Ашық боялған әртүрлі түстердегі құмайты - сазды шөгінділерден тұратын баррем ярусы қабаты назар аударарлық


Мазмұны
Кіріспе
Мұнай мен газ өндірісінің дамуының маңызы зор. Өйткені Республиканың халық шаруашылығының дамуы үшін мұнай мен газдың үлкен ролі бар. Табиғи газ бен мұнайдан алынатын ауыр қалдықтар арзан және энергетикалық және жанар жағар май ретінде өте ыңғайлы.
Мұнайдан алынатын барлық жанар жағар майдың түрлері алынады: бензиндер, керосиндер, іштен жанатын қозғалтқыштар үшін майдың реактивті және дизельдік сорттары, жағалғыш материалдарының түрлері, битумдар, синтетикалық майлы қышқылдар және басқалары.
Мұнайға ілеспе газдар, мұнайды өңдеу процесстері кезінде алынатын газдар, ароматты көмірсутектер химиялық өнеркәсіп үшін негізгі шикізат болып есептелінеді.
Мұнайхимиясы өнімдері: полимерлік материалдар және пластикалық заттар, синтетикалық талшықтар, каучуктер, спирттер, жууға арналған заттар, спирттер, альдегиттер және басқада заттар халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылады. Полимерлік материалдарды пайдалану автомобильдік, авияциялық, кеме жасауда, электрлі-техникалық және басқада өндіріс салаларында қолдану техникалық прогресті анықтайды. Автомобильдік өндіріс пластмасты, синтетикалық талшықтарды, жаснды каучук және резина, лак және сыр пайдаланатын ірі өндіріск айналды. Пластмассаны пайдалану бірнеше мың тонна темірді үнемдеуге мүмкіндік берді, технологиялық операциялар санын және олардың көлемін азайтты.
Мұнай өндірісі ролі қазіргі уақытта мұнайхимиясы шикізат базасы ретінде жоғарылады. Ілеспе газдарды және табиғи газдарды пайдалану мұнайды өңдеу процесі кезінде пайдаланған қалдықтардан алынатын газдарды пайдаланған тиімді.
Мұнай, газ және олардан алынған өнімдер Республика экономикасының өсуі үшін маңызы зор.
1 Геологиялық бөлім
1. 1 Кен орнына жалпы шолу
Кенкияқ мұнай кен орны оңтұстігінде орналасқан Ақтөбе қаласынан 180 км, оңтүстік - батыстағы Емді станциясынан 80 км ара қашықтықта орналасқан. Ол Кенкияқ тұзды күмбезіне бағынады.
Мезазой қабаттарын терең бұрғылау 1959 жылы алымы 45, 6 м3/күнге Саркөл свитасындағы құмды қабаттан К - 34 құрылым - іздегіш ұңғымысынан және орта юралық қабаттан К-17 ұңғымасы бойынша алынған мұнайдан соң басталды. 1962 жылы оңтүстік ылдида бұрғыланған 47 және 48 ұңғымалардан перм қабатындағы мұнайы алынды. 1969 жылы тұз асты жынысының мұнайлылығын тексеру мақсатында 8-П параметрикалық ұңғымасы бұрғыланып басталды. Бұл бұрғалаудың нәтижесінде артиндік жыныстың мұнайгаздылығы орнатылды.
Кенкияқ кен орны көпқабатты. Онда жоғары пермде, төменгі триаста, төменгі және орта юрада және төменгі борда орналасқан мұнайдың өндірістік кеніштері саз құмайттардан, алевролиттерден, алевриттерден және құмайттардан тұрады. Жоғарғы перм қабатында 13 мұнай және екі газ горизонты бекітілді, төменгі триаста - үш мұнай, төменгі юрада - бір мұнай, иаленде - бір мұнай, байосбатта - екі мұнай және бір газ, готерде, барремда, аптта және альбта - бір - бірден мұнай горизонттары орнатылды. Жоғары пермде және төменгі триастағы мұнай кеніші тектоникалық - экрандалған, төменгі юрада - стратиграфиялық, орта юра мен төменгі бордагы - жалпы мұнайлылық этажы - 1200 м-ден көп қабатты күмбезден тұрады және кеніште серпімді су арынды режим қалыптасқан.
Кенкияқ қанатының оңтүстік бөлігінің казан қалыңдығында бір мұнай және бір газ, татар қалыңдығында бір газ және он екі мұнай горизноты орналасқан. Олар 649 - 2475 м тереңдікте орналасқан. Жіңішке жиекше тәрізді қалыңдығы 400 - 600 м-ге дейінгі мұнай кеніші тұзды сілімге қарай ығысқан және олар СМН - ның өзіндік мөлшерімен, 2, 5 м - ден 41 м-ге дейінгі мұнайлылық қуаттымен ерекшелінеді.
Негізінде Саркөл тастопшаға жататын бірінші төменгі триастағы горизонт оңтүстікте 585 - 750 м тереңдікте, ал солтүстікте 430 - 585 м тереңдікте, сәйкесінше мұнайлылық қалыңдығы 9, 5 - 16 м. 850 м3 ауданы бар кеніштің биікткгі 110-160 м. Кеніштің солтүстік қанатындағы СМН -388, 7 м абсолюттік белгіде, ал оңтүстігінде - 575 м белгіде жүргізіледі.
Ақжар тастопшасы табанындағы екінші төменгі триас 387 - 469 м тереңдікте тек солтүстік қанатта орналасқан. 820 мың. м2 ауданды биіктігі 102 м мұнайлылық сатысы 287, 8 м белгіде жүргізіледі.
Төменгі юра горизонтының мұнайлылық қалыңды - 2-8 м, теріңдігі - 320, 5-990 м. 2438 мың м2 ауданның мұнайлылық сатысы 32 м - ге тең. СМН солтүстік - шығыстан оңтүстік - батысқа қарай бұрылған, ал оңтүстік қанатта - 161-174 м белгіде, оңтүстікте - 180-185 м белгіде жүргізіледі.
Аалянстық горизонт 280-377 тереңдікте орналасқан, оның мұнайлылық қалыңдығы - 2, 7-22 м-ге тең. Солтүстік қанатта 145-151 м және оңтүстікте 180-185 м абсолюттік белгідегі СМН солтүстік - батыстан оңтүстік - батысқа қарай бұрылған.
Бірінші байос-батыс горизонтының мұнайлылық қуаты 3-27 м, тереңдігі 284 - 360 м - де орналасқан. Кеніштің биіктігі 110 м, ауданы 5479, 5 мың. м2. СМН еңкіш, солтүстік қанатта 120, 5 - 122 м абсолюттік белгіде жүргізіледі, оңтүстікте 148-165 м-ге төмендейді.
Екінші байос - баттық горизонт 234 - 335 м тереңдікте орналасқан, мұнайлылық қалыңдығы 1, 5 - 48, 5 м . Кеніштің көлемі - 10085, 5 мың м2, биіктігі 68 м. СМН еңкіш, , солтүстік қанатта 75 - 88 м абсолюттік белгіде жүргізіледі, оңтүстікте 88 - 98 м-ге төмендейді.
Үшінші байос - баттық горизонт 200 - 320 м тереңдікте орналасқан, мұнайлылық қалыңдылығы - 6 - 14 м. Кеніштің биіктігі 38 м, СМН 40-63 м белгіде жүргізіледі.
Готериевский горизонты 1 85 - 246 м тереңдікте орналасқан, мұнайлылық қалыңдылығы - 1 - 5, 2 м. Кеніштің биіктігі 34 м, ауданы - 7731, 5 мың м2. СМН 36 м белгіде жүргізіледі.
Барремский горизонты 159 - 195 м тереңдікте орналасқан, мұнайлылық қалыңдылығы - 1, 0 - 16, 5 м. Кеніштің биіктігі 31 м, ауданы - 7 426 мың м2. СМН 7 м белгіде жүргізіледі.
Аптский горизонты 77- 125 м тереңдікте орналасқан, мұнайлылық қалыңдылығы - 0, 21 - 2, 9 м. Кеніштің биіктігі 10 м, ауданы - 150 мың м2. СМН 90, 6 м белгіде жүргізіледі.
Алъбский горизонты 50 - 85 м тереңдікте орналасқан, мұнайлылық қалыңдылығы - 3, 7 м. Кеніштің биіктігі 10 м, СМН 110 м белгіде жүргізіледі.
1. 2 Тектоника
Кенкияқ тұзасты көтерілімі батыстық бұрылымда бөлінетін борт жаны аймағының батыс бөлігінде орналасқан. Бұл аймақ толықтай сейсмикалық тұрғыдан зерттелінген. ПI шағылысу горизонты, оған сәйкес келетін Vг =5300 м/сек бұзылған горизонт бойынша дөңес жабық 3500 м изогипсте кең шайылымды алып жатыр. Оның өлшемі: ұзындығы - 10 км, ені - 8 км, амплитудасы - 300 м. Дөңес күмбезі тереңдігі 3400 м ПI горизонты 3200 м страгипспен шектеліп тұз күмбезінің астында жатыр. Дөңес аздап ассиммеметрикалық, периклиналь және оң қанаты батыс периклиналь және солтүстік қанатқа қарағанда ойпатта орналасқан. Қабаттардың оңтүстік қанатта төмендеуі - 100 -қа дейін, солтүстікте - 60 - қа дейін төмендейді.
П2 шағылғыш горизонты, оған сәйкес келетін Vг =6300 м/сек бұзылған горизонт дөңес бөлігінің 4, 6 км тереңдікте орналасқан.
Фс Vг =6300 м/сек горизонты сәйкес келетін кристалдық фундамент беті 8, 7 - 8, 9 км тереңдікте орналасқан.
Кенкияқ кен орнындағы тұзды сілім тұз асты палеозой дөңесінде орналасқан, оның пішіні дөңгелек пішіндес келеді. Оның 550 м страгипс бойынша ұзындығы - 8, 5 км, ені - 3, 2 км - ді құрайды. Дөңестің солтүстік сілімі ойпатты, иілу бұрышы 56 -800, оңтүстігінің иілу бұрышы 40 - 550 қа дейн өзгереді.
Тұзды сілім ұшы 360 м страгипспен шектелген және жоғары перм жынысын толықтай жырып жіберген. Көрші орналасқан төменгі триас қабаты әркелкі. Сілім бойындағы тұздың орналасу тереңдігі 460 - 837 м. Оңтүстікте ойпаттағы тұз 2572 - 3000 м тереңдікте ұңғымалармен ашылды, ал солотүстікте - 1450 - 2290 м -де ашылды.
Төменгі триас және юра - бор шөгінділеріндегі тұз сілімі дөңгелек пішіндес, құрылысы күрделі келеді. Төменгі триас шөгіндісі бойынша оңтүстік дөңес жаны бөлігінде 100 - 150 м амплитудадасы ба р ұзын грабен бар, ал солтүстікте бөлік тәрізді бұзылулар бар. Төменгі триас жынысының оңтүстік қанатында құлау бұрышы - 15 - 200 - ты, солтүстігінде - 25 - 320 - ты құрайды. Юра - бор шөгіндісі төменгі триасты 18 - 320 бұрышпен және стратиграфиялық келіспеушілікпен жыныстарды бөліп тастаған. Ол аз 10 - 15 м - ге дейін амплитудалы өзгерістермен және 110 - 120 м амплитудасы бар жатық симметриялық құрылысымен, 2 - 30 құлау бұрышымен сипатталады.
1. 3 Стратиграфия
Кенкияқ кен орнында бұрғыланған ұңғымалармен кең стратиграфиялық диапазонда палеозойдан бастап кәдімгі қалдықтардан аяқталатын шөгінділер ашылды.
Пермдік жүйе.
Кенкияқ кен орнында ашылған ежелгі жыныстарға перм жүйесінің палеазой тобы жатады. Перм жүйесінің ең ежелгі жыныстарына артинский ярусы жыныстары жатады. Бұл шөгінділер тұз дөңесіне бұрғыланған ұңғымалар арқылы ашылды. П - 88 ұңғымасында олар 3780 - 3918 м тереңдікте орналасқан, олар 40 - қа дейігі құлау бұрышы бар құмайттар мен аргиллиттерден тұрады.
Ариллиттер қою көкшіл, полимиктілі және ізбестілі, орташа және уақ түйіртпекті, қабатты, қатты, аздап жарықтау, ізбастілі цементті келеді.
Кунгур ярусындағы шөгіндіде үш қабат бөлінген: төменгі сульфатты - терригенді, галогенді және жоғарғы сульфатты - терригенді.
Төменгі сульфатты - терригенді қабат құмайтты және ангидритті аргиллиттерден және алевролиттерден ьтұрады, гравелиттердің жалаң қабаттарыда кездесіп қалады.
Аргиллиттер қою көкшіл және қара, алевролитті және ізбестілі, ангидриттелген учаскілері бар, қабатты, қатты, аздап жарықтау ( жарықтары ангидриттермен толтырылған ) келеді.
Алевролиттер пен құмайттар қою көкшіл, сазды және ізбесткалы, полимиктілі, ұсақ түйіртпекті, қабатты және плинчатты.
Ангидриттер көкшіл - көк, сазды учаскілі, ұсақ және орташа кристалды, қабатты, қатты, кейде жарықтау келеді.
Гравилиттер құрамы бойынша алевролиттер пен құмайттарға ұқсас келеді.
Төменгі сульфатты - терригенді жыныстың бұрылу бұрышы 4 -100 -ты құрайды, қалыңдығы бірнеше метрге жетеді.
Галогенді қабат ақ, орташа - ірі кристалды, массивті тұзды тастан құралған. Бұл қабатта әртүрлі қалыңдықтағы бірнеше қабатшалардан тұратын сульфатты - терригенді жыныстар қабаттары кездеседі. Кенкияқ кен орнында галогенді қабаттартар қалыңдығы үш мың метрден ( 3185 м ) асады.
Жоғары сульфатты - терригендік қабат алевролитті қабатшалардан тұратын аргалиттерден, құмайттардан және ізбестілі ангидриттерден тұрады. Оның қалыңдығы 600 м аралықта.
Жоғары пермдік қызыл түсті континентальды шөгінді Кенкияқ кен орны тілігінде уфимский, казанский және татарский ярустарынан тұрады. Бұл шөгінділер тұз ылдиына бұрғыланған ұңғымалар арқылы ашылды. Бұл шөгінділер күмбездер аралық ойпаттарда орналасқан, олардың қалыңдығы екі мың метрден жоғары. Олар құмайтты, алевролитті және Аз қалыңдықты ізбескілер қабатшаларынан құралған аргиллиттерден тұрады. Бұл жыныстар қызыл - қоңыр түсті келеді, құрамында гравилиттер, конгломераттар мен ангидриттер кездеседі.
Триастық жүйе.
Триас жүйесі жыныстары төменгі бөлімнен тұрады. Төменгі триастың субаквальды өзенді - континентальды шөгінділері Кенкияқ төбесінің күмбезі бөлігіндегі кунгур ярусында, ал төбе қанатында татар ярусында жатыр.
Шөгінді жыныстары бірінен соң бірі төслген жұқа құмайтты және сазды жыныстардан тұрады.
Құмайттар мен құмдар қызғылт - қоңырлау, поликтивитті, сазды, ұсақ және әркелкі түйіртпекті болып келеді.
Саздар әртүрлі түсті, қоңыр ө кызыл және көкшіл - жасыл, алевролитті, тығыз келеді. Шөгінді қалыңдығы 400 м шамасында.
Юралық жүйе
Кенкияқ кен орнының тілігіндегі юра жүйесі төменгі және жоғарғы жүйеден тұрады.
Төменгі юра шөгіндісі литологиялық құрамы бойынша екі қабатқа бөлінеді: құмайттыгалчникті және сазды.
Құмдар негізінде кварцтыалаңдышпатты келген ашық - сұр түсті, ұсақ және орташа түйіртпекті, тез бұзылғыш кварцтан және құмайт линзаларынан тұрады.
Саздар сұрлау - ақшыл, аздап алевролитті, тығыз, шарт сынғыш және өсімдік қалдықтарынана тұрады. Қкабат қалыңдығы 90 м - ге дейін жетеді.
Орта юралық лагунді - континентальды шөгінділер құмайтты және сазды қабаттардан тұрады. Құмайтты қабат құмдардан тұрады. Құмдар сұрғылттау, кварцтыалаңдышпатты келген ашық - сұр түсті, ұсақ және орташа түйіртпекті, әркелкі түйіртпекті, түйіртпек негізінен көмірлі және жартылай опырылғыш, тез бұзылғыш келеді .
Сазды қабат саздардан, шымқай - сұрлау және қою - сұрлау, алевролитті, құмайтты, қабатты, тығыз, тас көмір қабатшаларынан тұрады. Жыныс қалыңдығы 150 м - ге дейін жетеді.
Бор жүйесі
Бор жүйесі жыныстары төменгі және жоғары бөлімнен тұрады. Төменгі бор жүйесі валанжин яруынан басқа ярустардың бәрінен тұрады. Бұл жыныстар өзара кезектескен сазды, құмайтты - сазды және құмайтты қабатшалардан тұрады. Ашық боялған әртүрлі түстердегі құмайты - сазды шөгінділерден тұратын баррем ярусы қабаты назар аударарлық.
Саздар әртүрлі түсті, біресе қою қызғылт - кызыл, ашық қызыл және көкшіл - жасыл түсті, құмайтты, ізбескілі емес, тығыз, аргеллит тәрізді келеді.
Құмайттар әртүрлі түсті және жасыл - сұрлау, полимикті және сазды, ұсақ және орташа түйіртпекті, түйіртпектер көмірлі және шарт сынғыш, жұқа келеді. Қабат қалыңдығы шамамен 400 м - ді құрайды.
Жоғары бор шөгінділері барлық ярустардан тұрады. Алайда тіліктер ярусы толықтай емес, ол жоғары жатқан қабаттарға байланысты. Жоғары бор шөгінділері литологиялық жағынан құмайтты - сазды шөгінділерден және мергелдерден, сондай - ақ саздардан мен фосфор конкрецияларынан тұрады. Жоғары бор шөгінділері қалыңдығы 350 м - ге жетеді.
1. 4 Мұнай, газ және судың физикалық - химиялық қасиеттері
Кенкияқ кен орнында алты мұнайгаздылық жыныс комплекстері бар:
-тұзасты артиндік
-жоғары пермдік:
-төменгі триастық;
-орта юралық
-төменгі бор
Артиндік мұнай горизонты қоңырқай - жасыл түсті, оның тығыздығы 20 0С - да 0, 84 г/см3, ұсақ түйіртпекті ( 0, 22 %), шайырлы (10 %) , тұтқырлығы қалыпты жағдайда 9, 07 с. б. Тең. Мұнай бастапқы температурасы 840 бензинді - керосинді, фракциялардың шығу температурасы 2000 - 25 %, 3000 - 48 %.
Артин жынысынан газ алынды, оның құрамына СН4-84; С2Н10 - 1, 5; СО2-2, 4; Rе +N2 - 4, 7.
Жоғары перм шөгіндісі мұнайы татар және қазан ярустары шөгінділерінен тұрады. Қазан мұнай шөгінділері өзіндік салмағы 0, 8449 - 0, 8594 г/см3, , ұсақ түйіртпекті ( 0, 32 - 0, 61 %), шайырлы ( 14 - 20 %) , парафинді ( 1, 3 - 1, 91 %) және асфальтенді ( 0, 08 - 0, 15 %) тұтқырлығы қалыпты жағдайда 9, 07 с. б. , бензинкеросинді. Фракциялардың шығу температурасы 2000 - 19 - 25 %, 3000 - 43, 5 - 46, 5 %.
Татар мұнайы шөгіндісінің өзіндік салмағы 0, 8186 - 0, 8921 г/см3, , күкіртті ( 0, 16 - 0, 46 %), шайырлы ( 7, 4 - 38 %) , парафинді ( 1, 02 - 3, 84 %) және асфальтенді ( 0, 01 - 3, 03 %) тұтқырлығы 20 0С-да 3 - 44, 9 с. б. . Мұнай 80, 5 % майы бар бензинкеросинді. Бензин фракциясының шығу температурасы 2000 - 12 - 36 %, 3000 - 25 - 57 %. Мұнайдағы газ факторы 22, 5 - 126, 4 атм - лық қанығу қысымында 3, 5 - тен 16 м3/см - ге дейін өзгереді. Шөгіндіде сондай - ақ құрамында келесідей газ құрамы (%) байқалды: СН4 - 81, 06; С2Н6 - 2, 32; С3Н8 - 1, 22; С4Н10 -0, 45; СО2 - 2 ЖӘНЕ Re + N2 - 11, 95.
Каратюбе тік жар тұз күмбезіндегі татар шөгіндісінде 20 - ға дейін су горизонттары бар. Бұл шөгінділердің суы негізінен минералдануы 1, 0357 - 1, 1836 г/см3 тығыздықта 50, 3 - тен 292 г/л - ге дейін өзгеретін еріген метанды және азотты газдары бар хлоркальциилі болып келеді. Мұндай судың минералдануы татар шөгіндісі күмбезде тұз ағымымен бөлінген және су ағыстарымен үнемі байланысып тұрады. Судың газға қаныққандығы 267 см3 / л. Татар ярусы сулары арынды, статикалық деңгейі 104 м абсолюттік белгіде орнатылған.
Төменгі триас қабатында төрт мұнай горизонттары орнатылған. Бұл горизонттар мұнайы тығыздығы 0, 8150, 0, 9355 г / 3, аз күкіртті ( 0, 13- 0, 34 %), аз парафинді ( 0, 28 - 0, 67 %), шайырлығы жоғары ( 20 - 26, 2 %) және кинематикалық тұтқырлығы 200 0С-да 68, 3 - 296, 8 с. б. . Мұнай құрамында 2000 0С дейін қайнайтын бензинкеросинді фракциялар тіптен жоқ деседе болады . Керосин фракциясы 3 температурада 42 % - тен аспайды, майдың щығуы 2401 - 48, 5, сондықтан да мұнай керосинді - майлыға жатады.
Төменгі юра мұнайындағы газ факторы 0, 59 м3/т, газ негізінен метанды, оның құрамына (%) келесілер кіреді: СН4 - 90, 3 - 92, 3 ; С2Н6 - 1, 4 - 4, 2; С3Н8 - 0, 3 - 2, 2; С4Н10 -0, 3 - 1, 6; СО2 - 0, 3 - 0, 6 ; Re + N2 - 1, 6 - 5, 9.
Төменгі юра шөгінділері қабатындағы су қабаттары минералдануы 1, 4 - тен 55, 6 г/л - ге дейін өзгеретін хлоркальцийлі болып келеді. Сулар арынды келеді, олардың статикалық деңгейі жер бетінен 116 - 170 м тереңдікте есептеледі.
Орташа юра мұнайы 0, 9 047 - ден 0, 9 418 - ге дейінгі тығыздықта кездесді, аз күкіртті ( 0, 11- 0, 58 %), аз парафинді ( 0, 29 - 0, 74 %), шайырлы . Мұнай құрамында бензинкеросинді фракциялар 17 % - тен көп болмайды, аз күкіртті ( 0, 13- 0, 34 %), аз парафинді ( 0, 28 - 0, 67 %), шайырлығы жоғары ( 20 - 26, 2 %) және кинематикалық тұтқырлығы 200 0С-да 68, 3 - 296, 8 с. б. . Мұнай құрамында 2000 0С дейін қайнайтын бензинкеросинді фракциялар тіптен жоқ деседе болады . Керосин фракциясы 3 температурада 11 - 43, 5 %, майдың шығуы 31 % - тен аспайды. Нафтендік көмірсутегінің құрамы 3000- қа дейін 90 % - ке дейін жетеді, ароматтық 5 - 7 %, парафиндік - 24 % - тен кем емес. Газ факторы 3 м3/т - дан артық емес.
Төменгі бор шөгінділері төрт горизонтта орналасқан: готеривтік, барремдік, апттық және альбтық.
Готеривтік горизонт мұнайы тығыздығы 0, 9050 - 0, 9124 г / 3, олар аз күкіртті ( 0, 26- 0, 4 %), аз парафинді ( 0, 43 - 0, 76 %), кинематикалық тұтқырлығы 200 0С-да 31, 3 - 64 с. б. . Мұнай майлы - керосинді, бензин фракциясының 3000 0С температурада пайда болуы 18 - ден 25 % - ке дейін. Мұнайдағы еріген газ 1, 35 м3/т - дан аспайды.
Барремдік горизонт мұнайы тығыздығы 0, 9428 - 0, 9497 г/см3, аз күкіртті 21, 1 - 46 %. Мұнайда бензин фракциялары жоқ, ол майлы - керосинді, 3000 - ға дейін фракциялардың шығуы 4 - 15, 75 %.
Апттік горизонт мұнайы тығыздығы 0, 9567 г/см3. Күкірт 0, 89 % - ті құрайды. Бензин фракциясы 1 %- тен аспайды, 3000 - ға дейін фракциялардың шығуы 7 - 23, 5 %. Мұнайда еріген газ жоқ.
Альбтік шөгіндіде мұнай 0, 9265 - 0, 9458 г/см3, күкіртті ( 0, 22- 0, 49 %), парафинді ( 0, 254 - 0, 44 %) . Мұнайда бензин фракциялары және еріген газ жоқ. 3000 - ға дейін фракциялардың шығуы 7, 75 - 8 %.
Төменгі бор шөгіндісі сулары негізінен сұйықкарбонатты - натрийлі және сульфатты - натрийлі, аздап хлоркальцийлі, минерализациясы 1, 000 - 1, 022 г/см3 - те 0, 3 - тен 31, 7 г/л -ге дейін. Альбтік горизонт суының минералдануы готеривтікіне қарағанда жоғары. Сулар арынды, статикалық деңгей 5 - 55 м - де орнатылды. Кенкияқ кен орнының мұнайының сипаттамасы 1. 1 кестеде көрсетілген.
1. 5 Өнімді қабаттардың коллекторлық қасиеттері
Артиндік жыныстардың мұнайгаздылығы қабатта ұсақ және орташа түйіртпекті құмайттардан тұрады. Құмайттар 5, 2 % толықтай кеуекті, ашықтай - 2, 6 % . 30 - 35 % карбонаттылықта аз өткізгіш.
Жоғары пермдік жыныстар мұнайгаздылығы қуаты 25 - 37 м - ге дейін құмайттар мен алевролиттер қабатшаларынан тұрады. Олар қазан және негізінен татар ярусында орналасқан. Кенкияқ кен орнында жоғары пермдік өнімді горизонттары 649 - 2475 м тереңдікте орналасқан. и Онда қазан ярусында бір мұнай және бір газ гоизонттары бар, ал татар ярусы қабатында 12 мұнай және бір газ горизонттары бар. Ө қабатты құрайтын құмайттар мен алевролиттер кеуектілігі 15, 7 - ден 31, 1 % - ке дейін ашық кеуектілік және 1013, 0 - 1326 млд. - қа дейін өткізгіштік өзгерген жағдайда 16 - 31, 7 % - ті құрайды. Жыныстың мұнайға қаныққандығы 80 % . Игерудің бастапқы кезінде бұл горизонттардың алымы 5 мм штуцерда 186 м3/күнге болды.
Төменгі триас шөгіндісі қабатында үш мұнайлылық горизонты бар, олар негізінен саркөл тастопшасы мен ақжар тастопшасында орналасқан. Горизонттар қатты құмайттардан және ұсақ галечкілі конгломераттардан құралған. Құмайттар 10 - 12 % гравиядан тұрады. Жыныстың коллекторлық қасиеті кең көлемде өзгереді: 133, 5 - 22, 9 млд. өткізгіштік пен 70 % мұнайгазға қаныққандықта толық кеуектілік 5, 9 -22, 9 % - ке дейін, ашық кеуектілік 5 - тен 20 % - ке дейін өзгереді. Бұл горизонттар мұнай алымы алғашында бірнеше куб метрден 140 м3/күнге 5 мм штуцерда өзгерді.
Төменгі юра шөгіндісі мұнайлылығы 322 м тереңдікткгі құмайтты - галечкалы қабаттардан тұрады. Жыныс өте жақсы қасиеттерге ие: : 1913 млд. өткізгіштік пен 72 - 80 % мұнайгазға қаныққандықта ашық кеуектілік 22, 3 - 39, 5 % - ке дейін өзгереді. Бұл горизонттар мұнай алымы алғашында бірнеше куб метрден 100 м3/күнге 5 мм штуцерда өзгерді.
Орташа юра өнімді горизонттары негізінен аалендік ярус пен байос - баттық шөгінділерінде орналасқан. Аалендік өнімді қабаты негізінен құм мен алевролиттерден тұрады. Коллекторлық келесі қасиеттерге ие: 105, 4 - 5600 млд. өткізгіштік пен 72 - 80 % мұнайгазға қаныққандықта ашық кеуектілік 21, 25 - 38, 1 % - ке дейін, толық кеуектілік 32, 25 - 44, 1 % - ке дейін өзгереді Байостық және баттық шөгіндісінде төрт қалыңдығы 25 - 30 м өзара саздармен бөлінген құмды мұнай қабатшаларынан тұрады. Мұнай алымы бастапқыда 74 м3/күнге жетті. Жыныстың коллекторлық қасиеті мынадай: 148 - 41382 млд. өткізгіштік пен 68 - 80 % мұнайгазға қаныққандықта толық кеуектілік 524, 4 - 49, 2 % - ке дейін, ашық кеуектілік 23, 5 - тен 39, 5 % - ке дейін өзгереді.
Төменгі бор шөгінділерінде мұнайгазға қаныққандық готеремдік, барремдік, апттық және альбтық ярустарымен байланысты .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz