Азаматтық құқықтық қатынастың түсінігі мен элементтері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар (олар құрған ұйымдар -- заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болады. Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормаларды реттейді, олар құқықтық қатынастар нысанына ие болады.
Құқықтық қатынастар дегеніміз -- бұл нақты қоғамдық қатынастардың нысаны ғана. Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларынын нормалары реттеп отырады. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматтық - құқықтық қатънастар сапасына ие болады. Азаматтық құқық қатынасы санатының азаматтық құқық түсінігі үшін маңызы бар. Азаматтық құқықпен реттелген мүліктік қатынастар, сондай-ақ қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтармен және міндеттермен байланысатын соларға қатысты (қатысты емес) жеке мүліктік қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады. Азаматтық - құқықтық қатынастардын ерекшеліктері азаматтық - құқықтық реттеудің объектісі мен әдістеріне байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты. Осы курстық жұмыстың мақсаты - азаматтық құқықтық қатынастар туралы ілімнің азаматтық құқық теориясында алатын орны және азаматтық құқықтық қатынастар заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын терең ашып, оған теориялық талдау жасау жолымен зерттеу жүргізу болып табылады. Курстық жұмыстың зерттелуі деңгейі. Сонымен, азаматтық құқық мәселесі болып табылатын мүліктік және жеке мүліктік қатынастарды реттеу мынадан көрінеді, азаматтық құқық нормалары бұл қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы көріне алатын және көрінуге тиісті нәрсені айқындайды. Азаматтық құқық қатынастарының ерекшеліктері мыналар болып табылады:
Біріншіден, азаматтық құқық қатынастарының субъектілері заң жүзінде тең құқылы, бір-біріне тәуелсіз, сол арқылы олар басқа құқық қатынастарынан ажыратылады (ерекшеленеді);
Екіншіден, азаматтық құқық қатынастарды заңда көзделген негіздер бойынша да, көзделмеген негіздер бойынша да туындауы мүмкін (Азаматтық кодекс, 7-бап);
Үшіншіден, азаматтық құқық қатынастарының жағдайлары мен мазмұнын белгілегенде тараптардың келісімі басым болады; Төртіншіден, ерекшелік бұзылған азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен әдісінің өзіндік өзгешелігінде болып табылады (Азаматтық кодекстің 9 - бабы).
Курстық жұмыстың құрылымы. Тақырыптың сипаты мен ерекшеліктеріне байланысты және аталған тақырыптың зеттелу деңгейіне сәйкес курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, тиісті екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұратын құрылымы жасақталған.

1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ МАЗМҰНЫ
1.1 Азаматтық құқықтық қатынастың түсінігі мен элементтері
Азаматтар мен заңды тұлғалар әр түрлі қызметтер жасау кезінде өзара әр түрлі қоғамдық қатынасқа, яғни құқықтық қатынасқа түседі. Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастың бір түрі. Қоғамдық қатынасты азаматтық - құқық нормаларымен реттеудің нәтижесінде, олар заңды сипат алып, азаматтық - құқықтық қатынасқа айналады. Азаматтық - құқық қатынасқа түсініктеме бермес бұрын, алдымен қатынастың мағынасын ашып алу қажет. Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың пайда болу тәсілі немесе өмір сүру жағдайы болып табылады. Егер қоғамдық - қатынастар бастапқы да өзімен - өзі өмір сүрсе, кейінірек құқықтық - қатынасқа айналады да, соңында заңды сипатын жоғалтып, қоғамдық ретінде сақаталады. Құқықтық қатынас қоғамдық қатынастың қозғалыс жағдайы және нақтылау әдісі болып табылады. Қоғамдық қатынастың ерекше түрі ретіде онымен байланысын қарап, біз құқықты қатынасты қоғамдық қатынастардың өмір сүру және өзгеру жағдайы, қозғалыс және нақтылау тәсілі, бекіт амалы ретінде болатынын байқаймыз. Сонымен қатар, құқықтық қатынастардың өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар, соларға байланысты жоғарыда айтылған қызметтерді орындауға қабілетті болады. Барлық құқықтық қатынастар мемлекетпен белгіленген және бекітілген құқық нормаарымен реттеледі. Сондықтан да қоғамдық қатынастар, мемлекет белгіленген және бекіткен құқық нормаларымен реттелгендіктен құқықтық қатынас болады және бұл құқықтық қатынастар қатысушылардың әрқайсысына белгіленген міндеттерін нақты түрде анықтайды. Барлық құқықтық қатынас өзінің өмір сүру барысында мемлекеттің күштеу шарасымен қамтамасыз етіледі. Қоғамдық қатынас құқықтық қатынас құқықтық қатынас болып қалыптасқан уақыттан бастап, оның іске асуы мемлекеттің күштеу шарасының көмегімен жүзеге асырылуына кепілдік береді.[1, 19б ] Түрлі нормативті актілердегі азаматтық-құқықтық нормалар азаматтық құқық пəнін құрайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге шақырылған. Азаматтық - құқықтық реттеу механизмін ашуда басты рөлді азаматтық құқықтық қатынас түсінігі атқарады. Қоғамдық қатынастардың азаматтық құқық нормаларын реттеу нəтижесінде олар құқықтық нысанды иемденіп, азаматтық құқықтық қатынасқа айналады. [2, 19б] Құқықтық қатынастардың бір түрі ретінде азаматтық құқықтық қатынасты қатынасты қарастырсақ, яғни азаматтық - құқықтық қатынас дегеніміз азаматтық құқықтық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар, яғни, мүліктік (ақшалай-тауарлы) және мүліктік емес дара қатынастар. [3, 16б] Азаматтық - құқықтық қатынас барлық қоғамдық қатынас сияқты тұлғаларың өзара қарым - қатынасы болып табылады. Азаматтық - құқықтық қатынас барлық құқықтық қатынастарға тән жалпы белгілерімен қатар тек өзіне тән ерекшеліктерге ие. О.С.Иоффе - Советтік азаматтық - құқықтық қатынастар деген еңбегінде, азаматтық - құқықтық қатынасқа тоқталып, оның құрылысындағы ерекшеліктерін ашқан. Сондықтан да, осы азаматтық - құқықтық қатынастарды басқа құқықтық қатынастардан айыратын сыртқы белгілерге тоқталып өтуге болады. Бірінші белгісі, азаматтық - құқықты қорғау тәсілі болып табылады. Егер бұл құқықтарды жүзеге асыруға міндетті жақ кедергі жасаса, онда азаматтық талап тәртібімен олардың еркінен тыс және еркіне қарсы жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ сол тәртібімен қорғау арқылы азаматтық құқықтарға бірдей қолданылмайтын және оларға ғана тән емес. Кейір азаматтық - құқықтар әкімшілік тәртіппен қорғалады және керісінше әкімшілік құқықтан туындайтын құқықтық қатынастар сот тәртібімен қорғалуы мүмкін. Екінші белгісі, азаматтық - құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері. Азаматтық - құқықтық қатынастарды әдеттегідей, өзінің пайда болу негізі ретінде қатысушыларының өз еркімен көңіл білдіруін айтамыз. Бұл белгі де бірінші белгі сияқты барлық азаматтық қатынастарға жалпы және соларға ғана тән болуы мүмкін емес. Себебі азаматтық - құқықтық қатынастар өз еркімен көңіл білдіру нәтижесінде болмаса да пайда болады, олар әрі қарай әкімішілк құқықтық қатынастар сияқты мемлекеттің басқару актілерінен пайда бола алады, соңында бір әкімшілік акты азаматтық да және әкімшілік те құқықтық қатынастарын тудыра алады. Үшінші белгісі, азаматтық - құқықтық нормаларының ерекшелігінен көрінеді. Көптеген азаматтық - құқықтар нормалар, соның ішінде азаматтардың арасындағы қатынастарды реттейтіндер диспозитивтік сипатта болады. Бірақ бұл белгіге салыстырмалы мағынада күмән туғызу мүмкін емес, себебі әкімшілік құқықтық кейбір нормалары да диспозитивті болуы мүмкін, ал басқа жағынан алсақ, көптеген азаматтық - құқықтық нормалары, заңды тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар, әкімшілік құқықтық нормалары сияқты императивті сипатта болады. [4, 97б ] Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері: - бұл құқықтық қатынастар субъектілердің құқықтық теңдігіне негізделеді, сондықтан өзге құқықтық қатынастардан ажыратылады; - азаматтық құқықтық қатынастар заңнамаларда көзделген де, көзделмеген де негіздерден туындауы мүмкін; - азаматтық құқықтық қатынастардың жағдаяттарын және мазмұнын белгілеуде тараптардың келісімі басымдылыққа ие болады; - азаматтық құқықтарды қорғау тәртібі мен әдістері өзге құқықтық салалармен салыстырғанда ерекше болып табылады. Азаматтық құқық пəніне кіретін қоғамдық қатынастар тараптардың заңдық теңдігі əдісімен реттеледі. Тараптардың заңдық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастың негізгі қасиеті болып табылады. Осы қасиеттің жойылуынан құқықтық қатынас табиғаты да өзгереді. Азаматтық құқықтық қатынастарының түрлері: мүліктік және өзіндік мүліктік емес, абсолюттік және қатысты, заттық және міндеттемелік қатынастар. Осы үш жұп топтың мазмұнын оқып білгеннен кейін азаматтық құқықтық қатынастарың элементтерін (құрамын) талдау керек. Азаматтық құқықтық қатынастарының элементтері - ол азаматтық құқықтық қатынастарының тараптары, мазмұны, субъектілері мен объектілері. Азаматтық құқықтық қатынастарының мазмұны оның субъектілерінің субъективтік құқықтары мен міндеттерінен тұрады, және де олардың құқықтары мен міндеттері өзара тығыз байланысты болады. Субъективтік құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық құқықтық қатынастарының қатысушылары (субъектілері): құқылы жақ (несие беруші, кредитор) және міндетті жақ (борышкер) болып бөлінеді. Азаматтық құқық қатынастарының негізгі белгісі - қатысушыларының құқықтық теңдігі болады. Азаматтық құқықтық қатынастарының объектісі - олардың пайда болуына себеп болатын және субъектілерінің әрекеттері соған бағытталатын нәрселер болып танылады. Азаматтық құқық пәніне байланысты, бұл құқық саласының объектісі мүліктік (материалдық) және мүліктік емес (материалдық емес) өзіндікдара құқықтар мен игіліктер болады. ҚР АК 7-бабында аталған құқықтық фактілер азаматтық құқықтық қатынастарының пайда болу негіздері болып танылады. Сонымен бірге осы баптың бірінші тармағында айтылғандай, азаматтық құқықтық қатынастары азаматтық құқықтармен міндеттердің пайда болуына негіз болатын субъектілердің басқа әрекеттерінен де туындауы мүмкін, мұндай әрекеттер заңнамаларда аталмаса да, азаматтық құқықтың жалпы бастаулары мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туындатады. Құқықтық фактілер, еріктік белгілерге байланысты, оқиғалар мен әрекеттерге бөлінеді. Осыған орай, оқиғалар субъектінің еркіне байланыссыз пайда болады, ал әрекеттер тек субъектілердің ерік білдіруіне байланысты туындайды. Мысалы, мәміле (келісім шарт) жасасу - ол әрекет; ал су тасқыны, жер сілкінісі, адамның туылуы, қайтыс болуы - ол оқиғалар. Азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауына әкелдіретін қатысушылар әрекеттері заңды және заңсыз болады. [3, 17б] Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері оның мазмұнын құрайды. Субъективтік құқық дегеніміз құқық берілген адамның байқалатын мінез - құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Ол құқық берілген адамның белгілі дәрежеде өзінің әрекет ету (өзінің дұрыс әрекет ету құқығы) мүмкіндігінен немесе міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды (бөгде әрекеттер құқығы - талап ету құқығы) талап ету мүмкіндігінен көрінеді. Мысалы, автордың шығармасын жариялау құқығы, оған қол сұғылмау құқығы оның өз әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Керісінше, жалға берушінің өз мүлкін жалға беру шартында көрсетілген мерзім өткен соң қайтару жөніндегі құқығын міндетті адамның тиісті әрекеттер жасауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Қүұыұтық қатынастардың мазмұныны құрайтын элементтер - субъективтік құқықтар өзіндік және берілген субъективтік құқықтарға бөлінуі мүмкін. Иелерімен тығыз байланысты құқықтар өзіндік құқықтар деп аталады, (мысалы, белгілі бір аппараттың өнертапқышы аталу құқығы), осыған орай, барлық басқа өкілеттіктерді берілетін құқықтар деп атауға болады. Субъективтік міндет дегеніміз - міндетті адамның байқалуға тиісті мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұныны құрайтын субъективтік құқықтар мен оның қатысушыларының міндеттері өзара тығыз байланысты, әрбір субъективтік құқықтың тиісті міндеті бар және кересінше. Құқықтық қатынастардың бір тарабындағы субъективтік құқықтың міндетті адамнан белгілі бір әрекеттерді жасаулы талап етуіне келесі тараптың осындай әрекеттер жасауға бағытталған субъективтік міндеті сай келеді. Демек , құқық берілген адамның белгілі бір әрекетерменжасау жөніндегі субъективтік құқығына құқықтық қатынастардың келесі қатысушысының бұл құқықты жүзеге асыруға кедергі жасамау, оны бұзбау міндеті сәйкес келеді.
1.2. Азаматтық құқықтық қатынастың түрлері және ерекшеліктері
Азаматтық - құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық - құқықтық реттеудің объектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық құқықтық қатынастың түрлері. Азаматтық құқықтық нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады: 1)мүліктік қатынастар; 2)мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар; 3)мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес, өзіндік қатынастар. Сонымен қатар, азаматтық - құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады: а) абсолютті және салыстырмалы; б) заттық және міндеттемелік. А) Абсолюттік азаматтық - құқықтық қатынастар. Абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып шығады. Мысалы, меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға жатады, мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл құқықты бұзбау, оны жүзеге асыруға кдергі жасамау міндеті ұштасады. а) Салыстырмалы азаматтық - құқықтық қатынастар. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) міндетті болып табылады. Салыстырмалы құқықтық қатынастар құқық берілген тараптарың да, міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестелген болып табылады. Мәселен, зиян келтірген адам жәбірленушіге зиянның орнын толтыруға, сатып алушы өзі сатып алған заттың құнын төлеуге міндетті. Б) Заттық азаматтық - құқықтық қатынастар. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінің затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқылы болады ( өзі әрекет ету құқығы ). Заттық құқықтың субъектісі өзінің затқа деген мүддесін басқа адамдардың көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей әсер ету жолымен қанағаттандыра алады. Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады. б) Міндеттемелік азаматтық - құқықтық қатынастар. Міндеттемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа адамның белгілі бір әрекеттер жасауы жолымен қанағаттандырылуы мүмкін. Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды талап етеуге құқылы ( бөгде әрекет құқығы ). Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға міндетті. Міндеттемелік қатынастардың объектісі - зат болмауы мүмкін. [5, 13б]
2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
2.1. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
Азаматтық құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өзгереді және тоқтатылады, өйткенi, осы әрекеттер азаматтық заңнамада көзделмегенiмен, олардың жалпы бастаулары мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туындатады. Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардан және өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ азаматтық заңнамада көзделмегенімен, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн мәмiлелерден; 2) Қазақстан Республикасы заңнамасының күшімен азаматтық-құқықтық салдарларға алып келетін әкiмшiлiк актілерден; 3) азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеген сот шешiмiнен; 4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау, жою, сатып алу немесе оны иеліктен шығару, сондай-ақ мүлікке құқықтан бас тарту нәтижесiнде; 5) өнертабыстарды, өнеркәсiптiк үлгiлерді, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын және зияткерлік қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау салдарынан; 6) басқа тұлғаға зиян келтiру салдарынан, сол сияқты басқа тұлға есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан; 7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтық - құқықтық салдарлардың басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады, өзгереді және тоқтатылады. [6, 5б ] Азаматтық заңдағы құқықтық нормалар өз бетімен азаматтық құқықтық қатынастарды тудырмайды, өзгертпейді жəне жоймайды. Ол үшін құқықтық нормалармен қарастырылған жағдайлар туындауы қажет, оларды азаматтық заңды дерек деп атаймыз. Сондықтан заңдық деректер құқықтық норма мен азаматтық құқық қатынас арасындағы байланыстырушы бөлік түрінде көрінеді. Заңдық дерексіз бірде - бір азаматтық - құқықтық қатынастар бекітілмейді, өзгертілмейді жəне жойылмайды. Заңдық деректер азаматтық құқықтық қатынас негізінде жатқандықтан жəне оларды бекітуді, өзгертуді немесе жоюды тудыратындықтан, оларды азаматтық құқықтық қатынас негіздері деп атайды. Азаматтық заңда азаматтық құқықтық қатынастар негізі түріндегі бірнеше заңдық деректер қарастырылған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
Құқық
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Құқықтық қатынастар жайлы
Құқық нормасы түсінігі және белгілері
Құқық қатынастары туралы
Құқық - қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу жүйесінде
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
Құқықтық қатынастарының ұғымы, олардың белгілері
Пәндер