Жерге орналастыру жобаларын топтастыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ атындағы «КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ»
«Инжиниринг»факультеті
«Құрылыс инжиниринг»кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Жерге орналастыруды жобалау
Тақырыбы: Жерге орналастыру жобаларын топтастыру(классификациялау)
Орындаған:КАД-18-1 студенті Айтберген Ж.
Тексерген:аға оқытушы Есболай Г. И
Ақтау 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
I Теориялық бөлім . . . 6
1. 1. Жерге орналастыруды жобалау . . . 6
1. 2. Жерге орналастырудың мақсаты, міндеті және мазмұны . . . 9
1. 3. Жерге орналастырудың құрылымы . . . 12
1. 4. Жоба алды жұмыстар . . . 14
1. 5. Жалпы қағидалар . . . 16
ІІ. Негізгі бөлім . . . 19
2. 1. Жерге орналастыру жобаларын топтастыру . . . 19
2. 2. Жерге орналастырудың мазмұны мен шешетін мәселелері . . . 22
2. 3. . Жерге орналастыруды жобалау принциптері . . . 28
ІІІ. Қорытынды . . . 31
IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 33
КІРІСПЕ
Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.
ҚР Конституциясында 30. 08. 1995жылы референдумда қабылданған жерге негізгі мемлекеттік құқығы мен қатар жеке меншік құқығы тең заң шеңберінде және негізінде, жағдайында қабылданады.
Халық шаруашылығы салалары арасында және ауыл шаруашылық салалары ішінде жерге меншік және пайдаланушылар арасында, жерді бөліп беру, үнемі жер массивтеріне өнеркәсіп, энергетика, азаматтық және тұрғындық құрылыстар үшін беруді талап етеді. Сондай-ақ заңдамалар негізінде жер қатынастарын жетілдіру және реттеу қажеттігі туындайды.
Еліміздің біріңғай жер қорын басқару бойынша маңызды құрал ретінде, жер қатынастарын реттеуге. заң актілерінің қолдануын бақылауға және жеке меншік жер арендасында облыстарды пайдалану жағдайында жерге орналастыру қолданылады. Ол Қазақстан Республикасы жер заңдарына сәйкес жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Халық шаруашылық масштабында сала аралық немесе сала жоспары ретінде жүргізіледі.
Елімізде ауыл шаруашылығын жүргізудің аймақтық жүйесін өңдеп және енгізіп жатыр, ол жерге орналастыру негізінде жүзеге асады.
Шаруашылық ішіндегі аумақты ұйымдастыру ауыл шаруашылығы өндірісін жоспарлы негізде ұйымдастыруға болады.
Қазіргі күнгі жерге орналастыру өндірістің маңызды құралы, табиғи ресурс және операциялық базис ретінде, сондай-ақ жылжымайтын мүлік ретінде жер қатынастарын реттеуге, жерді толық және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған жер заңдарының жүзеге асуын, сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады.
Қазіргі жерге орналастыру елдің экономикасына, сонын ішінде аграрлық саласына жаңа нарық қатынастарын енгізумен байланысты. Ол Конституция мен жер заңдары негізінде жүзеге асырылатын аграрлық саясаттың құралы болып табылады.
Жер Кодексінде бұрынғыдай жер пайдалану мен жер иеленудің әр түрлі формалары мен ережелері ескерілген. Бұл заңның негізгі мақсаты жойылған колхоздар мен совхоздардың негізінде құрылған шаруа қожалықтарына, жауапкершілігі шектелген серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, қндірістік кооперативтерге, сонымен бірге ауыл тұрғындарының қосалқы шаруашылықтарының, қала тұрғындарының бау-бақшалығының, өнеркәсіп, энергетика және басқа да кәсіпорындарының қосалқы шаруашылықтарының әрі қарай дамуына қолайлы территориялық жағдай жасау.
Теориялық бөлім
1. 1. Жерге орналастыруды жобалау
Жобалау-жерге орналастыру процестерінің ең маңызды, көлемді және күрделі кезеңі болып саналады. Жобаны жасау және оны негіздеу-жерге орналастыру, іс барысындағы ең маңызды кезеңі.
Жерге орналастыруды жобалаудың заты-жоба шешімдерін орындау әдістері, оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және заңдылық негіздеу.
Жер заңдылығы бойынша бірде-бір мекеме, бірде-бір ұйым құрылыс жүргізу жұмыстарын, жер бөлу жобасы бойынша жер бетінде берілетін жер учаскесінің шекарасы түсірілмей, оның мөлшері анықталмай, бастауға тиісті емес. Сондықтан ең басты жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Қазіргі жерге орналастыру теориясы экономикалық, құқықтық проблемалар бойынша бұрынғы негізгі техникалық, техгологиялық аспектілерді сақтай отырып, қоғамдық құрылымдағы түпкілікті өзгерістерді ескеру негізінде жерге орналастыру жұмыстарында жоспарлы-таратушы жүйеден нарықтық қатынасқа өтуді талап етеді.
Бүгінгі күнде жерге орналастыру ғылымы зерттеудің қазіргі әдістерін кең қолданады:есептік-варианттық, статистикалық, монографиялық, экономика-математикалық, болжамдау әдістері және эксперимент жүргізу арқылы. Зерттеуде жерге орналастыру ғылымы диалектикалық-материалистік зерттеп білу әдісінің талаптарына сүйенеді фактілерді, құбылыстарды, қоғамдық категорияларды бір-бірімен өзара байланысты және тәуелді, статикалық емес, динамикада зерттеу, дамуды саннан сапаға көшу ретінде қарастыру, фактілерді және құбылыстарды зерттеуде қарама-қарсылықтардың бірлігі позициясынан қарау, жаңащылықты, прогрессивті, болашағы барларын табу.
Жалпы жерге орналастыру теориясы жобалаудың экономикалық мәнімен тығыз байланысты. Жобалау жұмыстарын ұйымдастыру әртүрлі болуы мүмкін:жер, су және басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі болжам сызбанұсқалар негізінде қабылданған жүйе ретінде қатаң орындалуы тиіс. Немесе ауданның жерге орналастыру сызбанұсқасын құрады, сосын шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын және ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын, экономикалық мүмкіндіктерінің пайда болуы мен талабының өсу шамасына қарай жеке учаскелерге әртүрлі шараларды қажет ететін учаскелік жерге орналастыру жобалары жасалады. Осы жолмен қабылданған аудан сызбанұсқасы мен жобалық шешімдер жекеленіп жүзеге асырылады.
Бірақ іс жүзінде әртүрлі жағдайлар кезігіп жатады, бұндай кездері көрсетілген қатаң жүйені сақтау мүмкін болмайды немесе қиынға соғады. Бұндай жағдайларда жобалық мәселерді шешу әдісі мен ұйымдастырылуы қатты өзгермейді, бірақ жобалық шешімдер әр жағдайға жеке таңдалып, орындалады. Дегенмен, кез келген жағдайда жобалау барысында, жерге орналастыру процесі толық орындалған немесе жеке жобалауды жүзеге асыруда жалпы қажетті басқару ережелерімен бірыңғай талаптарды, қағидаларды және нормаларды басшылыққа алу қажет. Жобаны жасау алдында дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұған мынандай бірқатар іс-қимылдар кіреді:
-жерге орналастыру процесіне қатысатын жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құрамы анықталады;
-жерге орналастыруды жүргізуге қажетті құжат-материалдар(құқықтық, планды-картографиялық, іздестіру, экономикалық т. б. ) жиналады;
-кәсіпорындардың шаруашылық аралық байланыстары;
-инфрақұрылымның орналасуы мен даму деңгейі;
-жер мен табиғатты қорғау жөніндегі талаптар;
-жобалық құжаттардың құрамы;
-жобаның ықтимал вартанттары және жалпы көріністері.
Жерге орналастыру жобасы дегеніміз-халық шаруашылығында, әсіресе ауылшаруашылығында жерді жаңаша орналастыруда жасалатын шаралардың жобасы және олардың тиімділігін экономикалық, техникалық және заңдық түрде дәлелдеу құжаттарының(есептеулер, сызбалар және т. б. ) жиынтығы.
Жерге орналастыру жобасы игерілгенде көптеген ауылшаруашылықтық және ауылшаруашылығына жатпайтын жер иеліктері мен жер пайдаланулар, жерге орналастыру объектілері пайда болады.
Жерге орналастыру жұмыстарының нәтижелері:
-жер пайдалудың экономикалық тиімді көлемі, орны және ыңғайлы шекарасы;
-тиімді орналастырылған шаруашылық орталықтары, ауыспалы егістер, жайылымдар, шабындықтар, жеміс-жидектер, жүзімдік кварталарды, басқа шаруашылық учаскелері, олардың экономикалық тиімді көлемдері, орналасуы және шекаралары.
Сондықтан жоба, әсіресе ауылшаруашылығы үшін, прогрессивтік технологияны енгізуде және өндірісті ұйымдастыруға негіз болып есептелінеді.
Жерге орналастыру жобаларындағы және сызбанұсқаларындағы өндірісті технологиялық ұйымдастыру мұқият экономикалық дәлелдеуге салынады.
Жоба екі бөліктен тұрады:мәтіндік және графикалық. Жобаның тиімділігін агроэкономикалық, инженерлік-экономикалық және сметалық-қаражатты егжей-тегжей дәлелдеу есептеулері және жобаның графикалық бөлігі бірге біртұтас жобалау-сметалық құжаттары болып келеді.
Жобаның графикалық бөлігінде:жобалау планы, жұмыс сызбалары, сызбанұсқалар және иллюстрациялау суреттері, графиктік диаграммалар жатады. Жобалау планы-негізгі құжат. Онда жер пайдаланулардың шекаралары, көлемі және орны көрсетіледі.
Ауылшаруашылығы мекемесі үшін жер пайдаланудың тек қана шекарасы мен мөлшері анықталып қоймай, әрі қарай ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы арқылы ауылшаруашылық өндірісіне прогрессивтік технологиялар енгізіледі, ауылшаруашылық алқаптарының құрамы анықталады, ауыспалы егіс жүйелері, онымен байланысты егіншілік және шаруашылық жүргізу жүйелері белгіленеді.
Ауылшаруашылық мекемесінің ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы оның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының негізі болады, жалпы шаруашылықтың құрылысын белгілейді.
Жерге орналастыру жобасын орындау дегеніміз-жобаны жер бетіне көшірі, жобаның барлық элементтерін игеру, жерге орналастыру материалдары мен құжаттарын рәсімдеу және тапсырма берушіге тапсыру.
1. 2. Жерге орналастырудың мақсаты, міндеті және мазмұны
Қазақстанда жүргізіліп жатқан жер реформасының негізі ретіндегі заң актілерінде, жер қатынастарын реттеудің негізгі жолдары мен принциптері белгіленген. Онда жер ресурстарының, бірінші кезекте, ауылшаруашылық мұқтаждықтарына, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және ұтымды пайдалануына бағытталған іс-шаралар көрсетілген. Бұд бағыттар жерге орналастырудың басты міндетін-ғылыми тұрғыдан негізделген, экологиялық-экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді жер иелену және жер пайдалану жүйесін, соңғысына сәйкесті территориялық реттілікті қалыптастыруды себептейді.
Қазақстан Республикасының жер заңдарында, жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі ретінде сипатталады. Бұның нәтижесіне қолайлы экологиялық жағдай қалыптасып, табиғи ландшафттар жақсаруға тиісті. Жалпы алғанда, қабылданған заңдар мен актілер-жер қатынастарын, жер иелену мен пайдалануды реттеуші негізі, ал жерге орналастыру өкіметтің және оның атқарушы органдарының осы актілерді жүзеге асыру жөніндегі тұрақты құралы болып табылады. Бірақ жерге орналастырудың экономикалық мәнін, жерде шаруашылық жүргізудің әртүрлі формаларын ұйымдастырудағы, сонымен қатар оның басқа инженерлік-экономикалық кешендермен байланысын, жермен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарын орналастырудағы ролі мен маңызын толығырақ көрсете отырып, мақсатын нақтылай түскен дұрыс болар.
Өндірістің, әсіресе ауылшаруашылық өндірісінің, жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, қай салада болса да жермен байланысты еңбектің өнімділігін арттыру-жерге орналастырудың мақсаты болып табылады.
Жерді жалпы өндіріс құралы ретінде ұйымдастыра отырып, жерге орналастыру, әр түрлі өнеркәсіптік, транспорттық, энергетикалық және басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, олардың технологиялық процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, территориялық негіздерін жасайды. Әсіресе жерге орналастыру, жер басты өндіріс құралы ретінде пайдаланылатын, ауылшаруашылық өндірістің тиімділігіне тікелей әсер етеді, өйткені бұнда жер тек қана операциялық базис бола қоймай, бүкіл кеңістік қасиеттерімен, бірінші кезекте құнарлылығымен, өндіріс процесінің нәтижелерін себептейді. Сондықтан жерге орналастыру жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды құрумен, оларды үнемі жетілдіріп отырумен, межелерін жүргізумен шектелмейді.
Ауыл шаруашылығы саласында жерге орналастыру ауылшаруашылық алаптарының құрамын, өндірістік бөлімшелердің, жұмысшы учаскелерінің, сонымен бірге ауыспалы шабындықтар мен жайылымдардың, жол торабы мен шараушылық орталықтарының орналасуын белгілей отырып, бүкіл өндірістің ұйымдастырылуына территориялық негіз қалыптастырады.
Жерге орналастырудың осы мақсатына сәйкес оның негізгі міндеттері айқындайды. Соңғылары жер заңдарымен себептеледі және мынадайларға саяды:
- Республика заңдарының негізінде жер қатынастарын реттеу:
- Жерде шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең даму жағдайларын жасау;
- Жердің ұтымды пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыру;
- Топырақтың құнарлылығын ұдайы өндіру, табиғи ортаны сақтау және жақсарту, тұрақты агроландшафттарды жасау;
- Жылжымайтын мүлік ретіндегі жердің рыногін қалыптастыру және дамыту.
Әрбір тарихи кезеңде жерге орналастырудың мақсат-міндеттеріне қарай оның мазмұны қалыптасып отырады. Қазіргі кезде ол мынадай жерге орналастыру іс-қимылдарын қамтиды:
а) респубиликалық, облыстық және аймақтық жерге орналастыру схемаларын, жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу;
ә) жаңа жер пайдаланушылықтарды құру, іс жүзінде барларын реттестіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау, учаскелері жер бетінде көрсету және межелерін жүргізу, оларды иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін құжаттарды дайындау;
б) елді мекендердің шекараларын белгілеу және жер бетінде көрсету, олардың жер шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобаларды жасау;
в) әкімшілік-территориялық құрылымдардың, айрықша қорғаудағы табиғи территориялардың және басқа да ерекше пайдаланудағы жер учаскелерінің шекаралары мен межелерін жер бетінде көрсету;
г) ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын, сонымен қатар жаңа жерлерді игеруге, бүлінгендерін қалпына келтіруге және басқа да жердің пайдалануына немесе қорғалуына байланысты жобаларды жасау;
ғ) жерді түгендеу, пайдаланылмай, орынды пайдаланылмай немесе берілген мақсатына сәйкес емес пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау;
д) топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақ, геоботаникалық және басқа зерттеу-іздестіру жұмыстарын орындау;
е) жер кадастры мен мониторингін жүргізу;
ж) жер ресурстарының күйі мен пайдалану жөніндегі кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау;
з) жерді бағалау жұмыстарын жүргізу.
Жерге орналастыру мазмұнының ең көлемді бөлігі болып ішкі шаруашылық жерге орналастыру және ауыл шаруашылық алаптарын жақсарту жөніндегі жұмыс жобаларды дайындау табылады.
Жердің ауылшаруашылық өндірістің басты құралы ретінде ұйымдастырылуының нәтижесінде, агроландшафтың экологиялық тепе-теңдігі және сонымен бірге нарықтық жағдайларда ұдайы өндірісті жүргізуге қажетті тұрақты кіріс қамтамасыз етіледі.
Жерді пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі әртүрлі жұмыс жобаларымен қатар, пайдалы қазбаларды өндіру немесе басқа антропогендік ықпалдардың салдарынан бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобалары жасалады.
Жерге орналастыру іс-қимылдарына осылармен бірге топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақ, геоботаникалық және басқа да зерттеу-іздестіру жұмыстарын, жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу, кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау, жерді бағалау жұмыстарын орындау жатады.
Жерге орналастырудың негізгі міндеті-ғылыми-техникалық прогрестің деңгейіне сәйкес жер ресурстарының ұтымды пайдалануы мен қорғалуын ұйымдастыру. Сондықтан да ол өндіргіш күштерінің дамуына қарай үнемі өзгертіліп және жетілдіріп отыруға тиісті.
1. 3. Жерге орналастырудың құрылымы
Реформаға дейінгі уақыттағы біршама тұрақты жер пайдаланушылықтарды құруға немесе реттестіруге қатысты жерге орналастыру жұмыстарының мазмұны шаруашылықаралық және ішкі-шаруашылық түрлеріне бөлінетін болатын.
Жерге орналастыру объектісіне қарай екі түр тармаққа ажыратылады. Олардың біреуі ауылшарушылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын құруға, қайта құруға, реттестіруге және жетілдіруге, екіншісі-әр түрлі мемлекеттік, қоғамдық және жеке шаруашылық мұқтаждықтарға жер бөліп беруге байланысты. Демек ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын құру.
Бұрын ішкі шаруашылық жерге орналастырудың екі формасы бөлінетін:жаппай ұжымдасу мен совхоздардың ұйымдастырудан кейінгі алғашқы жылдары ішкі колхоздық және ішкі совхоздық формалары болатын. Жерге орналастырудың бұл түрінде түр тармақтары белгіленбейді. Кейінірек, колхоздарда еңбек ақысын ақшалай төлеу енгізілгенде, МТС-ры жойылып, техника колхоздардың қарамағына ауыстырылғанда, ішкі колхоздық және ішкі совхоздық жерге орналастыру формадарының ешбір айырмашылығы болмады. Дегенмен, колхоздарда да, совхоздарда да олардың мамандандырылғанына, ұйымдастыру-шаруашылық құрылымдарына, жерлерінің реттестірілуіне байланысты өндірістерінің көлемінде, міндеттірінің мазмұны мен атқару әдістерінде, сондай-ақ ШЖО формаларында да айтарлықтай айырмашылық сақталды. Негізінен ШЖО тек сол шаруашылықтың ғана мүдделерін қозғайды.
Жерге орналастыру құрамында оның тек екі түріне белгілегенде жер категориялары мен жерге орналастыру іс-қимылдарының мазмұны толық қамтылмайды, өйткені олардың кейбіреулері халық шаруашылығы салалары мен әкісмшілік-территориялық бірліктерге, ал кейбіреулері тек жеке кәсіпорындарға қатысты.
Қазіргі жерге орналастыру салааралық сипаттағы, жалпы республика, сонымен бірге халық шаруашылығының жеке салаларының көлемінде, жердің пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған іс-қимылдарды қамтиды. Сондықтан қазіргі кезде жерге орналастыру құрамында салаарылық жерге орналастыру анық белгіленіп отыр.
Жерге орналастырудың екінші түрі-шаруашылықаралық жерге орналастыру бір топ шаруашылықтың, ал кейбір кезде бүтін аудандардың территориясында жүргізіледі, бірақта тек жеке саланың шеңберінде. Нақтылы түрде ШАЖО әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес заң тұлғалары мен жеке тұлғалардың мүдделерін, олардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтарын құру немесе қайта құру арқылы қанағаттандырып отырады. Оның түр тармақтары ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес жерлерде жүргізілуіне қарай ажыратылады.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру тек ауылшаруашылық кәсіпорындарының, серіктестіктердің, кооперативтердің және ШФҚ-ның щеңберінде ғана жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты жерді өңдеудің жаңа технологиясын енгізуге, топырақты әр түрлі техногендік және табиғи теріс ықпалдардан қорғауға, мәдени ландшафтарды жойылудан сақтап қалуға және жаңаларын қалыптастыруға қолайлы территориялық реттілік жасау.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру формаларының бөлінуі тәлімі және суармалы егіншілік аймақтарында жобалық міндеттердің әртүрлі әдіс-тәсілдері арқылы орындалуымен себептеледі.
Тәлімі егіншілік аймақтарында жер учаскелерінің пайдалануы топырақ қорғау жүйесін, эрозия қауіптілігін, жердің сортаңданғандығын және басқа да осы тәріздес теріс ықпалдарды ескере отырып ұйымдастырылады. Осымен қатар басқа территориялардың да ерекшеліктері ескерілуі мүмкін. Суармалы егіншілік дамыған аймақтарда ішкішаруашылық территорияны реттестіру, суару және коллекторлық-дренаждық жүйенің, оның жеке элементтерінің орналасуымен, суды пайдалану мәселелерімен тығыз байланысты.
Учаскелік жерге орналастыру жеке учаскенің немесе алап түрінің шеңберінде жүргізіледі.
Жерге орналастырудың бұл түрінде жұмыс жобаларының типтеріне қарай мынадй түр тармақтарын белгілеуге болады:
- ауылшаруашылық алаптарды жақсарту;
- бүлінген жерлерді қалпына келтіру;
- жаңа жерлерді игеру;
- культуртехникалық шараларды жүргізу;
- эрозияға қарсы шараларды жобалау;
- мелиоративтік шараларды жоспарлау.
1. 4. Жоба алды жұмыстар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz