Жерге ораналастыруды жобалау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТІРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы «КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ»

«Инжиниринг» факультеті

«Құрылыс инжиниринг» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні : Жерге орналастыруды жобалау

Тақырыбы : Ауылшаруашылығына жатпайтын кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің жерпайдалануларын құрудың мазмұны және шешілетін мәселелері

Орындаған: КАД 18-1 студенті Ескелді Н.

Тексерген: аға оқытушы Есболай Г. И.

Актау 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГІ УНИВЕРСИТЕТІ»

«Инжиниринг» факультеті

«Құрылыс Инжиниринг» кафедрасы

5B090700 - «Кадастр» мамандықтары үшін «Жерге орналастыруды жобалау»пәнінен курстық жұмысты орындауға

ТАПСЫРМА

Нұсқа___

Студентке

(тегі, аты, әкесінің аты)

1. Курстық жұмыс тақырыбы:

2. №__ «__»2019 ж. Кафедра отырысында бекітілген

3. Аяқталған жұмыс тапсыру мерзімі: «__»2019 ж.

4. Курстық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тізімі:

5. Тапсырма берілген мерзімі «__»2019 ж.

6. ОқытушыЕсболайГ. И. Каф. меңгерушісіБайсарова. Г. Г 7. Тапсырманы орындауға қабылдаған студент

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 2

I Теориялық бөлім . . . 4

1. 1 Жерге орналастыруды жобалау 3

1. 2 Жер орналастыруды жобалау принциптері. . 1

II Негізгі бөлім 24

2. 1 Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды және жер меншігін құру шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы 11

2. 2 Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер4

2. 3 Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларында қарастырылатын жерді және қоршаған ортаны қорғау шаралары. . 9

III Қорытынды . 1

IV Пайдаланылған әдебиеттер . . 1

КІРІСПЕ

ХХ ғасырдың басында, жердің көбі жеке меншікте болған кезде шаруа ұжымдарының, шаруа жеке меншігінің отрубтық және қыстақтық жерлерінде және помещиктердің және басқа жерлердің шекаралары өте дәл аналитикалық тәсілмен жасалған. Жерге орналастыру жұмыстары көбінесе жер бөлудің математикалық және геодезиялық тәсілдерін қолдану және жерді пайдалану құқығы заңмен бекітілген жұмыстарды орындаумен шектелген. Революцияға дейінгі жерге орналастыру жұмыстары жоғарғы айтылған тәсілдермен орындалған [4] .

Үлкен жер пайдаланушылар, ұжымшарлар мен кеңшарлардың жер пайдаланулары пайда болған кезден бастап жерге орналастыру ғылымы өте тез дами бастады, ал жерге орналастыруды жобалау, осы жұмыстардың құралы ретінде, өте тез дами бастады. Техниканы, адамдардың ұжымдық бірлестік еңбегін тиімді пайдалану және ірі жер аумағын ұтымды пайдалану үшін жерге орналастыру жұмыстарының жаңа тәсілдерін ойлап табу керек болды [5] .

Шекараларды жер бетінде белгілеу, планға түсіру және жер пайдалану құқығын бекітетін актілермен қамтамасыз ету, яғни техникалық және құқықтық аспектілерімен бірге экономикалық және қоғамдық мәселелерді шешу керек болды: жаңа ұжымшарлар мен кеңшарлардың шаруашылық орталықтарын, өндіріс бөлімшелерін орналастыру және ұйымдастыру, ауыл шаруашылық алқаптарының түрлерін және құрылымын жарамды түрге келтіру, дұрыс ауыспалы егістіктерді енгізу және т. б.

Шаруашылық аралық және ішкі шаруашылық жерге орналастыру пайда болды.

Осы жұмыстарды орындау үшін ғылымның мәнін көтеру керек болды. Жерге орналастыру жұмыстарында және ғылымында қоғамдық-экономикалық бағыт жер өлшеу, техникалық (геодезиялық) жұмыстардан басым бола бастады.

Жерге орналастырудың ұжымшарлар мен кеңшарлардың (1932-38ж) кезеңінде ғалымдардың арасынан көп еңбек сіңірген ғалымдарды атап кетейік: И. Д. Шулейкин, Н. В. Бочков, С. А. Удачин, Н. Н. Бурихин және т. б. Кейінгі кездегі ғалымдардың арасынан М. А. Гендельман, Е. Д. Тихомирова, Э. А. Шойхет, М. Д. Спектор, Я. Я. Мауль, Л. И. Подольский, С. Н. Волков, А. А. Варламов, П. С. Шевченко, Ж. Т. Сейфуллин Н. Л. Озеранская, Э. В. Белоусова және Ж. К. Қырықбаевтарды атауға болады.

Совет үкіметі кезінде жерге орналастыру ғылымының жалпы теориясы жақсы дамиды: табиғаттық аймақтардың, экономикалық аудандардың ерекшеліктерін ескеретін жерге орналастыру жұмыстарының жаңа әдістері жақсы дамиды.

Қазіргі кездегі қолданыстағы Жер кодексінде «Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде белгіленген, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қаралған және бекітілген жердің нысаналы мақсаты, жерді пайдалану мен оны қорғау режимі, шектеулер мен ауыртпалықтар, жер учаскелерінің шекарасы, жердің сапасы мен мөлшері туралы және басқа деректер жер құқығы қатынастары субъектiлерiнiң орындауы үшін міндетті болып табылады» делінген [1, 149-151баптар] . Жерге орналастырудың мәні осы бір жер заңдылығының бабында нақтылы көрсетілген. Ал мазмұны мен шешетін мәселелерін келесі анықтама көрсетеді:

Жерге орналастыру дегеніміз - жер қатынастарын реттеуге, жерді, өндірістің маңызды құралы, табиғи ресурс және операциялық базис ретінде, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік ретінде толық және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға, жер заңдылығын жүзеге асыруға және оның сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.

1. 1 Жерге ораналастыруды жобалау

Жобалау - жерге орналастыру процестерінің ең маңызды, көлемді және күрделі кезеңі болып саналады. Жобаны жасау және оны негіздеу - жерге орналастыру іс барысының ең маңызды кезеңі.

Жерге орналастыруды жобалаудың заты - жоба шешімдерін орындау әдістері, оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және заңдылық негіздеу.

Жер заңдылығы бойынша, бірде-бір мекеме, бірде-бір ұйым құрылыс жүргізу жұмыстарын, жер бөлу жобасы бойынша жер бетінде берілетін жер учаскесінің шекарасы түсірілмей, оның мөлшері анықталмай, бастауға тиісті емес. Сондықтан ең басты жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Қазіргі жерге орналастыру теориясы экономикалық, құқықтық проблемалар бойынша бұрынғы негізгі техникалық, технологиялық аспектілерді сақтай отырып, қоғамдық құрылымдағы түпкілікті өзгерістерді ескеру негізінде жерге орналастыру жұмыстарында жоспарлы-таратушы жүйеден нарықтық қатынасқа өтуді талап етеді.

Бүгінгі күнде жерге орналастыру ғылымы зерттеудің қазіргі әдістерін кең қолданады: есептік-варианттық, статистикалық, монографиялық, экономика-математикалық (ЭММ), болжамдау әдістері және эксперимент жүргізу арқылы. Зерттеуде жерге орналастыру ғылымы диалектикалық- материалистік зерттеп білу әдісінің талаптарына сүйенеді - фактілерді, құбылыстарды, қоғамдық категорияларды бір-бірімен өзара байланыста және тәуелді, статикалық емес, динамикада (дамуда) зерттеу, дамуды саннан сапаға көшу ретінде қарастыру, фактілерді және құбылыстарды зерттеуде қарама-қарсылықтардың бірлігі позициясынан қарау, жаңашылықты, прогрессивті, болашағы барларын табу.

Жерге орналастыру ғылымының даму барысында жоғарғы оқу орындарында жеке ғылыми пәндер қалыптасып келеді. Солардың ішінде «Жерге орналастырудың ғылыми негіздері», «Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау», «Жерге орналастыруды жобалау», «Жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау және болжау», «Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар» және т. б.

Жалпы жерге орналастыру теориясы жобалаудың экономикалық мәнімен тығыз байланысты. Жобалау жұмыстарын ұйымдастыру әртүрлі болуы мүмкін: жер, су және басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі болжам схемалар негізінде қабылданған жүйе ретінде қатаң орындалуы тиіс. Немесе ауданның жерге орналастыру схемасын құрады, сосын шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын және ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын, экономикалық мүмкіндіктерінің пайда болуы мен талабының өсу шамасына қарай жеке учаскелерге әртүрлі шараларды қажет ететін учаскелік жерге орналастыру жобалары жасалады. Осы жолмен қабылданған аудан схемасы мен жобалық шешімдер жекеленіп жүзеге асырылады.

Бірақ, іс жүзінде әртүрлі жағдайлар кезігіп жатады, бұндай кездері көрсетілген қатаң жүйені сақтау мүмкін болмайды немесе қиынға соғады. Бұндай жағдайларда жобалық мәселелерді шешу әдісі мен ұйымдастырылуы қатты өзгермейді, бірақ жобалық шешімдер әр жағдайға жеке таңдалып, орындалады. Дегенмен, кез келген жағдайда жобалау барысында, жерге орналастыру процессі толық орындалған немесе жеке жобалауды жүзеге асыруда жалпы қажетті басқару ережелері мен біріңғай талаптарды, қағидаларды және нормаларды басшылыққа алу қажет.

Жобаны жасау алдында дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұған мынандай бірқатар ic-қимылдар кіреді:

- жерге орналастыру процесіне қатысатын жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құрамы анықталады;

- жерге орналастыруды жүргізуге қажетті құжат-материалдар (құқықтық, планды-картографиялық, іздестіру, экономикалық т. б. ) жиналады;

- кәсіпорындардың шаруашылық аралық байланыстары;

- инфрақұрылымның орналасуы және даму деңгейі;

- жер мен табиғатты қорғау жөніндегі талаптар;

- жобалық құжаттардың құрамы;

- жобаның ықтимал варианттары және жалпы көріністері.

Жерге орналастыру жобасы дегеніміз - халық шаруашылығында, әсіресе ауыл шаруашылығында жерді жаңаша орналастыруда жасалатын шаралардың жобасы және олардың тиімділігін экономикалық, техникалық және заңдық түрде дәлелдеу құжаттарының (есептеулер, сызбалар және т. б. ) жиынтығы.

Жерге орналастыру жобасы игерілгенде көптеген ауылшаруашылықтық және ауыл шаруашылығына жатпайтын жер иеліктері мен жер пайдаланулар, жерге орналастыру объектілері, пайда болады.

Жерге орналастыру жұмыстарының нәтижелері:

- жер пайдаланудың экономикалық тиімді көлемі, орны және ыңғайлы шекарасы;

- тиімді орналастырылған шаруашылық орталықтары, ауыспалы егістер, жайылымдар, шабындықтар, жеміс жидектер және жүзімдік кварталдары және басқа шаруашылық учаскелері және олардың экономикалық тиімді көлемдері, орналасуы және шекаралары.

Сондықтан жоба, әсіресе ауыл шаруашылығы үшін, прогрессивтік технологияны енгізуде және өндірісті ұйымдастыруда негіз болып есептелінеді.

Жерге орналастыру жобаларындағы және схемаларындағы өндірісті технологиялық ұйымдастыру мұқият экономикалық дәлелдеуге салынады.

Жоба екі бөліктен тұрады: мәтіндік және графикалық. Жобаның тиімділігін агроэкономикалық, инженерлік-экономикалық және сметалық-қаражатты егжей-тегжей дәлелдеу есептеулері және жобаның графикалық бөлігі бірге біртұтас жобалау-сметалық құжаттары болып келеді.

Жобаның графикалық бөлігіне: жобалау планы, жұмыс сызбалары, схемалар және иллюстрациялау суреттері, графиктік диаграммалар жатады. Жобалау планы - негізгі құжат. Онда жер пайдаланулардың шекаралары, көлемі және орны көрсетіледі.

Ауыл шаруашылығы мекемесі үшін жер пайдаланудың тек қана шекарасы мен мөлшері анықталып қоймай, әрі қарай ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы арқылы ауылшаруашылық өндірісіне прогрессивтік технологиялар енгізіледі, ауылшаруашылық алқаптарының құрамы анықталады, ауыспалы егіс жүйелері, онымен байланысты егіншілік және шаруашылық жүргізу жүйелері белгіленеді.

Ауылшаруашылық мекемесінің ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы оның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының негізі болады, жалпы шаруашылықтың құрылысын белгілейді.

Жерге орналастыру жобасын орындау дегеніміз - жобаны жер бетіне көшіру, жобаның барлық элементтерін игеру, жерге орналастыру материалдары мен құжаттарын рәсімдеу және тапсырма берушіге тапсыру.

1. 2 Жер орналастыруды жобалау принциптері

Жерге орналастыруды жобалау принциптері дегеніміз жобалау жұмыстарын орындауда міндетті түрде басшылыққа алатын қағидалар. Олар жобалауда жер заңдылығында қабылданған жағдайларды бұлжытпай орындауға, жоғары тиімділіктерге жетуге, капиталдық шығыстың минимальды болуына және оның тез арада қайтарылуына бағыттайды. Жерге орналастыру принциптері жобалаудағы есептеулерде прогрессивтік нормативтерді және технологияларды пайдалануды; ұзақ және қысқа мерзімдік жоба алды болжамдардың материалдарын пайдалануды; жоғары сапалы зерттеу және ізденіс материалдарын пайдалануды талап етеді. Сондықтан жерге орналастыруды жобалауда жерге орналастырудың жалпы принциптері басшылыққа алынады:

- жерге орналастыру жұмыстарын орындауда жерге жеке меншіктің, жерді пайдаланудың және онда шаруашылық жүргізудің формалары жайында заңдылықтарды қатал орындау;

- жерді аймақтау материалдарын пайдалану;

- ауыл шаруашылығының, басқа салалардың мүдделерін неғұрлым толық есепке ала отырып, жерді пайдаланудағы ауыл шаруашылығының приоритеттілігін сақтау;

- ауылшаруашылықтық құрылымдардың жер пайдалануларының тұрақты болуын, әрқашан оларды жетілдіре отырып, қамтамасыз ету;

- жерге орналастыру жұмыстарын орындауда оның объектілерінің табиғи, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайларын, жердің кеңістіктік қасиеттерін және бағалық аймақтарды түбегейлі есепке алу;

- жер пайдалануды ұйымдастыруды және территорияны ұйымдастыру-шаруашылықтық орналастыруды экономикалық, экологиялық және технологиялық біріңғай жолмен орындау;

- жер учаскесінің топырағы мен бедеріне, өсімдігіне және т. б. ерекшеліктеріне байланысты экономикалық және қоғамдық тиімді пайдалану;

- жерді тиімсіз, берекесіз пайдаланудан сақтау; - жобалау жұмыстарын бір жүйеде орындау және оларды орындауда аудандандыру жерге орналастыру схемаларының, мелиоративтік, жол салу және т. б. жобалардың шешімдерін есепке алу.

2. 1 Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды және жер меншігін құру шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы

Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды және жер меншігін құру iс-барысы:

-берілетін жердің орны және ауданы жайында қызығушы: лығына тиетін мекемелермен, кәсіпорындармен, ұйымдармен және жеке азаматтармен алдын ала келісім жасау;

-жергілікті жерде сол жер учаскесін таңдап алу;

-жер бөліп беру жобасын жасау және оны пайдалануға беру:

Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын құруға өтініш берушінің арызына байланысты тиісті деңгейдегі әкімшіліктегі объектінің орналасатын орнын анықтау бойынша шешімі негіз болып келеді.

Жеке адамдар, мекемелер, шаруашылықтар, басқа жер алуға мүдделілер жобалау жұмыстарын жүргізер алдында жер иелерімен, жер пайдаланушылармен және тиісті үкімет орындарымен алдын ала объектінің орналасатын орны және алынатын жер учаскесінің ауданы жайында келісім жасаулары керек.

Алдын ала келісім жасау

Объектінің орналасу жайында алдын ала келісім материалдары тапсырма берушімен келісім құжаттары мен жобалауға тапсырма бойынша дайындалады. Бұл кезеңде келесі жерге орналастыру жұмыстары жүргізіледі:

-дайындық жұмыстар;

-жергілікті жерде жер учаскесін таңдап алу және оның ауданын және орналасқан орнын негіздеу;

-таңдеп алынған жер учаскесінің шамамен мөлшері, орны жайындағы құжаттарды дайындау және келісім жасау.

Дайындық жұмыстарында тиісті құжаттар мен материалдар жиналады: жер бөліп беруде қамтитын жер пайдаланулар мен жер иеліктерінің пландарының көшірмелелері және жер есептік деректері; жерге орналастыру объектісінің территориясында жүргізілген топырақты бонитеттеу және жерді экономикалық бағалау материалдарын жинау және зерттеу; өндірістік маңызы бар пайдалы қазбалардың болуы жайында анықтама алу; бұрынғы жүргізілген зерттеу және ізденіс жұмыстарының (топырақ, геоботаникалық, агрошаруашылық, мелиоративтік және т. б. ) материалдарын жинау, жүйелеу және зерттеу; бөлінетін жерде үйлердің, ғимараттардың, жеміс-жидек, қорғаныш орман алқаптарының, аяқталмаған өндірістің бар болуы және олардың бағасы жайында деректер жинау.

Жергілікті жерде жер учаскесін таңдап алуды аудан әкімшілігінің үкiмi бойынша құрылған комиссия орындайды. Ол комиссия жер учаскесін беру мүмкіндігін: жер қорынан, қолданыстағы заңдылық негізінде басқа біреуден алып қою немесе сатып алу жолдарын қарастырады.

Жер комиссиясы келесі талаптарды басшылыққа алады:

-құнды ауылшаруашылық алқаптарын және қазіргі кезде қаалыптасқан территорияның ұйымдастырылуын неғұрлым с қалуды;

-эрозиялық процестің жердің балшықтануын және тұздануын болдырмауды;

-жерлерін алатын шаруашылықтардың жер пайдаланулары мен жер иеліктерінде кемшіліктердің пайда болмауына;

-ауылшаруашылық алқаптарын жақсартуға территорияны инженерлік дайындауға және жабдықтауға арналған күрделі қаржы жұмсалуының тиімді болуын және объектінің аймақтың экологиялық жағдайын өзгертуін ескеру;

-сұралатын жерлерде орналасқан ерекше құнды жерлер тізіміне кіретін тарихи мен мәдениет ескерткіштерінің сауықтандыру объектілерінің және ерекше қорғалатын табиғи және тарихи-мәдениет объектілері орналасқан мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктерге алуға жатпайтын жерлердің сақталуын қамтамасыз етуді.

Жергілікті жерде жер учаскесін таңдап және оның орналасқан орнын негіздеу үшін келесі жерге орналастыру жұмыстары орындалады:

-жергілікті жерде учаскені көріп, таңдап, оның орны мен мөлшерін анықтау;

-берілетін жер учаскесінің таңдап алынған орнының және көлемінің шешілетін мәселелерге, жасалатын жұмыстарға сәйкестігін дәлелдеу;

-таңдап алынған жер учаскесінің көлемі, орны жайындағы құжаттарды дайындау және келісім жасау;

-жерді пайдалануда қойылатын негізгі шарттарды дайындау (табиғатты қорғау, жер иелері мен жер пайдаланушылардың құқығын шектеу, көпір, жол, су жүргізу, су ағынын ауыстыру, коллекторлық -дренаждық жүйелерді өзгерту және т. б. ) ;

-жер иеленушілері мен жер пайдаланушылардың тілек-талаптарын, олардың жер пайдалануларында қалыптасқан жағдайларды қайтадан орналастыру жайында ұсыныстар жасау.

Берілетін жер учаскесінің көлемі тиісті нормативтер, объектінің генералдық планы, техника-экономикалық негіздеу материалдары немесе анологтар арқылы анықталады.

Жер учаскесінің көлемі құрылыс нормасы және ережелері өндіріс территориясындағы құрылыстың тығыздығын белгілейтін нормативтер арқылы анықталады. Өндіріс территориясында өндіріс құрылыстары мен ғимараттарын максималды блоктауға тырысу керек.

Объектіні тиімді орналастыру үшін бірнеше нұсқа қаралады. Ол нұсқалар табиғатты қорғау және пайдалану заңдық актілеріне, қолданылудағы санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы, архитектуралық-пландау және басқа нормаларға, ережелерге, салынатын объектіні жобалау және салу нұсқауларына сәйкес болулары керек.

Қолданудан алынатын жердің құндылығын анықтау үшін, ол өзгеріске байланысты жердің негативтік өзгерісін анықтау және оны болғызбау үшін келесі шаралар жасалынады:

-жер пайдаланудың планына объектінің орналасу варианттары түсіріледі, жергілікті жерде ауылшаруашылық алқаптар бойынша учаскенің ауданы анықталады, өлшенеді, әр вариант бойынша экспликация құрылады;

-бонитеттеу, бұрын жасалған топырақтық және геоботаникалық ізденістер материалдары бойынша әр ауылшаруашылық алқаптары бойынша топырақ түрлерінің және әр нұсқа бойынша орташа бонитет балы анықталады;

-іргелес, жақын жатқан жерлерде болатын жарамсыз өзгерістерді: су басып кетуін, ылғалдылығының жоғарылануын, тұзының көтерілуін, эрозиялық процестерді туғызу жолдарын анықтау және олардың болмауына әрекет жасау үшін орындалатын шараларды белгілеу.

Жер учаскесін таңдау комиссиясы жұмысынығ шешімі актіленеді. Актіге жер учаскесінің шекарасы белгіленген сызба бірге тіркеліп, барлық мүшелерінің қолы қойылады. Жергілікті жерде жер учаскесін таңдау комиссиясының жер бөлу Актісінде келесі деректер көрсетіледі:

-жер кадастры, топырақ және геоботаникалық ізденіс материалдары бойынша жер учаскесінің сипаттамасы, бонитет балы;

-жер учаскесінде орналасқан құрылыс, ғимарат, суландыру және кептіру каналдары және басқа ғимараттар, көп жылдық өсімдіктер, аяқталмаған өндіріс, оның баланстық құны;

-жерін мүлдем немесе уақытша алып қойған шаруашылықтардың ірі нормативтер арқылы есептелген шығыны;

-ауыл және орман шаруашылықтарының шығыны;

Кен қорғау территориялық басқармасынығ өндірістік пайдалы кеннің жоқ екендігі жайында қорытындысы; ал бар болса мемлекеттік тау техникалық қараудың (госгортехнадзордың) құрылыс жүргізуге немесе пайдаланкға берілетін рұқсаты. Ал кен бар болса мемлекеттік тау-техникалық бакқылау мекемелерінің бұл учаскелерде құрылыс жүргізуге жерді пайдалануға болатыны жайында келісімі;

-объектіні орналастыру нұсқаларының ішіндегі ең тиімді нұсқалар бойынша есептеулер және экономикалық көрсеткіштер (экономикалық көрсеткіштер және есептеулер Актіге қосымша ретінде салынады) ;

-объектінің орналасуы жайында комиссияның қорытындысы және жерді пайдалану бойынша беретін ұсыныстары;

-объектінің генералдық планының сызбанұсқасы;

-жер пайдаланулардың және жер иеліктерінің құрама планы.

Планға объектінің орналасу нұсқалары және басқа мәтінде көрсетілген жоба бойынша белгіленген элементтері көрсетіледі.

Жер учаскесін таңдауда және оның орналасуын негіздеуде шамамен іріленген нормативтермен алдын ала келесі көрсеткіштер анықталады:

-берілетін жердің ауданын анықтау және негіздеу;

-берілетін жер учаскесін территорияда тиімді жағдайда орналастыру;

-берілетін жердің құрамы мен құндылығын анықтау, оның салдарынан пайда болатын жағымсыз жағдайларды анықтау және оларды болдырмау жолдарын қарастыру;

-ауылшаруашылығы және орман шаруашылығы шығындарының мөлшерін анықтау және оны қайтару тәсілдерән қарастыру;

-жер иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарының түрлері (үйлер мен ғимараттарды, тұрғындарды көшіру, бітпеген өндіріс және т. б. ) мен мөлшерлерін анықтау және оларды қайтару тәсілдерін қарастыру;

-бүлінген жерлерді рекультивациялау жайында ұсыныстарды дайындау;

-жерді пайдалану жайындағы негізгі ұсыныстарды (табиғатты қорғау шаралары, жер пайдаланушылар мен жер иелерінің құқықтарын шектеу, жол, көпір, өткер, су ағынын бұру немесе қоршау дамбаларын салу, суару және коллекторлық-дренажды жүйені қайта жайластыружәне т. б. ) дайындау;

-қазіргі кездегі бар жер иеліктерінің және жер пайдаланулардың территорияларын және өндірістерді қайта ұйымдастыру.

Жер учаскесін таңдау материалдары бойынша жер алатын және жер беретін жеке адамдармен немесе мекемелермен, аудандық және облыстық жер қатынастары басқармаларымен, микэкобиоресупстар, санитарлық-эпидемиялық қызметтермен және т. б. мүддесіне тиетін мекемелермен келісім жасалады, содан кейін аудандық әкімшілікке қарауға тапсырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге орналастыру жобасының түсінігі
Ауыл шаруашылығы жерлерін басқару жөніндегі жобалар
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыс жобасы
Жерге орналастыру жобалау
Шаруашылық жерге орналастыру жайында жалпы түсінік
Жерге орналастыру жобаларын топтастыру
Ішкі жерге орналастыру жобалары
Жерге орналастыруды жобалау және ауылшаруашылық жерлерін пайдалану саласы бойынша
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары
«Ару» шаруа қожалығының жер пайдаланушылығын құру жобасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz