ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ЖҰБАЙЛАРДЫҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

«НАРХОЗ

УНИВЕРСИТЕТІ»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Некоммерческое акционерное общество

«УНИВЕРСИТЕТ

НАРХОЗ»

ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МЕКТЕБІ

«ҚҰҚЫҚ» ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ

«Қорғауға жіберілді»

«Құқық» ҒББД директоры

з. ғ. д., проф. Сулейманов А. Ф.

«___»2020 ж., хаттама №__

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы «Жұбайлардың мүліктік құқығын құқықтық реттеу»

«5В030100-Құқықтану» мамандығы бойынша

Орындаған:

«5В030100-Құқықтану» Ілияс А. Қ

ІV курс студенті

Ғылыми жетекшісі:

з. ғ. к., қауымдастырылған профессор Амиров Н. К.

Алматы, 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3
КІРІСПЕ. . . 3: 1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ЖҰБАЙЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ . . .
7
КІРІСПЕ. . . 3: 1. 1 Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жұбайлардың құқықтары мен міндеттері . . .
7
КІРІСПЕ. . . 3: 1. 2 Неке шарты - ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтарының негізі ретінде . . .
16
КІРІСПЕ. . . 3: 12 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ЖҰБАЙЛАРДЫҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ . . .
24
КІРІСПЕ. . . 3: 2. 1 Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жұбайлардың мүліктік құқықтары . . .
24
КІРІСПЕ. . . 3: 2. 2 Жұбайлар мүлкінің заңдық режимінің ерекшеліктері . . .
37
КІРІСПЕ. . . 3: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
53
КІРІСПЕ. . . 3: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . .
57

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбының өзектілігі . Отбасы құқығы - құқық саласы ретінде отбасы қатынастарын, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейді, отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтап және жұбайлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.

ҚР Конституцияның 1 бабында мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп айқын көрсетілген. Сондықтан отбасы, неке және ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастарын реттеу және олардың мүдделерін қорғау мемлекеттіміздің басты міндеті болып табылады.

ҚР «Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы» кодексінің 2-бабында жұбайлардың құқығының тең болуын айқындайды. Осыған байланысты кодексінің 32- бабында көрсетілгендей жұбайлардың некеге тұрғаннан бастап бірге жинаған мүлікке теңдей құқықтары бар. Жұбайлар ортақ меншікке тең құқықпен билік етеді және пайдаланады.

Қазіргі уақытта мүлікті бөлісудің мақсаты ажырасу кезінде немесе жұбайлардың жеке пайдасы үшін ортақ мүліктің қалған бөлігін өндіріп алу болып табылады. Сотка некені бұзу туралы өтінішпен бірше ортақ мүлікті бөлісу туралы арыз беріледі. ҚР жұбайлардың ортақ меншікті бөлісу процессіндегі қателіктері:

- ҚР заңнамалық және нормативті-актілерінің білмеуі, құқықтық сауатсыздығы;

  • Отбасы қиыншылықтарын заңды түрде сотқа жеткізбей реттеу;

- Жұбайлардың бірі біріне деген реніштерінің басым алуы;

- Жұбайлардың бірі біріне қысым көрсетуі;

  • Үшінші тұлғалардың некеге араласуы.

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған неке-отбасы қатынастары нәтижесінде туындайтын мүліктік-құқықтық қатынастарды реттеу мәселесі қазіргі кезеңде аса өзекті сипатқа ие.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Ерлі-зайыптылар арасында мүліктерінің теориялық мәнін ашып, ортақ мүлікті бөлісу және мүліктік құқықтарының реттелуіне талдау жасау. Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттереді шешу керек:

  • ҚР жұбайлардың мүліктік құқықтарының басым бөлігіне негіздеу;
  • ҚР жұбайлардың мүліктік құқықтарының қорғалу мәселелерін қарастыру және талдау;
  • ҚР жұбайлардың мүліктік құқықтарының қорғауды жетулдіру мәселелерін жетілдурі.

Дипломдық жұмыстың тақырыбының зерттелу дәрежесі. Дипломдық жұмысты дайындау барысында Темірғали Ж., Баққұлов С. Д., Ынтымақов С. А., Карпушина Т. Д., Осеров Н. Н., Алимкулова А. С., Антокольская М. В., Муканова М. Ж., Ихсанов О. К., Тарусина Н. Н. авторардың еңбектері пайдаландым.

Дипломдық жқмыстың зерттеу объектісі. Дипломдық жқмыстың зерттеу объектісі - ҚР жұбайлардың мүліктік құқықтарын реттеу. Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтарын қорғау туралы құқықтық нормалар және басқа нормативтік - заңнамалар болып табылады.

Дипломдық жұмыстың практикалық базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, ҚР «Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы» кодексі, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы құрайды.

Бұл жұмыс барысында мен ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік құқықтық қатынастары мен ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелеріне қатысты кейбір құқықтық-теориялық мәселелерді сараламақпын.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде Қазақстан Руспкбликасының заңдары бойынша жұбайлардың құқықтары мен міндеттеріне толық теориялық анықтама және беріледі. Сонымен қатар неке шартының түсіні толық сипатталады.

Екінші бөлімінде Қазақстан Ресупбликасының заңдары бойынша жұбайлардың мүліктік қатынастары мен мүліктік құқықтары туралы толықтай көрсетілген.

  1. ҚР ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ЖҰБАЙЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1. 1 Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жұбайлардың құқықтары мен міндеттерінің

Мемлекеттің ең басты ұясы - отбасы болып табылады. Сондықтан да, қоғам оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және қорғайды. Сонымен қатар мемлекет некеге тұрған ерлі-зайыптыларға белгілі бір талаптар қояды. Тек берілген талаптардың орандалуы кезінде ғана мемлекет те ерлі-зайыптылардың құқықтарының қорғалуы туралы міндеттемелер қабылдайды. Мемлекеттен берілетін талаптар азаматтардың кемелдеуіне және қоғамның мүдделеріне байланысты. Сондықтан, неге тұру барысында мемлекет көрсеткен шарттарды сақтау қажет. Отбасы құқығының материалдық-құқықтық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандылықпен көзге түседі, ал бүл өз кезегінде бұл саладағы шетел қатысуымен болған құқықтық қатынастарға коллизиялардың пайда болуына алып келеді.

Экономикалық құрылымның ерікшеліктерімен қатар отбасы қатынастарын реттеуге, сонымен қатар, ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр әсер етеді. Сонымен қатар, отбасындағы бала құқықтары, оларды асырап алу мен қорғаншылық, қамқоршылық институттарыныц халықаралық жеке құқықтың децгейінде ерекшеліктері бар. Отбасы құқығынында жұбайлардың арасында екі қатынас түрі бар:

- жеке мүліктік емес қатынастар

  • олармен байланысты мүліктік қатынастар.

Қатынастардың басымс бөлігін мүліктік емес қатынастар құрайды. Мүліктік қатынастардыңда екі түрі бар;

  • алименттік
  • неке кезінде бірге жинаған мүліктеріне қатысты жұбайлардың арасындағы қатынастар.

Жұбайлардың отбасылық өмірінің басым бөлігін құқықтық емес мораль реттейді. Отбасы қатынастары мемлекет үшін дербес қатынас болып табылады, сондықтан мемлекет ол қатынастардың неғұрлұм ерекше мағынасы барын және қоғамдақ мүддеден туындайтынын, әсіресе, отбасының кәмелетке толмаған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне байланысты қатынастарын жан -жақты реттейді. Жұбайлардың құқығын реттеу механизмі келесіде: ең алдымен ерлі-зайыптылар өздерінің қалауы бойынша еріктілік әдісін қолданады, бірақ егер оны жасамаса ҚР «Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы» кодексінің императивтік нормалары немесе басқа құқықтық актілер қолданылады. Жоғарыда келтірілген мысалдарға сәйкес:

  • ерлі-зайыптылардың мүлкіне қатысты жалпы ортақ меншік туралы жағдай әрекет етеді;
  • отбасы мүшелерін асырау қаражаты, яғни алимент ҚР «Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы» кодексінің ережесіне сәйкес алынады;
  • баланың тегін оның тууы туралы актілік жазу енгізгенде азаматтық хал актілерін жазу органдары анықтайды.
Неке туралы алғашқы декреттер 1918 жылғы азаматтық хал актілерін жазу, неке, отбасы және қамқоршылық құқығы туралы заңдар кодексінде көрініс тапты. Осы жылдың 18 желтоқсанда БОАК мен ХКК «Азаматтық неке, балалар және азаматтық жағдайлар актілерінің кітабын жүргізу туралы» алғашқы Декреті қабылданды. 19 желтоқсанда «Некені бұзу туралы» тағы да бір декрет қабылданды және келесі жағдайлар қарастырылды: некені әкімшілік тәртіппен және соттық тәртіппен бұзу; келісімсіз яғни еркінен тыс некеге тұрған әйелдерді босатуға негізделген неке еркіндігі қағидасы жарияланды. 1918 жылы отбасы құқығының барлық нормалары бір актіге - азаматтық хал актілері, неке, отбасы және қамқорлық құқық туралы заңдар Кодексіне біріктірілді. Қазіргі отбасы құқығының дамуы 1926 жылғы бүкілхалықтық талқылау нәтижесінде қабылданған жаңа отбасы кодексі- неке, отбасы және қамқорлық туралы кодексінен бастау алады. Оның кейбір баптары бүгінгі күні де сақталған: - ерлер үшін де, әйелдер үшін де ортақ неке жасы 18;

- жұбайлардың жалпы ортақ жеке меншік ортақ мүлкі енгізілді;

- бала асырап алу қалпына келтірілді;

- әкені анықтау тәртібі жеңілдетілді;

- некені бұзу тәртібі өзгертілді:

Бұрынғы некені әкімшілік тәртіппен және соттық тәртіппен бұзу күшін жойып жұбайлар жеңілдетілген тәртіппен АХАЖ органдарында некелерін бұза алды.

Азаматтық құқықтан отбасы құқығының айырмашылығы, оның нормалары ең алдымен жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге бағытталған. Сонымен қатар отбасы құқығындағы қатынастардың өзі жат тұлғалардың арасында емес туыстардың, жұбайлардың, асырап алушылардың арасында, яғни жақын адамдардың арасында туындайды.

Азаматтық-құқықтық реттеудің әдісінің мәні бойынша жақтар заңды тұрғыдан тең болады. Отбасылық қатынастарда ата-ана мен кәмелетке толмаған баланың, қамқоршы мен қорғаншының, асырап алушы мен асырап алынғандардың арасындағы теңдік туралы айту өте қиын. Тек жұбайлардың толық теңдігін байқауға болады. Отбасы қатынасының мүшелеріне алиментті уақытына төлемеуіне байланысты жағдайдан басқа мүліктік сипаттағы санкция қолданылмайды, ал азаматтық құқықта мүліктік санкция ең басты болып табылады. Осылайша, отбасы құқығын азаматтық құқықтан оның пәні әдәсі, субъективтік құрамы, жауапкершілігі және т. б. арқылы бөлуге болады. Осыдан келіп біз отбасы құқығы Қазақстан Республикасының жеке құқық саласы деген қортынды жасай аламыз.

Отбасы құқығы - некеден, туыстықтан, бала асырап алуданнемесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын жеке мүліктік емес және олармен байланысты мүліктік құқықтық қатынастарды императивті - еріктілік әдіс негізінде реттейтін отбасы-құқықтық нормалаларының жиынтығы.

Отбасы құқығының мақсаты - отбасы мүшелерінің арасында пайда болатын отбасы қатынастарын реттеу. ҚР «Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы» кодексінің 3 бабында еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі, отбасы ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол бермеу, отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу және т. б. айтылған. Біздің мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі отбасы құқығы субъектілерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету және ол құқықтарды соттық қорғау мүмкіндігін жүзеге асыру. Отбасы құқығының қағидалары деп осы құқық саласының мәнін және олардың құқықтық бекітілу күшіндегі жалпыға міндетті мәнін анықтайтын басты жағдайларды айтамыз.

Отбасы құқығының қайнар көзі - бұл отбасы-құқықтық нормаларының сыртық көрінісінің нысаны. Отбасы құқығының негізгі қайнар көзі 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған «ҚР «Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы» кодексі болып табылады. Онда кодекс жобасын талқылау барысында барлық мүдделі тұлғалардың айтқан ұсыныстары ескерілген. ҚР «Неке (ерлі - зайптылық) және отбасы туралы» кодексі нормалары конституциялық бастауларға негізделген. 27 ҚР Конституциясының бабы келесі жағдайларды бекітеді:

  1. Неке мен отбасы, ата-ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады.
  2. Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы және міндеті болып табылады.
  3. Кәмелетке толған еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті

ҚР «Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы» кодексінің 4 бабы отбасы құқығының қайнар көздерінің құрамына Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген неке және отбасы туралы заңдар мен отбасы құқығының нормаларынан тұратын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады деп көрсетеді. [1]

Отбасы құқығының қайнар көзі болып табылады:

  1. «Бала құқығы туралы» 2002 ж. 8 тамыздағы ҚР Заңы
  2. «Қазақстан Республикасының шет елде алимент өндіру туралы Конвенцияға қосылуы туралы» 1999 ж. 30 желтоқсандағы № 33-ІІ ҚР Заңы
  3. «1993 ж. 30 наурызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқықтық көмек туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» 2004 ж. 10 наурыздағы ҚР Заңы
  4. «Қазақ ұлтының тұлғаларының тегі мен әкесінің атын жазумен байланысты сұрақтарды шешу тәртібі туралы» 1996 ж. 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және т. б.

Отбасы қатынастарына азаматтық заң екі жағдайда қолданылады:

Біріншіден, ол туралы ҚР «Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы» кодексінде немесе басқа да азаматтық-құқықтықактілердің сәйкес нормаларын қолдану туралы тікелей сілтеме болдса;

Екіншіден, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынас отбасы-құқықтық нормалармен реттелмесе және осы отбасы қатынастарын реттейтін қажетті азаматтық заң нормалары болса.

ҚР Жоғарғы Сотының қаулылары мен басқа да нормативтік актілері отбасы құқығының қайнар көзі болып табылмайды, бірақ құқықты қолдану тәжірибесінде өзіндік әсер етеді. Қазақстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқық, туыстық, бала асырап алу жэне баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып болып табылады. Тіркелген неке жұбайлардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады. ҚР «Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы» кодексінің 29-бабына сәйкес жұбайлардың жеке құқықтарына мыналар жатады 1 сурет:

1 - сурет - Жұбайлардың жеке құқығы

Ескерту: автормен құрастырылған

Заңға сәйкес жұбайлар құқықтары да міндеттерді де тең атқарады. Жұбайлардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, жұбайлардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.

Қолданылып жүрген заңды текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге жұбайлар өздерінің қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқылы. Кейбір мемлекеттерді, оның ішінде ТМД құрамына кіретін мемлекеттердің заңдары бойынша жұбайлардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды.

«ҚР «Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы» кодексінің 30-бабында жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болғанда болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді.

Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу отбасының бюджетін бөлісу, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізу, туған-туысқандарымен бірге немесе бөлек тұру міндеттері жұбайлардың бір-бірімен келісімі бойынша шешілетінін белгілейді. Жұбайлардың ешқайсысы да өзінің еркін екіншісіне тануға құқылы емес. Егер жұбайлар кейбір мәселеде келісімге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшін Заңда көрсетілген органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен, жұбайлар арасында балалар тәрбиесі мен тек таңдауда келісім болмаса, бұл мәселені қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шеше алады.

Жұбайлар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады:

  • ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін жұбайлар бірлесіп шешеді.
  • Жұбайлар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.

Некеге тұру кезінде жұбайлар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не жұбайлардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Жұбайлардың мүліктік қатынастары оларға тиесілі болған мүлікті меншіктену және және бір-бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсету міндеттерінен туындайды.

Құқықтық қатынастардың бірінші түрі Заңның «Жұбайлардың мүліктік құқықтары мен міндеттері» деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екіншісі - Заңның «Жұбайлардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері» деп аталатын 18-тарауындағы нормалармен реттеледі. Жұбайлардың меншік құқығының регламентациясы немесе басқаша айтқанда олардың мүліктік режимі жаңа заңда елеулі өзгеріске ұшырады. Бұрынғы заңдарда тек бір ғана режим қарастырылған еді. Жаңа Заңда жұбайлардың заңды мүліктік режимі де, жұбайлар мүлкінің неке шартымен бекітілген шарттық режимі де көзделінеді.

Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты жиі қолданылып жүрсе де, көп жағдайда ерлі-зайптылар мүлкінің заңды режимі - олардың ортақ бірлескен меншік режимі қолданылады.

Бұған дейін де айтылғандай, жұбайлардың отбасындағы құқығының тең болу принциптерін айқындайды. Осы ортақ принциптің пайда болуына жұбайлардың некелескеннен кейінгі бірге тұрған ғұмырында жинаған мүлікке тең құқылығы ықпал етеді. ҚР «Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы» кодексінің 32-бабына сәйкес жұбайлардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлекскен ортақ меншігі болып табылады. Жұбайлардың мұндай меншікке тең құқықпен билік етеді және пайдалана алады. Нақты өмірде белгілі бір заттарды әйелі тұрақты пайдаланса, екінші бір затты ері тұтынады, үшінші бір затты олардың екеуі де пайдаланады.

Заңда жұбайлардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы тізімі берілген. Бұған жұбайлардың табыстары (жалақысы, зейнет ақысы, материалдық көмек, кәсіпкерлік қызметтен тапқан табыстары, т. б. ), осы табыстардың негізінде жиналған мүліктер (ортақ мүлік, сондай-ақ жұбайлардың мүлкі) және т. б. жатады.

Жалпы тәртіп бойынша жұбайлардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуіне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Жұбайлардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншылықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-тармақ) жұбайлардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған, немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді.

Некелескен күннен бастап жұбайлардың жинаған ортақ мүліктерінен басқа, олардың әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері ғана меншік етеді. Ерлі-зайыптылардың жеке мүліктеріне:

  • ері мен әйелінің некеге тұрғанға дейінгі немесе жұбайлардың, некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған заттары,
  • ері мен әйелінің сый ретінде алған, немесе мұрагерлік жолымен иемденген заттары,
  • жеке пайдаланылатын заттары (сырт киім, аяқ киім, т. б. ) жатады.

Ал жұбайлардың некеге тұру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттары, ортақ қаржылары ортақ мүлікке жасады. Мысалы, әйелінің алтын зергерлік бұйымдары, ерінің қымбат көлігі жұбайлардың ортақ мүлкі болып саналады. Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде жұбайлардың тапқан мүліктерін сот олардың жеке меншігі деп тануы мүмкін. [2, 34 бап]

Жұбайлардың әрқайсысы ортақ меншікке байланысты өз бетінше келісім жасай алады. Яғни Заңның талап етуі бойынша ерлі -зайыптылар бір-бірінің келісімін алуы қажет. Екінші жұбайдың жазбаша келісімімен ғана ортақ меншікке байланысты нотариалды рәсімделеді. Жұбайлардың, әрқайсысы некені тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде тұрған кезінде де жалпы ортақ мүлікті бөлісуді талап етуге құқығы бар және ортақ меншікті бөліске салғанда олардың үлестері тең болуы тиіс. Бірақ та отбасының жалпы табысына жұбайлардың әрқайсысының үлесі жалпы ереже бойынша ескерілмейді. Ортақ меншікті бөлу кезңнде жұбайлардың әрқайсысына қандай мүліктің берілетінін сот айқындауы қажет. Егер жұбайлардың біріне берілетін меншік құны жағынан оның үлесінен артық болған жағдайда, онда екіншісіне бұл үшін тиісті өтемақы төлуі қажет. [2, 37 бап]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша неке шарты
Отбасы және неке ұғымы
Некені бұзу мәселелері
ҚР отбасылық құқық ұғымы
Неке шартының түсінігі және маңызды шарттары
Неке - отбасы қатынастарының құқықтық табиғаты
Неке және отбасы құқығының түсінігі
Неке және отбасы
НЕКЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БІР ЖҮЙЕСІ
Неке шарты (контрактісі)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz