Жерге орналастыру жобалау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Инжиниринг факультеті
Құрылыс Инжиниринг кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Жерге орналастыруды жобалау
Тақырыбы: Жерге орналастыруды жобалау.Жерге орналастыруды жобалаудың принциптері
Орындаған: Кад-18-1 студенті Аманкелдиев Ж
Тексерген: аға оқытушы Есболай Г. И
Ақтау 2019
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСЕТЕТІ
Инжиниринг факультеті
Құрылыс Инжиниринг кафедрасы
5В070900 - Кадастр мамандықтары үшін Жерге орналастыруды жобалау пәнінен курстық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА
Нұсқа____
Студентке__________________________ _______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
1. Курстық жұмыс тақырыбы:
___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________
2. №___ ________________________2019ж. кафедра отырысында бекітілген
3. Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі: __________________2019ж.
4. Курстық жұмыста қарастырыған сұрақтар тізімі:
___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ __________________________________________________________
5. Тапсырма берілген мерзімі _____________________2019ж.
6. Оқытушы_________Есболай Г.И. Каф.меңгерушісі______Байсарова Г.Г.
7. Тапсырманы орындауға қабылдаған студент_____________________
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
I Теориялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Жерге орналастырудың даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 6
1.2 Жерге орналастырудың мазмұны және шешетін мәселелері ... ... ...7
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1 Жерге орналастыру жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Жерге орналастыруды жобалау принциптері ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.3 Жер реформасының міндеттері және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.4 Жер реформасының одан әрі дамуына байланысты жерге орналастырудың мазмұны мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..20
2.5 Жерге орналастыруды жобаларын топтастыру (классификациялау) ... ..24
2.6 Жер иеленушілерге немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды анықтау және өтеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
IV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Кіріспе
Жер табиғат ресурсы және жалпы алғанда адамның негізгі тіршілік жағдайы. Басқа материалдық құндылықтардың қатарында оның орны ерекше. Жер ең маңызды, ештеңемен салыстырылмайтын ұлттық дәулет. Сондықтан оны жоспарлы түрде, тиімді және ысырапсыз пайдалану әр қоғамның басты міндеті. Халық шаруашылығының қай саласы болса да жер орналасу орны, ал ауыл және орман шаруашылықтарында ол өндіріс құралы ретінде пайдаланылады. Сондықтан экономиканың басқа салаларына қарағанда ауыл шаруашылығының, құқықтық тұрғыдан, жерді пайдаланудағы үстемділігі болуға тиісті.
Жер кеңістік базис және өндіріс құралы ретінде шектелген және еркін пайдалануға болмайды. Әсіресе, егіншілікте жерді дұрыс, жүйелі және ғылыми негізделген түрде пайдалану, оның бұл салада қажетті табиғи қасиеттерін арттырады. Ауыл шаруашылық пайдалануда, егіншілік пен мал шаруашылығында, перспективалық технологияларды енгізу, агротехникалық шараларды пайдалану, мелиорациялау жұмыстарын жүргізу, егіншілік мәдениетін арттыру арқылы жердің құнарлығын көтеру негізінде ауыл шауашылық дақылдарының өнімділігін көтеруге болады.
Ал ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерде жерді тиімді территориялық ұйымдастыру, әсіресе (мүмкіншілігіне қарай) әр жер учаскесін ең жоғары кіріс беретін қажеттілікке пайдалану және әр өндірістік немесе өндірістік емес мекемелерге, ұжымдарға, кәсіпорындарға ыңғайлы территориялық жағдай жасау арқылы бір аудан бірлігіне келетін тиімділікті көтеруге болады. Өнеркәсіп қажеттіліктеріне жер бөлудегі жерге орналастыру принциптерінің бірі өнеркәсіп кәсіпорындарын территориялық-өндірістік кешендендіру. Оның негізінде транспорттық және басқа шығындарды азайтуға болады және бұл қажеттіліктерге бөлінген жерлердің ауданын кішірейтіп, жерді ысырапты пайдалану тиімділігіне келуге болады.
Әрине ауылшаруашылық жерлердің, оның ішінде суармалы егістік алқаптарының мәні адамзат өмірінде өте зор. Бірақ бүгінгі адамдардыдың қоныстану жиілігінің жоғарылауы, жер бағасының және жерді жалдау бағасының өсуі, әсіресе ірі мегаполистерде, қалаларда және адамдардың жиі шоғырланған аймақтарда жердің объектілерді орналастыру орны ретінде мәні өте тез өсуде. Міне осы жоғарыда аталған қажеттіліктерді жермен қамтамасыз ету, әр жер учаскесін тиімді пайдалану жолдарын анықтау, жер қатынастарын реттеу жерге орналастырудың мақсат міндеттері болып келеді.
Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар жүйесi болып табылады.
Қазіргі кезде Жобалармен басқару деген түсінік жиі кездесіп жатыр. Ал жерге орналастырудың жалпы мақсаты мен міндеті, арналуы - әр жер учаскесін, оның табиғи қасиеттеріне, орналасу орнына, нысаналы пайдалану мақсатына және т.б. байланысты тиімді пайдалану жолдарын жерге орналастыру жобаларында белгілеу. Яғни жерді пайдалануда тек қана жоба ұсынысына сүйенуге болады.
Сонымен жерге орналастыру жобасы арқылы жерді пайдалануға басшылық жасауға болады.
ҚР жерге орналастыру - жер ресурстарын басқару механизмдерінің бірі болып келеді.
Жерге орналастыру жобасының әр түрінде көптеген проблемалар шешіледі. Мысалы шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларында жерді салалар арасында, сала ішінде жер иелері мен жер пайдаланушылар арасында тиімді бөлу, арнайы жер қорларын құру, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың шегін белгілеу болып келетін болса, ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларында ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын мекемелердің жерлерін, оның алқап түрлері, табиғи өсімдіктері, топырағы, сумен қамтамасыздығы және т.б. қасиеттеріне байланысты дифференциалды түрде пайдалану, күту және жақсарту жолдары әртүрлі мамандардың ғылыми ұсыныстары негізінде қабылданып, пайдалану жолдары белгілененеді.
Сондықтан жерге орналастыру шаралар жүйесі деп аталады және оны орындауда жерге орналастыру маманынан басқа әртүрлі мамандар қатысады немесе олардың ұсыныстары жобада қабылданады. Жерді пайдалану, күту және сақтау шаралары жерге орналастыру жобаларына әртүрлі ғылыми зерттеу нәтижелерінің негізінде белгіленеді. Ол әртүрлі ғылым салаларының ұсыныстарынан әр жер учаскесіне, жерді пайдалану мақсатына сәйкес керектері таңдалып, жер пайдаланушыға жобада қарастырылған шаралар ретінде ұсынылады.
I Теориялық бөлім
1.1 Жерге орналастырудың даму тарихы
ХХ ғасырдың басында, жердің көбі жекеменшікте болған кезде шаруа ұжымдарының, шаруа жекеменшігінің отрубтық және қыстақтық жерлерінде және помещиктердің және басқа жерлердің шекаралары өте дәл аналитикалық тәсілмен жасалған. Жерге орналастыру жұмыстары көбінесе жер бөлудің математикалық және геодезиялық тәсілдерін қолдану және жерді пайдалану құқығы заңмен бекітілген жұмыстарды орындаумен шектелген. Революцияға дейінгі жерге орналастыру жұмыстары жоғарғы айтылған тәсілдермен орындалған.
Үлкен жер пайдаланушылар, ұжымшарлар мен кеңшарлардың жер пайдаланулары пайда болған кезден бастап жерге орналастыру ғылымы өте тез дами бастады, ал жерге орналастыруды жобалау, осы жұмыстардың құралы ретінде, өте тез дами бастады. Техниканы адамдардың ұжымдық бірлестік еңбегін тиімді пайдалану және ірі аумағын ұтымды пайдалану үшін жерге орналастыру жұмыстарының жаңа тәсілдерін ойлап табу керек болды.
Шекаралары жер бетінде белгілеу, планға түсіру және жер пайдалану құқығын бекітетін актілермен қамтамасыз ету, яғни техникалық және құқықтық аспектілермен бірге экономикалық және қоғамдық мәселелерді шешу үшін болды: жаңа ұжымшарлар мен кеңшарлардың шаруашылық орталықтарын, өндіріс бөлімшелерін орналастыру және ұйымдастыру, ауылшаруашылық алқаптарының түрлерін және құрылымын жарамды түрге келтіру, дұрыс ауыспалы егістіктерді енгізу және т.б.
Шаруашылық аралық және ішкі шаруашылық жерге орналастыру пайда болды. Осы жұмыстарды орындау үшін ғылымның мәнін көтеру керек болды. Жерге орналастыру жұмыстарында және ғылымында қоғамдық-экономикалық бағыт жер өлшеу, техникалық (геодезиялық) жұмыстардан басым бола бастады.
Жерге орналастырудың ұжымшарлар мен кеңшарлардың (1932-1938ж.) кезеңінде ғалымдардың арасынан көп еңбек сіңірген ғалымдарды атап кетейік: И.Д.Шулейкен, Н.В.Бочков, С.А.Удачин, Н.Н.Бурихин және т.б. Кейінгі кездегі ғалымдардың арасынан М.А.Гендельман, Е.Д.Тихимирова , Э.А.Шойхет, М.Д.Спектор, Я.Я.Мауль, Л.И.Подольский, С.Н.Волков, А.А.Варламов, П.С.Шевченко, Ж.Т.Сейфуллин Н.Л. Озеранская, Э.В.Белоусова және Ж.К.Қырықбаевтарды атауға болады.
Кеңес үкіметі кезінде жерге орналастыру ғылымының жалпы теориясы жақсы дамыды: яғни табиғаттық аймақтардың, экономикалық аудандардың ерекшеліктерін ескеретін жерге орналастыру жұмыстарының жаңа әдістері алға қарыштады.
Жерге орналастыру мынадай жұмыстармен және ғылымдармен өте тығыз байланыста орындалады: жерді инженерлік-техникалық жабдықтау, жердің құнарлығын бағалау,ауылшаруашылықтық карта жасау, аудандық ауыл шаруашылық пландау, келешек жоспарлау, көп жылдық болжау, мелиорациялау, агроорман мелиорациясы, елді мекенді планды жоспарлау.
1.2 Жерге орналастырудың мазмұны және шешетін мәселелері
Қазіргі кездегі қолданыстағы Жер кодексінде Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде белгіленген, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қаралған және бекітілген жердің нысаналы мақсаты, жерді пайдалану мен оны қорғау режимі, шектеулер мен ауыртпалықтар, жер учаскелерінің шекарасы, жердің сапасы мен мөлшері туралы және басқа деректер жер құқығы қатынастары субьектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады делінген(1, 149-151баптар). Жерге орналастырудың мәні осы бір жер заңдылығының бабында нақтылы көрсетілген. Ал мазмұны мен шешетін мәселелерін келесі анықтама көрсетеді:
Жерге орналастыру дегеніміз- жер қатынастарын реттеуге, жерді,өндірістің маңызды құралы, табиғи ресурс және операциялық базис ретінде, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік ретінде толық және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға, жер заңдылығын жүзеге асыруға және оның сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.
Жерге орналастыру арқылы тек қана жерді емес одан ажырамайтын өндіріс құралдарын неғұрлым толық, дұрыс және тиімді пайдалануды ұйымдастыруға, егіншілік мәдениетін арттыруға және жерді қорғауға бағытталған мемлекеттік шаралары іске асырылады.
Жерге орналастыру обьектісі ретінде республиканың, облыстардың, аудандардың, қалалардың және басқа да елді мекендердің территориялары, бірінші кезекте ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жеке жер алқаптары мен учаскелері болып табылады.
Жерге орналастырудың мазмұны қоғамдық өндірістің, әсіресе аграрлық секторының экономикалық талабына сәйкес анықталады.Негізгі жерге орналастыру жұмыстары мыналар: аулышаруашылық және басқа қажеттіліктерге жаңа құнарлы жерлерді іздеп табу, ауылшаруашылық мекемелерінің, шаруа қожалықтарының және басқа шаруашылық құрылымдардың жер пайдалануларын жаңадан құру және барларын жақсартып, қайтадан құру, ауылшаруашылық мекемесінің жерінде ішкі шаруашылық жерге орналастыруды жүргізу, мемлекеттік, жеке және қоғамдық қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу және бөліп беру: қалалардың, поселкалар мен ауылды елді мекендердің шекарасын өзгерту және белгілеу.
ҚР-да жерге орналастыру қызметі жер ресурстарын пайдалануды тиімді ұйымдастыруды келесі жобаларды орындау негізінде қамтамасыз етеді:
Ғылыми негізделген болжамдар түріндегі бас республикалық сызбанұсқасы (сызбанұсқа);
Облыстық және әкімшілік аудандардың жерге орналастыру сызбанұсқасы;
Шаруашалық аралық жерге орналастыру жобалары;
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары;
Учаскелік жерге орналастыру, жақсарту, мелиорациялау, рекультивация жөніндегі жұмыс жобалары.
Жерге орналастыру келесі мәселелерді қамтиды және қамтамасыз етеді:
ландшафтық-экологиялық негізде жерге орналастырудың, жерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық сызбанұсқаларын (жобаларын) және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуде;
қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеуде;
белгілі бір жерде елді мекендердің шекарасын (шегін) анықтау мен белгілеуді, олардың жер-шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;
белгілі бір жерде әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекеше шарттары бар басқа да жер учаскелерінің шекарасын белгілеуді;
жерге орналастыру, бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобаларын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді;
жерді түгендеу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтауды;
топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу, геобатаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді;
жер ресурстарының жай-күйі мен пайдалануының тақырыптық карталары мен атластарын жасауды қамтиды және қамтамасыз етеді.
Барлығы жерде салынады, орналастырылады, сондықтан мемлекеттік, жекеменшікке және қоғамдық ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге жер бөлу, қала, поселке және ауылдардың шекараларын анықтау және өзгерту мемлекеттік жерге орналастырудың ажырамайтын бір бөлігі деп атауға болады.
Жерге орналастыру жұмыстарына топографиялық-геодезиялық, топырақтық, геобатаникалық және т.б. зерттеу және ізденіс жұмыстары жатады. Олардың материалдары тек қана жерге орналастыру жобасын жасауда және негіздеуде қолданылып қоймай, мелиорация, жол салу және басқа құрылыстарда және т.б. қажеттіліктерде пайдаланылады.
Әртүрлі сызбанұсқалар мен болжамдар жобаларға қарағанда нақты мәселелерді қамтымайды, ұзақ мерзімге және ауқымды аймақтарға жасалады. Олар жерді пайдалану бойынша жалпы концепциялар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға арналады.
Сонымен бірге болжам сызбанұсқа мен бағдарламаларда жерді және онымен ажырамас байланыстағы өндіріс құралдарын тиімді пайдалану және жағымсыз құбылыстарын қорғау мәселелері де қаралады. Болжаулар арқылы жер ресурстарын пайдалану шаруашылық іс-әрекеттерінің даму бағыттары алдын-ала ғылыми тұрғыдан белгіленеді.
Жерге орналастрыру облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша немесе мүдделі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өтініш бойынша жүргізіледі.
Жер учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің немесе жер пайдаланушыларының бастамасы бойынша жүргізілетін жерге орналастыру жұмыстары олардың тиісті жергілікті атқарушы органға беретін өтініштерінің негізінде жүзеге асырылады.
Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнайы мекемелер мен жерге орналастыру жұмыстарын орындауға лицензия алған заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды.
Жерге орналастыру жұмыстарын орындау тәртібін және технологиясын жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік белгілейді және олар нормативтік құқтық актілермен бекітіледі.
Олар жерге орналастыру жұмыстарын орындаушылардың барлығы үшін міндетті.
Жерге орналастыру мазмұнының күрделілігіне қарай түрлерге және түр тармақтарына бөлінеді.
Оның өзіндік әртүрлі формалары обьектінің аймақтық табиғи және өндірістік типіне, жерде шаруашылық жүргізудің көп түрлі формаларының әрекет етуіне байланысты.
Ал жерге орналастыруды жүргізудің өндірістік және құқықтық процестері бірнеше кезеңдерден тұрады. Оларға:
дайындық жұмыстары;
жобаны құру;
жобаны қарау және бекіту;
жобаны жер бетіне түсіру;
жерге орналастыру материалдарын және құжаттарын тағайындау және иесіне, тапсырма берушіге тапсыру;
жерге орналастыру жобасының орындалуына авторлық бақылау жасау кезеңдері жатады.
Бұл жерге орналастыру кезеңдері бір-бірімен көлемі және мазмұнымен айрықша және олар әртүрлі әдістермен орындалады.
Өз есебінен әзірленетін және жүзеге асырылатын ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын және жерді ұтымды пайдалануға, топырақтың құнарлағын сақтау мен арттыруға байланысты жобаларда жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың( республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың облыстық маңызы бар қалалардың өкілетті органдарымен келісімі бойынша жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар, басқа да тапсырыс берушілер бекітеді.
Ал жер учаскелерінің шекарасын қалыптастыруға, оларды белгілі бір жерде белгілеуге, жер учаскесенің жоспарын дайындауға байлансты жерге орналастыру құжаттамсын, сондай-ақ жерге орналастыру жөніндегі жер ресурстарының жай-күйі мен пайдалануының арнайы тақырыптық карталарын жасау жөніндегі топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың топырақты зерттеу агрохимиялық, геобатаникалық және басқа да зерттеу және іздестіру жұмыстарының материалдарын, белгіленген тәртіппен келісілген жерге орналастыру құжаттамасын жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың өкілетті органдары бекітеді. Жерге орналастыру құжаттамасына өзгерістер құжаттаманы бекіткен органнның рұқсатымен ғана енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жер кодексі бойынша жерге орналастыруды жүргізу бойынша тапсырыс беруші, жерге орналастыру құжаттамасын әзірлеуші, жерге орналастыруды жүргізу кезінде құқықтары мен заңды мүдделі көзделуі мүмкін үшінші тұлғалар, жерге орналастыру процесіне қатысушылар болып табылады.
Жерге орналастыру процесіне қатысушылардың әрқайсысының міндеттері және құқықтары заң бойынша анықталған. Мысалы, жерге орналастыруды жүргізу жөніндегі тапсырыс беруші жеке өзі немесе өкілі арқылы жерге орналастыру процесінің барлық сатысында қатысуға, жерге орналастыру ісінің материалдарымен танысуға, өз ұсыныстарын қарауға енгізуге және жерге орналастыру процесінде туындаған келіспеушіліктерді шешуге қатысуға құқығы бар.
Жобалау және іздестіру жұмыстарымен айналысатын, сондай-ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның келесідей құқықтарын атап өтуге болады:
мемлекеттік органдардан жерге орналастыру жөніндегі қажетті ақпарат алуға;
тапсырыс берушілермен шарт жағдайларында қарым-қатынас орнатуға;
жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру барысында қандай да бір ерекше рұқсатсыз бақылау жасауға, жергілікті атқарушы органдарды оның нәтижелері туралы хабардар етуге және жерді пайдалану мен қорғау іс-тәжірбиесін жақсарту жөнінде ұсыныс енгізуге;
жерге орналастырудың ескірген сызбанұсқалары мен жобаларын жетілдіру немесе қайта өңдеу жөнінде ұсыныстар енгізуге.
Жоғарыда айтылғандай, жерге орналастыру процесінде тапсырма беруші мен оны орындаушыдан басқа жерге орналастыру барысында құқықтары мен заңды мүдделері қарастырылуы мүмкін үшінші тұлғалар болады. Олар жерге орналастыру мәселелері талқыланғанда қатысуға және жерге орналастырудың барысы мен нәтижелері туралы өз мүдделерін көздейтін ақпарат алуға құқығы бар. Сондай-ақ, жерге орналастыру процесінде өздерінің мүдделерін қозғайтын заңсыз әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдануға құқылы.
Жерге орналастыру процесінің барлық қатысушылары келесі шарттарды орындауға міндетті:
Қазақстан Республикасының жер заңдарын сақтауға;
жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты құзыретті мемлекеттік органдар талаптарын орындауға;
жерге орналастыру процесінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарның сақталуын қамтамасыз етуге.
Атқарушы органдар жобалау құжаттамасы бойынша келісім жасау және оны бекіту іс әрекеттерін бір ай ішінде орындауға міндетті.
Жерге орналастыру жұмыстарын орындауға тапсырыс беруші:
жерге орналастыруды жүргізу мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, ерекше жағдайлары мен мерзімдерінің анықтауға;
қажетті материалдар мен құжаттарды беруге;
жұмысты қаржыландаруды ұйымдастыруға;
орындалған жұмыстарды бір ай ішінде қабылдауға немесе дәлелді түрде бас тартуға міндетті.
Жерге орналастыру құжаттамасын әзірлеуші:
барлық жұмыстарды қолданыстағы нұсқаулықтар мен әдістемелік нұсқауларға, сондай-ақ шарттарға сәйкес орындауға;
зерттеу, іздестіру және өзге де жұмыстарды орындауда топырақтың
құнарлы қабатын бүлдіре отырып, жүргізілген жер учаскелерінің жай-күйін бастапқы қалпына келтіруге;
жерге орналастыру құжаттамасында көзделген іс-шаралардың дұрыстығы, сапасы мен экологиялық қауіпсіздігі бойынша жауап беруге міндетті.
II Негізгі бөлім
2.1 Жерге орналастыруды жобалау
Жобалау - жерге орналастыру процестерінің ең маңызды, көлемді және күрделі кезеңі болып саналады. Жобаны жасау және оны негіздеу - жерге орналастыру іс барысының ең маңызды кезеңі.
Жерге орналастыруды жобалаудың заты - жоба шешімдерін орындау әдістері,оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және заңдылық негіздеу.
Жер заңдылығы бойынша бірде-бір мекеме, бірде-бір ұйым құрылыс жүргізу жұмыстарын, жер бөлу жобасы бойынша жер бетінде берілетін жер учаскесінің шекарасы түсірілмей, оның мөлшері анықталмай, бастауға тиісті емес. Сондықтан ең басты жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Қазіргі жерге орналастыру теориясы экономикалық, құқықтық проблемалар бойынша бұрынғы негізгі техникалық, технологиялық аспектілерді сақтай отырып, қоғамдық құрылымдағы түпкілікті өзгерістерді ескеру негізінде жерге орналастыру жұмыстарында жоспарлы-таратушы жүйеден нарықтық қатынасқа өтуді талап етеді.
Бүгінгі күнде жерге орналастыру ғылымы зерттудің қазіргі әдістерін кең қолданды: есептік-варианттық, статистикалық, монографиялық, экономика-математикалық, болжамдау әдістері және эксперимент жүргізу арқылы.Зерттеуге жерге орналастыру ғылымы диалектикалық-материалистік зерттеп білу әдісінің талаптарында сүйенеді - фактілерді, құбылыстарды, қоғамдық категорияларды бір-бірімен өзара байланысты және тәуелді, статикалық емес, динамикада (дамуда) зерттеу, дамуды саннан сапаға көшу ретінде қарастыру, фактілерді және құбылыстарды зерттеуде қарама-қарсылықтардың бірлігі позициясынан қарау, жаңашылықты, прогрессивті, болашағы барларын табу.
Жерге орналастыру ғылымының даму барысында жоғарғы оқу орындарында жеке ғылыми пәндер қалыптасып келеді. Солардың ішінде: Жерге орналастырудың ғылыми негіздері, Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау, Жерге орналастыруды жобалау, Жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау және болжау, Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар және т.б.Жалпы жерге орналастыру теориясы жобалаудың экономикалық мәнімен тығыз байланысты. Жобалау жұмыстарын ұйымдастыру әртүрлі болуы мүмкін: жер, су, және басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі болжам сызбанұсқалар негізінде қабылданған жүйе ретінде қатаң орындалуы тиіс. Немесе ауданның жерге орналастыру сызбанұсқасын құрады, сосын шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын және ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын, экономикалық мүмкіндіктерінің пайда болуы мен талабының өсу шамасына қарай жеке учаскелерге әртүрлі шараларды қажет ететін учаскелік жерге орналастыру жобалары жасалады. Осы жолмен қабылданған аудан сызбанұсқа мен жобалық шешімдер жекеленіп жүзеге асырылады.Бірақ іс жүзінде әртүрлі жағдайлар кезігіп жатады, бұндай кездері көрсетілген қатаң жүйені сақтау мүмкін болмайды немесе қиынға соғады. Бұндай жағдайларда жобалық мәселелерді шешу әдісі мен ұйымдастырылуы қатты өзгермейді, бірақ жобалық шешімдер әр жағдайға жеке таңдалып, орындалады. Дегенмен, кез келген жағдайда жобалау барысында, жерге орналастыру процесі толық орындалған немесе жеке жобалауды жүзеге асыруды жалпы қажетті басқару ережелерімен бірыңғай талаптарды, қағидаларды және нормаларды басшылыққа алу қажет.
Жобаны жасау алдында дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұған мынандай бірқатар іс-қимылдар кіреді:
Жерге орналастыру процесіне қатысатын жер иеленушілер мен пайдаланушылырдың құрамы анықталады;
Жерге орналаструды жүргізуге қажетті құжат-материалдар (құқықтық, планды-картографиялық, іздестіру, экономикалық т.б.) жиналады;
Кәсіпорындардың шаруашылық аралық байланыстары;
Инфрақұрылымның орналасуы және даму деңгейі;
Жер мен табиғатты қорғау жөніндегі талаптар;
Жобалық құжаттардың құрамы;
Жобаның ықтимал варианттары және жалпы көріністері.
Жерге орналастыру жобасы дегеніміз - халықшаруашылығында, әсіресе ауылшаруашылығында жерді жаңаша орналастыруда жасалатын шаралардың жобасы және олардың тиімділігін экономикалық, техникалық және заңдық түрде дәлелдеу құжаттарының (есептеулер,сызбалар және т.б) жиынтығы.
Жерге орналастыру жобасы игерлгенде көптеген ауылшаруашылықтық және ауылшаруашылығына жатпайтын жер иеліктері мен жер пайдаланулар, жерге орналастыру обьектілері пайда болады.
Жерге орналастыру жұмыстарының нәтижелері:
Жер пайдаланудың экономикалық тиімді көлемі, орны және ыңғайлы шекарасы;
Тиімді орналастырылған шаруашылық орталықтары, ауыспалы егістер, жайылымдар, шабындықтар, жеміс-жидектер, жүзімдік кварталдары, басқа шаруашылық тиімді көлемдері, орналасуы және шекаралары.
Сондықтан жоба, әсіресе ауылшаруашылығы үшін, прогрессивтік технологияны енгізуде және өндірісте ұйымдастыруда негіз болып есептелінеді.
Жерге орналастыру жобаларындағы және сызбанұсқалардағы өндірісті технологиялық ұйымдастыру мұқият экономикалық дәлелдеуге салынады.
Жоба екі бөліктен тұрады: мәтіндік және графикалық.Жобаның тиімділігін агроэкономикалық, инженерлік-экономикалық және сметалық-қаражатты егжей-тегжей дәлелдеу есептеулері және жобаның графикалық бөлігі бірге біртұтас жобалау-сметалық құжаттары болып келеді.
Жобаның графикалық бөлігіне: жобалау планы,жұмыс сызбалары, сызбанұсқалар және иллюстрациялау суреттері, графиктік диаграммалар жатады. Жобалау планы - негізгі құжат. Онда жер пайдаланудың шекаралары, көлемі және орны көрсетіледі.Ауылшаруашылық мекемесі үшін жер пайдаланудың тек қана шекарасы мен мөлшері анықталып қоймай, әрі қарай ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы арқылы ауылшаруашылық өндірісіне прогрессивтік технологиялар енгізіледі, ауылшаруашылық алқаптарының құрамы анықталады, ауыспалы егіс жүйлері, онымен байланысты егіншілік және шаруашылық жүргізу жүйелері белгіленеді.
2.2 Жерге орналастыруды жобалау принциптері
Жерге орналастыруды жобалау принциптері дегеніміз жобалау жұмыстарын орындауда міндетті түрде басшылыққа алатын қағидалар.Олар жобалауда жер заңдылығында қабылданған жағдайларды бұлжытпай орындауға, жоғары тиімділіктерге жетуге, капиталдық шығыстың минимальды болуына және оның тез арада қайтарлуына бағыттайды.Жерге орналастыру принциптері жобалаудағы есептеулерде прогрессивтік нормативтерді және технологияларды пайдалануды; ұзақ және қысқа мерзімдік жоба алды болжамдардың материалдарын пайдалануды; жоғары сапалы зерттеу және ізденіс материалдарын пайдалануды талап етеді. Сондықтан жерге орналастыруды жобалауда жерге орналастырудың жалпы принциптері басшылыққа алынады;
жерге орналастыру жұмыстарын орындауда жерге жеке меншіктің, жерді пайдаланудың және онда шаруашылық жүргізудің формалары жайында заңдылықтарды қатал орындау;
жерді аймақтау материалдарын пайдалану;
ауылшаруашылығының, басқа салалардың мүдделерін неғұрлым толық есепке ала отырып, жерді пайдаланудағы ауыл шаруашылығының приоритеттілігін сақтау;
ауылшаруашылықтық құрылымдардың жер пайдалануларының тұрақты болуын, әрқашан оларды жетілдіре отырып, қамтамасыз ету;
жерге орналастыру жұмыстарын орындауда оның обьектілерінің табиғи, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайларын, жердің кеңістіктік қасиеттерін және бағалық аймақтарды түбегейлі есепке алу;
жер пайдалануды ұйымдастыруды және территорияны ұйымдастыру-шаруашылықтық орналастыруды экономикалық, экологиялық және технологиялық бірыңғай жолмен орындау;
жер учаскесінің топырағы мен бедеріне, өсімдігіне және т.б. ерекшеліктеріне байланысты экономикалық және қоғамдық тиімді пайдалану;
жерді тиімсіз, берекесіз пайдаланудан сақтау;
жобалау жұмыстарын бір жүйеде орындау және оларды орындауда аудандастыру, жерге орналастыру сызбанұсқаларының мелиоративтік, жол салу және т.б. жобалардың шешімдерін есепке алу.
Жоғарыда аталған жалпы принциптердің ішінен жерге орналастыруды жобалауда міндетті түрде орындалуға тиісті принциптер;
ҚР жер заңдылығына сәйкес жерге меншік құқығы мен пайдалану құқығын қамтамасыз ету;
ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге жерді ысырапсыз пайдалануды болдырмау;
ауылшаруашылық өнімдерін максимал көлемде алу үшін әр жер учаскесінің болашақта пайдалану қарқындылығын әрдайым бірте-бірте жоғарлатуды белгілеу қажет;
жобаланатын шараларды мекеменің, шаруашылықтың, ұйымның және әкімшілік ауданның экономикасымен байланыстыру,жердің нарықтық механизмге енгізілуін ескере отырып, игерілетін капиталдың нақты мүмкіншілігінен және оны тез қайтару қажеттілігінен шығу қажет;
жобаланатын шешімдерінде минимальды транспорттық және машина-тракторлық агрегаттарды пайдалану шығындарын қамтамасыз ету, адамдардың пайдасыз бір жерден екінші жерге жаяу немесе көлікпен бару шығындарын азайту, мал және егіншілік шаруашылықтарында еңбекті ұйымдастырудың прогрессивтік формаларын енгізуге қолайлы жағдай жасау.
жоба шешімдерін топырақ эрозиясына қарсы немесе оның қалдықтарын жою шараларымен және жерге тиетін басқа кері әсерлермен (екінші тұздану, ластану және т.б.) күресу іс-әрекеттерімен байланыстыру;
жерді тиімді пайдалану және қорғау бойынша жоба шараларын басқа инженерлік жобалармен (жерді мелиорациялау,рекультивациялау; автомобиль жолын, су шаруашылық ғимараттарын салу; елді мекендерді жоспарлау және жер шаруашылық орналастыру және т.б.) бірге кешенді түрде өзара байланыстыруды қамтамасыз ету;
жобалауда зерттеу және ізденіс жұмыстарының нәтижелерін, жер кадастры және жерді бағалау деректерін, жоба алды және болжау шешімдерін максимал қолдану.
Жоғарыда аталған талаптар жобалаудың барлық кезеңдерінде шешім қабылдауда және кез келген обьектілерде; аудан, шаруашылықтар немесе олардың бірлестіктерінде, жеке учаскелерде (массивтерде) орындалуы тиіс.
Жерге орналастыруды жобалаудың негізі шешетін сұрақтары жалпы жерге орналастырумен бірдей; жерді неғұрлым толық, ғылыми негіздеу арқылы тиімді және өнімді пайдалануды ұйымдастыру.
Соған байланысты келесі жерге орналастыруды жобалау принциптері орындалуы тиіс;
Жоба ұсыныстарының экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тиімділігінің жоғары болуы;
Жерді тиімсіз пайдаланудан, нәтижесіз шаруашылық жүргізуден және табиғаттың жағымсыз құбылыстарынан сақтау;
Жоба мәселелерін кешенді шешу;
Жобалауда табиғи-ауылшаруашылық аймақтау нәтижелерін міндетті түрде есепке алу;
Қазіргі кездегі жерге құқықтық қатынастарды есепке алу;
Бірінші прициптері алатын болсақ, әр жоба шешімі экономикалық тұрғыдан негізделуі тиіс. Экономикалық тұрғыдан негіздеу-жерді тиімді пайдаланудан алатын қосымша өнімнің мөлшерін есептеу немесе адамдардың бір жерден екінші жерге баруына, техника мен транспорттың бір жерден екінші жерге аусуына байланысты шығындардың азаю мөлшерін есептеу.Экономикалық тиімділік экологиялық және қоғамдық тиімділікпен тығыз байланыста, яғни жоба шешімдерінің негізінде табиғатты тиімді пайдалану және адамдардың өміріне, еңбек етуіне және дем алуына ыңғайлы жасау нәтижесіне келу
Екінші принцип жоба шешімдері құқықтық және экологиялық негізделуі тиіс. Әр жер учаскесін әріқарай пайдалану ұсыныстары оны тиімсіз пайдаланудан сақтауды, оның өнімділігінің арттырылуының, мәдени агроландшафтының сақталуын және әрі қарай дамуының нақты нормативтік актіге негізделуін қамтамасыз етуі тиіс.
Үшінші принцип жоба мәселелерін кешенді шешу. Жоба құрам бөліктері және оның элементтері өзара бір-бірімен және олар басқа жерге орналастыру жобаларымен, болжам сызбанұсқалармен, мелиорациялау жобаларымен, жол салу, аудандық пландық жоспарлау және тағы басқа осы территорияны қамтитын жобалармен байланысы орындалуы тиіс.
Төртінші принцип бойынша жобалауда табиғи-ауылшаруашылық аймақтау нәтижелерін міндетті түрде есепке алу керек.Ол үшін жер-кадастрлық құжаттамалар, әртүрлі ізденіс және зерттеу материалдары кең пайдалануы тиіс.
Бесінші принцип, жерді нарықтық механизмнің обьектісі ететін қазіргі кездегі жерге құқықтық қатныстарды есепке алу.
2.3 Жер реформасының міндеттері және мазмұны
1990 жылдары басталған қайтадан құру жер заңдылығына және жер қатынастарына көп жаңалықтар енгізді. Қазақстанда болып жатқан нарықтық экономикаға көшу жер реформасын қазіргі кездің актуальды проблемаларының бірі қылды. Соған байланысты бұрынғы қалыптасқан жерге тек қана мемлекеттік меншікті өзгертуге арналған заңдар қабылдана бастады.
1990ж. Жер кодексы барлық жердің мемлекеттің меншігі екендігін жариялады. Бірақ оның енгізген негізгі жаңалығы - кейбір жер учаскелерін (шаруа қожалығын құруға, көмекші шаруашылық жүргізуге, бақ және мал өсіруге, құрылыс жүргізуге) мәнгілік пайдаланып, мұраға қалдырылатындығы енгізілді. Берілетін жер учаскелерінің мөлшерлеріне қойылатын шектеулер алынып тасталды, жер учаскелері иелерінің оны пайдалануларына мемлекеттік және қоғамдық органдардың араласуы тоқтатылған, жер иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары реттеліп, заңды бекітілген: шаруашылық жүргізу еркіндігі, жер учаскесін арендаға беруді, жер учаскесінен алынатын өнімге және кіріске иелік құқығы. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастарын реттеудегі құқықтары кеңейтілді, жерді пайдаланудың ақылылығы енгізілді, жерге таласты, оның ішінде сот арқылы, шешу тәртібі бекітілген.
Жер реформасының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz