Шаруашылық аралық жерге орналастыру принциптері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
1.Теориялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1 Жер қорының жер санаттары
бойыншабөлінуі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2 Шаруашылық аралық жерге орналастыру
жайында жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 Шаруашылық аралық жерге орналастыру
іс-әрекеттері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2 Шаруашылық аралық жерге орналастыру
іс-барысы (процесі) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3 Шаруашылық аралық жерге орналастыру
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.4 Ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын
мекемелердің жер пайдалануларын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.5 Ауылшаруашылық мекемесінің жер пайдалануын
құру жобасының мазмұны, орындау
және негіздеу әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
3. Қорқынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
4. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

КІРІСПЕ
Жер - басты табиғи ресурстар және жалпы алғанда, адамның негізгі тіршілік көзі. Басқа материалдық құндылықтардың қатарында оның орны ерекше. Жер - ең маңызды, ештеңемен салыстырылмайтын ұлттық дәулет. Сондықтан оны жоспарлы түрде тиімді және ысырыпсыз пайдалану әр қоғамның басты міндеті. Халық-шаруашылығының қай саласы болма да жер - орналасу орны, ал ауыл және орман шаруашылықтарында ол өндіріс құралы ретінде пайдаланылады. Сондықтан экономиканың басқа салаларына қарағанда ауылшаруашылығының құқықтық тұрғыдан, жерді пайдаланудағы үстемділігі болуға тиісті.
Жер кеңістік базис және өндіріс құралы ретінде шектелген және еркін пайдалануға болмайды. Әсіресе, егіншілікте жерді дұрыс, жүйелі және ғылыми негізделген түрде пайдалану, оның бұл салада қажетті табиғи қасиеттерін арттырады. Ауылшаруашылық пайдалануда егіншілік пен мал шаруашылығында, перспективалық технологияларды енгізу, агротехникалық шараларды пайдалану, мелиорациялау жұмыстарын жүргізу, егіншілік мәдениетін арттыру арқылы жердің құнарлығын көтеру негізде ауылшаруашылық дақылдарының өнімділегін көтеруге болады.
Ал ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттілектерде жерді тиімді территориялық ұйымдастыру, әсіресе (мүмкіншілігіне қарай) әр жер учаскесін ең жоғары кіріс беретін қажеттілікке пайдалану және әр өндірістік немесе өндірістік емес мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға ыңғайлы территориялық жағдай жасау арқылы бір аудан бірлігіне келетін тиімділікті көтеруге болады. Өнеркәсіп қажеттіліктеріне жер бөлудегі жерге орналастыру принциптерінің бірі - өнеркәсіп кәсіпорындарын территориялық-өндірістік кешендерді. Оның негізінде транспорттық және басқа шығындарды азайтуға болады және бұл қажеттіліктерге бөлінген жерлердің ауданын кішірейтіп, жерді
ысырыпты пайдалану тиімділігіне келуге болады.
Әрине ауылшаруашылық жерлердің, оның ішінде суармалы егістік алқаптарының мәні адамзат өмірінде өте зор. Бірақ бүгінгі адамдардың қоныстануы жиілігінің жоғарылауынан, жер бағасының және жерді жалдау бағасының өсуі, әсіресе әрі мегаполистерде, қалаларда және адамдардың жиі шоғырланған аймақтарда жердің объектілердіорналастыру орны ретінде мәні өте тез өсуде. Міне, осы жоғарыда аталған қажеттіліктерді жермен қамтамасыз ету, әр жер учаскесін тиімді пайдалану жолдарын анықтау, жер қатынастары реттеу жерге орналастырудың мақсат, міндеттері болып келеді.
Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады.
Қазіргі кезде Жобалармен басқару деген түсінік жиі кездесіп жатады. Ал жерге орналастырудың жалпы мақсаты мен міндеті, арнаулы- әр жер учаскесін оның табиғи қасиеттеріне, орналасу орнына, нысаналы пайдалану мақсатына және т.б. байланысты тиімді пайдалану жолдарын жерге орналастыру жобаларында белгілеу. Яғни жерді пайдалануда тек қана жоба ұсынысына сүйенуге болады. Сонымен жерге орналастыру жобасы арқылы жерді пайдалануға басшылық жасауға болады. Қазақстан Республикасы жерге орналастыру - жер ресурстары басқару механизмдерінің бірі болып келеді.
Жерге орналастыру жобасының әр түрінде көптеген проблемалар шешіледі. Мысалы шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларында жерді салалар арасында, сала ішінде жер иелері мен жер пайдаланушылар арасында тиімді бөлу, арнайы жер қорларын құру, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың шегін белгілеу болып келетін болса, ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларында ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын мекемелердің жерлерін, оның алқап түрлері, табиғи өсімдіктер, топырағы сумен қамтамасыздығы және т.б қасиеттеріне байланысты дифференциалды түрде пайдалану, құту және жақсарту жолдары әртүрлі мамандардың ғылыми ұсыныстары негізінде қабылданып, пайдалану жолдары белгіленеді.

1.1 Жер қорының жер санаттары бойынша бөлінуі

Жер кодексінің 1-бабы бойынша Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;
елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жерлері;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және басқа шаруашылығы мақсатына арналған жерлер;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер;
орман қоры жерлері;
су қоры жерлері;
босалқы жерлер.
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер:
Ауылшаруашылық қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттағы арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады.
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауылшаруашылығы алқаптарының мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сот, құм, тақыр және ауылшаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады. Ауылшаруашылығы алқаптарына егістіктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер етілген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.
Ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғауды тиіс. Бұл жерді ауылшаруашылығы емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда ғана жол беріледі .
Егістік - жүйелі түрде өңделетін, ауылшаруашылығы дақылдарын және көп жылдық шөп егуге пайдаланылатын жер учаскелері және пар.
Тыңайған жер - бұрын егістік құрамында болған және күзден бастап бір жылдан аса ауылшаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмай және пар айдауға әзірленбеген жер учаскесі.
Көп жылдық еспелер - жеміс-жидек, техникалық және дәрі-дәрмек өнімдерін алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безедіругеарналып қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелеріне пайдаланылатын жер учаскелері.
Табиғи шабындықтар мен жайылымдар - шөп табуға және жануарларды жаюға жүйелі түрде пайдаланылатын жер учаскелері.
Түбегейлі жақсартылған шағымдықтар мен жайылымдар - табиғи жер, отын, жаңадан шөп егуі арқылы жақсартылған шабындық және жайылым учаскелері.
Суландырған жайылымдар - тиісті мал басын сапалы сумен қамтамасыз ете алатын көздер (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегенді құдықтар) бар жайылымдар.
Ауылшаруашылығы алқаптар суармалы және суымайтын болылуы мүмкін.
Жайылма суғаруы (лиманы) жері қар суын және көктемгі тасқын суды, сондай-ақ топырақты былғадыруы үшін суғаруы және суландыру каналдарынан берілетін суды осы учаскелер аумағында ұстап қалыбуды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін су бөгейтін белдеулері, суды реттейтін бөгеттері мен басқада гидротехникалық құрылыстары бар учаскелер болып табылады.
Елді мекен жерлері:
Қалаларды кеттерді, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстардыдамыту үшін берілген жер учаскелері. Елді мекендердің жері өзге әкімшілік-аумақтық құрылымдардың жерінің қаланың шегі, кеттің шегі, ауылдық (селолық) елді мекеннің шегі арқылы шектеледі.
Елді мекен жерлерінің құрамына оның аумағында орналасқан:

тұрғын үйлер, үй іргесіндегі жер учаскелері және тұрғын үйлер салуға арналған жер;
Жер саулық сақтау, мәдениет, сауда, білім беру мекемелері, әкімшілік, өзге де іскерлік құрылыстар мен ғимараттар салынған және олардың жұмыс істеуіне арналған жер;
өнеркәсіп, коммуналдық, инженерлік және көлік инфрақұрылымы және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, осы объектілердің санитарлық-қорғау аймақтары, өндірістік құрылыс салатын жер;
көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар жері;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
өзендер, табиғи және жасанды су айдындары, су қорғау аймақтары, гидротехникалық және су шаруашылығы құрылыстары орналасқан жерлер;
ауылшаруашылығына пайдаланылатын жер;
аудандар, көшелер, тротуарлар, жолдар, жағалаулар, парктер, қаладағы ормандар және халықтық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер орналасқан және оларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер;
қала құрылысы қызметіне таратылмаған, елді мекенді аумақтық тұрғыдан дамытуға арналған резервтегі және өзге де жерлер жатады.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа ауылшаруашылығынажатпайтын қажеттіліктерге арналған жерлер:
Өнеркәсіп жеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру мен пайдалану үшін берілген жер, оның ішінде олардың санитарлық қорғау және өзге де аймақтар жатады.
Көлік жері. Автомобиль, теңіз, ішкі су, темір жол, әуе және өзге де көлік түрі объектілерінің қызметін қамтамасыз ету және оларды пайдалану үшін берілген жер көлік жері болып табылады.
Көлік жеріне құбыр тасымалы көлігінің қажеттігі арналған су құбырын, газ құбырын, мұнай құбырын және жер беті мен жер асты құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтіп ұлғайту үшін қажеттіобъектілерді орналастыру үшін бөлініп берілген жер жатады.
Байланыс және энергетика жері. Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қажеттеріне арналған жерге тиісті инфрақұрылымдардың объектілерін орналастыру, байланыстың қабілет, радиореле және әуе желілері, соның ішінде жер астындағы желілер үшін бөлініп берілген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары жатады.
Энергетика жеріне:
су электр стансаларын, атом стансаларын, жылу стансалары мен олардың құрылыстары мен объектілеріне қызмет көрсететін басқа да электр станцияларын орналастыру;
электр таратудың әуе және кабель желілерінің жер бетіндегі құрылыстарын, шағын стансаларды, тарту пункттерін, энергетиканың басқа да құрылыстары мен объектілерін орналастыру, жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және энергетика мен байланыс объектілерін пайдалануға жағдай жасау үшін бөлініп берілген жер учаскелері жатады.
Қорғаныс қажеттеріне арналған жер:
қарулы Күштердің әскери бөлімдерін, әскери полигондарын, әскери-оқу орындары мен өзге де ұйымдарын және қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы міндеттерді атқаратын басқа да әскерлердіңобъектілері мен ғимараттарын орналастыру және олардың тұрақты қызметті үшін қорғаныс қажеттеріне арналған жер деп танылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету мақсатында инженерлік-техникалық құрылыстар мен қоршауларды, шекара белгілерін, шекарадағы орман жолдарын, коммуникацияларды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өту пункттерін жайғастыру мен күтіп-ұстау үшін берілген жер учаскелері.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер:
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік табиғи рефераттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің, мемлекеттік экологиялық парктердің, мемлекеттік ботаника бақтардың, мемлекеттік технологиялық парктер мен мемлекеттік табиғи ескерткіштерінің жері жатады.
Сауықтыру мақсатындағы жерге табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеуді ұйымдастыру үшін қолайлы жер учаскелері жатады.
Рекреациялық мақсаттағы жер. Халықтың ұйымдасқан түрдегі жаппай демалысы мен туризміне арналған және сол үшін пайдаланылатын жер рекреациялық мақсаттағы жер деп танылады.
Рекреациялық мақсаттағы жер құрамына демалыс үйлері, пансионаттар, кемпингтер, дене шынықтыру және спорт объектілерді, туристік базалар, стационарлық және шатырлы туристік-сауықтыру лагерлері, балықшы және аңшы үйлері, орман парктер, туристік сұрақтар, трассалар, балалар және спорт лагерлері, осы сияқты басқа да объектілер орналасқан жер учаскелері кіруі мүмкін. Рекреациялық мақсаттағы жерге қала маңындағы жасыл аймақ жерлері де жатады.
Тарихи-мәдени мақсаттағы жер. Тарихи-мәдени қорықтардың, мемориалдық парктер, қорымдар, археологиялық парктер (қорғаудан, қала орындары, тұрақтар), сәулет-ландшафт кешендері, жартастағы бейнелер, ғибадат құрылыстары, шайқас және ұрыс алаңдары болған жер учаскелері, тарихи-мәдени мақсаттағы жер деп танылады.
Орман қорының жерлері:
Орманды, сондай-ақ ағаш өтпеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне берілген жер учаскелері орман қорының жері деп танылады. Орман қорының жері мемлекеттік және жекеше орман қоры жерінен тұрады. Табиғи өскен орманы бар және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен отырғызылған жасанды орманы бар жер, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген ормансыз жер мемлекеттік орман қорының жеріне жатады.
Су қорының жерлері:
Су айдындары (өзендер және олармен теңдестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, байрақтар, су көздерінде орналасқан ағысты реттейтін су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ осы құрылыстардың су күзет аймақтары мен белдеулеріне және ауыз сумен қамтамасыз етудің ба саға жүйелерін санитарлық күзет аймақтарына бөлінген жер, су қорының жері деп танылады.
Босалқы жер:
Меншікке немесе жер пайдалануға берілмеген, аудандық атқарушы органдардың қарамағындағы барлық жер босалқы жер болып табылады. Босалқы жерлер басқа санаттарға ауыстырылғаннан кейін белгіленген тәртіппен және жағдайларда ауылшаруашылығының, өнеркәсіптің қажеттері үшін және өзге де мақсаттар үшін меншікке немесе жер пайдалануға беріледі.

1.2 Шаруашылық аралық жерге орналастыружайында
жалпытүсінік.
Жоғарыда айтылғандай қазіргі кезде қолданбалы N 442-2 2003 жылдың
20-маусымындақабылданған ҚР Жер кодексі бойынша Қазақстан
Республикасында жер мемлекеттік меншікте болады. Жер учаскелері осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. Сондықтан мемлекет, еліміздің барлық территориясыныңменшік иесі ретінде және халықаралық құқықтың субьектісі ретінде жер қорын пайдалануда үстемдік жүргізеді: жерді иелікке немесе пайдалануға береді, халықшаруашылығының өндірістікнемесе өндірістік емес салаларында жерді пайдалануды территориялық ұйымдастырудың шаруашылық аралық, ішкі шаруашылық және учаскелік жерге орналастыру аралық қамтамасыз етеді.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру арқалы жер иеліктер мен жер пайдалануларды құру және өзгерту, халық шаруашылық салаларының мұқтаждарына сай жерді бөлу және қайта бөлу жүзеге асырылады. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың осы іс-қимылдарына қарай жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құқықтары менміндеттері және осы арқылы жер пайдалану жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастары белгіленеді. Сонымен қатар шаруашылық жүргізу жағдайлары да өзгеріп отырады. Демек, шаруашылық аралық жерге орналастыру-техникалық және құқықтық іс-қимылдар арқалы жүзеге асырылатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және техникалық шаралар жүйесі.
Жер учаскесінің территориялық ұйымдастырылуының өзгеруі, оны иеленуге (пайдалануға ) құқықтың тууы-шаруашылық аралық жерге орналастырудың нәтижесі болып табылады. Бұл құқық кеңістік аспектілерде шаруашылық аралық жерге орналастыру аралы белгіленген шекарамен шектеледі. Жалпы алғанда оның мағынасы кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жер иеленулерін (жер пайдалануларын) құрылуы, теңестіруді немесе өзгертуін, оларды экономикалық жағынан тиімді түрде орналастыруды, қолайлы құрылымдарын белгілеуді қамтиды.

Шаруашылық аралық жерге орналастыру арқылы арнайы резервтік жер қорлары құрылады, әкімшілік-территориялық бірліктердің және ерекше қорғалатын табиғи объектілердің шекаралары белгіленеді.
Шаруашылық аралық жерге орналастырудың міндет-мақсаттары сен алуан. Дегенмен, оларды екі топқа түйіс терге болады:
Жердің ысырапсыз пайдалануын және қорғалады ұйым бастыру;
Өндірістік территориялық ұйымдастыру.
Осылармен бірге шаруашылық аралық жерге орналастыру арқылы жердің негізгі мақсаттық қызметі белгіленеді, халық шаруашылығысалалары мен жеке пайдаланушылар және иеленушілерге жер үлестерібөлінеді және соңғылардың дұрыс орналасуы анық болады.
Соны менен қатар шаруашылық аралық жерге орналастыруға жер пайдаланулар мен жер иеленулерді өндірістің талаптарына қарай үнем жетілдіріп отыру міндеті жүктеледі.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру объектісі деп - ҚазақстанРеспубликасының халық шаруашылығының, әсіресе оның аграрлық саласының; аудандардың, облыстардың, аймақтардың қоғамдық және экономикалық даму бағдарламалары бойынша салалар, жер иелері және жер пайдаланушылар арасында жер бөлу жұмыстары жүргізілетін территорияны атайды. Оған жерді тиімді пайдалану мен қорғау шаралары жүргізілетін өзара бір-бірімен кеңістіктің тығыз байланыстағы екі немесе одан да көп әртүрлі жерге меншік және шаруашылық жүргізу түрлеріндегі немесе заңды тұлғалардың жер пайдаланулары мен жер иеліктер жатады. Шаруашылық аралық жерге орналастыру жұмыстарын әкімшілік-территориялық шекарасында жүргізу-неғұрлым оптималды нұсқа болып келеді. Шаруашылық аралық жерге орналастыру дегеніміз - халық шаруашылығының салалары арасында салалар ішінде жер бөлу, әртүрлі шаруашылық құрылымдарының жер пайдаланулары мен жер иеліктерін құру және әкімшілік-территориялық құрылымдарын, ерекше режимдегі территориялардың және арнайы жер қорларының шекараларын белгілеу арқылы жерді тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған қоғамдық- экономикалық, құқықтық, техникалық және экономикалық шаралар жүйесі.
Шаруашылық аралық жерге орналастыруды есептейтін факторларға келесілер жатады;
Жаңа жер иеленулер мен жер пайдаланулардың пайда болуы;
Жаңа шаруашылық формалардың, оның ішінде шаруа (фермер) қожалықтарының пайда болуы;
Шаруашылық аралық корпорацияның дамуы;
Жер иеленулер мен жер пайдаланулардың кемшіліктерінің бар болуы;
Жер иеленулердің (жер пайдаланулардың) аудандары мен ауылшаруашылық алқаптар бойынша құрамдарының шаруашылықтың өндірістік мақсаттарына сай болмауы;
Өндірістің көлемінің , шоғырлануының, мамандығының өзгеруі;
Жерді және қоршаған ортаның басқа элементтерін қорғау қажеттілігі және т.б.

2.1Шаруашылық аралық жерге орналастыру іс-әрекеттері
''Жер кодексі" және жер реформасы бойынша - жер жайында заңдарды орындау жолында шаруашылық аралық жерге орналастыру келесі жерге орналастыру жұмыстарынан тұрады;
Ауылшаруашылығында және халық шаруашылығының басқа салаларында пайдалану үшін жаңа жерлерді іздеп табу, қазіргі кезде қолданылудағы жерлердің нысаналы пайдалануын дәлдеу және қажеттілігіне қарай оларды қайтадан тарату;
Қазақстан Республикасының тұрғындарына, жеке немесе шаруа бірлестіктерінің, жеке шаруашылықпен, бау-бақшамен, мал өсіруге, құрылысқа және саяжай салуға жер бөлу немесе бұрынан барларын дұрыстау, кемшіліктерін және ыңғайсыз жағдайларын жою;
Ауылшаруашылық жұмыстарымен айналысатын шаруашылықтар мен ұйымдарға жаңадан жер бөліп бар жер иеліктерін және жер пайдалануларды қайтадан құру;
Әртүрлі мемлекеттік, жеке шаруашылық және қоғамдық қажеттіліктерге жер бөлу, ауылшаруашылығы жатпайтын жаңа жер пайдалануларды құру және бұрынан барларын дұрыстау;
Ірі гидротехникалық құрылымдарын жер бөлініп беру және оған байланысты жер иеліктерінде (жер пайдалануларда) болған кері өзгерістерді реттестіру;
Сызықты құбылыстарға (темір және автомобиль жолдары, электр және байланыс жүйелері , каналдар мен құбырлар) жер бөліп беру;
Шағын ауылшаруашылық емес жер пайдаланулардың құру;
Елді мекендердің шекараларын жер бетінде анықтау және бекіту;
Аймақтық жерге орналастыру сызба нұсқаларын және жерді пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын жасау;
Табиғатты қорғау, рекреациялық және қорықтық ерекше режимдегі территориялардың алып жатқан және шекараларын негіздеу;
Жерде әкімшілік-территориялық құрылымдарын шекараларын бекіту;
Жер меншігі және жер пайдалану құқығын бекітетін құжаттарын тағайындау және қайтадан рәсімдеу;
Жоғарыда аталған жерге орналастыруды жобалау іс-әрекеттері бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жерге орналастыру түрлерінің негізгілерінің бірі екендігін байқауға болады және оны нақты екі түр тармаққа бөлуге болады;
ауылшаруашылық кәсіпорындардың жер иелену мен жер пайдаланулары құру;
ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге жер бөлу (олардың жер пайдалануларын құру).
Шаруашылық аралық жерге орналастыруды түр тамақтарын бөлу негізіне бірыңғай жер қорының негізі бөліктерінің мақсатты пайдалану принциптік ерекшеліктері жатады және жердің өндіріс құралы ретінде халық шаруашылығының әртүрлі салаларында атқаратын міндеттерінің әртүрлі болуы;
Бірінші түр тармағы ауылшаруашылық жерлермен байланысты, онда жер өндіріс құралы болып келеді және бұл жағдайда жерге орналастырудың объекттісі ретінде құнарлығы жоғары топырақты жерлер болып келеді.
Шаруашылық аралық жерге орналастырудың екінші түр тармағы топырақтың құнарлығын есепке алмайды, оның бұл маңызды қасиетін тек қана ауылшаруашылық өндірісінде пайдалануға сақтап қалу үшін ескереді.
Бірақ жер реформасына байланысты бұрыңнан келе жатқан бұл құрылымдық бөлу шаруашылық аралық жерге орналастырудың қазіргі кездегі және әрі қарай даму жолындағы толық және сан түрлі мазмұнын көрсетпейді. Бүгінгі күні шаруашылық аралық жерге орналастыруды алты түр тармаққа бөлу орынды(кесте;4.4)
Үшінші түр тармақты жеке шығарудың мақсаты-елді мекеннің жерлерін мемлекеттік жер қорының басқа санаттарына бөлу. Бұл іс-әрекеттің ерекшелігі- нәтижесі ретінде жер пайдалану немесе жер иелігі құрылмайды, ал елді мекеннің жер массиві мен оның шекарасы анықталады. Оның хандық және шаруашылық аралық мәні әкімшілік-территориялық құрылыммен бірдей.
Шаруашылық аралық жерге орналастырудың төртінші түр тармағының нәтижесі - арнайы жер қоры. Бұл жаңа шаруа қожалықтарының және басқа ауылшаруашылық құрылымдардың ұйымдастыруының резерві болып келеді. Осы жерлердің ерекше заңдық статусы бар, оларды пайдалануға бергенге дейін бұрынғы жер пайдаланушылар пайдалана беруге құқылы.

Бесінші және алтыншы түр тармақтары жерге орналастыру тәжірибесінде өте сирек кездесетін және жаңа пайда болған жағдайлар. Әсіресе алтыншы түр тармағы кейбір аймақта экономикалық жағдайдың нашарлап кеткеніне және тұрғындардың әр-түрлі әлеуметтік және тарихи-мәдени мәселелерді шешуде қоятын талаптарының жоғарылауынан байланысты.

Қазіргі кездегішаруашылық аралық жерге орналастыру құрылымдық бөлінуі
№ кезегі мен
Түр тармақтары
Шаруашылық жүргізу субъектісінің типіне немесе жер қорының құрыдыу көзіне қатысты шаруашылық аралық жерге орналастырудың формалары

Ауылшаруашы-
Лық жер пайда- лануды құру және жетілдіру

Ауылшаруашылы-
Ғына жатпайтын қажеттіліктерге жер бөлу, жер пайдалануды құру және жетілдіру

Елді мекендердің шекараларын белгілеу

Арнайы жер қоры ның жер массивтерін құру

Әкімшілік-территориялық құрылымдардың шекараларын белгілеу
Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың жер массивтерін жер бетінде белгілеу және шекараларын бекіту
Мемлекеттік кәсіпорындар және олардың бірлестіктері.
Кооперативтік кәсіпорындар және олардың бірлестіктері.
Жеке, шаруа қожалықтары және басқа кіші құрылымдар.
Жалға алушы шаруашылықтар
1.Ауылшаруашылық касіпорындарының жер пайдаланулары есебіне
2. орман шаруашылығы кәсіпорындарының жер жерлерінен есебінен
3.ауылшаруашылығына жатпайтын кәсіпорын- дардың жер пайдаланулары есебінен

Қала шекараларын белгілеу және қалалық және поселкелік жерлерді жер-шаруашылық-тық орналастыру
Селе шараларын белгілеу және селолықт елді мекен жерлерін жер-шаруашылық орналастыру.

Қалалық және полескелік әкімшіліктердің жер қорын құру
Аудандық әкімшіліктердің жер қорын құру
Иммиграциялық қорлар .
Облыс шекараларын белгілеу
Аудан шекараларын белгілеу.

Қорықтардың
Санитарлық аймақтардың
Қорғау аймағы
Күзет аймағы

Әр түр тармағында шаруашылық аралық жерге орналастырылудың формасы көрінеді. Кестеде берілген формалары шаруашылық аралық жерге орналастырудың жоба шешімдерінің өзіндік ерекшеліктерін, шаруашылықтың өндірістік тиімді тіліне немесе пайдаланудың және жер иелігінің құрылу көздеріне байланысты анықтайды.
Жоғарыда аталған шаруашылық аралық жерге орналастырудың түрлері оның мақсат-міндеттерінің және мазмұнының көрсетеді.
Қойылған мақсат-міндеттерге, жобалау объектісіне және оның аймақтық және табиғи ерекшеліктеріне қарай шаруашылық аралық жерге орналастырудың мазмұны, маңызы, жүзеге асыру реттілігі, әдістемесі өзгеріп отырады.

2.2 Шаруашылық аралық жерге орналастыру іс-барысы
(процесі)

Шаруашылық аралық жерге орналастыру мемлекеттік органдардың шешімі, жерге орналастыру органдарының ықыласы және мүдделі министрліктер, ведомстволар, жер иелері мен жер пайдаланушылардың өтінішіне байланысты орындалады. Қазақстанда жерге орналастыруды Жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми өндірістік орталығы, оның еншілес мекемелер немесе жерге орналастыру жұмыстарын орындауға лицензиясы бар ұйымдар жүргізеді.
Әкімшілік аудан бойынша жерге орналастыру сызба нұсқасы жасалады. Сол сызба нұсқаға негізделе отырып, шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы орындалады.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру келесі кезеңдерден тұрады: жерге орналастыру мәселесін көтеру; дайындық жұмыстары ; жобалау; жобаны қарау; бекіту; жобаны жер бетіне шығару; құжаттарды әзірлеп, тапсыру; авторлық тексеріс жүргізу.
Шаруашылық аралық жерге орналастырудың мәселені көтеру кезеңіне жерге орналастыру жұмыстарын орындау және қаржыландыру жайында үстемділік жүргізетін компетентті органдардың шешімдерінің жариялануын және мүдделі мекемелердің, жер иелерінің, жер пайдаланушылардың өтініштерінің жоғары инстанцияларға тапсыруы болып келеді.
Жерге орналастыру жобасын жасау үшін дайындық жұмыстары жүргізіледі: жерді есепке алу, статистикалық, пландық-картографиялық және басқа керекті материалдарды жинау, сараптау, сапасын анықтау; жерге орналастыру объектілерінің территориясында арнайы зерттеу және ізденіс жұмыстарын жүргізу; мүдделі ведомстволардың, ұйымдардың және жеке адамдардың тілектерін анықтаужәне т.б
Дайындық жұмыстары камералық және далалық болып бөлінеді.
Дайындық жұмыстары камералық түрде керекті құжаттар мен материалдарды жинау мен жан-жақты зерттеуден, жүйелеуден тұрады
Камералық дайындық жұмыстары:
Жерге орналастыру процесіне қатынсатын жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құрамын анықтау;
Жерге орналастыруды жүргізуге қажетті құжат-материалдарды (құқықтық, планды-картографиялық, экономикалық т.б) жинау;
Кәсіпорындардың шаруашылық байланыстарын анықтау;
Инфрақұрылымныңорналасуын және даму деңгейін анықтау;
Жерді және табиғатты қорғау бойынша талаптарды анықтау;
Шаруашылық аралық жерге орналастырудың жұмыстары жүргізуге ынталымемлекеттік органдардың, шаруашылық аралық жерге орналастыру жұмыстарының қажеттігін көтерген инициаторлардыңтапсырған материалдарын, мүдделі тұлғалардың құжаттарын, өтініштерін зерттеу;
Мемлекеттік органдардың шешімдерін, қорытындыларын, тұжырымдарын қабылдаған қаулыларын зерттеу және осы жұмыстардың қажеттарды жинау және зерттеу;
Шаруашылық аралық жерге орналастыруобъекттісін қамтитын жер пайдаланулардың иелену және пайдалану құқықтылағын бекітетін құжаттарды жинау және зерттеу;
Мемлекеттік тіркеу формалары бойынша әр жерпайдаланулардың жерді есепке алу деректерін жинау;
Топографиялық, топырақтың, геоботаникалық, су шаруашылық, мелиоративтік және басқа зерттеулер мен ізденіс жұмыстары материалдарын зерттеу, керекті жерлерінен көшірме жасау;
Жерге орналастыру территориясына кіретін жер пайдаланушылардың шаруашылық жағдайын сыпатайтын статистикалық-экономикалық материалдарды, жылдық есеп беру және перспективалық жоспарларының материалдарын жинау және жүйелеу;
Жерге орналастыру жобасы қамтитын кәсіпорындардың өндірістік нәтижелерін сипаттайтын экологиялық көрсеткіштер: өткен 3-5 жылдар бойынша ауылшаруашылық дақылдарының өнімділегі, жалпы және тауарлық өнімдердің мөлшері, мал басыжәне түрлері, ұйымдастыру-шаруашылықтық қурылымы, өндіріс бөлімшесінің, елді мекендердің тұрғындарының саны, әр жер орналастыруға кіретін шаруашылық бойынша өндірістік және мәдени-тұрғын объектілерінің бар екендігі және жағдайы жайында мәліметтер жинау;
Жер пайдалануларды құру, өзгерту, қайтадан ұйымдастыру жайында облыстық, аудандық жерге орналастыру болжам сызба нұсқаларын зерттеу.
Жобалық құжаттардың құрамын анықтау;
Жобаның ықтимал нұсқаларын және жалпы көріністерін белгілеу.
Деректер мен құжаттардың бұл тізімі жобаның түрі мен міндет-мақсаттарына қарай өзгеріп отырады.
Камералдық дайындық жұмыстарының нәтижелеріне қарай далалық зерттеу жұмыстарының түрлері мен көлемі анықталады: жетіспейтін немесе тозған материалдарды, сәйкесті толықтыру және жаңарту. Тозу, нақты тозу және уақытына сәйкес келмейтін, моралды тозу болып бөлінді. Зерттеу жұмыстарын жерге орналастыруды жобалау мекемесінің мамандары мен шаруашылық өкілдері жүргізеді. Керекті жағдайларда басқа да мамандар қатысынумүмкін.
Далалық зерттеу және ізденіс жұмыстары арқылы жиналған материалдар жергілікті жердегі жағдайға (натураға) сәйкестендіріледі. Далалық жұмыстардың да көлемі мен тізімі жобаның алдына қойылған мақсат-міндеттеріне байланысты болады.
Далалық зерттеу нәтижелері бойынша далалық зерттеу актісі мен сызбасы жасалады.Біріншісінде сандық мәліметтер, ал екіншісінде-жер иеленулер мен жер пайдаланулардың құрамдары мен өндірістік бөлімшелердің межелері, елді мекендер, магистральдық жолдары, мал айдау трассалары, су көздері және көптеген басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге орналастыру жобалау
Жерге орналастыру жобаларын топтастыру
Жерге ораналастыруды жобалау
Жерге орналастыруды жобалау
Жерге орналастыру жобасы
Шаруашылық жерге орналастыру жайында жалпы түсінік
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларында берілетін жерді және қоршаған ортаны қорғау жүйе шаралары
Жер учаскесін рәсімдеу
Жерге орналастырудың экономикалық факторлары
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыс жобасы
Пәндер