Қазақстан Республикасының экономикалық потенциалы
Еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен рөлі
Мазмұны
Кіріспе
1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық
экономикадағы алатын орны мен рөлі
1.1. Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктері
1.2. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі
2-тарау. Біріккен кәсіпорындар-халықаралық еңбек бөлінісінің
негізгі объектісі
2.1. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың қазіргі жағдайын анализдеу
2.2. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың даму деңгейіне баға беру
3-тарау. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындардың дамыту болашағы
3.1. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісінің қатысу болашағы мен кейбір мәселелері
3.2. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әлемдік экономикадағы құрылымдық өзгерістер интерназионализациялау процесінің белсенділігіне қолайлы жағдайлар туғызды, ол бұл елдердің дамуына әсер етуші факторлар мен жағдайлардың түбегейлі өзгеруіне алып келеді және осы мемлекеттердің ұлттық үлесінің қысқарып, ұлтаралық үлестің өсуіне алып келеді.
Технология деңгейінің тез өсуі мен жаңа қаржылық орталықтардың қалыптасуы кезінде интернационализациялау процесі трансұлттық компаниялар деңгейімен ғана шектелініп қоймай, мыңдаған ұсақ және орта кәсіпорындарды да қамтиды. Оларға тән қасиеттердің бірі экономикалық интернационализацияның әртараптандыру нысандары болып табылады. Олардың ішінде қазіргі кезеңде ең маңыздылысы біріккен кәсіпорындар.
Халықаралық біріккен кәсіпкерліктің дамуының кең тәжірибесі оның бейімділік қабілетінің жоғарлығын, біріккен, компаниялардың икемділігі, экономикалық прогрестің жаңа жетістіктерін қолдануда білімділігін, олардың әлемдік нарық өзгерістеріне өз тактикасы мен стратегиясын тез бағыттай алу қабілеттілігін көрсетеді.
Қазақстанда тұрақтылықтың негізгі нақты шамалардың бірі болып әлемдік ғылым мен техника - жетістіктеріне қол жеткізу, өндірісті ұйымдастыру мен басқару тәжірибесін үйрету қойылған.
Қазіргі кезеңдегі біздің еліміздің даму кезеңі барлық қоғамдық өрісінде динамикалық және сандық өзгерістермен ерекшелінеді. Жаңарту және демократия процесттері барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік институттарды қозғайды.
Шаруашылықты әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесінен бас тартып, біртіндеп қатаң орталықтан жоспарлану мен шаруашылық қызметкерлерінің кейбір түрлеріндегі монополия үстемдігін жоя отырып, экономикалық қарым-қатынаста және ресурстарды пайдалануда икемделіп туындады.
Нарықтық экономикаға көшу кезеңі басталды. Нарықтық қатынастарды ынталандырып және реттейтін көптеген заңдар мен қаулылар қабылданды.
Халықаралық экономикалық қатынасты, зерттеуде, оның объективті негізгі ұлттық экономикадағы сияқты еңбек бөлінісі және айырбас екендігін, бірақ халықаралық деңгейде қарастырылатынын ескерген жөн. Халықаралық еңбек бөлінісі жекеленген елдер шеңберінде жоғарғы техникалық деңгейде қазіргі өнім түрлерінің бәрін өндіру мүмкін болғандықтан нәтижесінде пайда болды. Ол көптеген елдердің өздерінің артықшылықтары бар салаларда мамандануына алып келді. Өздерінде жоқ өнімдері олар импорттауды жөн көрді. Осының бәрі халықаралық айырбасқа, яғни халықаралық экономикалық қарым-қатынасқа әкеледі. Сонымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі халықаралық экономикалық қатынас дамуына ықпал етеді деп тұжырымдай аламыз.
Қазақстан Республикасы да халықаралық еңбек бөлінісі процесіне енген. Оның орны мен рөлі дамуымен, сонымен қатар табиғи және жасалынған артықшылықтармен, әсіресе біздің еліміз минералды шикізатқа маманданған және олардың техника-экономикалық көрсеткіштерімен анықталады. Осының негізінде біздің еліміздің сыртқы саудасы құрылады: шикізат экспорты, дайын өнімдер импорты. Бірақ егер Қазақстан экономика деңгейін көтергісі келсе, дайын өнімдер өндірісін көтеру қажет, ол елдің халықаралық экономикалық қатынаста орнын көтерер еді, ал қазір біз өнеркәсібі дамыған елдердің шикізат көзі болып отырмыз. Ол үшін экспорт-импорт саясатына реформа жүргізу қажет, сонымен қатар ұлттық өндіріс деңгейін көтеру тиіс.
Біріккен кәсіпкерлік Қазақстан сыртқы экономикалық қызметінің жаңа механизмінің дамуы мен қалыптасуында үлкен рөл атқарады және бірқатар мәселелерді шешеді: біріншіден, батыс технологиясы мен техникасын өндіріс процесі кезінде біріктіреді және экономикаға шетел қаржыларын таратады; екіншіден, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруда ТҰҚ тәжірибелерін пайдаланады; үшіншіден, табыстың нақты валюта көзі рөлін атқарады; төртіншіден, сыртқы нарыққа ену мәселелерін шешеді; бесіншіден, тұрғындарды жұмысбастылықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Осыған байланысты біріккен кәсіпкерлік даму процесін және республикадағы экономикалық механизмдерін зерреу өте маңызды мәселе болып табылады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстың жаңа түрі ретінде халықаралық еңбек бөлінісі кезінде біріккен кәсіпкерліктің экономикалық тетіктерін, сипатын, түрі мен артықшылықтарын зерттеу, сипатын, түрі мен айырмашылықтарын зерттеу, оның транзиттік экономика жүйесіндегі әлеуметтік мүмкін боларлық жолдарын анықтау.
1-ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ

Халықаралық экономикалық қатынастардың мәнін және мазмұнын анықтайтын категориялардың бірі - халықаралық еңбек бөлінісі. Қазіргі уақытта халықаралық еңбек бөлінісіне тартылмаған елдер жоқтың қасы. Өндіргіш күштердің ғылыми - техникалық прогресс әсерімен жедел дамуы халықаралық еңбек бөлінісі тереңдеуінің негізгі кепілі.
Халықаралық еңбек бөлінісі -- қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысы; әлемдік өндірістің даму сатысы.
Ол бір ел шеңберінде ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық, аумақтық еңбек бөлінісіне негізделеді. Еңбек бөлінісінің бұл сатысында мемлекеттер шикізаттың, тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруге, қызметтердің жекелеген түрлерін көрсетуге, яғни жекелеген елдер өнімнің осы елдер айырбастайтын белгілі бір түрлерін өндіруге маманданады. Халықаралық еңбек бөлінісі халықарлық сауда мен әлемдік нарықтың белсенді түрі және тұрақты дамуының аса маңызды факторы болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің даму дәрежесі әлемдік қоғамдастықтың жекелеген елдерінің өндіргіш күштерінің дамуымен айқындалады. Жекелеген елдердің табиғат және климат жағдайларындағы айырмашылық, олардың аумақтарында түрлі пайдалы қазбалардың, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің болуы, тауарлардың белгілі бір түрлерін жергілікті шикізатты пайдалану негізінде өндіру Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болып, дамуы үшін объективті негіз болып табылады. Халықаралық капитал еңбек бөлінісі халықаралық нарықтың және елдер арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да нысандарының негізіне алынады, олардың ұлттық шаруашылықтарын дүниежүзілік шаруашылыққа біріктіру факторы ретінде пайдалынылады. Фирмааралық кооперация, осы елдердің біріктірілген топтарының құрылуы да елдер арасындағы еңбек бөлінісінің тереңдеуіне септігін тигізеді. Қазіргі елдердің, әдетте толып жатқан халықаралық мамандану бағыттары болады, олар осы бағыттар үшін бір-бірімен жиі бәсекеге түседі. Мысалы., дамыған бірқатар елдер радио, бейне, аудиотехниканы өткізу нарығы үшін өзара күресуде (АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, т.б.). Кейбір шағын елдер өз тауарларын барынша жетілдіріп, халықар. нарықтардан өзіне кішкене саңылау табады. Мәселен, кішкентай елге жататын Люксембург жоғары сапалы жасанды тіс өндіруге маманданған, Швейцария ұзақ уақыт бойына сағат өндіруге маманданды. Нарық үшін, әсіресе, өтімді немесе қымбат тауарлар нарығы үшін күрес барысында халықар. монополиялар мен ұлтаралық корпорациялар құрылады, олар нарыққа ықпал ету аясын бір-бірімен бөліседі, өз талаптарын әлсіздеу елдерге және елдер тобына күштеп таңып, олардың дамуын тежейді.
Халықаралық еңбек бөлінісі қатысушы елдер мен аймақтарға қосымша экономикалық тиімділік келтіріп, олардың өз қажеттіліктерін неғұрлым аз шығындармен қамтамасыз етуге жол ашады.
Халықаралық еңбек бөлінісі - ел ішіндегі және еларалық бөлінісінің қорытындысы. Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні өндіріс процесін бөлшектеу мен біріктірудің диалектикалық бірлігінен көрінеді.
Қоғамдық еңбек бөлінісі өндірістік әрекет түрлеріне байланысты мынадай нысандарға бөлінеді:
1) қоғамдық еңбек бөлінісінің жалпы түрі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, қызмет көрсету т.б.);
2) қоғамдық еңбек бөлінісінің дербес түрі (сала ішіндегі еңбек бөлінісі);
3) қоғамдық еңбек бөлінісінің жеке-дара түрі (кәсіпорын ішіндегі еңбек бөлінісі).
Еңбектің аймақтық бөлінісі ел ішіндегі бөлініс және еларалық бөлініс болып келеді.
Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысатын көптеген елдердің кәсіпорындары ішкі тұтынушылық немесе өндірістік сұранысты қанағаттандыруға қажетті өнімді мөлшерінен тыс анағұрлым көп өндіреді. Әр елдің шаруашылық субъектілері саналы түрде артық өнім өндіре және өзіне қажетті басқа елдердегі артық өнімді иелене отырып, оны әлемдік нарыққа өткізеді. Әрбір ел өндірісте белгілі бір тауар топтарына мамандануды жетілдіре, нығайта отырып, халықаралық нарықта басқа маманданған елдермен өздеріне қажетті тауарларды басқа тауар топтарына айырбас жасау арқылы алады. Нәтижесінде халықаралық еңбек бөлінісі әлемдік экономиканы ұйымдастырудың тәсілі ретінде көрінеді, яғни әрбір елдің кәсіпорындары белгілі бір тауарлар мен қызметтер өндіруге маманданады, одан кейін олармен айырбас жасайды.
Экономикалық ғылымда халықаралық еңбек бөлінісі туралы төмендегідей негізгі экономикалық теориялар қалыптасты.
Халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі ілімін абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы құрайды. Классикалық осы теория Адам Смит мен Давид Рикардоның XVIII ғасырдағы еңбектерінде айтылған. Аталған теорияның пайымдауынша: әрбір ел басқа елге қарағанда, еркін нарық жағдайында өндірісіке аз шығын жұмсайтын тауарға маманданғаны дұрыс. Осы теорияның олқылықтары мынада: мұнда еңбек бөлінісінің жүзеге асуын қысқарған үрдісте - екі ел мен екі тауарға арнап қарастырған. Демек,бұл салыстырмалы артықшылықтың жалпы моделі ғана. Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда халықаралық еңбек бөлінісіне көптеген факторлар әсер етеді. XIX-XX ғасырдың басында халықаралық еңбек бөлінісін дамытуда жаңа үрдіс пайда болып, салыстырмалы артықшылық теориясына белгілі өзгерістерді енгізуді талап етті.Ол швед экономистері Эли Хекшер мен Бертели Олиннің өндіріс факторы теориясында көрсетілген еді. Олардың теориясы XX-шы ғасырдың 30-шы жылдарында дүниеге келген.
Көптеген елдердегі халықаралық өндірістің мамандануын осы авторлар үш фактордың - еңбек капитал және табиғи ресурстармен қамтамасыз етілудің әр түрлілігімен түсіндіреді. Мысалы,"арзан еңбектің" артық болуы еңбек көп жұмсалатын өнім (тоқыма, киім, пайдалы қазбаны алу) өндірісіне маманданып, капитал артықтығы- капитал көп жұмсалатын өнім (машина, ірі құрал-жабдықтар) өндірісіне мамандануды айқындайды. Аталған теория халықаралық еңбек бөлінісіне шындық тұрғысынан толық түсінік бере алады.
Американ экономисі В.Леонтьев 1953-ші жылы Э.Хекшер мен Б.Олин теориясына тағы бір фактор қосты . Онда елдердегі білікті және біліксіз еңбекті ескеру халықаралық еңбек бөлінісіне кәдімгідей әсер ететіндігін айтты.
Қазіргі кезде американың экономист ғалымы,социолог Майкл Портердің 1961-ші жылы ашқан "технологиялық алшақтық " теориясы ерекше орын алады. Оның айтуынша, халықаралық нарықта жаңа тауардың пайда болуы жаңа технологиямен, жаңа ғылыми- техникалық әлеуетпен байланыстырылып, олар жаңа тауарды аз шығынмен шығаруға ықпал жасайды.
Жаңа енген техниканы ынталы пайдаланатын фирмалар мен корпорациялар халықаралық өндірістің мамандануына жаңа көздер ашады.
Соңғы жылдары өнеркәсібі дамыған елдердегі экономистер "өнімнің өміршең циклы" теориясына ерекще мән беріп, тәжірибеде қолдануда. Бұл теорияны дүниеге әкелген американың ғалым-экономистері - Раймонд Вернон мен Эдвин Линевилл. Осы теория халықаралық монополияның дүниежүзілік нарықтағы стратегиясынан нәр алады.
Өнімнің пайда болуын бірінші сатысы кезінде монополия ішкі нарық сұранымын қанағаттандырады. Екінші сатыда монополия басқа елдердегі өндірушілер санын арттыруға ұмтылып, өндіріс шығындары алғашқы екі сатыдағы жағдайға қарағанда төмен болады.
Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Қорытындысында, өндіріс нәтижесін, ғылыми - техникалық қызметтер, тауарлармен алмастыру жағдайын туғызады, халықаралық сауда дами түседі.
Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болуы, оның дамуы мен тереңдеуі өндіргіш күштердің өсуімен анықталады. Халықаралық еңбек бөлінісінің қалыптасуы ірі машина өндірісіне байланыстырылып, одан шикізатпен жанар - жағар май өнімдерін барынша арттыруды талап етеді. Көптеген елдерде қалаға шоғырландырудың өсуін тудырып, азық-түлік тауарларына, ауыл шаруашылық өнімдеріне сұранымды кәдімгідей арттырады.
Халықаралық еңбек бөлінісін негізінен үш типке бөледі: жалпы, жеке және ерекше. Жалпы халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз-(бұл ұлттық экономикадағы қоғамдық еңбек бөлінісіне тән) еңбек бөлінісінің өндіріс саласымен жіктелуі. Мысалы: өңдеу мен кен қазу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп т.б. Бұл жағдайда жеке елдердің аймақтық мамандануы қалыпты табиғи-климаттық жағдаймен айқындалады. Ал, халықаралық еңбек бөлінісінің байқалуы экспорт- елдердің индустриялдық, шикізаттық және аграрлық бөлуінен білінеді.
Жеке халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз - елдердің дараланған белгілі өндіріс саласының дайын өнімге мамандандырылуын айтамыз. Халықаралық еңбек бөлінісінің бұл түріне жоғары деңгейдегі өнеркәсіптің жіктелуі тән. Ерекше халықаралық еңбек бөлінісі-деп әртүрлі елдердің дараланған тетік, деталь, агрегаттар мен өнім компоненттерін дайындауын айтамыз.Осы аталған технологиялық саты - өндіргіш күштердің жоғары дамыған дәрежесіне сай келеді және ол ең жоғарғы тип болып келеді.
Халықаралық еңбек бөлінісінің аталған типтері көбіне қабысып жатады. Қазіргі жағдайда ерекше халықаралық еңбек бөлінісінің басым болу үрдісі анық байқалады. Сондай-ақ оның барлық типтері бөлшек және кооперациялық мамандандырылумен толықтырылып, өндіріс процесі кооперацияланады. Мысалы, американың "Форд Моторс" концерні құрастыруға қажет материалдарды 25 мың шет ел фирмасынан сатып алады. Осындай жағдай "Рено" (Франция), "Фиат" (Италия), "Тойота мен Ниссан" (Жапония) концерндерінде және т.б. байқалады.
Өндіргіш күштердің өсуі, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі шаруашылық өмірді интеграциялауға алып барады. Немесе елдер мен халықтардың арасындағы тұрақты экономикалық байланысты дамытып, ұлғаймалы өндіріс процесінің ұлттық шеңберден шығуына ықпал жасайды. Өндіргіш күштердің интеграциялануының өсуі, оның бүкіл дүниежүзілік ауқымдағы экономикалық прогресті қамтамасыз ету шеңберін арттырады. Халықаралық айырбас көбінесе түрлі елдердегі кооперативті кәсіпорындардың арасындағы тауардың жеткізілуін ертерек келістіретін орын түріне айналды. Өндірістің кең көлемді дамуы шикізат пен жанар майды ғаламдық деңгейде қамтамасыз етуді алға қояды және өнімді жаппай экспорттауды талап етеді. Импорттық шикізат пен жанар майды тұтыну АҚШ-та 13 есе құраса, Батыс Европада шамамен 23, Жапонияда 45 шамасында. Кәсіпкерлер ұлттық нарық шеңбері ауқымына ерекше назар аударуда. Экспортқа жалпы ұлттық өнімнің АҚШ пен Жапонияда-10%, Канада, Франция, Германия, Англия, Швеция, Италияда-20-25%-ы шығарылады екен. Өндіргіш күштерді интеграциялау бүкіл дүниежүзілік шаруашылықтың бір-бірімен байланысын тереңдете түседі. Халықаралық еңбек бөлінісіің жетістігін қолдана отырып, дүниежүзілік шаруашылыққа енетін әрбір ел қоғамдық еңбекті үнемдеуге мүмкіндігі бар. Әсіресе, қажетті машина, жабдықтар, тұтыну тауарлары, қызмет көрсету өндірісінің жаңа түрлерін жасай отырып, оларды басқа да елдермен алмасуы керек.
Халықаралық еңбек бөлінісінің бүкіл дүниежүзілік мүмкіндігін пайдалану нәтижесінде елдер арасында экономикалық қатынастардың қалыпты, жан-жақты байланыстардың болуына жағдай туады.
Бүкіл дүниежүзілік халықаралық еңбек бөлінісі - халықаралық экономикалық тұрақтылық пен әлемдегі бейбітшілікті орнатудың басты факторы болып табылады.

Қазіргі кезде дүние жүзіндегі бірде-бір ел, ғылыми-техникалық және экономикалық потенциалына тәуелсіз, өзінің оптималды қызметін сыртқы экономикалық байланыстарынсыз, яғни басқа елдермен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерінсіз қамтамасыз ете алмайды. Бұдан "тәуелсіздік" анық көрінеді, елдің экономикалық даму дәрежесі неғұрлым жоғары және ішкі нарық неғұрлым тар болса, соғұрлым бұл ел жоғарғы дәрежеде халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне тартылу керек.
Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу сипатын түбегейлі түрде өзгерте отырып, дүниежүзілік нарықта жаңа өзгерістерге ие болып жатыр.
Бұрынғы КСРО-да өндірістің интернационализациялануы "жоғарыдан" әкімшілік басқару арқылы, саяси деңгейде жүргізілді.
Экономикалық өзара көмек кеңесі (ЭКК) елдері сыртқы экономикалық қызметінде бір-біріне бейімделеді. Интеграция механизмі келесі элементтер көмегімен жүзеге асырылады:
біріккен жоспарлы іс-әрекет;
ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;
өндірістің мамандануы және кооперациялануы;
халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі сыртқы сауда мына принциптер арқылы жүзеге асырылды:
"шикізат - дайын өнім";
"дайын өнім - дайын өнім".
- "шикізат - дайын өнім" принципі "КСРО - экономикалық өзара көмек кеңесі елдерінің" қарым-қатынасына тән болған.
Дүниежүзілік нарықтық кеңістікте Қазақстанның өз бетімен экономикалық дамуы болашақта дүниежүзілік нарықта дұрыс бейімделуі және халықаралық еңбек бөлінісінде өз орнын табуы үшін сауатты капитанның бар болуын қажет етеді. Бұл үшін біз қандай өнеркәсіп өндіріс салаларында бірінші орындамыз, қандай салаларда монополист болып табыламыз, қандай салаларда дайын өнім сатып алуымыз керек, ішкі нарықта өніммен қамтамасыз ету үшін қандай салаларында өндірісті дамыту, қандай салалларда ОПЕК сияқты картель типіндегі біріккен мемлекет аралық кәсіпорындарды құру керек екендігін анықтау қажет.
Дүниежүзілік өндірісте түсті металлургия, уран рудасы, фосфор тыңайтқыштары, алтын өндіру т.с.с. салаларында алдыңғы орында тұрғанымызбен, Қазақстанды дүниежүзілік нарықта шикізатпен жабдықтаушы ретінде емес, дайын өніммен және жартылай фабрикатпен жабдықтаушы ретінде танытқан біріккен мемлекетаралық кәсіпорындарды құру жолдарын іздестіруіміз керек. Мұндай жағдайдан біздің республикамыз серіктесінің имиджін пайдалану арқылы шыға алады. Дүниежүзілік нарық - бұл "ерке қыз" және оның көңілін таба білу керек екендігін ұмытпау керек.
Қазақстан Республикасының экономикалық потенциалы. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан территориясы бойынша Ресей Федерациясынан кейін екінші орында, оның территориясы 2717,3 мың шаршы километр. Қазақстан территориясына барлығын қосқанда 240 млн. адам тұратын, сегіз еуропа мемлекеттері сияды: Франция, Испания, Италия, Португалия, Швеция, Норвегия, Греция және Финляндия. Республика 14 облыстан, 198 ауданнан, 82 қаладан тұрады, ол көптеген жер ресурстары мен пайдалы қазбаларға бай. Қазақстан сирек кездесетін табиғи байлықтарға ие.
Бұл, ең біріншіден, мұнай. Мұнайдың негізгі кен орындары Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында шоғырланған. Зерттелген мұнай қоры - 4,5 млрд.тоннаны; 5,9 трлн.куб.м. газды құрайды.
Тас көмір. Тас көмірдің 200 млрд.тонна қоры бар. Тас көмірдің негізгі кен орындары Қарағанды (кокстелген көмір), Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстарында шоғырланған. Тас көмірдің бірден-бір кен орны бар. Шұбаркөлдік кен орны, мұндағы тас көмірдің қоры 2 млрд.тоннаны құрайды.
Темір рудасы. ТМД елдерінің ішінде қор көлемдері бойынша (8 млрд.т.) Қазақстан Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында. Негізгі қоры Қостанай облысында шоғырланған (Сарыбай, Кашир, Лисаковск). Хром қоры Ақтөбе облысында шоғырланған (ТМД қорының 90 %).
Фосфор. Фосфордың дүниежүзілік қорының 60 % Жамбыл облысында шоғырланған. Шынында да дүние жүзіндегі екі ел фосфор тыңайтқыштары жөнінен монополистер болып табылады: Қазақстан және АҚШ.
Техникалық алмаздардың - 60 %, түсті металдардың - 97 %, ТМД күміс қорының - 60 %, сонымен қатар уран рудасының дүниежүзілік қорының 40-45 % (МАГАТЭ берілгендері бойынша) Қазақстан территориясында шоғырланған. Республикада алтынның едәуір қоры, ванадий, вольфрам және т.б. түсті металдар көп кездеседі. Қазақстан территориясынан Менделеев таблицасындағы 99 элемент табылған. Республика өнеркәсіп өндірісінің даму деңгейі әлсіз дамыған елдер деңгейімен тең, бірақ та республиканың дамыған елдер әлемдік жүйесінде өз "тетігін" (ниша) талап ете алатындай өнеркәсіп салалары бар. Бұл - әскери-өнеркәсіп кәсіпорындары, Байқоңыр космодромы және басқа да салалар.
Қазақстанның орны толассыз байлығына оның жері жатады. Жалпы жер ауданы - 272,5 млн.га., оның ішінде ауыл шаруашылық жерлеріне - 93,4 млн.га., ауыл шаруашылық дәнді дақылдарына - 35 млн.га., оның ішінде бидай дәнді дақылына 23 млн.га. жер берілген.
Қазақстанда ғылыми және техникалық потенциалы, мәдениеті, ғылымы, білім беру жүйесі жақсы дамыған.
Экономикалық потенциалы негізінде сыртқы сауда және халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу саясаты құрылған болатын. Республиканың қазіргі кезде не нәрсе маманданғанын, халықаралық еңбек бөлінісіндегі оның рөлі мен орнын анықтау үшін, Қазақстанның экспорттың потенциалын қарастырайық.
Қазақстанның экспорттық потенциалы. Көптеген елдер нарықтық экономиканың негізін құруда негізгі көңілді өнеркәсіп өндірісінің бәсекелестік қабілеттілігін жоғалатушы факторы екен мерзімі жеткен мәселелерді шешудің қысқа жолы ретінде экспорттың дамуына бөлді. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының қандай мүмкіндіктері бар?
Қазақстанның экономикалық жағдайы оның байлығымен, яғни Қазақстанның басқа да тауар өндірушілермен бәсекелестікке түсе алатын және әлемдік нарыққа шыға алатын ресурстармен анықталады.
Ең алдымен, әлемдік шикізат нарығын тауар өндірушілер өзара бөліп алған және де онда бос "тетік" жоқ, тек қана бәсекелестік күрес өмір сүруде. Екіншіден, шикізат әлемдік нарыққа төмен бағалармен шығарылады, сонымен қатар қазақстаандық шикізат жабдықтаушыларының имиджі жоқ, және де өнімдерінің сапасы әлемдік сертификатқа сәйкес келмейді. Әлемдік тұтынушы шикізатты тура белгіленген уақытында және сапасы жоғары шикізатты сатып алуға әдеттенген. Сондықтан да, әлемдік нарықта өз "тетігін" табуы үшін, көптеп күш жұмсау керек.
Социализм тұсында республика мынандай жағдайда болды: соншама тонна тас көмір, мұнай, бидай, түсті металдар және т.б. өндіре отырып, өз тұтынушыларымен қарым-қатынасқа да, дүниежүзілік нарықта бәсекелестікке де түспеген, сонымен қатар дүниежүзілік нарық конъюктурасын зерттемеген. Бірақ, тәуелсіздік алғаннан кейін, республика өз өнімдерін экспорттауда, тұтынушылармен қарым-қатынастар жасауда, дүниежүзілік нарық конъюктурасын зерттеуде алғашқы қадамдар жасай бастады.
Экспорттық -импорттық операциялар - Өнеркәсіп және сауда министірлігімен және Қазақстанның экономикалық даму сыртқы сауда ұйымдарымен және басқа да маманданған ұйымдармен үкіметаралық келісім негізінде, мемлекеттің қажеттілігі үшін еркін сауда шарттары негізінде өнімдер экспортты мен шикізат, азық-түлік, медикаменттер импортына лицензиялар мен квоталар негізінде, сонымен қатар тіккелей тауар өндірушілер - біріккен, шағын, жеке кәсіпорындар, кооперативтер негізінде жүзеге асырылады.
Сыртқы сауда тауар айналымында орында Қытай, Швейцария, Алмания, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Турция, Чехия, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Жапония алады, ал Азия елдерінің үлесіне сыртқы сауданың - 28 % тиеді.
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2014 жылы жалпы 29539.5 млн. АҚШ доллар құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 4406,2 млн. АҚШ доллар. Бұны біз келесі кесте арқылы көре аламыз.
1-диаграмма. Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі экспорттың және импорттың үлесі (2016 жыл, желтоксан)
2014 жылы жалпы көлемі қиыр шетелге 48 %, таяу шетелге - 52 % жеткізілген. Қазақстан ТМД импорт көлемі бойынша Ресей (84,7 %) мен Украинадан (5,9 %) кейін үшінші (2,9 %) орында.
Қазақстан экспортының құрылымында металл бұйымдарының үлес салмағы жоғары: минералды өнімдер және химиялық өнімдер, ал машина мен құралдардың үлес салмағы төмен.
Табиғи күйінде жеткізілетін өнімдер қатарына мыс, қара металдар прокаты, ферроқоспалар, мырыш, мұнай, мазут, отын және тыңайтқыштар жатады. Осы тоғыз шикізат өнімдерінің үлесіне экспорттың 54 % келеді.
Бұдан біз Қазақстан Республикасының қазіргі кезде шикізат және материалдар экспортына бейімделгендігін және табыстарға жетуде басқа елдер алдында артықшылықтарымыздың бар екендігін көре аламыз.
2016 жылғы желтоқсанда импорттаушы елдердің үлес салмағы
2016 жылдың желтоқсанында Қазақстаннан түрлі тауар топтарының импорты
Яғни мұндағы тауар бойынша негізгі үлесін машиналар мен құрал-жабдықтар құрайтындығын анық көріп отырмыз.
Импорттық саясат ең алдымен импортты қатаң түрде бақылауға бағытталуы керек.
Қазіргі кезде республика территориясына негізінен ішімдік бағыттағы және төменгі сапалы тауарлар енгізіледі, сондықтан бұларға тосқауыл қою керек. Ұлттық өндіріске зиян келтіретін өнімдердің енуін жанама әдістер арқылы шектей отырып, халықаралық тәжірибеге сәйкес импортты тергеу керек және Қазақстан өз бетімен жүзеге асыра алатын импорт алмастырушы өндірісті дамытуы керек. Импорттық тауарларды сатып алуға валюталық кірістердің және импортық несиенің едәуір бөлігі, сонымен қатар мемлекеттік емес құрылымдардың қаражаттары жұмсалады.
ТМД елдерінен импорттың үлкен үлесін Кедендік Одаққа мүше-елдердің тауарлары құраса, импорттың жалпы көлеміндегі Ресей мен Беларусьтың үлесі 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 3 пайыздық тармаққа төмендеп, 80% құрады. Бұл Украинадан импорттың өсуі салдарынан баолды - осы елдің үлесі 2012 жылы 13% өсті.
Басқа әлем елдерінен импорттың үлкен үлесі Қытайға бұйырады, сонымен қатар соңғы бес жыл ішінде осы елдің үлесі 19%-дан 31% дейін өсті. Екінші орында Германия, оның Қазақстан импортындағы үлесі басқа елдермен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа өсіп, 2012 жылы 16% құрады. Үшінші орында АҚШ импорт алады, дегенмен, осы елдің үлесі 2007 жылмен салыстырғанда өзгермей, 9% құрап тұр.
2016 жылғы деректер негізінде экономикалық құрылымы ұқсас елдердің мынадай топтары қалыптастырылды:
- валюталары бойынша Ұлттық Банк күн сайын шолу жариялайтын жекелеген дамушы елдер (Түркия, Бразилия, Ресей, ОАР, Мексика, Үндістан,
Индонезия);
- мұнай өндіретін елдер (Катар, Кувейт, Венесуэла, БАӘ, Нигерия);
- ТМД-ның жекелеген елдері (Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан,
Украина);
- экспорт құрылымындағы шикізат деңгейі аз елдер (Аргентина,
Австралия, Канада, Чили, Жаңа Зеландия, Норвегия, Исландия);
- ЭЫДҰ жекелеген елдері (Франция, Германия, Италия, Корея, Испания, Ұлыбритания);
- басқа елдер (Қытай, Пәкстан, Малайзия).
Қазақстан Республикасының экономика министрлігінде ашық 24 кредиттік желілер шеңберінде шетел несиелерін қолдануға бақылау жасалады, оның ішінде 19 мемлекет және 5 халықаралық ұйым.
Қазақстан Республикасында шетел фирмаларының 160 өкілдіктері тіркелді, шетел капиталының қатысуымен 34 банк және олардың 783 бөлімшелері мен филиалдары орналасқан жұмыс істейді.(2017ж. Ақпан).
2-ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫНДАР - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІНІҢ НЕГІЗГІ НЫСАНЫ
2.1. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау
Казіргі кезде дүниежүзілік өндіргіш күштердің даму кезеңі дамыған материалдық-техникалық негізін, халықаралық еңбек бөлінісі жүйесін және халықаралық кооперацияның әртүрлі формаларын қоса алғанда экономикнаың интернационализациялану процесін күшейтудің объективті қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Батыс экономистері "экономиканың интернационализациялануы" түсінігін бірқатар факторлардың көрінуімен байланыстырады, олар: өндірістің жағрафиялық орналасуының рөлі, басқаруда халықаралық деңгейдің әсер етуі, капиталға қатысу дәрежесі т.б. Экономиканы интернационализациялаудың алғашқы көрінісі өндірістің жағрафиялық орналасу теориясы негізге ала отырып, өндірістік күштер факторларының орналасуын, ұлттық нарықты таңдауды, яғни тікелей инвестицияны таратудың қажеттілігін интернационализацияның объективті негізінің халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі екендігін көрсетеді, яғни тарихи және логикалық дамудың алғышарт факторы болып мемлекеттер арасындағы табиғи-жағрафиялық ерекшеліктер, климаттық жағдайлар, пайдалы қазба қорлары, құнарлық жерлер, территория көлемі, тұрғындар саны және т.б. жатады.
Тауарлармен, технологиямен, капиталмен халықаралық айырбастың жаңа жолдардың бірі ретінде біріккен кәсіпкерліктің тез дамуы, әлемдік экономикадағы болып жатқан өзгерістерді көрсетеді: мемлекет саясатындағы, өндіріс технологиясы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты өндіріс факторлары мен нарықтық сұранс сипатының өзгерісі. Қазіргі кезде көптүрлі кооперациялық байланыстардың дамуын есепке ала отырып, біріккен кәсіпкерлік феномен едәуір күрделі сипатқа ие болып жатыр: фирмааралық қарым-қатынастардың әртүрлі формалары мен біріккен кәсіпорындар құрудан бастап, аймақтық және аймақаралық бірлестіктер шеңберінде ірі, ауқымды интеграциялық жобаларды жүзеге асыруға дейін.
Сөйтіп, біріккен кәсіпкерлікті зерттеу экономика интернационализацияланудың басқа формалары алдында келесі көрсеткіштермен сипатталатындай, бірқатар артықшылықтарды анықтайды: бірінші, шетел нарығына төменгі шығындармен және тәуекелмен шығу үшін, біріккен кәсіпкерлік жолымен кедергілерді жою;
Екінші, біріккен кәсіпкерлік негізінде мердігерлік және серіктестік қарым-қатынастардың ірі трансұлттық корпорациялардың үстемдік етуі алдындағы артықшылығы;
Үшінші, өндірістік қуаттардың, ұлттық компаниялардың керек-жарағының өзгеруінсіз қосылу мүмкіндігі;
Төртінші, ынтымақтастықтың әрбір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz