Жер пайдалануды орналастыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГІ УНИВЕРСИТEТІ»

«Инжиниринг» факультетi

«Құрылыс инжиниринг» кафедрасы

КУРСТЫҚ

ЖҰМЫС

Пәні: Жерге орналастыруды жобалау

Тақырыбы: Ауыспалы егіс жүйелерін жобалаудың мазмұны және шешетін мәселелері

Орындаған: ЗУ-18-1 студенті Шаменов Шыңғыс

Тексерген: оқытушы Есболай Г. І.

Ақтау 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫ М МИНИСТРЛІГІ

РГП «Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГІ УНИВЕРСИТEТІ»

«Инжинирг» ФАКУЛЬТЕTI

«Құрылыс инжиниринг» кафедрасы

5B090300- «Жерге орналастыру» мамандықтары үшін «Жерге орналастырудағы жобалар»

пәнінен курстык жұмысты орындауға

ТАПСЫРМА

Вариант

Студентке

(тегі, аты, әкесінің аты)

  1. Курстық жұмыс

Тақырыбы:

2. № «» 2019ж. кафедра отырысында бекітілген

3. Аяқталған жұмыс тапсыру мерсімі «___» 2019ж

4. Курстық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тізімі:

5. Тапсырма берілген мерзім «» 2019ж.

6. Оқытушы Каф. менгерушісі

7. Тапсырманы орындауға қабылдаған студент

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . ………. . 4

I. Теориялық бөлім . . . … . . . 5

1. 1 Жер пайдалануды орналастыру . . . . . . … . . . …5

1. 2 Ауыл шаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құру . . . … . . . … . . . 8

II. Негізгі бөлім . . . . . . 15

2. 1 Территорияны инженерлік жабдықтандыру объектілері . . . 15

2. 2 Негізгі ішкі шаруашылықтық жолдарды орналастыру . . . 18

2. 3 Ауыспалы егістер-топырақ құнарлығын арттырудың жолдары . . . 23

ІІІ. Қортынды . . . 31

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32

Кіріспе

Территорияны инженерлік жабдықтандыру объектілеріне мыналар жатады:

  • ішкі шаруашылықтық жолдар;
  • мелиоративтік құрылыстың объектілері (суландыру, кептіру) және олардың негізгі ғимараттары (тоған, су қоймасы, лимандар, магистралдық каналдар, коллекторлар, басқа негізгі су өткізуші және қоршау жүйелері (проводящая и ограждающая сеть) ;
  • суландыру және сумен қамтамасыздандыру объектілері;
  • негізгі орман мелиоративтік және гидротехникалық эрозияға қарсы күресу объектілері, орман көшеттері, гидротехникалық ғимараттар.

Жобалық варианттар мен шешімдерді бағалау және экономикалық тұрғыдан негіздеу жобаның ең күрделі және көлемді құрам бөлшегі болып саналады. Бұл тапсырма мынандай бip қатар жұмыстарды қамтиды.

Варианттар бойынша күрделі қаржылардың көлемін есептеу. Соның ішінде тұрғын үй кұрылысының, мал қоралары мен кешендерді қосалқы өндірістік орталықтар мен секторлардың (машина-транспорттық, кұрылыс, қойма т. б. ), елді мекендер арасындағы коммуникациялар мен территорияны инженерлік жағынан жабдықтаудың кұндарын анықтау.

Әрбір вариант бойынша жыл сайынғы шығындардың көлемін белгілеу. Бұнда транспорттық және эксплуатацияльқ (пайдалану) шығындарды, аммортизацияльқ жарна мен әкімшілік аппаратқа жұмсалған каржыларды есептеу кіреді.

Келтірілген шығындардың көлемін анықтау, яғни бip жылдық мерзімге келтірлген күрделі каржылар мен жыл сайынғы шығындардың қосындысын табу.

Күрделі қаржылардың қайтарылу мерзімін есептеу, яғни неше жылдың ішінде жұмсалған каржылардың орны толатынын анықтау.

Негізгі бөлім

I. Теориялық бөлім

1. 1 Жер пайдалануды орналастыру

Жер пайдаланулардың әрқайсысын жеке-жеке орналастырғанда:

  1. әрі қарай территорияны үйлестіруге ыңғайлы
  2. бірнеше учаскеден тұрганда - олар бір-біріне жақын, байланысы ыңғайлы болуы керек.
  3. тегіс жерлерде квадратка немесе тікбұрышты төртбұрышқа ұқсас жасау;
  4. компакті массив ретінде;
  5. өндіріс орталықтарының ыңғайлы орналасуы;
  6. бұрынғы енгізілген капиталды неғұрлым толық пайдалануға тырысу кажет;
  7. қалыптасқан ұйымдастырылуы және территорияның жағдайы есепке алынады.

Жер иеленушілік талапқа сай болу үшін осындай бip қатар принциптерді нұсқау ету қажетті:

  1. Жер иеленуіліктің территориясындағы шаруашылық орталықтардың дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, олардың өзара және алаптар мен сырттағы өндірістік орталықтарымен транспорттық байланыстарын қолайлыландыру қажетті. Жеке жер иеленушіліктердің орналасуы ауыл шаруашылығының әлеуметтік- экономикалық мүдделіктеріне, басқа осы территорияда орналасқан жер иеленушіліктердің мүдделеріне де өзара сәйкесті болуға тиісті;
  2. Ауылшаруашылық жер иеленуіліктерге қандай өзгерістер болса да осы принциптердің негізінде енгізілуге тиісті.
  3. Жер иеленушіліктің кескін үйлесімі (конфигурациясы) әртұтас және өндіріс пен территорияны ұйымдастыруға ыңғайлы болуға тиісті;
  4. Жер иеленушіліктің құрамына жердің ұтымды пайдалануын қамтамасыз ететін жер шаруашылыктың мамандандырылғандғына сай алаптардың аудандары мен түрлерін енгізу керек;
  5. Жер иеленушіліктің ауданы, біріншіден, шаруашылык өндірістің көлеміне, , екіншіден, аймақтық табиғи ерекшеліктерге сай болуға қажетті;

Жер пайдаланудың мөлшері маманына және шаруашылық өндірістік қуатына байланысты анықталады. Жобаланған мөлшері өте тиімді әрі қолайлы болу тиіс.

Тиімді мөлшер деп басқаруға ыңғайлы, өндірістің әр саласының жақсы дамуына қажеттілі алқаптардың құрамы және мөлшерлері.

Жер пайдаланудың мөлшеріне келесі факторлар әсерін тигізеді (кейбіреулері үлкейтеді, кейбіреулері керісінше - кішірейтеді:

  • мамандығы;
  • өндірістіктің қарқындылық деңгейі;
  • қолданылатын байланыс және транспорт түрлері;
  • жолдардың жағдайы;
  • ауыл шаруашылық алқаптарының құрамы, сапасы, контурларының жер бедері;
  • жер массивтерінің конфигурациясы;
  • елді мекендердің орналасуы;
  • сумен қамтамасыздығы.

Шаруа қожалығының ауданы алаптардың құрамына, сапасына, табиғи, экономикалық және әлеуметтік жағдайларна қарай анықталады.

Шаруа қожалығының жерлер көлемі мен сапасы орналасқан аймақтың табиғи жағдайларымен тығыз байланысты болады. Мысалы, оның мамандандырылғандығы, демек бүкіл өндірістік құрамы, осы жағдайлармен себептеледі. Егер де шаруашылық шөл, шөлейт аймақгарында оның негізгіөндірістік бағыты қой, түйе немесе жылқы шаруашылығы болуы ықтимал. Ал қарай шаруашылықтық жер иеленушіліктік жалпы ауданы, алаптарының арақатынастары, үлес салмақтары тағы да осы тәріздес параметрлері қалыптастырылады.

Сонымен бipre шаруа қожалығының көрсеткіштері бip қатар әлеуметтік экономикалық факторлармен байланысты. Солардың ішінде: елді мекендердің түрлерімен орналасуы ерекшеліктері халықтың саны мен қоныстану тығыздығы, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның сипаттамасы және т. б. Мысал шаруа шаруашылығы туралы Заң бойынша совхоздар мен колхоздарды жер иеленуілігінің жалпы ауданы еңбекке жарамды мүшелерінің санына бөле отырып әр адамға қатысты жер үлесінің мөлшері белгіленеді.

Хуторлық форма қағида бойынша халықтың шоғырлана орналасқан аймағына тең. Ол әрбір жанұяға ауыл маңына жер бөліп беруге мүмкіншіліктің жоқтығы есебінен себептеледі.

Жер кодексі, шаруа қожалығы және жекешелендіру заңдары бойынша шаруа қожалығын екі жолмен құруға болады. Бірінші жол - әрбір жұмысшыға тиісті жер негізінде. Бұл әдістің мағынасы мынаған жатады. Ауылшаруашылық кәсіпорында (совхоздармен колхоздар да т. б. ) жұмыс істеп жүрген және бұрын осыған өткен адамдарға сол кәсіпорын жерінің құрамы мен ауданына қарай, жер үлесін береді Оның ауданы бip жағынан сондай адамдардың санына, екінші жағынан жер иeлeнyшiлiктiң жалпы ауданына байланысты, өйткені жер үлeciнiң мал бағу үшін иеленушіліктің (жер алаптарының түлерібойынша) сондағы азаматтардың санына бөлінеді, шаруа шаруашылыгының жер иеленушіліктері арнайы жасаған жер қоры құрылады. Демек, алдымен сондай жер қорын жасау кажетті. Шаруа қожалығы туралы заң бойынша ондай қор әрбір мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорынның жер иеленушіліктері есебінен жасалуға тиісті. Ол үшін кәсіпорын иеленетін жерлер мұқият тексеріп, арасындағы сондай табиғи-экономикалықщ зона бой ы орташа деңгейден төмен тиімділікпен пайдаланылып жүрген алаптар алынып, арнайы, жер құрамына енгізіледі. Бұл жұмыстарды жергілікті атқару комитетінің шешімі бойынша аудандықщ жерге орналастыру комиссиясы жүргізеді. Сонан соң тілек білдірген азаматтарға шаруа қожалығын құру мақсатына осы қордан жер үлесі бөлініп беріледі.

Бірінші әдіс, қағида бойынша, совхоз-колхоздардан бөлінген, екіншісі - сырттан келген адамдардың ауылшаруашылық мақсатындағы қожалықтарын ұйымдастырғанда. Шаруа қожалығының жер иеленушілігін құрудың осы екі жолы оныңәртүрлі әдістемелік жүйелікте орындалуын себептейді. Бірінші жағдайда бүкіл жобалау және жоспарлау процесі берілген жер үлесінің мөлшерімен байланыстырылады және содан тәуелді, өйткені малдың саны егістердің аудандары жалпы алғанда өндірістің көлемі мен параметрлері де осымен себептеледі. Әрине, жетіспеген жер алқаптарын қожалық басқа шаруашылықтардан жалға алуы мүмкін. Бірақга болашақта ауылшаруашылық жүргізудің бұл формалары кең бой алғанда, бұндай мүмкіншіліктері болуы бірталай.

Шаруа қожалығы арнайы қорда құрылғанда оның жер иеленушілігінің ауданы шектелмейді делінген. Егерде солай болса, ал бұл өзі біраз күдік тудырып отыр, онда жоғарыда атап өткен есептер мен ic-әрекеттер жоспарланған өндірістің көлемдеріне (мал басы, eгістеp т. б. ) негізделеді. Демек, орындау жұмыстардың әдістемелік жүйелі түрде болуғатиісті.

Енді шаруа қожалығының жер иеленушілігін құру жөніндегі ic-қимылдардың әдістемелік жүйелілігін қаралық.

Жер үлесі арқылы құрылатын шаруа қожалығының жер иеленушілігі мынандай жүйелікте құрылады:

а) Жер алуға құқығы бар азаматтардың саны мен алаптардың аудандарына қарай әpбip адамға тиісті жер үлесі есептеледі

Р =

бұнда, Р- бip адамға тиісті жер үлесі, га;

Рп- алаптардың аудандары, га;

А - жер алуға құқығы бар адамдардың саны;

ә) Шаруа шаруашылығының жер иеленушілігінің алғашқы (бipінші жуықтаудағы) ауданын анықтау:

Рш = Р х п

бұнда, Рш - жер иеленушіліктің алғашқы ауданы, га;

п - елдегі жерді алуға құқығы бар мүшелердің саны.

б) Жер иеленушіліктің алғашқы шамамен орналасатын жерін белгілеу;

в) Жердің сапасын ескеретін коэффициентті есептеу.

Кс = Борт

Бш. ш

бұнда, Борт - шаруашылық бойынша бонитеттің орташа балы;

Бш. ш. - сол көрсеткіш шаруа шаруашылығы бойынша.

Бұл коэффициент алаптардың түрлері бойынша есептеледі (жыртылған жер, шабындық, жайылым) .

г) Жер иеленушіліктің ауданын жердің сапасын ескеретін коэффициенті арқылы нақтылау:

Рш. ш. = Рш. х Кс

бұнда, Рш. ш. - жер иеленушіліктің соңғы ауданы, га;

Рш - алаптардың шаруа шаруашылығы бойынша аудандары, га;

Кс - жердің сапасын ескеретін коэффициент;

д) Жер салығын есептеу:

С = Рш. ш. х Ц

бұнда, С - жер салығының көлемі, теңге;

Ц - 1 га жер үшін төлем (бонитет бойына қарай алынады), теңге;

е) Есептелген жер ауданынан шығатын өнімдердің мөлшерін анықтау.

ж) Осыған және шаруашылықтық жоспарланған қарай мал басын айқындау;

з) Малдың басы мен оларға қажетті жем-шөп мөлшерін есептеу арқылы жыртылған жерді пайдалану құрамын белгілеу;

и) Осы өндіріс көлемі жөніндегі мағлұматтарды пайдалана отырып еңбек ресурстарының керектігін есептеу және өндіріс көлемін соңғылармен сәйкестіру;

к) Күрделі қаржылар, жалпы өнім және таза табыстың көлемдерін, сонымен бipre болжау негізгі экономикалық көрсеткіштерді есептеу;

л) Шаруа қожалығын рәсімдеу.

1. 2 Ауыл шаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құру

Республика территориясының басым бөлігінде ауылшаруашылық өндіріспен айналысатын кәсіпорындар орналасқан. Сондықтан әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық мұқтаждықтарға қажетті жер уческелері ауылшаруашылық мекемелерінің үлесінен бөлінеді. Бөлінген жерлер құқықтық жағынан мүлде басқа юридикалық мәнге ие болады. Енді бұлар жер иеленушілік қалпынан жер пайдаланушылық статусына ауысады. Осыған байланысты жерге орналастыру процесі экономикалық және техникалық мәселелермен қатар жаңадан құрылған жер пайдаланушылықтарды құқықтық тұрғыдан рәсімдеу ic-әрекеттерін қамтиды. Демек, жерге орналастыру процесіне жобаны жасау және дәлелдеумен бipre жер уческесін белгі беру, соңғысының межелерін жер бетіне түcipy және жер пайдаланушыға пайдалануға құқық беретін құжаттарды тапсыру жөніндегі мемлекеттік органдардың тиісті шешімі қабылдау жатады.

Әртүрлі өнеркәсіптік, транспорттық және басқа ауылшаруашылық емес объекттерің орналасуы өндіргіш күштерді орналастыру принциптерінің негізінде халықшаруашылық салалардың экономикалық даму жоспарлары бойынша жүзеге асырылады. Бұл жерге орналастырудың міндеті емес. Бірақта, ауылшарушылық емес жер пайдаланушылықтарың нақты орны, аудандары, межелері және кескін үйлесімдіктері жерге орналастыру арқылы анықталады. Бұндай жағдайда шаруааралық жерге орналастыру салааралық сипатқа ие болады, өйткені жердің бip саладан екіншісіне, бip категориядан басқасына ауыстырьшуы орын алады.

Ауылшаруашылық емес объектілер түрлі-түрлі болады. Бұл қазып шығару және өңдеу өнеркәсіптерінің кәсіпорындары, энергетика, транспортты байланыс және басқа көптеген (денсаулық сақтау, табиғат қорғау т. б. ) салаларға жататын құрылыстар мен объектірлер, мекемелер мен ұйымдар. Осымен қатар бұлардың жер пайдаланушылықтарының аудандары мен орналасуы да әртүрлі болады.

Уақыт аспектісінде жер пайдалануға тұрақты түрде немесе уақытша берілуі мүмкін.

Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтар жерді пайдалану ерекшеліктеріне, территория реттілігі мен қоршаған ортаға әсер етуіне қарай мынандай бірқатар түрлерге топтастыруға болады:

- қалыптасқан өндіріс пен территориялық реттілігін бұзбайтын шағын ауданды жер учаскелері;

  • табиғат пен межелес территорияға зор әсер тигізетін (жер, су және атмосфералық ластануы, халықтың көшірілуі, ғимараттар мен өндірістік құрылыстардың жойылуы т. с. с. ) ipi кәсіпорындарға берілген кең ауданды жер массивтері;
  • сызықтық объекілерге (жолдарға, электр жүйелеріне, құбырларға, каналдарға т. с. с. ) бөлінген ұзын пішінді жер уческелері;
  • су қоймаларының астына бөлінген ipi жер массивтері;
  • пайдалы кеңдерді өндіретін кәсіпорындарға бөлінген жер.

Жер заңдары бойынша ауылшаруашьшық емес жер пайдаланушыларға учаске бөлініп берілгенде ауыл шаруашылықтың жерге деген приоритеті ескерілуге тиісті. Бұл принципті жүзеге асыру үшін мынандай бip қатар шарттарды орындап отыру қажетті:

а) ауыл шаруашылығын жүpгiзyгe жарамды жерлер, бірінші кезекте, осы мақсатқа берілуге тиісті;

е) ауылшаруашылық емес мұқтаждықтарға ауылшаруашылық өндіріске жарамсыз немесе сапасы өте төмен жер танаптарын белгі беру қажетті;

б) бұндай объектілерге ауылшарушылық мақсаттағы жерлер ерекше жағдайларда Министрлер кабинетінің Қаулысы мен жер иеленушілердің кeлiciмi бойынша ғана беріледі;

в) ауылшарушылық өндірістің шығындарьн жер алған кәсіпорындар мiндeттi түрде өтеуге тиісті ;

г) сонымен қатар олар берілген учаскенің топырағының құнарлы қабатын алып басқа жерлерді жақсарту мақсатымен қолдануға міндетті, ал уақытша бepiлгeн жерлерді пайдалану мерзімі өткеннен кейін бұрыңғы қалпына келтіруге тиісті.

Сонымен, шаруааралық жерге орналастырудың міндеті тек жер иеленушіліктер мен жер пайдалнушылықтарды тиімді түрде ысырапты жұмсауды камтуға тиісті.

Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтарды құру жөніндегі жүгізілетін шаруашылық аралық жерге орналстыру мынандай талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиісті:

  1. Берілген учаске мақсатына сай және басқа жер иеленушілер мен жер пайдаланушырдың мүдделері ескеріле отырып орналастырылады;
  2. Учаскеің ауданы, пішін кескіндігі қойылған талаптарға сай, пайдалануға ыңғайлы түрде жобаланады;
  3. Берілген жердің тиімді пайдалануы, айнала ортаның ластанбауы қамтамасыз етіледі;
  4. Ауыл шаруашылығының жерге деген приоритеті сақталады. Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушыларды құру процесі үш стадиядан тұрады.

Бірінші кезең - объектінің орны мен оған берілетін жер таңбаның ауданы жөніндегі алғашқы келісімді жасау. Жер алуға мүдделі кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар тиісті органдарға (әртүрлі деңгейдегі әкімшіліктерге) сұрап отырған жер учаскесінің ауданы мен орны керсетілген өтініш жазады. Осы өтініш бойынша аталған органдар шешім қабылдайды. Бұл шешімді негіз етіп жобалау институттары (ҒӨO «Гипрозем») жобалау- іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жалпы бірінші стадия мынандай іс-әрекеттерді қамтиды:

  • дайындық жұмыстар;
  • жобаны жажасау;
  • жобаны қарап, тексеру және келісу.

Жер учаскесін бөліп беру екінші стадияда жүзеге асырылады. Жоба бекітілгеннен кейін оған қосымша тағы да бip қатар құжаттар дайындалады. Бұлар: жерді рекультивациялау (пайдаланып болғаннан кейін жерді алғашкы қалпына келтіру мақсатымен топырақтың құнарлы қабатын алу, сақтау және пайдалану) жөніндегі жобаларды жасау, аудандық әкімшіліктің жер беру туралы шешімі және т. б. Соңында бірінші стадияда жасалған жобалык ұсыныстар нақтыланып толықтырылады.

Үшінші стадия - жер пайдаланушылықты рәсімдеу. Жер учаскесін беру туралы шешім кабылданғаннан кейін жоба (учаскенің межелері) жер бетіне түсіріледі. Жер пайдаланушыға куәлік ретінде (егерде учаске тұрақты пайдалануға берілсе) мемлекеттік акт тапсырылады. .

Жалпы түрінде ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құру жобасы осындай құрам бөлшектерден тұрады:

а) берілетін жер учаскесінің (жер пайдаланушылықтың) ауданын анықтау және негіздеу;

ә) берілетін уческені орналастыру;

б) алынатын жердің алқаптық құрамы мен құндылығын анықтау және осында орналастырылатын объектінің қоршаған орта мен шектес өндірістерге теріс әсер етуін айқындап, оған қарсы шараларды белгілеу;

в) ауылшаруашылық өндірістің шығындарын анықтау және оларды өтеу жолдарын белгілеу;

г) жер иеленушілер шеккен залалдардың түрлері мен мөлшерлерін анықтап, оларды өтеу жолдарын іздестіру;

д) топырақтың құнарлы қабатын алып пайдалану жөніндегі техникалық шарттарды дайындау;

е) рекультивациялдау жөніндегі техникалық шарттарды дайындау;

ж) берілген жерді пайдалану жөніндегі негізгі шарттарды анықтау;

з) межелес жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды қайта құру, реттестіру, керекті жағдайларда өндірістерін өзгерту, жұртты көшіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

Енді әpбip құрам бөлшегін нақты түрде қаралық.

Берілетін жер учаскесінің ауданын анықтау және негіздеу.

Объектінің бас планы мен орналасу схемасына қарай және әртүрлі мақсаттарға арналған жер белгі беру нормалары мен құрылысты салу тығыздығы ескеріле отырып берілетін жердің бірінші жуықтаудағы ауданы есептеледі.

Берілетін учаскенің орналасуы бірнеше варианттарда қаралады. Соңғыларға мынандай бірқатар талаптар қойылады.

Біріншіден, учаске запастағы ауылшаруашылық өндіріске жарамсыз немесе сапасы өте төмен жерлердің құрамынан бөлінуге тиісті.

Екіншіден, бұл ic-әрекет межелес орналасқан жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың территориялық тұтастығын, ішкі шаруашылық реттілігін бұзбауға тиісті.

Үшіншіден, уческенің қоршаған ортаға теріс әсер (эрозияның өршуі, топырақтың батпақтануы және ластануы т. с. с) етпеуге тиісті. Осы талаптарға сай вариант ең тиімді болып саналады.

Жер yчacкeлepiнiң аудандарына қарай межелері әртүрлі масштабы пландарға түсіріледі. Көбінесе бұл 1:1 масштаб, бірақта бұдан да ұсақ масштабты пландар қолдануы мүмкін.

Алынатын жердің алаптық құрамы мен құндылығын анықтау. Бөлінген жердің ауданымен 6ipгe оның алтаптық құрамы анықталады. Бұл жөніндегі мағлуматтар жобалық экспликацияға 0, 1 га дәлдікпен жазып толтырылады. Учаскенің құрамы алаптардың пайдалануға берілген мерзімі (тұрақты түрде, ұзақ және қысқа мерзімді) бойынша да есептеледі.

Ауылшаруашылық өндірістің шығынын анықтау мақсатымен берілген жердің сапалық құрамы (құндылығы) табылады. Ол ушін топырақты зерттеу, бонитировка және жерді экономикалық тұрғыдан бағалауа қатысты материалдар қолданылады.

Ауылшаруашылық өндірістін шығынын анықтау және өтеу. Жердің ауылшаруашылық айналымның тұрақты немесе уақытша тиіс қалуы ауылшаруашылық өндірісті белгілі бip мөлшерде шығынға өкеліп соғады. Заң бойынша бұл шығындар өтелуге тиісті. Олардың келемі жер қоныстары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті дайындайтын нормативтер арқылы анықталады. Осы Қаулы бойынша шығындардың мөлшері алынған жердің ауданына теқ жаңа жер учаскелерін игеруге қажетті қаржының көлемінде белгіленеді. Мысалы, топырақтың бонитет балына қарай оның шамасы әрбір гектарга 66, 8 мың теңгеден 806, 6 мың теңгеге дейін барады (1994ж. бағасымен) .

Жер иеленушілерге келтірілген залалдарды анықтау және өтеу. Жердің ауылшаруашылық емес мұқтаждықтарға алғанның салдарынан жер иеленушілер бip қатар залалдарға ұшырайды. Олар: алынған жерде орналасқан ғимараттар мен құрылыстар немесе учаскеден тиіс орналасқан, бірақта пайдалануға келмей қалған осындай тәріздес объектілер; жеміс-жидек және басқа көпжылдық көшеттер; аяқталмаған өндіріс (жерді өңдеуге, тыңайтқышқа, тұқым себуге және басқа технологиялык картамен қамтылған жұмыстарға жұмсалған шығындар) ; алынбай калған өнім және т. с. с.

Топырақтың құнарлы қабатын (ТҚҚ) алу және пайдалану жөніндегі техникалық шарттарды дайындау. Бұл мәселе жерге орналастыру жобасының құрамында бөлек жұмысшы жобаны жасауға арналған тапсырма ретінде қаралады. Техникалық шарттарда ТҚҚ алынатын учаскелердің аудандары, құнарлы қабатының қалындығы, оны пайдалану жолдары, уақьпша 1 үйінділердің орналасуы, жақсартылуға жататын алаптардың аудандары, онда төселетін ТҚҚ қалындығы және бұл жерлерді пайдалану жөніндегі талаптар белгіленеді. Қосымша тиісті сызбалар жасалады.

Рекультивация жүргізу жөніндегі техникалық шарттарды дайындау. Бұл мәселе де жерге орналастыру жобасының құрамында қамтылады. Осы жөніндегі шарттарда бүлінген жерлерің аудандары мен орналасуы, олардың қалпына келтірілгеннен кейін (төселетін TҚҚ қалындығы, құнарлы қабаты алынатын танаптардың аудандары т. с. с. ) бүлінген жерлерді қалпына келтіру мерзімі айқындалады. Бұған да керекті сызбалар дайындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары
Жерді пайдаланудың құқықтық негіздері
Жерге орналастыру жобасының түсінігі
Шаруашылық жерге орналастыру жайында жалпы түсінік
Жерге орналастыру жобасы
Ауыл шаруашылығы жерлерін басқару жөніндегі жобалар
Ауыл шаруашылығы өндірісінің қысқаша бағдарламасы
Жерге орналастыру жайлы
Қазақстан Республикасында орман басқару жұмысының қамтамасыз етілуі
Жерге ораналастыруды жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz