ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАҒЫ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы Қылмыстық құқық теориясы қылмыстардың нақты құрамдарының белгілерін анықтап, оларды жинақтап қорытудың негізінде қылмыс құрамының ортақ ұғымын қалыптастырады, ол ҚК-нің Ерекше бөлімінде көзделген қылмыстардың барлық құрамдарына тән элементтердің сипаттамасын қамтиды.
Заң әдебиетінде қылмыстың әр құрамында оның міндетті төрт элементі болады деп көрсетілген, олар: объект, объективтік жақ, субъект және субъективтік жақ. Қылмыс құрамының элементтері өзара тығыз байланысты. Егер жасалған іс-әрекетте осылардың тым болмағанда біреуі болмаса, онда жалпы қылмыстық құрам да, қылмыстық жауаптылықтың негізі де болмайды. Қылмыстық кодекстің 22 - бабы кінәнің екі нысанымен жасалған мынадай анықтама береді: Егер қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде заң бойынша неғұрлым қатаң жазаға әкеп соғатын және адамның пиғылында болмаған ауыр зардаптар келтiрiлсе, мұндай зардаптар үшiн қылмыстық жауаптылық, егер адам олардың туындау мүмкiндігін алдын ала болжап білген болса, бiрақ бұған жеткiлiктi негiздерсiз менмендiкпен оларды болдырмауға болады деп есептеген немесе егер адам бұл зардаптардың туындау мүмкіндігін алдын ала болжап білмеген, бiрақ алдын ала болжап білуге тиiс және біле алатын болған жағдайларда ғана туындайды. Тұтас алғанда, мұндай қылмыстық құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі оқу әдебиеттерінде кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстардың екі түрге бөлу ұсынылады. Біріншісіне қылмыс құрамын саралауда қылмыстық әрекет қасақаналықпен, ал оның салдарының орын алуына абайсыздықпен сипатталады. Мәселен, ҚР ҚК 319 б. заңсыз аборт жасау, абайсызда адам өліміне немесе денсаулыққа аса ауыр зиян тигізген жағдайда. Аталған типке жататын ҚР ҚК 120 б. зорлау және 121 б. нәпсiқұмарлық сипатындағы күш қолдану қылмысын саралау кезінде зорлау немесе жыныстық күштеу сипатындағы әрекетті қолданған жағдайда: (қасақана немесе абайсызда) венрикалық ауруға душар етіп, абайсызда (жәбірленушінің) кісі өліміне, денсаулыққа ауыр зиян тигізге, ЖҚТБ ауруына немесе өзге де ауыр зардап орын алған жағдайда туындайды.
Кінә нысанының қасақана немесе абайсызда жасалуына қарау жауапкершіліктің ҚР ҚК әртүрлі баптарында айқындалып көрсетілуі негізді болып табылады, мысалы: адам өлтіру (ҚР ҚК 99 б.) және абайсызда кісі өлтіру (ҚР ҚК 104 б.), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (106 б.), денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (114 б.).
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы алғанда кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстардың субъективтік жағын терең зерттеу объективтік белгілері бойынша ұқсас қылмыстарды дұрыс ажыратуға және қасақана немесе абайсызда жасалған қылмыс құрамын талдауда дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл тақырыпты әзірлеу кезінде бірнеше ғылыми әдістер қолданылды:
Талдау әдісі;
Ақпаратты іріктеу және жинау әдісі;
Құрастыру әдісі;
Курстық жұмыстың тақырыбы: Кінәнің екі нысаны бар қылмыстар және олар үшін жауаптылық.
Курстық жұмыстың мақсаты: Екі нысанды қылмыстардың субъективті жағын зерттеу бұл объективті белгілері ұқсас, бірақ бір жағынан - қасақана, ал екінші жағынан - абайсызда жасалатын қылмыстардың ара жігін ажырату.
Курстық жұмыстың міндеттері: Қылмыстық құрамның негізгі белгілері және кінә туралы түсінік беру, жауапкершілік пен жазаның айырмашылығын көрсету, кінәнің екі нысанымен болатын қылмыстар түсінігін беру, олардың мазмұнын ашу, негізгі проблемалар мен оларды іске асыру кепілдігін анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен және бөлімшелерден, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАҒЫ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
1.1.Қылмыстық заң және Қылмыс құрамының элементтері
Қылмыстық заң дегеніміз - Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органы (Конституцияның 45-бабының 2 тармағында және 61-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда - Президент) қабылдаған, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері мен жағдайын белгілейтін, қандай іс-әрекеттің адам, қоғам және мемлекет үшін қауіпті қылмыс екендігін және қандай жаза түрлерінің және қылмыстық - құқықтық сипаттағы өзге шаралардың болатындығын анықтайтын нормативтік құқықтық акт.
Қылмыстық заңның белгілері:
1. Қылмыстық заңды Конституцияда қатаң регламенттелген процедура бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің жоғарғы органдары қабылдайды.
2. Қылмыстық заңда Конституциядан және конституциялық заңдардан кейінгі жоғарғы заңдық күш болады. Заңдық күщ дегеніміз нормативтік актінің әрекет ету, заңдық салдар тудыру қасиеті. Жоғарғы заңдық күш мынадан көрініс табады: а) бір де бір басқа орган (Конституциядан көрсетілгеннен басқа) заңды бұзуға және өзгертуге құқылы емес; б) барлық басқа нормативтік актілер заңға қайшы келуге тиіс емес; в) өзге нормативтік актілер заңға қайшы келген жағдайда заңға басымдылық беріледі;
3. Қылмыстық заңның келесі белгісі - оның нормативтілігі. Қылмыстық заңда құқық нормалары, яғни адамдардың ұқсас жағдайлардың анықталмаған санына есептелген, жалпыға міндетті мінез-құлық ережелері мен субъектілерінің анықталмаған шеңбері бар.
Қазіргі кездегі күшіндегі кодификацияланған заң - 2014 жылғы 3 шілдеде қабылданып, 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген ҚР Қылмыстық кодексі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.
Жалпы бөлімде барлық іс-әрекеттер мен қылмыстың кез келген құрамы үшін маңызды ұғымдар анықталған: қылмыстық заң ұғымы мен міндеті, қылмыс пен жаза ұғымы, қылмыс құрамының негізгі элементтері, жаза тағайындау туралы, қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату туралы жалпы ереже.
Жалпы бөлім жеті бөлімнен тұрады. 1-бөлім - Қылмыстық заң; 2-бөлім - Қылмыс; 3-бөлім - Жаза; 4-бөлім - Жаза тағайындау; 5-бөлім - Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату; 6-бөлім - Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы; 7-бөлім - Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде қылмыстардың нақты түрлері, олар үшін жазаның түрі және мөлшері көрсетілген. Ерекше бөлім 18 тараудан тұрады.[1, 26-б]
Қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық жауаптылықтың негіздерін белгілейді. [2 ,26-б].
1.2. Субъективтік жақтың негізгі белгілері, оның маңызы
Қандай да бір іс-әрекетте қылмыс құрамдарының бар-жоқтығы туралы мәселені шешу үшін сол іс-әрекетті жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуға негіз болатын мән-жайлардың белгілі бір жиынтығын анықтау керек. Қылмыстық Кодекстің 4 - бабына сәйкес ... осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады.
Қылмыстық заңда белгіленген, қоғамға қауіпті нақты іс-әрекетті қылмыс деп сипаттайтын объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы қылмыстық құқықта қылмыс құрамы деп аталады. [1, 75-б]
Қылмыстық құқық теориясы қылмыстардың нақты құрамдарының белгілерін анықтап, оларды жинақтап қорытудың негізінде қылмыс құрамының ортақ ұғымын қалыптастырады, ол ҚК-нің Ерекше бөлімінде көзделген қылмыстардың барлық құрамдарына тән элементтердің сипаттамасын қамтиды.
Заң әдебиетінде қылмыстың әр құрамында оның міндетті төрт элементі болады деп көрсетілген, олар: объект, объективтік жақ, субъект және субъективтік жақ. Қылмыс құрамының элементтері өзара тығыз байланысты. Егер жасалған іс-әрекетте осылардың тым болмағанда біреуі болмаса, онда жалпы қылмыстық құрам да, қылмыстық жауаптылықтың негізі де болмайды.
Теорияда қылмыс құрамының негізгі (міндетті,жалпы) және арнайы (факультативтік,қосымша) белгілері бөлініп алынады. Қылмыстың әр құрамында бар, бірақ біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқ екендігін көрсететін белгілер негізгі белгілерге жатады. Оларға жататындар: қылмыс объектісінде - қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар; оъективтік жақта - іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік); субъектіде - жеке тұлға, есі дұрыстық, жасы; субъективтік жақта - кінә. [1, 80-б]
Қылмыстың субъективтік жағын адам мінез-құлқының ішкі, психикалық келбетін сипаттайтын: кінә, қылмыс жасаудағы сылтау және мақсат сияқты белгілер құрайды. Қылмыстың субъективтік жағы дегеніміз - адамның өзі жасаған іс-әрекетке және оның зардаптарына психикалық қатысы.Субъективтік жаққа қылмыстың кінәсі, сылтауы және мақсаты кіреді.
Кінә - қылмыстың кез келген құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі. Кінәсіз қылмыс құрамы, яғни қылмыстық жауаптылық жоқ. Сылтау мен мақсаттың кінәдан айырмашылығы сол, олар бір құрамдар үшін факультативтік белгілері болып табылады. [1, 111-б]
2. КІНӘ - СУБЪЕКТИВТІ ЖАҚТЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІСІ. КІНӘ ҰҒЫМЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ РӨЛІ
2.1. Кәні ұғымы және оның түрлері, нысандары
Қылмыстық құқықтың ең негізгі принципі - кінә болғанда ғана жауапкершілік белгілеу.Ол жайында ҚК-нің 19-бабында нақты айтылған. Бұл баптың 1-бөлігіне сәйкес адам өзіне қатысты кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылады.
Қылмыстық құқықта адамға, қоғамға немесе мемлекетке кінәсіз зиян келтіргендік үшін жауапкершілік көзделмеген.
Кінә - адамның өзі жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қоғамға қауіпті зардабына қасақаналық немесе абайсыздық формасында көрініс тапқан психикалық қатысы.
Кінә әрқашанда қасақаналық немесе абайсыздық түрінде болады.
ҚК-нің 19-бабының 3-бөлігіне сәйкес қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады.
Қылмыс жасаудағы кінә - объективтік шындық фактысы.Субъектінің кінәсі туралы тұжырымды сот іс бойынша жинақталған барлық дәлелдемелер негізінде жасайды.
Кінә - психологиялық ғана емес, әлеуметтік-саяси да ұғым. Кінәнің психологиялық мазмұны сонда, адам өз әрекетінің нақты жағын және оның зардабын ұғынады немесе онда ұғынуға мүмкіндік болады. Кінәнің әлеуметтік-саяси мәні сонда, адам өзі жасаған іс-әрекеттің әлеуметтік маңыздылығын және оның зардабын, яғни оның қоғамға қауіптілік сипатын ұғынады немесе онда ұғынуға мүмкіндік болады.
Қылмыстық заңнамада кінәнің екі негізгі формасы - қасақаналық және абайсыздық қарастырылған (ҚК-нің 20 және 21-баптары).[1,113-б]
Демократиялық мемлекеттердің қылмыстық құқықтық жүйесі заң қағидаларына жүгінеді. Ал Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы қағидасына сәйкес, кінәсіз қылмыстың болуы да мүмкін емес, демек, кінәсіз жауапкершіліктің де болуы мүмкін емес [3, 8 б.]. Яғни тұлға жасаған әрекеті мен оның қоғамға қауіпті салдарына қатысты, өзінің қылмысқа қатысты кінәсі дәлелденген әрекеттер үшін жауапкершілікке тартылады. Кінәні дұрыс саралап, оның мазмұнын анықтау қылмыстық жауапкершіліктің дұрыс белгіленуінің негізі болатындығын білдіреді.
Кінәнің негізгі көрсеткіштерінің бірі оның дәрежесі болып табылады. Кінәнің мәні мен түсінігі секілді, кінәнің дәрежесі түсінігі де қылмыстық заңнамада көрсетілмейді, тек қазіргі таңда теориялық сипатта танылады. Дегенмен кінәнің дәрежесін теориялық тұрғыдан қарастыру тәжірибелік үлкен маңызға ие, әсіресе сот тәжірибесі бұл түсінікті кең көлемде қолданады. Кінәнің бұл көрсеткішін сот тәжірибесіне әрі қарай енгізу үшін оның нақты объективті сипаттарын анықтауымыз қажет. Кейбір кінәні зерттеуші ғалымдар оның дәрежесіндегі айырмашылықты қасақаналық және абайсыздықты ажырату арқылы қарастырады және осылайша еш негізсіз кінәнің сандық және сапалық сипаттамасын араластырады [4]. Өзге ғалымдар кінә дәрежесінің астарында кінә мазмұны жиынтығын құрайтын белгілі бір дәрежеде интенсивті интеллектуалды және ерікті процестерінің бар екендігін айтады [5, 13-18 бб.], яғни кінә дәрежесін әлеуметтікәдептік жүктемесі көрсетілмеген психологиялық категория ретінде қарастырады. Кінә дәрежесі қасақаналық немесе абайсыздықтың бар болуы шеңберінен тереңірек жағында деген де ойлар айтылды. Ол тек қана осы белгілердің болуымен ғана шешіліп қоймайды, іске қатысты барлық объективті және субъективті белгілердің болуымен анықталады, демек, кінә дәрежесiне тәуелдiлiк бұл қылмыстық жауапкершiлiктiң негiзi болып табылады [6, 74 б.].
Кiнәнiң дәрежесi ұғымы кiнәнiң салыстырмалы ауырлығын бiлдiретiн оның сандық сипаттамасы. Ол кiнәнiң сипатын саны жағынан қамтитын, адамның қылмыс жасау кезiндегi негiзгi әлеуметтiк құндылықтарға деген жағымсыз, жек көру немесе ұқыпсыз қатынасының мөлшерiн бiлдiредi. Кiнәнiң дәрежесi қылмыстың объективтi жағдайларымен - қоғамға қауiптi әрекеттiң сипатымен, әрекет немесе әрекетсiздiкке психикалық қатынастың ерекшелiктерiмен, қылмыстың ниетi мен мақсаты; кiнәлiнiң жеке басын сипаттайтын жағдайлармен, сонымен бiрге қасақаналықтың пайда болуына немесе абайсыз әрекеттiң мазмұнына ықпал ететiн себептер мен жағдайларға байланысты анықталады. Кiнәнiң нысаны - кiнәнiң мазмұнын құрайтын элементтердiң өзара бiр-бiрiмен және қылмыстың объективтi белгiлерi мен байланысы және ұйымдастырылу әдiстерi. Яғни кiнәнiң нысаны кiнәлi адамның өзi жасаған қоғамға қауiптi iс-әрекетке және оның зардаптарына деген қатынасын куәландыратын интеллектуалдық және ерiктiлiк кезеңдердiң белгiлi бiр сәйкес келуiн заңда қарастыру. Кiнәнiң нысанын заң шығарушы анықтайды. ҚР ҚК-нің 20 және 21-баптарында заңшығарушы кiнәнiң нысанын анықтауда екi психологиялық элементтi қолданады:
Себеп және мақсаттың кінә дәрежесіне ықпал ететіні сөзсіз, бірақ оның құрама элементтері ретінде емес, адам психикасының интеллектуалдық және еріктілік жақтарының диалаектикалық қарым-қатынас күшінде.
Индивидтің еркі мен санасын себептілік байланыстырушы буын болып табылады. Сонымен қатар барлық объективті және субъективті белгі құрамы бір бүтінді құрайды [7, 61 б.]. Мақсат пен себеп шынайы әрекеттің жағдайын анықтайды, әдістер мен құралдарды шешімді таңдайды. Соның негізінде қылмысты әрекеттің тамаша үлгісі қалыптасады, демек, бұл шынайы қоғамға қауіпті әрекетке деген тұлғаның психикалық қатынасы, яғни кінәнің іргесінің қалыптасуын білдіреді. Адамның терiс құнды бағыттарының тiкелей тудыра тұра, олар әлеуметтік жоспарда тұлғаның психикалық шығармашылығына қоғамға қауіпті әрекет түсінігіне байланысты теріс ықпал етеді, психикалық шығармашылыққа жағымсыз сипат береді.
Осылайша, кінә дережесі - бұл маңызды қоғам құндылықтарына кінәлінің жасаған қылмысында менмендікпен немесе тұлғаның жеткiлiксiз ықыластық қарым-қатынасының салдары кінәнің сандық жағы мен теріс шараны, әлеуметтік және психологиялық мазмұнын білдіру арқылы бағалау категориясы. Кінә дәрежесі қылмыстық-құқықтық еріксіз көндіру мөлшеріне тікелей тәуелді, құқық бұзушының әлеуметтiк бағыттарындағы ақауларды анықтауға берілетін жазаның көлемін белгілеуде маңызды.
Кінәнің дәрежесі қылмыс жасау кезіндегі көптеген объективті және субъективті жағдайларға байланысты болады. ҚР Қылмыстық кодексінде белгіленген заң нормасына сәйкес кінәнің дәрежесіне ықпал ететін субъективті жағдайға тұлғаның қылмыс жасау сәтіндегі психикалық күйі мен себебі жатады [8,218 б.]. Қасақана қылмыста кінәлі әлеуметтiк құндылықтарға әдейi қастық ойлап, оларға деген өзінің айқын теріс қатынасын білдіреді, ал абайсызда жасалған қылмыста мұндай айқындық байқалмайды. Демек, қасақаналықта абайсыздыққа қарағанда субъектінің нақты бағыттары деформацияланған болып келеді. Қасақаналық пен абайсыздық түрлерінің салыстырмалы ауырлығын анықтау қиындық тудырады. Егер бірдей жағдайда тікелей және жанама қылмыс түрін салыстырып қарайтын болсақ, онда тікелей қасақаналық жанамаға қарағанда қауіптірек. Көп адамға өлім тілеуші адам әлдебіреулерге өлім тілемеген тәртiпсiз атыс ашқан тұлғаға қарағанда қауіпті, саналы түрде өртеген үйінде аурудың өмірін тілеу сол ауру адамға нақты өлім тілеген өрт тұтатушыға қарағанда қауіпсіз.
Кінә дәрежесі ұғымының зерттелуі. Қылмыстық құқық кітаптарының авторлары көп жағдайда кінәнің дәрежесі (степень) мәселесін зерттеу нысаны ретінде көтерген емес. Кінә дәрежесі туралы ҚР ҚК-де арнайы аталып өтпейді. Кінә дәрежесі мен жалпы абайсыздық дәрежесі жөнінде профессор Б.С. Утевскийдің еңбегінде нақтырақ жазылған. Дегенмен бұл сұрақ қылмыстық құқықта арнайы талданбағандықтан, аталған терминді сот шешімдерінде жиі қолданылмайтындығын айтып, кінә дәрежесі түсінігінің астарында қандай мән бар екендігін ашып көрсетпеген.
2.2. Қылмыстық жауапкершіліктің негіздері
Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі.Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық болып саналады. Қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді.Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т.б. Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыстық құқық бұзушылық құрамын түзейтін қылмыстық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады [2, 54-б].
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны мыналарды қамтиды:
а) жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекет пен оның жасалуына кінәлі адамды мемлекеттің айыптауы;
б) соттың заңда көзделген қылмыстық жазалау шараларын қолдануы.
Мемлекет тарапынан айыптауды алдын ала тергеу органдары, сонан сот жүзеге асырады,ол жасалған іс-әрекетке заң тұрғысынан қылмыс деп баға беруден және оны жасаған адамды қылмыскер деп танудан көрініс табады. Бірақ, мемлекет тарапынан айыптау өне бойы айыптыға жаза тағайындаумен аяқталмайды, себебі қылмыстық заң қылмыс жасаған адамға қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де (жазадан басқа) шараларын қарастырған. Мысалы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары, тәрбиелік ықпалдың мәжбүрлеу шаралары.
Қылмыстық жауапкершілік пен жаза өзара ұқсас ұғымдар емес. Қылмыстық жауапкершілік, мемлекеттік мәжбүрлердің түрі ретінде, өзінің мазмұны бойынша жазадан кең ұғым, жаза - қылмыстық жауаптылықтың көрініс табу формаларының бірі, мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
Қылмыстық жауаптылықты іске асыру процесі айыптыны қылмыстық қудалауға алған кезден басталып, істің алдын ала тергелуімен, сотта қаралуымен және жазаның өтелуімен жалғасады. Қылмыстық қудалаудың іске асырылуы айыпты жазасын өтегеннен кейін тоқтайды [1, 70-б].
Сонымен, қылмыстық жауаптылықтың негізі дегеніміз - қылмыстық заңда көрсетілген, адамның қылмыстық жауапқа тартылуына, соттың оны кінәлі деп тануына және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануға негіз болатын мән-жайлар. ҚК-нің 4-бабына сәйкес ... осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады. Бұл ереже қылмыстық-іс жүргізу заңдарының бірқатар нормаларында көрініс тапқан. Оның алдын ала тергеу және сот жүргізу процестерінде маңызы зор [1, 74-б].
2.3. Кінәнің екі нысаны бар қылмыстар және олар үшін жауаптылық
Субъективтік жағынан алғанда, қылмыстық заңда көзделген кейбір қылмыстар тек қасақана, басқалары абайсызда жасалады.
Сонымен қатар, жасалған кезде кінәнің екі формасы да (қасақаналық және абайсыздық) бірдей болатын бірқатар қылмыстар бар. Кінә формаларының бір қылмыста бірдей кездесуін әдебиетте кінәнің қосарланған не күрделі формасы деп атайды. Бұрынғы қылмыстық заңнама кезінде кінәнің қосарланған формасы туралы мәселе өз шешімін таппады. Бұрынғы КСРО аумағындағы кейбір ғалымдар кінәнің ондай формасының болатындығын мойындамады. Дегенмен, ғалымдардың көпшілігі кінәнің ондай формасы қылмыстардың кейбір құрамдарында болуы мүмкін деп санады,бірақ КСРО-ның қылмыстық заңнамасында ондай ұғым болмады.
ҚК-нің 22-бабы кінәнің қосарланған формасына сол қылмыс нәтижесінде болған зардаптарға қатысты іс-әрекет қасақана жасалған және абайламаушылық болған деп анықтама береді.
Көп жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылық бір ғана қылмыстық құқық бұзушылық нысаны арқылы істеледі. Кейбір жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылық құрамында кінәнің екі нысаны (қасақаналық және абайсыздық) кездесуі мүмкін. Қасақаналық және абайсыздық қабыстырылған ретте қылмысты іс-әрекеттің істелуі қасақаналықпен, ал қылмыстың нәтижесінен болар зардап абайсыздықпен сипатталады. Мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтарда кінәнің бір нысаны әрекет немесе әрекетсіздік жөнінде бөлек орын алса, ал екінші бір нысаны іс-әрекетпен туындайтын қылмыстық құқық бұзушылықтың зардабы жөнінде бөлек орын алады. Яғни,бір қылмыстық құқық бұзушылық құрамында кездесетін кінәнің осындай екі бірдей нысанының қабаттасуын кінәнің екі түрімен істелген қылмыстық құқық бұзушылық деп айтамыз. Қылмыстық құқық теориясында оны кейде, екі жақты немесе күрделі, аралас кінә нысандары деп те атайды.Бұл аталған терминдердің түпкі мәні біреу - ол бір қылмыстық құқық бұзушылық құрамында кінәнің екі бірдей нысаны - қасақаналық және абайсыздықтың қабаттас болатындығын көрсету болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 22 - бабы кінәнің екі нысанымен жасалған мынадай анықтама береді: Егер қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде заң бойынша неғұрлым қатаң жазаға әкеп соғатын және адамның пиғылында болмаған ауыр зардаптар келтiрiлсе, мұндай зардаптар үшiн қылмыстық жауаптылық, егер адам олардың туындау мүмкiндігін алдын ала болжап білген болса, бiрақ бұған жеткiлiктi негiздерсiз менмендiкпен оларды болдырмауға болады деп есептеген немесе егер адам бұл зардаптардың туындау мүмкіндігін алдын ала болжап білмеген, бiрақ алдын ала болжап білуге тиiс және біле алатын болған жағдайларда ғана туындайды. Тұтас алғанда, мұндай қылмыстық құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады. Осы заңдылық анықтамаға сәйкес, кінәнің екі бірдей нысаны объективті жағының міндетті белгілері қоғамға қауіпті іс-әрекет, себепті байланыс және қоғамға зиянды зардап болып табылатын материалдық қылмыстық құқық бұзушылық құрамдарында ғана орын алады. Мысалы, кінәнің аралас нысандарына Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіндегі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруден жәбірленушінің қазаға ұшырауы, 156-бапта көрсетілген еңбек қорғау ережелерін бұзу, 319-баптың 4-бөлігіндегі заңсыз аборт жасаудан жәбірленушінің қаза болуы немесе басқа бір ауыр зардаптарға әкеліп соқтыруы сияқты құрамдар жатады.Осы көрсетілген құрамдарда әрекет немесе әрекетсіздік жөнінде кінәнің нысаны қасақаналық, ал одан туындаған зардап жөнінде абайсыздық болады.Мұндай қабаттасқан кінәнің болуына өзіндік себеп те бар.
Жалпы алғанда, кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстық құқық бұзушылықтардың субъективтік мазмұнын терең зерттеу объективтік белгілері өзара ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарда бір-бірінен дұрыс ажыратуға немесе істелген іс-әрекетті қасақана я болмаса абайсызда істелген қылмыстық құқық бұзушылық құрамына дәлме-дәл жатқызуға толық мүмкіндік береді.[2, 118-б].
Қылмыстық әрекеттердің көпшілігі тек кінә нысанының бір түрімен ғана жасалады. Бірақ кей жағдайда бір қылмыста кінәнің екі нысанының да қатар болуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz