Міндеттеме тараптары мен қатысушылары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні:Азаматтық құқық
Тақырыбы:Міндеттемелер

Орындаған: ЮП-18-5 тобы студенті
Муратова Ж.Б.
Рецензент: з.ғ.к.,доцент.
Орамахова М.Н.

Ақтау 2019
Муратова Жулдыз ЮП-18-5
Тақырыбы:Міндеттемелер
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 МІНДЕТТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
0.1 Міндеттемелер ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.2 Міндеттеменің пайда болу негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.3 Міндеттеме тараптары мен қатысушылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.4 Міндеттеме түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2 МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Міндеттемені орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Міндеттемені орындау мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Міндеттеме орындалатын жер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... .

3 МІНДЕТТЕМЕНІҢ БҰЗЫЛҒАНДЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ ... ... ...
3.1 Міндеттеменің бұзылғандығы ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2 Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауапкершілік негіздері ... ... ... ... ... ...
3.3 Міндеттемені тоқтату негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін егеменді мемлекетпен оның азаматтарының өміріне тірек болатындай,барша құқықтық
негіздерді қайта құру қажеттігі туындады.Шын мәнінде,соңғы уақыттарда мемлекеттіміз құқықтық,зайырлы,демократиялық қоғам қалыптастыру жолында барша жетістіктерге қол жеткізе алды деп толық айта аламыз. Біздің елімізде қайта құрудың аса маңызды міндеттерінің бірі-құқықтық мемлекет құру болып табылады.Құқықтық мемлекет дегеніміз-демократиялық қоғамның қалыптасуының,оның дамуының заңды желісі.
Жұмыстың өзектілігі. Өнімді өткізумен, қызмет көрсетумен байланысты, сондай-ақ рұқсат етілмеген әрекеттердің, мысалы зиян келтіру немесе негізсіз баю салдарынан туындайтын экономикалық айналым саласындағы барлық көптеген қатынастар міндетті құқықпен реттеледі. Құқықтық реттеу нәтижесінде бұл қатынастар құқықтық нысанға ие болады және міндеттемелерге айналады.
Зерттеу объектісі. Міндетті құқықтық қатынастарға кіру кезінде туындайтын күрделі азаматтық-құқықтық қатынастар болып табылады.
Жұмыстың мақсаты. Қазіргі теориялық ережелерді, құқықтық нормаларды, сондай-ақ Қазақстанның азаматтық құқықтағы міндеттемелер туралы жалпы түсінікке және оны зерттеуге қатысты практика материалдарын зерттеуден тұрады.
Жұмыстың міндеттері:
міндеттеме ұғымын зерттеу және талдау;
Қазақстанның Азаматтық құқықтағы міндеттемелер түрлерін зерттеу және зерделеу;
міндетті құқықтық қатынастардағы субъектілердің шеңберін ашу;
міндеттемелердің пайда болу және тоқтату негіздерін қарау.
Курстық жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы, бұл зерттеу қазіргі қазақстандық заңнаманы және соңғы жылдары қалыптасқан сот тәжірибесін ескере отырып жүргізілгендіктен, міндеттеменің анықтамасы кеңейіп, бірқатар даулы мәселелер қаралып, міндеттемелер туралы заңнаманы қолдану практикасын жетілдіру мақсатында тиісті шешімдер ұсынылды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1.1 Міндеттемелер ұғымы
Міндеттеме-материалдық игіліктердің тауарлық қозғалысына дейін орын
алатын салыстырмалы құқықтық-қатынас болып табылады және бұған орай,
бір тұлға (борышкер) басқа тұлғаның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір материалдық игіліктерді беру жөніндегі белгілі бір әрекеттерді жасауға міндетті болады,ал несие беруші борышкерден осы міндеттерін орындауын талап етуге құқылы[1,173].Азаматтық Кодекстің 268-бабына сәйкес міндеттемеге сәйкес бір (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлікті беруге,жұмысты орындауға,ақша төлеуге және тағы да сол сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті,ал несие берушінің борышкерден осы міндеттерін орындауын талап етуге құқығы бар.Кредитор борышкерден атқарылғанды қабылдауға міндетті[2].
"Міндеттеме" терминінің бірнеше мағынасы болады:
- борышкердің міндеті (борышы) ;
- бұл міндет тіркелген құжат.
"Міндетті құқық" деген сөз тіркесі мынаны білдіреді:
- азаматтық-құқықтық нормалар жүйесін реттейді;
- мүлікті беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету және т. б.
мағынасында);
- кредиторға тиесілі субъективті құқық (ақша төлеуді талап ету,
жұмыстар және т. б.).
Міндеттемелерің тағы бір мәні жанама заттарды "қолдан қолға" меншікке беру (мысалы, сатып алу-сату, сыйға тарту және т. б.), пайдалануға беру(жалдау, тұрғын үй жалдау және т. б.). Міндеттемелер түрімен байланысты қалыптасқан қатынастар бар жұмыстарды орындау( мердігерлік және оған ұқсас шарттар), қызмет көрсету (ветеринариялық, медициналық),
және т. б.). Туындайтын құқықтық қатынастар міндеттемелер болып табылады(мысалы, субъект бөтен затты зақымдаған немесе жойған).
Міндеттемелер түрлі салаларда: кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде,
қажеттіліктерін қанағаттандыру кезінде қызмет көрсетеді. Оларға заңды тұлғалар қатысады.
Барлық міндетті-құқықтық нормалар (объективті мағынада міндетті құқық)екі үлкен топқа бөлінеді.
1. Міндетті құқықтың жалпы бөлігі
Бұл міндеттемелердің туындау негіздері, олардың түрлері, міндеттемелердің орындалуы туралы нормалар,міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік және т. б.
2. Міндеттемелік құқықтың ерекше бөлігі. Бұл қатынастарды реттейтін нормалар,шарттардан туындайтын (сатып алу-сату, сыйға тарту, жалға алу, мердігерлік және т. б.)тиісті нормалардың өте көп бөлігі[3,3].
Міндеттеменің белгілері:
1)мұның тек қана мүліктік азаматтық құқықтық қатынаста болуы;
2)заттық құқығынан және меншік құқығынан (абсолютті құқықтық қатынас)айырмашылығы,міндеттемеде уәкілетті тұлғаға қарама-қарсы тек нақты міндетті тұлға ғана тұрады (салыстырмалы құқықтық қатынас);
3)міндеттемеде міндетті тұлғаның әрекеті белсенділік сипатта болса,заттық құқықта міндетті тұлғаның әрекеті бәсең сипатта болады[4,57].

1.2 Міндеттеменің пайда болу негіздері
Міндеттеменің пайда болу негіздері:
шарттар (мысалы,сатып алу,сату);
біржақты мәмілелер (мысалы,өсиеттік бас тарту);
әкімшілік актілер (мысалы,лицензия беру);
зиян келтіру;
интеллектуалдық меншік объектілерін жасау және пайдалану;
оқиғалар(мысалы,сақтандыру жағдайынынң басталуы)[1].
Шарт көне құқықтық құрылымдардың бірі.Шартты ғасырлар бойы қолдану құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді,ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген.Шарттың негізгі міндеті-заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу.Ал оларды бұзу заңнаманы бұзуды білдіреді.
Шартты (contractus) римде үш түрлі мағынада:
құқық қатынастардың туындауы ретінде;
құқықтық қатынастың өзі ретінде;
тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырылады.
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстерінде көрсетілген[4,63].
Шартты жағдай негізінде міндеттемелік құқықтық қатынастарды бекітетін құжат деп те түсінуге болады.Осыған сәйкес шарт азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына,өзгеруіне немесе тоқтауына әкелетін бір немесе бірнеше тұлғалар арасындағы келісім.Шарт-бұл ең көп таралған мәміленің бірі болып табылады.Шарттан туындайтын міндеттемелерге азаматттық құқықта туындайтын міндеттемелердің ережелері де қолданылады.Кез келген мәміле сияқты шарт та еріктілік принципінің негізінде жасалады.Бір ерекшелігі,шартта еріктілік әрқашанда екі тараптанда туындауы керек.
Біріншіден,азаматтық құқық субъектілерінің шартты жасауға не жасамауға байланысты өз еріктері бар.Азаматтық Кодексте көзделген реттерде ғана еріктілік шектеледі.
Екіншіден,шартты жасау барысында серік (партнер) таңдау еркі бар.Мысалы,кепілге беруші не кепіл ұстаушы ерікті түрде кез келген сақтандырушыны таңдауға еркі бар.
Үшіншіден,азаматтық құқықтық қатынастарға түсушілердің шарт түрін таңдауға еріктілігі.АК-ке сәйкес,тараптар заңда немесе өзге де нормативтік актілерде көзделген немесе көзделмеген шарттарды жасауға құқықтары бар.Сондай-ақ,тараптар бірнеше шарттарды араластырып жасауларына болады.
Төртіншіден,тараптар шарттағы жағдайларды ерікті түрде қарастыра алады.АК-ке сәйкес,жалға алушы ағымдағы жөндеу жұмысын заңнамада немесе шартта өзгеше көзделмесе,өз есебінен жүргізе алады.Ортақ келісім арқылы бұл арада жөндеу жұмыстарын жалға алушы емес жалға беруші де өз есебінен жасауы да мүмкін.Шарттың үлкен артықшылықтарының бірі-заңда болып жатқан өзгерістер шартта көзделген нормаларды өзгерте алмайды,яғни сенімділік жоғары болады.Шарттан міндеттемелік,заттық,авторлық және өзге де құқықтық қатынастар туындауы мүмкін.Шарт еркіндігі шарттың негізгі принципі болып табылады.Азаматтар және заңды ұйымдар шарт жасауға ерікті.Тараптар заңдарда көзделген немесе көзделмеген шартты да жасаса алады[1,213].Шарттардың түрлері:
Тараптар заңдарда көзделген түрлі шарттардың элементтері бар шарт жасасуға болады(аралас шарт).Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына,егер тараптардың келісімімен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаған жағдайда,аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады[2, 381-бап].
АК-тің 387-бабында белгіленгендей,жария шарт:Коммерциялық ұйыммен жасалған және де өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге байланысты жүзеге асырылатын тауарларды сату,жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп танылады.
Алдын ала жасалған шарт бойынша тараптар алдын ала жасалған шартта көзделген жағдайларда мүлік беру,жұмысты орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт (негізгі шарт) жасасуға міндеттенеді.
Құнды шарттар дегеніміз-бір тараптың мүлік ұсынуы екінші жақтың да мүлік ұсынуын шектелетін шарт түрі.
Құнсыз шарттар-бір жақтың мүлік ұсынуы екінші жақтың мүлік ұсынуын талап етпейтін шарт түрі[1,214].
Сатып алу-сату шарты бойынша сатушы сатылған тауарды беруге міндетті болады және оның ақысын талап етуге құқылы,ал екінші тарап-сатып алушыдан тауарды талап етуге құқылы және оны қабылдап ақысын төлеуге міндетті.Көріп отырғанымыздай екі тараптың да құқықтары мен міндеттері болады,яғни сатушы мен сатып алушының арасындағы шарт өзара келісімді.Сыйға беру шарты бір жақты міндеттеуші шарттың бірі.Сыйға алушының ешқандай міндеті болмайды,тек құқықтарға ие және сыйды қабылдау немесе қабылдамауды өзі шешеді.Сатып алу-сату шарты азаматтық құқықтың басты институттарының бірі.Осы шарттың құқықтық реттелуі бізге белгілі болғандай, тарихы шамамен төрт мың жылды құрайды.Сатып алу-сату шарты - мүліктік айналыста қолданылатын азаматтық-құқықтық міндеттемелердің басты түрі.Сондықтан да,сатып алу-сатумен байланысты
қатынастарды реттейтін ережелерде,азаматтық-құқықтық міндеттемелердің жеке түрлеріне арналған.Сатып алу-сату шарт-ақылы шарт болып табылады. Сатып алу-сату шартының негізгі элементтері субъект,объект және мазмұн болып табылады[4,69-70].Сатушы шартта көзделген тауарды сатып алушыға беруге міндетті болады(408-бап,1-тармақ).Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе,сатушының сатып алушыға тауар беру міндеті:
1)егер шартта тауарды жеткізіп беру бойынша сатушының міндеті көзделсе,сатып алушыға немесе ол атаған адамға тауарды беруге;
2)егер тауар сол тауар орналасқан жерде сатып алушыға немесе ол атаған адамға берілуге тиіс болса,сатып алушының билігіне тауар бергенде орындалған болып есептеледі(410-бап,1-тармақ).
Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және де жеткілікті болып табылатын мәміле біржақты мәміле юолып табылады(148-бап,2-тармақ).Біржақты мәміледе мәміле жасаған адамға міндеттер жүктейді.Ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгіленгендей не сол адамдармен келісім болған жағдайда ғана міндеттер жүктей алады(149-бап,1-тармақ).Біржақты мәмілелерге тиісінше міндеттемелер туралы немесе шарттар туралы жалпы ережелер қолданылады,өйткені бұл заңдарға,мәміленің табиғаты мен мәніне қайшы келмейді[2,149-бап,2-тармақ].
Қоғамда адамдар әртүрлі жағдайларда бір-біріне зиян келтіруі мүмкін,зиян келтіру мүліктік,құқықтық түрде және тұлғаның немесе заңды тұлғаның қатысуымен болуы мүмкін.Зиян келтіру өндірісте,автокөлікті пайдалануда,түрлі қауіпті заттармен,жануарлармен,тауарды сату,қызмет көрсету немесе қызмет басшысы,мемлекеттік басқару органдарының заңсыз әрекеттері негізінде туындауы мүмкін.Міне,осылайша субъектілердің әрекеттері заңға қайшы болып келеді,кейбір критерийлерге сәйкес,азаматтық
жауапкершілікті тудырады.Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарын заңсыз іс-әрекеттермен зиянды оны келтірген тұлға толық көлемінде өтеуге тиіс болып келеді,егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелденсе,оны өтеуден босатылады.
Бұзылған құқық пен жалпы зиян келтірудің алдын алу негіздері АК-тің 918-бабында көрсетілген:
1)болашақта зиян келтіру қаупі бар іс-әрекеттерге тыйым салуға талап қою;
2)жаңадан зиян келтірілетін қызмет салдарынан болса,сот зиянды өтеп қана қоймай,жауапкерге тиісті қызметін тоқтатуды міндеттеуге құқығы барын көрсетеді.
Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелердің элементтерін қарастырып көрсек:міндеттеме субъектісі болып несие беруші немесе өзге де,заң бойынша жауап берушілер болып есептеледі.Кейде екі жақтан да қатысушылар саны бірнеше болады.Зиян шегуші кез-келген жеке тұлға,заңды тұлға,мемлекет немесе әкімшілік-территориялық аумақ болуы мүмкін.Зиян келтіру кейбір жағдайларда қажетті қорғану жағдайында болса,
бірақ та келтірілген зиян шегінен асып кетпесе өтеуге жатпайды.Ал аса қажетті жағдайда,яғни зиян келтірушінің өзіне немесе басқа тұлғаларға қатер туғызатын қауіпті жою үшін келтірілген зиянды өзге құралдармен жою мүмкін болмаса,оны зиян келтірген тұлға өтеуге тиіс болып табылады.Мұндай жағдайда сот болған мән-жайды ескеріп,келтірген зиянды үлестік тәртіппен зиян келтірушіге немесе үшінші тұлғаға жүктен толық немесе ішінара босатуы да мүмкін.[4,105-106]. АК-тің 917-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген (мүліктік және мүліктік емес)зиянды,оны келтірілген тұлға толық көлемінде өтеуге тиіс.Мысалы,926-бапқа сәйкес он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер,яғни кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жалпы негіздер бойынша дербес жауап береді.Ал ата-ана құқықтарынан айырылған ата-анаға,егер баланың зиян келтіруге әкеп соқтырған мінез-құлқы ата-ананың баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс жүзеге асырмауының салдарынан болған деп анықталса,сот ата-анаға ата-ана құқықтарынан айырылғаннан кейін үш жыл бойы оның кәмелетке толмаған балалары келтірген зиян үшін жауаптылық жүктеуі мүмкін(927-бап).Азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым келген кезде жәбірленуші жоғалтқан,онда болған не анық иелене алатын табыс(кіріс),сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындаған шығындарды(емделуге,қосымша тамақтануға,дәрілер сатып алуға,протез салғызуға,басқа адамның күтім жасауына,санаторий-курортық емделуге,арнайы көлік құралдарын сатып алуға,басқа кәсіпке даярлауға және т.б.),егер жәбірленуші көмек пен күтімнің осындай түрлеріне мұқтаж және оларды тегін алмайды деп танылса,өтелуге жатады.Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығындарды (емделуге,қосымша тамақтануға,дәрілер сатып алуға,протез салғызуға,басқа адамның күтім жасауына,санаторий-курортық емделуге,арнайы көлік құралдарын сатып алуға,басқа кәсіпке даярлауға және басқалар),қызметкердің денсаулығына зиян келтірген жұмыс беруші ҚР-ның Еңбек Кодексінде белгіленген шектерде өтеуі керек(937-бап).
Моральдық зиян деп жеке тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы,кемсітуі немесе олардан айырылуы,оның ішінде өзіне қарсы құқықбұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбірленушінің,ал осындай құқықбұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда-жақын туыстарының,жұбайының (зайыбының) басынан кешірген (төзімін тауысқан,
уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау,ызаландыру,қысым жасау,ашуландыру ,ұялту,түңілту,тән қиналуы,залал шегу,қолайсыз жағдайда қалу және т.б.)(951-бап,1-тармақ).Зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян мына жағдайларда,егер:
1)зиян азаматтың өміріне,денсаулығына жоғары қауіптілік көзі арқылы келтірілсе;
2)зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының,заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының,бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға алудан,үйде қамауда ұстаудан немесе ешқайда кетпеуі туралы қолхат алуды қолданудың,
қамауда ұстау,психиатриялық емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне орналастыру түріндегі әкімшілік жазаны заңсыз қолданудың салдарынан келтірілсе;
3)зиян ар-ұжданына,қадір-қасиетін қорлау арқылы немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы келтірілсе;
4)заң актілерінде көзделген өзге де реттерде өтеледі(951-бап,1-тармақ).
Моральдық зиянды ақшалай нысанда өтейді[2,952-бап,1-тармақ].
Интеллектуалдық меншік түсінігі кейбір құқықтық институттарға байланысты,соның ішінде аса маңыздылары коммерциялық құпия,патенттік құқық,авторлық құқық және тауарлық белгілер сияқты құқықтық институттарға қатысты жалпы сипатқа ие.Интеллектуалдық шығармаларға және оларға теңестірілген объектілерге қатысты ерекше құқықтарға арналған ҚР-ның АК-нің нормалары өзінің жиынтығы бойынша қазақстандық азаматтық құқықтың ерекше саласын құрайды.Интеллектуалдық меншік объектілердің жиынтық көлемі бойынша және қайнар көздерінің жүйесі бойынша өзара тәуелсіз төрт институтқа бөлінеді.Олардың ішінде авторлық құқық пен сабақтас құқық ерекшеленеді.Бұл құқықпен қатысты ғылым,әдебиет пен өнер,фонограмма,қойылым,эфирлік хабарларды (сабақтас құқық) шығару және қолданумен байланысты қатынастар реттеледі.Интеллектуалдық меншіктің тағы бір институты- патенттік құқық.Ол шығармаларды және маңызды өндірістік үлгілерді қалыптастыру мен қолдануда пайда болатын мүліктік және оларға қатысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді[4,109-110].АК-тің 961-бабының 1-тармағына сәйкес интеллектуалдық меншік құқығының объектілеріне:
1)интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері;
2)азаматтық айналымға қатысушыларды,тауарларды,жұмыстарды және қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.
Авторлық шарт бойынша туындыны,өнертабысты немесе интеллектуалдық шығармашылық қызметінің өзге де қорытындысын жасау және өзінің жұмыс берушісі болып табылмайтын тапсырысшыға оны пайдаланудың айрықша құқығын беруге өзіне міндеттеме алуы керек[2,967-бап,1-тармақ].

1.3 Міндеттеме тараптары мен қатысушылары
Міндеттемені екі тарап жүзеге асырады,ол-өкілетті және міндетті тараптар.Материалдық игіліктердің қозғалысының белсенді әрекеттерсіз орын алмайтындығы себепті,өкілетті тарап міндеттеменің орындалуын міндетті тараптан талап етуге құқығы бар.Міндетті тарап болса,екінші тараптың пайдасына белсенді әрекеттерді жасауға міндетті болып табылады.
Өкілетті тарапқа талап ету құқығына ие,ал тараптың өзі несие беруші деп аталады.Міндетті тарап-борышқор болып табылады,оның міндеті-борыш.Кейде әрбір тарап бір уақытта несие беруші және борышқор болып табылады.Талап ету құқығы борыш міндеттемесінің заңи мазмұнын құрайды.Борышқордың әрекеті оның объектісі[1,173].АК-тің 269-бабының 2,3-тармақтарына сәйкес міндеттемеде оның әр тарабынан-несие берушіден немесе борышкерден бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады.Мұндай жағдайда осы Кодексте белгіленгендей ережелерге сәйкес үлесті,ынтымақты немесе жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады.Борышкер жағынан міндеттемеге қатысушы адамдардың біріне несие беруші қойған талаптардың жарамсыз болуы,сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзімінің өтіп кетуі несие берушінің өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздігінен әсер етпейді.Егер міндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына міндет алса,бұл оның пайдасына жасауға міндетті басқа тараптың борышкері болса және сонымен бірге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушісі болып есептеледі.
Тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады(270-бап,1-тармақ).Үшінші жақ ретінде міндеттеме тараптарының біреуіне қатысты немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады(270-бап,2-тармақ).
Міндеттеме үшінші жақ үшін ешқандай міндеттер туғызбайды.Заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделгендей міндеттеме үшінші жақтар үшін міндеттеменің бір немесе екі тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкін[2,270-бап,3-тармақ].

1.4 Міндеттеме түрлері
Міндеттеме объектісінің айқындылық дәрежесіне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
- бір объектілі міндеттеме-ол тек бір қатаң анықталған объектіні білдіреді,
оның құқықтары мен міндеттері болады, мысалы, борышкер беруге міндетті белгілі бір(заттар жиынтығы), белгілі бір жұмысты орындау, оның нәтижесін кредиторға беру және т.б.
- баламалы міндеттеме. Ол құқықтық қатынастар деп танылады.
Борышкер екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті. Мысалы, борышкер екі немесе одан да көп заттың бірін беруге, не жұмысты орындау және оның нәтижесін кредиторға беру, екі немесе одан да көп қызметтердің бірін көрсету және т. б. құқық егер заңнан, өзге де құқықтық актілерден немесе шарттан өзгеше туындамаса, борышкерге тиесілі болады.
- факультативтік міндеттеме. Борышкер ол бойынша құқықтық қатынастар боп танылады,сонымен қатар ол белгілі бір іс-әрекет жасауға міндетті, бірақ ол (және тек қана ол) бұл негізгі орындауды ауыстыруға құқылы басқа (факультативтік) орындаумен байланысты. Борышкер міндетті белгілі бір затты беруге (заттар жиынтығы), белгілі бір жұмысты орындауға, белгілі бір қызметті істеуге және т. б,бірақ та орындау затын ауыстыруға құқылы.
Факультативтік пен баламалы міндеттеменің айырмашылығы,балама міндеттемеде борышкер қандай да бір басқа іс-әрекеттерді жасауға міндетті болса (екі немесе одан да көп іс-әрекеттерді), онда факультативтік міндеттемеде бір белгілі бір іс-әрекет жасалады, бірақ оның орнына борышкер басқа әрекет жасауға да құқылы (мысалы, басқа нәрсе беру).
Міндеттемелер мазмұнының құрылымы бойынша:
- жай (бір жақты) - бір тарап (кредитор) белгілі бір мінез-құлықты талап етуге құқылы,ал екінші тарап (борышкер) тиісті міндеттемені жүктейді
(мысалы, қарыз шарты);
- күрделі (екі жақты, өзара, қарсы) - міндеттемеге қатысушылардың әрқайсысының құқықтары бар және белгілі бір міндеттерді атқарады.
Қазіргі кезде көптеген міндеттемелер күрделі[3,7].
Реттеуші мен қорғаушы міндеттемелер.Біріншісі,әдеттегі тауар-ақша айналымын реттейді.Екіншісі,құқық бұзушылықтан туындаған міндеттемелерді қорғайды.
Шарттық пен шарттан тыс міндеттемелер.Шарттыққа:мүлікті иеліктен шығаруға байланысты міндеттемелер,мүлікті пайдалануға беру туралы міндеттемелер,жұмыстың орындалуына байланысты міндеттемелер,қызмет көрсетумен байланысты міндеттемелер жатады.Шарттан тыс міндеттемелерге:конкурстық міндеттемелер,зиянды өтеу міндеттемелер,өзгенің мүддесінде тапсырмасыз іс-әрекет жасау міндеттемелері жатады[1,174].Соның ішінде конкурстық міндеттемелер.Осы міндеттеме бойынша сыйақы беруге көпшілік алдында уәде беруден туындайтын конкурстық міндеттемелерді және тендер,аукцион әрі саудаластықтың ҚР-ның заң актілерімен белгіленген өзге де нысандары негізінде туындайтын міндеттемелерді реттейді(910-бап,1-тармақ).Конкурст ық міндеттемеде оның басшысы конкурстың өзі айқындаған нысанасы мен бастапқы шарттарының негізінде тұлғалардың белгісіз немесе белгілі бір адамдар тобына оған қатысуға ұсыныс жасайды және конкурстың жеңімпазына белгіленген сыйақы төлеуге немесе онымен конкурстық міндеттемелердің мазмұнына сәйкес шарт жасасуға міндеттенеді(910-бап,2-тармақ).Соны мен қатар 42-тарау басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау болып саналады.Мүдделі тұлғаның тапсырмасынсыз,өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде берілген келісімінсіз оның жеке басына немесе мүлкіне зиян келтірілуін болдырмау,оның міндеттемесін орындау не оның өзге де заңға қарсы емес мүдделері (басқаның мүддесі үшін іс-әрекет жасау) мақсатындағы іс-әрекеттер істің мән-жайлары бойынша қажетті қамқорлықпен және сақтықпен,мүдделі тұлғаның айқын олжасына немесе пайдасына және іс жүзіндегі немесе ықтимал ниеттеріне сүйеніп жасалуы мүмкін[2,855-бап,1-тармақ].
Экономикалық мазмұны тұрғысынан міндеттемелердің түрлері:сатып алу-сату,жалға алу,мердігерлік болып табылады[1,174].
Cатып алу-сату шарты бойынша бір тарап(сатушы),мүлікті(тауарды)
екінші тараптың(сатып алушының)меншігіне,шаруашылық жүргізуіне,жедел
басқаруына беруге міндетті болады,ал сатып алушы бұл мүлікті(тауарды)
қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын(бағасын)төлеуге міндеттенеді.Сатып алу-сату шартының түрлеріне:тауар жеткізілім,келісім жатады[4,72].Тауар жеткізілім шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы (тауар беруші) сатып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесінде
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының нысаны
Мердігерлік шартының жауапкершілігі
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының мазмұны
Азаматтық кодекстің 344 - бабына сәйкес, міндеттеме жөніндегі несие берушінің құқықтыры заң құжаттары және соларда көрсетілген мынадай жағдайлардың болуы негізіндн
Айырбас шартының түсінігі
Міндеттеменің тараптары
Кепіл туралы шарттың жасалу мәселелері
Шарт жасасу кезеңдері
Сыйға тарту шартының ұғымы
Пәндер