Ауыспалы егістегі алғы дақылдар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТІРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Инжиниринг факультеті
Құрылыс инжиниринг кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Жерге орналастыруды жобалау
Тақырыбы:Ауыспалы егіс жүйелерін ұйымдастыру
Орындаған: ЗУ-18-1 студенті Берхалиев Н.С
Тексерген: аға оқыушы Есболай Г.И.
Ақтау 2019
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РГПШ.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГІ УНИВЕРСИТЕТІ
Инжиниринг факультеті
5B090300 - Жерге орналастыру мамандықтары үшін Жерге орналастырудағы жобаларпәнінен курстық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА
Вариант___
Студентке__________________________ ________________________
1. Курстық жұмыс
тақырыбы:__________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___
2.№______________2019 ж. Кафедра отырысында бекітілген
3. Аяқталған жұмыс тапсыру мерзімі: ___________2019 ж.
4. Курстық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тізімі:
___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ __________________________
5. Тапсырма берілген мерзімі _____________ 2019 ж.
6. Оқытушы________ Каф.меңгерушісі_____________
7. Тапсырманы орындауға қабылдаған студент_______
Мазмұны
КІРІСПЕ
I Теориялық бөлім
1.1. Ауыспалы егіс жүйесі туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 . Егіс жүйесінің түрлері және егіншілік шаруашылығы ...
1.3.
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Ауыспалы егістік тыңайтқыштары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
2.2. Ауыспалы егістік дақылдарына тыңайтқыштардың қажеттілігін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Жайылымның территориясын ұйымдастыру ... ... ... ... ...
III. ҚОРЫТЫНДЫ
Кіріспе
Қазіргі кезде егіншілік жүйесі деп жерді тиімді пайдалануға, топырақ құнарлылығын арттырып, ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары және тұрақты сапалы өнім алу мақсатына бағытталған агротехникалық, мелиоративтік, ұйымдастыру жұмыстарының өзара байланысқан кешенді жиынтығын айтады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты егіншілік жүйесінің міндеттері күрделене түсті. Қоғам дамыған сайын, өндірістік қатынастар өзгерді, ауыл шаруашылығы ғылымының дамуына орай топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және жоғарылату әдістері, егіс көлемі, дақылдар түрлері және өнімділік деңгейі де өзгерді. Сондықтан жалпы егіншілік жүйесі де өзгеріске ұшырады. Бұрынғы заманда және қазіргі кездегі қолданылып жүрген егіншілік жүйелері даму дәрежелеріне байланысты үшке бөлінеді: қарапайым, экстенсивті және қарқынды
Егіншілік жүйесі -- өсімдік шаруашылығы саласын ғылыми тұрғыдан жүргізу. Еліміздің егіншілік жүйесіне белгілі орыс ғалымы профессор А.Н. Сонетов (1826-1901 жж.) ғылыми негізде түсінік берді. XX ғасырдың басында академик Н.Р. Вильямс минералды тыңайтқыштардың аз өндірілетінін ескере отырып, шөптанапты егіншілік жүйесін ұсынды, яғни топырақ құнарлылығын минералды тыңайтқышсыз көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің көмегімен қалпына келтіруге болатынын дәлелдеді.
Қазіргі кезде егіншілік жүйесі деп жерді тиімді пайдалануға, топырақ құнарлылығын арттырып, ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары және тұрақты сапалы өнім алу мақсатына бағытталған агротехникалық, мелиоративтік, ұйымдастыру жұмыстарының өзара байланысқан кешенді жиынтығын айтады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты егіншілік жүйесінің міндеттері күрделене түсті. Қоғам дамыған сайын, өндірістік қатынастар өзгерді, ауыл шаруашылығы ғылымының дамуына орай топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және жоғарылату әдістері, егіс көлемі, дақылдар түрлері және өнімділік деңгейі де өзгерді. Сондықтан жалпы егіншілік жүйесі де өзгеріске ұшырады. Бұрынғы заманда және қазіргі кездегі қолданылып жүрген егіншілік жүйелері даму дәрежелеріне байланысты үшке бөлінеді: қарапайым, экстенсивті және қарқынды.
Ауыспалы егіс жүйелерін ұйымдастыру
Ауыспалы егіс дегеніміз - ғылымға негіздеп дақылдар мен сүрі танапты белгілі бір мерзімде және аумақта кезектестіріп орналастыру. Дақылдар мен сүрі жердің кезектесу ретімен бірінен соң бірінің орналасуын ауыспалы егістің сұлбасы кескіні деп атаймыз. Мысалы, Солтүстік Қазақстандағы ең кең тараған ауыспалы егістің сұлбасы мыналар: 1 - сүрі жер, 2 - жаздық бидай, 3 - жаздық бидай, 4 - арпа. Дақылдар мен сүрі жердің ауыспалы егістің барлық танаптары арқылы өтуін және олардың аумақта кезектесуін білдіреді. Дақылды бір танапта ұзақ уақыт өсіруді ауысымсыз, ал шаруашылықтағы негізгі дақылды дара дақыл деп атаймыз. Ауыспалы егістерде, кейде бір дақылды бірнеше жыл бойы қатарынан егеді де сосын оны басқа дақылмен ауыстырады. Мұндай егістіктерді қайталама егістік деп атаймыз.
Ауыспалы егіс - топырақ құнарын сақтау және арттыру, тұрақты мол өнім алу мақсатында дақылдарды және танаптарды алмастырып отыру жүйесі. Ауыспалы егістің б.з.б. қолданылуы туралы мәліметтер Рим шежірелері (Катон, Варрон, Вергилий, т.б.) арқылы жеткен. Қазақстанда қара топырақты, ылғалдылығы жеткілікті аймақтарда 5 танапты және 8 танапты Ауыспалы егістің кеңінен қолданылады. Ауыспалы егістің жүйесі ауыл шаруашылығында өндірілетін өнім түріне қарай егістік, мал азықтық және арнайы болып үш түрге бөлінеді. Егістік ауыспалы егістің жүйесі бойынша ылғалдылығы мол жерлерде егістік дақылдарды (бидай, сұлы, арпа, жүгері, қызылша, күнбағыс, картоп, т.б.) себердің алдында танапқа 2-3 жыл жоңышқа егіледі. Ал қуаңшылық аудандарда сірі жер танабын бос қалдырады. Мал азықтық ауыспалы егіс жүйесі бойынша көп жылдық жоңышқа өсіруден кейін оның орнына отамалы дақылдар (бір жылдық, көп жылдық шөптер, сүрлемдік жүгері) өсіріледі. Арнайы ауыспалы егіс жүйесінде көкөністерді, мақтаны, темекіні, күрішті, т.б. жыл сайын орын ауыстырып егеді. Сондай-ақ арнайы ауыспалы егіс жүйесін қолдану үшін жер құнарлығы жоғары, ылғал, температура жеткілікті болуы керек. Ауыспалы егіс мол өнімді дақылдар егіп, халықты азық-түлікпен, малды жемшөппен және техниканы жыл бойы жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дақылдар алмастырылып егілгенде, өнім көрсеткіштері жақсарады, жердің құнарлылығы артады, топырақ эрозиясы төмендейді, егістіктің ластануы, зиянкестер мен ауру қоздырғыштардың көбеюі азаяды.
Ауыспалы егістердің ғылыми негіздері. Ауыспалы егіс, егіс көлемінің құрылымы, бірдақылдылық (монодақылдылық), алмаспайтын (үзіліссіз) дақыл, қайталап себілетін дақылдар, пайдаланылатын жерлер туралы түсініктер. Ауыспалы егістердің даму тарихы. Оның ғылыми негізде дамуындағы көп жылдық далалық тәжірибелердің атқаратын рөлі. Дақылдарды алмастырып егудің себептері: химиялық, физикалық, биологиялық және экономикалық. Парды және дақылдардың жеке топтарын алғы егіс ретінде сипаттау. Парлар және олардың ауыспалы егістегі рөлі, алғы дақыл ретіндегі маңызы мен сипаттамалары. Парларды жіктеу, олар туралы осы күнгі көзқарастар. Көпжылдық екпе шөптердің, отамалы, жаппай себілетін дәндібұршақты, дәнді дақылдардың ауыспалы егісте алатын орны мен маңызы. Аралық дақылдар. Ауылшаруашылық өндірісін интенсивтендіру жағдайында аралық дақылдар мен сидераттардың агротехникалық маңызы. Аралық дақылдарды жіктеу. Аралық дақылдардың ауыспалы егістегі орны және оларды тиімді пайдаланудың негізгі шарттары. Ауыспалы егістерді өндірілетін негізгі өнім түріне, егістің далалық, малазықтық, арнайы типтерге бөлінуі. Ауыл шаруашылығы дақылдары мен пардың арақатынасына және танап санына байланысты ауыспалы жіктеу. Ауыспалы егістерді құрудың принциптері. Қазақстанның әр түрлі егіншілік аймағында ауыспалы егістерді құрудың агроэкологиялық принциптері. Далалық, малазықтық және арнайы ауыспалы егістердің негізгі буындары. Танаптардың көлемі мен пішіні, оларды оптималдау. Ауыспалы егіс айналымы. Далалық және құрғақ далалық аймақтардағы егістік ауыспалы егістер, нобайлары. Ондағы ауылшаруашылық дақылдары мен парлардың арақатынасы (меншікті үлесі). Топырақты қорғау ауыспалы егістері және олардың нобайлары. Суармалы егіншіліктегі күріш, мақта, қант қызылшасы, темекі, көкөніс ауыспалы егістері, олардың нобайлары. Тәлімі егіншіліктің ерекшеліктері, орналасқан аймақтары. Тәлімі егіншілік топтары. өте қуаң тәлімі жер, жартылай қуаң тәлімі жер, қуаң тәлімі жер, олардың сипаттамасы, ауыспалы егіс нобайлары. Малазықтық ауыспалы егістің түрлері, олардың нобайлары. Көлтабан арқылы суарылатын жерлердегі дақылдар құрамы және ауыспалы егістері. Ауыспалы егістерді бағалау көрсеткіштері. Ауыспалы егістерді жобалау, енгізу және игеру үшін картограммаларын, танаптың арамшөптену картасын, жер бедерін, дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін және басқа факторларды пайдалану. Ауыспалы егістердің тиімділігін анықтау. Агроқұжат пен танаптардың тарихи кітапшасы.
Ауыспалы егістің әр танабында әдетте бір дақылды өсіреді, кейде бір танапта биологиясы және өсіру технологиясы ұқсас бірнеше дақылды орналастырады. Ауыспалы егістің мұндай танаптарын құрама деп атайды. Ауыспалы егістің жақсы алғы егіспен басталып, келесі жақсы алғы егістің алдында аяқталатын бөлігі ауыспалы егістің буыны деп аталады. Ауыспалы егіс тәсіліне сәйкес, дақылдар мен сүрі жердің кезектесуінің толық циклі өтетін кезеңді айналым (ротация) деп атайды. Оның ұзақтығы әдетте ауыспалы егістегі танаптар санына тең. Ауыспалы егістің тыс танабы деп дақылдардың кезектесуінен уақытша шығарылып және бірнеше жыл бойы бір дақыл ретінде өсірілетін танапты айтады. Тыс танапта көбінесе көпжылдық шөптер, жүгері өсіріледі. Алғы дақыл деп осы танапта өткен жылы болған дақылды немесе сүрі жерді атайды, яғни ауыспалы егістегі әрбір дақыл немесе сүрі жер өзінен кейінгі дақыл үшін алғы дақыл болып табылады. Ауыспалы егістің, дақыл мен сүрі жерді ретімен ауысуына, олардың кезектестік қағидасына өзгертулер енгізуге мүмкіндік беретін қасиетін оның икемділігі (бейімделгіштігі) деп атайды. Айналымы ұзақ және биологиясы ұқсас дақылдардан тұратын ауыспалы егістің икемділігі жоғары. Дақылдардың кезектесу қажеттілігі химиялық, физикалық, биологиялық, экономикалық себептерге байланысты.
Бір дақылды тұрақты немесе ұзақ уақыт бойы бір жерге өсіре берсе, онда арамшөптер, зиянкестер және аурулар қаптап, топырақ тозады да, өнімнің азаюына әкеп соқтырады. Ауыспалы егісте дақылдарды кезектестіру, биологиялық себептердің кері әсерін төмендетеді немесе тіпті мүлдем жояды. Мәселен, күнбағысты тұрақты сепкенде ол тоғышар арамшөп сұңғыладан күшті зақымданады; бидайды кезектестірмей сепсе, онда ол тамыр шіріндісі ауруына шалдығады.
Бірнеше дақылдарды (дәнді, отамалы дақылдар, көпжылдық екпе шөптер) өсіру оларды себудің, орып алудың мерзімдері әр түрлі болғандықтан, еңбекті, техниканы, жұмысшы күшін біркелкі пайдалануға, мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар. Дақылдар өнімінің мөлшері мен сапасына алғы дақыл үлкен әсер етеді. Солтүстік Қазақстанның құрғақшылық жағдайында, ең жақсы алғы дақылға сүрі жер (танабы) жатады. Ол топырақта ылғалдың, өсімдікке сіңімді түрдегі қоректік заттардың жиналуын, танаптың фитосанитарлық күйінің жақсаруын және арамшөптен тазалануын қамтамасыз етеді. Қазақстандағы таза, екпе, ықтырмалы, сидералды, жазықтілгіш гербицидті, т.б. сүрі танаптары кең тараған. Отамалы дақылдар (қант қызылшасы, жүгері, картоп, көкөніс, т.б.) алғы дақыл ретінде танаптарда арамшөптермен күресті жақсы жүргізуге мүмкіндік береді: жаз бойы арамшөптермен қатарлықта күрес жүргізіледі, топыраққа тыңайтқыштар енгізіледі.
Бұршақ тұқымдас дақылдар топырақтағы азотты көбейтеді. Жемшөпке себілген дақылдарды жазда шабу арамшөптерді азайтады. Көп жылдық шөптер топырақты органикалық заттармен байытады, оның құрылымын жақсартады, су және жел эрозиясынан қорғайды, өсіп-өнген патогенді микроағзаларды құртады. Солтүстік Қазақстанның құрғақшылық жағдайында негізінен көпжылдық дәнді екпе шөптерді, ал оның ішінде құрғақшылыққа ең төзімділерін (еркекшөп) пайдаланады. Көп жылдық екпе шөп қыртысындағы бидайдың астық өнімі, ықтырмалы сүрі танапқа қарағанда гектарына 2,3 ц
төмен, бірақ сүрі танаптан кейінгі екінші бидайға қарағанда гектарына 0,7 ц жоғары.
Қарақұмық тамырының жоғары ерітетін қабілетіне байланысты қиын еритін қосылыстардан қоректтік заттарды пайдаланып, басқа одан кейін өсірілетін дақылдарға жеңіл сіңетін түрде қалдырады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының тамыр жүйесі құрылысындағы айырмашылықтары топырақ ылғалдығын пайдаланғанда байқалады. Қуатты тамыр жүйесі бар өсімдіктер -- жүгері, күнбағыс, қант қызылшасы, жоңышқа ылғалды төменгі терең қабаттардан пайдаланады, ал көптеген басқа өсімдіктер ылғалды топырақтың беткі қабаттарынан жұмсайды. Әр түрлі өсімдіктер құрғақ заттардың қалыптасуына судың мөлшерін әрқалай жұмсайды. Қант, жүгері, күнбағыс, көп жылдық шөптер тары мен арпа сияқты өсімдіктерге қарағанда суды көбірек жұмсайды және топырақты күштірек құрғатады. Сондықтан ауыспалы егісте әр түрлі дақылдарды алмастырғанда қоректік заттарды және топырақ ылғалын тиімді пайдалануға мүмкіншілік туады. Танапта дақылдардың алмасуы топырақтың физикалық жағдайын, әсіресе оның құрылымы мен тығыздығын жақсартады.
Бір жылдық отамалы дақылдарды қарқынды өңдеулер мен қайталама өсіру топырақтың тым борпылдақ болуына, қара шіріктің азаюына, соңынан топырақ құрылымының нашарлауына ұрындырады. Құрғақ дала және дала аймақтарының жағдайында жел эрозиясының қауіптілігі байқалады. Бұл аймақта көп жылдық шөптер және басқа дақылдар қалың қыртысты (шымды) құрады, топырақ құрылымын жақсартады, суға төзімді агрегаттардың санын көбейтеді, су және жел эрозиясынан қорғайды.
Дәнді дақылдар түріне қарай алғы дақыл ретінде әр түрлі бағаланады. Күздік бидай жаздық бидай мен арпа үшін көптеген отамалы дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып саналады. Жемдік дәнді-дақылдарды, арпа, т.б. нашар алғы дақылға жатқызады және оларды ауыспалы егістің соңынан орналастырады.
Ауыспалы егістердің сұлбасын құру қағидаттары (принциптері). Ауыспалы егісте дақылдардың алмасу тәртібін және алғы егістерін өндірістік тәжірибелері мен аймақтық ғылыми мекемелерінің ұсыныстарын пайдаланып анықтайды. Бұған қойылатын негізгі талап -- әрбір дақылға мүмкіндігінше оңтайлы жағдай жасап, сыртқы ортаның қолайсыз өсерін азайту.
Егіс жүйесінің түрлері және егіншілік шаруашылығы

Қазіргі кезде егіншілік жүйесі деп жерді тиімді пайдалануға, топырақ құнарлылығын арттырып, ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары және тұрақты сапалы өнім алу мақсатына бағытталған агротехникалық, мелиоративтік, ұйымдастыру жұмыстарының өзара байланысқан кешенді жиынтығын айтады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты егіншілік жүйесінің міндеттері күрделене түсті. Қоғам дамыған сайын, өндірістік қатынастар өзгерді, ауыл шаруашылығы ғылымының дамуына орай топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және жоғарылату әдістері, егіс көлемі, дақылдар түрлері және өнімділік деңгейі де өзгерді. Сондықтан жалпы егіншілік жүйесі де өзгеріске ұшырады. Бұрынғы заманда және қазіргі кездегі қолданылып жүрген егіншілік жүйелері даму дәрежелеріне байланысты үшке бөлінеді: қарапайым, экстенсивті және қарқынды (интенсивті).
Егіншіліктің қарапайым жүйесі тек топырақтың табиғи құнарлылығын пайдалануға негізделген. Бұл -- егіншіліктің алғашқы даму кезеңіне төн ерекшелік, яғни ол егіншіліктің ең қарапайым жүйесі болып саналады. Ерте кезде адамдар орманды алқаптарға егін салу үшін, ағаштарды кесіп немесе өртеп, егістік алаңдар даярлаған. Орманнан тазартылған жерлерде 3-5 жыл бойы дақылдар егілген. Танаптарда арамшөптер көбейіп, топырақ құнарлылығы және өнім мөлшері төмендеген жағдайда, ол жерлер тасталып, егіс үшін жаңа жерлер дайындалған.
Егіншіліктің бұл жүйесі кесу-өртеу деп аталады. Далалық аймақтарда ағаш емес, көп жылдық табиғи шөптер өсетіні белгілі. Сондықтан, бұл жерлерде егістік үшін табиғи жайылымдар мен шабындықтар пайдаланылған. Пайдаланылған жерлердің өнімділігі төмендеп, арамшөптері көбейіп, құнарлылығы азая бастаған кезде диқандар ол жерлерді тастап, басқа тың жерлерге ауысып отырған. Сондықтан, егіншіліктің бұл көшпелі тәсілі тыңайған ауысу түрі деп аталған. Тастап кеткен танаптарда 15-20 жылдан кейін, табиғи көп жылдық шөптердің есуіне байланысты, топырағының құнарлылығы қайтадан қалпына келген. Сол кездері танап қайта жыртылып, егін себілген. Қазақстанда Ұлы Қазан төңкерісіне дейін егіншіліктің тыңайған жерге ауысу сияқты қарапайым жүйесін қолданып келген.
Егіншіліктің экстенсивті жүйесі. Бұл жүйе егіске жарамды жерлерді пайдалануды жақсартты. Халық санының осуіне байланысты, егіс алқабының көлемі ості. Жерге жекеменшіктік пайда болды, сол себепті диқан кез келген жерді жырту мүмкіндігінен айырылды. Енді топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мерзімін қысқарту қажеттілігі туды. Ондай тәсіл -- танапты сүрі жерге қалдыру. Жерді сүрі жерге қалдырғанда арамшөптерді құртуға, топырақтың құнарлылығын жоғарылатуға мүмкіндік жасалады. Жерді тыңайту мерзімі бір жылға дейін қысқарады. Дақыл егілмеген танапта арамшөптермен күресу жүргізіледі, яғни ол танап жаз бойы өңделеді. Осылай жаңа экстенсивті сүрі жер егіншілікжүйесі пайда болды. Сүрі жерге қалдырылған танаптарға органикалық және минералдық тыңайтқыштар сіңірілді. Сөйтіп, табиғи жағдайда танаптың құнарлылық күші 15-20 жылда қалпына келетін болса, адам оны бір жылда құнарлы қалпына келтіретін болды. Алғашында ауыспалы егіс екі танаптан ғана тұрды. Біреуін сүрі жерге қалдырып, екіншісіне астық дақылдары себілді. Содан кейін екі танапты ауыспалы егістің орнына, 3-4 танапты ауыспалы егіс пайдаланыла бастады. Егіншіліктің қарапайым жүйесіне қарағанда, пар жүйесі егіске жарамды жерлердің басым кепшілігіне дәнді масақты дақылдар егуге және олардан мол өнім жинауға мүмкіндік жасады.
Егіншіліктің қарқынды жүйесі. Бұл жүйе XVIII ғасырдың басында Англияда пайда болған. Оның ерекшелігі, жерді тиімді пайдалану үшін егіншілікте ғылымға негізделген кешенді шаралар қолданылады. Ол үшін танаптарға қажетті мөлшерде органикалық және минералдық тыңайтқыштар беріледі, зиянкестерден және аурулардан қорғау үшін әр түрлі химиялық улы заттар қолданылады. Бұл жүйеде сүрі жер болмайды, ауыспалы егіс құрамына техникалық дақылдар енгізіледі. Жылма-жыл танаптарға биологиялық жағынан әр түрлі және өсіру технологиясы бір-бірінен өзгеше дақылдарды орналастыру топырақтың құнарлылығын жоғарылатып, алынатын өнім мөлшерін арттыра түседі.
Ғылым жетістіктеріне сүйене отырып құрылған егіншілік жүйесі барлық қажетті өнімді жеткілікті мөлшерде өндірумен қатар, жыл сайын топырақ құнарлылығының арта түсуін және алынатын өнімнің арзан болуын қамтамасыз етуі тиіс. Егіншіліктің ұсынылған жүйесі оның экономикалық тиімділігі дәлелденгенде ғана шаруашылыққа енгізіледі. Әр аймақтың табиғи-экономикалық жағдайына қарап, оған тиімді егіншілік жүйесі қолданылады. Қазақстанның солтүстік аймағының топырағы қара және қызғылт-қоңыр, жауын-шашын мөлшері 300-400 мм болады, сондықтан бұл өңірде дәнді-сурі жерлі егіншілік жүйесі қолданылады. Жыртылатын жерлердің 23 бөлігі астық дақылдарының үлесіне тиеді, ал республиканың оңтүстік және онтүстік-шығыс өңірінің суармалы жерлерінде негізінен техникалық дақылдар өсірілгендіктен, бұл жерлерде интенсивті егіншілік жүйесі басым. Суармалы жерлерде таза сүрі жер болмайды. Жердің құнарлылығы көп жылдың және бір жылдық бұршақ тұқымдас шөптер өсіру, топырақты дұрыс өңдеу, тыңайтқыштар қолдану, дақылдардың орнын алмастыру, ауыспалы егістерді енгізу және игеру арқылы жоғарылатылады.
Қазақстанның солтүстігінде және оңтүстік, солтүстік-шығыс аймағының тәлімі жерлерінде егіншіліктің топырақты эрозиядан қорғау жүйесі қолданылады. Себебі, тың және тыңайған жерлерді игерген кезде, бұл аймақтарда жел эрозиясы басталды. Топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырып әкетті. Топырақты осы апаттан сақтау үшін егіншіліктің арнайы жүйесі -- топырақ қорғау егіншілік жүйесі дүниеге келді. Егіншілік жүйесін ғылыми негізде құру үшін төмендегідей шаралар қолдану керек. Шаруашылықтың бағытын анықтап, осыған сәйкес егіс көлемінің құрылысын жоспарлау, ауыспалы нақтылы егіс нобайларын жобалап, оны өндіріске енгізу және игеру, жер өңдеу жұмыстарын жоспарлау, тыңайтқыштар қолдану жүйесін жасау, арамшөптермен, ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларымен, зиянкестерімен күрес шараларын жүргізу, тұқым алмастыру жүйесін жоспарлау, топырақты су және жел эрозиясынан қорғау жүйесін белгілеу, осы жұмыстардың бәрін толық орындауға қажетті ауылшаруашылық машиналарымен, құралдарымен шаруашылықтарды толық қамтамасыз ету.
Бұл шаралар жүйесінің әрқайсысының маңызы аймақтың ауа райына, топырағына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Топырағының құнарлылығы төмен аймақтарда тыңайтқышты дұрыс беру жүйесінің маңызы басқа шаралардан жоғары болуы мүмкін. Сол сияқты эрозияға бейімді жерлерде, топырақты одан қорғау жүйесі, жауын-шашын аз түсетін жерлерде -- суару, ылғал жинау және оны сақтау шараларының маңызы зор. Қазақстан жер көлемі жағынан ТМД елдері бойынша екінші орын алады. Республика жері батысында Еділдің төменгіағысынан, шығысында Алтай тауынадейін 3000 шақырымға, ал солтүстігінде орманды-далалы Батыс Сібір жазығынан оңтүстігінде Орта Азия шөліне дейін 1600 шақырымға созылып жатыр. Үлкен материктің ортасында, мұхиттардан өте қашық орналасқандықтан, климаты құрған және күрт континенталды болып келеді. Жерінің үлкендігіне байланысты және аумағында биік таулар болғандықтан, Қазақстанның климаты, топырағы, жер бедері алуан түрлі болады. Жазық далалары, аласа қыраттары, жалпақ жоталары, биік қарлы таулары да бар. Осыған байланысты, республика аумағы әр түрлі аймақтарға бөлінген. Әр аймақтың топырағына, климатына байланысты өзіне лайықты, тиімді егіншілік жүйелері бар.
Егін егудің ғасырлар бойы жиналған тәжірибесіне және ғылыми ұсыныстарға сәйкес ережелері бар. Сол маңызды ережелердің бірі - белгілі танапта ұдайы бір дақылды екпеу. Бұлай еге беруді мономәдениет деп атайды. Ол зиянды, өйткені әрбір өсімдіктің топырақтан алатын және қалдыратын химиялық заттары өзгермегендіктен, топырақтың құнарлығы осы өсімдік үшін жылдан жылға нашарлай береді. Демек, бұл егістің өнімділігін төмендетіп жібереді. Олай болдырмас үшін әр танапта егілетін өсімдік жыл сайын, ал кейбір жағдайда 2-3 жылда өзгертіліп тұрады. Бұл өзгерістің ретін әр өсімдіктің топырақтың химиялық құрамынан алатын және онда қалдыратын заттарын ескере отырып жасайды. Әрбір келесі егілетін дақыл бұрынғы егілген дақылдың топырақта қалдырып кеткен қолайлы химиялық заттарын пайдалана алуы керек. Танапта бірнеше жылдың ішінде егілетін өсімдіктердің бірінен соң бірінің ауысу ретін агрономдар осы талапқа сәйкестендіреді. Сонымен, белгілі бір танапта егілетін өсімдіктердің түрлерінің жыл сайын өзгеріп отыруын, ауыспалы егіс деп атайды.
Ауыспалы егістік тыңайтқыштары
Ауыспалы егістің аты танаптың санына және басты дақылдың түріне байланысты болады. Мысалы, егер ауыспалы егістің құрамындағы дақылдардың басым көпшілігі астық өсімдіктері, ал танаптарының саны бесеу болса бұл бес танапты астықты ауыспалы егіс деп аталады.
Ауыспалы егіс үнемі жоғары өнім алу, топырақтың құнарлығын сақтау және жақсартып отыру мақсатында қолданылады. Ол егін шаруашылығы жүйесінің арқауы болып есептеледі. Ауыспалы егістің түріне сәйкес барлық ұйымдастыру-экономикалық шаралар белгіленеді. Сондықтан, ауыспалы егіс жерді, өндіріс құралдарын, адам күшін ұтымды пайдалану, яғни осы саладағы өндірістің тиімділігін арттыру үшін аса қажетті жағдай болып есептеледі.
Ауыспалы егістің үш түрі болады: алқаптық, мал азықтық және арнайы.
Алқаптық ауыспалы егіс деп жердің жартысынан көбіне астық, техникалық өсімдіктер немесе азық-түлік өндіруге керекті дақылдар егілетін түрін айтады.
Мал азықтық ауыспалы егістің жерінің жартысынан артығына мал азығы дақылдары егіледі.
Арнайы ауыспалы егіске көбінесе арнайы агротехника қолданылатын дақылдар және топырақты су мен желдің әсерінен қорғау әсерін тигізетін өсімдіктер егіледі.Осы аталған ауыспалы егістің үш типінің әрқайсысы өзінің құрамындағы дақылдардың үлестеріне сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді.
Әрбір өндірістік бригадаға бір, кейде екі ауыспалы егіс бекітіп беріледі. Бригаданың құрамындағы звеноларға белгілі бір немесе бірнеше дақылдарды өсіру тапсырылуы мүмкін.
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты жаңадан құрылып, жұмыс істеп жатқан шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы кооперативтері және шағын кәсіпорындар да осы звенолар сияқты ауыспалы егістің белгілі бір дақылдарын өсіруге бейімделуіне болады. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, егін шаруашылығымен шұғылданған шағын кәсіпорындар ауыспалы егістің ұсақ түрлерін қолдана алады.
Мал азықтық ауыспалы егістің орналасуына және құрамына байланысты келесі түрлері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz