесіне, оның мақсатын анықтай отырып, ұйымдастырушылық әсері бар екенін көрсетті.

Талап оқытумен ғана шектелмейді. Осы талап оқушыны дамыту мен тәрбиелеуде олардың нақты нәтижелерге жетуі үшін мұғалімдерді мақсатқа қарай қарай бағыттап отырады. Оқушыларда қорытынды білімдердің қалыптасуының нақты бір өлшемі ретінде болатын оқу пәні алдына қойылған мақсатына қарай осы талаптар болжаушы ретінде көрсететіндігі маңызды болып табылады.

А. В. Кузнецованың пікірі бойынша білім мен дағдыларға қойылатын талаптар ретінде оқушылардың нені және қалай меңгеруі тиіс екендігін, іс-әрекеттің қандай түрінде қандай да бір білім мен дағдылар байқалуы қажеттілігін, оқушыларда қандай қасиеттер болу керектігін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың жоспарланған нәтижелерінің сипаты түсіндіріледі.

Көбінесе оқуға дайындық талаптары оқытудың нақтылауының белгілі кезеңі болып табылатын оқыту мақсаттарымен анықталады. Әр-түрлі деңгейде берілетін білім мазмұнының мақсаты да оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың жоспарланған нәтижелерінің сипаттамасын көрсетеді. Талаптар оқу-тәрбие үрдісіндегі нәтижелерді жоспарлаудың маңызды кезеңі бола отырып, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың жалпы мақсаттарын анықтайды, білім мазмұнының құрамымен байланысты, оқытудың түрлері мен әдістерін таңдауға ықпал етеді; оқыту үрдісінің барысын оның нәтижелерін тексеруді ұйымдастырып, бағыттап отырады. Соңғы кездері математика пәні бойынша бағдарламада "Оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар" бөлімі математика курсын оқытудың арнайы мақсатын және оқушылардың меңгеруі міндетті білім мен дағдыларды дамыту деңгейін анықтайды, басқаша айтқанда математика курсын меңгеру талаптарында қажетті міндет білім мен дағдылардың белгілі бір көлемімен бірге әр оқушыға міндетті дайындықтың минимальды деңгейі де көрсетілген.

Оқушылардың білімі, дағды іскерліктері қандай болуы тиіс деген мәселе шешімін қарастыратын, оқытудың маңызды мәселелерінің бірлігін қамтамасыз ететін ресми құжаттардың бірі оқу бағдарламасы болып табылатыны белгілі. Бағдарлама оқу пәнінің мазмұнын анықтаумен шектелмейді, сонымен бірге оқыту үрдісін және оның нәтижелерін реттеп отырады.

Әр түрлі пәндер бойынша бағдарламаларды талдау - оқушылар меңгеруі тиіс білім көлемін белгілеу қасиеттілігі "Талаптарда" мазмұнды тіркеуге әкелетіндігін көрсетеді. Ал, негізінен білім мен дағдыларға қойылатын талаптар оқытудың нәтижелерімен тығыз байланыста болады. Тек сол нәтижелер ғана оқушылардың білім мен дағдыларын бағалаудың көрсеткіштері ретінде бола алады. Педагогикада қабылданған оқытуды іс-әрекет ретінде қарастыру оқушылардың дербестігі мен танымдық әрекет мәселесі ұғымын, дамыта оқыту идеясын анықтады. Мұндай ұғым оқушылардың білім мен дағдыларына қойылатын талаптарды оқу іс-әрекетін сипаттау қажеттілігін де түсіндіруге мүмкіндік береді.

Әр оқушының даму мәселесін қарастыруда іс-әрекет ұғымына көп мән беріледі. Іс-әрекет тұрғысынан қарау оқытуда оқушының белсенділігін арттырады, танымдық әрекеттердің негізін меңгеруде маңызы зор, сондай-ақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасында оқушылардың математикадан дайындығына қойылатын талаптар екі деңгейде беріледі. Біріншісі міндетті дайындық деңгейі. Бұл деңгейде оқушылардың барлығы меңгеруі тиіс екендігін сипаттайды және математика пәні бойынша білім нәтижесінің мүмкін төменгі шегін анықтайды. Оқушылар үшін міндетті дайындық деңгейінің анықталуы және оның нақты формада берілуі мұғалімдерге оқушылардың осы деңгейге жетуі бойынша оқу жұмысының мазмұнын іріктеуге бағдар беріп отырады, яғни жұмыстың мақсатқа қарай бағытталуына мүмкіндік береді. Екінші математиканы меңгерудің мүмкін деңгейі.

Оқытудың нәтижесінде барлық оқушылар дайындықтың міндетті деңгейінде көрсетілген білім дағдыларды меңгеруі тиіс екендігі бағдарламада атап көрсетілген.

Ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты, орта мектепті бітірушілерге қазіргі кездегі қойылып отырған жаңа талаптарға байланысты, оқушының математикаға ынтасын дамыту мұғалімнің негізгі мақсаты болып табылады. Ал математика пәнін оқыту үрдісінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі пайдаланып оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.

Математикалық білім мен дағдылар молайып мазмұны тереңдеп ауқымы кеңейген сайын, оны үйретудің, үйрену мәселелері де өзгеріп, күделеніп береді, осылай әдістемелік жаңа тәсілдер пайда болады. Математика әдістемесінің алдына қойылатын ең күрделі мәселе - іріктеу, сұрыптау мәселесі, яғни мұқият мол қорланған математикалық мұра ішінен қазіргі заман талабына сай, оқушылардың ой-өрісіне, күш-қабілетіне лайық келетіндерін таңдай білу проблемасы. Осыған байланысты математика оқу пәнінің мазмұны үнемі өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер мынадай негізгі себептердің салдарынан туындайды:

а) оқыту мақсаттарының кеңеюі және қоғам дамуымен оның техникалық - экономикалық мұқтаждығына байланысты мектепке қойылатын жаңа талаптар;

ә) ғылымның (математиканың) үздік дамуы, онда жаңа салалар пәндер, пайда болуы;

б) қоғамның даму барысында оқушылардың жалпы дамуының күшейе тусуі, сәбилер мен жасөспірімдердің таным қабілетінің жаңа мүмкіндіктері мен қырлары ашылуы;

в) педагогика ғылымдарының, математика әдістемесінің дамуы, көпшілік мектептердегі алдыңғы қатарлы оқыту тәрбиесін пайдалануы.

Математика пәнінде қандай ақпараттар беру керек, нені оқыту қажет деген мәселені шешумен қарбалас, оларды қандай ретпен оқыту, тәртіппен оқыту, яғни оқу курсын барынша тиімді түрде, жекізу проблемасы шешуін табу керек. Бұл үшін отандық және шетелдік психолог, педагог және әдіскерлердің жаңа зерттеулерінің нәтижелері есепке алынады.

Математика пәнін оқытуда және оны жақсартуда мынадай факторларды еске алу қажет:

1) пәннің ішкі логикасы мен оны өзгерту, түрлендіру мүмкіндіктерін пайдалану;

2) курстын мазмұнын құрайтын мәселелер арасындағы барлық ішкі байланысты ескеру;

3) бұл мәселелердің мектепте математикалық білім берудегі мәнін анықтау;

4) материалды дидактикалық өндеу, талдау, оның ұғымдылығын, қонымдылығын арттыру мүмкіндігін ашу.

Математика әдістемесінде оқытудың жаңа да тиімді әдістерін іздестіру проблемасының маңызы үлкен, өйткені математика курсының жаңа мазмұны мен түзіліс жүйесі мұғалім мен шәкірттің жаңа әдістерді пайдалануын талап етеді. Оның үстіне оқытудың ежелгі дәстүрлі әдістері әрқашанда ойдағыдай нәтижеге жеткізе бермейді. Сондықтан соңғы кездерде сабақ үстінде оқушылардың белсенділігін арттырып, мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқушылардың өзіндік жұмыс істеуіне негізделген оқыту әдістері кең қолданылуда. Солардың біріне жылдар бойына сабақ жүргізу нәтижесіндегі тәжірибелерді жинақтап, оқушының білім сапасының молая түсуіне, тәрбиелік санасының толыса түсуіне, олардың пәнге қызығушылығының деңгейі артып, тынымсыз еңбегінің нәтижесін көруге, бірсарындылықтан құтылуға, жан-жақтылыққа ұмтылдыруға, дамытуға әсер ететін оқытудың топтық, блоктық және деңгейлік әдістерін жатқызуға болады.

Математика пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып, оқушылардың интелектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Өз білімін көтеру жекеленген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арыттырады. Оқушылар әдеттегіше оқу барысында алдымен білім алады, ал сонан соң оны қолдану ары қарай шығармашылыққа үйлеседі.

Тәжірибе барысында ауыл мектептерінде де қазіргі талаптарға сай біз көптеген инновациялық технологиялардың ең тиімдісін және олардың элементтерін қолданамыз. Бұл білім сапасының, оқушылардың қызығуының артуына көп септігін тигізуде. Біздің тәжірибемізде математика пәнінде дамыта оқыту технологиясының элементтерін қолданамыз.

Бұл жаңа бағыт педагогикалық құрылымның тиімді түрін құрастырып, алға қойылған оқыту мақсаттарына жету жолын қамтамасыз етеді. 1960 жылдардың аяғында көптеген батыс, АҚШ, Япония елдерінде оқытудың жаңа технологиясын жасау басталды, яғни «оқыту технологиясы» термин пайда бола бастады. Көптеген әдіскер ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей педагогикалық технологияның теорияларының әртүрлі негіздеулері болады екенін көрсетеді. Атап айтсақ, проблемалық оқыту теориясы, бағдарламалық оқыту теориясы дидактикалық бірліктерді ірілендіру, дамыта оқыту, тұлғалық-іс-әрекеттік оқыту, дербес-саралап оқыту, белсенді оқыту, ойын арқылы оқыту, модульдік оқыту және т. б. .

Педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі негіздерге байланысты жасалған әдістердің әр түрлі жіктемелері, «оқу әдістемесі» ұғымына әр түрлі көзқарастар бар екендігі. Оқу әдістемесін орынды таңдап алу, оларды ары қарай дамыту, білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру арқылы әрдайым оқыту әдістері де жетіліп келеді. Оқытудың негізгі типтерінің (түсіндіру, проблема қою) дамуы және онымен байланысты оқытудың әр түрлі әдістерінің әрқайсысы: біріншіден, алдыңғы типті жояды; екіншіден, алдыңғы типтің жеке ұнамды белгілерін сақтайды; үшіншіден, оқудың құрылымдық компенентерін сапалы деңгейге көтеруі мүмкін.

Мысалы, М. И. Махмутов [1] «проблемалық оқыту тақыр жерде пайда болған жоқ, ол озат педагогикалық тәжірбиелерді жалпылаудың және оны теориялық түрде тиянақтаудың негізінде дамыды» деп айтқан.

Оқытудың үйлескен дидактикалық әдістерін таңдап алып, оларды студенттердің танымдылық қабілеттерін дамыту мақсатында оқыту әдістерін ұтымды пайдалану, оқытушының әдістемелік шеберлігін көрсетеді. Соңғы жылдары оқыту әдістері мен түрлеріне және оқыту құралдарына байланысты пролемаларға басқаша тұрғыдан қарау орын алып келеді.

М. И. Махмутов бастаған ғалымдар оқыту әдістерін таңдауда жалпыдан жекеге, Г. А. Варковецкая жекеден жалпыға жүруді жөн көреді. Осы тұрғыдан қарасақ кез келген педагогикалық қызмет болжамдық функциямен сипатталады. Онда оқу компененттерін ұтымды саралап таңдап алу обьективті және субьективті факторларды ескере отырып, педагогикалық болжау негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Қазіргі педагогикада «білім берудің технологиясы» деген ұғым жиі қолданылып жүр. Білім берудің технологиясына оқытудың техникалық құралдарын, білім беруге қолданылатын ақпараттық технологияларын жатқызуда [2] . Бірақ оқыту әдістемесіне қарағанда білім берудің технологиясы ұғымы тар болып келеді. Себебі, пәнді оқытудың әдістемесін жүйе ретінде қарастырады. Оған - білім берудің мақсаты, мазмұны, оқу үдерісін ұйымдастырудың әдістері, түрлері, құралдары, оқыту тәсілдері кіреді. Ал технология - белгілі мақсат және оған жетудің жолдары нақты болғанда ғана іске асады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты және оқыту әдістері
Қазіргі математика кезеңі
Математика оқыту методикасы
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Математиканыесептер арқылы оқыту әдістемесі
Бастауыш мектеп математикасын оқыту мәні менерекшеліктері
Математиканы оқытудың жалпы әдістеріне шолу
Математикалық мазмұн ұғымы
Математикадан логикалық есептер жинағы
Математиканы оқытудың арнаулы әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz