Қазақ тілі орфографиясындағы негізгі және қосалқы принциптер
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмыcының жалпы cипаттамаcы. Курстық жұмыс қазақ тілі орфографиясының тарихы мен негізгі мәселелерін саралауға, латын графикасына негізделген қазақ жазуындағы дәстүрлі ережелер мен жаңартпаларды, олардың құрылуындағы басты назарға алынатын негізгі және қосалқы принциптерді кеңінен қарастыруға бағытталады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласында (12.04.2017 ж.): Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен Қазақстан-2050 Стратегиясында 2025 жыл - дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін мәлімдеді. Бұл - сол кезден барлық салаларда біз латын қар - піне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп - биімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек, - деп көрсетілген міндетіне сәйкес іске асырыла басталған сан салалы іс-шаралардың қатарында жаңартылған қазақ емле ережелерін әзірлеу ісі де қолға алынған болатын. Нәтижесінде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдарының тікелей қатысуымен 9 тараудан тұратын Қазақ емлесінің негізгі ережелер жобасы дайындалды. Зерттеу жұмысы осы уақытқа дейінгі қабылданған емле ережелері мен жоғарыда аталған латыннегізді қазақ тілі емле ережелерін салыстырмалы түрде талдау түрінде жүргізіледі.
Зеpттеу жұмысының өзектiлiгi. Латын графикасына негізделген қазақ жазуы енді ғана қолға алынып жатқандықтан, емле ережелерінде әлі де шешімін таппаған бірқатар мәселелер бар. Атап айтсақ, жазу емлесінде 70-75% дәстүрлі ережелер сақталса, жаңа графиканың ерекшеліктеріне байланысты 25-30% жаңартпалар енгізуді қажет етеді. Ал ең маңыздысы -- бұл ережелерді жалпы халыққа үйрету, білім беру бағдарламаларына ендіру. Зерттеу жұмысында осы мәселелер толық қамтылады.
Зерттеу жұмыcының мақcаты. Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесіндегі дәстүрлі ережелер мен жаңартпаларды біріздендіріп, оны білім беру бағдарламалары мен жаңа жазуды үйретуге арналған әдістемелік құралдарға ендіру.
Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысына мынадай міндеттер қойылды:
қазақ тілі емлесіне енгізілген жаңа ережелерді біріздендіру;
жаңа ережелерді теориялық және практикалық түрде түсіндірудің тиімді тәсілдерін ұсыну;
зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде оқытушыларға және жаңа әліпбиді үйренушілерге арналған әдістемелік құрал құрастыру.
Зеpттеу ныcаны ретінде жазу номаларына, емле ережелеріне байланысты жазылған әр жылдардағы ғылыми еңбектер, ғылыми мақалалар, ұсынылған емле жобасы мен ондағы дәстүрлі және жаңа ережелер, жалпыхалықтық диктант нәтижелері және сыни көзқарастар мен пікірлер алынып отыр.
Зерттеу жұмысының пәні. Орфография, терминология, кірме сөздер, емле, жазу, т.б.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері.
1) сипаттама әдісі;
2) фонемалық талдау әдісі;
3) фонетикалық талдау әдісі;
4) салыстырмалы әдіс;
5) талдау әдісі;
6) эксперимент әдісі.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Қазақ тілінің жазу емлесіне қатысты еңбектер XX ғасырдың басынан бастап жазыла бастады. Зерттеу жұмысында қазақ тіл білімімен қатар, жалпы тіл біліміндегі жазуға, емле ережелеріне қатысты еңбектер басшылыққа алынды. Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Жұбанов, Р.Сыздық, Н.Уәлиев, Ә.Жүнісбек, С. Мырзабеков, Қ.Күдеринова сынды ғалымдардың ғылыми еңбектері мен ой-пікірлері қолданылды.
Соңғы уақытта ұсынылған латын әліпбиіне және оған негізделген емле ережелеріне қатысты түрлі сын-пікірлер айтылып, ғылыми мақалалар жарыққа шықты. Осы тұрғыдан диссертация жұмысында жаңа емле жобасындағы жаңартпалардың фонетикалық тиімділігі, шет тілден енген сөздер мен терминдерді таңбалауда мәселелері қарастырылған мақалалар негізге алынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен күтілетін нәтижелері.
Латын әліпбиіне негізделген жазу елімізде енді ғана енгізілгендіктен, бұл зерттеу жұмысы теориялық жағынан да, әдістемелік тұрғыдан да жаңа мәселелерді қозғайды.
латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесіндегі жаңартпаларлың теориялық маңызын айқындау;
емле ережелеріндегі жаңартпаларды халықтық қолданысқа енгізу жолдарын қарастыру;
басшылыққа алынатын фонетикалық және морфологиялық принциптер бойынша тиімді жаңа ережелер ұсыну;
жаңа емле ережесін біріздендіріп, оны оқытудың әдістемесін жасау;
латын графикасына негізделген жазу емлесіндегі ережелерді оқытуда қолданылатын әдістемелік құрал жобасын жасау.
Зерттеу жұмыcының құpылымы.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚ ТІЛІ ОРФОГРАФИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тілі орфографиясының пайда болуы, дамуы және жетілуі
Қазақ тiлiнде жазу емлесiнiң даму тарихы ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан басталады. Бұған сол кезеңде ұлттық жазба әдеби тiлiнiң қалыптасуы негiз болды деп айтуға болады. Қазақ тiлiнiң өзге де проблемалары тәрiздi, қазақша жазу мәселесi туралы мәселе алғаш рет қазақ баспа сөзiнде бой көрсете бастады. Дала уалаяты газетi осы мәселеде пiкiрталастар ұйымдастырып, қазақ оқығандарының назарына ұсынып отырды.
Баспасөз бетiндегi қазақ емлесiне қатысты пiкiрталастарды негiзiнен мынадай мәселелер айналасында жүйелеуге болады: қазақ тiлiнiң тазалығы үшiн күрес; сырттан алынған терминдердi дұрыс жазу мәселесi; араб алфавитiнiң қазақша сөз жазуға қолайсыз жақтары; араб алфавитiн өзгерту жайы; қазақ жазбасына орыс графикасын қолдану.
Қазақ жазуы мен әліпбиі тарихында А.Байтұрсыновтың араб графикасын қазақ тілінің дыбыс жүйесіне бейімдеп жасаған әлем тіл білімінде өзінің жетістіктерімен ерекшеленетін сингармоалфавиті мен сингармоорфографиясының маңызы зор болды [1]. Себебі қазіргі жазуымыздың өзі А.Байтұрсынов еңбектеріндегі жазу теориясымен сабақтасып жатыр. А.Байтұрсыновтың араб графикасына негізделген (төте жазу) еңбегі 1912 жылдардан бастап белгілі болып, 1914, 1925, 1926 жылдары әр түрлі басылымдарда елге танылды [2, 6 б.]. Қазіргі әліпбиіміздегі 42 әріптің қызметін А.Байтұрсынов жасаған әліпбиде 16 әріп пен дәйекші атқарған еді. Қазақ тілінің табиғатына сай келтіру мақсатында араб графикасына өзгеріс енгізген. Ғалым 24 әріптің ішінен араб жазуынан 16 таңбаны дайын күйінде алған да, 8 таңбаны өзі қосқан. Араб жазуынан алынған екі әріптің таңбасы А.Байтұрсынұлы әліппесінде басқа әріптерді таңбалайды [3, 6 б.].
Қазақ жазуы тарихында 1924 жылы 12-14 маусым аралығында Орынбор қаласында өткен Қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезінің маңызы зор болды. Осы құрылтайда қазақ жазу емлесін бір ізге түсіру мәселесі жөнінде құрылған комиссия жазу емлесін айтпастан бұрын ...Әуелі қазақша дыбыстар қандай екенін, оған лайық таңбалардың нендей болуын ашып алу керек деген тоқтамға келіп, қазақ тіліндегі 24 дыбыс былай жіктелсін: 1) дауысты (а, о, ұ, ы, е ); 2) жарты дауысты (и, у, л ); 3) ұяң (м, н, ң ); 4) ымырасыз (д, г, ғ ); 5) ымыралы (ж, з ); 6) қатаң (б, п, т, с, ш, қ, к ). Бұл әріптердің әліпби реті былай болады: а, б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н, ұ, о, у, е, ы, и ,- деп қаулы қабылданған екен [4, 21 б.]. Әліпбидегі әріптердің орналасу тәртібі төте жазудағы араб графикасының жазылу ерекшелігіне байланысты туындағандығы байқалады. Комиссия жұмысында и мен уарқылы жазу мәселесі, яғни А.Байтұрсынов пен Е.Омаровтың қазақ тілінде ұзын у мен ұзын и жоқ деген пікірі қолдау тауып, оларды қос әріппен жазуға келіседі [4, 22 б.]. Шындығында да, қазақ тілінде дауысты имен у жоқ екендігі кейінгі кезде ғана Ә.Жүнісбеков зерттеуінде дәлелденгені баршаға аян [5, 11 б.]. Жазу емлесі жөнінде талқылау барысында тілімізде үндестік заңы бар деген соң, сол заңның арқасында дәйекшемен жазуды жеңілдете алатын болған соң, к мен г дыбыстарына өз алдына әріп алмай-ақ, жұмсақ сөзде келетін қ мен ғ әріптерімен белгілеу туралы пікір айтып, бұл төрт дыбысты жеке-жеке таңбалап, кейіннен к мен гдыбысының тегі тексерілсін деген шешім алады [4, 19-20 бб.]. Бұл шешімнің де дұрыстығын қазіргі жазуымыз дәлелдеп отыр.
А.Байтұрсынов құрастырған әліпбидің бір артықшылығы ретінде тіліміздегі барлық дыбыстар жеке-жеке әріптермен таңбаланған айтуға болады. Ал батыс халықтарының латын графикасына негізделген әліпбиінде барлық дыбысқа жеке-жеке әріптердің жете бермейтінін байқауға болады. Сондықтан олардың жазу жүйелерінде әріптердің асты-үстіне қойылатын қосымша белгілер, көптеген диакритикалық таңбалар мен екіден жетіге дейін әріптердің тіркестері қолданылатын болған. Мысалы, ч дыбысы немісше - tszh , ағылшынша - tch, французша -tch түрінде бірнеше әріптер тіркесімі арқылы беріледі екен. Ал щ дыбысы немісше -scthtsch, ағылшынша -stch, фрацузша -szcz тіркесімдері арқылы беріледі. Сондай-ақ ағылшын әліпбиіне зер салатын болсақ, әріп саны аз болғанмен, жүзден аса қосымша белгілер (графемалар) қолданылатынын байқауға болады. Осылай салыстырмалы түрде қарай отырып, А.Байтұрсынов негізін қалаған қазақ әліпбиінің бүкіл әлемдік маңызын тануға болады. Қазақ әліпбиі мен жазуы жоғары жақтың шешімі бойынша 1929 жылғы 25 маусымда жаңа орфографияға көшіріліп, бұрынғы араб графикасының орнына латын әріптерін қабылдады. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде 9 дауысты, 2 жарты дауысты, 18 дауыссыз дыбысты таңбалайтын 29 әріп болды. Алғашқы кезде бас әріптер болған жоқ еді, сондықтан 1930 жылғы 11 маусымдағы жоғары жақтың шешімі бойынша әліпбиге бас әріптер енгізілді [4, 53 б.].
Латын графикасын қабылдаған қазақтың жаңа жазуы фонетикалық принципті басшылыққа алды. Жаңа жазу заңдылығы 30 параграф және 12 ескертпеден тұрса, оның 18 бөлімі орыс тілінен енген сөздерге, терминдерге, қалған 12 бөлімі қазақ сөздерін жазуға қатысты болды. Фонетикалық принципті басшылыққа алған сол кездегі жазу емлесінің кемшілігі жеке сөздерді, әсіресе, орыс тілінен енген сөздерді бірнеше вариантта құбылтып жазуға жол берді. Осы кемшілікті көрсете келіп, Қ.Жұбанов бір ғана коммунист сөзі 16 түрлі жазылып жүргенін сынады [6, 513 б.]. Латын графикасына негізделген жазуды жетілдіру жұмыстарына Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Қ.Басымов т.б. ғалымдар белсене араласты. Қ.Жұбанов тіліміздің фонологиялық ерекшеліктерін дөп басып тани білген ғалым ретінде қазақ тілі дыбыстарын буын құрамында қарастырып, дауыстылардың таңбасы "буынның жуан-жіңішкелігін білдіретін қарақшы" деген дәлелді пікір айтады. Кезінде ұу, үу, ый, ій - қосынды дыбыстар екендігін көрсете отырып, оларды жазуда жалаң у, и әріптерімен таңбалау туралы айтқан ұсынысы жазу сауаттылығын жақсарту бағытындағы сол алғашқы ізденіс кезеңі үшін маңызы болғанын жоққа шығара алмаймыз. Себебі, латын графикасына негізделген алғашқы дауысты дыбыстар қазақ әліпбиінде 13 әріп (17 таңба) арқылы белгіленген болса, ғалым енді оны қазақ тілінің ішкі мүмкіншілігін ескере отырып, 7 әріппен таңбалауға болатындығын көрсетеді [6, 521 б.]. Араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуындағы дәйекшенің артықшылығын Қ.Жұбанов өте жоғары бағалаған. Ол 1912-1930 жылдар аралығында 18 жылдай қазақ сөзі А.Байтұрсынов жасаған әліпби арқылы жазылғанын айтып, араб алфавитінің табиғатына тән кейбір ерекшелігі болмаса, бұл жазудың еш кемшілігі байқалмағанын, сондықтан одан бас тартып, латынға көшу мәселесі жоғары жақтың қысымы екендігін ескертеді [6, 506 б.].
Қазақ орфографиясын жетілдіру мақсатында 1938 жылы жазудағы негізгі принцип морфологиялық деп танылып қазақ әліпбиіне ф, х, в әріптері енгізіледі. Ал 1940 жылы 5 қарашада қазақ жазуын орыс графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшіру туралы заң шығарылады. Қазақ әліпбиінің орыс графикасына негізделген жаңа жобасын ғалым С.А.Аманжолов жасаған еді [2]. Оның авторлығымен 1940 жылы латын графикасымен жазылған емле ережелері де жарық көрді. Бұл алфавитте 41 әріп, яғни орыс әліпбиінен 32 әріп және қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін танытатын 9 әріп, болды. Әліпбидегі әріптер орналасу тәртібі бойынша алдыңғы жағында орыс тіліне тән әріптер, ал соңғы жағында қазақ тіліне тән әріптер орналасты. Кезінде орыс графикасын алған қазақ жазуын жетілдіру жөнінде баспасөз беттерінде көптеген ғылыми пікірлер айтылды. Осы орайда, яғни ұдыбысының таңбасын жетілдіру қажеттігі туралы ғалым Н.Т.Сауранбаев: Тәжірибеде ỹ әрпінің үстіне көлденең қойылатын сызықша баспада түсіп қала беретіндігі айқын болды. Оның түсіп қалуынан сөздің мағынасы бұзылады,- деген еді [7, 39 б.]. Қазақ жазуында жуанды- жіңішкелі ұуүу тіркесімдерін, яғни оқы, тоқы, кемі сөздеріне у қосымшасын жалғаған кезде, түбір соңындағы қысаң дауыстылар ұү болып, әлгі сөздер оқұу, тоқұу, кемүу болып айтылса да, жазуда сөз соңындағы екі дыбысты бір ғана у әрпімен таңбалау заңдастырылды. Сол кезеңде жуанды - жіңішкелі ыйій дыбыстары тіркесімін бір ғана әріппен (и) таңбалау туралы М.Балақаевтың пікірі болған еді. Бұл жөнінде ғалым Н.Т.Сауранбаев былай деген еді: Жуанына да, жіңішкесіне де и жазудан сөздің мағынасы бұзылмайды, қайта ыйжазылатын сөздердің жазылуы біріңғайланып жеңілденеді [7, 43 б.]. Кейіннен 1951 жылы ұдыбысының бұрынғы таңбасы (ỹ) сәл өзгертіліп, қазіргі күйінде жазылатын болды. Сондай-ақ, әліппеге ё дыбысы енгізілді. Қазақ әліпбиіндегі әріптердің орналасу тәртібі 1957 жылы қайта өзгертіліп, қазіргі тәртіппен жазылған еді. Қазіргі әліпбиімізде 42 әріп бар, оның 9-ы қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігіне сай келтірілген (ә, ө, ү, ұ, і, ғ, қ, ң, һ) әріптер болса, 33 әріп орыс тілінен өзгеріссіз алынды. Бұл әріптер 15 дауысты, 25 дауыссыз және дыбыстық мәні жоқ 2 әріп (ь, ъ) таңбаны бейнелейді. Қазақ тілінің алғашқы орфографиялық сөздігі 1941 жылы жарық көрсе, одан кейін толық басылымы 1963 жылы жарияланып, ал 1978, 1988 жылдары кейбір кемшіліктер түзетіліп, жетілдіріліп қайта басылады. Бұл сөздіктердің шығуына белгілі тілші ғалымдар арасындағы қызу пікір алмасу, талқылау барысында 1957, 1983 жылдары толықтырылып қабылданған Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері негіз болды. Қазақ білімпаздары жиынында қазақ жазу емлесін бір ізге түсіру бағытында адам аты-жөнін жазған кезде орыстың ов, ский, арабтың и сияқты сөздерінің орнына ұлттық ерекшелігін танытатын қосымшалар жалғану қажет деген мәселе көтерген еді. Ал бұл мәселе одан кейінгі кезеңдерде де ғалымдар назарынан тыс қалған жоқ. Мысалы, 1950 жылы ғалым Н.Т.Сауранбаев адам аттары сөздің айтылуы бойынша жазылып жүргенін сынап, ... жалпы есімдер сияқты жалқы есімдер де туыс жүйелі принцип бойынша бастапқы тұлғалалары сақталып жазылуы керек деген болатын [7, 41 б.]. Кейбір ғалымдар кісі аттарының, жер-су аттарының, қала берді жалпы біріккен сөздердің түбірін сақтап жазу дегенді принципке айналдырмау керек, олай ету тілге зорлық деп, сөз аралығындағы фонетикалық өзгеріс екі сөзді жымдастырып, ізін білдірмей бір сөз етіп тұратынын айтады [8, 37 б.].
Қазақ жазуындағы жетекші принцип қандай, яғни фонетикалық принцип пен морфонологиялық принциптің қайсысын ұстанып жазып жүрміз? деген мәселе жөнінде ғалымдар пікірі бір-бірінен алшақ түседі. Шындығында, қазіргі жазуымызда сөздің түбір тұлғасын сақтап жазу да, сөздің айтылу ерекшелігін ескеріп жазу да бар екенін көреміз. Мысалы, I. Фонетикалық принцип бойынша жазу: 1) үндестік заңы бойынша жазылатын сөздер; 2) кейінгі ықпал заңына бағына жазылатын сөздер (жүрегі-жүрек, қабы-қап); II. Морфологиялық принцип бойынша жазу: 1) Сөз тұлғасын сақтап жазу (жамбады-жанбады, башшы-басшы); Осы орайда М.Жүсіпұлы қазақ орфографиясының негізгі принципі - сингармофонологиялық принцип деп көрсетіп, Қазақ тілінің сингармофонологиялық принципі үш түрлі орфографиялық принципті қамтиды: а) морфологиялық, себебі: морфема әркез бір түрлі жазылады; ә) фонетикалық, себебі морфема, сөз көбіне айтуынша жазылады; б) фонологиялық (фонемалық), себебі: морфеманың құрамында әр кез бір түрлі фонемалар қоры сақталады, - дейді [3, 157 б.].
Қазақ әліпбиі мен жазуының тарихында осы саладағы ғылым дамуына өз үлестерін қосқан А.Байтұрсынов, Е.Омаров, Т.Шонанұлы, Қ.Басымов, Ш.Х.Сарыбаев, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, М.Балақаев, Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Р.Сыздықова, Г.Жәрекешова, Н.Оралбаева, А.Хасенова, К.Ниеталиева, Н.Уәлиев, Қ.Күдеринова т.б. ғалымдардың еңбектері мен зерттеулерін атап көрсетуге болады. Қазақ тілі емле ережелерін жетілдіру мәселесі, әсіресе, орыс тілінен енген сөздерді жазу, сөз басындағы буындарда ғана келіп, ал сөз соңында өте сирек кездесетін ә, ұдыбыстары (сірә, күнә, бұлбұл) туралы щ, я, ю, х, һ әріптерімен келген сөздерді жазу, сөздерді бірге және бөлек жазу мәселесі туралы ғалымдар арасында көп пікір айтылды. Сол кездегі баспасөз беттеріндегі С.Аманжолов, М.Балақаев, Н.Сауранбаев, Р.Сыздықова, Т.Жанұзақов, Ш.Сарыбаев, Ғ.Әбуханов, Ф.Мұсабекова, Е.Жанпейісов, Қ.Есенов, Н.Оралбаева т.б. ғалымдар өздерінің ғылыми мақалалары арқылы қазақ жазуын жетілдіруге үлес қосты.
Қазақ жазуы мәдениетін дамыту бағытында ерекше үлес қосып келе жатқан ғалым -- Р.Сыздықова. Ғалым Емле және тыныс белгілері, Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш, Орфографиялық сөздік, Тілдік норма және оның қалыптасуы атты еңбектерінде жазу емлесін тұрақтандыру, оны жетілдіру, айтылым мен жазылым арасындағы сәйкессіздіктерді реттеу мәселелерін бір жүйеге түсіру бағытында айрықша еңбек етті [9].
Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері жөнінде зерттеу жүргізген ғалым Н.Уәлиев айтылған сөзді арнайы таңбалармен жазу мәселесін дыбыс - фонема - графема - әріп байланыстары арқылы түсіндіріп, инвариант - вариант тұрғысынан талдайды [10, 14 б.]. Тілде фонетикалық құбылыстардың ұшы-қиыры жоқ. Ал олардың жазуда таңбалануы сөздерді фонемалық негізгі реңкі бойынша жазуға, яғни фонематикалық принципке негізделетінін көрсетеді [10, 9 б.]. Ғалым қазақ жазуының жетістігі мен қазіргі таңда орын алып отырған кемшіліктері мен шешімін күткен мәселелерін алға тартады.
Белгілі фонетист ғалым С.Мырзабеков емле ережелерін жетілдіру барысында әлі де кейбір кемшіліктер кездесетінін көрсеткен еді [11, 175-186 бб.]. Мысалы, кісі аттары жазылуында Амангелді, Есенғұл деп жазу дұрыс емес, олар тоғыспалы ықпал арқылы (Амаңгелді, Есеңгелді) жазылатынын, соңғы буынында ы, і дыбыстары бар сөздерге (орын, құлық, көрік т.б.) дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда ы, і дыбыстары кей уақытта түсіп қалады деген ережедегі ы, і дыбыстары деген дұрыс емес, дұрысы ы, і әріптері екенін аңғару керек, өйткені бұл жерде ы, і әріп, олар ұ, ү болып дыбысталады дейді [11, 177-178 бб.]. С.Мырзабеков тілімізге орыс тілінен енген сөздер көп екенін ескертіп, емле ережелерінде оларды буынға бөлу, тасымалдау жайында бір-екі параграф айтылса артық болмас еді деген еді [11, 186 б.]. Ал Р.Сыздықова да жазу практикасындағы кемшіліктің бірі күні бүгінге дейін, әсіресе, аударма әдебиетте, баспасөз беттерінде орысша баламасына қарап бір типтегі сөздердің бірін қосып (аяқкиім-обувь), екіншісін бөлек (бас киім - головной убор) жазушылық жиі кездеседі,- дейді [9, 5 б.].
Қазақ тіл білімі дамуының жаңа кезеңдегі жетістіктері қазақ жазуын да жетілдіріп, оның теориялық жағынан дамуына себеп болып отыр. Қазақ жазуы емлесіндегі күрделі мәселелердің бірі сөздерді бірге және бөлек жазудың теориялық ұстанымдарын, негізгі таянышын анықтау болып табылады. Осы мәселе жөнінде жазылған құнды еңбек Қ.Күдеринованың зерттеуі деп білеміз [12]. Сөздің мағыналық жағына назар аудару қажеттігін айта келіп, Жазудың тұрпат межесі жазудың мазмұн межесін дәл ашып көрсете алмаса, тілдің коммуникативтік қызметі әлсіреп, адамдардың ойлау қабілеті тоқырауға ұшырайды. Тұрпат межесі таңбаның мазмұн межесін қашан да дәл бейнелеп, қанағаттандырып отыру керек,- дейді [12, 32 б.].
Баспасөз беттерінде жарияланған кейбір мақалаларда қазақ тілінде в, ф, х, һ, э дыбыстары жоқ, сондықтан оны әліпбиден шығарып тастау керек деген пікір айтылса, екінші біреулері бұл дыбыстар қазіргі сөздердің айтылуын дәл береді дейді. Сондай-ақ, ы, і, и қысаң дауысты дыбыстарының сусып түсіп қалатын кездері жазуда сақталмаған жағдайда, сөз тұлғалары артық әріптермен жазылатыны айтылып жүр. Жарыспа тұлғалардың түсіндірме сөздіктерде берілуінде де бірізділік сақтала бермеуі жазу мәдениетімізге өз әсерін тигізіп жүргені де айтылып келеді. Орыс тілінен енген сөздерді өзгеріссіз ала салмай, қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігіне сай жазу керек деген мәселе жөнінде де ғалымдар арасында пікір алшақтық бар. С.Мырзабеков орыс тілінен енген сөздерді станса, газет, зауыт, облыс, пойыз деп жартыкеш жазуға қосылмайтынын айтып, сондықтан бабалар тіліне жақындату бағытында оларды ыстанса, гәзет, зауұт, обұлұс, пойұз деп жазуды ұсынады. Бұл туралы ғалым Н.Садуақас Әрине, бұлай жазу тіліміздің дыбыстық ерекшелігіне сай келгенмен, қазіргі ғылым мен техника тасқыны кезеңінде шет тілдері сөздерін өз ана тіліндей қолдана білуді меңгерген жас ұрпақтың қалай қабылдайтынын да ескерген жөн сияқты деген пікір айтады [13].
Қазақ тілі орфографиясындағы негізгі және қосалқы принциптер
Дыбысталған сөздің әдетте әр түрлі жазылмауы, сондай-ақ оның әр қилы оқылмауы шарт. Бір сөзді әркім өз бетінше оқып, өз алдына жазатын болса, жазу-сызудың коммуникациялық мәні болмайды. Сондықтан дыбысталған сөзді хатқа түсірудің және оны сөйлеуде қайта жаңғыртудың жазушы мен оқушыға ортақ негізі болуға тиіс. Жазуда және жазылған сөзді жаңғыртуға басшылыққа алынатын негіз орфографиялық ұстаным (принцип) деп аталады. Жазу теориясында орфографиялық принциптің айқындалған бірнеше түрі бар. Мысалы, Л.В.Зиндердің [14, 91 б.] көрсетуінше тілдің жүйесіне, лайықталған принциптер уәждемелі (мотивироавнные), ал тілдің өз бітімінен тысқары принциптер уәждемесіз (немотивированные) принциптер деп аталады. Уәждемелі принциптерге фонетикалық (фонематикалық), морфематикалық, грамматикалық принциптер жатады. Ал уәждемесіз принциптерге дәстүрлі, айырмыс (дифференцирующий), транслитерациялық, транскрипциялық, түпнұсқа (цитатный) принциптер жатады.
Қазақ орфографиясының принципі жөнінде Қ.Жұбановтың зерттеулері, атқан ойлары, сөйлеген сөздері мен ұсыныс пікірлері қазіргі жазу нормаларының жай-күйін бағдарлауға, емле принциптерінің кейбір уәждемесін (мотивтерін) қайта қарауға ойтүрткі болады. Кезінде проф. Қ.Жұбанов емле негізіне қожа сол тілдің жаратылыс заңы болуға керек. Тіліміздің жаратылысына қарасақ, емле дыбыс негізді (фонетикалық принцип негізді - Н.У.) болуға керек деген болатын. Ал соңғы онжылдықтардағы оқулықтар мен зерттеулерге назар аударсақ, қазіргі кездің өзінде қазақ орфографиясындағы жетекші принцип жөнді айқындалмаған деуге болады. Мысалы, кей оқулықтарда: Қазақ орфографиясының негізгі принципі - морфологиялық принцип. Морфологиялық принцип күллі түркі тілдері үшін қолайлы принцип болып саналады. Бұлай дейтініміз түркі тілдерінің табиғаты, атап айтқанда, ондағы сөздердің морфологиялық құрылысы және олардың түбір тұлғасының сақталу ерекшелігі - осылардың бәрі жазуда морфологиялық прицип ең жанасымды, ең қолайлы деуіміз де осыдан [15, 542 б.] десе, кейбір зерттеулерде қазақ орфографиясы фонетика-морфологиялық принципке негізделген деп тұжырымдайды.
Міне, осы аталған үш бағытты қазіргі жазу нормасы тұрғысынан қысқаша салыстыра қарауға тура келеді. Алдымен морфологиялық принцип жайында. ...Сөздерге сөз тудырушы аффикстер мен сөз түрлендіруші аффикстер жалғанғанда, екі сөз бірігіп немесе өзара тіркесіп айтылғанда, сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуы өзгеріп, әр түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырайды. Морфологиялық принцип дыбысталудағы бұл ерекшеліктерді ескермей, сөз құрамындағы сыңарлардың жеке тұрғандағы қалпын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы: басшы (башшы емес), ұшсын (ұшшын емес), сәнқой (сәңқой емес), көрінбейді (көрімбейді емес), қазанғап (қазаңғап емес), әркім (әргім емес), көзқарас (көзғарас емес), Сарыарқа (Сарарқа емес).
Осындай айтылғандай, морфологиялық прицип бойынша сөздің морфемалық құрылымы сақталып жазуға тиіс. Бірақ қазіргі жазу тәжірибеміздің орныққан нормалары осы талапқа толық жауап бере ала ма? Алдымен мынадай топтағы сөздердің жазылуына назар аударсақ, бұлардың морфемалық құрамы өзгеріссіз жазылған дейге болмайды. Мысалы: ақ - ағар (ақар емес), көк - көгер (көкер емес), жақ-жақын (жақын емес), тақ - тағын (тақын емес), бақ - (бағыл емес), ойын - ойна (ойына емес), орын - орна (орына емес), сарын - сарна (сарына емес), сары - сарғай (сарығай емес), қозы - қоздау (қозылау емес); халық - халқы (халығы емес), жоғарғы - жоғарығы, мүлік - мүлкі (мүлігі емес), әріп - әрпі (әрібі емес), қап - қабы (қапы емес), сап - сабы (сапы емес), көп - көбі (көпі емес). Сондай-ақ морфологиялық принцип бойынша қосымшалардың бір ғана варианты, мысалы - лар алынуы керек те, қалғандары (-дар, -дер, -тар, -тер) оның жай ғана дыбыстық өзгерістері ретінде жазуда еленбеуге тиіс.
Міне, бұл тәрізді сөздердің жазылуын морфологиялық принцип бойынша түсіндіруге болмайды және қазақ орфографиясындағы жетекші принцип морфологиялық деген тұжырымға шүбәмен қарауға тура келеді. Морфемалық құрамы дыбыстық өзгеріске түскен күйде, яғни фонетикалық принциппен жазылатын сөздердің саны түбірі сақталып жазылатын сөздерден аз емес. Осындай себепке байланысты болу керек, соңғы кездегі зерттеулерде қазақ орфографиясы фонетика-морфологиялық принципке негізделген деген пікір орын ала бастады.
Проф. Қ.Жұбанов қазақ жазуы фонетикалық принципі ұстануы керек деген үзілді-кесілді пікірде болды. Ғалымның сондағы сүйенген негізі мен ғылыми дәлелдері қандай? Ғалым мұрасын оқи отырып, осы сұрауға жауап іздесек, экстралингвистикалық және таза лингвистикалық екі түрлі жайтты аңғарамыз. Біріншісі - Қ.Жұбанов - тіл практикасында демократияшыл көзқарасты дәйекті ұстанушы әрі орнықтырушы ғалым. Ғалымның бұқарашыл платформасы жазу, терминология, емле, орфографиялық принциптер туралы ойлары мен зерттеулерінен айқын танылады.
... Тілдің әліпбиінен бастап, жоғарғы сатысына жеткенше төңкеріс практикасының, ілім-техниканың не бір игілігін сөзбен айтып, ашып бере аларлық дәрежеге жеткізудің өзі де емле мен терминологиядан аулақ болмақ емес. Мәдениетті таңдап, жасап шығарушы тап та, оны керек қылушы тап та - еңбекші тап болған соң, емле мен терминологияның қызметі - сол қалың еңбекшінің қолын мәдениетке жеткізу болады да, ондай кезде емле мен терминология мәні әсіресе зор болады.
...Сонымен, емлені қайта тексергенде, ең алдымен оны қалың елге еңбекші бұқараға түсінікті, жеңіл қылып шығару жағын ескеру керек [6] дей келіп, Қазір біз туыс жүйелі морфологиялық емлені қабылдасақ, бізде де ағылшындардікі және басқа елдердікі сияқты дәстүрлі жазу болады дейді. Шындығында, морфологиялық принцип бойынша көп вариантты қосымшалардың бір ғана нұсқасы таңбалануы керек те, қалғандары еленбеуге тиіс. Бұл бағыт, әрине, жазба тілдегі шарттылықты көбейтеді. Көптік жалғауының қазақша төрт түрі бар. Біз оның бәрін тастап, жалғыз лр -ді ұстап қала алмаймыз. Мұнан оқыту жұмысы ауырлайды, сауаттану жұмысы қиындайды. Сауаттану жұмысы тезірек жүру үшін жазуда сөз естілуіне жақын болуы керек. Оппоненттерімен пікір таласында ғалымның мұндай қарапайым мысалға жүгінуінің себебі жоқ емес. Морфологиялық принцип бойынша қосымшалардың қалыптасқан варианттарын бөле-жарып, бірер нұсқасына артықшылық беру тілдің ғасырлар бойына қалыптасқан шын қалпынан қол үзу болар еді.
Сонымен, Қ.Жұбановтың айтуынша қазақ тілінің дыбыс жүйесіне сай келетін бірден-бір принцип - фонетикалық принцип. Ал олай болса, фонетикалық принципке қарама-қарсы қойылып, яғни морфологиялық принцип деген айдармен таңбаланып жүрген басшы - [басшы], түнгі - [түңгү], көзсіз - [көзсүз] т.б. сөздердің жазылу нормасын қалай түсінеміз? Мұндай топтағы сөздердің саны едәуір және өз жүйесі бар. Сондықтан оларды Ереже ескертусіз болмайды деген рубликаға жатқызу тіл шындығына сай келмейді. Тегінде, бұл топтағы сөздердің жазылуын фонетикалық принципке қарама-қарсы қоюымыздың өзі дұрыс па? Әрине, фонетикалық принципті қалай естілсе, солай жазылады деп түсінсек, онда басшы, түнгі, бізсіз т.б. сөздер морфологиялық принципке негізделген деп, фонетикалық принципке қарама-қарсы қоюға болар еді. Бұл жерде фонетикалық принциптің өзін анықтап алу қажет тәрізді. Қ.Жұбанов фонетикалық принциптің өзін анықтап алу қажет тәрізду. Қ.Жұбанов жазуда сөз естілуіне жақын болу керек дейді, яғни бұл ұғым қалай естілсе, солай жазылады деген формуламен бірдей емес. Фонетикалық принцип, дәлірек айтқанда фонематикалық принцип, әрине, қалай естілсе, солай жаз дегенді білдірмейді [14]. Фонематический принцип имеет большую обьяснительную силу, чем морфологический: понятие фонематический принцип полностью покрывает понятие морфологический принцип и сверх того, обьясняет те факты, которые не могли быть обьяснены в терминах морфологического принципа, а именно, неизбежные отступления от единообразной передачи морфем в случае морфологических чередований [16, 10 б.].
Шындығында, фонетикалық принципті қалай естілсе, солай жазылады деп білу бұл принцип туралы түсінігімізді шатастырып, жазу тәжірибесінде оны дұрыс қолдануға кедергі болады. Егер сөз қалай естілсе, солай жазылады деген қағидаға сүйенсек, түн деген сөзді түнь, тын деген сөзді тын түрінде жазып, н дыбысының жуан-жіңішкелік қасиетін жеке-жеке таңбалар едік. Немесе сауда сөзі сауда, ал саудагер сөзі сәудәгер түрінде жазылар еді. Бірақ бұлай жазу фонетикалық принциптің емес, фонетикалық транскрипцияның міндеті. Қазақ жазуында [н`] мен [н], [т`] мен [т] тәрізді дауыссыздардың жуан-жіңішкелігінің арнайы таңбалануы сондықтан. Әрине, жазу мен транскрипция әуелден екі басқа нәрсе. Дыбыс жазуы дыбысталған сөздің айны-қатесіз көшірмесі емес. Оның қызметі алдымен ой мен сезімді жеткізу. Сондықтан дыбыс жазуында фонологиялық жүктемесі жоқ, фонетикалық қоршауға тәуелді небір дыбыс құбылыстары ескерілмейді. Жазу теориясының аса терең білгірі Л.В.Шербаның ертеректе айтқан мынадай пікірі бар:
Многим казалось и кажется, что наше практическое письмо, не обозначая более тонких звуковых нюансов языка, должно считаться неточным. Это насколько не отвечает действительному положению вещей, что скорее можно было бы поддерживать обратное, т.е. что оно было бы неточным, если бы стремились обозначать все эти нюансы.
Тіл-тілдің дыбыс жүйесіндегі алшақтық пен өзгешелікке, әліпбидегі әріп санының әр түрлі болуына байланысты көптеген елдің жазу-сызуында тілдің ішкі жүйесі мен заңдылығынан тысқары жазылатын шеттілдік сөздер, сөз топтары болады. Коммуникациялық жақтан қолайлы болу үшін олар негізінен уәждемесіз принциптер (дәстүрлі, айырмыс, транслитерациялық, транскрипциялық, түпнұсқа принциптері) бойынша жазылады.
Қазіргі қазақ жазуында фонематикалық принциптен кейінгі жүйелі түрде қолданылып келе жатқан принциптің бірі - түпнұсқа принципі. Түпнұсқа принципі әліпбиі ұқсас болған жағдайда шеттілдік сөздердің графикалық нұсқасын сол күйінде жазу үшін пайдаланылады. Ол үшін әліпбиде төл сөздерді жазуда қолданылатын әріптерден басқа арнайы графикалық таңбалар жүйесі алынады. Мысалы қазіргі қазақ әліпбиіндегі в, й, ф, х, ц, щ, ч, э, ю, я, ь, ъ тәрізді әріптер шеттілдік сөздерді түпнұсқа принципі бойынша жазу мақсатымен алынған.
Қазақтың төл сөздерін таңбалайтын әліпбидегі әріптермен (тіркесімен) де шеттілдік сөздерді жазуға болады: ц - тс, ч - тш, сондай-ақ в әрпін әліпбидегі у-мен ертеректегі және қазіргі жазу тәжірибесіндегідей, мысалы, тауар, Еуропа т.б. , ф, әрпінің қызметін п-мен (бұл да тәжірибеде бар, мысалы, порым, пасон т.б.), э әрпін әліпбидегі е-мен, ал жуан ъ жәңішкелікті ь білдіретін таңбалардың қызметін қазақ тілінің дауыстыларын таңбалайтын әріптермен беруге болады. Бірақ қазіргі қазақ жазуы бұл жолды ұстанбады. Оның түрлі-түрлі себептері де болды. Сол себептердің негізгісін проф. Р.Ғ.сыздықова былай деп көрсетеді: Кірме сөздердің жазылуы қазақ емлесінің барлық кезеңінде де күн тәртібінен түспей келеді. Әсіресе бұл проблема латынға көшкен кезде қатты қойыла бастады. Бұған қазақ тіліне, оның жазба дүниесіне 20-30 жылдардан бастап орыстың өз сөздері (совет, совхоз, колхоз, союз, гудок, наград т.б.) мен интернационалдық деп аталатын дүниежүзілік ортақ сөздер - ғылыми-техникалық терминдердің молынан ене бастауы түрткі болды. Бір ғажабы, осы кездің өзінде термин сөздердің жазылуына қатысты емле қағидаларының саны (18) қазақтың төл сөздерінің орфографиясына арналғандарынан (12) асып түсті.
Сөйтіп, латын жазуы кезінде шет тілдік термин сөздерді жазуда қазақ тілінің дыбыс заңдары негізге алынады деп қабылданған ереже бойынша бір сөзді әркім өзінше дыбыстап, бірнеше тұлғада таңбалануы қиындық келтіріп отырғанын Қ.Жұбанов, С.Аманжолов сияқты мамандар атап көрсетті. ... Сондықтан 1940 жылы орыс жазуын қабылдағанда, орыс тілінен жаңадан енген сөздер, әсіресе терминдер сол орысша тұлғаланған түрінде өзгертілмей жазылсын деген ереже осы қиындықтан шығудың амалы ретінде қолайлы болған болу керек (Тағы да бүгінгі емлеміз жайында. Егемен Қазақстан, 1993, 27 наурыз). Автордың айтуынша, тіпті кейбір шеттілдік сөздер он алты нұсқада жазылған екен. Ондай сөздердің ғылыми негізге сүйене отырып белгілі бір нұсқасын алуға қазақ жазуының теориялық базасы болмады.Сөйтіп, латын кезінде қабылданған тәуір Ереже жүзеге аспай қалды. Осылайша қазақ жазуында, орыс әліпбиіне көшкенде, шеттілдік сөздерді түпнұсқа түрінде (цитаталық принциппен) жазу принципі қалыптасты.
Бірақ шеттілдік сөздердің түпнұсқа принципімен таңбалануы тек жазу актісінде ғана жүзеге асып қойған жоқ, олардың оқылуы да бөгде тілдің дыбыс ығына түсіп кетті. Тіпті төл сөздердегі дыбыстарды таңбалап тұрған әріптердің өзін соңғы кезде бөтен тілдің дыбыс құндағына бөлеп айту қаупі туа бастады. Мұның өзі тіпті әліпбиді өзгерту қажет-ау деген мәселенің күн тәртібіне қойылуына себеп болды. Академик Ә.Т.Қайдаров латын әліпбиін кейбір жаңғыртулармен қайта қалпына келтіру жөнінде мәселе көтерді.
Түптеп келгенде, осы күнгі әліпбиді қайта жаңғыртсақ та, я болмаса басқа бір әліпбиге көшсек те, шеттілдік сөздер үшін арнайы әріптер алмай-ақ, оларды төл сөздерді белгілейтін әріптермен жазу принципін ұстануға тура келеді. Ендігі жерде тіл аралық байланыс бұрынғыдай біржақты емес (тек орыс тілімен ғана емес) жан-жақты болып, өзге де халықтардың тілімен (ағылшын, француз, неміс, түрік, жапон, қытай т.б.) қазақ тілінің тікелей байланысқа шығуы таяу болашақтың өзінде-ақ күйшейе түспек. Ондай кезде ағылшын сөзі үшін, жапон, қытай сөздері үшін түпнұсқа принципімен жазамыз деп, әліпбиге арнайы әріптер тобын енгізу тіпті мүмкін емес. Мұндай жағдайда да көпнұсқалық тәрізді қиындыққа тап болуымыз мүмкін. Бұл жерде профессор Р.Сыздықованың емле жөнінде өзекті мәселе көтерген мақаласындағы мына пікірге ден қоюға тура келеді. Егер басқа жазуға, айталық латынға көше қойғандай болсақ, ол күнде орфографиялық принциптерді де бірден өзгертіп, кірме сөздердің барлығын қазақыландырып жіберудің мүмкіндігі болар. Соның өзінде де әйтеуір қазақша айтылуынша жазу деп тұрпайы теорияны көлденең тарта бермей, бүгінгі жаппай сауатты, өзге тілдерді де меңгерген қазақ қауымының мәдени деңгейіне қарап, ғылыми негізде дыбыстық сәйкестіктерді жүйелеп алып, кірме сөздерді қазақша тұлғаға көшіруді ойластыру қажет болады. Шындығында, ғылыми негізде дыбыстық сәйкестікті жүйелей отырып, шеттілдік сөздерді қазақша тұлғада жазудың қазіргі кезде жасалған теориялық базасы жоқ емес.
Әліпбиге шеттілдік сөздерді жазу үшін арнайы әріптер жүйесін енгізбей-ақ, қазақтың төл тума сөздерін белгілейтін әріптермен де жазу бағыты ұстанылса, онда мұндай сөздердің екі түрлі жүйемен жазылуы мүмкін. Біріншісі, түпнұсқа принципінен бас тартып, уәждемелі принцип бойынша сөзді сингармонизм заңдылығымен сындырып жазу. Бұлай жазудың коммуникациялық жақтан өз қиындығы бар: Мысалы, кейбір сөздерді кәккей, кәмпүйтүр, үнійберсійтет, інійстійтүт деп жазуға тура келеді. Екінің бірі мұндай да сөздің тұрпатын тану былайғы жұртшылыққа қиындау тиеді. Екіншісі, транскрипция принципімен жазу. Бұл принциптің түпнұсқа бойынша жазумен ұқсастығы да, өзгешелігі де бар. Ұқсастығы - коммуникациялық жақтан қолайлы болу үшін шеттілдік сөздер тілдің ішкі заңдылығы бойынша сындырып жазылмайды. Ал өзгешелігі - әліпбиде шеттілдік сөздерді жазу мақсатымен әдейі алынған әріптер тобы болмайды. Әліпби біртұтас болып, шеттілдік сөздер қалайда төл тума сөздерді жазуға арналған әріптермен жазылады. Мысалы: көккей, униберситет, институт, компиутер т.б.
Аса жүйелі болмағанмен қазіргі жазу тәжірибемізде кездесетін принциптің бірі - айырмыс принцип. Бұл аталған принциптің мақсаты - дыбысталуы ұқсас сөздерді (омонимдерді) жазуда парқын айырып хатқа түсіру. Мысалы, қан-хан, қат-хат, ру-ұру, қауіп-хауіп, қаттау-хаттау, байым-пайым, баб-бап [17].
Қазақ орфографиясының негізі морфологиялық-фонематикалық және фонетикалық принциптерге сүйенеді.
Қазақ тіліндегі сөздер мен сөз бөлшектерінің (түбір, жалғау, жұрнақтарының) басым көпшілігінің түпкі тұлғасы сақталып жазылады. Мысалы, жұмыс, іс, аш деген түбірлерге -шы, -шең, -са қосымшалары жалғанғанда, олардың естілуі (айтылуы) жұмұшшы, ішшең, ашшаболады. Бірақ сөздердің түбірі жұмыс, іс, аш болғандықтан және қосымшалар -шы, -шең, -са болғандықтан, әрқайсысының түбір тұлғасы сақталып, жұмысшы, ісшең, ашса түрінде жазылады. Сондай-ақ қашанғы, түнгі, күнге деген сөздердің естілуі қашаңғы, түңгү, күңгө болады. Бірақ бұлардың айтылуындағы (естілуіндегі) фонемалардың (дыбыстардың) қосалқы реңкі есепке алынбай, сөз бөлшектерінің түпкі тұлғалары сақталып, фонемалардың негізгі реңкі таңбаланады да, қашанғы, түнгі, күнге болып жазылады. Бұл ереже емленің фонематикалық принципінің қолданылуын танытады. Қазақ орфографиясында фонематикалық принцип пен морфологиялық принциптердің тоғысып кететін сәттері жиі кездеседі. Мысалы, біріккен сөздер мен қос сөздер де, негізінен, әр компонентінің жеке тұлғасын сақтап жазылады, олардың арасындағы дыбыстардың айтылуда бір-біріне ететін әсері ескерілмейді. Айталық, қара + құйрық (жануар), жар + қабақ, орын + басар, алма + кезек, көзбе +көз, қиян + кескі деген сөздер біріккенде не қосарланғанда, айтылуы (естілуі) қарағұйрұқ, жарғабақ, орұмбасар, алмагезек, көзбөгөз, кияңгескі болады, бірақ әр сөздің түбір тұлғасы сақталып қарақұйрұқ, жарқабақ, орынбасар, алма-кезек, көзбе-көз, киян-кескі түрінде жазылады. Бұл әрі фонематикалық, әрі морфологиялық принциптердің қабаттаса қолданылуы болып табылады.
Қазақ орфографиясында фонетикалық принцип те кеңінен қолданылады. Ол мынадай тұстарда көрінеді:
Қазақ тіліндегі септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары, сондай-ақ жұрнақтардың көпшілігі сөздің соңғы буынының жуан-жіңішке әуеніне қарай және ең соңғы дыбысына қарай түрленіп жалғанады: қала +лар, көше +лер, ат + тар, ит + тер, қаз + дар, із + дер; қала+ ның, көше + нің, ат + тың, ит + тің, қаз + дың, із + дің; қалам+ ым, дәптер + ім, әнші + мін, оқушы + мын. Бұларда жалғаулар естілуінше жазылып тұр.
Қатаң п, қ, к дыбыстарына аяқталған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz